Күрделі сөздер

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 08:12, дипломная работа

Описание работы

Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Жазусыз мәдениет атаулыны көзге елестету мүмкін емес. Сауаттылық, сауатты жазудың қоғамдық мәні зор. Ол адамдардың бір-бірімен жазбаша қарым-қатынас жасауының ең тиімді де қажетті жолы, ойды нақты да, түсінікті берудің амалы болып табылады. Ал сауатты жазудың, яғни жазу мәдениетінің негізі мектептен қаланады.

Содержание

Кіріспе .................................................................................... 5
1-бөлім. Күрделі сөздер емлесінің зерттелуі....................... 7
1.2. Емле ережелерін қалыптастыруда сөзіктердің
маңызы---------------------------------------------------------------- 12
2- бөлім.Күрделі сөздер емлесінің лингвистикалық негізі....22
Қорытынды ............................................................................ 54
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................. 57

Работа содержит 1 файл

Диплом жумыс.doc

— 388.50 Кб (Скачать)

1. Сөзжасамның  аналитикалық тәсілімен байланысты, сөзқосым тәсілімен жасалған  күрделі сөздер және синтаксистік  тәсілмен байланысып, тіркесу тәсілі арқылы жасалған күрделі сөздер бірге жазылады.

2. Сөзжасамның  аналитикалық тәсілімен байланысып, тіркесу тәсілі арқылы жасалған  күрделі сөздер бөлек жазылады.(19)

Бұдан күрделі  зат есімдерін өзі (оның ішінде біріккен) екі түрі жолмен жасалатынын көреміз. Біріншісі сөзжасамның аналитикалық тәсілі арқылы жасалған біріккен сөздер. Сөзжасамның аналитикалық тәсілі арқылы жасалған біріккен сөздер семантикалық байланыста тұрады, сондықтан әрдайым дайын тұрған тұлға ретінде бірігіп жазылады десе, синтаксистік тәсіл арқылы жасалған біріккен сөздер, әуелі, грамматикалық жақтан байланысып, тілдік қатынаста жұмсалу жиілігіне қарай біріккен сөздерге ұласады. Ендеше, сөзжасамның аналитикалық тәсіліне тек тіркесті зат есімдер, тіркесті сын есімдер, тіркесті сан есімдер сияқты күрделі сөздер ғана жатпайды, семантикалық жақтан байланысқан біріккен сөздер де жатады екен. Зерттеуші “Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі тұлғалар” атты мақаласында сөзжасамның аналитикалық тәсілі арқылы жасалған күрделі сөздер туралы былай дейді: “тасбақа, (егеуқұйрық т.б. сияқты тұлғалардың) құрамынада тас сөзінің де, бақа сөзінің де жеке тұлғадағы параллель жатқан мағыналарының ешқандай қатысы жоқ. Бұлар сөздің сыртқы дыбысталуын, түрін өзгертпей, сол заттардың түрінің, белгісінің ұқсастығына қарай жаңа мағынаға ие болған. Ал күрек тіс деген тұлғада күрек сөзі шаруашылыққа қолданатын құрал мағынасында жұмсалып тұрған жоқ. Бұл сөз атау болып тұрған заттың түрлері мен белгісінің ұқсастығы арқылы ауыспалы мағынада байланысқан. Тіс сөзі ауыз қуысындағы тамақ шайнайтын мүше ретінде жұмсалып, параллель жатқан мағынасын сақтап тұр. Күрделі тұлғалардың құрамындағы сөздердің тілдік қатынасына жұмсалған мағыналардың функционалдық семантикасына қарай ұқсату заңы бойынша жаңа мағынаға ие болған күрделі тұлғаларды сөзжасамдық тұлға, лексикалық тұлға деп танимыз” – дейді[ ]. Яғни күрделі сөздердің ішінде дыбысталуы, сыртқы формасын өзгертпей, бірақ жеке тұрғандағы мағынасы күңгірттенген немесе жойылған күрделі сөздер таза сөзжасамның аналитикалық тәсілімен жасалған күрделі сөздер болады, жасалу жолы жағынан қарастырғанда, күрделі зат есімдердің бұл түрі бірге жазылуына қарамастан бөлек жазылатын тіркесті сындармен, тіркесті сандармен табиғаты бір құбылыс болып шығады. Ал синтаксистік тәсіл арқылы, грамматикалық амалмен байланысқан, яғни атаулық тіркестердің дамуы барысында қалыптасқан күрделі сөздер уақыт талабына сай біріккен сөздер айналып отырады. Бұл туралы зерттеуші Н.Ә.Ильясова былай дейді: “Атаулық тіркестердің біріккен сөздерге ұласу принципі – тіркес құрамындағы екі сөздің бір ғана семантикалық белгіге негізделуі болып табылады”[19 ]. Біріккен сөздер ешбір қосымшасыз қабыса байланысқан атаулық тіркестерде ұласады. Алғашқы сыңарының семантикалық белгілері сын есімдерден болатын мынадай тіркестер тілімізде тіркескен күйінде қолданылып жүр. Бірақ қазіргі тілімізде олардың біріктіріліп жазылуы қолданыс тапқанын кездестіреміз деп, мынадай мысал келтіреді: Екі күн теміржолшысының үйінде жатып есімді жиғаннан кейін вагондарымызды майданға кетіп бара жатқан составтардың біріне тіркеп, ілгері кетіп едік. Сол теміржолшы әлі бар ма екен деп ойладым.  Расында, теміржолшы – сөзі біріккен. Контекстен тыс алып қарасақ та, зерттеушілердің еңбектеріне назар аударсақ та темір жол тіркесі ретінде жұмсалады. Ендеше, сөз тіркестері де, күрделі сөздерге ұласады. Оның ішінде тілдің даму процесіне қарай біріккен сөздерге айналады екен. Дей тұрғанмен, зерттеуші сөз тіркесінің барлығы бірдей күрделі сөздерге ұласпайтынын, сондай-ақ атаулық тіркестердің де бәрі емес, қабысу мен матасу арқылы жасалған тіркестердің күрделі сөздерге ұласуға қабілетті екендігін ескертеді. Ілік септігі мен тәуелдік жалғауды қабылдауға қабілетті тіркестер матасу формасы арқылы жасалған атаулық тіркестер деп атап, олардың күрделі сөзге ұласу жолдарын көрсетеді: 1 матасу – жартылай матасу – қабысу – күрделі сөз (қолдың қабы, қол қабы, қол қап, қолғап).

Ешбір жалғаусыз  орын тәртібі арқылы байланысса, ілік септігі мен тәуелдік жалғауы  арқылы байланысқа қабілетті болмаса, қабысу формасы арқылы жасалған атаулық тіркес деп, оның күрделі сөзге ұласу жолын көрсетеді: 1 қабысу – күрделі сөз (темір жол, теміржол), оны жартылай матасу арқылы жасалған атаулық тіркестер деп, Алматы қаласы, Балдырған журналы сияқты жалқы есім мен жалпы есімнің байланысынан жасалған тіркестерді атап, олар таза атаулық тіркес күйінде қалатын, олардың даму қарқыны өте баяу жүретін тұлға деп таниды. Ал мектеп оқулықтарында бұлар күрделі сөздердің қатарында орын алып жүргені белгілі. Бұдан мектеп бағдарламасында күрделі сөздерге байланысты берілген тілдік деректердің лингвистикалық негізге сүйенбей берілгенін байқауға болады. “Қазақ тіліндегі сөз тіркесінің лексикалануы мен дамуы” атты еңбекте мұндай тұлғалардың еркін тіркестер мен күрделі сөздердің арасындағы тіркестер деп таниды. Ғалым Т.Сайрамбаев ондай тіркестер кітап, газет, журнал аттары екенін айтып, оларды тек күрделі атаулар деп таниды[20]. Бұдан бір ғана тұлғаның (Алматы қаласы, Іле өзені, Айқын газеті) өзінде үш түрлі көзқарастың бар екенін көреміз. Ә.Аблақов аралық тіркес десе, Т.Сайрамбаев күрделі атау, Н.Ильясова атаулық тіркес  дейді. Ал мектеп грамматикасында күрделі сөз деп оқылады. Бұдан күрделі сөздерге байланысты программаның мектеп оқулықтарында дұрыс берілмегенін көреміз. Лингвистикалық негізі толық қалыптаспаған, табиғаты жан-жақты ашылмаған тілдік тұлғаларды мектеп оқулықтарына енгізу балалардың білім деңгейін, оқытудың методологиялық негізін қалыптастыруға кері әсер етеді. Оқу құралдарының сапасын түсіреді. А.Байтұрсынов айтқандай “оқулық сайлы болмаса, оқу да оңды болмайды. Шеберге аспап серік, мұғалімге құрал серік. Аспапсыз шеберлер еш нәрсе істей алмайды. Құралсыз мұғалімдер бала оқыта алмайды”.

  Олай болса, мектеп оқулықтарында күрделі сөздер мен оның емлесін дұрыс оқыту үшін лингвистикалық негізіне, зерттелу тарихына соқпай өте алмаймыз. Қазақ лингвистикасындағы күрделі сөздің зерттелуіне байланысты еңбектерге шолу жасап, оны кезеңдерге бөліп қарастырған зерттеуші Қ.Кудеринованың еңбегінде “күрделі сөз” терминінің өзі әлі бір ізге түспегені сөз болады. зерттеуші күрделі сөздерге қатысты терминдердің әр түрлі аталып жүргенін жан-жақты талдай келіп былай дейді: “Терминдерді аталған авторлар бекер ұсынбайды”. Синтаксистік сөз тіркесі шекарасынан шығып, БС (біріккен сөз) ұясына ене алмай жүрген аралықтағы сөздердің номинациялану, абстрактілену дәрежесі алуан түрлі дей келе, күрделі сөз атауын ауыл шаруашылығы, қалбағай омыртқа, аса таяқ, ауыз әдебиеті типтегі сөздерге лайық деп есептейді. Сөйтіп, жалпы атауын құрама сөздер деп атайды. Біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөзді күрделі сөз деп атап, қолданылуы тұрақталған күрделі сөз атауын осы типтегі сөздерге лайық деп есептейді. “Егер тіркесті түбір десек, осы қатардың бірыңғай үйлесімін бұзатын сияқтымыз, бұл – бір, екіншіден, мұндағы түбір атауы сөздердің түбір және туынды болып бөлінуіндегі түбір терминімен ассоциация болып, екіұштылық тудырылуы мүмкін. Үшіншіден, бөлек жазылатын бұл құрама сөздер тек түбірлерде тұрмайды. Ал, тіркескен сөз десе, әсіресе, тіркескен күрделі сөз десек, синтаксистік сөз тіркесі терминдерінен айырмашылығы болмай қалар еді. Профессор М.Балақаевтың түйдекті тіркестер термині құрама сөз деген ұғымға сай келмейді деп ойлаймыз: біріккен сөз, қос сөз, қысқарған сөз, түйдекті тіркестер. Түйдекті сөз деп тағы ауыстыруға болмайды: фразеологияда тұрақты тіркесті түйін тіркес деп бөледі. Сонымен біз осы дәлеледерді келтіре отырып, бөлек жазылатын құрама сөздерді күрделі сөз атауымен атаймыз”,- дейді зерттеуші өз еңбегінде[]. Н.Ильясова әр түрлі терминдермен аталып жүрген құрама сөз, күрделі сөз, біріккен сөз, тіркесті түбір, түйдекті тіркес сияқты атауларды біртұтастыққа алып, оларды қазіргі қазақ тіліндегі күрделі тұлғалар деп өз алдына жеке бөліп қарастырады. “Күрделі тұлғаларға күрделі етістіктер тобын, есім мен көмекші етістіктер, қосарлы есімдер, күрделі есімдер, сөз тіркестерінің түрлерін жатқызады. Олардың ішінде бір-біріне өте ұқсас тұлғаларға күрделі зат есімдер, күрделі сын есімдер және зат есімді, сын есімді синтаксистік конструкцияларды жатқызады. Олардың құрамындағы сөздердің дыбыстық жақтан да, мағыналық жақтан да байланысуы жағынан да айырмашылығын тек тілдік қатынас тұрғысында анықтауға болады”, - дейді. Тілдік қатынаста дербес тұрған сөздердің өзара байланысынан күрделі тұлғалар қалыптасатынын айта келіп, оны жеке сөздер мен сол атаудың иесі болған суреті бар сөздердің нөмірленген тізбесін құрап, күрделі тұлғалардың ерекшеліктерін математикалық тәсілмен анықтайды. Ол үшін өз ара байланысқа түсе алатын сөздердің арифметикалық таңбаларын бір-біріне қосып, сөздің иесі болып тұрған сурет санына қарай оның нәтижесін шығарады. Дәлірек айтсақ, мынандай кесте ұсынады.

 

 

 

 

 

Суретті сөздердің нөмірленген тізбесі:

 

1 ариф.

таңба

Тас-сөз

2 ариф.

таңба киім-сөз

3 қара

4 күрек

5 үлкен

6 бақа

7 ағаш

8 егеу

9 тіс

10 аяқ

11 жол

12 биік

13 құйрық

14 кішкене

15 бала

16 ұл

17 түйе

18 нар

19 төс

20 қалта

21 ақ


 

Осы кесте бойынша  өзара байланысқа түсе алатын сөздердің  арифметикалық таңбаларын бір-біріне қосады. Мысалы, 1 таңбасы мен 11 таңбасындағы сөздерді байланыстырса, тас жол деген күрделі тұлға жасалады. Яғни, 1+11. Осы күрделі тұлғаның құрамындағы сөздерді суретті таңбасы арқылы 1+11 дің байланысынан шыққан нәтижені көреміз. 1+11=2. Яғни күрделі тұлғаның құрамындағы сөздердің екеуі де нақты мағыналары арқылы байланысқан. Себебі, сөздің атауы болып тұрған затты көзбен көріп, қолмен ұстауға болады. Оған дәлел сурет. Тізбеде көрсетілген сөздерді осылайша байланыстырып, олардың құрамындағы лингвистикалық қатынастың амалдарын табады. Сонда 1+11=2 (тас жол), 1+6=2 (тасбақа), 10+2=2 (аяқ киім), 3+7=2 (қарағаш), 7+4=2 (ағаш күрек), 4+9=2 (күрек тіс), 5+15=1 (үлкен бала), 12+7=1 (биік ағаш,) 5+6=1(үлкен бақа), 5+11=1(үлкен жол), 5+2=1 (үлкен киім), 16+15=2 (ұл бала), 18+17=2 (нар түйе), 19+20=2 (төс қалта), 8+13=2 (егеуқұйрық) деген күрделі тұлғалар жасалады. Мұнда нәтижесі 2-ге күрделі тұлғалардың барлығы сөйлемнің бір мүшесі болады. Номинативті қызмет атқарады, мағыналық жақтан біртұтас болады, бір ғана ұғымды білдіреді. Нәтижесі 1-ге тең тұлғалардан құрамында сөздің бір сыңары абстракт мағынада қолданылған (көзбен, қолмен ұстай алмаймыз, шамамен түйсіну арқылы қабылдайтын мағына) мұнда әрбір сөз сөйлемнің жеке-жеке мүшесі болады. Байқасаңыздар нәтижесі 1-ге тең тұлғалар сөз тіркесі де, нәтижесі 2-ге тең тұлғалар күрделі сөздер не атаулық тіркестер, - дей келе, сөз мағыналарының функционалдық ерекшелігіне қарай талдау жасайды. Күрделі тұлғаларды лексикалық, сөзжасамдық, синтаксистік тұлғалар деп қарастырып, оларды өз ішінде лексикалық тіркестер күрделі сөздер, еркін тіркестер деп бөледі.

Зерттеуші Н.Ильясова “Мағына және оның сөз тіркесіне қатысы” атты мақаласында тіркесу тәсілі арқылы жасалған тілдік құбылыс туралы былай деген: “Атаулық тіркестер синтаксистік семантиканың объектісі ретінде, еркін тіркестер синтаксистік грамматиканың объектісі ретінде қарастырылады. Осымен байланысты күрек тіс деген атауды салыстырып көрейік. Біріншіден, тіркес құрамындағы сөздер ғана лексикалық мағынаны айқындаушы сөздердің байланысынан емес, дербес тұрғанда бір-біріне қатысы жоқ екі сөздің байланысуынан жасалған. Тіркес құрамындағы күрек сөзі мен тіс сөзі лексика-семантикалық жақтан емес, тіл біліміндегі атаудың мағыналық құрылымын анықтайтын денотаттық, сигнификаттық ұғымдардың байланысуы арқылы жасалған. Бұл тіркесте күрек атауының мағыналық құрылымын анықтайтын сигнификаттық бөлігі тіс сөзінің денотат қасиетінің бейнесін атап тұр. Тіркес бір сөздің номинатив ретінде жұмсалып біркелкі атаулардың әр түрлі денотаттық ұғымын көрсетеді. Мысалы, күрек тіс, азу тіс т.б тіркесті терминдердің бұл түрі лексикалық бірлік ретінде лексикологияның объектісінде қарастырылғаны жөн”, - дейді. Зерттеуші Н.Ильясованың пікірін саралай келгенде, семантикалық жақтан тұтастыққа келіп, сөйлемнің бір мүшесі болатын, тілде номинативті қызмет атқаратын, бір екпінге бағынатын тілдік тұлғаларды күрделі тұлғалар деп атап, оларды күрделі сөздер, лексикалық тіркестер, еркін тіркестер деп бөледі. Күрделі сөздерді сөзжасамның объектісінде жеке қарастыруды ұсынады. Сөздердің бірге және бөлек жазылуына байланысты “күрделі сөз” терминін екіұштылыққа әкеліп жүрген тіркесті сөздерді лексикалық тіркестер ретінде жеке қарастыруды ұсынады.

Күрделі сөздердің  бірге және бөлек жазылуын арнайы зерттеген ғалым — Қ.Күдеринова.(21) Әдетте сөздердің бірге, бөлек таңбалануы әдебиеттерде күрделі, құрама, күрделі-құрама деп әр түрлі терминге ие болып жүрген, кемінде екі сөзден тұратын лексикалық біріліктерге байланысты айтылады. Ғалым К.Күдеринова тілдік қолданыста әр түрлі жазылып жүрген біраз күрделі сөздерге тоқтала келіп, мынадай сөздерді бірге жазуды ұсынады. Мысалы: сарымай, ақбөкен, тарбақа, көлбақа, құрбақа, айғыржуа, ақбаттауық, аққаңбақ, ақсаңырауқұлақ, көктал, көккептер, балқарағай, сиырбұршақ, бозбетеге, түйежаңғақ, укекіре, өгізшағала, тауқалақай, шайсаңырауқұлақ, қарақотыр, қаракөже, сарымия, бозарша, көкқарға, көкпияз т.б. Бұл сөздердің бірге жазылуын былайша дәлелдейді.  Бұл қатардағы атаулардың екінші компоненті тура мағынасында қолданылып отырады. Мысалы, сарымай- әбден шайқалып, сүтінен мұқият ажыратылған, қойдың қарнына ұзақ уақыт сақтала сары түсін сақтаған, басқа тағамдық майлардан құнарлылығы өте жоғары май”: көкпияз- “жаңадан көгеріп, өсіп келе жатқан пияздың асқа қататын сабағы”; балқарағай – “үнемі көгеріп, тұратын, қылқанды қарағай”. Ал жертөле, құстөсек қонақүй, асүй, жүкаяқ, ораманан, таскөмір, жерқойма, қонақасы, қарашірік, қосағасы, наурызкөже, өңіржиек, торқапшық, тұскиіз, есепшот, елтаңба, жолбике, көзәйнек, көкбауыр, көкжиек, қолбала, қолөнер, шоқаяқ сияқты сөздер де бірге жазылады. Оның себебін ғалым қолданыста қайталана келе жайылған ұғым белгілі бір қалыпқа, формаға түсуге ұмтыла бастайды. Бірақ ол форма бүкіл сол ұғымның мағынасын бойына жинақтап тұруы шарт. Сондықтан мұндай сөздерде жалпылық мағына басым болады.Ұғымды беретін бір лексема қалады да қалғандары эллипсиске ұшырайды. Мысалы, орама нан-ораманан, өре ағаш-өре. Яғни бұл типтес сөздердің жасалуы мынадай: сөйлем- сөз тіркесі- күрделі сөз. Ал осылар сияқты кәрі жілік, мойын омыртқа сияқты атаулар неге бірге жазылмайды? Біздіңше бұлар екі сыңар да экстралингвистикалық мәнділіктің өзін көрсетеді, екі сыңар да тура, нақты мағынасында тұр. Тілде ақсақал, арамтамақ, қандағаш, айырқұйрық, аюқұлақ сияқты сөздердің мағынасы сыңарларының мағынасынан тумайтын біріккен сөздер бар. Қ.Күдеринова оларды экзоцентрлі біріккен сөздер деп атайды. Оларды іштей бірнеше топқа бөледі. Атап айтқанда:

       1.1-топ мағына ауысуының метонимиялық түрінен келіп шығады. Тілдік метонимияда бір сөздің дифференциалды семасы келесі сөздің негізгі семантикалық компоненті болып қаланады. Осы негізде қарғатұяқ, атқұлақ, ботақұлақ, мысыққұйрық, бұзаубас, кемпірауыз, атқұлақ, аютабан, биеемшек, биеқарын, ботакөз, ботатабан, қозыбалақ, қоянқұлақ, итқұлақ, үйректұмсық, ескектұмсық, итқұйрық, сусуыр, қужауырын, шілдеқоңыз, жылантіл, қошқармүйіз, желтоқым, шикізат, тауықкөз т.т.

        2-топ номинацияның екінші дәрежелі  атау сипатынан шығады, ол тілдерде  троптар (метафора, метонимия) аффиксация  және синтаксистік құрылымдар  арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: ақсақал, ақсүйек, бойкүйез, бақталас, төлтума, қолтаңба, дүниеқоңыз, ақкөңіл сияқты  атаулардан тұратын күрделі сөздер метафоралық қатынасқа түскендіктен бірге жазылып тұр.

Ал бір мағынаны білдіретін біраз сөздер бөлек жазылады. Оның түрлері  мынадай:

  1. Ас-су, тағам атаулары: тоң май, іш май, құйрық май, ақ май, шарбы май, бүйрек май, қызыл шай, көк шай, жайдақ шай, бойдақ шай, құнан қымыз, бесті қымыз, дөнен қымыз сиыр еті т.т.
  2. Дене мүшелері атаулары: бас сүйек, өкше сүйек, төс сүйек, жамбас сүйек, асық жілік, тоқпан жілік, бұлшық ет, мойын ет, өлі ет, қара ет, балан үйрек, тобан аяқ, ит тіс, ауыз омыртқа, қасқа бас т.т.
  3. Күнделікті тұтыну заттары: ақ құман, қара құман, тас құман, жез құман, бас киім, іш киім, сырт киім, аяқ бау, қол бау, қалам сап, қамшы сап, төс қалта, кендір жіп, тоқыма жіп, ноқта жіп, мойын орамал, жайдақ шам, кер айыл, өгіз шана, жабағы жүн, қазақы ер, көшірме қағаз т.т.
  4. Мекен атаулары: қараша үй, үлкен үй, қоржын үй, ағаш үй, киіз үй, там үй, отау үй, тас жол, көк базар, ат базар, сиыр қора, шыға беріс, қаға беріс т.т.

Мұндай  күрделі  сөздердің бөлек жазылуының негіздері мынадай: бірінші сыңарлары- сапалық не қатыстық сындар болғандықтан, ал екінші сыңары ортақ болып келгендіктен.

Күрделі сөздердің  біразының бөлек жазылуының екінші жағдайы мынадай: Ондай сөздердің  соңғы, ортақ компонентінің элипсистену  мүмкіндігі негізге алынады. Мысалы: пәтір нан-пәтір, жаппа нан-жаппа, тандыр нан-тандыр, төңкерме нан- төңкерме,шелпек нан-шелпек, бөлке нан- бөлке, қатырма нан- қатырма, рұқсат қағаз- рұқсат, куәлік қағаз- куәлік, жолдама қағаз-жолдама, шабақ балық- шабақ, соқпақ жол-соқпақ, тас қайрақ- қайрақ, бастырық ағаш- бастырық, жөке ағаш- жөке, саба ағаш-саба, білік ағаш- білік, маржан тас-маржан, т.т.Мұндағы соңғы сыңарлардың жасырын қалуы күрделі сөздер беретін нақты мағынаға нұқсан келтірмейді. Сондықтан соңғы компонент бөлек жазылады немесе түсіп қалады. Сол сияқты қалың мал этнографиялық атауының бөлек жазылуы да қалың сөзінің екінші сыңарынсыз айтылып, қалыңдыққа төленентін мал-мүлік мағынасын бере алатындығы. Демек, ортақ сыңарлардың элипсистену мүмкіндігі құрама атаулардың бөлек таңбаланып жүргеніне негіз болады. Ал кей сөздіктерде аяқ киім, бас киім іш киім атаулары бірге жазылып жүр. Оның себебі соңғы компоненттің мағына жалпылануынан, аффиксоидтық сипатқа көшуі себебінен. Қ.Күдеринова бұл сөздердің бірге жазылуын дұрыс деп есептейді.

Информация о работе Күрделі сөздер