Управление предприятием

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 09:39, дипломная работа

Описание работы

Қазіргі нарықтық жағдайда экономикамыздың қалыптасуы, отандық тауар өндірушілерге шығаратын өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойып отыр. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі факторы болып табылады. Жалпы алғанда бәсекеге қабілеттілік өнімдердің сапасын қанағаттандыруға итермелейді.

Содержание

КІРІСПЕ
I ТАРАУ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІН АРТТЫРУ
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері
II ТАРАУ. «РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӘСЕКЕГЕ
ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
2.1. «РАХАТ» А Қ туралы қысқаша мағлұмат, адам ресурстарын басқару құрылымы
2.2. Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті, экономикалық көрсеткіші мен тиімділігі
2.3. Кәсіпорынның бәсекелестік қабілеті және нарықтағы бағалау
III ТАРАУ. КӘСіПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қолданылатын шаралар
3.2 Кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда жұмыс істеу стратегиясын әзірлеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША

Работа содержит 1 файл

ДипЛом распечакта.doc

— 560.50 Кб (Скачать)

Қазақстанды географиялық жағынан үш бөлікке шартты түрде  бөлуге болады:

Солтүстік - Шығыс Қазақстан.   Оған Астана, Ақтөбе,   Орал,    Қарағанды, Павлодар, Қостанай    қалалары   кіреді. Өңірдің   халқы ертеден бастап Ресейдің өңірлерімен араласады.

Каспий өңіріне Ақтау  және Атырау қалалары кіреді. Бұл өңір мұнай және газ кен орындарына жақын орналасуына байланысты, Қазақстанның ең қарқынды дамып келе жатқан өңірі.

Оңтүстік Қазақстан өңіріне  Алматы және Шымкент қалалары кіреді. Шымкенттің географиялық жағынан тиімді орналасуына орай, осы қаланы тауарды Өзбекстанға жылжытуды ұйымдастырудағы аралық буын ретінде қарастыруға болады.

Бүгінгі күні кондитерлік  өнім өндіретін индустрия нақты  көлемі бойынша да, құндық мағынасы бойынша да өсіп келеді.

Тәтті өнімге сұраныс   артқан  сайын    әлемдік  кондитерлік өнім нарығы жылдан-жылға    өркендеп   өсіп келеді. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Бельгия сияқты елдерде кондитерлік өнім нарығы молығып, осының  нәтижесінде соңғы жылдары статикалық (тең қалыпты) жағдай қалыптасты. Шығыс Еуропаның, Латын Америкасының, Үндістан мен Қытайдың нарықтары қарқынды дамып келеді. Еуропа  шоколадтық кондитерлік   өнімдердің ең   ірі нарығы болып қалып отыр. Маркетингтік-талдамалы зерттеу орталығы  (МТЗО) сарапшыларының   деректері  бойынша   Данияның   халқы жыл сайын жан басына шаққанда 21,8 кг тәтті, ирландтықтар – 26,6 кг, Нидерландтардың тұрғындары –25,3 кг, бельгиялықтар – 23 кг тәтті жейді екен. Салыстыру  үшін   айтатын   болсақ,  орташа статистикалық американдық жылына бар-жоғы 7 кг кондитерлік өнім тұтынады.

Жер шарының айтарлықтай бөлігінің салауатты өмір салтына ұмтылысы кондитерлік өнім өндірушілерді жаңалық әзірлеуге мәжбүр еткенін атап өту қажет.

 

 

1.2  Кәсіпорынның  бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері

  

   Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алып нарықтық экономикаға көшуімізге байланысты ел экономикасы түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Әсіресе еліміздің экономикалық өміріндегі шаруашылық қатынастар жүйесіндегі терең әрі ауқымдды өзгерістер көрініп, еркін бәсеке, бәсеке қабілеттілік, еркін сауда, жеке меншік билігі т.б. осы секілді ұғымдар ене бастады. Ал өз кезегінде ұйымдық-құқықтық формалардың яғни әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс жасауы, қызмет көрсетуі, өнім өндіруі – бәсеке және бәсеке қабілеттілік ұйымдарын одан әрі өрбіте түсті.

  Жоғары тұрақсыз және сыртқы орта факторларының анықталмағандық жағдайында ұзақ мерзімдік перспективада кәсіпорынның әрі қарай гүлденіп, өркен жаюының кепілдігін қамтамасыз ететін бәсеке қабілеттілік пен бәсеке қабілетті басқару жүйесі, сондай-ақ бәсеке қабілетті стратегия тиімді басқарудың мақсатты құралы ретінде әртүрлі функционалдық бағыттағы және әртүрлі бизнес аясында жұмыс істейтін, тауарлар өндіріп, қызмет көрсететін ұйымдар үшін әсіресе өзекті болып отыр.

  Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар үшін кәсіпорынның  бәсеке қабілеттілігін арттыру ең негізгі мәселе болғандықтан көпшілік тарапынан осы бір мәселеге көп көңіл аударуда. Ол сату нарықтары, өткізу көлемдері, қосымша табысты табуды көздейтін өндірушілердің экономикалық стратегияларының басты ажырамас құралына айналды. Осыған сәйкес кәсіпорындар әрі шығарылатын өнімдердің бағаларын төмендету арқылы әрі нарықта бар өнімдерден сапалық көрсеткіштері жағынан ерекшеленетін өнімдерін өндіру арқылы бәсекелестерді ығыстыруға және нарықтағы жағдайларын нығайтуға ұмтылуы керек.

  Бәсеке қабілеттілік ұғымы көпжақты болып, кәсіпорын  іс-әрекетінің тауар секілді құрамдас бөліктерін сондай-ақ оның негізгі сипаттамалары болып табылатын  сапа және өндіріс технологиясын қамтиды. Сонымен қатар ғылыми әдебиеттерде ұлттық экономиканың және аймақтық бәсеке қабілеттілігі ұғымдары қолданылады. Әр ұғымның құрылымы объектінің бәсеке қабілеттілігі оның бәсеке қабілеттілігі элементерінен және мақсатқа жетуде олардың өзара ұйымдасуынан тұратынын негіздейді.

  Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігі – қатысты  өлшем, өйткені ол сату уақыты мен нарықта бәсекеге түсетін ұйымдардың салыстырмалы нәтижелерінде көрінуі мүмкін. Осы арада кәсіпорының бәсеке қабілеттілігі – бұл экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық мүмкіндіктердің жиынтығы.

  Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігі – бұл бәсекелестік күрес жағдайында өзінің алып отырған нарықтық үлесін сақтап қалуға немесе кеңейтуге жеткілікті әлеуеті.

  Кәсіпорының (фирманың) бәсеке қабілеттілігі – кәсіпорынның  ұлттық, халықаралық нарықтағы жағдайын анықтайтын кешенді экономикалық көрсеткіштерін және потенциялын қамтиды.

  Байқалғанындай бәсеке қабілеттілігінің екі жағы бар. Бұлардың біреуі оның элементі және құраушы бөліктері (тауардың жоғары сапасы, тауардың қосымша қызметі, барлық қызмет көрсету мерзіміндегі нақты қызметі т.с.с) және нақты жағдайдағы тауар сату міндеттерінің нақты шешімі (жеке қабілеттіліктері бар нақты сатып алушы, оның мүмкіндігі және өзіндік талғам шкаласы бойынша нарықта бәсекелесуші кәсіпорындардың ішінен ұнайтынын шешуі, сатушының жеке қасиеттері). Бәсекелелік күрестегі жеңіс бәсеке қабілеттілік нәтижесін бейнелейді. Ал бәсеке қабілеттілік пен бәсекенің қатынасын потенциал – потенциялды қолдану қатынасы ретінде сипаттауға болады.

  Әдетте бәсеке қабілеттілік бейімділік және жаңашылдық секілді екі ажырамас бөліктерден тұрады. Бейімділікті икемдеу қасиеті, кәсіпорының сыртқы ортамен қатынасының формасы және ұйымшылық қайта құрудың үрдісі ретінде түсінеміз. Өз кезегіндегі жаңашылдықты жаңару мүмкіндігі және минималды өзіндік құн, технологиялық, ритмділік критерилері бойынша ұйымшылдық  процестерді қайта құру ретінде ұғынамыз. Егер де бейімділік кәсіпорынның сыртқы орта өзгерістерінде деген реакциясын көрсетсе, онда жаңашылдық өз іс-әрекетінде шешім қабылдау және жаңа элементтерді игерудің негізінде өзгерген іс-әрекет бағытын сипаттайды.

 Бәсеке қабілеттіліктің екі қасиетін қалыптастыруда кәсіпорындар ұйымның жекелей элементтеріне сүйенеді. Жеке тұғыдан алғанда бейімділік қасиеті ұйымның әркелкі өнімдер өндіретін технологиялық құрал-жабдықтары және тұтастай алғанда техникалық базасы болмайынша қалыптаспайды.

   Бәсеке қабілеттілік ұғымының екінші қасиеті болып табылатын жаңашылдық жаңалықтың екі түрін игеру мүмкіндігіне сүйенеді. Бір тұсы бұл өндірістің техника-технологиялық жаңартылуымен байланысты техникалық жаңалық болып табылады. Мұның құрамына құрал-жабдықтар мен аппаратура, өндірістің техникалық құралдары және НИОКР-ді техникалық қамтамасызету, сондай-ақ, өнімдерді өндіру технологиясы аясындағы жаңалықтарды игерудің әдістері мен тәсілдері кіреді.

  Жаңашылдықтың келесі ажырамас бөлігіне - әлеуметтік  жаңалықтар жатады. Мұндай жаңалықтың техникалық базасы ретінде игерілген әлеуметтік технологиялардың жиынтығы қарастырылады.

  Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігінің деңгейіне негізінен мынандай басты факторлар әсер етеді:

- өндірістік технологияны жетілдіру дәрежесі мен ғылыми-техникалық 

деңгейі;

 - жаңа өнер табулар мен жаңашылдықтарды қолдану;

- қәзіргі заманға сай автаматтандырылған және роботтандырылған;

- өндіріс құралдарын енгізу.

   Сонымен бейімділік пен жаңашылдық ұйымның бәсекеқабілеттілік қасиетін қалыптастыруға қажетті және жеткілікті жағдайларды айқындайды.

  Бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі – кәсіпорынның  бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесін шешетін және сол ұйымның нарықтық орта элементтерімен бәсеке қабілетті басқару жүйесін құру. Осы орайда шаруашылықтың жаңа жағдайларында нарықтық қатынастарға бейімделген басқару жүйесін құру процесін жеделдеткен жөн. Сонымен қатар бәсеке қабілетті басқару жүйесінің ақпараттық қамтамасыз етілуін және стратегиялық бағыт-бағдарын күшейте түсу керек. [8. б. 30-35. ]

  Кәсіпорынның бәсеке қабілетті басқару жүйесі негізінде кәсіпорынның потенциалды мүмкіндіктерін және сыртқы орта талаптарын ескере отырып, ақпараттық технология негізінде өздерінің міндеттерін арнайы функцияландырылған әдістер мен тәсілдер арқылы орындайтын органдар жиынтығы түсініледі. Бәсеке қабілетті басқару жүйесі – бұл  қоршаған орта факторларының ықпалы негізінде өзін-өзі реттеу қабілеті бар күрделі ағза.

  Кәсіпорынның бәсеке қабілетті басқару жүйесінің ең негізгі қағйдасы – бұл кәсіпорынның қызмет етуі мен дамуының стратегиясы және мақсаттарды таңдаудағы негізделген өндірісті басқару жүйесінің бағыт-бағдары негізінде жаңа технология мен жаңа өнім енгізу, кәсіпорынның материалдық- техникалық базасын ескере отырып оның потенциалды мүмкіндіктерін бағалау және бәсекелестік ортаның жағдайын болжау негізінде қызметтердің перспективалы бағыттарын анықтау түсініледі.

 Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігін жоғарылату стратегиясының жүйесін келесідей үлгіде көрсетуге болады:

1. Кәсіпорының  сыртқы ортада жүзеге асыратын  атап айтқанда тауарлық,  

баға белгілеу, жабдықтаушылармен қарым-қатынас, ақша және бағалы   қағаздар нарығындағы іс- әрекет, трансакциялық шығындарды төмендету,   сыртқы экономикадағы қызмет стратегиясы.

2. Кәсіпорының  ішкі ортасында жүзеге асырылатын, яғни өндіріс  шығындарын төмендету,  инвестициялық қызмет, қызметкерлерді   ынталандыру, ақпаратпен қамтамасыз ету стратегиялары.

  Кәсіпорының тауарлық стратегиясы келесілерді қарастырады:

- кәсіпорынның  спецификасына жауап беретін, тауарлар мен қызмет

- көрсетулердің потенциалды нарығын қалыптастыру және зерттеудің  тәсілдері мен ережелері;

- кәсіпорынға неғұрлым тиімді шаруашылық жүргізудің стратегиялық   аймақтарын іздеудің әдістерін;

- кәсіпорынның сыртқы тиімділігін қамтамасыз ететін аймақтарды басқару әдістерін.

  Ал тауарлы стратегияның негізгі міндеттеріне төмендегілер жатады:

- стратегиялық перспективті міндеттерін өзіндік ресурстар және нарықтық потенциялды мүмкіндіктермен үйлесуі;

- тауар (технологиялар) сұранысының өмірлік циклдерін талдау;

- кәсіпорынның  бәсекеқабілеттілігін жоғарлатуды қамтамасыз ететін  тауар ассортиментін әзірлеу.

Бәсекеге қабілеттілікке жетудің ең оңай жолы – ұйым өзі  бәсекелестерінің әлсіз тұстарын немесе артықшылықтары жоқтығын анықтап, басымдығын нығайту. Яғни, кәсіпорын бәсекелестері  сондай табысқа ие болмаса, бәсекеде жауап бере алмаса, біраз шығынға ұшырайды.

Кәсіпорын айтарлықтай  жеңіске ие болмаған күнде де қолда  бар ресурстарға, нақты тәжірибеге сүйене отырып, өз стратегиясын әзірлеуі керек. Қолда бар ресурстар мен  біліктілікті қолданбайтын стратегияны  құру әрқашан тиімсіз болмақ. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II Тарау. «Рахат» акционерлік қоғамы  ЖӘНЕ ОНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ

 

2.1. «Рахат» А қ  туралы қысқаша мағлұмат, адам  ресурстарын басқару құрылымы

 

  Егер ең алдымен әлем нарығына көз жүгіртетін болсақ, әлем нарығында кондитер өнімдері үлкен концентрациялық өткізу негізімен мінезделеді. Кондитер өнімдерін өндіруде 2011 ж. лидер болып саналады:

1. Mars Inc.

2. Nestle SA.

3. Hershey Foods Corp.

4. Cadbury Schweppes Plc. 

5. Kraft Foods Inc.

6. Wrigley Jr. Co. William.

7. Ferrera SpA.

8. Phizer Inc.

9. Perfetti Van Melle Group.

10. Lotte Group.

 

3 кесте . Ірі кондитер өнімдерін өндірушілер

 

Аты

Мемлекет

Жылдық сату көлемі

(млрд. АҚШ доллар)

Mars Inc

АҚШ

14

Nestle SA

Швейцария

7.2

Hershey Foods Corp

АҚШ

4.12

Cadbury Schweppes Plc

Ұлыбритания

0.97


Ескертпе: Әлем нарығындағы тауарлар ассортименті интернет ақпараты негігінде автор  құрған

 

     Әлемде  кондитер өнімдерінің ірі импортшы  мемлекеттердің бірі АҚШ, Германия, Франция, ал экспортшылары - Ұлыбритания, Испания, Нидерланды, Бельгия, Италия.

Кондитер өнімдерінің  әлемдік нарығы жылдан жылға өсуде, бұл өнімге өспелі сұраныс реакциясын көреміз. Дамыған елдерде кондитер өнімдерін тұтыну жоғары.

     Солтүстік  Еуропа елдерінде кондитер өнімдерін тұтыну деңгейі әлемде ең үлкен болып байқалады. Данияда жан басына шаққандағы көрсеткіш 16.6 кг жылына. Бұл әлемдегі кондитер өнімдерін ең көп тұтынатын ел. Ал Еуропа елдерінде орташа тұтыну жан басына шаққанда 9-12 кг құрайды. Ең көп тұтыну деңгейі жан басына шаққанда 2002 ж. Швейцарияда, содан соң Португалияда, Данияда және Финляндияда белгіленген.

 

 

   Диаграмма 1. Кондитер өнімдерінің тұтыну деңгейі (1адам басына шаққанда 1кг/ж )

 

Ескертпе: Әлем нарығындағы тауарлар ассортименті интернет ақпаратынан алынған

 

     Әлем нарығындағы кондитер өнімдерінің ерекшеліктері айрықша көрсетіледі:

-Маусымдық сұраныс

-Бағалы емес бәсекелестік

-Өндіріс қуатын барынша қолданбауы (20-30%)

-Өндіріс, дәстүрлі ассортиментті шығаруға бағыт

-Шикізаттың жетіспеуі

   Зерріттеу обьектісі етіп жоғарыда атап өткендей еліміздің ең ірі кондитер факбрикаларының бірі «Рахат» акционерлік қоғамы болып табылмақ.

«Рахат» акционерлік  қоғамы - 70 жылдық дара тарихы бар, Қазақстандағы  кондитерлік өнім өндіретін ірі  өндіріс орындарының бірі.  
Кондитерлік өнімдер алғаш рет 1942 жылы арақ - ликер зауыты алаңында соғыс кезінде Мәскеу мен Харьковтан көшіріліп әкелінген жабдықтармен шығарылды. 
«Рахат» АҚ-нда 3500-ге тарта адам жұмыс істейді. Өндірістік қуат Алматы және Шымкент қалаларындағы екі алаңда шоғырланған. Өндірістің жан-жақтылық сипаты, оның ауқымы мен какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша дербес желінің болуы компания үшін отандық өндірушілер арасында кондитерлік өнімдердің кең сұрыпталымын иеленуге мүмкіндік береді. Бүгінде «Рахат» АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 10 түрлі топқа жататын алуан түрлі кондитерлік өнімнің 250-ден аса атауымен толыққан.  «Рахат» АҚ - сусамыр (диабет) ауруынан зардап шегетін адамдарға арнап арнай өнім шығаруды игерген Қазақстандағы бірден-бір кәсіпорын. Бұл сұрыпталымға қуаттылығы төмен әрі қантты тең дәрежеде табиғи шикізатпен ауыстыру арқылы шығарылған шоколад, кәмпит, печенье және вафлидің бірнеше атауы кіреді

Информация о работе Управление предприятием