Информатикадан кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 20:25, курсовая работа

Описание работы

Ќазіргі уаќытта “ќоѓамды информатикаландыру”, “білім беруді информатикаландыру” деген сµз тіркестері біздіњ сµздік ќорымызѓа еніп кетті. Олай болса, ќоѓамды информатикаландыру дегеніміз не? Ќоѓамды информатикаландыру дегеніміз - ѓылыми техникалыќ прогресс жетістіктерініњ к‰нделікті т±рмысќа ауќымды енуініњ нєтижесі, яѓни Адам µміріне іс-єрекеттіњ интеллектуалды т‰рлерініњ Жан-жаќты єсер етуі мен ролініњ жоѓарылауына байланысты объективті процесс.

Содержание

І-тарау Информатика негіздері және оның қолданылуларын қосымша оқытудың түрлері
1.1 Информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
1.2 Информатиканы қосымша оқытудың мақсаттары
ІІ-тарау Информатика пәні бойынша кластан тыс жұмыстар
2.1 Информатика курсы бойынша жүргізілетін үйірме жұмыстары
2.2 Информатика пәні бойынша кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

dipl_.doc

— 478.00 Кб (Скачать)


тақырып Информатикадан кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

І-тарау Информатика негіздері және оның қолданылуларын қосымша оқытудың түрлері

1.1 Информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері

1.2 Информатиканы қосымша оқытудың мақсаттары

ІІ-тарау  Информатика пәні бойынша кластан тыс жұмыстар

2.1 Информатика курсы бойынша жүргізілетін үйірме жұмыстары

2.2 Информатика пәні бойынша кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

 

 


Кіріспе

 

              Ќазіргі уаќытта “ќоѓамды информатикаландыру”, “білім беруді информатикаландыру” деген сµз тіркестері біздіњ сµздік ќорымызѓа еніп кетті. Олай болса, ќоѓамды информатикаландыру дегеніміз не? Ќоѓамды информатикаландыру дегеніміз - ѓылыми техникалыќ прогресс жетістіктерініњ к‰нделікті т±рмысќа ауќымды енуініњ нєтижесі, яѓни Адам µміріне іс-єрекеттіњ интеллектуалды т‰рлерініњ Жан-жаќты єсер етуі мен ролініњ жоѓарылауына байланысты объективті процесс.

              Жалпы білім беретін мектептерге программалау элементтерініњ енгізілгендігіне 40 жылдан астам уаќыт болды. Информатиканыњ, программалау элементтерініњ орта мектепке енгізілуініњ µзіндік тарихы бар, яѓни оны бірнеше кезењге бµлуге болады.

              Бірінші кезењ, б±рынѓы Одаќтаѓы 50-жылдардыњ бас кезіндегі алѓашќы ЭЕМ-дыњ пайда болуына байланысты, адам ќызметініњ жања саласы дами бастады. Программалаудыњ ќалыптасу кезењіндетілдік ќ±ралдар мен єдістер жеткіліксіз болды. Соѓан ќарамастан оќушылардыњ программалауды т‰сініп, игеруіне ешќандай принципті ќиыншылыќ болѓан жоќ. 

              Екінші кезењ, математикаѓа бейімделген мектептер негізінде программалауѓа мамандандыруѓа байланысты. Информатиканы мектепте оќытуды 1959 жылдан басталды деуге болады, µйткені Мєскеу ќаласыныњ №444 мектебінде С.И.Шварцбурд жоѓарѓы класс оќушыларына ЭЕМ ж±мысын ‰йретуге баѓытталѓан эксперимент ж‰ргізуді бастады. М±ндай мектептерде жалпыѓа бірдей орта білім негізінде программист дайындау кµзделген болатын. Осы маќсатќа сєйкес, С.И.Шварцбурдтыњ ж‰ргізген тєжірибелік ж±мысы кµпшілікке белгілі болды.

              Келесі кезењ, арнаулы факультативтік курстардыњ ашылуына байланысты. Факультативтік курстыњ маќсаты – оќушылардыњ жан-жаќты м‰мкіндіктерін дамытуѓа жєне білімдерін терењдетуге баѓытталѓан жања оќу ж±мысыныњ т‰рі ретінде ќарастырылды. Математика жєне оныњ ќолданулары бойынша ж‰ргізілген факультативтерде арнаулы ‰ш курс єрт‰рлі дењгейде ЭЕМ-ныњ ќолданылуын ќажет етті. “Программалау”, “Есептеу математикасы”, “Векторлыќ кењістіктер жєне сызыќтыќ программалау”. Осы факультативтік курстардыњ енгізілуіне байланысты программалауды орта мектепке енгізу кезењі басталды.

¤зініњ б‰кіл даму тарихында адам баласы затты, энергияны жєне информацияны мењгерумен келеді. Информацияны айтып білдіру жєне беру ќажеттілігінен тіл, жазу, бейнелеу µнері пайда болды, кітап басу, почта байланысы, телеграф, телефон, радио жєне теледидар µмірге келді. Информациялыќ ќоѓамѓа кµшу процесі ќазіргі кезде барлыќ дамыѓан елдерді ќамтып отыр. Осы процестіњ µзегі, негізгі мєні информацияны ЭЕМ-де µњдеу болып табылады. Осы мєселені т‰сініп – білу ‰шін “Информатика жєне есептегіш техника” пєнін оќып-‰йрену керек. Информатика негіздері пєні орта білім беру мектептерінде стандартќа сєйкес оќытылады. Осы пєнді оќытатын м±ѓалімніњ білімі ќазіргі заманѓа сай лайыќты болуы керек жєне єлемдегі к‰нделікті пайда болып жатќан жања информациялар мен технологиялар туралы т‰сініктерді м±ѓалім оќушыларѓа т‰сіндіріп жеткізе алатындай дєрежеде болуы керек. Сонымен ќатар, м±ѓалім мектеп практикасында информатика пєнін оќыту кезінде педагогикалыќ – психологиялыќ ќызметтерді атќаруы керек. Ењ бастысы оќушыдан білімді, білікті, тєрбиелі жєне жан – жаќты хабары бар азамат шыѓаруы керек.    


І-тарау Информатика негіздері және оның қолданылуларын қосымша оқытудың түрлері

 

1.1 Информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері

Қоғамды демократияландыру мен ізгілендіруге байланысты туыңдап отырған басты мәселе - мектептегі білім мазмұнын ізгілендіру негізінде қайта құру, оның ішінде мектептің оқу үрдісіне компьютерлік технологияны енгізу болып отыр. Ал оның өзі оқушының өзіндік бағдарлай және дами алатын субъект дәрежесіне көтерілуін, сонымен қатар арнайы оқу ортасын жасау арқылы оның өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруды талап етеді. Аталған міндетті шешу үшін негізгі мектептердің 7 сыныбынан бастап Информатиканы пән ретінде енгізудің орны ерекше.

Жаппай компьютерлендіру кезеңінде компьютерлік технологияны оқу үрдісінде пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік танымдык іс-әрекетін қалыптастырып, дамытуда үлкен жетістіктерге жетуге болатындығы практика жүзінде дәлелденіп отыр.

Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерінің теориялық негіздері Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, П.Я.Гальперин, Е.И.Машбиц, С.Л.Рубинштейн, Н.Ф.Талызина сияқты психологтардың және дидакт-ғалымдар М.А.Данилов, Л.В.Занков, Л.Н-Ланда, И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин, Т.И.Шамова, Г.И.Щукина, Ж.А.Қараев еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.

Оқушылардың танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда оқыту үрдісін оқушылардың өз бетіндік бағдарлау әрекеті мен оқуға деген ынтасын арттырудың компоненттерін жүзеге асыруға бағытталған оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдалану жеткілікті. Бұл мәселе И.Я.Лернер, А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов, В.Оконь және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. Сонымен бірге, Ш.Амоношвили, Б.П.Никитин, В.Ф.Шаталов сияқты жаңашыл-педагогтардың еңбектерінде бұл мәселелердің практика жүзінде іске асуы көрініс тапкан.

Оқушының өзіндік танымдық іс-әрекеті танымдық қызығушылықтан туындайды. Олай болса, Г.И.Щукинаның пікірінше, танымдық қызығушылық оқудың ең негізгі мотивтерінің бірі бола отырып, оның белгілі бір жағдайларға байланысты "жеке тұлғаның іс-әрекеті мен жекелеген әрекеттерінің дамуына қуатты түрткі күшіне айналады". Сонымен, бұл жағдайлардан оқушы өздігінен жорамалдауға, бақылауға, іздеуге мүмкіндік алатындай дәрежеге жетіп, өзіндік танымдык іс-әрекет жасауына жағдай жасалады.

