Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 09:39, дипломная работа
Қазіргі нарықтық жағдайда экономикамыздың қалыптасуы, отандық тауар өндірушілерге шығаратын өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойып отыр. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі факторы болып табылады. Жалпы алғанда бәсекеге қабілеттілік өнімдердің сапасын қанағаттандыруға итермелейді.
КІРІСПЕ
I ТАРАУ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІН АРТТЫРУ
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері
II ТАРАУ. «РАХАТ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӘСЕКЕГЕ
ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
2.1. «РАХАТ» А Қ туралы қысқаша мағлұмат, адам ресурстарын басқару құрылымы
2.2. Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті, экономикалық көрсеткіші мен тиімділігі
2.3. Кәсіпорынның бәсекелестік қабілеті және нарықтағы бағалау
III ТАРАУ. КӘСіПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қолданылатын шаралар
3.2 Кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда жұмыс істеу стратегиясын әзірлеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША
Ескертпе – Республиканың кондитерлік саласы бойынша алынған мәлімет
Айтылғанды көрнекі
түрде көрсету үшін кәсіпорындарды
саралайық, яғни оларды аддитивтік әдіс
бойынша анықталған бәсекеге қабілеттіліктің
интегралдық көрсеткішінің мағы
Осылай көрсетілген
ақпараттан кәсіпорындар мен олардың
интегралдық көрсеткіш бойынша
құрылған рейтингтегі жақын
8-кесте. ҚР кондитерлік
Параметр |
«Баян сұлу» АҚ |
«Рахат» АҚ |
«Қарағанды кәмпиттері» АҚ |
«Ақтөбе тәттілері» АҚ |
Шаруашылық қызметтен түскен пайда |
3 |
1 |
4 |
3 |
Басқарудың тиімділігі |
4 |
1 |
3 |
2 |
Іскерлік белсенділік |
1 |
2 |
3 |
4 |
Өтімділік және нарықтағы тұрақтылық |
4 |
2 |
1 |
3 |
Өндірістің көлемі мен шоғырлануы |
4 |
1 |
2 |
3 |
Төлемге қабілеттілік |
3 |
2 |
1 |
4 |
Бәсекеге қабілеттіліктің интегралдық көрсеткіші |
4 |
1 |
2 |
3 |
Ескертпе – Автор есептеген
Бәсекелестік стратегиясының тұрпаттамасын (типологиясын) пайдалана отырып, кондитерлік кәсіпорындар пайдалана алатын бәсекелестік стратегиясының келесі түрлерін жеке атауға болады: 1) төмен шығынның есебінен нарықта көшбасшы болу стратегиясы; 2) өндірісті әртараптандыру стратегиясы; 3) жергілікті нарықты саралау стратегиясы; 4) нарықтың шағын сегменттеріне қызмет көрсету стратегиясы; 5) интеграция мен кооперациялану стратегиясы. Осы саладағы бәсекелестік ортасы мен тауар нарығының ерекшеліктерін және кәсіпорынның экономикалық мүмкіндіктерін саралай келе атап өтілген стратегияның бірін қолдануға болады.
Сөйтіп, отандық және шетелдік кәсіпорындардың, сондай-ақ шағын кәсіпорындар мен олардың қауымдастығы тарапынан бәсекелестік күшейген жағдайда ірі және орташа өңірлік кондитерлік кәсіпорындарды стратегиялық басқарудың тиімділігін арттыруға қатысты ғылыми негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік беретін кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың әдістемесі мен механизмін әзірлеудің елеулі ұйымдастыру-экономикалық маңызы бар ғылыми міндет қалыптастырып шешілді.
Өнім мен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау негізінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру механизмін әзірлеу ұзақ уақыт бойы (3-5 жылға) бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған кешенді іс-шараларды ұсынуға мүмкіндік береді.
Ұйымдастыру-экономикалық механизмін пайдаланып өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалауға, оның келешектегі жай-күйін болжап, осы өнім ұйымның бәсекеге қабілеттілігіне қалай ықпал ететінін білуге болады. Ұйымның өсу стратегиясы өнім мен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау нәтижелеріне негізделеді.
Осы жұмыста кондитерлік өнім нарығындағы бәсекелік ортаны талдау орта және ірі өңірлік өндірушілер; жергілікті шағын кәсіпорындар; ірі ресейлік өндірушілер, сондай-ақ Украинаның кәсіпорындар деп аталатын шартты түрде үш негізгі топқа бөлінетін кәсіпорындардың арасында бәсекелестік қарқынның өршігенін растады. Сондай-ақ талдау шағын өндірушілер ұннан жасалған кондитерлік өнім, әсіресе бисквит-крем өнімі сегментінде өздерінің қатысуын арттырғанын байқатты. Ірі ресейлік және шетелдік өндірушілердің өңірлік нарықтарды басып алуы жалғасқан жағдайда ірі жергілікті өндірушілердің нарықтағы үлесінің одан сайын кемуіне әкеп соқтырып отыр.
Диссертацияда кондитерлік нарықтың күннен-күнге өршіп келе жатқан бәсекелестіктің ерекшеліктері ескеріліп орта және ірі кәсіпорындардың дамуының екі жолы бар екені анықталды. [31 б. 3]
Әзірленген
ұйымдастыру-экономикалық механизмі
«Қарағанды кәмпиттері» АҚ-ның
“Рахат” Ашық
акционерлік Қоғамы бүгінгі таңда
бірнеше дамыған
“Кондинаф” ,Голландия (какао бұршақтары);
“Драгоко” , Австрия (жемс иістендіргіштер);
“Кроклан” , Нидерланды ( кондитерлік майлар);
“Нагема” , Германия (құрал-жабдықтар мен саймандары);
“Сакада” , Франция (мұздатқыш құралдары);
“Шнейдерэлектик” , Франция (электр құралдары);[31 б.4]
ҚОРЫТЫНДЫ
Барлық жасалған тәжірибелерді, талдаудан алынған қорытындыларды саралай отырып төмендегі қорытындыға келуге болады. Мәселенің мәнісіне соншалықты терең мән бермейтін қарапайым халық үшін еліміз нарығында алуан түрлі өнімнің толып тұрғаны тиімді. Қалағаныңды сатып алуға мүмкіндік мол. Ал осы «молшылыққа» тереңірек үңілсек, өзгелерге қақпамызды кеңінен ашамыз деп, алдымен өзімізді құрбандыққа шалады екенбіз. Біріншіден, отандық өнім зардап шегеді. Өйткені өніміміз сырттан келіп жатқан арзан кәмпиттер нөпірі жанында баға бәсекесінде тұтынушысын жоғалтып алады. Екіншіден, өнімі өтпегеннен кейін өндіріс оны шығару көлемін азайтып, жұмысшыларын қысқартуға немесе ақшасыз демалысқа жіберуге мәжбүр болады. Яғни жұмыссыздыққа кең жол ашылады. Осының бәрін үстіміздегі жылдың қаңтар айына дейін кондитер фабрикалары басынан өткерді.
Бәсеке негізгі ұғымдардың арасында ең танымал әрі іргелі экономикалық санат болып табылады. Бәсекемен ұйымның бәсекелік жайғасымы, бәсекелестік стратегиясы мен ұйымның бәсекеге қабілеттілігі сияқты ұғымдар тығыз байланысты. Осы ұғымдардың арасында белгілі себеп-салдары бар өзара байланыс орнаған. Ұйымның нарық жағдайындағы бәсекелестік теориясы мен практикасы осы ұғымдардың жиынтығына сүйенеді.
Монополияға қарсы саясат саласындағы қазіргі заңнама ережелерінде дәстүрлі нарық экономикалы мемлекеттер нарықтың белгіленген бәсекелі ортасын қамтамасыз ете отырып, оны реттеуге тырысады.
