Управление предприятием

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 09:39, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі нарықтық жағдайда экономикамыздың қалыптасуы, отандық тауар өндірушілерге шығаратын өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойып отыр. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі факторы болып табылады. Жалпы алғанда бәсекеге қабілеттілік өнімдердің сапасын қанағаттандыруға итермелейді.

Содержание

КІРІСПЕ
I ТАРАУ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІН АРТТЫРУ
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері
II ТАРАУ. «РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӘСЕКЕГЕ
ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
2.1. «РАХАТ» А Қ туралы қысқаша мағлұмат, адам ресурстарын басқару құрылымы
2.2. Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті, экономикалық көрсеткіші мен тиімділігі
2.3. Кәсіпорынның бәсекелестік қабілеті және нарықтағы бағалау
III ТАРАУ. КӘСіПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қолданылатын шаралар
3.2 Кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда жұмыс істеу стратегиясын әзірлеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

ДипЛом распечакта.doc

— 560.50 Кб (Скачать)

  «Рахат» АҚ-ның қазақстандық басқа кондитерлік өнім өндірушілерден өзгешелігі – алуан түрлілігімен айрықша шоколад өнімдерін шығаруда басымдылық танытуы.

  Кәсіпорында бірыңғай жауапкершілік пен сапаны бақылаудың кешенді жүйесіне негізделген ішкі сапалық жүйе ұйымдастырылып, іске асырылуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылайды. Кәсіпорында ҚР ИСО 9001 - 2001 СТ стандартына сәйкес сертификатталған сапа менеджменті жүйесі енгізілген және іске қосылған.  
Кәсіпорын өнімі нарықта ғана емес, таяу және алыс шет елдер нарығында да танымал. «Рахат» АҚ өз өнімдерінің ішкі нарықта ең жоғары деңгейдегі қол жетімділік саясатын жүзеге асыруда. «Рахат» АҚ сатылым географиясы Қазақстанның бүкіл аумағын қамтиды, себебі компания 14 облыс орталығын қосқанда 18 қалада өнім тарату жүйесін жолға қойған. Алматы қаласы бойынша өнім тарату ірі көтерме саудамен сатып алушылар, сондай-ақ фирмалық бөлшек сауда дүкендері арқылы іске асырылады. Республиканың басқа өңірлерінде «Рахат» АҚ өнімдерінің қол жетімділігі фирмалық сапалы өнім сатумен айналысатын дистрибьюторлық желі (еншілес кәсіпорын) құрумен қамтамасыз етіледі. Қазіргі кезде «Рахат» АҚ өнімі қазақстан нарығында ғана емес, республикадан шеткері аймақтарда – Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Германия, Қытай, Ауғанстан аумағына да тараған. ТМД-ның басқа республикалары мен алыс шет елдер тарапынан «Рахат» АҚ өнімдеріне деген қызығушылықтың болуына орай, компания келешекте өндіріс көлемін ұлғайтуды және экспорт көлемін арттыру жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлауда. [10. б.126 ]

  Компания тек тұтынушылар мүддесін ғана емес, өз жұмыскерлері туралы да ойлайды. Компания қызметкерлері үшін толыққанды және өнімді еңбек етуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасалуда. Бірінші және екінші ауысым жұмыскерлерін ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылған асхана, жоғары санатты дәрігерлер қызмет көрсететін медсанбөлім жұмыс істейді, тренажер залы бар сауықтыру орталығы қызмет көрсетеді. Түрлі саладағы мамандардың біліктілігін көтеру бойынша сабақтар үнемі өткізіліп тұратын оқу кластары бар, мемлекеттік тілді үйрету курстары ұйымдастырылған.

   «Рахат» АҚ негізгі мақсаты – кәсіпорынның дайындалатын дәмді өнімдерімен адамдарға қуаныш сыйлау. Кәсіпорын көне дәстүрді сақтай отырып, қазіргі заманның талабына сай барынша көп адамның қажеттілігін жоғары сапалы кондитер өнімдерімен жоғары деңгейде қанағаттандыруға бағытталған.  Керемет кондитер өнімдерін қалай шығаруды білетін бірден –бір кондитер фабрикасы және сол мақсатта қорды арттырады. Қазақстан мен оның шет аймақтарындағы әр адамға өз еліміздің байлығы пен қонақжайлылығын бейнелей отырып, Қазақстандағы және Орталық Азия нарығындағы № 1 компания болуға барынша ұмтылады.

Өз қызметкерлеріне  әрдайым серіктес болып, әр қызметкерді  барынша бағалап, жұмысқа әлеуметтік бағытта жағдайлар жасалады, компанияның толық қанағаттанарлық әрі беделді жұмыс орны болуын қаламақ.

  Тұтынушыларға: қазақстандық және шетелдік тұтынушылардың кең шоғырының қажеттілігін сапалы тауарлармен (көтерме, бөлшек) қанағаттандыру.

 Акционерлерге: бизнестің тұрақты, ашық түрде дамуын қамтамасыз ету және табыс табу үшін компанияны бірлесіп және қаржылық басқарудың тиімді механизмін құру.

  Қызметкерлерге: нақты қойылған міндеттер мен жауапкершілікті бөліп беру арқылы қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру. Қызметкерлердің алға қойған міндеттерін орындауы мен компанияның жұмыс нәтижесіне байланысты оларға ынталандыру жүйесін енгізу. Бірыңғай мәдениет қалыптастыру.

   Негізгі өндірістің шоғырлануы әлемдік кондитерлік өнім нарығы ерекшелігінің бірі болып табылады.

 Зерттеу  кезінде қазақстандық кондитер  нарығының келесі ерекшелігі, яғни  елордада және жалпы солтүстік өңірлерде тұтынушылар еуропалық және ресейлік жаңа өнімдерді қабылдауға даяр болса, Алматы қаласының нарығы өзінің дәстүрлі үйренген өнімін таңдайтыны белгілі болды.

  Қазақстанда  кондитерлік өнім өндірумен 200-ден  асатын кәсіпорын айналысады, алайда негізінен нарыққа «Рахат» АҚ, «Қарағанды кәмпиттері» АҚ, «Баян сұлу» АҚ (Қостанай), Ақтөбе кондитерлік фабрикасы, «Волна» кондитерлік фабрикасы (Ақтау) ықпал етеді.

  ҚР Қаржы  министрлігі Кеден комитетінің  деректері бойынша 2010 жылдың бірінші жарты жылында тек Ресейден ғана Қазақстанға 31 111 мың АҚШ долларының 8650 тонна шоколады және 34 930 мың АҚШ долларының 20 050 тонна печеньесі жеткізілді. Қазақстан өз тарапынан Ресейге 9,9 мың доллардың 3,2 тонна шоколады және 874,7 мың доллардың 726,4 тонна печеньесін экспорттады. Сөйтіп, импорт экспорттан 6 есеге жуық артады.

Сол себептен қазақстандық кондитерлік  сала үшін импорт мәселесі өзекті мәселе болып табылады. 1990 жылдардың соңынан  – 2000 жылдардың басынан бастап отандық  кәсіпорындар дағдарыстан енді шыға бастағанда біздің кондитерлік нарыққа украиндық және ресейлік өндірушілердің өнімі молынан түсе бастады, 2000-2003 жылдар аралығында импорттың көлемі 10 есеге, ал кейбір өнім түрлері бойынша 20 есеге де ұлғайды. 2008 жылдың қаңтарынан бастап кондитерлік тауардың бірнеше түрін әкелуге көтеріңкі кеден бажы енгізілді.

Батыс елдердің көрсеткіштерімен салыстырғанда қазақстандық тұтынушылар кондитерлік өнімді аз тұтынады, ал екінші жағынан Қазақстан нан және нан-тоқаш өнімін тұтыну жөнінде көшті бастап, Германияның көрсеткішінен – 53%-ға, Франциядан – 45%-ға асады.

Алматы қаласы бойынша жүргізілген зерттеулер тұрмысы төмен халықтың жиынтық  өнім бюджетінің 9,7% кондитерлік өнімге жұмсалатыны және кірісі жоғары халықтың тобы бюджеттің 15,6%-ын, сондай-ақ нан мен нан-тоқаш өніміне бюджеттің тиісінше 21,2% және 12,4%-ын жұмсайтынын көрсетті.

  Нарықта  негізінен ұннан жасалған кондитерлік  өнім ең көп ұсынылады, оның 30%-ы қант қосылған кондитерлік  өнім мен карамель, тек 16%-ғана  шоколад пен шоколад өнімі. Қант қосылған кондитерлік өнім негізінен жақын шетелден жеткізіледі, керісінше шоколад өнімі алыс шетелден, ұннан жасалған кондитерлік өнім алыс және жақын шетелден тең пропорцияда келіп түседі.

Бәсекелік ортаны зерттегенде маркетингтік зерттеулер жүргізіледі, кәсіпорындардың өндірістік қызметі осы нәтижелерге негізделеді.

Нарық сарапшыларының көпшілігі, әсіресе отандық өндірушілердің кондитерлік өнімдерінің сапасының  жақсаратынын болжайды. Қазірдің өзінде тұтынушылардың отандық өнімді таңдайтыны байқалады. Кондитерлік өнімді өндірушілердің маркетингтік белсенділігі де дамып келеді.

Батыс компаниялары негізінен шоколад шығаруға (карамельден  немесе печеньеден қымбат әрі пайдалы) басымдық береді, сондай-ақ өздерінің  белгілерін жылжытуға инвестиция салуды дұрыс деп санайды. Осы тұрғыдан «Рахат» кондитерлік фабрикасының стратегиясы қызығушылық тудырады. Аталмыш фабрика ұлттық кондитерлік белгі жасауды жоспарлап отыр. Компанияның осы стратегиясы оған келешекте нарықтың көшбасшысы Nestle-ге жетуге мүмкіндік беруі ықтимал. [10.б.133-138]

  Келесі кезекте «Рахат» акционерлік қоғамының құрылымына тоқталып кетсек қызметкерлерінің жалпы саны, оның ішінде акционерлік қоғамның филиалдары мен өкілдіктерінің жұмыскерлері.

Эмитент жұмыскерлерінің жалпы саны 2010 жылғы 31.10 жай күйіне 6 311 адамды құрайды.

Басқару органдары (Директорлар кеңесі) :

Жоғары орган  – Акционерлердің жалпы жиналысы. Басқару органы –Директорлар кеңесі. Атқарушы орган (алқалық) – Төраға (ары  қарай «Президент») басқаратын Басқарма;

Қоғамның жəне еншілес кəсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметін бақылайтын орган – ішкі аудит қызметі. [10. б. 145]

«Рахат» АҚ ИСО 9000 сериясының стандарттары негізінде сапа менеджменті  жүйесі (СМЖ) әзірленіп, енгізілді. 2010 жылы сараптама және сертификаттау Ұлттық орталығы сапа менеджменті жүйесінің ҚР ИСО 9001-2009 СТ талаптарына сәйкестігін растаған қайта сертификаттау аудитін өткізді. 
Сапа менеджменті жүйесі – кәсіпорын процестерін басқару жүйесі.  
Қазіргі заманғы тұтынушы тауарға ғана емес, оны өндіретін компанияға да назар аударады. Ол тауарды таңдар кезде «Ұтымды ұйымдастырылып, дұрыс басқарылған компанияның өнімі де жақсы» деген қағиданы жиі ұстанады.  
Ісі жолға қойылып, өз қызметін жүзеге асыруда СМЖ:

• өнім сапасының тұрақтылығына;

• компаниядағы процестердің басқарылуына;

• компания қызметінің сапаны қамтамасыз етуге бағытталуына кепілдік береді.

 Сапа менеджменті жүйесі  тек өнім сапасына қатысты  емес, ол кәсіпорын тіршілігінің  барлық саласын қамтиды. Бұл  - жабдықтар мен техниканы дұрыс  пайдалану, өндіріс мәдениеті, кәсіпорынның әр жұмыскерінің өз міндетін сапалы орындауы, тұтынушының сұранысы мен пікірін ескеру, шикізатты кіргізу мен дайын өнімді шығару сапасын үнемі әрі үздіксіз бақылау.

        Корпоративтік басқару. Жоғары сапалы корпоративтік басқару «Рахат»АҚ-ның еркін және бәсекелесті рыноктағы табысты қызметі үшін қажетті жағдай болып табылады. Компанияда Директорлар Кеңесінің, Басқарманың және акционерлердің  арасындағы қарым-қатынасты орнықтыратын тиімді жүйе іске асырылуда. Мұндай жүйе Компания құнының өсуіне ықпал етеді және ақшаларының тиімді пайдаланатындылығына кепілдік береді. «Рахат» АҚ-дегі корпоративтік басқару жүйесі 2005 жылдың ішінде қабылданған бірқатар құжаттармен және шешімдермен регламенттеледі.

   «Рахат» акционерлік қоғамында адам ресурстарын басқарудың бірнеше жолдары бар:

  • Қызметкерлер бойынша жаңа мамандарды жалдау
  • Адам ресурстарын басқарудың жаңа жүйесі бойынша қызметкерлерді қайта оқыту.
  • Адам ресурстарын басқарудағы сыртқы консультанттарды шақыру
  • Адам ресурстарын дасқарудағы бар штатқа сыртқы эксперттерді енгізу.

        Адам ресурстарын басқару кәсіпорын алдында келесі мақсаттар қояды, бұл корпоративті стратегияны адам ресурстарының стратегиясына ауыстыру; жаңа ұйымдық құрылымды құру; кәсіпорынның стратегиясы мен мәдениетіне келетін жұмысшыларды іріктеп алу; стратегияға байланысты талап жүйесін орындау; жобалау және қызметкерлерді басқару жүйесін дамыту; серіктестікті және қатысу жүйесін орындау; жұмыс күшінің потенциалын толығымен қолдану.

Адам ресурстарын басқару тұжырымдамасы мен қызметкерлерді басқару тұжырымдамасының арасындағы айрмашылығы экономикалық мақсатқа лайықты ақша қаражаттарын жұмсауды мойындау, сапалы жұмыс күшін тартумен байланысты, оның үзбей оқытылуы, жұмысқа қабілетті жағдайын ұстау, қабілеттілік пен мүмкіншіліктерге жағдай жасау. 
Адам ресурстарын басқару еңбек психологиясының жетістіктеріне негізделген және технология мен процедурада қолданылады, «қызметкерлерді басқару» деп аталады, яғни кәсіпорын штатының жинақтауына қатысты, жұмысшылардың қажеттілігін, практикалық ережесін табу және қанағаттандыру, бұлар кәсіпорын мен оның жұмысшылары арасындағы қарым- қатынасты басқарады. 
Адам ресурстарын басқару жүйесінің басты ерекшеліктері болып қазіргі жағдайда кәсіпорында экономикалық критерилерді қолдана отырып адам факторларын бағалау, бүкіл кадрлармен жұмыс жүйесін қайта құру, кәсіпорындардағы қызметкерлермен жұмыстың шекарасын кеңейту, жаңа функцияларына қосу және оны фирмадан тыс жаю. Профориентация мақсатында көптеген фирмалар ішкі ортада (вуздарда, мектептерде, жергілікті қауымдарда) өзінің жұмысын күшейтеді, компанияға қажетті қызметкерлерді тарту және мықты мамандарды таңдау. Олар дәстүрлі элементтер жүйесінің материалдық және адамгершілікті колдауын байланыстырады және әлеуметтік сақтандыружәне қамсыздандыру элементтері бар қызметкерлерді ынталандыру, фирма жұмыскерлерінің тұрмыс жағдайын және денсаулығын жақсарту.[11.б.4]

 Бұрыннан қалыптасқан нық дәстүрлері бар «Рахат» АҚ бизнесті әлеуметтік тұрғыда бағыттай отырып, Қазақстанның еңбек нарығында өз  ұстанымын  ту етіп келеді.

 Бүгінде жаңа технологияны меңгерген, бәсекеге қабілетті өндіріс жағдайын білетін, білікті мамандармен өндірісті жаңарту мәселесі бірінші кезекте тұр. Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу мекемелерінде, ЖОО-дарында оқитын жастар  үшінші онжылдықтың негізгі өндірістік күшін құрайды. ХХI ғасыр қоғамының келбеті олардың азаматтық, қоғамдық, кәсіби сапасының қалай қалыптасатынына байланысты. Бұл міндеттерді шешу, көбінесе, жұмыс берушілер мен оқу орындарының өзара қарым-қатынасына, былайша айтқанда, әлеуметтік серіктестікке қатысты.

№ 13 кәсіби-техникалық мектеп, ал 2010 жылдан бері «Білім беру ұйымы «Перспектива» лицейі» деп аталатын оқу мекемесі мен «Рахат» АҚ   35 жылдан бері тығыз байланыста, бұл ынтымақтастық күшеймесе, азайған жоқ, қайта одан әрі даму үстінде. Осы жылдар ішінде кәсіптік мектеп «Рахат» АҚ  үшін  3500-ден аса жұмысшылар дайындады. Олардың арасынан  ауысым орынбасарлары, ауысым бастықтары, ауысым инженер-технологтары мен зертханашылар, инженер-химиктер, бөлім бастықтары, экономистер, есепшілер өсіп шықты. Бүгінде «Рахат» АҚ-ндағы жұмысшылардың  36% пайызы – кәсіптік мектепті  бітірушілер.

«Рахат» АҚ-ның басшылығы жоғары сапалы өнім шығаруда, кәсіпорынның үздіксіз, үдемелі қызмет атқаруында, фабриканың қазіргі кезеңде әрі келешекте табысқа жетуі мен гүлденуінде  кәсіптік-техникалық мектеп түлектері еңбегінің маңызы зор екенін есте ұстайды және өз кәсіпорнында мамандар дайындау саясатына баса назар аударады. Бұл - уақытша құрылған компания емес, терең ойластырылған, стратегиялық тұрғыдағы, жуық және ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттері белгіленген, нақты саясат.

Әлеуметтік серіктестік  деп біз өз мүдделерімізді іс-тәжірибелік  тұрғыда танытудағы материалдық  және әлеуметтік-мотивацияланған ынтымақтастық  үрдісін түсінеміз. Тәжірибесі мен білімі мол, өз заманына сай, білікті басшы ретінде «Рахат» АҚ Президенті А. Попелюшко жұмыскерлерді тиімді түрде жұмысқа тарту нарықтағы бәсекені жеңудің, өндірісті дамыту мен жаңартудың негізі екенін әрдайым басты назарда ұстайды. Ол әруақытта жұмысшылар дайындауға қаражат бөлуді белгіленген жағдайларда қайтымы тиімді болатын, ұзақ мерзімді инвестиция ретінде қарастырды  және  әлі  де  сондай көзқараста.

Сондықтан № 13 кәсіптік-техникалық мектеп пен («Білім беру ұйымы «Перспектива» лицейі») «Рахат» АҚ-ның өзара байланысы, әлеуметтік серіктестік қатынасы ешқашан үзілген емес, ал 1997 жылдан бастап маман дайындау ісі тапсырыс бойынша жұмысшыларды дайындауға кеткен шығындарды кәсіпорын төлейтін  келісімшарт негізіне көшті.

Информация о работе Управление предприятием