Управление предприятием

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 09:39, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі нарықтық жағдайда экономикамыздың қалыптасуы, отандық тауар өндірушілерге шығаратын өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойып отыр. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі факторы болып табылады. Жалпы алғанда бәсекеге қабілеттілік өнімдердің сапасын қанағаттандыруға итермелейді.

Содержание

КІРІСПЕ
I ТАРАУ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІН АРТТЫРУ
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері
II ТАРАУ. «РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӘСЕКЕГЕ
ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
2.1. «РАХАТ» А Қ туралы қысқаша мағлұмат, адам ресурстарын басқару құрылымы
2.2. Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті, экономикалық көрсеткіші мен тиімділігі
2.3. Кәсіпорынның бәсекелестік қабілеті және нарықтағы бағалау
III ТАРАУ. КӘСіПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қолданылатын шаралар
3.2 Кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда жұмыс істеу стратегиясын әзірлеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

ДипЛом распечакта.doc

— 560.50 Кб (Скачать)

 

Ескерту – Зерттеушілер еңбектерін жинақтап қорыту негізінде автор

 

Талдау  жүргізілген барлық кәсіпорында  қуаттылығы шамамен бірдей (қуаттылығы 20 пайызға артық қарағандылық кәсіпорыннан өзгесі) ұқсас жабдықтар бар, негізінен бірдей өнім өндіреді. Осы аталған кәсіпорындар бұрын мемлекеттің қарауында болса, қазіргі уақытта меншік түрін өзгертіп, жекеше кәсіпорынға айналған. Кәсіпорындар қаражаттың жетіспеушілігінен техникалық жағынан жеткілікті жарақтандырылмай әрі жаңғыртылмай отыр.

Негізгі бәсекелестері  – ресейлік өндірушілер: олар өндірген тауар жергілікті кәсіпорындармен  салыстырғанда сапасы мен бағасы жағынан және орамы бойынша әлдеқайда  бәсекеге жарамды. Олардың негізгілері: Мәскеу – «Красный Октябрь» ОДО, «Рот-Фронт» ААҚ, «Бабаевский» концерні, Санкт-Петербург – «Азарт» ААҚ, құрамына «Конфи» (Екатеринбург), «Волжанка» (Ульяновск) ашық акционерлік қоғамдары және «Кондитер» (Новосибирск) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кіретін «Сладко» кондитерлік бірлестігі.

Сондай-ақ еліміздегі нарықта Түркиядан, Германиядан, Швейцариядан, Финляндиядан, Австриядан әкелінген, мүлдем жаңа технология бойынша өндірілген тауарлар да бәсекелестікке түсіп отыр.

Қазіргі уақытта  «Рахат» АҚ-ның позициясы мықты, ол бәсекелестерінің алдында бірқатар бәсекелік артықшылықтарға ие. Отандық кәсіпорындардың ішінде онымен иық теңестіре алатындай кәсіпорын жоқ десе де болады, өйткені өзінің бұрыннан қалыптасқан өткізу нарығы бар. Басқаларынан айрықша жері – «Рахат» АҚ импорттық тауарлардың тек жақсы жақтарын ғана алады және жергілікті шикізат пен материалдарды пайдаланады. Бұл оның кондитерлік өнімдерінің сапасын жақсартып отыр. Оның сауда маркалары тұтынушыларға кеңінен танымал, кәсіпорынның іскерлік беделі тұрақты және дестрибьютерлік желісі кең.

«Қарағанды  кәмпиттері» АҚ-ның бәсекелік  артықшылықтарының бірі – кәсіпорында  кондитерлік өнімдердің жаңа түрлерін және көп қатпарлы шоколад өнімдерін  өндіретін, осы заманғы технологиямен жұмыс істейтін экструдерлік цех бар. Кәсіпорын өндіретін үлпілдек тәтті тағамдар, қытырлақ, кептірілген ертеңгілік тағамдар, сондай-ақ көп қатпарлы шоколад өнімдері мен өзге де кәмпиттер нарықта белгілі бір сұранысқа ие. Кәсіпорын осы бағытта әр түрлі маркетингтік стратегияларды пайдалана отырып, өзінің бәсекелік артықшылықтарын одан әрі дамытуы тиіс.

«Баян сұлу»  АҚ-ның бәсекелік артықшылықтарына тоқталмастан бұрын, ең алдымен айтарымыз: осы кәсіпорын өндірген өнімдердің сапасы жалпы алғанда жақсарып келеді. Оның негізгі бәсекелік артықшылығы – өндірісте натуралды шикізат түрлері мен компоненттерін пайдаланады.

