Лекции по "Стратегическому менеджменту"

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Марта 2013 в 15:55, курс лекций

Описание работы

Стратегиялық басқару - орталық буыны, кәсіпорынның жеке ресурстық әлеуетін, сыртқы ортаның мүмкіндіктері және қауіп-қатерлерімен салыстыруға негізделген стратегиялық таңдау болып табылатын стратегиялық шешімдерді әзірлеу, қабылдау және жүзеге асыру процессі.

Содержание

Кіріспе 8
1 тақырып. Стратегиялық менеджментке кіріспе
№1 дәріс
1.1 Стратегиялық басқарудың алғы шарттары
1.2 Стратегиялық басқару түсінігі
№2 дәріс
1.3 Стратегиялық басқарудың даму кезеңдері
1.4 Стратегиялық басқарудың алғашқы тұжырымдамалары
№3 дәріс
1.5 Ұлттық жағдайда стратегиялық басқаруды қолдану мәселелері мен болашағы
2 тақырып. Стратегиялық менеджменттің жалпы сипаттамасы
№ 4 дәріс
2.1 Стратегиялық менеджмент: мәні мен мазмұны
2.2 Басқару стилі және стратегиялық басқару
№ 5 дәріс
2.3 Экономикалық, саяси және ұйымдастырушылық аспект
2.4 Стратегиялық басқарудың оперативтік басқарудан ерекшелігі
№ 6 дәріс
2.5 Стратегиялық менеджмент құрылымы
3 тақырып. Стратегиялық басқарудың жалпы тұжырымдамасы
№ 7 дәріс
3.1 Стратегиялық басқарудың мәні
3.2 Стратегиялық басқарудың негізгі компоненттері мен кезеңдері
3.3 Стратегиялық басқару объектілері
№ 8 дәріс
3.4 Стратегиялық басқару түрлері
3.5 Стратегиялық басқару қағидалары
4 тақырып. Ұйым мақсаты мен миссиясы
№ 9 дәріс
4.1 Болашақ көріністі қалыптастыру
4.2 Биснес саласы мен миссиясын анықтау
№ 10 дәріс
4.3 Бизнес мақсатын белгілеу
4.4 Мақсаттар иерархиясын тұрғызу
№ 11 дәріс
4.5 Стратегиялық жоспарлау, (қысқа және ұзақ мерзімді)
4.6 Ұйымдастырылған орта
5 тақырып. Сыртқы ортаны талдау
№ 12 дәріс
5.1 Кәсіпорынның сыртқы ортасын талдау мақсаты мен сипаты
5.2 РЕST – талдау
№ 13 дәріс
5.3 Саладағы бәсеке мен жалпы жағдайды талдау
5.4 Бәсеке деңгейін бағалау
6 тақырып. Кәсіпорынның ішкі ортасын талдау
№ 14 дәріс
6.1 Ішкі ортаны стратегиялық талдаудың мақсаты мен қағидалары
6.2 Кәсіпорынның күшті және әлсіз тұстарын талдау
№ 15 дәріс
6.3 Шығындарды стратегиялық талдау және «құндылық тізбегі»
7 тақырып. Стратегияны таңдау, стратегиялық альтернативаларды жасау және талдау
№ 16 дәріс
7.1 Стратегияның мәні
7.2 Кәсіпорын стратегиясын сыныптау
№ 17 дәріс
7.3 Бизнесті дамытудың негізгі стратегиялары
7.4 Кәсіпорын стратегияларын анықтау
№ 18 дәріс
7.5 М. Портер бойынша стратегия
8 тақырып. Стратегия түрлері мен сыныптамасы
№ 19 дәріс
8.1 Стратегияларды сыныптау
8.2 Өндірістік стратегиялар
№ 20 дәріс
8.3 НИОКР стратегиясы
8.4 Бәсекелестiк маркетинг стратегиясы
№ 21 дәріс
8.5 Тұрақты даму стратегиясы
8.6 Гарвард мектебінің моделі, БКТ моделін қолдану
№ 22 дәріс
8.7 «Дженерал электрик - Маккинзи» тұжырымдамасы
8.8 Ұйым стратегиясы, (Минтцберг, Чандлер стратегиялары)
№ 23 дәріс
8.9 Бейімделу стратегиясы
9 тақырып. Стратегияларды корпоративтік деңгейде өңдеу
№ 24 дәріс
9.1 Артықшылықтарды бағалау және оның ролі
9.2 Әртараптандыру стратегиялары
№ 25 дәріс
9.3 Әртараптандырылған компанияның стратегиялық сараптамасы
10 тақырып. Стратегияны регламенттеу, стратегиялық өзгертулерді басқару
№ 26 дәріс
10.1 Стратегияны орныдаудың негізгі сатылары
10.2 Стратегиялық өзгертулер
№ 27 дәріс
10.3 Стратегиялық бақылау
11 тақырып. Стратегияны дайындау және енгізу
№ 28 дәріс
11.1 Стратегияны тұжырымдау
11.2 Стратегияны дайындау кезеңдері
№ 29 дәріс
11.3 Стратегияны іске асырудың ұйымдық қамтамасыз етілуі
11.4 Стратегияны дайындау процесін ақпараттық қамтамасыз ету
№ 30 дәріс
11.5 Ұйымның жоспарлар жүйесін стратегиялық талдау
11.6 Басқару шешімдерін, шешімдер көрсеткіштерін, стратегиялық ұстанымдардың тиімділігін бағалау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Глоссарий

Работа содержит 1 файл

сратюменеджю лекция.doc

— 1.30 Мб (Скачать)

4. Құрамдастырылған  стратегия. Қарастырылған стратегиялық  баламалардың кез келген ұштастырылуын ұсынады. Осы стратегияларды бiрнеше салаларда жұмыс iстейтiн iрi кәсiпорындар ұстанады.

 

7.4 Кәсіпорын стратегияларын анықтау

Стратегияларды  таңдау процессi келесiдей негiзгi кезеңдерді қамтиды:

• ағымдағы стратегияны  айқындау;

• стратегиялық баламаларды қалыптастыру;

• кәсiпорын  стратегияларын таңдау және оны бағалау.

Ағымдағы стратегияны  айқындау. Ағымдағы стратегияны айқындаудың  әр түрлi сызбалары орын алады. Мүмкін тәсілдердің бірі А. Томпсон және А. Стрикландпен ұсынылған. Авторла  ағымдағы стратегияны құратын сыртқы және ішкі факторларды бөлді. Сыртқы факторлар:

• кәсiпорын  қызметiнiң мөлшері және өндірілетін  өнiмнiң әр түрлi дәрежесі;

• кәсіпорынмен жақында сатып алынған немесе сатылған өз меншiгiнiң жарты бөлiгiнің  табиғаты мен жалпы сипаты;

• соңғы мерзімдегі кәсiпорын қызметiнiң құрылымы мен  бағыттары;

• соңғы жылдары  ұйымның бағдарланған мүмкiндiктері;

• сыртқы қауіп-қатерлерге қатынас.

Iшкi факторлар:

• кәсiпорынның мақсаттары;

• өндірілген өнімдер  бойынша капитал салымдарының құрылымы және ресурстарды бөлу критерилері;

• басшының тарапынан  қаржы тәуекелдеріне қатынас; 

• НИОКР-дың  төңiрегiде күштердi шоғырландыру дәрежесі мен деңгейі;

• жеке функционалдық  салалардың стратегиялары (маркетинг, өндiрiс, кадрлар, қаражаттар, ғылыми зерттеулер мен өңдеулер).

Стратегиялық  баламаларды қалыптастыру. Мұнда  мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін  стратегиялар жасалынады. Жоғары деңгейдегі басшылардың еңбегін зерттеумен айналысқан Г.Минцберг стратегияны  құруда әрекеттердің үш негізгі бейнесін атады: кәсіпкерлік, бейімделме және жоспарлық. 

1. Әрекетердің  кәсiпкерлiк бейнесі. Осы үлгіге  сәйкес балама стратегияларды  қалыптастыру процессі көшбасшының,  әдетте кәсіпкердің түпкі ой-санасында   жүзеге асырылады. Бұл кәсіпкердің  осы бизнес түрінің логикасын терең түсінуімен және жағдайды  жақсы білгендігімен сипатталады. Бұл кәсіпкер үшін  мәселені көре білуге, оның шешу жолдарын табуға және болашаққа ұмтылуға мүмкіндік береді. Негiзгi көңіл кәсіпорынның өсу мүмкіндігіне аударылып, ағымдағы мәселелер екінші жоспарға қалдырылады. Көре білу өнерінің жеке және ресми емес сипаты стратегияның икемді және жемісті болуына септігін тигізеді.

2. Әрекеттердің  балама түрі немесе тәжiрибе  арқылы үйрену. Оның мәні - стратегияларды  жүзеге асыру барысында пайда  болған сыртқы әсерлерден, стратегияларға түзету енгізу қажеттілігі және мүмкіндігімен түсіндіріледі.  Ол жаңа мүмкiндiктер iздестiруге қарағанда, көбiнесе қазiргi мәселелердiң жедел шешiмiмен сипатталады. Стратегиялық шешімдер басшы тарапынан минималды араласу және бақылау шарттары негізінде түрлі әріптестер арасында көп жақты диалог шеңберінде қабылданады.  Бұл ірі кәсіпорындарға тән құбылыс. 

3. Әрекеттің  жоспарлы бейнесі: Стратегияларды  өңдеу толығымен жете түсінікті  және бақыланатын ойлау процессі  ретінде қарастырады. Бұл жағдайда жаңа мүмкіндіктерді белсенді іздестірумен қатар, мәселелерді жедел шешу әрекеттері іске асырылады. Бұл классикалық үлгі орталықтандырылған штаттың болуын болжайды және кәсіпорынның қоршаған ортада белгілі стратегиялық орынға қол жеткізуіне мақсатталады. Мұндай стратегия жоспарлаушы-мамандармен дайындалады.

Кәсiпорын стратегияларын таңдау және бағалау. Стратегия таңдауға көптеген факторлар ықпал ететiнiн анықталған. Солардың iшiнен ең маңыздылары:

  • кәсіпорын жұмыс істейтін саланың ерекшелігі мен бизнес түрі;
  • кәсiпорынның алдына қоятын мақсаттарының сипаты;
  • жоғарғы менеджердің шешiм қабылдауда негiзге алатын құндылықтар;
  • қабылданған шешiмдер бойынша кәсiпорынның қаржы ресурстары мен мiндеттемелері;
  • сыртқы ортадан тәуелдiлiктiң дәрежесi;
  • уақыт факторы.

Стратегиялық  баламаларды талдаудың қорытынды  кезеңі - стратегиядағы тәуекелдің тиімділігін бағалау. Бағалау үш бағыттар бойынша орындалады:

• стратегияны  таңдау негiзіндегі алғышарттар  шынайы ма?

• стратегияның күйреуі кәсiпорындар үшiн қандай келеңсiз салдарға алып келеді?

• стратегиян iске  асырудағы күйреуден гөрі жоғалту  тәуекелінің мүмкін болатын оң нәтижесі өзін ақтайды ма?

 

№ 18 дәріс

 

7.5 М.  Портер бойынша стратегия

М.Портердiң  пiкiрiнше,  бәсекелестiк артықшылық генетикалық стратегияны (тума) қолданудың нәтижесi болып табылады. Фирмаға бәсекелестiк позициясын күшейтуге мүмкiндiк беретiн стратегиялардың ерекшеленген варианттары:

1. Кең сараланған  стратегия - ұйым өнiмiнің бәсекелестердің  ұқсас өнiмiнен асып түсетiні  жөнінде сатып алушыға сенім сезімін ұялату (бұл жағдай, оның жоғары баға ұсынуыны көмектеседі).  Бұл тауарға басқа компанияның тауарларынан бөліп тұратын ерекше сипат берумен сипатталады;

2. Ұтымды шығындар  стратегиясы – өндірісте төмен  шығынға қол жеткізу арқылы  ұйым төмен бағамен жоғары пайда ала алады. Бұл фирмаға аз шығындар мен кең саралауды ұштастыру есебінен, өз сатып алушыларына қол жетімді құндылықты ұсынуға мүмкіндік береді;

3. Өнімнің саралануына  және аз шығындарға негіделген  орталықтандырылған стратегия –  шығындар бойынша көшбасшы стратегиясы мен сараланған стратегияны нарықтың тар профилдi сегменттерінде қолдану (тек қана бiр сегментте болуы мүмкiн);

4. Шығындар бойынша  жетекші стратегия – тауарлар  мен қызметтер өндiрiсінің шығындарын  толық төмендету. 

Ұйым стратегияның қай түрі және қандай ауқымда (тар немесе кең) қолдану керектігін нақты түсіну қажет. 

Шығындар бойынша  жетекші стратегиясының басты мақсаты - өз саласында ең аз шығындалатын өндіріс  болып, осы арқылы бәсекелестік күресте  жеңіске жету.

Стратегияның артықшылықтары:

- ұйымның шығыны  бәсекелестерден төмен болғандықтан, өз өнімдеріне орташа нарық  бағаларын белгілеп, аса жоғары  пайда таба алуы мүмкін; 

- ұйым төмен  бағаны белгілей отырып, сату  көлемін де, нарықтық үлесін де  ұлғайтуы мүмкін;

- сала нарығына түскiсi келген компаниялар үшiн стратегия қосымша тосқауыл болуы мүмкін.

Саралау стратегиясының мақсаты - осы ұйымның өнiмі бәсекелестердің  өнiмімен салыстырғанда тамаша екенін клиенттерге сенімді түрде жеткізу.

Осы ұйымдардың артықшылықтары:

  • өнiмге ең жоғары бағалар қойылады;
  • өніге сұраныс баға бойынша аз икемді болады, бәсекелестердің өнімдерінің сұранысына қарағанда;
  • ұйым қосымша пайда алуы мүмкін;
  • жаңа компаниялардың сала нарығына кіруі үшiн қосымша тосқауылдар қойылуы мүмкін.

Шоғырландыру  стратегиясының мақсаты – өз күштерін бiр нарық сегментiне шоғырландыру. Бұл жағдайда фирма не шығындарды (шығындарда шоғырландыру), не нарық сегментін (дифференциацияда шоғырландыру) немесе екеуін де шектеуі мүмкін.  Мысалы, сирек және тапшы автокөлiк өндiрiстері. Фирма мұндай автокөлiктерді аз өндіреді (шығындар қысқартылады) және оларды нарықтың шектеулі сегментінде сатады.  Бірақ экономикалық тұрғыдан бұл өзін-өзі ақтайды, себебі өнім өте беделді, сұранысқа ие және өте қымбат бағаланады (сатып алушылар үшін). Осылайша бәсекелік артықшылыққа қол жеткізеді, өйткені фирмалардың басым көпшілігі арзан автокөліктер өндіріп, соны жаппай сатуға кіріседі. [14]

 

Бақылау сұрақтары

  1. Стратегияны тұжырымдауда әрекеттің кәсіпкерлік бейнесі
  2. Стратегияны тұжырымдауда әрекеттің баламалы бейнесі
  3. Стратегияны тұжырымдауда әрекеттің жоспарлы бейнесі
  4. Іскерлік, функционалдық және корпоративтік стратегия
  5. Кәсіпорын стратегиясын анықтау

 

8 тақырып. Стратегия түрлері мен сыныптамасы

8.1 Стратегияларды сыныптау

8.2 Өндірістік стратегиялар                                                                       

8.3 НИОКР стратегиясы                                                                                      

8.4 Бәсекелестiк  маркетинг стратегиясы

8.5 Тұрақты даму стратегиясы

8.6 Гарвард мектебінің моделі,  БКТ моделін қолдану

8.7 «Дженерал  электрик - Маккинзи»   тұжырымдамасы                                             

8.8 Ұйым стратегиясы, (Минтцберг, Чандлер стратегиялары)                  

8.9 Бейімделу стратегиясы

 

№ 19 дәріс

8.1 Стратегияларды сыныптау

Стратегияларды  сыныптауға болатын белгілерді бөліп  қарайық. Иерархия негізінде стратегиялық басқаруды келесі бөлшектерге бөлуге болады:

  • корпоративтік – компания түрлі салада өзінің іскерлік қағидаларын қалай бекітетінінен тұрады.
  • іскерлік – табысты қызметтерді қамтамасыз етуге бағытталған басқару тәсілдеріне шоғырландыру.
  • функционалдық – жеке бөлімшелердің (НИОКР, өндіріс, маркетинг, қаржы) ағымдағы қызметін басқару жоспарына қатысты.
  • операциялық – негізгі ұйымдық құрылымдарды (зауыт, сату бөлімі, қойма) қалай басқару және стратегиялық маңызды шұғыл тапсырмалардың (материалды сатып алу, қорларды басқару, тасымалдау, жарнама)

Бұл стратегиялар кешенді болып табылады және басқарудың сатысындағы стратегиялық әрекеттерді  қамтиды. Стратегияны дайындаудағы жауапкершілік басшыларға жүктеледі. Корпоративтік стратегияға жоғары деңгейдегі басшы жауап береді. Іскерлік стратегия бас директорлар мен басшылардың қол астында болса, ал операциялық стратегия –басшылармен сол арада әзірленеді. [17]

М.Портер стратегияның бес нұсқасын ерекшеледi: 
1. Шығындар бойынша жетекші стратегия; 
2. Кең сараланған стратегия; 
3. Ұтымды шығындар стратегиясы; 
4. Аз шығындарға негізделген шоғырланған стратегия;

5. Өнімнің саралануына негізделген шоғырланған стратегия; 
 Компания ішіндегі қызметтердің функционалдық бағыттары бойынша жіктеу:  
 1 ) Компания қызметтерінің ішкі саласына бағытталған функционалдық стратегиялар:

  • жоспарлау;
  • бақылау;
  • үйлестіру;
  • құрылымдық құрастыру;
  • мотивация. 
     2) Сыртқы ортада пайда болатын функционалдық стратегиялар:

а)Инвестициялық - бұл инвестициялық портфелдiң қалыптасуы. Екі стратегияны бөлуге болады: компанияның қызметінің дамуына бағытталған стратегия (оның өсуі) және осы қызметтің қысқаруына бағытталған стратегия.

Құнды қағаздар нарығындағы стратегиялық тәртіп – инвестиция және ағкымдағы қаржы міндеттерін шешу үшін қосымша қаржы ресурстарын жұмылдыру ережелерін өңдеу.

Өнімдер, нарық, бәсекелесті ұстаным, технология бойынша  өндірісті кеңейту стратегиясы.

Байытылған  өсу стратегиясы – басқа элементтерді қозғамайтын нарық пен өнімнің өзгеруімен байланысты стратегия (бұл стратегия - фирма нарықтағы өз тауарларымен байланысты мүмкіндіктерді жоғалтпаған жағдайда және өз ұстанымын күшейткенде өзекті болып саналады).  Олар келесідей болып бөлінеді: нарыққа ену стратегиясы және нарықты, өнімді дамыту стратегиясы.

Біріктірілген өсу стратегиясы -  жаңа құрылымдарды қосу арқылы фирманың кеңейтілуi (меншiктiң  алуы, iшiнен кеңейту жолымен).

Диверсификация  стратегиялары - өнiм, нарық, сала, технологияның өзгерiстерiмен және жағдайымен байланысты. Ең алдымен, компания диверсификация бойынша шешiмдердің акцияның табыстылығын арттыра алу қабілетін бағалайды.

ә) Ресурстармен қамтамасыз ету – компанияға ресурстарды тиімді бөлуге және ең қалаулы жеткізушілерді таңдауға мүмкiндiк беретiн маңызды ережелердің жиынтығы.

б)  Саяси - стратегиялық ықпал ету топтарына фирманың қатынастарын анықтайды және саяси  қарсыластар мен жақтаушыларға  қатысы бойынша фирманың әрекеттерін  анықтайды.

в) Экологиялық - экологиялық таза өнiмдер шығару, табиғат ресурстарын сақтау, қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралардың өткiзілуімен сипатталады.

г) Технологиялық - жаңа технологиялар мен тауарларды зерттеу және өңдеу

д) Маркетинг  – фирманың экономикалық стратегиясының ең күрделі құрамы, компания қызметінің әртүрлі тараптары мен элементтірін өзінде қамтиды.  
 Стратегияларды сыныптаудағы тәсілдердің әртүрлігі «стратегия» түсінігінің ауқымды және күрделі екендігін көрсетеді. 

Информация о работе Лекции по "Стратегическому менеджменту"