Фирманың маркетинг қызметін басқарудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 08:41, дипломная работа

Описание работы

Нарық жағдайында кәсіпорындар мен фирмалардың табысты іс-әрекеті көбінесе қабылданатын маркетингтік шешімдерге байланысты болып келеді. Сондықтан да, шаруашылық жүргізудің көп салаларында маркетингтік қызметтің білікті және дұрыс жүргізілу сауалдары аса маңыздылыққа ие болады. Осыған байланысты, қазіргі уақытта нарық қажеттіліктерін жеке жұмыс нәтижелерімен біріктіре отырып, оны іс жүзінде қолдана алу сондай-ақ, коммерциялық табысқа жету отандық кәсіпорындарына өте маңызды.

Работа содержит 1 файл

Дипломдық жұмыс полностью.docx

— 196.87 Кб (Скачать)

 

1 кесте 

«Технопорт» ЖШС-ның жұмыскерлерінің  ұйымдастырушылық құрылымы

Көрсеткіштер

2010ж

2011ж

адамсаны

%

адамсаны

%

1

Басшылар

5

1

9

1

2

Мамандар

46

5,5

47

5,2

3

Қызметкерлер

4

0,5

9

0,3

4

Жұмысшылар

777

93

831

93,4

5

Барлығы:

832

100

896

100


 

 «Технопорт» ЖШС-ның жұмысшылардың  еңбек ету өнімділігін кәсіпорын  басшылығы еңбекақы төлеу мәселесін  екі тұрғыдан қарастырады. Жұмысшылардың  жұмыс істеу қабілетіне байланысты  негізгі және қосымша жалақысын  төлейді, соның ішінде әлеуметтік  жағдайларына байланысты жұмысшыларға  жеңілдік пайызбен үй алуға  көмектеседі сондай-ақ жұмысшыларына  тікелей сыйақыларды беріп тұрады. Осы мәселе бойынша кәсіпорынның  жұмысшылардың кәсіподағы жұмыс  берушіге әлеуметтік әріптестік  жүйесіндегі келісімнің Қазақстан  Республикасындағы 2010 жылғы мемлекет, жұмыс берушілер және жұмысшылардың  мүддесін қорғайтын кәсіподақтың  Республикадағы ұйымдары ат салысып  еңбек қатынастарын реттеуге  үлкен үлес қосу керек. 

«Технопорт» ЖШС-ның экономикалық жағдайын талдау үшін кәсіпорынның техника-экономикалық көрсеткіштерін анықтаймыз. Оны 2 кестеден көруге болады.

Кәсіпорын инвестициялық тартымдылығын  артыруда инвеисторлар көптеген экономикалық-қаржылық көрсеткіштеріне мән беретіні анық. «Технопорт» ЖШС-ның техника-экономикалық жағдайы қанағаттандырарлық.

1) Өткізілген өнімнен түскен  табыс көрсеткіші бойынша :

Әрине өнімді өткізу ол кәсіпорынның шығарылған өнімінің ең соңғы кезеңі деп айтсақ болды және ол кәсіпорын  үшін өте маңызды. Бұл - өнім өткізу жұмысшының әсері оның цехтарының, түскен табыстарының талдауында және тағы басқа қаржы көрсеткіштерінде көрінеді, талдау кезеңі 2011 жылы 2010 жылға  қарағанда 654442 мың тг. болып, пайыз  түрінде 360% артты. Бұл жалпы Қазақстан  тұрғындарының төлем қабілеттілігін және кәсіпорын тауарларына сұраныстың бар екендігін аңғарады. (3,6 есеге  сатудан түскен табыс артты.) 

2) Өткізілген өнімнің өзіндік  құныкөрсеткіші бойынша:

Бұл кәсіпорынның басқару есебі  қалай жүргізіліп жатқанын аңғартатын көрсеткіш. Басқару есебінде шығындар мәселесі бірінші орында болғандықтан, өндірістегі шығындарды есептеу, қаржылық жұмыс, нақты субъектідегі басқару, ұйымдастыру мәселесі тікелей осы  деңгейді көрсетеді. Өнімнің өзіндік  құны 2011 жылы 4,1 есеге төмендегенін көрміз. Бұл бұйымдарды өңдеу мәселесін  кәсіпорын деңгейінде атқаруға бағытталған  шешімнің көрсеткіші.

 

2 кесте

«Технопорт» ЖШС-ның қызметін техника-экономикалық талдау

Көрсеткіштер

 

Жылдары

Ауытқулар

2010

2011

+/-

%

1

Өнімді өткізуден түскен табыс

мың тг

250834

905276

654442

360

2

Өткізілген өнімнің өзіндік  құны

мың тг

183770

756074

572305

411

3

Жалпы табыс

мың тг

67064

140202

73137

209

4

Кезең шығындары

мың тг

45093

132001

86908

293

5

Негізгі қызметтен түскен табыс

мың тг

21971

8201

-13770

37

6

Негізгі емес қызметтен түскен табыс

мың тг

3980

6881

2901

173

7

Салық салынғанға дейінгі табыс

мың тг

25951

15082

-10859

58

8

Таза табыс

мың тг

18166

11613

-6453

64

9

Жұмысшылардың тізімдік саны

адам

777

831

54

106

10

Жұмысшылардың жылдық еңбек ақы  қоры

мың тг

230437

279192

48755

121

11

Жұмысшылардың орташа айлық еңбек  ақысы

тг

24714

27997

3283

113

12

Өндірістегі негізгі қорлардың  жылдық орташа құны

мың тг

7709

10871

3162

141

13

Қор сыйымылығы

тг

0,31

0,01

0,30

3,2

14

Қор қайтарымдылығы

тг

32,5

83,2

50,7

256

15

Жұмысшылардың қормен қарулануы

тг

9921

13082

3161

132

16

Өнімнің 1 теңгесіне кететін шығын

тг

0,73

0,84

0,11

115

17

Еңбек өнімділігі

мың тг

323

1089

766

337


 

3) Жалпы табыс көрсеткіші бойынша:

Жалпы табыс кәсіпорынның нақты  нәтижелігін көрсетуге неғайбіл көрсеткіш. Ол 2011 жылы 572305 мың теңгеге, яғни 2 есеге өсті.

4) Кезең шығындары көрсеткіші  бойынша:

Бұл көптеген кәсіпорындардың шығыстар бөлігіндегі қомақты үлестерді  алатын бөлігі. «Технопорт» ЖШС-тегі кезең шығындарын басқару аппаратың  үнемдеуін және оңтайлы шешімдер қабылдауынан болуы мүмкін. Мәселен 2011 жылы жалпы табыс 2,9 есеге өскенімен, кезең шығындарын басқару мүмкінділігі басқармаға тәуелсіз болады. Кезең  шығындары көптеген бухгалтерлік сатыларды  қосатындықтан, жалпы-бағаның барлық салаларда өсіуі 2011 жылы кәсіпорындардың  тиімділігін сонымен қоса кезең  шығындарын да өсірді.

5) Негізгі қызметтен түскен табыс  көрсеткіші бойынша:

2011 жылы негізгі қызметтен түскен  табыс 13770 мың тг. төмендеді. Бұл  – кәсіпорынның инвестициялық  және экономикалық тартымдылығын,  сондай-ақ басқару есебін қайта  қарастыруды талап етеді.

6) Негізгі емес қызметтен түскен  табыс көрсеткіші бойынша:

Негізгі емес қызметтен түскен табыс 2011 жылы 2901 мың тг. артып отыр.

7) Салық салғанға дейінгі табыс  көрсеткіші бойынша:

Бұл көрсеткіш табыстың 2010 жылмен салыстырғанда –10859 төмендегенін көрсетуде.

8) Таза табыс көрсеткіші бойынша:

Таза табыс көрсеткіші 6453 мың  тг. төмендеуде. Осының салдарынан кәсіпорын  инвестиция тарту мәселесін мәселесін  алға шығаруда. Ол – мәселе талданып бағаланады.

9) Жұмысшылардың тізімдік саны  көрсеткіші бойынша:

Жұмысшылардың тізімдік саны сәйкесінше 54 адамға артып отыр.

10) Жұмысшылардың жылдық еңбек  ақы қоры көрсеткіші бойынша:

Еңбек ақы қоры Қазақстан Республикасының  Заң, нормативті актілері, сондай-ақ тұтыну себебі мен еңбек өнімділігіне сәйкес 1,2 есеге өсті.

11) Жұмысшылардың орташа айлық  еңбек ақысы көрсеткіші бойынша:

Жұмысшылардың орташа айлық еңбек  ақасы инфляция деңгейі жәнекәсіпорынның ынталындыру шеңбері есебін өскенін  көреміз.

12) Өндірістегі негізгі қордың  жылдық орташа құны көрсеткіші  бойынша:

Негізгі қордың орташа жылдық өсімі  біріншіден, негізгі қорларды қайта  бағалау есебінен, (нақты бағамен) екіншіден, құрылтайшылардың негізгі  қор есебінен жарналарын көбейтулерінен және негізгі қорларды реконструкциялау және тағы басқа көздерден.

13) Қор сыймдылығы көрсеткіші  бойынша:

Қор сыйымдылығы 2011 жылы өндірілген өнімнің 1 теңгесіне 0,01 теңге өндірістік негізгі  құралдар келгенін көрсетеді.

14) Қор қайтарымдылығы көрсеткіші  бойынша:

Қор қайтарымдылығы кері көрсеткіш, сондықтан  әрбір негізгі құралдардың бір  теңгесіне 2011 жылы 2,5 есеге өнім өндірілгенін көрсетеді.

15) Жұмысшылардың қормен қарулануы  көрсеткіші бойынша:

Бұл - әрбір жұмысшыға қанша өндірістік негізгі қордың деңгейін көрсетеді. 2011 жылы 1 жұмысшы 2010 жылға қарағанда 3161 теңгеге артық қаруланған. Осының салдары кәсіпорынға шығындар статьясын көбейтіп отырғанын көреміз.

16) Өнімнің 1 теңгесіне кететін  шығыны көрсеткіші бойынша:

Кәсіпорынды шығындар есебін жақсы  білетін мамандар қарастырмайынша, кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын  арттыру жолдары мүмкінге ие болмайды. «Технопорт» ЖШС-тегі 2010 жылы өнімнің 1 теңгесіне 0,73 тг. болса 2011 жылы 0,84 тг. болып отыр. Бұл дегеніміз - әрбір  теңгеге 2011 жылы 11 тиын артық жұмсауды көрсетеді.

«Технопорт» ЖШС-ның башылығының  алға қойған міндеттері бойынша -  сырттан  инвестиция тарту мәселесі алға шығуда. Инвестицияны кәсіпорынға тарту  мәселесі бірнеше көрсеткіштер мен  анықталады. Өнеркәсіптік кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын көрсететін тиімділіктің негізгі көрсеткіші ретінде  шығындарды басқару стратегиясы  инвестордың алғы шарттары болатыны анық.

 

 

2.2  Кәсіпорынның қаржы - экономикалық  жағдайын талдау 

 

 

Нарық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржы-экономикалық талдау үлкен мәнге  ие. Сондықтан қарастырып, талдап, зерттеп  отырған кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау өте маңызды.

Себебі – бұл кәсіпорынның тәуелсіздігі, меншік иелерінің пайызы, жұмыскерлер  мен басқа да инвесторлардың алдында  өзінің өндірістік-қаржылық қызметінің толық түрде мағлұматтар, деректер беретін көздері болып сакналады.

Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді. Оларды келесідей жіктеуге болады:

    • ішкі және сыртқы ортаға байланысты;
    • маңыздылығына қарай – басыңқы және басыңқы емес;
    • қарапайым (жәй) және күрделі;
    • тұрақты және уақытша;

Кәсіпорындағы ішкі факторлар өзінің қызметіне байланысты болады. Қаржылық – экономикалық талдау нәтижесі сондай-ақ сыртқы факторларға да байланысты болатыны анық. Кәсіпорында өндірілетін өнім және өндірістік технологиясымен тығыз  байланысты. Кәсіпорынның қаржы-экономикалық тұрақтылығының маңызды факторы  болып – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ қаржылық стратегияның негізінде инвестиция тарту мәселесі болжап білу болып табылады.

Инвестициялық тартымдылықтың маңызды  факторларының бірі – кәсіпорындағы  қаражат құрамы және құрылымы. Инвестициялық  бағыт, оны ұйымдастыру мен басқару  стратегиясы және қысқа мерзімді болжаулардың дұрыс таңдалынып алынуы.

Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығына қарыздық міндеттемелер нарығының үлкен әсер етуі мүмкін. Сондықтан да «Технопорт» ЖШС-ның активтерінің қорлану көздерін талдау негізінде оларды бағалау қажет. Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және тартылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының бар екендігін көрсетеді.

Тәуелсіздік коэффиценттің мәні –  кәсіпорын сырттан тартылған  қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін  және өз қаражаттарын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Батыс экономистері тәуелсіздік коэфицентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп  санайды. Себебі бұл қаржы көздрінің  тұрақты құрылымын сақтау мүмкіндік  береді. Ивесторлар, несие берушілер  дәл осындай құрылымды бақылайды. Себебі, осы жағдайларды кәсіпорынның қоржындық пайын иемденуге болады деп есептейді.

Тәуелсіздік коэффиценттін мешікті  капиталды барлық авансталған капиталдан бөлумен анықталады.

 

Ктәуелсіздіккв(1)

 

КТ (2010 ж)  = 127908 / 2882565 = 0,4

КТ (2011 ж)  = 1297247 / 4103471 =  0,3

Бұл деректерден, кәсіпорынның меншікті капиталының шоғырлануы 0,1 позицияға  төмендегенін аңғартады. Дегенмен, кәсіпорын  инвестиция тартуға мүмкіншілігі бар  бар екенін көрсетеді.

Жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық міндеттемелер  қатаң сақталатын және кәсіпорынның атағына үлкен мән берілетін  нарықтық экономкасы дамыған елдерде  тәуелсіздік коэфицентіне жоғары талап  қойылмайды. Мәселен, Ұлыбританияда оны 0,27 дейін темендетуге дейін болады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын келесі көрсеткіші тартылған  капиталдың меншікті капиталға қатынасымен  анықталатын қарыз және меншікті капиталдың қатынасының коэфиценті:

 

Кқ / ш = Тк / Мк;                              (2)

 

Тк – тартылған капитал

Мк – меншікті капитал

Кқ / ш 2010 = 1603484 / 1279081 = 1,2

Кқ / ш 2011 = 2806224 / 1297247 = 2,2

Бұл коэффиццент кәсіпорынның меншікті қаражаттарының әрбір теңгесіне  қанша қарыз қаражаттарын тартқанын  көрсетеді. Қарастырылып отырған кәсіпорында  әрбір меншікті қаражатқа 2011 жылы 1 теңге 20 тиын келетін көрсетіп отыр. Демек, кәсіпорынға  қарық қаражаттарын пайдалануын жақсартуға көңіл бөлуі  керек. Тәжірибеде Кқ / ш < 1 теңге . Егер оның мәні 1-ден асып кетсе, онда кәсіпорынға қаржылық тәуелсіздігі мен тұрақтылығына қауіп төнуі мүмкінділігі айтылдған, бірақ жауап әр уақытта бір жақты бола бермейді. Қарыз және меншікті капитал қатынасының коэффиценті салалық ерекшіліктерге, кәсіпорынның шарушылық қызметінің сипатына және айналым қаражаттарының айналу жылдамдылығына да байланысты болады. Материалдық айналым капиталының айналымдылығының жоғарғы көрсеткіштері және дебиторлық борыштардың одан да жоғары айналымдылығы кезінде коэффиценттің қауіпті мәні бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпорынның қаржылық дербестілігіне ешқандай әсерін тигізбейді.

Информация о работе Фирманың маркетинг қызметін басқарудың теориялық негіздері