Т.И.Шамованың пайымдауынша, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың құралы ретінде оқу мазмұны, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формалары есептеледі. Сондай-ақ, танымдық белсенділікті арттыру құралдарының жүйесі төмендегідей талаптарға жауап беруі тиіс:

- оқытуды ұйымдастырудың барлық кезеңдерінде оқушылардың ішкі оқу ынтасын ояту мен дамыту;

-     оқушылардың алдына қойған іс-әрекетінің мақсатын қою мен жоспарлауды камтамасыз етуге бағдарлауды көтермелеу;

-     оқушылардың оқу ақпараттарын өңдеуде интеллектуальдық іскерлігін қалыптастыру;

-     оқушылардың өзін-өзі бақьшауы мен түзетуі негізінде оқытуда оқу танымдық іс-әрекетін қамтамасыз ету.

Компьютерлік технологияны оқыту үрдісінде пайдалану барысында оқушылардың танымдык белсенділігін арттырудың ғылыми-теориялык негіздемесін педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Қараев ұсынды.

Енді оқытудың компьютерлік технологиясы деген не атты сауалға тоқталайык. Қазіргі уақытта оқытудың компьютерлік технологиясының бірнеше анықтамасы бар. Соның бірі - И.И.Мерхель берген анықтама бойынша, оқытудың компьютерлік технологиясы (ОҚТ) дегеніміз оқушының өз бетінше таным кызметін, оқытуды оқу үрдісін басқаруды жеделдетуге бағытталған әдістемелік, психологиялық-педагогикалық бағдарлама, техникалық және ұйымдастыру құралдарының жиынтығы.

Ж.А.Қараевтьң пайымдауынша, компьютерлік технологияны оқу үрдісіне пайдалану барысында оқушының өз бетімен атқаратын қызметі мына формула бойынша өрнектеледі: Оқ= ӘБН+ОӘ+Ан+Тә+ТҮЗә, мұндағы ӘБН - әрекеттің бағдарлық негізі, ОӘ - орындаушылық әрекеті, Ан - аралық нәтиже, Тә - тексеру әрекеті, ТҮЗә - түзету енгізу әрекеті.

Оқушыда аталған әрекеттерді орындай білу дағдысын қалыптастыру оқытуды өзіндік оқуға айналдырады.

Жоғарыдағы аталған ғалымдардың (Т.И.Шамова, Г.И.Щукина және т.б.) жұмыстарына талдау жасай отырып, оқытуда оқушылардың танымдық белсенділігінің оңтайлы деңгейі оның танымдық іс-әрекетін арттыру шарттарын қанағаттандырғанда ғана жүзеге асыру мүмкін болатыны анықталған:

-     оқушыны нақтылы іске байланысты танымдык қажеттілікті қалыптастыру мен орнықты танымдық кызығушылыққа тәрбиелеу;

-     оқушыны ақпаратты қайта өңдеуге байланысты интеллектуалдық және өздігінен жоспарлау, ұйымдастыру мен бақылауды жүзеге асыру дағдыларын қалыптастыру;

-     компьютерді оқыту үрдісіне пайдалануда оқушылардың әрқайсысын оқытуға белсенді түрде қатыстыру.

Аталған мәселелер оқыту үрдісінде компьютерлік технологияны пайдалануда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға байланысты зерттелген. Бірақ информатика пәнін оқытуда, сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру және информатика мен басқа пәндерді сабактастырып оқытуда оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін арттыру мәселелері осы уақытқа дейін ғылыми түрде зерттелмеген тың мәселелердің біріне еніп отыр. Сондықтан бұл мәселе карастырылып отырған мәселенің көкейтестілігін одан әрі арттыра түседі.

Ғалымдардың айтқан пікірлеріне сүйене отырып, біз оқушынын өзіндік танымдық іс-әрекеті деп олардың компьютерде жұмыс істеу барысында өздігінен жоспарлау, бағдарлау, тексеру және қорытынды жасау сияқты шыгармашылыц ойлау қабілетін талап ететін әрекеттер тізбегін түсінеміз.

