Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 08:12, дипломная работа
Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Жазусыз мәдениет атаулыны көзге елестету мүмкін емес. Сауаттылық, сауатты жазудың қоғамдық мәні зор. Ол адамдардың бір-бірімен жазбаша қарым-қатынас жасауының ең тиімді де қажетті жолы, ойды нақты да, түсінікті берудің амалы болып табылады. Ал сауатты жазудың, яғни жазу мәдениетінің негізі мектептен қаланады.
Кіріспе .................................................................................... 5
1-бөлім. Күрделі сөздер емлесінің зерттелуі....................... 7
1.2. Емле ережелерін қалыптастыруда сөзіктердің
маңызы---------------------------------------------------------------- 12
2- бөлім.Күрделі сөздер емлесінің лингвистикалық негізі....22
Қорытынды ............................................................................ 54
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................. 57
§ 29. Екі, кейде үш түбірден құралған аң-құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа, өсімдідік атаулары түбір тұлғалары сақталып, бірігіп жазылады. Мысалы: қосаяқ, қарақұйрық, ақбөкен, тасбақа, құрбақа, бірқазан, аққұтан, көкқұтан, аққу, қарақұс, есекмия, өгізшағала, жаужұмыр, түеқарын, шегіргүл, айдаршөп, қырықаяқ, қаракүйе.
Ботаника, зоология терминдерінің ішінде мынадай жолмен жасалған күрделі атаулар біріккен сөз болып, сыңарлары қосылып жазылады:
1) Бірінші сыңары ақ, қара, сары, көк, қызыл, ала, боз деген түс атауларымен келген аң-құс, өсімдік аттары және қой, сиыр, түйе, бота, қозы, ат, қоян, аю, бөрі немесе ит, құм, су, бал, у, сор деген жалпы атаулар мен жеке тұрғандағы лексикалық мағынасынан айырылған сөздер атаулар мен жеке тұрғандағы лексикалық мағынасынан айырылған сөздер тіркесі болып келген терминдер қосылып жазылады: алақоржын (тышқан), қарақанат, қарабай, ақиық (құстар), ақбілек, көкқасқа, көкнайза, қызылбас (өсімдік атаулары), ақкөз, қаракөз, алабұға (балықтар), қарақұйрық (аң), құмбетеге, субетеге, сиыржоңышқа, қойжусаң, қойқарақат, бөріқарақат, аққайың, қотырқайың, итбұлдірген, итқонақ, укекіре, убидайық, балқарағай, балқоға.
Ескерту: Ақ, қара, қызыл, қоңыр сияқты сын есімдер аң-құс, өсімдіктердің түсін айыру үшін қолданылатын болса, бөлек жазылады: ақ аю, қоңыр аю, қара бұрыш, қызыл бұрыш.
2) Бірінші сыңары түсті білдіретін сын есімдер немесе әртүрлі есім сөздер, екінші сыңары ағаш, шөп, гүл, тікен, жапырақ, тамыр, құс, балық, тауық, құрт, жидек, жеміс сияқты жалпы атаулар болып келетін тіркестер қосылып жазылады: қараторғай, қарағаш, қарқұрт, қаражидек, қарабидай, қызылжидек. Қызылбалық, сарышөп, сарыағаш, қаракүйе, қарақат, қоңыраушөп, сәлемшөп, тарақбалық, қылышбалық, күркетауық, түйетауық, қояноты, киікоты, түймежапырақ, сүтжапырақ, сужапырақ, әректікен.
§ 30. Екі түбірден құралып, терминге айналған техника, шаруашылық, тұрмыс, мәдениет, өнер, спорт т.б. салаларға қатысты зат, құрал-жабдық, ұғым атаулары мен әр алуан мамандық, кәсіп, қызмет иелерінің аттары бірігіп жазылады. Мысалы: шаңсорғыш, еттартқыш, бесатар, өнертапқыш, жаткүйер, бессайыс, ақсүйек, қосқұлақ, соқыртеке, балтамтап (ойын аттары), беташар, тоқымқағар, ақсарбас (ырым, дәстүр атаулары), тоғызқұмалақ, асатаяқ, алыпсатар.
§ 31. Екінші сыңары аралық, тану сымақ деген сөздер немесе бірінші сыңары фото, электр, радио, авто, авиа, аэро, кино, гидро, агро, транс, инфра, ультра, изо, гипер ал, екінші сыңары қазақ сөздері болып келген тіркестер бірге жазылады. Мысалы: халықаралық, ауданаралық, континенаралық, жаратылыстану, шығыстану, абайтану, шешенсымақ, фотосурет, электрұстара, радиоқабылдағыш, автоқалам, аэрошана, киноқондырғы, агрошаралар, инфрақызыл, ультракүлгін, изосызық, гипержазықтық.
