Лекциялық кешен

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 08:38, курс лекций

Описание работы

Айтылмыш жұмыс дәрістің конспектінің ша "Менеджмент" деген тәртіпке болып табылады

Работа содержит 1 файл

менеджмент лекция5555.doc

— 380.50 Кб (Скачать)

Жұмылдыру (мотивациялау) дегеніміз- ұйымның мақсатына жету үшін менеджердің адамдардың жұмысын  жандандырып, оларды тиімді еңбек етуге тартуға, ынталандыруға қолданылатын процесс.

Мотивация міндеті-адамдардың мұқтаждықтарына байланысты факторларды  анықтап, олардың түрлі мақсаттарға  жету үшін күшін қалай пайдаланып, мінез-құлықтың қандай нақты түрін  қолдануын зерттеу.

Үйлестіру –  ұйымның барлық құрылымдары арасында коммуникацияларды орнату жолымен сәйкестікті қамтамасыз ету.

Бақылау – мәліметтерді есепке алу, барлық қызметтердің нәтижелерін  талдау, жоспарлық көрсеткіштермен  салыстыру, ауытқу себептерін анықтау  және мақсатқа жету үшін қажет шараларды белгілеу.

   Басшының  міндеті ұйымның мақсаты мен  міндетіне толық сай келетін,  әрі оның ішкі және сыртқы  факторларына ықпал ететін құрылымды  таңдап алу. «Ең қолайлы құрылымы-бұл  ұйымның сыртқы орта мен бірлесіпмәрекет  етуіне барынша мүмкіндік беретін өз қызметкерлерінің күш –жігері өнімді, әрі тиімді бөлетін, бағыттайтын, сол арқылы клиенттердің қажетін қанағаттандырып, жоғары, тиімділікте өз мақсатына жететін құрылым».

Басқару құрылымын  қалыптастырған кезде мынадай теориялық  көзқарастар, тұжырымдар (концепциялар) болуы мүмкін.

Класссикалық  теория өндірісті басқару құрылымын  қалыптастыруды мынадай ретпен жүргізуді  ұсынады: басқару қызметінің мақсаттарымен  түрлерін айқындау, басқарудың нақты  қызметі бойынша іс-әрекет ауқымын  есептеу; құрылымдық бөлімшелерді қалыптастыру; жұмыскерлердің басқару қызметін атқарудағы өкілдігі мен жауапкершілігін белгілеу; олардың нақты қызмет түрін анықтау.

Бихевиоралдық көзқарас бірінші кезекте өндіріс  ұжымындағы  жұмыскерлердің әлеуметтік рөлін көтеруге негізделген. Мұндайда басқару аппаратындағы жұмыскерлердің бірлескен іс-қимылы, егер олар бірлесіп жұмыс істеуге ықылас білдірсе ғана тиімді болатындығын мойындайды.

Жүйелік көзқарастың  мәні сол, ұйым мен басқару құрылымы тұтас жүйе ретінде қарастырылады. Осы көзқарастың бір түрі, құрылымды басқару шешімдерін қабылдауға және жүзеге асыруға қажетті механизм ретінде қарастыру болады.

Ситуациялық (жағдайлық) көзқарастың мәні, сол басқару  құрылымын құрудың ең қолайлы  әдісі әр түрлі ситуациялық нақты  ыактілерге (өндіріс технологиясы типтерінің өзгеруіне, шешілуге тиісті міндеттердің сипатына, басқару процестеріне т.б) сүйенуі тиіс.

Бюрократтық (кеңесшілдік) көзқарас еңбек бөлінісінің жоғары дәрежесі мен, қызмет лауазымдарының бір  –біріне қарай бөлінуінің жетілдірілуімен, бұйрық беру тізбектілігімен, қызметшілердің жүріс-тұрысында көптеген ережелер мен нормалардың болмауы мен, кадрларды, іскерлік және кәсіптік сапасына қарай таңдаумен сипатталады.

 

 

22-такырып. Басқарудың корпоративтік мәдениеті

 

Мақсаты: Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінің үйлесуін және өндірістің материалдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет: технологияға  сәйкес тиімді жабдықтарды қатыстыру, олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістік тапсырыс ырғағын түпкілікті қорғау.

Сұрақтары:

1. Басқарудың корпоративті мәдениеті туралы түсінік

2. Корпорация мәдениетіне әсер етуші факторлар

3.Корпорация мәдениеті-ұйымдастырушылық құрылым мен кадр саясатындағы  кұндылыктарды көрсету ретінде

 

Өндірісті ұйымдастыруда  маңызды жағдай болып табылатын  кейбір бұйымдардың түрлері түрлі  көлемде шығарылады.

Шығарылатын өнім көп болса, сонша  кәміл технологиясы және ұйымдық әдістер қолданылуы мүмкін.

Кооперациялаудың  деңгейді сол сияқты кәсіпорынның құрамына елеулі түрде ықпал ететін, ол қалай жоғары болса, солай ол қарапайым. Ұйымдық техникалық факторлардың жетекші тұрғыда кәсіпорынның кейбір  бөлімшелерінің  және  олардың жалпы құрылымдарын қалыптастыруға ықпал ететін өндіріс үлгілері бой көрсетеді.

Өндіріс үлгілері жұмыс орнының саны мен ондағы орындалатын операциялары арасындағы арақатынастар мен есептелінетін  көрсеткіштер арқылы анықталады.

Кәсіпорынның  ұйымдық құрылымы бұл құрамы және оның  ұйымдық бірлік мөлшері, олардың арақатынасы және тұрғызу нысаны.

Ұйымдық бірлік  егер де олардың мөлшері көлеміне және міндетіне сай келісетіндей болса тиімді жұмыс істей алады.

Ұйымдық құрылымы еңбек бөлінісіне қарай деңгейлестік және сатылы болып ажыратылады. Еңбек  бөлінісінің деңгейлестік шекарасы басқарушылық өз  ісінің саласында тиімді басқару мүмкіншілігі анықтайды.

Сатылы еңбек  бөлінісі басқарушылық шешімін дайындаудағы сатылы бейнесі саласындағы іс-әрекетін құрайды.

Өндіріс  немесе цех кәсіпорынның ұйымдық, мүліктік оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Онда дайын өнімнің бір бөлігін дайындайды немесе өндіріс процессін орындайды.

Цех бұл белгілі  бір бейнелерді пайдаланатын кәсіпорынның оқшауланған  бөлімшесі.

Кәсіпорын құрылымын  толық сипаттау үшін түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың  ішіндегі негізгілері:

- оның  құрамына  кіретін  бөлімшелердің жалпы  тізімі;

- бөлімшелер  қызметкерлерінің саны;

- жабдықтардың  қуаты;

- өндірістік  қорлардың құны;

- өнім  шығару  көлемі;

- мамандандыру  және механикаландыру;

- күрделі  қаржының құрылымы.

Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінің үйлесуін және өндірістің материалдық элементтерін белгілі  бір жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет: технологияға  сәйкес тиімді жабдықтарды қатыстыру, олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін  қамтамасыз ету және өндірістік тапсырыс ырғағын түпкілікті қорғау.

Сонымен өндіріс  процесі уақыт пен кеңістік жағдайында үйлестілігі болу керек.

Өндірістік  процесті былай ұйымдастыру қажет, егер де бірлестіктер, кәсіпорындар, фирмалар, өндірістік бөлімшелердің ұжымдарының бірлескен жұмыстары жоғары  сапалы жєне шығындарды аз жұмсай отырып, өнімдерді ең көп шығаруды  қамтамасыз етеді.

Өндірістік  процестерді ұтымды ұйымдастыру  мыналарды қамтуы қажет:

- өнімдерді дайындау немесе шығарудағы үздіксіздігі;

- кейбір  бөлісулердің  өндіріс учаскелері қуаттылығының   үйлесімділігі және олардың үйлесуі;

- өндірістің  барлық бөліну қызметінің ең  жоғарғы қосарластығы;

- өнделетін  материалдар мен бұйымдар қозғалысының  түзу дәлдігі, яғни өндіріс процесінің барлық сатысынан өткен ең қысқа жол;

- өндірістің  ырғақтылығы, яғни тең аралық  уақытта тең өнім мөлшерін  шығару немесе тең аралық уақытта  тең жұмыс көлемін орындау.

Өндірісті ұйымдастырудың негізгі үлгілері жеке дара, сериялық және жаппай өндіріс болып табылады.

Жеке дара өндіріс  шығарылатын өнімнің номенклатурасын, сол сияқты көмекші операцияларға  уақыт шығындарының көп жұмсалуы, еңбек өнімділігінің төмен және өнімнің өзіндік құнының жоғары болуын  сипаттайды.

Сериялы өндіріс жеткілікті көп мөлшерде шығарылатын өнімдердің түпкілікті және көп емес бұйымдардың номенклатурасын айғақтайды.

Өнімді шығарудың  көлеміне және номенклатуралық  айырымына  байланысты сериялы орта сериялы  және ірі сериялы өндіріс болып  бөлінеді. Жаппай өндіріс ұзық уақыт ішінде үздіксіз шығарылатын шектеулі номенклатуралық бұйымдар немесе материалдардың әрбір жұмыс орнында елеулі мөлшерде қатаң қайталанатын процестерді сипаттайды.

Жаппай өндірістің экономикалық артықшылығы мына төмендегілерден  байқалады:

- мамандандырылған жоғары өнімді жабдықтарды және өндірістік процестерді кешенді түрде механикаландыру және автоматтандыруды қолдану;

- жабдықтарды  қайта құру және оларды жетілдіруге  байланысты уақыт ысырабының  жоқтығы;

- өндіріс процестерінің  ұзақтылығын қысқарту еңбек өнімділігін және оның сапасын арттыру;

- өндірістік  қуаттарды  едәуір тиімді пайдалану  және өнімнің өзіндік құнын  елеулі кеміту.

Кәсіпорынның  өнім шығарудағы әлеуетті мүмкіндіктері  олардың  өндірістік қуаттарын тұлғалайды.

Кәсіпорындардың қабілеттілігі және олардың  бөлімшелердің өнімді ең көп мөлшерде дайындауды, олардың жарақтандырылуы тікелей сапасына, жетілдіру және еңбек құралдарының  іс-әрекетке қабілеттілігінен тұрады.

Еңбек құралдары  ең алдымен актив бөлігі еңбек  құралын кәсіпорынның өндірістік қуатын қалыптастырудың негізгі  факторы деп есептеуге болады.

Өндірістік  қуат экономикалық санаты ретінде ең көп өнімді шығару мақсатында еңбек  құралдарының активті түрлері машиналар  және жабдықтардың ұйымдасқан жиынтықтарын пайдаланудағы өндірістік қатынастарын қамтиды.

Кәсіпорындарда  өндірістік қуатты пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттырудың негізгі  жолдары мыналар:

- нақты  жағдайларда  ең жоғары экономикалық тиімділікті  қамтамасыз ететін машиналар  техникалар және жабдықтарды  таңдап алу:

- қажетті құрал  жабдықтардың қолайлы құрамын  табу.

Қазіргі кезде  қандай да болмасын жұмыстардың өнімділігі жоғары техниканың жаңа түрлерін қолданбайынша  сапалы орындауға болмайды.

Сондықтан белгіленген  жұмыс бағдарламасын әрі сапалы, әрі өз уақытында орындалуын  қамтамасыз еткен жөн.

Кәсіпорынның  өндірістік  қуаттарын пайдалануды  ұйымдастыру және қалыптастыру процестері  күрделі және көптеген факторларға  тәуелді.

Өндірістің  өсу ауқымы және оның  шығындарының артуы резервтерді көбейту және қолданыстағы кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын  пайдалануды жақсартуды  іздестіру міндетін қояды.

Сондықтан да, қолданыстағы кәсіпорынның  өндірістік қуатын және оны пайдаланудың мөлшер  деңгейін анықтауға қажет етеді.

Онда шарттасқан екі фактор ықпал ететін біріңғай объектісі кәсіпорынның  өндірістік қуаты.

Бұлардың арасындағы айырмашылық факторлардың бір бөлігі өндірістік қуаттың өсу резервін, ал екінші бөлігі оны пайдалануды  жақсарту резервтерін  анықтайды.

 

23-тақырып. Менеджердің іскерлік этикасы

 

Мақсаты: Студент менеджерлердің өз жұмысын ойдағыдай орындау үшін тиімді қарым-қатынас орнатуы қажеттігін біледі. Сондықтан іскерлік этика ережелерін оқып үйрену және іскер адамның сырт бейнесі қандай болу керектігін білу керек.

Сұрақтары:

1. Этика - адам тәртібін реттеудің бір формасы

2. Іскерлік этика ережелері мен ерекшеліктері

3. Іскер адамның сырт бейнесі

 

«Этика» термині  қоғамда қабылданған тұрақтылық және сыпайлық, мінез-құлық ережелерін білдіреді.

Этикет негіздеріне  негізінен әңгімелесу мәдениеті  жатады, нақтырақ айтқанда оның грамматикалық және стилистикалық дұрыстығын ғана емес, сөйлегенде жаман сөздерді қоспау; қарапайым сыпайлық, амандаса, қоштаса білу, қызмет көрсеткенге, көмекке алғыс айту, денсаулық, қайырлы таң, қайырлы түн тілесу, т.с.с. жатады.

Этикетке ықыласты тыңдау, адамдарға көмек көрсету, ілтипатты болу жоғары бағаланады.

Адамдардың  бір-бірімен қарым-қатынасы жасауында  олардың сыртқы келбеті, киімі, қоғамдық орындарда, әртүрлі жағдайларда  өзін дұрыс ұстауы үлкен орын алады. Талғамды киінген, сыпайы, әртүрлі жағдайларда өзін ұстай алатын және әрқашан өзін қоршаған ортасына лайықты етіп көрсете білетін адам жағымды әсер қалдыратыны сөзсіз. Іскерлік әдепті адамдардың  бір-бірімен қарым-қатынас жауаында қалыптасады. Осындай іскерлік қарым-қатынастарға толығырақ тоқталайық.

Іскерлік қатынас. Іскер серіктесінің қызығушылығын білу келіссөз жүргізудің негізгі факторы болып саналады.

Әңгімелесу  сөйлесу этикеті- коммуникативті мақсатқа жетудің негізгі құралы және сонымен бірге сұхбаттасушының мәдениетін көрсетеді.

Джон Карнеги  адамдарға ықпал етудің 6 ережемін ұсынады:

    1. Адамдарға шынайы қызығушылық танытыңыз
    2. Әрқашан күліп жүріңіз
    3. Есіңізде болсын, адамның есімі қай тілде болсын, ол үшін ең сүйкімді және керек сөз.
    4. Жақсы тыңдаушы болыңыз, басқалардың өзі туралы айтқанын құптаңыз.
    5. Өзіңіздің сұхбаттасушыңызға қызықты әңгіме айтыңыз.
    6. Сұхбаттасушыңыздың санасына оның маңызды адам екенін жеткізіңіз және мұны шын ниетпен айтыңыз.

Коммуникация  дегеніміз қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінуге негізделген  байланысы: бір бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы.

Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім  қабылдау үшін, біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды. Басқарудың жоспарлау, ұйымдастыру мотивация  және бақылау қызметтерін орындау да қарым-қатынас орнатуға байланысты. Коммуникация- басшылық етудің  байланыстырушы процесі болып саналады.

Менеджерлер өз жұмысын ойдағыдай орындау үшін тиімді қарым-қатынас орнатуы қажет.

Информация о работе Лекциялық кешен