Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 08:12, дипломная работа
Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Жазусыз мәдениет атаулыны көзге елестету мүмкін емес. Сауаттылық, сауатты жазудың қоғамдық мәні зор. Ол адамдардың бір-бірімен жазбаша қарым-қатынас жасауының ең тиімді де қажетті жолы, ойды нақты да, түсінікті берудің амалы болып табылады. Ал сауатты жазудың, яғни жазу мәдениетінің негізі мектептен қаланады.
Кіріспе .................................................................................... 5
1-бөлім. Күрделі сөздер емлесінің зерттелуі....................... 7
1.2. Емле ережелерін қалыптастыруда сөзіктердің
маңызы---------------------------------------------------------------- 12
2- бөлім.Күрделі сөздер емлесінің лингвистикалық негізі....22
Қорытынды ............................................................................ 54
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................. 57
Ал күрделі сан есімдердің әр сыңары бөлек-бөлек жазылатыны емлемізде орнықты. Мысалы, бір мың тогғыз жүз елу алты, екі мың оныншы жыл, елу бес, алпыс алты, жиырма сегіз, отыз алты, қырық жеті т.т. бір ұғымды білдіріп, бір санның атауы болатын, сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын бұл сан есімдер лексикалық бірлік ретінде неге бөлек жазылады? Кезінде профессор М.Балақаев мұндай сан есімдерді “бөлек жазылып жүрген біріккен сөздер” деп атаған екен. Ғалымның айтуынша компоненттері өзара мүшелік қатынаста айтылмай, мағыналық тұтастығы болып, біріне-бірі көмекші, лексикалық-грамматикалық мағыналарын толықтаушы, айқындаушы сөздер болып, олар сол түйдегін жазбай, белгілі құрамда бірінсіз-бірінің дербестігі болмағандықтан бірге жазылуы тиіс. Зерттеуші бір жүз, он мың дегенде ғана бір-жүзді, он-мыңды анықтайтынын, сол себепті бөлек жазылуы заңды екенін айтады. Ал енді он бір, он тоғыз, жиырма бес дегенде күрделі сан есімдерге екі сыңар тұтас күйінде түйдегін жазбай тұр деп дәлелдейді. Әрине күрделі сан есімдердің бөлек жазылуы орныққан ереже. Ғалым Н.Оралбаева: “егер тірек компоненттің мағына үстемділігі берік болса, күрделі сан есімдер бөлек жазылуы қажет”,-дейді.(23). Ғалым Қ.Күдеринова күрделі сан есімдердің бөлек жазылуын былайша дәлелдейді:
“Күрделі сан
есімдердің тірек компоненті олардың
бөлшектері болып келеді. Бір емес
бірнеше тіркесімділікте
Күрделі етістіктердің де сыңарларының бөлек жазылуы қалыптасқан заңдылық. Оның себебін ғалым Н.Оралбаева былайша түсіндіреді:”Көмекші сөздер аналитикалық формантқа қатысты, сондықтан аналитикалық форманттың сөзге тіркесуі де жалғамалылыққа қатысты. Түркі туыстас тілдердің грамматикаклық құрылысы бойынша грамматикалық элементтің сөзде жігі анық көрініп тұрады. Осы ерекшелік грамматикалық элементтің сөз құрамындағы өзіндік дербестігі деп саналады (24). Негізінен тілімізде құранды етістіктердің бірге тұлғалануы бар.
Мысалы, ержету, демалу, бойжету, бойұру. Мұнда есім сыңардың түбір күйінде жұмсалуы және осы тіркестер беретін ұғымды тіл өзіне таңбалау қажеттілігі, алғашқы атау болып қалыптасуы тіркестің универбтелуіне әкелген.
Тілдік бірліктердің бірге, бөлек жазылуы – адамның психо-физиологиялық табиғатына әсер ететін “көру-жазу тіліндегі” ерекше құбылыс. Ол –графикалық шарттылық емес, тілдің мазмұн межесіндегі мағыналық өзгерістерін көрсететін, тілдік бірліктердің сөзайналымдағы сипатын айқындайтын айрықша белгі. Сондықтан емле сөздіктері сөздердің бірге, бөлек жазылу нормаларын қаншалықты кодификациялап отырғанымен, қазақ жазу тәжірибесінде практикалық дағды сөздерді біріктіріп жазу ісінен алға озып отырады.
Қорыта келгенде, күрделі сөздердің лингвистикалық негізі құрамындағы сөздердің мағыналық жақтан байланысу жолдарында деп білеміз. Сондықтан бірге жазылатын күрделі сөзде аналитикалық тәсілдің екі түрі, синтаксистік тәсілдің бір түрі бар деп білеміз. Аналитикалық тәсілдің түрлері – біріктіру; қосарлау; синтаксистік тәсілдің түрі – тіркестіру. Бұл тәсіл бойынша сөздер, әуелі, грамматикалық байланысқа түседі, тіркес құрамындағы сөздердің жеке тұрғандағы толық мағынасы сақталады. Тіркес құрамындағы сөздер лексикаланған кезде күрделі сөзге ұласып біріккен сөзге айналады. Сондықтан олар да әрдайым бірге жазылады. Ал бөлек жазылатын күрделі сөздердің сөзжасамдық тәсілі – біреу. Ол сөзжасамның аналитикалық тәсілінің тіркестіру түрі. Мұндай күрделі сөздің түрін біз К.Ахановтың пікіріне сүйене отырып, құрама сөз деп атауды жөн көрдік. Құрама сөзге тіркесу арқылы жасалған күрделі сын есімдер, сан есімдерді жатқызамыз. Бұлардың құрамы тек сын есімдерден, не тек сан есімдерден тұрады. Сөзжасамның аналитикалық тәсіліне негізделген біріккен сөздер де, құрама сөздер де тілдің фукционалдық семантикалық заңына сай жасалады. Функционалды семантика дегеніміз – мағынаның атқаратын қызметіне қарай жаңаруы. Олай болса, күрделі сөздер дегеніміз - құрамындағы мағыналарының атқаратын қызметіне қарай жаңа мағынаға ие болған сөзжасамның аналитикалық тәсіліне, граммтиканың синтаксистік тәсіліне негізделген, семантикалық жақтан бір тұтастықта тұратын күрделі тұлғалардың бір түрі.
Күрделі сөздердің сөзжасамның аналитикалық тәсілінің біріктіру тәсілі арқылы жасалған сөздері, синтаксистік тәсілдің тіркестіру түрі арқылы жасалған түрлері бірге жазылады. Қосарлану тәсілі арқылы жасалған түрі дефия арқылы жасалады. Аналитикалық тәсілдің тіркестіру тәсілі арқылы жасалған түрі бөлек жазылады. Ал, сан есім + зат есім, зат есім+зат есім тұлғалы бөлек жазылатын тұлғалар күрделі емес, лексикалық тіркестер ретінде сөзжасамның объектісінен тыс лексикология саласында қарастырлуы дұрыс деп есептейміз. Жазуда олар үнемі бөлек жазылады.
Жоғарыда айтылған
пікірлерді былайша тұжырымдауға болады.
Түркі тілдеріндегі күрделі сөз
мәселесі әр түрлі дәрежеде зерттелген.
Олардың ішінде дан-жақты зерттелгені
қос сөздер мен біріккен сөздер тәрізді.
Бұларға қарағанда басқа
Күрделі зат атаулары құрылымдық, семантикалық сипаты және синтаксистік қызметі жағынан дара зат есімдермен пара-пар, тілде атқаратын қызметі бірдей, себебі тілде олар дара зат есімдер сияқты жеке лексемаларға жатады. Күрделі зат атауларына кемінде екі түбір қатысады. Сөйтіп тілде жаңа мағыналы күрделі зат атауларын жасауға сыңарларының әрқайсысы әрқилы дәрежеде үлестерін қосып, жаңа мағынаның қалыптасуына жәрдемін тигізеді. Күрделі зат атаулары деп екі я одан да көп сыңарлардың тізбегінен құралып, мағына мен тұрпат қызметі жағынан бөлшектенбейтін, ішкі мағыналық құрылымы тұтасымен белгілі бір ұғымның атауы ретінде қалыптасқанды атайды. Күрделі зат атаулары– екі немесе одан да көп сөздерді біріктіру, тіркестіру, қосарлау және қысқарту нәтижесіндежасалып, бір ұғым, түсініктің атауы ретінде қалыптасқан лексикалық бірліктер. Олардың өзіне тән семантикаклық құрылымы, өзіндік белгілері болады. Ондай белгілері мынадай. Күрделі зат атаулары құрылымдық, семантикалық сипаты және синтаксистік қызметі жағынан дара зат есімдермен пара-пар, тілде атқаратын қызметі бірдей, себебі тілде олар дара зат есімдер сияқты жеке лексемаларға жатады. Күрделі зат атауларына кемінде екі түбір қатысады. Сөйтіп тілде жаңа мағыналы күрделі зат атауларын жасауға сыңарларының әрқайсысы әрқилы дәрежеде үлестерін қосып, жаңа мағынаның қалыптасуына жәрдемін тигізеді. Күрделі зат атаулары деп екі я одан да көп сыңарлардың тізбегінен құралып, мағына мен тұрпат қызметі жағынан бөлшектенбейтін, ішкі мағыналық құрылымы тұтасымен белгілі бір ұғымның атауы ретінде қалыптасқанды атайды. Күрделі зат атаулары– екі немесе одан да көп сөздерді біріктіру, тіркестіру, қосарлау және қысқарту нәтижесіндежасалып, бір ұғым, түсініктің атауы ретінде қалыптасқан лексикалық бірліктер. Олардың өзіне тән семантикаклық құрылымы, өзіндік белгілері болады. Ондай белгілердің бастысы күрделі зат атауларыньң көпмағьналылығы. Қазақ лексикасының баюы, дамуы түрлі жолдармен толықтырылып отырады. Соның бірі - сөз мағынасының дамуы. Қазақ лексикасында бүрыннан қолданылып келе жатқан лексемалар сол бүрынғы лексикалық тура мағынасында қалып қоймай, олар өмірдің сүранысы мен қажеттілігіне қарай жаңа мағыналық сипат алып, жаңа мағынада қолданылып, жаңа сөз тудыру үрдісіне қатысып отырады. Кез келген лексикалық бірлік өзінің табиғаты түрғысынан көпмағыналыққа бейім келеді; Сөз мағыналары семантикатанымның белгілі зандылықтары бойынша қалыптасады. Оның бастылары: үқсату заңы: түр түс, пішін,көлем, ішкі-сыртқы белгілері, мекен-орны, . түрлі ерекшеліктері, қасиеттері, қолданысы; қолданыстық қызмет заңы, бөлшектің бүтінге айналу заңы; мағыналардың кеңеюі мен тараюы деген секілді зандылықтардың негізінде жүзеге асатындығы тіл ғылымында бар қүбылыстар. Ол - зат пен қүбылысқа бекітілген белгілердің көп жағдайда, басқа да затпен қүбылыстарға кейбір белгілері ортақ болуынан туындайтын қүбылыс. Сөйтіп, сөзжасамның дамуына қомақты үлесін қосьп келеді. Мысалы: Сарсу. I. 1. /Ағзаның кеселгс шалдығуына байланысты буынға жиналатын сарғыш түсті сүйықтық. Тізесіне сарсу жиналып жүмыстан шеттеген (Ә.Сараев). 2. Дерт, кесел. Түйе малында қатпа, сарсу аурулары өте қатерлі індет (Х.Арғынбаев). 3. Малдың, жануарлардың қанынан алынып, жүқпалы ауруларға егілетін сүйық зат. (сыворотка). II. Сарсу. 1.Айраннан, сүттен бөлінетін сары түсті сүйық зат. 2. Тағам. Келтірілген мысалдарда лексемалардың көпмағыналық қатарынан, өз ішінде омонимиялық қатар түзуге жеткенін де аңғарамыз. Мүнда бірінші сарсу мен екінші сарсу сырттай үқсас болғанымен, ішкі мағыналық қүрылымы жағынан өзгеше, жаңа мағынаға көшкен. Алғашқы атау-лексемалар келесі мағынаның тууына, бірінен-бірінің өрбуіне негіз, арқау болған. Мүндағы барлық күрделі сөзге ортақ белгі - сары түсті сүйықтық. Осы белгі әрі қарай мағынаның дамуына әкелген. Оны бірінші сарсу лексемасының өз ішінде үш қолданымдық қызметте жүмсалып, өзара мағыналық жағынан жуық, үйлссіп келуінен көреміз. Заттың атауы бір тәсілмен жасалғанымен, мағыналық жағынан сараланады. Тілдің мағыналық даму сатысы мүнымен шектсліп қалып қоймайды, бүгінгі тілдің қажетін өтейтін, сан жағынан да, сапа, қүрылым тұрғысынан да күрделі өзгеріске үшырайтыны ақиқат. Сөйтіп, тілдің лексикалық қабатын молайтатын жаңа тілдік бірліктер қалыптасқан. Оны тілдегі күрделі сөздердің қүрылымдық жағынан да, мағыналық жағынан да даму жолдарынан өткенін тіл деректері дәлелдейді. Мысалы, Текетірес көрсеткендей жертөлелердің есік-терезелерінің ашық-шашық болуынан балалар да, баспана іздеген қайыршылар да орын тебетін болыпты. (А.А). Жертөле - окоп. Бүл жерде жермен бірдей тозығы жеткен үй деген мағынада. Көріпкелдер не дейді? Олардың кейбіреулері адам өмірін анағүрлым жеңілдетіп, жеке мүмкіндіктерін үлғайтуға тиісті жаңалықтарды атап көрсетуге тырысуда (Алматы ақшамы). Көріпкел - астролог деген жаңа мағынаға ие болған. Елордадагы Ақорда алдындағы субурқақ қала көркіне көрік қосуда (Астана ақшамы). Жерге жекеменшік деген болмау керек (Ж.А). Елорда - астана, ақорда - резиденция, субурқақ - фонтан, жекеменшік - собственность деген секілді жаңа жасалымдар.
Пайдаланылған әдебиеттер