Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:25, курсовая работа
Ќазіргі уаќытта “ќоѓамды информатикаландыру”, “білім беруді информатикаландыру” деген сµз тіркестері біздіњ сµздік ќорымызѓа еніп кетті. Олай болса, ќоѓамды информатикаландыру дегеніміз не? Ќоѓамды информатикаландыру дегеніміз - ѓылыми техникалыќ прогресс жетістіктерініњ к‰нделікті т±рмысќа ауќымды енуініњ нєтижесі, яѓни Адам µміріне іс-єрекеттіњ интеллектуалды т‰рлерініњ Жан-жаќты єсер етуі мен ролініњ жоѓарылауына байланысты объективті процесс.
І-тарау Информатика негіздері және оның қолданылуларын қосымша оқытудың түрлері
1.1 Информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
1.2 Информатиканы қосымша оқытудың мақсаттары
ІІ-тарау Информатика пәні бойынша кластан тыс жұмыстар
2.1 Информатика курсы бойынша жүргізілетін үйірме жұмыстары
2.2 Информатика пәні бойынша кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
1. оқушылардың оқу үрдісіне деген ынтасын арттыру;
2. оқушылардың пәнге деген танымдық қажеттілігін туғызу;
3. әрекеттің бағдарлық негізін қалыптастыру;
4. компьютерде ақпараттық үрдістерді орындау іс-әрекеті;
5. компьютерде жазылған программалардың орындалу үрдісін тексеру әрекеті (өз бетінше, компьютер және мұғалім көмегімен салыстыру);
6. жазылған программаларды редакторлеу арқылы өзін-өзі түзету әрекеті (кей жағдайда мүғалім көмегімен);
7. өз ойын қорыта білуі, 3-пунктке қайтып оралу, яғни [Ан - Кн]0, мұндағы Кн - күткен нәтижені алу.
Жасалынған басқару алгоритмі оқушыларда әрекеттің бағдарлык негізін өздігінен алу субъектісі, өзіндік бақылау мен өзін-өзі түзете білу дағдысын қалыптастырады, яғни оқыту өзіндік оқытуға айналдыратынын жүргізілген тәжірибе нәтижелері арқылы дәлелденді.
Сонымен, жасалынған басқару алгоритмін информатика пәнін оқыту үрдісіне пайдалану оқу материалын тез меңгеруге игі әсерін тигізеді. Мұндай үрдіс нәтижесінде оқушыларда өздігінен бақылау мен іс-әрекетін түзету арқылы әрекеттер дағдысы қалыптасады.
Информатика пәнін оқыту үрдісінде компьютерді пайдалануда іс-әрекетті басқарудың төмендегідей деңгейлері қалыптасты: "оқушы мұғалім, оқушы компьютер, мұғалім компьютер оқушы"; "оқушы + мұғалім компьютер"; "оқушы оқушы" деңгейінде оқушынын танымдық іс-әрекетін басқару мұғалімнің көмегімен компьютерде жұмыс жасау арқылы жүзеге асады.
"Оқушы мұғалім" - бұл қарым-қатынас субъект-субъект байланысын қамтамасыз етеді.
"Оқушы компьютер" - бұл қарым-қатынас оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға негізделген.
"Мұгалім компьютер оқушы". Бұл байланыс арқылы мүғалім оқушыға тапсырма береді, оқушы берілген тапсырма бойынша өз сұрақтарын қояды. Сонда бұл байланыстарда жасалған тапсырмалар компьютердің пошта жәшігінде сақталады және ол ақпаратты оқушы қайтадан өңдеп, сақтап қоюына мүмкіндік алады.
"Оқушы + мұғалім компьютер". Бұл үш жақты байланыс болып табылады. Сондықтан бұл жағдайда оқушы мен мұғалім арасындағы байланыстар тереңдей түседі де, өзара түсіністік орнығады.
Жалпы, аталған қарым-қатынастар оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекеті оның ақыл-ойын дамыту негізінде жүзеге асады. Олай болса, информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін дамыту үшін оқушылар акыл-ой кызметінің тәсілдерімен қарулануы тиіс. Информатика пәнін оқып-үйренуде, әсіресе, алгоритм мен программа кұруда төмендегі тәсілдердің орны ерекше:
1. Ең басты мәселені бөліп алу тәсілі. Бұл тәсіл бойынша оқушылардың
логикалық ойлау қабілеті дамиды, өйткені, мынадай ақыл-ой операциялары: талдау және жинақтау, салыстыру мен нақтылау, абстракциялау және жалпылау жүзеге асырылады.
Ең басты мәселені бөліп алып қарастыруда төмендегі көрсетілген әрекеттер тізбектей орындалады:
а) мәселенің не туралы екенін анықтау;
ә) мәселеге байланысты негізгі ұғымдар мен сөздерді іріктеу;
б) толықтауыш мәселелерден негізгі тірек мәселелерін бөліп алу;
в) қысқаша мазмұндаудың негізгі тірек мәселелерін белгілеп алу;
г) бөлініп алынған тірек мәселелерінен негізгі мәселелерді жазу.
2. Салыстыру және бақылау тәсілдері.
Біз зерттеуімізде салыстыру мен бақылауды өзара байланыста қарастырып отырмыз. Мұндағы негізгі мақсат - компьютерлік технология арқылы берілген тапсырмалардың нәтижесін бақылай отырып, салыстыру болып табылады. Бұл жағдайда, төмендегі керсетілген мәселелерді ескеру керек:
а) біртекті нысандарды салыстыру;
ә) берілген нысандарды белгілі бір қасиеттеріне байланысты ажырата отырып, салыстыру;
б) нысанның сапасына, белгісіне, үрдісі мен категориясына байланысты салыстырғанга қарағанда, фактілерді салыстырудың онай екендігін мысалдар арқылы анықтау.
Салыстыруды оқу үрдісінде пайдаланылатын танымның барлық кезеңдеріне (жаңа материалды кабылдау барысында, оны жүйелеу мен кеңейту, әр түрлі жағдайға байланысты пайдалана білу) пайдалануға болады.
Бұл тәсілдер бойынша оқушы берілген материалдың өткен материалмен ұқсастығын, ерекшелігін анықтайды. Нәтижесінде оқушы ең басты мәселені есіне сақтап калады.
3. Түсіндіру тәсілі.
Белгілі бір құбылыстарды түсіндіру - бұл құбылыстың басқа құбылыстармен байланысын дәлелдеу мен байланыстың түрақтылығын көрсету, яғни қайталанып отырған заңдылықты ашу.
Құбылыстарды түсіндіру барысында оқушы төмендегі берілген мәселелерді үйрену керек:
а) берілген есептердің алгоритмдерін түсіндіре отырып, оны блок-сызба
түрінде бейнелеп, программалау тілінде жазуға үйрену және олардың байланысы мен ерекшелігін ажырата білу;
ә) берілген ақпараттарды тұжырымдай отырып, программалау тілінің қандай командаларын пайдалануға болатынын анықтай білуге үйрену;
б) программалау тілінің командаларын жазу арқылы олардың қызметіне салыстырмалы талдау жасай білуге үйрену;
в) түрлі ақпараттық үрдістерді өңдеу бағытында ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалана білуге үйрену.
4. Жалпылау тәсілі.
Бұл тәсіл құбылыстың, үрдістің заңдылығын, белгілерін, қасиеттерін ашуға жағдай жасайды.
Танымдық іс-әрекеттің ерекшеліктеріие байланысты жалпылаудың екі типі бар: эмпирикалық және теориялық.
Эмпирикалық жалпылау - бұл жалпы белгілерден ең негізгісін бөліп алу болса, ал теорияльқ жалпылау - бұл талдау, жинақтау және абстрактілі ойлаудан нақтылы ойлауға көшу негізінде жүзеге асырылатын жалпылау.
Танымдық есептерді шешуде эмпирикалық және теориялық ойлау қабілеттері сәйкес келеді.
Егер есеп кеңейтілген әдіспен шешілмесе, онда эмпирикалык ойлау қабілетіне жатады, ал егер есеп кеңейтілген әдіспен шешілсе, онда ол теориялық ойлау қабілетіне жатады.
Сонымен, информатика пәнін оқытуда оның әдістемелік жүйесі (мақсат, мазмұн, әдіс, түр, құрал) оқушылардың өз бетімен қызмет жасау дағдыларын дамытуға бағытталып жасақталуы тиісті. Біздің зерттеп отырған мәселеміз бойынша оқушының танымдық құралы - компьютерлік технологияны пайдалану қызметінің субъектісі болуға тиісті.
Біз информатика пәнін оқытуды жетілдіруде білім беру үрдісін ізгілендіруді іске асыруымыз үшін төмендегідей міндеттерді шешуіміз қажет:
1 нақтылы іс-әрекетке байланысты оқушының ынтасын, танымдық қажеттілігін қалыптастыру;
2. оқушылардың өзін-өзі басқару (өздігінен жоспарлай, бақылай, түзете білуі) іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы интеллектуалдық қабілеттерін дамыту;
3. оқытуда танымдық белсенділікті дамытатын әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана білу.
