Лекциялық кешен

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 08:38, курс лекций

Описание работы

Айтылмыш жұмыс дәрістің конспектінің ша "Менеджмент" деген тәртіпке болып табылады

Работа содержит 1 файл

менеджмент лекция5555.doc

— 380.50 Кб (Скачать)

Шетел зерттеушілерінің пікірінше, тиімсіз қарым-қатынас- проблемалардың туындауының басты себептерінің бірі. Тиімді жұмыс істейтін басшылар- бұлар тиімді қарым-қатынас орната білетіндер. Ұйым ішінде де, одан тысқары жерде де тиімді қарым-қатынас ұйым аралықтары ішінде де,  сыртқы орта үшін де аса қажетті, сол мақсатта олар түрлі амалдарды пайдаланады.

Олар тұтынушыларға жарнама  арқылы және басқадай жолдармен байланысады. Қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынас  орнатуда жергілікті ұйымдармен, жалпыұлттық  немесе халықаралық деңгейде  байланыс жасауға ерекше көңіл бөледі. Ұйым мемлекеттік реттеу тәртібіне бағынуына тура келеді, сол себептен де есеп беріп, онда қаржы және маркетинг туралы мәлімет береді, сондай-ақ өзінің орналасуы мүмкіндіктері, жеңілдіктері т.б. туралы деректер келтіреді. Ұйымның сыртқы ортадағы оқиғалар мен факторларға қатысуының басқа да толып жатқан әдістері бар.

Сыртқы орта арқылы пайда  болатын алуан түрлі проблемаларға  байланысты ұйым ішінде әр түрлі талқылаулар, жиналыстар, телефон арқылы келісімдер жүргізіліп, қызмет жазбалары,есептері, бейнетаспалар т.б. жасалады.

Ұйымда мәліметтер бірінен  бірі беріліп, алмасып отырады. Жоғары басшылықтан төменгі басшылыққа күнделікті міндеттер, нақты тапсырмалар, ұсыныстар т.б. беріледі. Төменгі  деңгейдегі  басшылықтан жоғары деңгейдегі басшылыққа берілетін мәліметтер еңбек өнімділігіне айтарлықтай ықпал етеді.

Төменгі деңгейден жоғары деңгейдегі басшылыққа берілетін мәліметте  не істеп жатқандығы айтылады. Басшы  осындай жолмен ағымдағы мәліметтерді біліп отырады, істі оңға бастырудың мүмкін болатын варианттарын ұсынады. Жоғарғы басшылар мен төменгі басшылардың мәлімет алысуы әдетте есеп беру, ұсыныс айту және жазбаша түсініктеме нышанында болады.

Әртүрлі бөлімшелер аралығындағы коммуникация көлбеу  коммуникацияға жатады. Кез келген ұйым мұндай коммуникацияны қажет етеді, өйткені, оның өзі өзара байланысты элементтерден тұратындықтан, басшы мақсатқа жету үшін біркелкі жолға қойылған жұмысқа қол жеткізуі тиіс.

Басшы мен бағыныштылар коммуникация компоненттері болып саналады. Олар бөлімшелердегі міндеттерді анықтау үшін мәліметтер алмасады, жұмысты тиімді орындау проблемаларын талқылайды.

Басшы мен жұмысшы топтарының арасындағы коммуникация, басшы мен  бағыныштылар арасындағы қосымша мәлімет  алу болып саналады, әрі басшыға  топтың іс әрекетінің тиімділігін арттыруға  ықпал етеді.

 

 

 


Информация о работе Лекциялық кешен