Ескерту: бірігіп жазылуы дәстүрге айналған дүниежүзілік, бүкілодақтық, бүкілхалықтық, қиыршығыстық, ортаазиялық сияқты сын есімдер осы түрінде жазылады. (олар сөздікте беріледі).
§ 32. Екі кейде үш сөзден құралған кісі аттарымен географиялық атаулар, негізінен, түбірі сақталып, бірге жазылады. Мысалы: Досжан, Өтепберген, Әбдіманап, Мергенбай, Қартбай, Талдықорған, Жезқазған, Екібастұз, Қызылжарқұдық, Ақтүйесай, Ақдаласор.
Демек, күрделі сөздердің емлесі және оны оқыту мәселесі ғалымдардың назарынан тыс қалмағанды байқалады.
2- бөлім. Күрделі сөздер емлесінің лингвистикалық негізі
“Күрделі сөз” деген лингвистикалық термин түркілогиялық еңбектерде Χ І Χ ғасырдың бас кезінен-ақ кездесе бастады. Түркі тілдерін зерттеуге мол үлес қосқан А.Казамбек, О.Бетлинг, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, П.Ф.Катанов т.б. ғалымдар өз еңбектерінде күрделі сөз мәселесін жеке тақырып ретінде арнайы сөз етпесе де, аталмыш мәселе жайында өз пікірлерін орайы келгенде білдіріп отырған. Мысалы, И.Гиганов өзінің “Грамматика татарского языка “ деген еңбегінде түркі тілдерінде күрделі сөздер (сложные слова) немесе құрама сөздер (состваные слова) бар екендігін атап көрсете келіп, оны түркі сөзінің морфологиялық құрамына байланысты қарастырған. Ал О.Бетлинг пен В.Радлов күрделі сөзді сөздің фонетикалық құрылымымен байланыстырса, Н.И.Ашмарин оны сөз тудыру мен сөздердің тіркесу заңдылығына байланысты зерттей келе, оған "күрделі сөздер″, "сөздердің қосарлы тізбегі″, "сөздер тіркесі″, "күрделі сөздердің тегі"(род сложных слов), " күрдел іұғымды білдіретін құрамдар″ деп әр түрлі терминмен атаған. Бұл зерттеушілердің еңбектерінде күрделі сөз мәселесі арнайы зерттелмегендіктен, кей реттерде синтаксистік тіркестерден жігі ажыратылмай жатты. Мысалы, А.Казамбек ұзын жол, мамық қалпақ, тас үй, т.б.., тіркестерді, әлсіз, бассыз тәрізді туынды сөздерді құрама сөздерге жатқызған. Алайда, бұл ғалымдардың еңбектері түркі тілдеріндегі сөз біріктіру, күрделі сөз мәселесін сөз еткен алғашқы зерттеулер болды. Осы зерттеулердің өзінен-ақ:
1) Күрделі сөз түбір я туынды сөз болып табылатын екі не онан да көп жалаң сөздерден құралатындығын;
2) Сөз біріктіру түркі
3) Күрделі сөздер мен сөздердің
тұрақты басқа да тіркестері
күрделі есімдер, күрделі
Түркі тілдеріндегі күрделі сөздер мәселесін Н.К.Дмитриев, А.Н.Кононов, Е.И.Убрятова, Н.В.Баскаков, А.Н.Х.аритонов, т.б. қарастырды. Н.К.Дмитриев жалаң сөздермен қатар екі немесе одан да көп сөздердің тіркесінен пайда болатын күрделі сөздердің де болатынын айта келіп, оған мысал ретінде билбеу, аққош (лебедь), ташбаш (пескарь) тәрізді жалпы және кейбір жалқы есімдерге (Темирбулат) жататын сөздерді келтіреді. Сонымен қатар күміс ақша, тас үй, ағаш стол,темір тұтқа тәрізді тілдік құбылыстарды сөз тіркесі, бастапқысын заттың тегін немесе неден істелген материалын білдіретін анықтауыш, соңғысын анықталатын сөз белбеу, алжапқыш, күншығыс тәрізділер күрделі сөз деген дұрыс деп тұжырым жсайды .
Күрделі сөзге қатысты пікірлерді басқа түркологтардың еңбектерін де кездестіруге болады. Мысалы, А.Н.Кононов күрделі емес: “Словосложение есть соединение 2-х или реже 3-х слов, дающих в синтезе новую лексическую единицу”, - деп анықтайды да, оларды жалаң және күрделі деп 2-ге бөліп, жалаң түріне: от, қызыл, ал күрделіге: оққуш, муз ерар деген мысалдарды келтіреді. Күрделі сөздердің мынадай белгілерін атап көрсетеді:
келеді және олардан тек морфологиялық құрамымен ғана және аздап фонетикалық құрылымымен (дауыстылардың үндесуінің болуымен) ажыратылады;
- сөз біріктірудің заңдылықтары бойынша екі не сирек те болса үш
жалаң (түбір немесе туынды) сөздердің тұрақты тіркеске бірігуі арқылы жасалатындығын т.б. ерекше атай келіп, күрделі сөздерді өз ішінде біріккен сөздер, нағыз күрделі сөздер, қоссөздер деп үшке бөледі. Біріккен сөздерге: қайнапа, оғайни, балагузук, олабұғы тәрізді мысалдар келтіреді. Нағыз күрделі зат есімдердің компоненттенрі, әдетте, зат есім, сын есім, кейбір етістік формаларынан болады; олар бірімен бірі сабақтаса байланыса келіп, ақыры мағына жағынан ұласып, бір сөз болып кетеді дейді. Мысалы, қолқап, белбеу, қумшақар, т.б. сөздерді келтіреді.(13)
Қарақалпақ тілінің грамматикалық құрылысына байланысты зерттеуінде Н.А. Баскаков күрделі сөздердің еркін тіркесінен айырмашылығы олар бір ұғымды білдіреді. Лексикалық жақтан тұтасып жатады, іштей мағыналары бөлшектеуге, бөлуге, я ажыратуға келмейді,- дей келе оларды (зат есімдерді) құрама, күрделі деп екіге бөліп қарастырады. 1. Құрама (составные) зат есімдер. Бұл топқа кіретін зат есімдер көбіне екі элементтен тұратын сөздер, олар шығу төркіні жағынан бір-біріне анықтауыш пен анықталушы ретінде қатысты болған, ал қазіргі тілде лексикалық бөлінбес бүтін болып табылады: кызылой (почта станциясы), терткюл (төтбұрыш), т.б. сөздерді жатқызады.
2. Күрделі (сложный)
зат есімдер. Бұл топқа
Қазақ тілі білімінде күрделі сөзді алғаш сөз еткен ғалым – Қ.Жубанов. Оның “Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер” деген еңбегінің “Сөз тұлғалары” тарауында күрделі сөздердің кіріккен (ашудас, белбеу, күндіз), қиюлы (ауатком, партком, КазПИ) және қосар (бала-шаға, көзбе-көз) түрін атап көрсетеді. Қазіргі барлық оқулықтар мен оқу құралдарында, ғылыми зерттеулерде қолданылып жүрген “біріккен сөздер” терминін Қ.Жұбанов “кіріккен сөздер” деп атаған. Сөйтіп, олардың ішінен “ерте құралып, арасының жігін жоғалтып кеткен” сөздерді кіріккен сөздердің көнесі дейміз. Жаңадан құралып, әлі жігін жоғалтпанғандарын – жаңасы дейміз, - деп бөлген. Көне түріне кішкене (кіші-ғана), келсап (келі-сап) сияқты фонетикалық өзгеріске түсіп барып қалыптасқан сөздерді жатқызады да, жаңа түріне өзгеріске түспеген белбау (бел-бау) сияқты сөздерді жатқызады. Ғалым А.Ысқақов мұндай сөздерді еңбектерінде “біріккен сөздер” деп атайды да, оларды іштей біріккен, кіріккен сөздер деп бөледі. Демек, Қ.Жұбановтың “ кіріккен сөздерідң көнесі” деп отырғаны кіріккен сөздер де, “кіріккен сөздердің жаңасы” деп отырғаны қазіргі біріккен сөздер болып табылады.
Қазақ тіл білімінде қалыптасқан “қос сөздер” терминін Қ.Жұбанов “қосар сөздер” деп: “қосарынан айтылатын, сөздерді қосар сөздер дейміз”, - деген ереже береді. Қосар сөздерде ғалым іштей бес топқа бөледі:
1) теңдес қосар (бала-шаға);
2) сөздес қосар (жарқ-жұрқ, ұзын-ұзын);
3) матаулы қосар (қолма-қол, көзбе-көз);
4) тіркеулі қосар (шай-пай, өлең-сөлең);
5) қосақты қосар (қап-қара, қып-қызыл).
Кейінгі зерттеулерде бұл аталған топтар тек екі бөлікке ғана ажыратылып жүр: 1) қосарлама қос сөздер; 2) қайталама қос сөздер.
Қосарлама қос сөздерді Қ.Жұбанов “теңдес қосар” деп, ал қайталама қос сөздерді: сөздес, матаулы, тіркеулі, қосақты қосарлар деп төртке бөлген. Біздің ойымызша, осы сөздердің әуелгідей “қосар сөздер” болып аталуы орынды тәрізді. Қосақталып дегеннен гөрі қосарланып айтылуы деп қолдану жатық сезіледі.
Қ.Жұбановтың “қиюлы сөздер” деп атағандары – қысқарған сөздер. Қиюлы сөздердің құрылысы: а) буын қиюлылар (казатком), ә)әріп қиюлылар (ХКС), б) аралас қиюлылар (КазПИ) деп бөледі. Автордың осы жіктеуі кейінгі зерттеулерде сақталған, айырмашылығы атауында (қиюлы сөз – қысқарған сөз). Одан кейін ғалым кіріккен сөздердің қандай белгісін болады дей келіп, оған мынадай жауап береді: біріншіден, неше сөзден құралса да, кіріккен сөздер бір-ақ нәрсені атайтын, бір-ақ сөздің орнына жүретін сөз болуы керек (қарақұс, қолғап); екіншіден, құрамындағы жеке сөздердің әрқайсысы сөйлемде өө алдына бір-бір мүше болмай, бәрі жиналып барып, сөйлемнің бір-ақ мүшесі болуы керек; үшіншіден, кіріккен сөздердің қайсыбіреулерінде біреуінің не екеуінің де формасы жай қалпындағыдан өзгеріп, басқа түрге түседі (ашудас, белбеу); төртіншіден, кіріккен сөздердің бір айырмасы – мұнда екпін біреу-ақ болып, о да кірігуші сөздердің ең соңғысында ғана болады (қарақұс, сарымай, Алатау). Демек, кіріккен сөз дегеніміз екі не үш сөзден кірігіп барып, бір сөз орнына жүретін, бірақ қосақталу амалы заңды күйге түспеген қосындылар болып шығады, - деп ойын қорытады(15). Сонымен қатар кіріккен сөз бен кірікпеген сөз тіркесін бір-бірінен ажыратын белгі ретінде ой екпінін көрсетеді. Осы айтылғандарды жинақтай келе, мынадай тұжырым жасауға болады: Қ.Жұбанов 1930 жылдардың өзінде-ақ күрделі сөздер қанша сөзден біріксе де, кіріксе де тұтас бір мағына білдіреді, бір ғана заттың атауы болады, кейбіреулерінің құрамындағы сыңарларының дыбыстық өзгеріске түсуінен сыртқы түр-тұрпаты басқаша болып қалыптасады, бір ғана екпінді иеленеді деп тұжырымдайды. Автор көрсеткен кіріккен сөздердің 4 белгісін қазіргі түсінік бойынша күрделі сөздердің белгілеріне жатқызуға әбден болады. Күрделі сөздің 3 түрін көрсете отыроып, кірікпеген сөздерді (жер май, сары май) бір ыңғайда алып қарайды. Сондай-ақ қазірде күрделі сөзге жатқызылып жүрген бет орамал тіркесін Қ.Жұбанов синтаксистік тіркес деп дәлелдеген. Бірі анықтауыш, бірі анықталушы болатын темір күрек сияқты сөз тіркесімен қатар қояды.
Қазақ тіліндегі күрделі сөздердің жалпы теориялық мәселелерін зерттеген ғалым – А.Ысқақов. А.Ысқақов “Қазақ тіліндегі сөздердің морфологиялық құрамы мен есім сөз таптары” деген докторлық диссертациясында және ғылыми зерттеулерінде күрделі сөздердің анықтамасын жасалу жолын, екіншіден, құрамындағы компоненттері үнемі семантикалық бірлікте жұмсалады, қызметі жағынан бөлшектенбейді, үшіншіден, ол компоненттер ритм – ырғақ жағынан бір ұдай болып, өзара ыңғайласа құралып отырады, - дей келе күрделі сөздерді мынадай топтарға жіктеген: