Күрделі сөздер

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 08:12, дипломная работа

Описание работы

Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Жазусыз мәдениет атаулыны көзге елестету мүмкін емес. Сауаттылық, сауатты жазудың қоғамдық мәні зор. Ол адамдардың бір-бірімен жазбаша қарым-қатынас жасауының ең тиімді де қажетті жолы, ойды нақты да, түсінікті берудің амалы болып табылады. Ал сауатты жазудың, яғни жазу мәдениетінің негізі мектептен қаланады.

Содержание

Кіріспе .................................................................................... 5
1-бөлім. Күрделі сөздер емлесінің зерттелуі....................... 7
1.2. Емле ережелерін қалыптастыруда сөзіктердің
маңызы---------------------------------------------------------------- 12
2- бөлім.Күрделі сөздер емлесінің лингвистикалық негізі....22
Қорытынды ............................................................................ 54
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................. 57

Работа содержит 1 файл

Диплом жумыс.doc

— 388.50 Кб (Скачать)

5)  Күрделі қысқарған сөздер біріктіріліп жазылады. Мысалы, пединститут, т.б. 

0.  Ұғымдық (понятийный) ұстаным. Бұл ұстаным бойынша  бір ұғымды білдіретін күрделі  сөздер бірге жазылады. Мысалы, баспасөз, шикізат, т.б.

Сонымен жазу мәдениетін көтеруде қандай ұстаным басшылыққа алынуы тиіс деген сұрақ туады. «...Қазіргі жазу сөздің негізгі дыбыстық (фонетикалық) құрамын сақтап жазу қағидасын негізге алады» деген пікір де бар [9]. Қазақ орфографиясының негізгі принциптері – морфологиялық, фонематикалық, фонетикалық және тарихи- дәстүрлік. әрқайсының жазу үрдісінде өзіндік орны бар.

Бұл жөнінде М.Балақаев: «Слова, состоящие из нескольких слов, но выражающие одно понятие, пишутся  слитно » деген пікір білдіреді.

Қазақ жазуында біріккен сөздердің емлесі тиянақталмай-ақ қойды. Оның басты себебі- біз біріккен сөздерді емес, олардың ережелерін құбылта береміз. 1940-1960 жылдары оларды бірге жазу дағдыға айналып, жөнделе бастағанда, кейін бөлек жазуды дәріптеп, қолғап, жарғанат, есекмия сияқты көптеген біріккен сөздерді қайтадан бөлек жазуды ұсындық. Бұдан не шықты? Бұл тәжірибе өзін -өзі ақтамағанын әркім-ақ байқап жүр, -дейді. Осыған орай, біріккен сөздердің емлесінің тиянақталмауының негіздерін іздеуге тура келеді. Ереже, заңдылық бір күнде қалыптаспайтыны белгілі, оған уақыт, тіл тәжірибесі, ғылыми ізденістер қажет. Бұл тұрғыдан келгенде, қоғам тарапынан істелініп жатқан іс-шаралар, соған орай ғылыми ізденістер де жоқ емес. Солардың ең бастысы ретінде 1953 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл білімі және әдебиет институты ұйымдастырған пікір- сайысын атауға болады. Осы пікір-сайыстың негізінде қазақ алфавиті мен орфография ережелерінің жобасы айқындалады.

Алфавит пен орфография ережелерінің бірізге түсуіне А.Ысқақов, М.Балақаев, Ә.Ермеков, С.Қирабаев, Т.Жанұзақов  т.б. ғалымдар ат салысып газет беттеріне мақалалар жариялады. Орфография дегеніміз- әдеби тілдегі сөздерді оның грамматикалық формаларын бірыңғай жазу жөніндегі ережелердің жинағы –дей келіп, А.Ысқақов негізінен жобадағы күрделі сөздердің жазылу ережесін қостады.