Алғашқы уақыттан бастап бәсекеге нарықты реттеуші ғана емес, сонымен бірге ынталандырушы функция да берілген болатын. Басқаша айтқанда бәсеке өндірісті және тауар массасының сапасын дамыту, жетілдіру факторы ретінде қарастырылды.
1990-шы жылдары бәсекенің мүлдем басқа анықтамасына негізделген теориялық тұжырымдамалар пайда болды.
Бәсеке ұғымының
дамуына ресейлік және қазақстандық
ғалымдар айтарлықтай үлес қосты. Бұған
Қазақстанда шаруашылық жүргізу
жағдайларының түбегейлі
Бәсеке пайда
болып дамитын жерде
Соңғы ондаған жылдарда әлемдік экономиканың дамуы классикалық теорияларды қайта қарауды қажет етті. 1990-шы жылдары бәсекелестік артықшылық теориясын әзірлеген, сондай-ақ ұйымның ішкі де, әлемдік нарықтағы бәсекелестік артықшылығы елде қалыптасқан ахуалға байланысты екенін тұжырымдаған М. Портердің зерттеулерінің маңызы зор. М. Портердің пікірінше, осыған қатысты факторлық жағдайлар; сұраныс; стратегия, фирмалардың құрылымы мен бақталастығы; салалас және қолдайтын салалардың даму деңгейі жатады. Бәсекелестік артықшылыққа өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, тауарларды жоғары деңгейде әртараптандырып немесе нарықты орынды сегменттеу арқылы қол жеткізуге болады. Г.Л. Азоев осы тізімге ұйымның бәсекелестік артықшылықты қалыптастыру талаптарына жаңалық енгізуді, нарықтың қажеттілігіне жылдам ден қоюды қосты. [32 б.27]
Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңінде ресурстардың сиректігі мен тұтынушының қолында бар ақпараттың шектеулі болуына байланысты бәсекелестік артықшылыққа жету қиындап келеді. Бизнестегі жағдайдың жылдам өзгеруіне орай ұйым қалыптастырып іске асыратын бәсекелестік артықшылық ұзақ уақыт бойы сақталмайды.
Бәсекеге қабілеттілік бәсекелік артықшылықтардың барын белгілейтін нәтиже болып табылады, тауар, кәсіпорын, сала, экономика қолданылатын объектіге байланысты оны әрқалай түсіндіруге болады.
Ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі – бұл өте күрделі ұғым. Бір жағынан, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі бәсекелес шетелдік тауарлар мен қызметтерге ішкі де, сондай-ақ сыртқы нарықта ойдағыдай төтеп беретін сатылатын тауарлар мен қызметтердегі экономикалық, ғылыми-техникалық, өндірістік, басқарушылық, маркетингтік және өзге де мүмкіндіктердің шоғырлануымен анықталады, екінші жағынан, экономиканың бәсекеге қабілеттілігі – бұл елдің мемлекеттік және қоғамдық құрылым жүйесінің, қоғамның қоғамдық өмірінің барлық қырларын саяси-құқықтық ұйымдастыру мен реттеудің артықшылығы, мемлекеттің ұлттық экономиканың тұрақты, серпінді дамуын қамтамасыз етуі, сондай-ақ қоғам мүшелерінің осымен байланысты әлемдік стандарттарға сәйкес материалдық әл-ауқаты.
Бәсекеге қабілеттілік проблемасы әлемнің барлық мемлекеттерін алаңдатады: елдің бәсекеге қабілеттілігі елдің әлемдік нарықтағы жағдайын талдап қорытатын әрі сипаттайтын көрсеткіш. Экономикасы әлсіз елдің бәсекеге қабілеттілігінің деңгейі жоғары болмайды.
Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экономиканың жаңа деңгейіне жетуі біршама күрделі процесс. Осы процесті бәсекеге қабілеттілікті бағалауды үйренбей, оны өлшейтін көрсеткіштерді білмей басқаруға болмайды.
Дипломдық зерттеудің нәтижелері бойынша келесідей тұжырымдама жасауға болады.
1. Қазақстан экономикасының қазіргі кезеңдегі даму процесінде бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізу қиындық туғызады.
2. Елімізде қалыптасқан жағдай дәстүрлі нарық елдерінен ерекшеленуіне байланысты қазақстандық тұтынушылық тауарлар нарығын талдау қажеттілігі туындайды.
3. Бәсекелестік артықшылықтар – бұл ұйым қызметінің экономикалық, техникалық, ұйымдастыру саласында бәсекелестерден экономикалық көрсеткіштермен (қосымша пайда, жоғары пайдалылық, нарықтағы үлесі, сату көлемі) өлшеуге болатын артықшылықтың барлық жағынан асып түсуін білдіреді.
4. Бәсекелестік стратегиясы өндірістік-шаруашылық ұйымның бәсекелік жайғасымын сақтауға не болмаса оны өзгертуге бағытталады.
5. Бәсекеге қабілеттілікті талдау мен бағалау әдістерінде көп жағдайда жекелеген нарықтардың ерекшеліктері ескерілмейді.
6. Кондитерлік саланың бәсекелік ортасының біз жүргізген мониторингі осы ерекшеліктің нарықтағы өзгерістердің ықпалынан туындаған әр түрлі макроэкономикалық және әлеуметтік-саяси факторлардың, яғни экономикалық дағдарыстың салдарының, нарықтың инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуының, инвестициялық белсенділіктің төмендігінің және т.б. ықпалымен қалыптасқанын көрсетті.
7. Кондитерлік саланың бәсекелестік мүмкіндіктерін бағалау үшін рейтингтік тәсілдемеге негізделген әдістеме әзірленді.
8. Кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың отандық және шетелдік өндірушілерді, сондай-ақ шағын кәсіпорындар мен олардың қауымдастықтары тарапынан бәсекелестік күшейген жағдайда ірі және орташа кондитерлік кәсіпорындарды стратегиялық басқарудың тиімділігін арттыру жөнінде ғылыми негізделген шешім қабылдауға мүмкіндік беретін әдістемесі мен механизмін әзірлеудің ғылыми мәселесі қалыптастырылып шешілді.
9. Жұмыста кондитерлік өнімнің, сондай-ақ кондитерлік кәсіпорын-дардың бәсекеге қабілеттілігін бағалауда бәсекелік ортаның өзгеруіне орай көрсеткіштер ескерілді.
10. Дипломдық жұмыста орта және ірі өндірушілердің кондитерлік нарықтың және үдеп келе жатқан бәсекелестіктің ерекшеліктері ескеріліп дамуының екі жолы ұсынылды. Кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру әдістемесі мен механизмін әзірлеудің ұйымдастыру-экономикалық маңызы белгіленді.
Жұмыстың негізгі нәтижелері:
Кондитерлік өнеркәсіптің отандық кәсіпорындары жұмыс істейтін кондитерлік сала мен кондитерлік ортаның дамуының негізгі үрдістерін экономикалық талдау нәтижесінде кондитерлік өнімнің өңірлік нарықтарында бәсекелестік өршіген жағдайда Қазақстанның кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттары айқындалды.
Кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың кондитерлік өнімнің өңірлік нарықтарының құрылымын, кондитерлік өнеркәсіптің өңірлік ірі және орта кәсіпорындарының сыртқы және ішкі ортасының ерекшеліктерін ескеруге және ұлттық және шетелдік өндірушілер тарапынан бәсекелестік күшейген жағдайда ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін ұйымдастыру-экономикалық механизмі әзірленді.
Дипломдық жұмыста кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың әзірленген ұйымдастыру-экономикалық механизмі мен кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемесін ұлттық және шетелдік өндірушілердің, сондай-ақ шағын кәсіпорындар мен олардың қауымдастықтары тарапынан бәсекелестік өршіген жағдайда ірі және орта кондитерлік кәсіпорындарды стратегиялық басқарудың тиімділігін арттыруға қатысты ғылыми негізделген шешім әзірлегенде пайдалануға болатыны атап көрсетіледі.