Лекциялық кешен

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 08:38, курс лекций

Описание работы

Айтылмыш жұмыс дәрістің конспектінің ша "Менеджмент" деген тәртіпке болып табылады

Работа содержит 1 файл

менеджмент лекция5555.doc

— 380.50 Кб (Скачать)

Сондықтан  осы  шартты  іске  асыру  үшін  басшы:

1  Өндіріс  пен  еңбекті  ұйымдастыру  шарттарын

  1. Материалдық және моралдық  ынталандыру  жүйесін
  2. Идеялық - тәрбие  жұмысын  алға  қояды
  3. Өндірісте  демократиялық  негіздердің  дамытылуын
  4. Өзі қызметтік және қоғам  функцияларын  орындау  жөнінде  жеке  үлгі  көрсетуді біліп пайдалану  қажет .

Басшының моральдық  психологиялық факторларда басқару  саласында әкімшілік - әміршіл жүйені қалпына келтіругеәкеліп соғады.

Басқарудың  әлеуметтік – психологиялық (тәрбиелік) әдістері еңбек ұжымдарында алда тұрған міндеттерді тиімді шешуге жәрдемдесетін қолайлы және тұрақты моральдік – психологиялық жағдай жасауға бағытталған.

Оларға жататын  басқарудың әлеуметтік әдістері мыналар:

      • моральдық жағынан ынталандыру әдістері
      • әлеуметтік жоспарлау әдісі (нормалау ішкі тәртіпережелері, іскерлік этика ережелері)
      • тәрбиелік әдістері (насихат, иландыру)
      • әлеуметтік бастама мен жаңашылдықты жандандыру әдістері
      • қызметкерлер арасындағы ресми және бейресмиқатынастар

 

11-тақырып. Басқарудың ұйымдастырушылық-өкімдік әдістері

 

Мақсаты: Басқарудың ұйымдастырушылық-өкімдік әдістерін және оперативті басқаруда пайдаланылатын ұйымдастырушылық әдістерді оқу.

Сұрақтары:

1. Ұйымдастырушылық-өкімдік әдістердің мәні және олардың сипаттамасы

2. Оперативті басқаруда пайдаланылатын ұйымдастырушылық әдістер

3. Экономикалық басқарудағы құқықтык әдістердің рөлі

 

  1. Жоспардың орындалуын қамтамасыз етуге тиісті ұйымдық құрылымдарды құруды басқарудың маңызды функцияларының  бірі- ұйымдастыру болып табылады. Аталған функциялардың мақсаты- басқарушы мен басқарылушы жүйелері, сондай- ақ олардың арасындағы байланыстар мен қатынастарды қалыптастыру.

Жалпы ұйымдастыру  функцияларында біршама дербес, бірақ  өзара байланысты қызметтерді бөліп  қарастыруға болады.

    1. Басқару жүйесін ұйымдастыру.
    2. Басқару объектісі мен субъектісі арасындағы байланыстар мен қатынастарды ұйымдастыру.
    3. Басқару субъектісі  ішіндегі байланыстарды ұйымдастыру. 
  1. Басшының ең басты міндеті өзіне бағынышты қызметкерлердің күш - жігерін алға қойылған міндеттерді шешуге бағытталады.

Өкілеттіктер- ұйым ресурстарын пайдалануда және қызметкерлердің күш- жігерін нақтылы бір мәселелерді шешуге, бағыттауда берілетін мүмкіндік және құқық.

     Делегирлеу - мақсаттың орындалуына толық жауап беретін адамға өкілдік пен шешімдерді жүзеге асыруды жүктеу.

Жауапкершілік - алда тұрған мақсаттарды орындау  жөніндегі міндеттеме және олардың қанағаттанарлық шешіміне жауап беру.                             Өкілеттіліктер мен жауапкершіліктер.

Өкілеттілік беру дегеніміз - басқару қызметін бөлісу процесін дамыту. Ол басқару жүйесінің икемділігін күшейтеді және штат құрылымын өзгертпей-ақ шаруашылық жүйесінде жаңа проблемаларды шешуге, жедел реттеп отыруға мүмкіндік береді. Жауапкершілігі аз, өкілеттілігі көп болса ойластырылған шешімдер көп болады. Өкілеттілік аз болғанда, жауапкершілік тің зор болуына да жол беруге болмайды, қажетті шешімдер қабылдау мүмкіндігі жойылады.

Өкілеттіктер  мен билік.

Көп жағдайда өкілеттіктер мен билік ұштастырылады. Дегенмен, өкілеттілік дегеніміз - ұйым ресурстарын пайдалануда лауазымға берілетін шектеулі құқық. Ал билік қалыптастыратын жағдайда нақтылы ықпал әсер ету мүмкіндігі болып табылады және өкілеттілікке ие болмай-ақ билік жүргізуге болады.

Ақпаратты өкілеттер.

Өкілеттер:- кеңес  беруші, қызмет көрсетуші және ақпарат  болып табылады.

Кеңес беруші ақпарат- басшылық арнаулы білімді қажет ететін ерекше проблема туындағандай тиісті мамандарды өзіне уақытша немесе тұрақты негізінде жұмысқа шақыра отырып, кеңес беруші ақпарат құрады. Ол міндетіне басшылары өз мамандығы бойынша қызметкерлерді баулу және жетілдіру, жаңа техника және технология, құқық т.б салалары жоғары дәрежеде екңес беру, үйрету.

Қызмет көрсетуші  ақпарат - қоғаммен байланысты, қаржыландыру, маркетингтік зерттеулер, жоспарлау, жабдықтау, мәліметтермен қамтамасыз ету, экологияны қорғау мәліметтерін орындайды.

Ақпарат жеке - жоғарғы басшыларының еңбегінің  тиімді ұйымдарға ықпал ететін жеке хатшы мен көмекші қызметкерден құралады.

 

12-тақырып. Басқару функциялары

 

Мақсаты: Басқару  функцияларын оқу барысында мақсатқа жету  қажетті шешімдерді әзірлеп қабылдауды және қабылданған шешімдердің орындалу барысын үйлестіру мен бақылауды бірізділікпен жүзеге асыруды оқу.

Сұрақтары:

1. Басқару функциясы ұғымы

2. Басқарудың жалпы және нақты функциялары

3. Басқару объектісі мен субъектісінің функциялары

 

  1. Функция – жөнелтуді,әрекетті білдіретін латын сөзі.

Басқару әрекетінде орын алатын функциялар өзіндік өзгешелік, ерекше мазмұн және жүзеге асырылудың дербес сипатына ие болады. Басқаруда жекелеген функцияларды бөліп көрсету - өндіріс пен оны ұйымдастырудың күрделілігі туғызатын обекьтивті процес. Басқару функцияларының пайда болуы басқару саласындағы нысаналы ықпалдарды саралаудың, еңбек бөлінісі мен оны  мамандандырудың нәтижесі.

Басқару функцияларының жүйелі жиынтығы басқару процесін құрайды. Бұл – мақсатқа жету барысында  қажетті шешімдерді әзірлеп қабылдауды және қабылданған шешімдердің орындалу барысын үйлестіру мен бақылауды бірізділікпен жүзеге асыруды білдіреді.

Басқару функцияларын бөліп көрсетуде  бірқатар көзқарастар  мен тәсілдер орын алған. Ғылыми басқару  саласының көрнекті өкілі Ф.Тейлор басқару функциялары қатарына: мақсатты анықтау, құралдарды таңдау және әзірлеу, нәтижені бақылау  әрекеттерін енгізген болса,  әкімшілік басқару мектебінің өкілі А.Файоль басқаруды  болжамдау және жоспарлау, ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестіру және бақылау деп тұжырымдаған болатын Сонымен қатар, А.Файоль кәсіпорында орын алатын операциялар жиынтығытурасынан төмендегідей функцияларды анықтаған:

- техникалық  функция (өндіріс)  

- сауда –  саттық функциясы (сатып алу  және өткізу)

- есеп жүргізу  функциясы (есептеу)

- қаржылық функциясы (қаржыландыру

- қауіпсіздікті  қамтамассыз ету функциясы (қызметкерлер  мен материалдық игіліктердің  сақталынуы)

- әкімшілік  функция (басшылық, ұйлестіру және  бақылау) 

Басшылардың тікелей  басқарушылық әрекетін белгілейтін  операционалдық басқару теориясы бойынша функциялар: жоспарлау, ұйымдастыру, кадырлармен жұмыс жасау, басшылық және лидерлік, бақылау болып жіктелінеді

Дамыған нарықтық қатынастар мен бәсеке жағдайында  кәсіпкерлік басқару   маңызды  орын алады. Осы белгі бойынша  іскерлік басқарудың функциялары болып дамыту,маркетинг, өндіру және шаруашылықты басқару табылады.

Осыдан көріп  отырғандай, басқару функцияларын жіктеу бірқатарбелгілерге байланысты болып  отыр. Басқару функцияларын ғылыми түрде топтау басқару ппроцесін  белгілі бір тиімді тиімді қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді және басқару еңбегңнің озық тәжірбиесін таратуды жеңілдетеді.

2. Басқару функцияның  өзі бірнеше түрге, топқа бөлінеді.

 

Басқару функциялары


 

 

 

Жоспарлау      Ұйымдастыру      Үйлестіру     Ынталандыру     Бақылау, тексеру

 

1.  Жоспарлау  функциясы – алға қойған мақсатқа  жету үшін ұйымға қойылатын  міндеттер мен оларды орындау  жолдарын анықтау. Жоспарды жасау  үшін ғылыми негізде ұйымдастырған  жөн. Көп қолданылатын экономикалық  және ғылыми әдістерді пайдаланған жөн. Адаммен жобалау, моделін жасау - программалау

2. Ұйымдастыру  функциясы  -  ұйымдастырудың бөлшектерін  бір жөнге салу, ретке келтіру.

Мына жұмыстар жатады:

а) жұмыстарды әр түрлі процестерге бөлшектеу

б) жұмыстар мен  қызметтердің іс - әрекеттерін ұйымдастыру

в) басқару процестерін  жобалап, оның орындалуына жағдай жасау

3. Ұйлестіру басшылық  функциясы – ұйлестіру дегеніміз  – атқаратын істерінің бір  – бірімен өтетін  уақытын  және ретін келістіру. Әр бөлімшелердің  жұмыстары  қабылдаған шешімдерді  қарсы  болмауы керек.

Басшылық функциясы өндірісті  немесе ұйымды басқарып отырған қызметінің осы басқару обьектісінің жұмысын  қадағалап, керекті шешім шығарып, олардың орындалуын қамтамассыз  ету қажет.

4.  Ынталандыру  функциясы – Жұмысшыларды өнімді  ынталы еңбекке жұмылдыру қызметі.

5. Бақылау функциясы  – алға қойған мақсатқа жету  үшін әрқашан қадағалап, тексеріп, керек жерге өзгеріс енгізу  қызметі. Бақылау функциясы алға  қойған мақсатқа жету үшін  мынандай шарттар орындауы керек:

а) Бухгалтерлік есепжүйесі болу керек

б) Өндіріс көлемі жөнінде немесе істейтін жұмыс мөлшерін есепке алатын экономикалық көрсеткіші болу керек.

в) Қоғамның немесе кәсіпорынның болашақтағы проблемаларын  біліп, оны шешу жолдарын анықтаған жөн.

Басқару функциялары  барлығы да бір – бірімен тығыз  байланысты әрқайсысы бір – бірінің  қызметін бірі толтырып, бастаған мақсатқа жетуді қамтамассыз етеді.

 

13-тақырып. Менеджменттегі жоспарлау

 

Мақсаты: Жоспарлау процесі арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны, материалдық көздері мен оны жетілдіру  әдістерін анықтауды оқып білу.

Сұрақтары:

1. Жоспарлаудың мазмұны, мақсаттары мен міндеттері

2. Жоспар түрлері, жоспарлау формалары

3. Ұйым қызметін стратегиялық жоспарлау

 

Жоспарлау жүйеге ықпал ететін белсенді басқару процесі болып табылады., сол арқылы белгіленген мақсатқа жету үшін өндірістің даму қарқыны, материалдық көздері мен оны жетілдіру  әдістері анықталады. Басқарудың басты функциясы ретінде жоспарлау:

- ұйымның болашақтағы дамуын анықтайды;

- алға қойылған  мақсатқа жетудің жолдары мен  әдістерін белгілейді;

- міндетті орындауда  болуы ықтимал зардаптарды көре  білуді қамтиды.

  Жоспарлаудың маңызы болып қоршаған сыртқы орта факторларының әсері мен ұйымның ішкі мүмкіндіктерін бағалай отырып мақсаттарды белгілеу және сол мақсаттарды жүзеге асыруды тиімді әдіс жолдарын таңдап алу болып табылады.Нарық жағдайындағы жоспар өндіріспен өткізу көрсеткіштерін үнемі қадағалап отыру мақсатында маркетинг жүйесі және бақылау процесімен  тығыз байланысты болады.

Басқаша айтқанда, жоспарлау мынандай сұрақтарға жауап  береді:

- біздің қазіргі,бүгінгі  күнгі жағдайымыз қандай;

- болашақта  біз қандай болуымыз керек;

- осы жолда  қандай кедергілер орын алған;

- мақсатқа жетуде  қандай әрекеттер жасағанымыз орынды.

Осыдан барып  жоспарлау барысында ұйым деңгейінде жүзеге асырылатан төмендегідей міндеттерді  атап өтуге болады:

- нақтылы мерзім  ауқымында белгіленген мақсаттар  мен оны орындаудағы іс-әрекеттер;

- қажет етілетін  адамдық, материалдық, ақпараттық басқа да ресурстарды іздестіру;

- басқару жүйесі  мен ұйымдық құрылымдықалыптастыру  және ақпараттар тасқынын реттеу;

-еңбек өнімділігі  мен пайда деңгейін арттыру,  өндіріс барысы мен құрал-жабдықтарды  ұжымды пайдалану және жақсарту  жолдарын қарастыру

- сенімді бақылау  жүйесін қамтамассыз ету арқылыміндеттерді  орындауға қол жеткізу.

Басшылықтың алдында  тұрған проблемалар мен міндеттер  әрдайым өзара байланысты әрекеттер  жиынтығын талап етеді.

       2. Қазіргі кезде басқару теориясы мен тәжірбиесінде стратегиялық жоспарлау маңызды орын алады.

  Стартегиялық жоспарлау – ұйым  алдындағы  мақсатқа  жетуге  басшылықтың  қабылдаған  кешенді  жан-жақты шешімдер  жиынтығын береді.  Басқару  қызметін  жүзеге  асыруда  стратегиялық  жоспарлау  шеңберінде:       

- шектеулі  ресурстарды   бөлу 

- сыртқы  ортаға  бейімделу  

- ұйымдық   стратегияны  ұғыну  элементтері   орындалады.

  Ресурстарды бөлу  қызмет  барлық  қоғамдық  ресурстардың  шектеулігімен  байланысты,  яғни  ұйымдағы  қолда  бар  еңбек,  материалдық және қаржылық  ресурстарды мақсат  барысында тиімді  бөле отырып,  барынша  жоғары нәтижеге  қол  жеткізуге  бағытталады.

Информация о работе Лекциялық кешен