Осы айтқан тұжырымға сай оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін арттыруда мұғалімнің жасайтын жұмысының мақсаты оқушының шығармашылық кабілетін дамытуға байланысты болатынын жүргізілген практикалық жұмыстар нәтижесінде, яғни төмендегі мәселелер негізінде анықтадык:

-     өтілген материал мен өтілетін материалдың арасындағы байланысты әр түрлі мысалдар беру арқылы оқушының білімін толықтыру;

-     оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру максатында олардың оқыту үрдісіндегі белсенділігін арттыру;

-     оқушыға берілетін теориялық білімді күнделікті өмірмен байланыстыра оқыту арқылы өз бетімен білім алып, білім деңгейлерін кеңейту дағдыларын

қалыптастыру;

-              оқушынын шығармашылық қабілетін компьютердің көмегімен дамытуға мүмкіндік беретін практикалық білім дағдыларымен қамтамасыз ету.

Оқушылардың сыныпта өздігінен жұмыс жасау түрін Л.П.Аристова 5 түрге бөледі:

1.              мұғалімнің толық ашып түсіндірмеген мәселелеріне оқушьшардың зер салып оқуы;

2.              сыныпта   мұғалімнің   түсіндіруінде   қарастырылмаған   мәселелерді   үйге өздігінен оқып-үйрнеуге тапсыру;

3. бұрын алған білімдерін жаңа логикалық байланыстар мен вариациялар арқылы ұғыну;

4. жаңа алған білімдерді сыныпта пысықтау;

5. мұғалімнің түсіндіруімен және басқа білім көздерінен алынған білімдерді пысықтау.

Осы айтылған мәселелерді негізге ала отырып, И.И.Малкин оқушылардың сабақтағы өздігінен орындайтын жұмыстарын дидактикалық жүйелеуді жүзеге асырды.

Біз осы аталған ғалымдардың пікірлерін және информатика пәнінің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, оқушылардың өз бетімен атқаратын танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың әрекеттер тізбегін құрдық:

-   оқушының өткен материалды өтілетін материалмен салыстыра отырып, байланысын анықтауы;

-   берілген есептің математикалық моделін жасауы, соған сәйкес алгоритмін құрып, программасын жазуы;

-   программаны редакторлей отырып, компьютерде орындауы;

-   компьютерде программаның орындалуын тексеруі және қажетті түзетулер енгізуі;

-   оқушылардың өзара пікір алмасулары нәтижесінде қорытынды тұжырымға келулері немесе істеген қызметіне сәйкес өз бетінше ой қорытуы.

Жоғарыда аталған мәселелер мен информатика пәнінің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, пәнді оқушылардың өзіндік танымдык іс-әрекетін арттырудың шарттарын төмендегідей топтарға бөліп, анықтадық:

1-топ. Информатика пәнінен алгоритм мен программа құрып оқытуда оқушыларды өзіндік білім алуға бағыттау: оқушының өздігінен жоспарлай, бағалай білуі, программаны редакторлеу арқылы қатесін түзете білуі.

2-топ. Ақпараттық технология негіздерін оқыту барысында стандартты және офистік программаларда жұмыс жасау арқылы оқушылардың ол ортада өздігінен жұмыс жасауы және түрлі ақпараттарды өңдеуде шығармашылық ойлау қабілетінің дамуы.

3-топ. Информатика пәнінен оқушылардың компьютерлік сауаттылығы мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру негізінде пәнге деген танымдық қызығушылығының дамуы.

4-топ. Информатика пәнінің басқа пәндермен, әсіресе, математика пәнімен тығыз байланыстылығы математикалық модель құру мен алгоритм жазуда екенін түсінуі және оларды компьютерде ақпаратты еркін өңдей алатындай дәрежеге жеткізу.

5-топ. Информатика мен басқа да пәндерді байланыстырып оқытуда оқушылардың төмендегідей әрекеттерді өз бетімен орындай алатындай дәрежеге жетуі:

-     оқушының мектеп пәндерінен (математика, қазақ тілі, физика, химия және т.б.) меңгерілетін теориялық материалдарға жалпылама талдау жасай отырып, өзіндік ізденіс жұмысына баулу;

-     әр түрлі типтегі математикалык, физикалық және химиялык есептерді шешуде олардың моделін құру арқылы оқушының жүйелі ойлау қабілетін дамыту;

-     ізделінген ақпараттарға теориялық талдау жасау арқылы оқушының ақпараттық ойлау қабілетін қалыптастыру.

Ж.А.Қаравтың компьютерлік технологияны оқыту үрдісінде пайдалануды басқару алгоритмі мен бөлінген топтарды негізге ала отырып, біз информатика пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруга бағытталған басқару алгоритмін төмендегіше анықтадық:

Информация о работе Информатикадан кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру