Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 09:39, дипломная работа
Қазіргі нарықтық жағдайда экономикамыздың қалыптасуы, отандық тауар өндірушілерге шығаратын өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойып отыр. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі факторы болып табылады. Жалпы алғанда бәсекеге қабілеттілік өнімдердің сапасын қанағаттандыруға итермелейді.
КІРІСПЕ
I ТАРАУ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІН АРТТЫРУ
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері
II ТАРАУ. «РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӘСЕКЕГЕ
ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
2.1. «РАХАТ» А Қ туралы қысқаша мағлұмат, адам ресурстарын басқару құрылымы
2.2. Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті, экономикалық көрсеткіші мен тиімділігі
2.3. Кәсіпорынның бәсекелестік қабілеті және нарықтағы бағалау
III ТАРАУ. КӘСіПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қолданылатын шаралар
3.2 Кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда жұмыс істеу стратегиясын әзірлеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
«Білім беру ұйымы «Перспектива» лицейі» мен «Рахат» АҚ-ның әлеуметтік серіктестігі мына бағытпен жұмыс істейді:
Кәсіпорын 75-100 адам көлеміндегі жұмысшы мамандарды дайындау үшін «Перспектива» ЖШС-іне мына мамандықтар:
1. «Наубайхана, макарон, кондитер өндірісі»: карамельші, кәмпитші, бисквитші, шоколадшы біліктілігі бойынша;
2. «Машина мен жабдықтарды пайдалану»: «слесарь-жөндеуші» біліктілігі бойынша әлеуметтік тапсырыс беріп, оқу мекемесінің оларды дайындауға кеткен шығындарын төлейді. Мұндай ынтымақтастық Лицей үшін жақсы көмек болып қоймай, оның дамуына, өз міндеттерін ойдағыдай орындауына, мамандар дайындау мен жастарды әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттік іске өз үлесін қосуына мүмкіндік береді, инженер-педагогтік ұжым жұмысының тұрақтануына жағдай туғызады.[11.б.5]
Фабрика тапсырыс берілген мамандықтар бойынша, сондай-ақ «Электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету», «Аспаз-кондитер» сияқты басқа кәсіптер бойынша оқитын оқушыларды өндірістік оқу мен іс-тәжірибеден өту үшін жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Өндірістегі оқу кезінде әр оқушыға жеке жұмыс орны беріліп, тәлімгерлер бекітіледі, еңбек жағдайының қауіпсіздігіне, саитарлық-гигиеналық жағдайдың сақталуына, жасөспірімдер еңбегінің қорғалуына кепілдік беріледі, олардың технологиялық жабдықтармен жұмыс істеу тәсілдері мен дағдыларын үйренуіне, кондитерлік өнімдерді өндірудің жаңа технологиясымен танысуына барлық жағдай жасалады.
- «Рахат» АҚ мектептің оқу-материалдық базасын құру мен оны нығайтуға біршама қаражат бөліп отырады. 2010 ж. «Білім беру ұйымы «Перспектива»лицейі» ЖШС үшін жаңа оқу корпусы пайдалануға берілді.
- «Рахат» АҚ мектептің ең маңызды, кезек күттірмейтін қажеттілігін төлеуге қолдан келгенше, тегін материалдық көмек көрсетеді. Мысалы, фабрика бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарнама компаниясына және баспадан жарнамалық материалды шығаруға кететін мектеп шығынын төлеуге демеушілік жасайды. Мектептің мерзімдік, әдістемелік және педагогикалық басылымдарға жазылуға жұмсалатын шығынын өтейді. Тұрмысы төмен отбасылардың балаларына, жетім балаларға көмектесуге, инженер-педагогтік ұжым мен мектеп оқушыларына сыйақы төлеуге қаражат бөледі.
- Фабрикаға өзінің өндірістік мақсатын іске асыруы үшін кең көлемде арнайы киімдер қажет. Арнайы киімді өткізу, жеткізу нарығы жеткілікті дәрежеде болғанына қарамастан, фабрика оны кәсіптік мектепте дайындауға тапсырыс береді. Фабрика мұндай тапсырыс арқылы мектептің өзінің жеке өндірісін дамытуына, оқушыларды «Кәсіпқой тігінші» мамандығы бойынша кәсіби түрде оқыту мақсатында жағдай жасауына мүмкіндік береді.