Зерттеу көрсеткендей, отандық кондитер кәсіпорындары  негізінен арзан жұмысшы күші мен шикізат сияқты төменгі дәрежедегі артықшылықтарға ғана ие: жоғары дәрежедегі артықшылықтарға қол жеткізу едәуір инвестицияны қажет етеді. Сол себепті компаниялар қаражаттың жетіспеушілігінен олардың барлығын пайдалана алмайды. Жаңа технологиялар енгізіліп жатыр, алайда тағы да сол қаржының жетіспеушілігінен олардың барлығын осы заманғы технологиямен ауыстырудың сәті түспей тұр.

Осы кондитерлік  кәсіпорындардың экономикалық тұрақтылығын талдау барысында олардың бірқатар қаржы-экономикалық ерекшеліктері  анықталды. 2007 жылы 11 мың тоннаға өндірістік қуаты күрт төмендеді, бұл көрсеткіш 2006 жылмен салыстырғанда 90,83%-ды құрады. Кәсіпорындарда іске қосылған өндірістік қуаттардың саны 50%-дан төмендеді. Ең күрделі жағдай қуаты 10 тоннадан аз шағын кондитерлік фабрикаларда қалыптасқан, ол жерде жабдықтың тек 10%-ы ғана жұмыс істейді. Кондитерлік кәсіпорындардың дамуының проблемаларын талдаудан осы кәсіпорындардың көпшілігі инвестициялауды қажет ететіні көрінеді. [17. б.181-182 ]

Жүргізілген зерттеудің нәтижелері көрсеткендей республикада кондитерлік өнім нарығының дамуының оң үрдістеріне қарамастан егжей-тегежейлі талдап шешуді қажет ететін бірқатар өзекті факторлар жоқ емес. Осы факторларға мыналарды жатқызуға болады:

а) кіріс деңгейі  мен баға саясатындағы айырмашылыққа  байланысты тұтынушылардың сұранысын  әртараптандыру. Мәселен, 2005 жылмен салыстырғанда 2007 жылы шоколад, шоколад пен қанттан жасалған өнімдер бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі 26,2%-ға, 2006 жылмен салыстырғанда 15,1%-ға ғана ұлғайды. Өнеркәсіп саласы кәсіпорындарының бағасы 2007 жылы 12,4%-ға, ал сусынды қоса алғанда тамақ өнімінің бағалары 29,5%-ға, оның ішінде шоколад пен қант қосылған кондитерлік өнімнің бағалары 13%-ға ұлғайды;

ә) өңірлік сәйкессіздіктер. Облыстар үш топқа бөлінеді, оның ішінде кондитерлік өндіріс дамымаған  деп айтуға болатын облыстардың бірінші тобы (Ақмола, Жамбыл облыстары мен Астана қаласы). Екінші топқа шамалы ғана және нарықтың кондитерлік өнімге қажеттілігін қамтамасыз етпейтін облыстар кіреді (Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік және Солтүстік Қазақстан облыстары). Үшінші топқа ірі өндірістер бар және 2007 жылы өндірістің жалпы көлемінде өнімнің жиынтық көлемі 94,8%-ды құраған облыстар кіреді (Алматы қаласы, Қарағанды және Қостанай облыстары).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III Тарау. КӘСіПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қолданылатын шаралар

 

Бүгінгі таңда  Қазақстан ірі ауыл шаруашылық өнімдерінің  өндірушісі және оларды экспорттаушы болып табылады. Қазір біздің негізгі  бағытымыз ауыл шаруашылық өнімдерінің  және басқа сала өнімдерінің өткізу нарықтарын кеңейту үшін БСҰ-на мүше болу. Бұл үшін барлық саладағы өндірілетін өнімдердің жоғары сапалы және бәсеке қабілетінің өте жоғары болуы шарт. Сондықтан, біз өндірістерге әлемдегі  соңғы жетістіктерді, жаңа технология, жаңа құрал-жабдықтар, жаңа ұйымдастырушылық-басқарушылық әдістер енгізуіміз керек. Бұл үшін ең алдымен қаржы көздері қажет, қазіргі кезде негізгі қаржы көздері болып-шетелдік және отандық инвестициялар, мемлекет тарапынан бөлінетін субсидиялар басым бағыттары болып: өнеркәсіптік, өңдеуші және ауыл шаруашылығы табылады.

Өнімнің бәсеке қабілеті өнімді бәсекелес өнімдердің жалпы сипатымен, сонымен қатар  тұтынушы талғамын салыстырып талдауға және индекстік әдіспен бағаланады. Егер өнімнің физикалық қасиеті  болмаса баллдық есептеу әдісі қолданылады. Бұл әдіс (дифференциалды) бәсекені қамтамасыз ету мақсатында тұтынушының тауарды таңдап алған кезде әр бір параметірдің ықпал етуін көрсетпейді, тек қана өнім параметірлерінің өсуін немесе төмендеуін бақылауға болады. Өнімнің бәсекелік қабілет көрсеткішін есептеуде оның сапасы мен бағасын бейнелейтін жекелік, топтық және интегралдық индекстерді қолданады. Көп жағдайда қолданылатын бұл индекстердің ерекшелігі, жоғарыда аталған әдістер сияқты, бағаланатын өнімнің әр бір көрсеткіштерін үлгілі өнім көрсеткіштерімен салыстыруында. Бұл келесі формуламен есептелінеді:    К= Р/С* max. Мұндағы: Р – тиімділігі (өнімнің сапасы); К - өнімнің бәсекелік қабілеті; С - өнімді алуға және пайдалануға кеткен шығындар;  Экономикалық параметрлер бойынша көрсеткіштердің топтық есебі келесі формуламен есептеледі: Тэп =3/3э Мұндағы: 3/3 э – салыстырылып отырған өнімге және эталонға сәйкес тұтынушының барлық шығындары. [19. б. 20-23]

Кәсіпорынды көтеру жолдары: 

  • өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру;
  • өнімнің бағасын қалыптастыру немесе кәсіпорынның баға саясатын реттеу;
  • өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру;
  • өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету немесе өндірісті мемлекеттік қолдау. [20 б.5 ]

         Әрбір бағаланып отырған бұйымға  эксперттермен 0-ден 10-ға дейін  баға қойылады. Егер ТҚД 10-ға  тең болса, онда тауардың бүкіл  тұтыну қасиетінің деңгейі бұл  қасиеттерге тұтынушымен қойылған  талаптардың деңгейіне толығымен сәйкес келеді.

          БҚД квалиметрия ережелеріне  сәйкес, орташаланған геометриялық  шамалар ретінде анықталады.

                     БҚД= q1 m1* q2 m2 *...* qn mn

  q1, q2, …, qn –  бұйымның жекелеген тұтыну қасиеттерінің  баллдық бағасы;

    m1 m2,…, mn – тұтыну қасиеттерінің салыстырмалы маңыздылығының коэффиценті.

            Нарықта тауарды таңдай отырып, сатып алушы тек оның бағасы  мен тұтыну қасиеттеріне ғана  қызықпайды. Ол үшін маңызды рөлді  тауардаң сатылуының ұйымдастырылу  деңгейі де атқарады. Ол негізінен сатуды ұйымдастыру орны мен уақыты көрсеткіштері.

 

                     СҰД = b1 n1* b2 n2 *... *bp np

 

b1 b2…..bp – тауардың  сатылуын ұйымдастыру деңгейін  сипаттайтын әр түрлі көрсеткіштердің  баллдық бағасы;

n1    n2….np  - тауардың сатылуын ұйымдастыру деңгейінің көрсеткіштерінің салыстырмалы маңыздылығының коэффиценті.

Сатып алушы  А тауарын және басқа бәсекелестердің  тауарларының бәсекелік қабілет  деңгейін, бағасын және сатудың ұйымдастырылу  деңгейін салыстырады, және осы салыстыру  негізінде бір тауарды қалайды.

1.1-ші формуладан  бәсекелік қабілетті арттырудың  негізгі бағыттары шығады. Бұл  бағыттарды үш топқа бөлуге  болады:

техникалық, экономикалық және ұйымдастыру.[21 б. 251-253]

Техникалық  бағыт ең алдымен өнімді дайындау технологиясын, дәмін, иісін, сіңімділігін және т.б.-ны жетілдірумен байланысты.

Экономикалық  бағыт бағалық саясатпен тікелей  байланысты.

Мұнда мәселе бағаның  төмендеуіне әкелетін бағалық бәсеке жайлы болады. Фирмалар кейде нарықта  қалу үшін ғана бағаны тауардың өзіндік құнынан төмендетеді де шығынға ұшырайды. Бұл одан да көп шығын болдырмай және уақыт жеңуге жол беретін соңғы шара. Уақытты ұту өндірісті қайта құруға, жаңа технология енгізуге және шығындарды қысқартуға жорл береді.

Нақты өнімнің  бәсекелік қабілет деңгейін арттыру үшін өндіруші:

  • сату бағасын төмендетеді;
  • өнімнің сапасын және тұтыну қасиеттерін арттырады;
  • тауардың сатылуын ұйымдастыру деңгейін жақсартады.

Бағаны белгілі  деңгейге дейін төмендетуге болады. Өзара байланысты үрдістердің байланысы  келесідей: бағаны төмендету- сату көлемін ұлғайту - өнімді көп мөлшерде шығару -өнімнің өзіндік құнын шартты тұрақты шығындар есебінен және озық технологияны пайдалану арқылы төмендету – пайданы көбейту.

Нарықта меңгеру  мен нығаю саласында кәсіпорының  болашақ табысы маркетингтік қызметті ұйымдастыру деңгейіне тәуелді, өйткені ол кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының қалыптасуына баға белгілеу саласындағы оның стратегиясына, дайын өнім өткізуді ынталандыруына, жаңа тауарларды дайындау мен меңгеруіне бағытталған басқару шішімінің сапасына әсер етеді.

Кәсіпорындағы жұмыстың сапасындағы бәсекелестік күресте кәсіпорынның табысқа тәуелділігі  шет елдегі дамыған және жабылып  қалған компаниялардың тәжірибесі дәлелдейді. Көптеген фирмалар өздерінің маркетингтік жол ұстануын айтқанымен, тәжірибеде қолданбайды. Олар маркетингтің формальды элементтерімен шектеліп қалады. «Шынайы маркетигті» қолданатын кәсіпорындар өндіре алатын өнімді емес, тұтынушыларға қажетті өнімді өндіруге қарай философиясын бағыттаумен ерекшеленеді. Өндірісті сатып алушының қажеттілігіне және керектігіне бағыталуы өнімнің тиімді дайындалуы мен бәсеке қабілеттілігін арттыруына жағдай жасайды.

Осылайша, маркетигтік  жұмыс сапасын өнімнің бәсеке қабілеттілігі және формализмнен босанудың  маркетигтік құаушысы деп атауға болады, маркетингтік қызметті ұйымдастыруда ең маңызды сәті болып жете білмеу табылады. Онымен біздің республикамызда азық-түліктік кәсіпорынға маркетигті енгізерде санасу қажет. Сонымен қатар, біздің кәсіпорындарды тұтынушымен басқаратын, оған қызмет көрсететін кәсіпорындарға айналдыру үшін бір жылдық емес күш қажет. Одан бөлек, әр кәсіпорынның өндірушілік, қаржылық мүмкіндігіне тәуелді шығаратын өнім түріне маркетингтің қазіргі концепциялық талдауы кәсіпорынның қызметін жетілдіруге сәйкес келетін келесі бағыттарды ерекшелуге болды:

  • кәсіпорынның қызметіне әсер етуші, басқарылатын және басқарылмайтын факторларды зерттеуді түсіндіретін нарықты кешенді зерртеу;
  • тұтынушылардың потенциалды сұранысы мен қанағаттандырылмаған қажеттіліктерді өтеу;
  • өнімнің негізгі қозғалу мүмкіндігі ретінде жарнамалық қызметті ұйымдастыру, жарнама құраушысы түрінде азық-түлік өнімдері үшін қораптар мен ораманың жаңашыл түрлерін қолдану;
  • азық-түлік өнімдерін өткізудің оптималды әдістері мен нысандарын таңдау;
  • өнім ассортимнтін басқару, өндірісті үйлестіру мен жоспарлау;
  • баға саясатын жасау, оның тиімділігін тексеру және қажетті жағдайда жетілдіру;
  • нарықтық жаңалық тауар өндіру, мысалы, ұлттық тағам өнімдері;
  • материалды-техникалық қамтудың экономикалық тиімді ұйымдастырылуы мысалы "дәл уақытында" жабдықтау жүйесін пайдалану арқылы;
  • кәсіпорындағы старатегиялық және жедел жоспарлауды ұйымдастыру;
  • маркетинг бақылауын ұйымдастыру. [22. б. 7 ]

Информация о работе Управление предприятием