Управление предприятием

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 09:39, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі нарықтық жағдайда экономикамыздың қалыптасуы, отандық тауар өндірушілерге шығаратын өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойып отыр. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі факторы болып табылады. Жалпы алғанда бәсекеге қабілеттілік өнімдердің сапасын қанағаттандыруға итермелейді.

Содержание

КІРІСПЕ
I ТАРАУ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІН АРТТЫРУ
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері
II ТАРАУ. «РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӘСЕКЕГЕ
ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
2.1. «РАХАТ» А Қ туралы қысқаша мағлұмат, адам ресурстарын басқару құрылымы
2.2. Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті, экономикалық көрсеткіші мен тиімділігі
2.3. Кәсіпорынның бәсекелестік қабілеті және нарықтағы бағалау
III ТАРАУ. КӘСіПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қолданылатын шаралар
3.2 Кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда жұмыс істеу стратегиясын әзірлеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

ДипЛом распечакта.doc

— 560.50 Кб (Скачать)

                        

 

 

 

 

 

 

 

 


                              Бәсекелік қабілетті қалыптастыру тетіктері


Өнім сапасын  арттыру

- Халықаралық  сапа стандарттарын енгізу;

- Өнімнің орган  олептикалық қасиеттерін жақсарту;

- Ғылыми техникалық  және инновациалық жетістіктерді  енгізу;

- Өндірісті  диверсификациялау;

- Өнімді дифференциациялау;

- Еңбек күшінің ықпалы. 

Баға саясатын реттеу

- Нарықта баға  стратегиясын айқындау;

- Өнімнің өзіндік құнын  төмендету мүмкіндіктерін іздестіру;

- Бағаны қалыптастыру  әдістерін анықтау;

- Нарықтық бәсеке жағдайына  байланысты өнімнің бағасын белгілеу.

Өнімнің тартымдылығын  арттыру

- Өнімнің сапалық және  бағалық тиімділіктерін жарнамалау;

- Кәсіпорынның сауда  белгісін нығайту және танымалдылығын кеңейту;

- Өнімнің сыртқы келбеті  мен жағымдылық қасиеттерін арттыру;

- Маркетингтік жүйенің  стратегиясы мен тактикаларын  дайындау.

Өндірісті мемлекеттік  қолдау

- БСҰ кіру  қарсаңында өндірушілерді заңдылық  тұрғыдан қорғау;

- Инвестиция- лық  саясат ұстану;

-Экономикалық  қолдау шараларын енгізу;

- Өзара байланысты  салаларды кешенді дамыту;

- Бәсекелік  ортаны дамыту.





 Өнімнің бәсекелік қабілетін  арттыру жолдары.


2 сурет.  Өнімнің бәсекелік  қабілетін арттыру жолдары.


Ескертпе:  Набиев Е.Н. «Халықаралық экономикалық қатынастар» оқулығынан алынған

   Ендігі кезекте, өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизміндегі ұсынылған негізгі тетіктердің құрамалары мен олардың маңыздылығын сипаттап өтейік.

 Әлемдік нарықтың қатаң талаптары мен бәсекелік шарты отандық кондитер өнімдерін өндіруші кәсіпорынның сол талаптар мен шарттарды ұстануын қалайды. Өйтпеген жағдайда, әлемдік нарықта осы өнім түрлері бойынша негізгі өндірістер саналатын мемлекеттер, өздерінің бәсекелік ықпалымен, еліміздің ішкі нарығын және енуге мүмкін болатын көршілес мемлекеттердің нарықтарын  "игеріп алуы" қиын емес.

Әсіресе, бұл  мәселе елдердің Халықаралық Сауда  ұйымына кіру барысында өткір  күйінде қалып отыр. Ішкі нарықтың сыртқы өндірушілерге кедергісіз ашылуы отандық өнімнің оларға тосқауыл боларлық бәсекелік қабілетіне сүйенеді.

Қазіргі кезде  әлемнің 130 жуық мемлекеті әлемдік  сапа жүйесін бақылайтын Халықаралық  стандарттау ұйымына мүшелікке  өткен. Бұл ұйымның дацындаған, 7 қағидадан тұратын сапаны басқару стандарттарына отандық шұжық шығару кәсіпорындары өнімдерін сәйкестендіру - әлемдік нарықта бәсекелесудің алғы шарты. Ол қағидалар кәсіпорынды мыналарға міндеттейді:

  • үрдістерді айқындауға;
  • олардың реттілігі мен өзара байланыстарын белгілеуге;
  • оларды тиімді пайдалану мен бақылаудың әдістерін анықтауға;
  • осыған қажетті ресурстармен және ақпараттармен қамтамасызетуге;
  • үрдістерді бақылауға, өлшеуге және талдауға;
  • жоспарланған нәтижелерді алуға және осы үрдістерді әрдайым жетілдіруге қажетті шараларды іске асыруға;
  • ИСО 9001:2000 талаптарына сай осы үрдістерді басқаруға. [6. б. 23 ]

Сондықтан да, ішкі нарықтағы кондитерлік өнімдерінің бәсекелік қабілеті, ең алдымен, олардың сапасына байланысты. Жалпы мағынада, өнімнің сапасы – "бұл оның белгіленген мақсатына сай нақты қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамдылығын сипаттайтын қасиеттердің жиынтығы". Өнімнің бәсекелік қабілетін қалыптастыруда кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру, ең алдымен, Халықаралық сапа стандартының талаптарына негізделуі тиіс. Тамақ өнімдерінің сапасы адам өмірінің қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Сондықтан да, өндірілетін өнімнің стандартқа сай болуын қадағалау маңызды жағдай. Стандарттағы талаптар тамақ өнімдерінің адам ағзасына тигізер әсерін, өнімнің химиялық, биологиялық құрамын анықтап, олардың шекті мөлшерін белгілейді, олар адам ағзасына қажетті заттармен толық болуы тиіс (белоктар, майлар, көміртегілер, минералдық элементтер, витаминдер, т.б). Бұл стандарттар әлемдік нарыққа шығудың тұтынушылардың өзгермелі сұранысын қанағаттандырудың, өндірістік жүйенің тиімділіктерін бақылаудың дұрыс шешімі болмақ

 

 

Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экономиканың жаңа деңгейіне жетуі біршама  күрделі процесс. Осы процесті бәсекеге қабілеттілікті бағалауды үйренбей, оны өлшейтін көрсеткіштерді білмей басқаруға болмайды.

Бүгінгі күні басқа  елдермен салыстырғанда Қазақстанның бәсекелестік жағынан артықшылықтары жоқ емес. Осы артықшылыққа экономикалық жағынан тартымды әрі ішкі тұтыну үшін арзан энергия мен басқа  да пайдалы кен қазбаларының запасы жатады. Сонымен бірге еліміздің экологиялық және геоэкономикалық, оның ішінде аумақтың транзиттік әлеуеті де бар.

Экономиканың  бәсекеге қабілеттілігін елдің бәсекеге қабілеттілігінен ажырата білген орынды. Экономиканың бәсекеге қабілеттілік проблемасы елдің инвестициялық тартымдылығымен байланысты, ал елдің бәсекеге қабілеттілігі елдегі өмір сүрудің сапасымен байланысты.

Бәсекеге  қабілеттілік бәсекелестік артықшылықтың  болуын тіркейтін нәтиже болып табылады. Бәсекеге қабілеттілікке кәсіпорынның қызметіне ықпал ететін нарықтағы стратегиялық және тактикалық өзгерістер (сұраныстың өзгеруі, демографиялық өзгерістер, табиғи құбылыстар және т.б.) ықпал етеді.[6. б. 36]

Ұйымның бәсекеге қабілеттілігі оның қазіргі жағдайын талдау нәтижелерінің негізінде алынады. Осы процесте бәсекелестік артықшылық көздері, бәсекеге қабілеттілікті, жұмыстың тиімділігі мен тұрақтылығын, сондай-ақ бәсекелестік ортасының даму жағдайы мен оның даму үрдістерін арттыру факторлары анықталады. Зерттеу бойынша экономикалық әдебиетте ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалаудың әр түрлі тәсілдемелері салыстырмалы түрде қолданылған (1-кесте).

 

 

   1-кесте. Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалаудың негізгі әдістемелік тәсілдемелері

 

 

Тәсілдемелер, авторлар

Бәсекеге қабілеттілік өлшемі

Талдау нәтижесінде  алынған ақпарат

Д. Рикардоның Салыстырмалы артықшылықтар теориясы

Барынша төмен  салыстырмалы шығын

Бәсекелестердің еңбек өнімділігінің деңгейі

А. Маршалдың  Фирма мен саланың тепе-теңдік теориясы

Өндіріс факторларын пайдаланудың жоғары өнімділігі

Өндіріс факторларының  өнімділік деңгейі

Э. Хекшер мен  Б. Олиннің Өндіріс факторларының арақатынасының теориясы

Барынша төмен  факторлық шығын

Өндіріс факторларының  салыстырмалы құны

                                                                                 1 кестенің жалғасы

Тиімді бәсекелестік теориясы

Фирманың бәсекелестігінің қарқындылығы. Жоғары экономикалық қызмет көрсеткіштері

Саланың монополиялылығы. Нарықтағы ағымдағы және келешектегі

бәсекелестік ахуал

Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін өнімнің сапасы бойынша анықтау

Өнімнің жоғары сапасы

Осы уақыт сәтінде  өндірілетін өнімнің сапа деңгейі

Басқарудың  стратегиялық тәсілдемесінің негізінде  бәсекеге қабілеттілікті талдаудың матрицалық әдістері

Жақсы бәсекелік жайғасым

Ұйымның күшті  және нашар жақтары, оны мүмкіндіктері мен сыртқы қоршаған орта тарапынан төнетін қауіп


 

Ескерту – әдебиет көздерінің негізінде автор құрастырған

 

Бизнес жағдайының өзгеруі салдарынан ұйымның бәсекелік  жай-күйін жүйелі түрде талдау қажет.

Кәсіби жасалған талдау іске асырылатын бәсекелестік стратегиясының артықшылықтары мен  кемшіліктерін, ұйымның мүмкіндіктері  мен нашар жақтарын анықтауға, сондай-ақ бәсекелестік жағдайында өзін қорғау қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Талдау нәтижесінде алынған ақпаратты басшылық бизнестің өзгерген жағдайында ұйымның қажетіне жауап беретін стратегия әзірлеу үшін пайдалана алады.

Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау нәтижелерінің  негізінде бағалау үшін жүйелі, кешенді  және нормативтік тәсілдемелер қолданылады.

Ұйымның бәсекеге қабілеттілігі жүйелік тәсілдеме  тұрғысынан бағаланғанда бизнестің сыртқы және ішкі ортасының факторлары жеке бағаланады.

Бәсекелестік  артықшылықтарды бағалау кезінде  кешенді тәсілдеме тұрғысынан техникалық, құқықтық, нарықтық, ғылыми, экономикалық, ұйымдастыру, психологиялық және бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін және өзара ықпал ететін басқа да аспектілер ескеріледі.

Бағалауда нормативтік тәсілдемені қолданумен қатар ұйымның бәсекеге қабілеттілігінің нақты факторлары нормаланады және мониторинг жасалады.

Қазақстандық  кәсіпорындар мен ұйымдар нарықтық экономикаға өту жолында бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуге тиіс болды. Бұл жағдайда бәсекелес ортаны кешенді, жан-жақты талдау негізінде өзінің бәсекеге қабілеттілігін дұрыс бағалап, бәсекелестік артықшылықты қалыптастыру мен оны іске асыру бағыттарын ұсынудың маңызы артты.

Қазақстан Республикасының ЖІӨ 2010 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,2%-ға өсті. ЖІӨ-нің құрылымында тауар өндірісінің үлесі 2009  жылы 45,6%-ды, қызметтер өндірісінің үлесі 51,9%-ды құрады. 2008 жылдың қаңтар-маусым кезеңінде – ЖІӨ-нің тауар өндірісі үлесі – 39%, қызмет көрсетуде – 61,3%-ды құрады.

Өнеркәсіптік  өндірістің мөлшері 2008 жылы қолданыстағы бағада 10188,4 млрд. теңгені құрады, 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 1,7%-ға  өсті.

Тамақ өнеркәсібі Қазақстан  өнеркәсібінің халықтың саны мен  сапасы бойынша қажетті азық-түлік  өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ететін стратегиялық маңызды саласының  бірі болып табылады. Тамақ өнеркәсібінің құрамына 30-дан астам арнайы мамандандырылған сала, шағын сала мен жекелеген өндіріс кіреді.

Қазақстанның  тамақ өнеркәсібінде 4059-ға жуық өнеркәсіптік кәсіпорын мен өндіріс жұмыс  істейді, олардың көбісі шағын және орта кәсіпорындар (80%-ға жуығы). Осы кәсіпорындар мен өндірістерде 67 мың адам жұмыс істейді, ал тамақ өнеркәсібінде жұмыс істейтіндердің саны 8%-ға ұлғайды. Өнеркәсіп саласында жұмыс істейтіндердің жалпы санының тамақ саласында жұмыс істейтіндердің үлесі 10,5%-ды құрайды. [6. б. 43 ]

Қазақстан Республикасы тамақ өнеркәсібінің даму үрдісі және осы саланың еліміздегі өнеркәсіп  өндірісіндегі үлесі  2-кестеде  келтірілген.

 

2-кесте. Тамақ  өнеркәсібі дамуының негізгі  көрсеткіштері 

 

Көрсеткіштер

2006

2007

2008

2009

2010

Өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемі, млрд. теңге

5253,0

6509,9

7815,9

10188,4

10361,6

Тамақ өнеркәсібі, млрд.теңге

463,1

518,5

837,3

801,8

791,8

Өткен жылға, %-бен

118

107,2

106,8

98,8

98,2

Өнеркәсіптік  кәсіпорындар мен өндірістердің саны

5151

4868

4574

4401

4059

Өнеркәсіптік  өнімнің жалпы көлеміндегі сала өнімінің үлесі

8,8

7,9

10,6

7,8

7,6

Негізгі қызметтегі қызметкерлердің саны, мың адам

69,4

60,8

63,3

66,5

67,0


Ескертпе: Қазақстан Республикасының статистикалық агенттігі. 2010.

 

Тамақ өнеркәсібі қызметінің жағдайы мен оның негізгі көрсеткіштерін талдау бұл саланың қазіргі кезеңде күрделі жағдайда дамитынын көрсетті.

Кондитерлер қауымдастығының  деректері бойынша 2005 жылдың қаңтарынан бастап шілде айына дейін қорғайтын  баждар қолданылған уақытта отандық фабрикалар өзінің өнім өндірісін 40%-ға, ал кейбір санаттар бойынша екі немесе үш есеге дейін арттырды, сол кезеңде арзан шетелдік карамельдің импорты 70%-ға, шоколадтың импорты 50%-ға төмендеген болатын. Кондитерлік өнімді сатудан алынған қаражат желілерді қайта жаңартуға, өндірісті кеңейтуге жұмсалды.

Келтірілген кестеден өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде  тамақ өнеркәсібі үлесінің төмендеуіне  дайын тамақ өнімінің импорты  үлесінің ұлғайғаны себеп болғаны  байқалады. Мәселен, ҚР Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес осы тауарлар тобының импорты 2003 жылдағы 611,1 млн. АҚШ долларынан 2006 жылы 1082, 6 млн. АҚШ долларына дейін ұлғайды. Соңғы төрт жылда азық-түлік импорты оның экспорт көлемімен салыстырғанда барынша көп, яғни 6,5 есе асқаны атап өтілді.

Информация о работе Управление предприятием