Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 08:12, дипломная работа
Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Жазусыз мәдениет атаулыны көзге елестету мүмкін емес. Сауаттылық, сауатты жазудың қоғамдық мәні зор. Ол адамдардың бір-бірімен жазбаша қарым-қатынас жасауының ең тиімді де қажетті жолы, ойды нақты да, түсінікті берудің амалы болып табылады. Ал сауатты жазудың, яғни жазу мәдениетінің негізі мектептен қаланады.
Кіріспе .................................................................................... 5
1-бөлім. Күрделі сөздер емлесінің зерттелуі....................... 7
1.2. Емле ережелерін қалыптастыруда сөзіктердің
маңызы---------------------------------------------------------------- 12
2- бөлім.Күрделі сөздер емлесінің лингвистикалық негізі....22
Қорытынды ............................................................................ 54
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................. 57
Біріккен зат атауларын лексикалық бірлікке айналдыратын, яғни лексикаландыратын негізгі қызметті тірек сыңар атқарады. Тірек сыңардың осы қызметін біріккен зат атауларды анықтайтын ұстаным-меже етіп алуға болады. Лексикаланған біріккен зат атауларының ауыспалы сыңары (тірек сыңар бірінші орын да, екінші орын да бола береді) зат пен құбылыстың түрлі қасиетін білдіретін ұғымдар: бір-бірінен; сыртқы пішіні, атқаратын қызметі, пайдалану орны, тұрмыс- тіршілігі т.б. сол заттың тұрақты айырым белгісін білдіріп, келе-келе жеке лексемалар ретінде қалыптасқан: ортан жілік, асықты жілік, тоқпан жілік, кәрі жілік т.б. Мүның басты себебі: олардың бәріне ортақ тірек сыңар - жілік сөз ортақ және жинақтаушы мағынаны (сема) - жалпылуыш семамен байланысты, ал ортан, асықты, тоқпан, кәрі сыңарлары айырым белгісін білдіретін ауыспалы сыңар.
Тірек сыңардың тіркесімділік (валенттілік, сочетаемость) қасиеті күшті. Мысалы, тұлбасы, отбасы, елбасы, күшбасы, рубасы, қалабасы, дінбасы, ордабасы т.б. Бүл жайында осы пікірді бекіте түсетін ғалым М.Оразовтың дәйектемесін келтіре кетейік: "...валенттілік бір сөздің басқа сөздермен тіркесу мүмкіншілігін, қандай создермен және қанша сөздермен тіркесу мүмкіндігі барлыгын зерттейді"- дегенді атайды . Демек, күрделі жасалымды қүрастырушы тірек сыңардың қуаттылығын тіркесімділік қабілетінен көрінетіні байқалады. Сондықтан оны лексикалық мағынаның қалыптасуын ұйымдастырушы деп санауға болады, неғүрлым тіркесімділік қасиеті күшті болса, солғүрлым күрделі жасалымдардың жасалу мүмкіндігі басымырақ туады.
Тілдсгі күрделі сөздерді жасауда тірек сыңар - негіз, қайнар көз болып саналады. Бұл күрделі зат атаулары құбылысының өзінен туындайтын теориялық негіз және тірек сыңардың жаңа сөз жасауда, сөзжасам үрдісінде белсенді қызметімен байланысты. Оны тіл деректері де нақтылайды, дәлелдейді.
Тірек сыңар - көбінесе тілі орналасу тәртібіне байланысты күрделі сөздегі соңғы сыңарға байланысты айтылады, яғни' таза құрылымдық белгісіне қатысты сипатталған. Ал.күрделі зат атауларында тұрақты бекітілген, орнықты орны жоқ. Тірек сыңар болып күрделі зат атаулары мағыналық құрылымында негізгі ұйымдастыру қызметі,' қабілеті күшті болса, сол сыңар басқа сыңарға қарағанда тірек, ұйытқы болады.
Мысалы, "Жау" сөзімен (ауыспалы, тірек) келетін біріккен зат атауларын келтірейік: жауқазын, жауқияқ, жаутерек, жауторғай (өсім.; торғай), жаушымшык (күс), қолжаулык, абжауқын (өсім.), ақжаулык (киім) т.б.
Біріккен зат атауларының мағынасы кұрамыңдағы сыңарлардың мағынасымен ұштасып жатады. Ол келтірілген тіл деректерінен де анық көрінеді. Тіл деректерін талдай келгенде жаңа мағына мен бұрынғы мағынаның арасында логикалық, қызметтік (функциялық), мағыналық байланыс болады. Себебі нақтылы сөздермен тірек сыңар бірігіп жұмсалудың нәтижесінде тілде әбден тиянақталынып, түйықталып, тұрақталып, екі сыңар бекем байланысып бір ұғымның атауы қалыптасқан. Дара сөздер секілді, өмірдегі қажеттілікпен байланысты тілімізде бір бүтін дайын сөз болып, тұрақты сипат алған.
Сонымен, біріккен зат атаулары - жұбын жазбай, мағына жағынан ұласа келіп, дамып, үшінші бір жаңа ұғымды білдіретін туынды сөздер. Бұл жаңа сөздер үнемі қолданылудың, жиі жұмсалудың нәтижесінде жалпы халыққа белгілі, көпке ортақ атау ретінде тұрақталады: бетбүрыс (перестройка), елорда (астана), елтаңба (герб), елүран, ісқағаздары (делопроизводство); айыппүл (штраф), оққағар (телехранитель), қаңғыбас (бомж) т.б.»
Тіл дамуының қазіргі
кезеңінде бір бүтін атауларды
біріктіріп жазуға бейімделгені
Біріккен зат атаулары
Осы тұста бұрынғы сөз тіркесі тұрғысынан қарап, біріккен зат есімдерді қай топқа жатқызуды білмей, бірде олай, бірдей былай жазып жүрміз. Мәселен, Қазақ тілінің сөздігі (1999) ешкі бұршак/(өс.) бөлек жазылған, солай бола тұрса да аталым дәрежесіне жетіп, сөзтізбеден орын алған. Ал осы іспеттес: ата мекен, ак иық (кыран), аяк киім, аяқ бау, боз торғай, кара өрік бөлек жазылғандықтан біріккен зат есім деп танылмаған (Орфографиялық сөздік, 1988).
Тілшілердің бөлек жазудағы негізгі ұстаным-қағидасы әр сыңардың лексикалық мағынасы бар дегенді алға тартады. Әрине, сыңарларды бөліп алғанда, әр сөздің өзінің дербес лексикалық мағынасы болатыны даусыз. Бірақ ол біріккен зат атауларының өлшемі болмаса керек. Ұғымның атауы біріккен құрамда қаралуы тиіс. Негізгі шарт - олардың сол тұгас қалпында белгілі заттың, құбылыстың жалпылама аты біртұгас ұғым болатыны. Сондықтан сөздіктер мен грамматикаларда, оқулықтар мен оқу құралдарында әр басқа тілдік құбылыстардың біртектсс делінуі немесе біртектес тілдік құбылыстардын әр басқа деп қаралуы жалпы күрделі сөздің, соның ішінде әсіресе күрделі зат атауларының шешімін таппағандығын байқатады. Бұл әр тектес тілдік құбылыстардың бірінен-бірінің аражігін ажыратудың ғылыми қағида мен ұстаным-межелерінің айқыңдалмауынан шығады. Мәселен, Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі (1988) - негізгі нормативті жазу емлесі, елдің сүйенетін, табан тірейтін. емле сөздігі, солай бола тұрса да, бұл сөздікте де біріккен зат есімдердің сөзтізбеге алынуы әр түрлі: қараторғай, қарамойнак (кауын), қараөкпе (мал ауруы), қаратаяқ (ес.) деген сөздер біріккен зат атаулары ретінде танылып, дербес сөздер болып шығады да, қара шаңырак, қара сасыр (өс), қара шешек (ауру), қара мал т.б. (сөздікте бөлек жазылған) дегендер біртұтас сөздер емес, сөз тіркестері болып шыққан. Осы деректердің өзінен бір тектес құбылыстар әр басқа құбылыстар ретінде танылған. Шын мәнінде қарашаңырақ - үлкен үй, қасиетті орын дегенді білдіретін ұғымның атауы, түсті білдіріп тұрған жоқ, сол сияқты қарасасыр - өсімдіктің атауы, қарашешек -аурудың аты, қарамал - казақ үғымында сиыр малын атайды. Бұл жерде анықтаушы мен анықталушы сөз емес, аталым дәрежесіне жеткен лексемалар. Олар семантикалық та, құрылымдық та, қызметі жағынан еш бөлінбей, бір бүтін бірлік ретінде жұмсалады. Бұл сияқты тіркескен атрибут сыңар, бір кезде сөйлемнің синтаксистік тіркесін құрап, нақтылы айырым ұғымын жасау үшін жұмсалғанымен, кейін өз мағыналарын өзгертіп жаңарту арқылы аналитикалық тәсілмен біріккен зат есім жасауға үлес қосатын мағыналы сыңар болып қалыптасқан тірек сыңардың мағынасы туынды жаңа сөздің мағынасына негіз болған. Мысалы, қаракүзен (аң), қаракүйе (кұрт), қаражидек (өсім.), қарабидай (дақыл), қарабие (этногр., түнде ойналатын үлттык ойын), қарақұс (жыртқыш қүс), қарақұрт (улы жәндік) т.б. осы сияқты "ақ", "көк", "сары" т.б. сөздермен келетін біріккен зат атаулары жасалу жағынан екіншілік-мағынаға (жаңа мағынаға) ие болған туынды ұғымдар (атаулар) тілге бір заттың немесе құбылыстың алғашқы жалпылық, жинақтылық дерексіздік мағынасын нақтылап, саралап, өзгерте келе, жиі қолданылудың нәтижесінде екіншілік аталым пайда болған. Осы үлгімен тілде түрлі атаулар жасалып келеді. Бұл - тілдің дамуындағы күрделену заңына жататын кұбылыс.
Сөздердің бірігуі – күрделену заңдылығына бағынатын тілдік құбылыстар. Тілдің ішкі заңдылығында әбден қалыптасқан бұл заңдылық тек сыртқы тұрпатын (құрылымын) түрлендіріп қоймайды,: мазмұн-мағынасын да өзгертіп, бастапқы (жеке тұрғандағы) мағынасынан басқа мағынаға көшіп отырған. Мысалы қырыкжеті (кәде), үштоғыз (кәде), сегізкөз (анат.) т.б. туыңды сөздің (біріккен зат атауларының) себепші түбір мағыналардың семантикалық құрылымды екі сыңардың мағы-наларынан тұрады. Бұл екі мағыналардың сыртқы жамылғышы (тұлғасы) өзгеріссіз қалады. Сонда біріккен зат есімдегі аталым жасаушы- мағыналар (семалар) ауыспалы сыңар мен тірек сыңардағы мағыналар. Біріккен зат атауларының себепші мағыналармен байланысы, ортақтығын жоймаған. Демек, біріккен зат атауының ішкі семантикалық құрылымда себепші сыңарлардың мағыналары сақталып, жалпы өзек мағьінаны құрайды, сөйтіп, біріккен зат атауы аталым белгісін анықтайтын жаңа мағына (сема) түзіледі. Ұғымдық ерекшелік негізінде туындаған біріккен зат атауларының аталымдық белгінің көрінісі нақты мағыналар айқындайды. Нақты мағына дәрежесінің түрлі болуына сәйкес жеке атауды (сегізкөз - анат. атау, егеукұйрық - тышкан, тогызқүмалақ -ұлт.ойын, қырықжеті - кәде, сарала - тағам) білдіретін мағына қалыптасады. Бұл тілде біріккен зат атауларының тілде пайда болу, қальптасу жолын көрсетеді және біріккен зат атауларының тілде түрлі өзгерісті, дамуды басынан өткізу арқылы қальіптасатьінын көрсетеді.
Біріккен зат атауларының жасалуының басты заңдылығы –олардың жүйелі белгілі үлгілерге құралатындығы. Олар тілдің грамматикалық құрылысына үйлесіп негізделген үлгілер. Біріккен зат атауларын іштей саралай келгенде, олардың ауыспалы сыңары түрлі сөз табына қатысты: зат есім+зат есім, сын есім+зат есім, сын есім+зат есім, зат есім+етістік, етістік+етістіқ, сан есім+сан есім т.б. үлгілерде жасала береді.
Біріккен зат атаулары әуел баста сыңарлары анықтаушы және анықталушы сөз ретінде қалыптасқан. Қазір бұл сыңарлардың арасында ондай қатынастардың белгісі жоқ тек атауы. Ғалымдар: Н.Уәли, Б.Қасымдардың пікірлері мынадай:
т.б.
7.Мекендік, орнын, мекенін
көрсетеді: таусағыз,
жанқалта, қолбала, сужылан, көлбақа, тауешкі
(аң), тасшөп
(өсім.), қүмсағыз (өсім.) т.б.
8. Сандық сапаның қатысуымен
қалыптасқан: бірқазан,
қырықжеті, алтыбақан, үшбүрыш (геом.),
қырықбуын (өсім.),
мыңбасы т.б.
9.Метафора, бейнелсп, астарлап,
теңеп көрсету: соқыртеке,
кәріқыз (өсім.), желаяқ, көріпкел, қылкөпір,
атұстар, шүйкебас,
шөпжелке т.б. Бұл жсрде сыңарлар -
мағыналық даму үрдісінен
өткендер.(22).
Біріккен зат атауларының құрамындағы сыңарлар түрлі сөз табынан болуына қарамастан, бір заттық ұғымды білдіріп, сөз табы жағынан зат есім болады. Сонымен күрделі зат есімдер -жеке сөздердің бірігуінен біртұтас лексикалық мағынаны білдіретін туынды сөздер. Біріккен зат атауларының лексикалык салмағы, олардың мағыналық тұтастығымен өлшенеді. Нәтижесінде жаңа мағыналы аталым пайда болады.
Бірікксн зат атауларының сыңарлары белгілі бір дыбыстық қалыпқа, түсксн, белгілі жүйеде қалыптасқан тілдік бірліктер.
Біріккен зат атауларының ішкі мән-мазмұнын сөздің сыртқы жамылғышы сақтап тұрады. Тілдік қолданыста біріккен күрделі сөздермен қатар бірге жазылатын кіріккен сөздер де бар. Соларға қысқаша тоқталамыз.
Кіріккен зат атаулары. Тіліміздегі кіріккен зат атаулары -екі, үш сөздердің бірігу нәтижесінде жаңа мағыналы лексемаға айналған кезде құрылымдық (морфемалық), дыбыстық өзгерістерге ұшырап, жымдасып, ішкі жігі сіңісіп ксткен, яғни аражігін жоғалтқан жасалымдар. Мәселсн, проф.Қ.Жүбанов кірікксн сөздерді алғашқы қалпын жоғалтып, бірімен-бірі қиындасып кеткенін, қиындасқанда ' дыбыстары бірыңғайласып немесе арасындағы дыбыстар ығыстырылып түсіп қалатындығын көрсетеді (белбеу, қолгап, белуар т.б.) және оларды скі түрге бөліп: қиюлы кіріккен, екіншісін - жалгасулы кірікқен дейді. Келесі бір зерттелімінде қазақ тіліндегі күрделі сөзді екі түбірдің кірігуі, қиюлы кіріккен және (қиюлы кіріккен сөздер деген термин қысқарған сөздер деген терминнің орнына қолданылған) қосарлануы арқылы жасалады деген болатын. Бүл жерде жалғасулы кірікқен деп отырғаны ғалымның қысқарған сөздер. Оған мына мысалдар дәлел: ауатком, партком, ҚазПИ.
Кіріккен зат атауларының басқа күрделі зат атауларынан айырмашьшығы, ерекшелігі олардың сыңарлары бастапқы тұрпатын өзгертіп, буын жігін жоғалтып, сыңарлар өзара кірігіп, жігін білдірмей кетеді. Басқа күрделілерге қарағанда, дара сөзге сыртқы тұрпаты жағынан жақындасып келеді. Мысалы, қолғап, карағаш, бәйшешек, белбеу, ышқыр, қайнаға, т.б. Сонымен кіріккен зат атауларының жігін білдірмей жымдасуы туа түтастық емес, біртіндеп қүрамындағы сыңарлардың сіңісуінен, жымдасуынан, түсіп қалуынан барып түтасып кеткен:. жексурын < жек +сүрын, бәйбіше < бәй+ бі(й)+ше, бәй//бай > байтерек < бай+терек, бәйшешек < бәй+шешек, байқутан < бай+қутан// байтөбет < бай+төбет, байгыз//байгус < бай+қус, көкпар < көк+бөрі, жегжат < жеке +джеһәт//йек+джеһәт (пікірлес туысқандар), жексенбі < жеке+шәмбе//йәкшәмбе (демалыс күні, жексенбі), жарапазан < йа,о!+рәмәзан (ай күнтізбесі бойынша - тоғызыншы ай) - діни үғым бойынша ән-жыр айту салты, дәстүрі т.б. келтірілген деректер қазіргі тіл қолданысында ішкі қүрылымына зер салғанда ғана анықталады, ал, сыртқы түрпат қүрылымы о бастағы түрлерінен өзгерген, табиғаты беймәлім екені анық. Бүгінгі танда тілдік айналымда жүрген көптеген күрделі зат атаулары - көп жағдайда сыңарларының үйлесіп, жымдасуын-дағы сіңісуіндегі күрделену сипатын, өзгеруін, қалыптасу процесін тарихи түрғыдан тереңірек зерттеуді, талдауды қажет етсді. Жоғарыда кслтірілген деректерге қарағанда, біріге-кіріккен зат атаулары - тарихи қүбылыс екенін айта келе,' оларды тілдің бүгінгі қүрылымымсн салыстырғанда, дара сөз іспеттес сіңісіп кстксн көнерген тілдік қүбылыс. Бір байқалатын срекшслік - кіріккен зат есімдердің көбісі басқа тілден енген сөздер (араб-парсы, монғол, түркі тілдері) көбінесе дыбыстық, құрылымдық өзгеріске түскен. Оның себебі - ұлттық тілдің зандылығы мен табиғатына, ерекшеліктеріне үйлесуден бе деп жорамалдаймыз. Мысалы, қазақ тілінде қайны, агайын - қырғ. кайни, агайын; сол сияқты қазақ тіліндегі дербсс сөз уйеңкіні -> монғ. агч мод - қалмақ тілінде агн модн - мод - агаш, ақ - белый түркі тілдеріндсгі ақ түбірін алған да, ал монғол тілінің төл сөзі мод - агаш - дегенді білдіреді.
Қазақ тіліндегі күрделі сөздер біріккен, қосарланған, тіркескен және қысқарған болып бөлінетіні белгілі. Аты айтып тұрғандай, біріккен күрделі сөздер бірігіп жазылатыны түсінікті. Оның лингвистикалық негіздеріне тоқталдық. Енді күрделі сөздердің жоғарыда аталған түрлерінің емлесіне қысқаша тоқталамыз.
Қосарланған күрделі сөздер.
Тіліміздегі қосарланған күрделі сөздер құрылымы жағынан бірнеше түрге бөлінеді. Атап айтқанда, екі сыңарының екеуі де түбір болып келетін және жеке-жеке қолданыла беретін, екі сыңарының да мағынасы айқын қосарланған күрделі сөздер бөлек жазылады. Яғни дефис арқылы жазылады. Мысалы: ас-су, би-болыс, іс-әрекет, дос-жар, бай-манап, сауық-сайран, қас-қабақ, жол-жора, әдет-ғұрып, бас-көз, сақал-мұрт, қайыр-садақа т.т.
Тілімізде бұлардан басқа да екі түбірдің қосарлануынан туған, бірақ бір сыңарының мағынасы көмескі болып келетін күрделі сөздер бар. Мысалы: жіп-шу, бала-шаға, кедей-кепшік, абысын-ажын, келін-кепшік, дәрі-дәрмек, ер-тұрман, арық-тұрақ, қару- жарақ т.т. Бұл сөздердің екінші сыңарлары бөлек қолданылмайды, бірінші сыңармен дефис арқылы қосарланып жазылады.
Екі сыңары да жеке бөліп айтуға келмейтін, екеуінің де мағынасы айқын емес күрделі сөздер де дефис арқылы қосарланып жазылады. Мысалы: жекпе-жек, ап-сап, абыр-сабыр т.т.
Енді біраз қосарланып жазылатын сөздердің екі сыңары да туынды болып келеді. Мысалы: ұрыс-керіс, кіріс-шығыс, талас-тартыс, жиын-терін, майлық-сулық, зорлық-зомбылық т.т.
Қысқарған күрделі сөздер.
Қазақ тіліндегі қысқарған күрделі сөздердің дені орыс тілінің әсерінен жасалғандар. Күрделі сөздердің бұл түрі құрамындағы компоненттерінің біржола әрі қысқару, әрі бірігу тәсілімен жасалған. Олар қысқару тәсілдеріне қарай 4-ке бөлінеді.
1.Дыбыстық я
әріптік қысқарымдардан
2.Буындық я бөліктік қысқарымдар арқылы жасалған күрделі сөздер. Бұлардың да басым көпшілігі орыс тілінен енген сөздер. Мысалы: завхоз, атком, военком, комсорг, универмаг, комкор, парторг т.т. Бұндай сөздер бірге жазылады.
3.Дыбыстық, әріптік және буындық қысқарымдардан жасалған күрделі сөздер. Мысалы: КазПИ, ЖенПИ, КазТАГ, завуч т.т. Бұлар да бірігіп жазылады.
4.Буындық я бөліктік қысқарым мен тұтас сөз бірікпесінен жасалған зат есімдер. Мысалы: басбух, жалшыком, компартия, совнарком, партбилет, зооветинститут т.т.
Тіркескен күрделі сөздер.
Тіркескен күрделі сөздер —екі сөзден құралып, қазіргі орфографиялық ереже бойынша бөлек жазылатын сөздер тіркесі. Күрделі сөз атауларының түп атасы сөз тіркесі екені белгілі. Тілдегі тіркестердің: еркін(синтаксистік) сөз тіркесі, фразеологиялық сөз тіркесі, шектеулі тіркес, атаулық тіркес болып бөлінетіндігі аян. Тілдегі еркін сөз тіркестерінің кейбіреулері келе-келе субстантивтеніп, тұрақты сипатқа ие болады. Оларды қалай ажыратуға болады?Мысалы екі сөзден тұратын тас бауыр фразеологиялық тіркес, өйткені бір ғана сұраққа жауап береді, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады, араларына сөз салуға немесе орнын ауыстыруға келмейді. Ал шикі бауыр дегенде әр сөз дербес сұраққа жауап беріп, сөйлемнің әр мүшесінің қызметін атқарып тұр. Сол сияқты сым темір бір ұғымның күрделі атауы болғандықтан, не деген бір сұраққұа жауап сөйлемде бір-ақ мүше болады. Ал осыған ұқсас істік темір тіркесінің екі компоненті екі мүшенің қызметін атқарады. Тіркескен күрделі сөздердің қай түрі болмасын, сыңарлары бір-бірінен бөлек жазылады.