Қазіргі кездегі коғамдағы қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігінің білім беру жүйесі оқытудың мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Оқытудың қазіргі жағдайдағы негізгі мақсаты - нәтижеге бағдарлап оқыту. Біз өзімізге мынадай сұракты жиі қоюымыз керек - мектепте не нәрсеге көп көңіл бөлеміз, қандай бағытпен келеміз - оқушы не біледі немесе ол өз мүмкіндіктерін дамытуды қалай жүзеге асырып жүр, жұмыс істеудің жаңа эвристикалық тәсілдерін игеруде не істеп жүр? Осы сұраққа анық, бүкпесіз, жауап беру білім берудің жаңа құндылықтарының бізге каншалықты жақын екенін білуге көмектеседі. Егер берер жауабымыз ойдағыдай дұрыс болса, онда оқыту үрдісіндегі бұрынғы көптеген мәселелерді қайта қарауымыз қажет.
Осы арқылы біз келесі кестеде пәнге бағытталған оқыту мен жеке тұлғаға бағдарлап оқыту арасындағы салыстырмалы ерекшелікті кестеде бейнелеп көрсетіп отырмыз (кесте № 1)
Пәнге бағытталган оқыту түрі мен жеке түлғаға бағдарлап оқыту арасындағы салыстырмалы ерекшелік
Кесте № 1
| к.естелх і |
Пәнге бағытталған оқыту түрі | Жеке тұлғаға бағдарлап оқыту |
Оқу мақсаты айқын білінеді. Сабақтың білімдік, тәрбиелік және оқыту мақсаттарының шекараларын нақты бөлуге болады. Көбінесе мақсатты мұғалім қояды. | Оқушылардың білімі оқыту, тәрбиелеу және пән арқылы (информатика) дамытудан тұрады. Формуласы: "Білім = оқыту + тәрбиелеу + дамыту". Мәселені қою барысында оқушы өзінің алдағы әрекетінің мақсатын іштей қабыддайды. Оқушы жаңа оқу міндетін қалыптастыруға, оны қайта анықтауға, қайшылықтарын анықтауға қатысады. Мұнда мұғалім - оқушы білімнің қайнар көзі болып саналады. |
| Ынталандыру |
Әрекетті сырттай ынталандыру пайдаланылады ("Сен істейсің, міндеттісің") | Әрекетті іштей ынталандыруға сүйену ("Маған бұл керек бұған қол жеткізуге тиіспін"). |
| Нәтижеге жетү |
Мүғалім таңдайды. Сабақ формуласы: «Игеру = Түсіну + есте сақтау» | Оқушылармен бірге таңдалады. Сабақ формуласы "Меңгеру = игеру + біліміңді практикада қолдану" |
| Нәтижесі |
Бастысы - білімді игеру деңгейі. Оқушы мұнда барлығына бірдей берілетін тапсырманы орындайды да, нәтижесінде - дұрыс жауапқа, жақсы бағаға жетуге тырысады. Ол өз оқу жұмысын талдамайды, нәтижеге жету тәсілімен де қызықпайды, өз психологиялық жағдайын да талдамайды, өйткені оны ешкім сұрап жатқан жоқ. | Бастысы - оқу үрдісіндегі оқушының жеке басындағы оң өзгерістер. Оқушы өз деңгейіне қарай құрастырылған тапсырмаларды амалдардың жалпы тәсілдерін анықтай отырып, орындайды. Ол өз оқу жұмысын, психологиялық қалпын ынтамен талдап, өзінің оң және теріс пікірлерін ашық көрсетеді. |
| Бағалау |
Алынған нәтижені жалпы қабылданған үлгілермен салыстыру. | Қол жеткен жеке жетістіктері эталонын пайдалану арқылы өзін өзі бағалау. |
Жеке тұлғаға бағдарлап оқыту - оқушының барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып, оның жеке ерекшеліктерін дамытуға қажетті жағдайлар жасау деген сөз. Білімділіктің, адамгершіліктің, кәсіби шеберліктің және іс-әрекетке икемділіктің жаңаша түсінігі оқушылардың белсенділік әрекеттерімен және олардың әріптестерімен бірлесіп араласуындағы өз орнын анықтау, өзін-өзі жетілдіру, адамның табиғи мүмкіндіктерін ашу, ойлау қабілетін жетілдіру, сөйлеу, әрекет ету сияқты қасиеттерін ашып, нәтижесінде - өмірдегі өз орнын табуға көмектеседі. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бір қасиет -ол жеке тұлға ретінде өз мүмкіндіктерін ашып, ортасына "өзінің маңыздылығын таныту" болып табылады (Д.Карнеги). Әр пән бойынша да білім қажет (пән сабақтарын игермеу туралы сөз болмайды), бірақ ол негізгі мақсат емес, ол оқушының өзін-өзі жетілдіру, алға жылжыту, өз орнын анықтау істерінің негізгі құралы болып, нәтижесінде - өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру рөлін атқаруы тиіс.
