Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 09:39, дипломная работа
Қазіргі нарықтық жағдайда экономикамыздың қалыптасуы, отандық тауар өндірушілерге шығаратын өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойып отыр. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі факторы болып табылады. Жалпы алғанда бәсекеге қабілеттілік өнімдердің сапасын қанағаттандыруға итермелейді.
КІРІСПЕ
I ТАРАУ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІН АРТТЫРУ
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері
II ТАРАУ. «РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӘСЕКЕГЕ
ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
2.1. «РАХАТ» А Қ туралы қысқаша мағлұмат, адам ресурстарын басқару құрылымы
2.2. Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті, экономикалық көрсеткіші мен тиімділігі
2.3. Кәсіпорынның бәсекелестік қабілеті және нарықтағы бағалау
III ТАРАУ. КӘСіПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қолданылатын шаралар
3.2 Кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда жұмыс істеу стратегиясын әзірлеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
Кәсіпорындардың өндірістік-өткізу мүмкіндіктерінің талдауы да маркетингтік зерттеудің маңызды түрі болып табылады, оның бөлек құраушылары бұрын қолданған, бірақ кешенді тәсілі болған жоқ, себебі өндірістің қызмет өнім сапасына тәуелсіз мемлекетпен кепілдендірілгендіктен, өнімді өткізуді ескермеді. Нарықтық экономика жағдайында, кәсіпорындардың маркетингтік қызметі нарық талаптарын зерттеп, оларды кәсіпорындардың нақты мүмкіндіктерімен сәйкестендіруі және негізделген өндірістік бағдарламаны және нарықтағы кәсіпорын стратегиясын жасап шығару қажет.
Жоғарыда жүргізілген зерттеулер, маркетингтік қызметтермен нарықтық даму болжамын, кәсіпорынның нарықтағы мінез-құлық стратегиясы мен ұстанымын, оның тауарлық, бағалық, өткізу және коммуникациялық саясатын біріктіретін кәсіпорындардың өндірістік-өткізу қызметінің ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарын жасаудың негізі болып табылады.
Осылайша, нарықтық экономикаға көшу, кәсіпорындардың жаңаша жұмыс істеу қажеттілігін, экономикалық мінез-құлықтың жаңа түрін игеруді, өндіру-өткізу қызметін нақты нарық жағдайына және тұтынушылар сұранысына бейімдеуді, бәсекелестермен жарысу арқылы жүргізуді талап етеді, бәсекелесті күрестегі табыс маркетинг концепциясын қолдануды қамтамасыз етуі мүмкін, ол туралы шетелдік тәжірибенің оң әсері куаландырады. Енгізуге қатысты, отандық тамақ кәсіпорындарындағы маркетинг, бүгінгі күні инвестицияға ие, кейбіреулерді қоспағанда, дайындық кезеңінде болып отыр.
Өнімдердің бәсеке қабілеттілігі оны шығарушы кәсіпорындарға да, мемлекетке де тиімді, осы тұрғыдан, оған қол жеткізудің экономикалық негіздері мемлекет деңгейінде де, кәсіпорын деңгейінде де құрылуы керек. Мемлекет деңгейіндегі мұндай экономикалық механизмнің қызметі ең біріншіден, қаржы-несие және салық саясатында тәуелді. Қаржы-несие тетіктерін пайдалану, біздің ойымызша келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:
Жаңашыл кезеңде
үлкен мәнге тауар өндірушілер
арасындағы бәсекенің дамуына
Қазақстанда экономиканы
одан әрі дамыту еліміздің
әлеуметтік-экономикалық, саяси өркендеуінің
басты басымдылығы болып
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау нәтижелері мен өнім жайлы сараптама қортынды шығару және нарықтық мәселелерді шешу үшін, өнімнің бәсекелік қабілетін оңтайлы түрде арттыру жолдарын таңдау қажеттігі туындайды.
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау нәтижесінде келесі шешімдер қабылдануы мүмкін:
Компанияның қазіргі уақыттағы және келешектегі мақсаттары.
Компанияның қазіргі
уақыттағы және келешектегі мақсаттары-
Елбасы кезекті Жолдауында Қазақстанның таяу жылдары әлемнің ең дамыған елу елінің қатарына міндетті түрде енуін мақсат етіп қойды. Әрине, мұндай талап қою әбден негізді. Әлемдік экономикалық форумның деректеріне сүйенсек, Қазақстан бәсекелестік индексінің өсуі жағынан рейтинг бойынша ТМД мемлекеттерін соңына қалдырып, көш бастап 61-ші орында тұр.
Кейінгі кезде
мемлекеттік ірі
Алайда, талдама жасай келе көзіміз жеткені: бүгінгі күні инфляцияны ескергендегі негізгі қорларды қайта бағалау мәселелерін кешігіп шешуге байланысты бірде бір кәсіпорынның тіпті амортизациялық қорының жоқтығы, былайша айтқанда, тозған негізгі қорларды еш толтыра алмайтын қабілетсіздігі.
Қазақстанда біраз ақша көлеңкелі айналымда жүр. Сарапшылардың айтуы бойынша, ІЖӨ-дегі көлеңкелі экономиканың үлесі шамамен 25-30 процент. Заңсыз табыс кесірінен айтарлықтай қаржы бюджетке түспей отыр. Осыдан барып, көлеңкелі экономикадан мемлекет зардап шегеді. Жолдауда Елбасы осы мәселені де реттеуді міндеттеді. [25 б. 185]
Ауыл шаруашылығында шаруашылық жүргізудің экономикалық тетіктерінің негізгі элементтерін қарастырған кезде, олардың өндірістік қатынастар жүйесі мен өндіргіш күштердің өзара байланысын қамтамасыз ететіндігіне баса көңіл аударылуы қажет. Өндірістік қатынастар жүйесі арқылы ғана экономикалық заңдар талабы іске асады. Өндірістік қатынастардағы қарапайым байланыстардың сызықтық емес тәуелділікке айналу прцесін негізге ала отырып, меншік түрлерінің даму тарихын қарастырып өткен жөн.
Қазіргі қоғамның нарықтық жүйемен даму кезінде меншікке байланысты қатынастар ең бір күрделі, іргелі, негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Нақ осы қатынастар агроөнеркәсіп кешені мен оның буындарының қазіргі кезеңдегі дамуы мен қызмет етуінде басты орын алып отыр. Меншік түрі атқаратын қызметі мен мәні бойынша экономиканың даму қарқынын не жеделдетеді, не байаулатады.
Экономиканың дамуы әлеуметтік экономикалық қатынастардың тұрақтылығын, конъюнктуралық ауытқуларға төзімділігін қамтамасыз ететін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Бұған барлық меншік нысандарының қызмет етуі арқылы ғана жетуге болады. Дегенменен, тек меншік пен шаруашылық жүргізудің нысанының монополиясы арқылы экономиканың тиімділігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Қаншама тиімді болмасын, жеке бір меншік нысанын бөліп алып, оны дамытуға бар күш-жігерін салу қате, бұдан гөрі түрлі меншік нысандарына негізделген кәсіпкерлік қызмет түрлерінің біртұтас өміршең, икемді секторын қалыптастырып, дамыту маңыздырақ.
Ұжымдық түрдегі кәсіпкерлік қызмет экономикалық жағынан өндірістің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Мұнда, жұмыскерлер саны технологиялық қажеттіліктермен анықталып, еңбекті алмастыру мүмкіндігін алады.
Көп салалы экономика жағдайында жергілікті агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы ұйымдадастыру – экономикалық тетіктерін басқару аспектілері толық жетілмен болды.
Ауылдық жерлердегі
барлық ұйымдастырушылық-құқықтық шаруашылық
түрлерінің дамуына әсер ететін негізгі
фактор, сала аралық қатынастарды мемлекеттік
реттеу тетігінің қалыптасу тиімділігі
Қазіргі жағдайда, ішкі ортаның тез өзгеру қарқынына байланысты "өткеннен келешекке" принципі негізінде шешім қабылдау, басқару шаралар мен қалыптасып қалған өндірістік–экономикалық жағдайлардың сәйкес келмеуіне әкелуі мүмкін, ал бұл мәселе өз кезегіндегі күрделі негативті нәтижелерге алып келуі мүмкін. Оперативті басқарудың концептуалды негізі болып "келешектен осы шаққа" принципі бойынша шешім қабылдау идеясы қызмет етеді, бұның методологиялық негізгі ретінде жүйелі талдау саналады. Бұл жерде эвристикалық әдістер қолданылады, бұл дегеніміз келешек жағдайлар сценарийін жасауды жетілдіру, эксперттік бағалауларды қолдану, сонымен бірге стохастикалық программалау және имитациялық моделдеу, түрлі мөлшердегі және типтегі ақпараттық жүйелерді де пайдалану.
Жүргізілген реформалар барысындағы жағымсыз аспектілердің бірі ретінде ауыл шаруашылық өндірушілері сатып алатын материалды – техникалық ресурстарға және өткізілетін ауыл шаруашылық өнімдеріне баға диспоритеті болып табылады.
Агроөнеркәсіптік кешенді жоғары тиімділікпен дамыту перспективасы көбіне қайта өңдеуді ұйымдастыру көлеміне және ауыл шаруашылық дайын өнімін сақтау және өткізуге байланысты.
Сондықтан да қазіргі кезде өткір проблемалардың бірі болып ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер ынта–жігерін интеграциялау саналады. Қатынастар өзара экономикалық және моральдік қызығушылықтарын қанағаттандыру принципі негізінде құралады.
Сондықтан да нарықтық жағдайда шаруашылық етудің экономикалық тетігінің бір элементі ретінде аграрлық өндірісті бағдарламалау, өндірісті қоса алғанда, ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу және өткізу болып табылады. Ауыл шаруашылығының маңызды артықшылығы ретінде негізгі өндіріс құралы болып жер, табиғи ресурс және ұлттық байлық ретінде пайдалануы жер өңдеудің ғылыми – негізделген жүйесі есебінде іске асырылуы тиіс.
Кері жағдайда топырақтың құнарлығы төмендеп, оның өнімділігі азайып, соңғы кезекте еңбек өнімділігі, материалдық және қаржылық қорларды негісіз жұмсау болып табылады. [26 б.8]
Жоспарлау белгілі бір принциптер негізінде жүзеге асырылады. Олар кез – келген әлеуметтік – экономикалық қатынастарда қолданылуы мүмкін, ал басқалары бұл қатынастардың қайта қалыптасуы болып табылатындықтан аграрлық саясаттың өзгеруіне байланысты өз қызметін тоқтатады. Жоспарлау мемлекеттік реттеу әдісі ретінде, нарықтық экономикасы дамыған елдерде кеңінен қолданылады.
Мақсатқа бағытталған жоспарлауға жататын сілтеме ретінде мыналарды атауға болады: оның құрылымындағы көпжақтылықтың қалыптасуы мен жеке меншік формаларының өзара қарым – қатынасы; шаруашылығы мен өнеркәсіп арасындағы өзара алмасу эквиваленттілігі және т.с.с.
Жоспарлаудағы басты мәселені салалық аспектіге бұруға тура келеді. Бұл шаруашылық қызметпен тікелей байланысты, жеке өнім түрлерін (астық, сүт, киім, т.с.с.) өндірумен айналысатын өндірісті дамыту, қолдау, ішкі нарықты қорғау, экспортты немесе импортты ынталандыру сияқты экономикалық шаралар жүйесін анықтау. Кондитер өндірісінде, мысалға, жоспарлауға өзіндік тәсіл керек, бұл оның өндірісі балансына негізделген, қолдану (тұтыну), өсудің болжамды мүмкіншіліктерін бағалау, өндіріс көлемін қысқарту қажеттілігі, мақсаттар мен міндеттерге адекватты шаралар жүйесін анықтау.
"Рахат" АҚ өндірісіндегі және оны өткізудегі қалыптасқан жағдайлар оның сыртқы және ішкі нарықтардағы өткізілуін қажет етеді. Мұндай бағалау ауыл шаруашылық өнімдерін сұраныс және ұсыныс нарықтарындағы өзін-өзі реттеуді толықтырып отыратын экономикалық шаралардың дамытылуына қажет етіледі. Нарықтық қатынастар жоспарлаудың нысандары мен әдістеріне, сондай-ақ, оның негізін құраушы принциптеріне әсер етеді.