Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 08:12, дипломная работа
Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Жазусыз мәдениет атаулыны көзге елестету мүмкін емес. Сауаттылық, сауатты жазудың қоғамдық мәні зор. Ол адамдардың бір-бірімен жазбаша қарым-қатынас жасауының ең тиімді де қажетті жолы, ойды нақты да, түсінікті берудің амалы болып табылады. Ал сауатты жазудың, яғни жазу мәдениетінің негізі мектептен қаланады.
Кіріспе .................................................................................... 5
1-бөлім. Күрделі сөздер емлесінің зерттелуі....................... 7
1.2. Емле ережелерін қалыптастыруда сөзіктердің
маңызы---------------------------------------------------------------- 12
2- бөлім.Күрделі сөздер емлесінің лингвистикалық негізі....22
Қорытынды ............................................................................ 54
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................. 57
Тіліміздегі сөздердің құрамын, білдіретін мағынасын, атқаратын қызметін ескере келгенде, бұл топтастыру құрылымдық жақтан екені дау туғызбайды. Бірақ бұл жүйе мектеп граммтикасында біршама қиындықтар туғызады. Білім беру мен оны практикада қолдану барасында біріккен сөздер мен күрделі сын есім, күрделі сан есім, күрделі етістіктердің өзіндік айырмашылығын ажырату, бұлардың бірге және бөлек жазылатын себептерін анықтау, сабақтаса байланыстан құралған күрделі сөздерді сөз таптарына қарай топтастырған да, біріккен сөздерді сөз таптарына бөлмей, тұтас қолданудың себептері анықталмайынша, оларды оқытуда белгілі бір принципке сүйену қиын. Сонымен қатар сабақтастық мәннің сөздерге емес, сөз тіркестеріне тән қасиет екенін жоғары сыныпта өткен кезде оқушының қазақ тілінен алған білімі екұштылық күйге түсері сөзсіз. Себебі, оқулықтар мен оқу құралдарында сөз тіркесіне берілген анықтама мен күрделі сөздердің табиғаты сәйкес болып шығады. Дәлірек айтсақ, сөз тіркесі дегеніміз – толық мағыналы кем дегенде екі сөздің сабақтаса байланысуы екені ешбір дау туғызып жүрген жоқ. Олай болса, күрделі сын есім, сан есім, етістіктердің сабақтастығын сөз тіркесінен қандай критерийлер арқылы ажыратуға болады. Осыған байланысты профессор К.Ахановтың еңбектерінде күрделі сөз бен сөз тіркесін бір-бірінен ажыратудың ғылыми принциптері айқындалмағаны назарға алынып, олар жан-жақты талданады. Ғалым өз еңбегінде былай дейді: 1963 жылы жарық көрген “Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінде” сөздікті құрастырушылардың көксағыз сөзін біріккен сөз деп, ал тау сағыз сөзін өз тіркесі деп бөлек жазып көрсетуін, әрине, құптауға болмайды. Сөздікте осылар тәріздес тілдік единицалардың табиғатының бір болуына, біртектес болуына қарамастан, әр басқа единицалар (бұл жерде әңгіме жеке сөз болса, оның лексикалық единица, ал еркін тіркес болса, синтаксистік құбылыс ретінде қаралуы тиісті екендігі жайында сөз болып отыр) ретінде қаралуы жиі ұшырасады. Аталған орфографиялық сөздікте еңбеккүн, жалақы деген сөздердің бірге еңбек ақы дегеннің осылайша бөлек, жүкаяқ, басқұр, желмая, қолғап деген сөздер бірге, ал ит аяқ, жел бау, қазан қап дегендердің бөлек жазылып, біртектес құбылыстардың бірінің біріккен сөз, екіншісінің сөз тіркесі деп танылуы қазақ тіл білімінде сөздердің шегін айқындаудың әлі күнге дейін шешілмеуінің салдарынан болса керек”, - дейді.
2001 жылы жарық
көрген “Қазақ тілінің
Ғалым бөлек жазылатын сөздер туралы былай дейді: “екі (кейде одан да көп) сөз қатар айтылып, бір ғана ұғымды білдіретін, яғни бір ғана затты, құбылысты, қимылды, түр түсті, сынды айтатын күрделі сөздердің әрбір компоненті бөлек жазылады. Олар мыналар: екі зат есім қатар айтылып, бір ғана затты атап, алдыңғысы соңғысының тегін, (неден жасалғанын), неге арналғанын, немен жұмыс істейтінін және өзгелермен ажыратылған белгілерін білдірсе, олар бір-бірінен бөлек жазылады. Мысалы, ағаш шот (ағаштан жасалған шот), ат қора (атқа арналған қора), жел диірмен (желмен жұмыс істейтін диірмен), жол азық (жолда жеуге арналған азық), май шам (маймен жанатын шам), май қасық (май ішкенде жұмсалатын қасық) т.б.”.
А.Ысқақов күрделі сөздер проблемасын әуелгідей синтаксистік жай сөз тіркестерінің лексикалануынан, граммтикалануынан, фонетикалық өзгеріске түсуінен, идиомалануынан, грамматикалануынан, фонетикалық өзгеріске түсуінен, идиомалануынан, т.б. жайларынан іздей келе, олардың күрделілігін соларға байланысты дәлелдеген. Нақтырақ айтсақ, ғалым күрделі сөздер тобына мына тәрізді құбылыстарды жатқызады: 1) бастапқыда өзара сөйлем мүшелері ретінде тіркесе келіп, кейіннен ол қасиеттен ажырап, күрделіге айналғандар, яғни лексикаланудың арқасында күрделенген сөздер (айбалта, ақсақал, жылқышы ата); 2) тұрақты тіркестер немесе фразеологиялық тұлғалар деп аталатындар (бас сауға, ала аяқ, жүрек жұтқан); 3) есімдер мен етістіктердің тіркесуінен жасалған құранды етістіктер (қызмет қыл, рұқсат ет, ән сал). Сонымен қатар ғалым біріккен сөздер мен кіріккен сөздердің өзара айырмашылығын түсіндіруге де көп көңіл бөледі. 4) белгілі бір сөз табына тән бір тектес сөздермен сабақтаса құралған күрделі есімдер (ақ шұбар, бара бер). Айтылған ой-пікірлерін жинақтай келіп, ғалым күрделі сөздерге мынадай анықтама береді: “күрделі сөз деп кемінде екі не одан да көп дара сөздерден (жалаң я туынды түбірлерден) құралып, ритм, ырғақ жағынан бір ұдай лексика-семантикалық жағынан бір тұтас, лексика грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып бірлесіп тұрақталған құрама сөзді (я сөз тіркесін) айтамыз”. Сонымен А.Ысқақов күрделі сөздер деген категорияны кең түрде алып қарастырған. Құрылысы күрделінің барлығы бірдей күрделі сөз бола бермейтіндігін ескермеген. Күрделі сөздерді онымен тұлғалас тілдік құбылыстардан ажыратуда нені межелік белгі ұстау керек деген мәселеге арнайы тоқталмағанымен, әр жерде оған қатысты айтқандарынан мағына тұтастығын, тұтас тұлғалануды, белгілі сөз табына телулі болуды, сөйлемде бір ғана мүшенің қызметін атқаруды, бір екпінді иеленуді тірек еткендігі байқалады.
Қазіргі қазақ
тіл білімінде күрделі сөз
мәселесін сөз еткен
Сонымен қатар ғалым М.Балақаев күрделі сөздерді іштей мынадай топтарға бөліп қарастырады: 1. Қос сөздер. 2 Бөлек жазылатын күрделі тіркестер. 3. Біріккен сөздер. 4. Кіріккен сөздер. Бөлек жазылатын күрделі тіркестерге мыналарды жатқызады: 1) күнделікті тұрмыста қолданылатын заттарды білдіретіндер: тұс киіз, жер ошақ, жел бау, уық бау. 2) халықтық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін білдіретін тіркестер: қалың мал, ат жарыс, ұрын келу, мал сою, т.б. 3) халықттың өміріндегі қоғамдық-саяси құбылыстарды білдіретін тіркестер: Отан соғысы, ішкі саясат, сыртқы саясат, т.б. 4) қоғамдық құрылысты, адамдардың атақ-дәрежесін, лауазымын білдіретін тіркестер: аға сұлтан, төбе би, мал дәрігері, тіл маманы, т.б. 5) дене мүшелері, ауруларды атау, т.б. тоқ ішек, ащы ішек, күре тамыр, асық жілік, көз ауруы, сары ауру, т.б.
Мұндай тілдік бірліктердің қазақ грамматикасында күрделі сөз емес, сөз тіркесі деп танылатыны профессор М.Балақаевтың еңбектерінен жақсы білеміз.(16). Ғалым қабыса байланысқан зат есімді тіркестерден құралған тіркестер әр уақытта анықтауыштық қатынаста тұратынын басшылыққа алады. Олардың ритмикалық бір екпінге (фразалық) бағынып, екпін жағынан бір түйдек болып тұратынын ескерткен. Анықтауыштық топқа кез келген ене бермейтінін, олардың құрамында мағыналық байланыстың болатынын ерекшеліктерді саралаған. Атап айтқанда, тас жол, темір күрек, қол сағат тіркестерінде сөздердің орын тәртібімен байланысып, аналитикалық тәсілге негізделгенін басшылыққа ала отырып, орын ауыстырып айтуға болатын жағдайда мағыналық қатынасты білдіретін тіркестердің болатынын дәлелдейді. Мысалы, сағат қалта – қалта сағат, көз әйнек - әйнек көз т.б. сияқты тіркестерді жатқызады. Зат есімдерден құралған сөз тіркестерінің құрамындағы мағыналық қатынастарды саралай келе, ғалым оларды былайша топтастырылады:
Бұдан байқағанымыз, біріншіден, лингвистикалық
зерттеулерде әлі де болса, күрделі
сөздер мен тіркестерінің жігін
айқындайтын принциптердің
Күрделі сөздер мәселесіне арнайы тоқталған ғалымның бірі – профессор К.Аханов. Ғалым грамматика теориясына арналған еңбегінде күрделі сөзге жалпы түсінік береді, оларға тән белгілер (семантикалық тұтастық, морфологиялық тұтастық, синтаксистік тұтастық) аталып, оның өзіне ұқсас (сөз тіркесінен) тұлғалардан айырмашылығы орынды сөз болады. Семантикалық тұтастық – күрделі сөз атаулының барлық түріне ортақ белгі дей келіп, сөздердің семантикалық тұтастық белгісінің табиғатын түсінуде әр түрлі көзқарастардың бар екендгін айтады. Атап айтқанда: 1) күрделі сөздерге тән мағына – идиомалық мағына; 2) күрделі сөз еркін сөз тіркесінен бір ғана ұғымды білдіру қасиеті жағынан ажыратылады.
Морфологиялық тұтастық белгісін
сөз еткенде күрделі сөз де
жалаң сөз тәрізді түрленіп, көптеледі,
септеледі, жіктеледі. Оның сыңарларының
әрқайсысы бөлек-бөлек
Синтаксистік тұтастық белгісі дегенде оның синтаксистік жағынан бөлшектенбей, сөйлемде бір ғана мүше болуы ұғындырылады. “Күрделі сөз – сөйлем мүшелеріне мүшеленбейтін, ажыратылмайтын лексика-грамматикалық единица да еркін сөз тіркесі сөйлем мүшелеріне мүшеленетін синтаксистік единица деп“, - нақтылайды. Құрылымы жағынан сәйкес келетін синтаксистік сөз тіркестері мен күрделі сөздерді салыстырып: кәрі жілік, ащы шек, тоқ шек, орынбасар, - күрделі сөз, ал кәрі қой, ащы көже, тоқ бала, орын берер – сөз тіркестері деп дәлелдейді. Сонымен қатар күрделі сөздердің синтаксистік тұтастығын дәлелдеген: 1) күрделі сөз құрамындағы сыңараларының арасында синтаксистік қатынас сақталмайды; 2) күрделі сөз құрамындағы әрбір сыңар сөйлемде өз алдына дербес мүше бола алмайды, тұтас күйінде бір қызмет атқарады; 3) әрбір сыңары өздігінен синтаксистік қатынасқа түсе алмайды, тұтас күйінде түседі.
К.Аханов жалпы тіл білімінде күрделі сөздерді: кіріккен сөздер, біріккен сөздер, құрамды сөздер немесе құрама сөздер, кәдімгі күрделі сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер немесе күрделі қысқарған сөздер деп топтастыру дағдысы бар екендігін айта келіп, жалпы күрделі сөздерді:
Күрделі құрама сөздердің өзін іштей бірнеше топқа бөледі: а) күрделі зат есімдер тобы (ортан жілік, қайын ене, қайын аға, қайын сіңлі, т.б.); ә) күрделі сын есімдер тобы (қара торы, қызыл шырайлы); б) күрделі етістіктер тобы (кіріп шық, сатып ал); в) құрама етістіктер тобы (көмек ет, ән сал, сабыр қыл). Сыңары бөлек жазылатын мұндай күрделі сөздерді А.Н.Кононовтың топтастыруы бойынша кәдімгі күрделі сөздер (собственные сложные слова) десек, бұл терминнен күрделі сөздердің басқа түрлерінағыз немесе кәдімгі күрделі сөздер емес пе деген қарсылық туады. Ал Н.А.Баскаковтың топтастыруы бойынша құрама сөздер десек (кьара кьус, киндик шеше), онда күрделі сөздің осы тобына жататын күрделі зат есім, сын есім, етістік деген бұрыннан қалыптасқан терминдерді өзгерткен болар едік, Мұндай сыңары бөлек жазылатын күрделі сөздерді - күрделі құрама сөздер деп атауды дұрыс деп ойлаймыз.
Күрделі сөздер мәселесінен докторлық диссертация қоғаған ғалым – Ж.Шәкенов. Ғалым ғылыми еңбегінде күрделі сөздер мен фразеологиялық тұлғалар, лексикаланған тіркес пен күрделі сөздердің ара қатынасы, күрделі сөз бен күрделі грамматикалық тұлғалардың шегі, терминдік және ономастикалық атаулардың күрделі сөздерге қатысы жайындағы мәселелерді жан-жақты қамти келе, күрделі сөзге мынадай анықтама береді: “Күрделі сөз деп екі я одан да көп сөз тізбегінен құралып, лексика, лексика-грамматикалық мағыналары мен тұлға, сөйлемдегі қызметі жағынан бөлшектенбей, тұтасымен белгілі бір ұғымның атауы ретінде жұмсалатын сөздерді айтамыз”[17]. Құрылымдық ерекшелігі жағынан: кіріккен сөз, біріккен сөз, құрама сөз (сатып алу, барып келу, ойлап табу), құранды сөз (еңбек ету, ән салу), қос сөз, қысқарған сөз деп жүйелейді. Ж.Шәкеновтың құранды сөздерге жатқызғандары К.Ахановтың күрделі-құрама сөздерінің құрама етістіктері құрама сөздерге жатқызғандары – күрделі етістіктер.
Лексикаланған тіркестерге – кәрі жілік, бет орамал, құм шекер, кір сабын, т.б. жатқызады. Бұлар тілде атау қызметін атқарады, күрделі сөздер емес, лексикаланған тіркес дейді. Лексикаланған тіркестер туралы 1978 жылғы орфографиялық сөздікте айтылады. Сөздікті құрастырушы тіл мамандары лексикаланған тіркестердің сыңары бөлек-бөлек жазылады дей келіп, мысалға: алғы сөз, жарыс сөз, қалам ақы, еңбек ақы, қара бидай, қара ниет, т.б. келтіреді. Біздің пайымдауымызша, лексикаланған тіркес жалпы ұғым болуға тиіс. Егер сөз тіркесі лексикаланатын болса, лексиканың нысаны болуы керек. Э.В.Севортян лексикалық деген ұғымды кең мағынада қолданған. Ал Ж.Шәкеновтің лексикаланған тіркестер деп жүргенін күрделі сөз деп тануға болады.