«Рахат»АҚ мен «Перспектива» ЖШС арасындағы әлеуметтік серіктестік жемісінің нәтижесі – мектеп түлектерін жұмысқа орналастыру көрсеткіші. 1998 жылдан бастап фабрика өз тапсырысы бойынша оқытылған түлектердің ешқайсысын шеттетпей, түгелдей жұмысқа қабылдайды. Мамандардың дайындық сапасының жоғарылығы тапсырыс берушіні қанағаттандырады.
«Рахат» АҚ басшылығы кәсіптік мектепті бітірген, келешегі зор өз жұмысшыларын оқытуға грант бөлуді қажет деп санайды. 2004 жылдан бастап Қоғам Лицейдің 50-ден аса түлегінің ЖОО-дары мен колледждерде білім алуына қолдау көрсетіп, демеушілік жасады.
Кәсіпорында жыл сайын 300-ден аса жаңа жұмыс орындары құрылып, өндірістің тұрақтылығы мен еңбекақыны төмендетпей, арттыру көлемі қамтамасыз етіледі. Қызметкерлермен өндірістік қатынас жұмыскерлер мен жұмыс беруші арасындағы Ұжымдық шарт негізінде құрылған, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, оның ішінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтау қамтамасыз етілген.
«Рахат» АҚ-нда бизнестің өндіріс қызметіндегі әлеуметтік жауапкершілігі «Рахат» АҚ жұмыскерлерінің кәсіпорын қаражаты есебінен оқып-үйренуіне және өз біліктілігін арттыруына мүмкіндік туғызуынан көрінеді. Қызметкерлерді оқыту кәсіпорынның мақсаты , міндеттері мен келешек даму бағытына сәйкес жүргізіледі, жұмыскерлердің кәсіби деңгейін арттыруға, жемісті әрі табысты жұмыс нәтижелеріне жетуге қажетті дағдылар қалыптастыруға ықпал етеді. [12. б.519]
Мақсатты бағыттағы курстарды, тарифтік-біліктілік емтиханын тапсыру үшін дайындық курстарын, кәсіби шеберлік байқауларын, озық тәжірибе мектебін ұйымдастыру арқылы техникалық қызметкерлерді оқыту және біліктілігін арттыру жүйелі түрде жүргізіледі. Мақсатты бағыттағы курстар слесарьларға арналған күрделірек тақырыптар бойынша ұйымдастырылады. Оларды өткізуге техникалық бөлім мамандары, цехтың механиктері (механиктер) тартылады. 2008 жылдан бері мақсатты бағыттағы курстарда 184 слесарь оқытылды. 2004 жылдан бастап 138 слесарь қатысқан кәсіби шеберлік бойынша 8 байқау өткізілді. Жыл сайын 30 -40 жұмысшы тарифтік-біліктілік разрядын арттырады. Мамандандырылған курстарда, тренингтерде, семинарларда, көрмелерде оқыту – қоғам басшылары мен мамандарының біліктілігін арттырудың басты көзі. Оқытудың ішкі және сыртқы түрлері қолданылады. Жыл сайын Қоғамның 30%-дан аса басшылары мен мамандары біліктілігін арттырады. «Рахат» АҚ –ының әлеуметтік бағыттағы қолдауы жұмысшылар мен орта буын мамандарының ЖОО –дары мен колледждерде білім алуына кәсіпорынның қаражат бөлуінен байқалады. 2004 жылдан бастап кәсіпорын қаражаты есебінен Қоғамның 64 жұмыскері жоғары және кәсіптік білім алды.
«Рахат» АҚ жұмыскерлері қомақты әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етілген. Қызметкердің мерейтойлық жасқа толған күніне адал, мінсіз еңбек еткені үшін ескерткіш мақтау қағазы тапсырылып, қаржылай марапатталады. Құрмет грамоталары мен сыйақы өз ісін адал атқарып, он, жиырма, отыз жыл жұмыс істеген жұмыскерлерге, мамандарға беріледі. Кәсіпорынның бес жүз зейнеткеріне Жаңа жылда, Наурызда және Қарттар күнінде жылы лебіздер айтылып, құттықтаулар жолданып, кондитерлік өнімдер жиынтығы сыйға тартылады.