Пәндік материалдағы негізгі идеялар мен принциптерді жекелеп қарастыру үшін, сабақ мақсатын қою кезінде осы тақырыптың түпкі мәселелерін анықтауға тырыстық. Көбінесе, мұндай сұрақтардың "дұрыс" дайын жауаптары бола қоймайды, өйткені олар: "оқушыларды қызықтыруы тиіс; қарастырылатын материалға шығармашылық көзқараспен қарауды талап етеді; ауқымы кең болады; пәндер мен оқылатын объектілер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді".
Мысалы, "Дербес компьютерлер архитектурасы (7-сынып) тақырыбын оқығанда, нақты деректерге сүйенген, бір жауабы бар қарапайым сұракты былай қоюға болады: "ДК негізгі құрылғыларын атап шығыңдар", ал негізгі сұрақ "Болашақ компьютер қалай жасалады?" немесе "Раіпt графикалық редакторы (4-сынып) тақырыбын оқығанда, қойылатын жай сұрақ: "Графикалық редактор аспаптарын айтып беріңдер", ал негізгі сұрақ мынадай болуы ықтимал: "Суретші мен графикалық редактор аспаптарының айырмашылығы неде?"
Негізгі сұрақты жақсылап қою үшін, түрлі қызықты сұрақтар ойлап табу керек. Сізге жаңа тақырып өткенде, оқушылардың қоятын сұрақтарын еске түсіріндер де, солардың ішінен олардың қызықты деп санайтындарын тандап алыңыздар. Балалармен өткен тақырыптарыңыздың ішінен 4-5 жылдан соң, олардың есінде кандайларының қалғанын дұрыс деп санайсыздар, соларды таңдап алу керек. сұрақтарды алдымен "ересектер" тілінде жазып шығып, соңынан оны балаларға түсінікті тілге "аударыңыздар". Сұрақты дауыстап қойып, "Бұл немене?" деген сөзді айтыңыз. Егер сіз қойған сұрақтан соң, осындай сұрақ тағы да туындамаса, онда кажетті сөздердің табылғаны. Балаларды пәнге, өтілетін материалдарға деген қызығушылықтарын дамытатындығы белгілі. Оқушылардың пәнге деген ынтасын тұрақты түрде арттырып, оларды қалай қызықтырып отыруға, ойландыруға болады? Осы мәселе бізді соңғы кезде қатты толғандырып жүр, себебі оқушылардың қабылдайтын ақпараттар ағымы өте көп. Тек пәнге қызыққан оқушы ғана белсенділік танытатыны белгілі. Сондықтан балалардың көңіл-күйінің жоғары болуын камтамасыз етуге тырысу қажет. Оқушылардың компьютерге теген қызығушылығы мектепке келмей жатып-ақ басталады. Сондықтан оларға дамытушы компьютерлік ойындар беру арқылы оның пәнге деген қызығушылығын арттырып алуымыз керек. Әйтпесе, олардың осы пәнге деген кызығушылығын жоғалтып алуымыз мүмкін. Сол себепті жаңа материалдарды түсіндіру барысында оны тереңірек түсіндіріп, әсіресе, әрбір материалдың қолданбалы бағытына көп көңіл бөлуіміз қажет. Мұндай мүмкіндіктерді жүзеге асыру "Дербес компъютердің атқаратын қызметі мен құрылғылары", "Windows ортасында жұмыс істеу" т.б. тақырыптарды өткенде онша қиынға соқпайды. Жаңа материалды өтер алдында балалардан "Негізгі білімдер" сауалнамасын толтыру сұралады. Сауалнамада олар өздерінің осы тақырыптан не білетіндерін, яғни білім деңгейлерін танытады. Оларды талдай отырып, әрбір оқушымен немесе бір топ оқушымен істейтін жұмыс жоспары жасалады. Олардың кей тобы тақырыпты толық өтеді, кейбіреулеріне бағдарлау сұрақтарын бере отырып, жауапты өздері іздейтіндей жағдайға келтіру керек. Ал басқа оқушыларға бірден тест тапсыру ұсынылады. Осындай әрекеттің нәтижесінде - оқушылардың өздері теорияны оқу керек пе, жоқ па соны шешеді. Оқушыларға белгілі бір уақыт ішінде орындалатын әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар, оған қоса сабақ модульдерінің сипаттамалары беріледі. Оларды бақылауға болатын модульдердің әрқайсысының мақсаты да қоса көрсетіледі. Осындай жүйенің ішкі бір бөлігі оқушының білімін объективті түрде тексеруге негізделеді. Тұрақты білім деңгейін тексеріп отыру бұрынғы білім деңгейін субъективті түрде ғана бағалайтын оқыту технологиясынан өзгеше, жаңа түрде жүргізіледі.
Информация о работе Информатикадан кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру