Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 09:39, дипломная работа
Қазіргі нарықтық жағдайда экономикамыздың қалыптасуы, отандық тауар өндірушілерге шығаратын өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойып отыр. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі факторы болып табылады. Жалпы алғанда бәсекеге қабілеттілік өнімдердің сапасын қанағаттандыруға итермелейді.
КІРІСПЕ
I ТАРАУ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІН АРТТЫРУ
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері
II ТАРАУ. «РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӘСЕКЕГЕ
ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
2.1. «РАХАТ» А Қ туралы қысқаша мағлұмат, адам ресурстарын басқару құрылымы
2.2. Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті, экономикалық көрсеткіші мен тиімділігі
2.3. Кәсіпорынның бәсекелестік қабілеті және нарықтағы бағалау
III ТАРАУ. КӘСіПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қолданылатын шаралар
3.2 Кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда жұмыс істеу стратегиясын әзірлеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
3 cурет жалғасы
3 сурет. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторлар
Ескертпе - Куатова Д.Я. "Кәсіпорын экономикасы" әдебиетінен алынған
Кәсіпорының қаржы тұрақтылығының деңгейінің анықтамасы қаржылық талдау деректерінің негізінде құрылады, яғни шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін оның қаржылық жағдайына талдау жасау қажет.
Қазіргі
кезде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының
келесідей бағалау
Қай тауардың болмасын бәсекелік қабілеті оның тұтынушы қызығушылығына ие және осы сұранысты қанағаттандыратын көрсеткіштерінің жиындығымен анықталады, ал белгіленген шектен шығатын басқа көрсеткіштер бағалауда есепке алынбауы тиіс, яғни өндірушіге әсер ететін көрсеткіштерге тұтынушы мен бере қоймайды. Осылайша тұтынушыны өнімнің жобаланып, өндіріліп, тасымалданып, нарыққа түсуіне дейінгі жағдайлар қызықтырмайды, ал қызығушылық тудыратыны, өнімнің тұтынушылық құрамы. Мысалға, егер басқа барлық сипаттамаларды сақтай отырып, өндірушінің өндірістегі материал сиымдылықты, еңбек сиымдылықты төмендетуіне қол жеткізсе, онда бұл өнімнің сапасы міндетті түрде жоғарылайды, бірақ тұтынушы қызығушылығы, өндірістің шығындарды және материалдық шығындарды төмендету мен байланысты өнім бағасы төмендемесе еш өзгеріссіз болады. Бәсекелік қабілетті бағалауда талданып отырған және бәсекелес өнімнің параметрлерін сатып алушының талаптарының деңгейімен салыстырып, алынған көрсеткіштерді салыстыру керек.
Сапа тұрғысынан алғанда қолдану саласында ғана емес сондай-ақ конструктивті және технологиялық ерекшеліктеріне байланысты тек бір текті өнімдерді салыстыруға болады.
Ал бәсекелестік
тұрғысынан алғанда, есепті ретінде
нақты бір сұранысты
Заңи күші бар нормативтік құжаттарға сәйкес орындалған сапа талдауы өнімге бәсеке қабілетті баға деңгейін бермейді. Бұл өнімді өткізу кезінде анықталады, яғни сатып алушы әрекетіне тәуелді.
Сатып алушы әрекетінің үлгісі сатып алушы әрекетінің кей функцияларымен – Z, сатып алушы қалауымен (қай жағдайда рационалды емес) – D, сыртқы ортаның көптеген факторларымен – X, сатып алушының мінез-құлқымен – Y, анықталмаған фактор мәнімен – Q, түсіндіріледі:
z = f (D,X,Y,Q)
Тұтынушы үшін сапа міндетті сипаттама болғанымен, белгілі бір өнімді сатып алу шешімін қабылдау үшін жеткіліксіз. Басқаша айтқанда бәсекелік қабілет тек тауардың үздік сипаттамаларымен ғана емес, ал клиенттің сатып алуына бағытталған тартымдылығымен де сипатталады. Атап өтетін жәйт, тауардың ерекшеліктерінің жиынтығымен анықталатын сапасы мен бәсекелік қабілеті әр саладакөрініс табуы мүмкін. Тауар сапасы – жобалау және өндірілу аясында қалыптастырылып, оны қолдану үрдісінде, яғни тұтыну аясында байқалады. Өнімнің бәсекелік қабілеті оны сату нәтижесінде анықталады, немесе ұсыныс аясында.
Өнімнің сапасы өзгермеген жағдайда да оның бәсекелік қабілеті кәсіпорынның бәсекелестік ортасымен анықталатын түрлі факторларға әсер етіп, өзгеріп отырады.
Өнімнің бәсекелік
қабілеттілігі дегеніміз –
Сондықтан өнімнің бәсекелік қабілетін талдау мен бағалау мәселесі осы екі ағымға сәйкес теориялық және қойылма аппаратты қолдану негізінде шешіліп, келесі мәселелердің шешімдерін қарастырулары керек:
Осы мәселелер шешімдерін ауыл шаруашылығы өндірісіне ендіру, ауыл шаруашылық саласына негізделген моделдерін құру бұл салада өндірілетін өнімдердің бәсекелік қабілетін көтерудің негізін қалаушы факторы болып табылады. [16. б. 234]
Біз ашық нарықтық экономика құрудамыз, сондықтан бәсекелік қабілетін мәселелері шешілмей экономикалық дамуда оң нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес.
5 кесте. «Рахат кәмпиттері»тауарларының артықшылықтары мен кемшіліктері
тауар түрлері |
факторлар |
Артықшылықтары |
Кемшіліктері |
Шоколад конфеты
Карамель конфеты
Ирис конфеты
Мармелад |
Тұтынушылардың талаптары
Бәсекелестердің тауарларды салстыру:
Жаңа тауар шығару мүмкіншілігі
Тауарды Бәсекелестерден қорғау жолдары |
денсаулыққа зиянсыздығы
Сапасы жоғары деңгейде, демографиялық жағдайға байланысты. Базар орталығының жанда орналасқан. Жарнама тарату, көрме ұйымдастыру.
Жаңа технология енгізу. Фирманың, стратегиялық, тактикалық жоспарлануы. Тауар атының танымалығы |
кейбір кезде мезгілге қарай сұраныстың азаюы
Базар орталығында сауданың көптігі
5 кесте жалғасы
Қазақ тіліндегі ақпараттың аздығы
Базардағы барлық тауарды қадағалай алу |
Ескертпе: Кондитерлік саладағы кәсіпорындардың бәсеке қабілеттігін көтеру. Т.Рысқұлов хабаршысы журналынан алынған
2.3. Кәсіпорынның
бәсекелестік қабілеті және
Кондитер өнімдерін өндіру жер шарының көптеген мелекеттерінде зор дамыған. АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Бельгия мемлекеттерінде аты шыққан тауар маркалары нарықта өз орындарын тауып, дамыған және әлемге әйгілі. Ал дамушы елдерде кондитер өнімдерін өндіру енді қолданысқа, айналымға алынуда. Болжамдар бойынша кондитер өнімдерін өндіру процесі күрт ұлғаятын аймақтар мыналар: Қытай, Латын Америка елдері, Шығыс Еуропа елдері.
Қазақстан
Республикасы да кондитер
Нарық типтеріне байланысты сатушы баға қалыптастырғанда әртүрлі деңгейдегі еркіндікте болады. Экономистер нарықтың төрт түрін бөліп көрсетеді және әрқайсысы баға қалыптастыру бойынша өз шарттарын ұсынады.
1. Таза бәсекелестік нарығы ұқсас тауар өнімінің, мысалға, бидайдың, мыстың, бағалы қағаздардың көптеген сатушыларынан және сатып алушыларынан құралады. Бірде - бір жеке сатып алушы не сатушы нарықтағы күнделікті тауардың баға деңгейіне үлкен ықпалын тигізе алмайды. Сатушы нарық бағасынан жоғары баға да сұрамайды, себебі сатып алушылар қажетті тауар көлемін керегінше осы нарықтан ешқандай кедергісіз нарық бағасымен сатып ала алады. Сатушылар нарық бағасынан төмен баға да сұрамайды, өйткені барлық тауарын нарықтағы бағамен сата алады. Бұл нарықта маркетингтік зерттеу, тауарды дайындау, баға қалыптастыру, жарнама және өткізуді ынталандыру минимальды болады, бірақ та мүлдем нольге жеткізбейді.
2. Монополиялық бәсекелестік нарығы келісімді біркелкі нарықтық бағамен емес кең диапазонды бағалармен жасайтын сатып алушылармен, сатушылардан құралады. Баға диапазонының болуы сатушылардың, сатып алушыларға тауарлардың әр түрлі варианттарын ұсыну мүмкіншілігінде. Реальды бұйымдар бір-бірінен сапа, касиеті, сырт безендіруі бойынша айырмашылықта болады. Айырмашылық тауарға қосымша атқарылатын қызметтерде де болуы мүмкін. Сатып алушылар ұсыныстардың айырмашылығын кµретіндіктен әр түрлі тауарға әр түрлі баға төлеуге дайын. Бағадан басқа кейбір айырмашылықта болу үшін сатушылар әр түрлі тұтынушылар сегменттеріне түрлі ұсыныстар дайындауға тырысады және тауарларға маркалық атау беру тәжірибесін, жарнаманы және жеке сату әдістерін кеңінен пайдаланады. Бәсекелестердің көп болуына байланысты олардың маркетингілік стратегиясы әр фирмаға тигізетін ықпалы олигополистикалық нарық жағдайынан төмен болады.
3. Олигополистикалық нарық баға белгілеу саясатына және бір-бірінің маркетингілік стратегиясына өте сезімтал біршама сатушылардан құралады. Тауарлар бір-біріне ұқсас та (болат, алюминий), ұқсас емес те болуы мүмкін (автомобильдер, компьютерлер). Жаңа талапкерлердің нарыққа енуі өте қиын болғандықтан сатушылардың саны көп болмайтын. Әр сатушы бәсекелестің стратегиясына және қимылына дереу қарсы әрекет көрсетеді. Егер қайсы бір болат қорыту компаниясы өз бағасын 10 % төмендетсе, сатып алушылар дереу осы компанияға ауыса бастайды. Басқа болат өндірушілер бұл жағдайды ескеріп не бағаны төмендетуі, не атқаратын кызмет санын, не көлемін өсіруге тиіс. Олигополистер бағаны төмендету арқылы ұзақ уақытқа созылатын нәтижеге жететініне ылғи сенімде бола алмайды. Екінші жағынан олигополист бағаны жоғарылатса, оның бәсекелестері оған ермеуі мүмкін. Мұндай жағдайда ол бағаны не бұрынғы қалпына келтіруі керек, не өз клиенттерінің бәсекелестер жағына ауысуына дайын болуы керек.
4. Таза монополия жағдайында нарықта тек қана бір сатушы болады. Бұл мемлекеттік мекеме (мысалға, Қазақстанда темір жол компаниясы), жеке жүйеленетін монополия (мысалға, “Қарағанды-Жылу”) не жүйеленбейтін монополия (мысалға, нарыққа нейлонмен шығар кезеңіндегі “Дюпон”). Әр ерекше жағдайда баға белгілеу әр түрлі болып құралады. Мемлекеттік монополия баға саясаты көмегімен әр түрлі мақсатты көздеуі мүмкін. Ол тауар сатып алушылар үшін өте маңызды болып, бірақ олар оны толық бағасына сатып ала алмайтын жағдайда, оның бағасын өзіндік құнынан төмен белгілеуі мүмкін. Баға тек шығындарды қайтару, не жақсы табыс табуды көздеуі мүмкін. Тұтынысты жалпы қысқарту мақсатында өте жоғары баға белгіленуі де мүмкін. Жүйеленген монополия жағдайында үкімет компанияға “Әділ нормалы табыс” келтіретін, соның нәтижесінде мекемеге өндірісті қолдап отыратын, ал қажетті жағдайда оны кеңейтуге мүмкіншілік беретін баға тағайындауға ұлықсат береді. Оған керісінше, жүйеленбейтін монополия жағдайында фирма нарық көтеретін кез келген бағаны белгілей алады. Дегенмен бірқатар себептерге байланысты, фирма мүмкіншілігінше максимальды бағаны тағайындамайды. Бұл әрі мемлекеттік жүйелеуді енгізуден сескену, әрі бәсекелестерді елеңдетпеу, әрі төмен бағаны пайдаланып - нарықты игеруді тереңдете түсу Қазақстанның кондитер кәсіпорындарының және бәсекелестерінің қызметін талдау олардың бәсекелік артықшылықтары мен осал жақтарын сипаттауға мүмкіндік берді [17. б. 177]
6-кесте. Кондитер өнімдерінің Қазақстан нарығындағы бәсекелестердің қызметін талдау
Компаниялар |
Қызмет көрсету ауданы |
Бәсекелік артықшылық |
Осал тұстары |
«Қарағанды кәмпиттері» АҚ |
Негізінен Орталық Қазақстан |
Танымал сауда маркасы. Карамель үшін полимерлік орама енгізілді. Осы заманғы экструдерлік цех іске қосылды |
Сапаның нашарлауы. Айрықша маркетингтік саясат.
|
«Рахат» АҚ |
Бүкіл Қазақстан, негізінен Оңтүстік Қазақстан |
Танымал сауда маркасы. Осы заманғы технология. Бәсекеге жарамды маркетингтік саясат. Өнімнің жоғары
сапасы. |
Осы заманғы орама материалдарды жеткілікті пайдаланбау. Едәуір жоғары баға. |
«Баян- сұлу» АҚ |
Солтүстік Қазақстан және өзге облыстар |
Түрлі-түсті орама. Ликерлік карамельдің, вафлидің жоғары сапасы. Өзіндік полиграфиялық цехының болуы. |
Шоколад сапасының төмендігі. Сауда маркасының белгісіздігі. Маркетинг деңгейінің төмендігі. |
«Ақтөбе тәтті тағамдары» |
Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстары |
Карамель мен печеньенің салыстырмалы төмен бағасы |
Сапасы жоғары
емес өнім. |
Мәскеулік өндірушілер |
Қазақстанның барлық аймағы |
Жоғары имидж,
жақсы безендірілген қанық Озық технология. |
Шоколад өнімдері
сапасының нашарлауы. |
«Сладко» (Ресей) кондитер бірлестігі |
Қазақстанның шекаралас аудандары. Ресей |
Жақсы сапа, өндірушінің жақсы беделі. Салыстырмалы түрде төмен баға, реттелген делдалдық желі. |
Сапасы нашар шоколад. |