«Қазақстан мұғалімінің» 6- наурыздағы санында «Орфорафияның бірер ережелері туралы» деген мақаласында проф. М.Балақаев: Орфография жалпыға ортақ, оның ережелері жалпы халыққа бірдей міндетті болуы тиіс. Орфографиялық ережелер бірізге түсіп, әбден қалыптаспайынша, жалпыхалықтың тіл нормасын жасау, әдебиет тілінің еркін дамып, қалыптаса беру процесін тездету, жалпыға ортақ орфографиялық норма жасау, мектептерде тіл сабағын оқытуды дұрыс жолға қою мүмкін емес, - деп тұжырымдады.

Ә.Ермеков «Екі мәселе»  деген мақаласында тұтас бірігіп бір мағына берсе, біріктіріп жазуды қолдайтын мынадай мысалдар келтіреді: ойөріс, дүниетану, арасалмақ, ауылшаршылық, теміржолшы, т.б. Осы пікірді жалғастыра отырып Қ.Шәукенов: күрделі есім сөздер анықтауыштық қызмет атқармай, нәрсенің не адамның онына жүріп тұрса, оларды біріктіріп (сарымай, теміржолшы) жазуды құптайды.

Б.Сейтмұратов: бір ұғымды білдіретін күрделі сын есімдер  мен зат есімдерді біріктіріп жазу керектігін ескертеді.

Қ.Шарипов: біріккен сөздердің  айрықша белгісі алдыңғысы зат есім күйінде болсын, сын есім күйінде болсын жалғаусыз келте түрінде тұрады, ал соңғысы ешбір тәуелденбей, оқшау түрінде тұрады дей келіп, -лық, -дық жұрнағымен келетін сын есімдердің бәрі бірге жазылуы керек: ұсақ буржуазия – ұсақ буржуазиялық, үшжылдық, онжылдық,т.б. термин болғандығынан бірге жазылады,- дейді.

Қ.Шариповтың түйіндеуінше, бір ғана ұғымды, затты білдіретін сөздердің бәрі бірге жазылуы  керек.

С.Қирабаев «Кейбір ережелер жөнінде» деген мақаласында терминдік  мәні бар сөздерді бірге жазу кректігіне тоқталады.

Е.Жанпейісов аралас түсті білдіретін сапалық сын есімдердің бірге  жазылғанын құптайды. Күрделі сөздердің  жазылуы туралы пікірлерді қорыта келе, Т.Жанұзақов: кісі аттары мен географиялық атаулардың, жануарлар мен жәндіктердің аттары, есімдік пен үстеулерден біріккен сөздердің ғана бірігіп жазылып, басқасының бөлек жазылғаны дұрыс, - дейді[ ].

Осы пікірлердің негізінде алғаш  рет жоба қабылданды. Жобада бірге  жазылатын сөздер туралы мынадай  қорытындылар жасалды:

& 26. Біріккен сөздердің бастапқы түбір тұлғалары сақталып, бірге

жазылады: баспасөз, кәсіпорын, шекара, шетел, бірқазан(биологиялық  термин), есекмия(биологиялық термин), қарақұйрық(зоологиялық термин), темірқазық(жұлдыз), еңбеккүн, шикізат, ақсүйек(ойын) т.б.

Ескертуінде: Я бір сыңарының, я екі сыңарының мағыналары

сақталмай, тұлғасы өзгеріп кеткен мынадай сөздер естілуінше жазылады: бүгін, биыл, ашудас, сайгүлік, жаздыгүні, бірсүгіні. Еш, әр, кей, әлде сөздері үстеулермен, есімдіктермен бірге, ал зат есімнен бөлек жазылады делінген.

& 28. Бір түсті білдіретін күрделі сапалық сын есімдер біріктіріліп

жазылады: аққұба, ақсары, қаракер, алқызыл т.б.

& 29. Географиялық атаулар, кісі аттары бірге жазылады.

Ескерту: екі сөзден құралған кейбір кісі аттары қалыптасқан

күйінде жазылады: Бегәлі, Төрегелді, Жанғазы, Жанғабыл.

Жобаның негізінде 1957 жылы «Қазақ алфавиті мен орфография

ережелері» атты 15 беттен тұратын кітапша жарық көрді. Кітапшаның редакторы – Р.Сыздықова. Шығарған – Ғылым академиясы Тіл  және әдебиет институты. Еңбекте  бірге, бөлек, дефис арқылы жазылатын күрделі сөздерге үлкен мән берілген. Атап айтқанда, бөлек жазылатын сөздер.

& 21. Күрделі атаулардың әр сөзі бөлек жазылады: Советтік

Социалистік Республика Одағы.

& 22. Анықтауыш пен анықталушы сөздер тіркестеріндегі әрбір сөз

бөлек жазылады: бас киім, темір жол, сары май.

& 23. Күрделі сан есімдер, күрделі сын есімдердің әбір сөзі бөлек

жазылады.

& 24. Күрделі етістіктің әрбір сөзі бөлек жазылады.

& 25. Есімдер мен етістіктен арласып құралған күрделі сөздердің

әрбір сөзі бөлек жазылады: құрмет ет, ду ете түсті.

& 26.Идиом, фразалық тіркестердің әрбір сөзі бөлек жазылады.

0 Бірге жазылатын сөздер.

& 27. Тұлғасы өзгеріп барып біріккен сөздер: бүгін, биыл.

& 28. Еш, әр, кей+есімдік, үстеу.

& 29. Ғылымның әр алуан саласындағы терминдік мәнге ие болып

қалыптасқан атаулар  және басқа сөздер де бастапқы тұлғалары  сақталып, дағды бойынша бірге  жазылады: көзқарас, шетел, көркемөнер, бесжылдық.

& 30. Екі, үш сөзден құралған географиялық атаулар түбірі

сақталып, бірге жазылады (Екібастұз). Қос сөздердің барлық түрі дефис арқылы жазылады деген нақты ережелер берілді.

Жобадағы (&28): Бір түсті білдіретін күрделі сапалық сын есімдер біріктіріліп жазылады: аққұба, ақсары, қаракер, алқызыл т.б. деген пунк алынып тасталынған.

 

1.2. Емле ережелерін қалыптастыруда сөздіктердің маңызы

 

Емле ережелерінің тұрақталуының, қалыптасуының негізгі бір көзі орфографиялық, емле сөздіктері екені  белгілі. Бұл орайда да атап айтарлық тәжірибеміз, емле сөздіктеріміз бар. Мысалы, М.Балақаевтың 1948 жылы шыққан емле сөздігінде: екі сөз бүгінгі жаңа мағына білдіретін болса, соны ғана біріккен сөз деп танып, біріктіріп жазуды ұсынады. Мысалы: қайыната, қайынбике, ашықауыз, ішкиім, сарымай, т.т. сонымен қатар бірін-бірі анықтайтын екі сын есім, қысқарып біріккен күрделі етістіктердің бірге жазылатындығына тоқталады.

1962 жылы бастауыш, жеті  жылдық және орта мектептерге  арналып орфографиялық сөздік  шықты. (Ғ.Мұсабаев, А.Хасенова, Р.Сыздықова,  Х.Арғынов). Онда Қазақ ССР Жоғарғы  Кеңесі 1957 жылы маусымның 5-інде  бекітілген «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелері» басшылыққа алынды. Ережеде бөлек жазылатын сөздер (күрделі атаулардың әрбі сөзі, анықтауыш және анықталушы сөздердің әрбір сөзі, күрделі сан есімдер,сын есімдер, есім, еліктеуіш сөздер мен етістіктен құралған күрделі сөздердің әрбір сөзі идиома, фразалық тіркестердің әрбір сөзі) мен бірге жазылатын (тұлғасы өзгеріліп барып біріккен сөздер, ғылымының әр алуан саласындағы терминдік мәнге ие болып қалыптасқан атаулар т.б.) сөздердің сипаты ашылған.

1957 жылы түзілген қазақ орфографиясының принциптері негізінен дұрыс, жинақы бола тұрса да, кейбір ережелерін әлі де болса толықтыра түсу қажеттігі туды. Осы себептен Қазақ ССР ғылым академиясының Тіл білімі институты мен Қазақ ССР Оқу министірлігі кодексіне толықтырулар мен түзетулер енгізіп, оның жаңа редакциясын ұсынды. Ол ресми түрде қабылданып, Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының 1983 жылғы 25 августағы жарлығымен бекітілді.

1987 жылдың 6 мартында Қазақстан  компартиясының Орталық комитеті мен Қазақ ССР министрлер советі Республикада қазақ тілі мен орыс тілін оқып үйренуді жақсарту туралы қаулылар қабылдады. Бұл қаулыда негізгі көңіл бөлінген мәселелердің бірі тіл мәдениетін көтеру, дұрыс сөйлеп, сауатты жазу болды.

Сауатты жазу үшін реттелген  емле ережелері мен сол ережелерге сәйкес түзілген орфографиялық сөздіктердің қажет екендігі даусыз.

«Қазақ тілінің орфографиялық  сөздігі » алғаш рет 1963 жылы жарық  көрді. Сөздік 1978 жылы толықтырылып, түзетіліп, 2-рет жарық көрді. Мұнда бірге  не бөлек жазылатын сөздер ажыратыла түсті, көптеген терминдердің және аралық, құмар, тану тәрізді сыңарлармен келген сөздердің біріктіріліп жазылуы тұрақтандырылды. Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институты жазу мәдениетін көтеру, емле ережелерін жетілдіре түсу мақсатымен 1983 жылы «Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізді. Атап айтқанда: бірге және бөлек жазылатын сөздер іріктелді. Екі түбірден жасалып, терминдік мәнге ие болған атаулар, дербес лексикалық мағыналарын жоғалтқан түбірлерден жасалған аң-құс, жануарлар мен жәндіктер, сондай-ақ өсімдік атаулары, екінші сыңары ағаш, бақа, жидек, бүлдірген, гүл, жапырақ, жеміс, жидек, көк, қат, қурай, құрт, құс, тамыр, томар, шешек деген сөздер болып келген өсімдік, аң-құс аттары нақты атауға ие болғандықтан бірге жазылады. Ал ағаш, гүл сияқты сөздермен келген күрделі атаулардың бірінші сыңары сол өсімдіктің, ағаштың атауын жеке тұрып та білдіретін болса, бөлек жазылады деп ескертіледі.

Емле ережелерінің бірізге  түсіп қалыптасуында «Анықтағыштардың» да маңызы зор. Бұл ретте де біраз еңбектер жарық көрді.

Р.Сыздықова «Емле  және тыныс белгілері» атты анықтағышында (3- басылымы) 1983 жылғы 25 тамызда бекітілген «Қазақ орфографиясының негізгі ережелері» енгізге алынған [64].

Р.Сыздықованың 2000 жылы шыққан «Қазақ тілінің анықтағышында» 3- басылымдағы емле ережелері көп өзгеріссіз берілген. Сөздердің бірге және бөлек жазылу ережелері жайында да бірсыпыра түсініктер беруге тура келеді дей келіп ғалым: ғылым мен техника салаларында терминге арналған күрделі атаулар: екі түбірден құралған аң-құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа, өсімдік атаулары: шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер, спорт, сияқты салаларға қатысты зат, құрал-жабдық, әр алуан ұғым атаулары мен мамандық, кәсіп, қызмет иелерінің аттары: екінші сыңары аралық, тану сияқты сөздер және алғашқы сыңары авиа, авто, изо, ультра тәрізді сөздер болып келген күрделі тұлғалар біріктіріліп жазылады- деп нақтылай түседі.

Емле ережелерін жетілдіріп, тұрақтандыруда арнаулы зерттеу  еңбектерінің де қосар үлесі мол. Бұл орайда 1930-40 жылдары жарық көрген Ә.Сыздықұлының «Сауатсыздарды оқыту методикасы», Х.Басымовтың «Жаңа әріп пен жаңа емле және дыбыстарымыздың жіктелуі», Шамғали Сарыбайұлының «Жазып үйретудің әдістері», Ғ.Бегалиевтің «Әріп, дыбыс, буын» атты зерттеулері негізінен алфавит, жазу мәселелерін сөз етті.

Күрделі сөздердің (біріккен сөздер) жазылуын бірізге түсіруге көп еңбек еткен ғалым-филология  ғылымының кандидаты Г.Жәркешова. Біріккен сөздерді арнайы зерттеген  ғалым мынадай сөздерді бірге  жазуды ұсынады:

1) Дара сөздердің тұлғасы  өзгеріп, қысқарып барып, кірігіп  кеткен сөздерді (бүгін, биыл):

2) Бір сыңары мәнді,  бір сыңары мәнсіз сөздерді (айгөлек,  алаңғасар):

3) Қазақтың төл сөздерінен  бірігіп, жаңа мағынаға ауысқан  және көптен бері жазылуы қалыптасқан сөздерді (бесжылдық, денсаулық):

4) Интернационалдық сөздер  мен қазақы сөздегі бірігу  арқылы жасалған сөздерді (автоқалам):

5) Орыс, араб, парсы тілдерінен  енген (бірігу арқылы) сөздерді (жайнамаз, орфография):

6) Екі сөзден құралған  өсімдік жан-жануар, түрлі ауру, індет атаулары (қосаяқ, алабота). Бөлек жазылатын сөздерге: күрделі сын есімдерді, анатомиялық атауларды (ауыз омыртқа, сүбе қабырға), изафеттік құрылыстағы сөз тіркестерін (радио хабары), ән-күй, ойын аттарын, ру аттарын, салт, сана, ырымға байланысты сөздер т.т. жатқызады. Соңғы жылдары шыққан орфографиялық сөздіктер мен анықтағыштарда ру-тайпа, ойын, ырым, ән-күй аттары біріктіріліп жазылады делінген.

Қазіргі кезде күрделі  сөздердің бірге жазылатын түрлеріне  қарағанда, бірге не бөлек жазылуы даулы болып келетін сөздердің саны әлі де болса аз емес. Соңғы 10-15 жылда мерзімді баспасөз беттерінде сөздерді біріктіріп жазу үрдісі күшейе түскен. Бірге не бөлек жазылуы талас тудыратын жаңа ұғымдар көбейген. Сондықтан біріккен сөздердің өзге ұқсас тілдік құбылыстармен ұқсас және өзгешелік жақтарын іздестіріп, олардың орфографиялануын негіздей түсу қажет.

Емле ережелерін тұрақтандыру, жетілдіру мақсатында Б.Қалиұлы, Н.Уәлиевтің, С.Мырзабековтің еңбектерін атап өту  орынды. Б.Қалиұлы басқа тілден енген  сөздерді жазудағы ала-құлалықтың негізгі себебі тіліміздегі үндестік заңының бұзылуы дей келіп, бұл қайшылықтарды жоюдың бірден бір жолы-қазақ тілінің табиғи қалпын сақтап, үндестік заңы бойынша жазуды ұсынады.

      Кірме сөздердің  фонетикалық  тұлғасын қазақшалап жазуды жаппай жүргізу үшін бүкіл баспа ісін жаңғырту... есебі жоқ жазбаларды жаңаша басып шығару үшін көп қаражат керек екендігі ескерілуі қажет. Мұндай жазба дүниенің жартысын бұрынғыша, жартысын жаңаша емлемен ұсынуға мүлде болмайды. ... кириллицаны пайдаланып отырған кезеңде орыс тілінен келген кірме сөздерді фонетикалық тұлғасын өзгертіп қазақшалаудың қажеті бар ма? Сөйтіп, кірме сөздер  қай тілден келсе де, қазақ тілінің табиғи дыбыс заңдарына бағындырыла айтылсын және сол бағынған түрінде жазылсын деген идея теориялық тұрғыдан дұрыс. ...жаңа латын жазуына көшкен кезде кірме сөздерді қазақ тілінің өз заңдарына икемдеп айту және жазу идеясының жүзеге асатыны даусыз (Р.Сыздық).

Информация о работе Күрделі сөздер