Жұмысшының әлеуметтік пакетін мыналар құрайды:
- Қоғамдағы жұмыс өтілі үшін төленетін сыйақы;
- Аса мұқтаж жұмыскерлерге берілетін материалдық көмек;
- Жерлеуге берілетін материалдық көмек;
- Зейнетке шығуға байланысты берілетін материалдық көмек;
- 2-нші ауысымнан кейін
жұмысшыларды жеткізу үшін
Қоғам медсанбөлімінде тегін дәрігерлік қызмет көрсетілуін қамтамасыз ету. Медсанбөлімде жұмыскерлерді емдейтін, денсаулық жағдайын бақылайтын, еңбекке жарамсыздық қағазын толтыруға құқылы 30 медицина қызметкері жұмыс істейді және 6 кереуеттік стационар бар.
Кейбір жұмыскерлер (жүкшілер, қоймашылар) үшін тегін берілетін бір жолғы ыстық тамақ;
Әскер қатарына қызмет етуге шақырылған «Білім беру ұйымы «Перспектива» лицейі» ЖШС-ін бітірген жұмыскерлердің шотына әскер қатарынан оралғаннан кейін, кәсіпорынға қайтып келген жағдайда пайдалана алатындай 200 000 теңге аудырылады.
- Жұмыс берушінің жауапкершілігін сақтандыру. [12. б.521]
2.2. Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті, экономикалық көрсіткіштері мен тиімділігі
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері кондитерлік бұйым өндіру жəне оны сату. Компания бизнесі дəстүрлі дəмді ұмытпай, заман талаптарына сай келетін жоғары сапалы кондитерлік бұйымдармен Қазақстан халқын жəне басқа да мемлекет елдерін барынша қанағаттандыруға бағытталған. Эмитенттің өнімнің əмбебап портфелі бар жəне кондитерлік бұйымдардың көптеген түрін шығарады. Компанияның өнім номенклатурасына 12 топтың: кəмпит, карамель, мармелад, драже, шоколад, зефир, ирис, печенье, вафли, какао-ұнтағы жəне шалафабрикатардың 230 көп түрі кіреді, бұл тəттілер қай тұтынушының болсын көңілінен шығады.
Қазіргі
уақытта Қазақстанда
Эмитенттің кондитерлік бұйымдарды шығарудағы басты ішкі бəсекелестері:
· «Баян Сұлу» АҚ - Қостанай қаласында орналасқан. Кондитерлік бұйымдардың 200 жуық түрін өндіреді. 20»қ жылы 6 айда өндіріс көлемі 17,8 мың тоннаны құрады да нарықта 10 % үлеске ие болды. «Баян Сұлу» АҚ-ның Қазақстанның əр өңіріне кең тараған өкілдіктері бар.
· «Қарағанды кəмпиттері» АҚ – Қарағанды қаласында орналасқан. Кондитерлік
бұйымдардың 200 жуық түрін өндіреді. 2010 жылы 6 айда өндіріс көлемі 9,9 мың тоннаны құрады да нарықта 4 % үлеске ие болды. «Қарағанды кəмпитерін» АҚ-да Қазақстанның əр өңірінде кең тараған өкілдіктері бар.
· Басқа өндірушілер 20010 жылы 6 айда нарықта 15% үлеске ие болды.
Шетелдік өндірушілер біздің нарықта 2010 жылы 6 айда нарықта 30,7 % үлеске ие, оның ішінде:
· Украина 33 мың тонна кондитерлік бұйымдар əкеледі де нарықтың жалпы үлесінің 26 құрайды. Украиндық өндірушілердің Қазақстандағы негізгі өкілдері: «Рошен» - Киев қ., «АВК» - Донецк қ., «Бисквит» - Харьков қ., «Киев- Конти» - Киев қ.
· Ресей 2007 жылы 6 айда Қазақстанға 22,6 мың тонна кондитерлік бұйымдар əкелген, ол нарықтың 18 % үлесін құраған. Негізгі ірі жеткізушілер: «Красный октябрь», «Бабаевский», «Рот Фронт» - Москва қ., «Алтай» - Барнаул қ., «Конфил» - Волгоград қ., «Южуралкондитер» - Челябинск қ., «Сладко» - Екатеринбург қ., жəне басқалары.
· Алыс шетелден 2007 жылы 6 айда 4,7 мың тонна кондитерлік бұйымдар əкелініп, олар нарықтың жалпы үлесінің 4% құрады.
Қазіргі уақытта кәсіпорын келесі түрдегі өнімдерді шығарады:
Карамель; Шоколад; Ирис; Бурмақтар; Мармелад; АГАР ЗЕФИРІ; Печенье; Вафли ; Қантсыз өнімдер; Какао ұнтағы ; Шалаөнімдер
4-кесте. Кәсіпорындағы еңбек ресурстарының жағдайын жалпы бағалау
№ р/р |
Көрсеткіштер |
2009 ж. |
2010 ж. |
2010 ж. %-бен 2009 ж. | |||||||
адам |
% |
адам |
% | ||||||||
1. |
Барлық қызметкерлер саны |
92 |
100,0 |
97 |
100,0 |
105,4 | |||||
1.1 |
Соның ішінде: - жұмысшылар |
65 |
70,6 |
68 |
70,1 |
104,6 | |||||
1.2 |
- басшылар |
12 |
13,0 |
12 |
12,4 |
100,0 | |||||
1.3 |
- мамандар |
7 |
7,6 |
9 |
9,3 |
128,6 | |||||
1.4 |
- қызметшілер |
5 |
5,4 |
5 |
5,1 |
100,0 | |||||
1.5 |
- басқалары |
3 |
3,3 |
3 |
3,1 |
100,0 | |||||
2. |
Жас мөлшерлері | ||||||||||
2.1 |
16-дан 24 жасқа дейін |
6 |
6,5 |
8 |
8,2 |
133,3 | |||||
2.2 |
25-тен 29 жасқа дейін |
17 |
18,5 |
18 |
18,6 |
105,9 | |||||
2.3 |
30-дан 49 жасқа дейін |
57 |
62,0 |
60 |
61,9 |
105,3 | |||||
2.4 |
50-ден жоғарылары |
12 |
13,0 |
11 |
11,3 |
91,7 |
Ескертпе: www.rakhat.kz ақпараттық сайты, интернет ақпараты негізінде автор құрған
Кәсіпорынның еңбек
Жас мөлшері бойынша еңбек ететін кәсіпорын қызметкерлерінің топтамасы мынаны көрсетті: ең көп үлес 30 бен 49 жас аралығындағы еңбеккерлерге тиесілі болып отыр, олардың саны 2005 жылы 3 адамға артып, 60 адамға теңелді. [13.б. 143]
Бұл жобаның есептемелеріне өндіріс көлемі мен сату түсімдерінің пессимистік көрсеткіштері алынған. Қолда бар құрал-жабдықтардың қуаты бір ауысымда (смена) 5 тонна өнім шығаруға, ал тәжірибеленген жүйе оны өткізуге мүмкіндік береді. Жаңа құрал-жабдықтар бір ауысымдағы өндіріс қуатын 7 тоннаға дейін жеткізіп, сатудан түсетін табысты айтарлықтай көтермелеуге әсер ететін өнімнің жаңа түрлерін шығаруға мүмкіндік ашады. Тек «сосискалар» өндірісі ғана 4 тоннаға дейінгі өсімді береді. Өнімді таратудың бағалары қазіргі бағаның төмендетілуіне негізделген, ол да жобаның тұрақтылығын күшейтеді. Сатудан түскен түсімдердің 5%-ы – сауда шегерімі болып табылады, яғни бұл да өнімді өткізу көлемінің өсуі кезіндегі табыстардың көбеюіне әкелетін факторлардың бірі болып отыр.
Акционерлік қоғам қызметінің негізгі түрлері бойынша сату түсімділігіне (жұмыс, қызмет көрсету) позитивті жəне негативті əсер ететін факторлар
Позитивті факторлар;
· Республикада экономикалық ахуалдың түгелдей тұрақтануы;
· Халықтың төлеу қабілеттілігінің артуы;
· Шығарылатын өнімнің жоғары сапалылығын жəне басқа да тұтынушылық қасиеттерін жақсартуға ден қою;
· Танымал тауар маркасы;
· Өткізудің икемді қалыптасқан жүйесі.
Негативті факторлар:
· Өңірлердегі өмір деңгейі жəне халықтың сатып алу қабілеттілігі
диспропорцияларының сақталуы;
· Шетелдік өнім
тарапынан қатты бағалық
· Кəсіпорынның өндірістік жəне қаржылық əрекетін əлемдік нарық коньюктурасына тəуелді ететін жергілікті шикізат базасының жоқтығы мен дамымау салдарынан шетелдік шикізат үлесінің көп болуы;
· Отандық өндірушілерді мемлекеттік қорғау мен қолдау жүйесінің тиімсіздігі.