Лекциялық кешен

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 08:38, курс лекций

Описание работы

Айтылмыш жұмыс дәрістің конспектінің ша "Менеджмент" деген тәртіпке болып табылады

Работа содержит 1 файл

менеджмент лекция5555.doc

— 380.50 Кб (Скачать)

Менеджер басқару  саласындағы  нақтылы бір міндеттерді  орындайтын жоғарғы қабілетті кәсіби маман.

Басқару әрекетін жүргізу басшылардың білім деңгейі, басшылардың тәжірибелік байланысы.

  Осыған орай басқару теориясы мен практикасында  қолданылатын басқарушылар үлгісін қарастырайық.

Басқарушы үлгілер.

Басқарушы үлгі деніміз - қажетті іс - қимылды жүргізуде басшылардың бойындағы арнаулы білімі, мінез - құлқы белгілерінің болуы.

Мақсатқа жету ережелері, адаммен қарым - қатынас  жасау әдісі, билікпен басқару шеберлігіне  байланысты жіктелінеді.

Басқару теориясы мен тәжірибесінде 4 үлгі орын алады.

  1. Басқарушы- жетекші ( лидер) шешім қабылдауда және оны жүзеге асыруда, қызметтер мен тығыз қарым - қатынас жасауы,  әркімнің мүмкіндігінен толық ұғымын және бағалай білу арқылы маңызды орын алады.
  2. Басқарушы - әкім, ұйымның табысқа жетуін қатаң бақылау және жарлық ету арқылы ұйымдардағы міндеттер мен жауапкершілігі  тығыз ара - қатынасын орнатады.
  3. Басқарушы – жоспарлаушы, ол нақтылы жағдайды зерттей отырып, ұйымдағы ресурстар мен мүмкіндіктерді мақсатты орындауды бағыттайды.
  4. Басқарушы- кәсіпкер, ол ұйымның болашағын жаңа бағытқа белгілейді. Басқарушы кәсіпкер өнім өндіруді қолдау мен қызықтыруда, бәсекелестік пен қызметтерді тиімді жетілдіруде, стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз етуде маңызды орын алады.
  5. Қазіргі  уақытта жүйелі көзқарас ғылым мен практиканың  барлық сипаттамаларына кеңінен пайдаланады.  Мұның себебі, қазіргі кезеңде өндіріс көлемінің өсуі  талдау жасауға біршама оңай зерттеуден неғұрлым күрделі объектілерге көшу жүріп жатқан кезеңде басқарудың «үлкен жүйелері» деп аталады. Күрделі жүйелер пайда болып, жұмыс істеуде.

 Жүелердегі  басқару шарттары.

  1. Ең алдымен басқару жүйе мен басқарылушы жүйелер арасындағы байланыстың болуы.
  2. Жүйе бір сапалық жүйеден екіншісіне көшуге қабілеті болып, бұл орайда жүйе күйінде қала беруі тиіс.
  3. Жүйе басқарушылық ықпалын күшейту, яғни басқару объектісі мен субъектісіне тікелей ықпал жасау.
  4. Жүйеде басқару хабарламасын беру, жинақтау және өзгерту мүмкіндігін  қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен жүйе аталып келтірілген шарттарды қанағаттандыратын  жағдайда ғана оны басқаруға болады. Бұл шарттар барлық басқару жүйелеріне ортақ болады.

Экономикалық  жүйелер және олардың ерекшеліктері.

Жоғарыдағы  жүйелерді басқарудың барлық басқару  жүйелеріне ортақ шарттар көрсетіледі. Бірақ экономикалық жүйелерге оларды басқа жүйелерден айрықша ететін және басқарған кезде ескеру қажет болатын өз ерекшеліктері бар.

1) Экономикалық жүйелердің  әлеуметтік сипаты бар, адамдарға  материалдық және мәдени игіліктерді  өндіруші мен тұтынушыға айқындаушы  роль ретінде қаралады.

2) Осы жүйелердің  өзара әрекет ететін белгілі-бір ортаның болуы. Жалпы өндіріс осындай жүйе болып табылады.

3) Экономикалық күрделі  жүйелер. Бүкіл халық шаруашылығы  өзара байланысты жұмыс істейтін  салалардың, аймақтардың, кәсіпорынның  және т.б күрделі жүйесін құрайды.

3. Басқарылушы кіші жүйелердің жұмыс істеу қағидалары.  

1. Техникалық  жүйе өндірістік кәсіпорынның  өндірістік қуатын көрсетеді,  соның көмегімен адамдар өндіріс  процесінде белгілі бір мөлшерде  және сапалы өнім өндіре алады.

Ғылыми – техникалық процес техникалық жүйеге мейлінше көп ықпал жасайды.

2. Технологиялық жүйе  өндіріс операциялары мен процестерінің  ережесі .Технологиылық жүйені  адамдар ғылым мен техника  жетістіктерін, алдыңғы ұрпақтардың  тәжірбиесін ескере отырып жасайды  және ол ғылыми прогрестің  өзгеруімен өзгеріп отырады.

3. Өндірісті ұйымдастыру  жүйесі өндірісті ұтымды ұйымдастыруға,  өндірісте өндіргіш күштерді  ұтымды пайдалануға, өндіріс процесін, прогрестік тәсілдермен әдістерінің  көмегімен шығынның аз болуын  өндіріс процесіне ұтымды біріктіруге  мүмкіндік береді.

4. Бірлескен  еңбек жүйесі жекелеген еңбек  түрінің саны және сапа жағынан  белгілі бір пропорциясы, олардың  өндіріс процесіндегі өзара байланысы. (адамдар тобы)

5. Экономикалық  жүйе өндірістің барлық жақтарындағы  экономикалық байланыстардың бірлігіболып табылады. Экономикалық жүйе барлық өндіріс жүйелерінің мүмкіндіктерін және оның тиімділігін арттыру үшін жан – жақты пайдалану міндетін шешеді.

Тестлеу сұрақтары:

 

  6-тақырып. Менеджментті ақпаратпен қамтамасыз ету

 

Мақсаты: Студент белгілі бір міндеттерді шешу үшін пайдалы деп бағаланбаған, қабылданған және түсінілген жаңа мәліметтер немесе қандайда бір оқиға туралы хабардар болу және жағымды жақтарын өңдеп жинау тәсілдерін оқып білу.

Сұрақтары:

  1. Ақпарат ұғымы. Ақпарат басқару қызметінің пәні ретінде
  2. Ақпараттың басқару тиімділігіне әсері
  3. Ақпараттық жүйелер. Ақпараттық ағымдарды ұйымдастыру, ақпаратты жинау мен өндеу әдістері.

 

  1. Ақпарат дегеніміз - белгілі міндеттерді шешу үшін пайдалы деп бағаланбаған, қабылданған және түсінілген жаңа мәліметтер немесе қандай-да бір оқиға туралы т.б жағдайлар туралы хабарлар болып табылады.

 Қазіргі  кезеңде ақпаратты зерттеу негізгі  3 тұрғыда жүреді.

  1. синтактика - ол деректерді қайта өңдеу мен жеткізу құралдардың өткізу қабілеті мен табиғи кедергідерді жою тұрғысынан зерттейді.
  2. семантика - хабардың маңызы мен оның көріну формасын зерттейді.
  3. прогматика - хабардың пайдалылығы мен тиімділігін зерттеумен байланысты.

Өндірісті басқару  ақпараты 2 топқа бөлінеді:

    1. Мазмұндылық ( сематикалық) белгілері бойынша.
    2. Ұйымдық ( прагматикалық ) белгілері бойынша.

Мазмұнының  белгілері бойынша ақпарат келесіге бөлінеді:

  1. Бейнеленетін объектілер бойынша ( халық, еңбек ресурстары, табиғи ресурстар, өндірілген құрал- жабдықтар, өнім шығару және қызмет көрсету, ақша қаражаттары т.б ).
  2. Ұдайы өндіріс сатылары мен процестері  бойынша ( өндіріс, айналым, бөлу, тұтыну туралы ақпарат).
  3. Халық шаруашылығының салалары бойынша ( өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, транспорт, құрылыс т.б).

Мазмұндылық белгілері  ақпаратта бейнеленетін технологиялық, экономикалық, әлеуметтік және басқа қатынастарының түрі бойынша оны бөлетін маңызды белгіге жатады.

II. Ұйымдастыру  тұрғысынан салып қарағанда, ақпарат:

    • жүйеге келтірілген (жүйеленген)
    • жүйеге келтірілмеген ( жүйеленбеген)

Жүйеге келтірілген  ақпарат дегеніміз - көрсеткіштердің құралы, хабардың адрестері, мерзімдері, ұсынылу қалыптары бойынша адамға күні бүрын берілген мазмұн мен тәртіп бойынша және келісілген мерзім мен айтылған уақыт түсіп отырады.

Жүйленген ақпараттарға жататындар: берілген статистикалық  есеп, өндірістегі жұмыстардың барысы, ресурстардың жұмсалуы т.б туралы күнделікті ( оперативті )  ақпарат.

Жүйеге келтірілмеген  ақпарат дегеніміз - сипаттары бойынша толықтай немесе ішінара тәртіптелмеген болады. Бұл ауық  түрде түсетін ақпарат. Мысалы, төтенше жағдайларда ақпарат.

Басқару процесіндегі ақпарат 2 түрге бөлінеді.

  1. Құжатталған ақпарат.
  2. Құжатталынбаған ақпарат.

Құжатталған ақпарат  келесідей түрде болады:

    • есептер;
    • анықтамалар;
    • мәжіліс протоколдары;
    • баяндау жазбалары;
    • хаттар;
    • қаулылыр;
    • жоспарлар;
    • бұйрықтар;
    • нұсқаулар;

 Құжатталынбаған ақпарат - бұл көбінесе телефон арқылы, жеке әңгімелесуде, кеңесте және ауызша түрде берілген ақпарат.

Жүйеге келтірілген  ақпараттардың барлығы да құжатталынады: ал жүйеге келтірілмеген ақпарат  ішінара ғана құжатталады.

 Ақпарат жүйелері дегеніміз - деректерді жинау, өңдеу, сақтау және оны жеткізу мақсатында, оларды толық, дәл және дер кезінде болуын есепке ала отырып, басқару органдарының жеткілікті түрде өткізгіштік қабілетін, деректердің өтуі мен пайдалануының барлық буындарында оларды бір жақты түсіну, әр түрлі деректердің маңыздылығын дұрыс анықтауы мен басқару ұйымдық құрылымдарының  барлық деңгейіндегі басшылар үшін оларды тиісті, іріктеуді қамтамасыз ететін құралдар мен әдістерінің жиынтығы.

Ақпараттар  жүйесін жетілдірудің іс - әрекет жоспары келесі болып табылады.

1-кезең. Қолда  бар жүйені зерттеп білу. Ол  кешенді түрде болуға және  бұдан кейінгі кезеңдерге ақпарат  жүйесінің барлық элементтерін  жасау үшін материал беруге  тиіс.

2- кезең. Алынған  материалды талдау. Ол ақпарат жүйесін жетілдірудің техникалық, экономикалық жағынан негізделуімен қоса негізгі бағыттар туралы ұсыныстарды дайындау.

3- кезең. Ақпарат  жүйесінің жобасын дайындау. Бірнеше  шағын кезеңдерге және тауарларға  бөліну мүмкін. Жобода жаңа жүйенің  ақпараттың түрлі моделі,  ақпарат тасқындарын тәртіпке келтірілген ережелер мен нұсқаулар, көрсеткіштер жүйесі мен оларды алу әдістерін суреттеу. Документация жасау форма мен құжат айналымының үлгілері, құжаттау ережелері болуға тиіс.

3. Әрбір өндірісте  немесе кәсіпорында қарапайым және күрделі ақпараттық жүйлер болады.

Қарапайым хабарлама  жүйлері дегеніміз - ақпарат пайда болған жерден оны адамдарға ешбір өңдеусіз жеткізуді қамтамасыз ететін жүйлер. Бұл- радио, телефон арқылы ауызша берілетін бір жолға хабарлар болуы мүмкін. Қарапайым ақпарат жүйелер: бригада, участоктар дәрежесіндегі басқару үшін сипатты нәрсе.

Күрделі информациялық  жүйлер дегеніміз - оларды құрастырушы ақпарат үлгілерінің информациялық өңделуін бастапқы ақпарат негізінде туынды информация алынуын және олардың талдануын, күрделі есептеулер жасалуын керек ететін жүйлер.

Осы заманғы өндіріс пен  оны басқару дәрежесі әдетте күрделі  ақпараттық жүйелерді ұйымдастыруды  көздейді.

Қазіргі кезде  ақпарат жүйесінің дамуы –  күрделілігі неғұрлым аз жүйелерден күрделілігі анағұрлым жоғары жүйелерге қарай жүреді.

Күрделілігі неғұрлым аз ақпарат жүйелер дегеніміз - информациялық  модельдер көрсетілген технология бойынша информацияны алу, жинақтау, беру, өңдеу және тұжырымдау ісін адам жүзеге асыратын жүйелер. Информацияны  өңдеген кезде адамның қарапайым байланыс құралдарын қолдануға ерік береді, бұл жүйелер кәсіпорындарда кеңінен қолданады.

Күрделі орташа  инфопмация жүйелер дегеніміз - информациялық өңдеу жөніндегі бір технологиялық операцияның адам жүзеге асыратын, ал екіншілерін механикаландыру мен автоматтарды қамтамасыз ететін техникалық құралдар арқылы жүзеге асатын жүйелер.

  1. Информацияны оның жинақтарын және өңделетін жерлеріне, сондай-ақ басқарушы адамға бастапқы есеп құжаттарын жөнелту арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттың бір бөлігі, әсіресе техникалық экономикалық есептері бар шығыс құжаттарын, тұжырымдау, қажет болған жағдайда- автоматтандырылған түрде өңделуі мүмкін.

Кәсіпорынның  анағұрлым информациялық жүйелері дегеніміз -   ақпараттарды өңдеу бүкіл технологиялық процесі түгел автоматтандырылған жүйелер.

Мұндай жүйелердегі ақпараттарды алу, жинақтау, беру, өңдеу ісі шығыс  құжаты тұжырымдауды қоса алғандағы  прогресті техникалық құралдардың  жәрдемімен автоматтандырылған жолмен жүзеге асырылады.

  1. Өтпелі кезеңде экономикалық тұрақтандыру, басқару өнерін көптеп қажет ететін мәселе болып табылады. Республикалық экономикалық тұрақтандыру мақсатымен өкімет 1990ж  6-желтоқсанда  қазақ жоғарғы кеңесінің жарлығы бекітілген арнайы бағдарламалар жасаған.

Осы бағдарламаларға сәйкес тұрақтандыру шарттарының бірі – мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту. Бұл үшін Республикалық, жергілікті бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерін қайта қысқарту ревизиясы жасалады.

Бюджет шығысын  келесі баптар бойынша қарастырады: 

    • Өндірістік құрылысқа күрделі қаражатты азайту. Мемлекеттік жоспарлау практика ұзақ уақыт бойы өндірістік бағыттағы объектінің даму қағидасы сақталған. Бұл қағида экстенсивті экономикаға және оның әкімшілдік - әміршілдік шараларына тән. Өндірістік бағыттағы өнімдер шығаруды күшейтуге көп көңіл бөлінді.
    • Жағдайдың өзгеруіне байланысты мақсатты бағыттарын жоғалтқан қосымша шығындар мерзімінде игерілмеген  бөлінбеген қаражаттар.
    • Бұрын қабылданған барлық инвестициялық бағдарламалардың күшін жою.
    • Тиімсіз шығындарға жасалатын мемлекеттік ұйымның тексерісі.

Информация о работе Лекциялық кешен