Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 08:12, дипломная работа
Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Жазусыз мәдениет атаулыны көзге елестету мүмкін емес. Сауаттылық, сауатты жазудың қоғамдық мәні зор. Ол адамдардың бір-бірімен жазбаша қарым-қатынас жасауының ең тиімді де қажетті жолы, ойды нақты да, түсінікті берудің амалы болып табылады. Ал сауатты жазудың, яғни жазу мәдениетінің негізі мектептен қаланады.
Кіріспе .................................................................................... 5
1-бөлім. Күрделі сөздер емлесінің зерттелуі....................... 7
1.2. Емле ережелерін қалыптастыруда сөзіктердің
маңызы---------------------------------------------------------------- 12
2- бөлім.Күрделі сөздер емлесінің лингвистикалық негізі....22
Қорытынды ............................................................................ 54
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................. 57
Қазақ тілінің терминдері болуы үшін, бірінші кезекте сыртқы тұлғасын, яғни дыбысталуын қазақшаға өзгертуі қажет. Мысалға, автомат деп аталатын халықаралық терминін алайық. Бұл гректің automatos деген сөзі. Орыстар ол сөзді аутоматос деп алмай, өз тілінің заңдылығына бағындырып, автомат деп өзгертіп алды. Неге? Орыс терминшілері оны неге өзгертті? Біз неге өзгертпей жүрміз? Сұраққа жауап жоқ. Жалпы тілдік теория тұрғысынан біз ол сөздің ішкі мазмұнын (мағынасын) сақтап, ал сыртқы тұлғасын автомат емес, аптамат деп, өз тіліміздің дыбысталу заңдылығына сәйкес өзгертіп алғанымызда ол сөз сөз жоқ, қазақ тілінің термині болған болар еді. Олай етпегендіктен автомат сөзі қазақтың термині емес, орыс тілінің термині болып қала береді. ... Орысша жазылып та, айтылып та жүрген терминдерді әспеттеп «халықаралық» деп атауымыз – қазақ тілінің қамы емес, ол сол термин келген тілдің қамы. Айналып келгенде, сол тілдің сөздерін қолдану – бөгде тілдің сөздерін дамыту, өсіру, өркендету деген сөз. Сол арқылы қазақ тілін дамытпау, аздыру, азғындату, нәтижесінде, оны біржолата құрту, тамырына балта шабу деген сөз. Себебі автомат сөзінде мағыналық, ұғымдық сипат болғанымен, онда тұлғалық (ұлттық) сипат жоқ (Б.Қалиев).
«Газет бетінде
неге зауыт, тауар, пошта, т.б.
Бұл күнде баспасөзде Еуропа, тауар, зауыт сиқты жазу қазақыландыру қалыптаса бастады. Сөйтіп, сөздердің дыбысталуы мен жазылуы арасындағы кереғар алшақтық біржола жойылмаса да, ыңғайланып келеді (А.Тасымов).
Н.Уәлиев күрделі сөздерді күрделі құрама сөздер деп атай отырып, оларды біріктіріп не бөлек жазу үшін бір ғана заттың атауы болуы, бір ғана сұраққа жауап беруі, сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаруы таяныш бола бермейтіндігін айта келіп, сыңарларының мағынасы көмескіленіп, контаминацияға ұшыраған сөздердің бір типін- біріккен сөздерді бірге жазуды ұсынады. Мысалы: сайгүлік, ашудас, белбау, т.т. Осы сөздердің қатарына құрама сөз сыңарларының «бүтіннің бөлшегі» ретінде жұмсала келіп, біртұтас мағынаға ие болғандарын да жатқызуға болады дей келіп, оларға: қосауыз (мылтықтың бір түрі), қосаяқ (тышқан) т.т. мысалдар келтіреді. Яғни құрама сөздерді біріктіріп жазудың қосымша белгілері ретінде мағыналық көмескілеу, контаминацияға ұшырау және бүтіннің бөлшегі ретінде жұмсалып барып, бір бүтінге айналуы аталады. Соңғы жылдары екінші сыңары әр түрлі грамматикалық тұлғада келген құрама сөздердің бір тобын біріккен сөз деп танып, бірге тұлғалау, жазу тәжірибесінде кездесе бастады дей отырып, оларға: жатыпатар, алыпсатар, көріпкел, құлақкесті, күнбатыс, т.б. мысалдар келтіреді. Бұл тектес құрама сөздерді біріккен күйде жазуға негіз болатын белгі – етістік тұлғалардың деграмматизациялануы деп тұжырымдайды . Сонымен қатар Н. Уәлиев Қ.Жұбановтың ой-тұжырымдарының ретроспективті де, перспективті де маңызы ерекше екенін атай отырып, біріккен сөздердің ғалым атаған белгілерінің бірнеше деңгейге қатыстылығын көрсеткен:
- бір екпінге бағынатыны – суперсегменттік деңгей
- сыртқы формасының өзгеру/ өзгермеуі – сегменттік деңгей
- бәрінің / біреуінің
мағынасының өзгеруі –
- бір нәрсенің аты болуы – денотативтік деңгей
- бір мағына беруі – сигнификативтік деңгей
- сөйәлемде бір мүше болып жұмсалуы – синтаксистік деңгей
- бір сөздің орнына жұмсалуы – лексемалық деңгей
Қ.Жұбановтың концепциясы, біріншіден, сөздердің біріккендігін материалдық жақтан тек сегментті бірліктер ғана емес, суперсегментті бірліктер деңгейінде қарау; екіншіден, мазмұн межедегі өзгерістерді мағынаның ішкі құрылымдық компоненттері деңгейінде қарастыру; үшіншіден, біріккен сөз статусын форма мен мазмұн бірлігі тұрғысынан кешенді түрде қарау дегенді білдіреді. Сондықтан мазмұн мен форма бір- бірінен қолдау тапқанда ғана, күрделі құрылымдарды жазуда бірге жазып біріккен сөз ретінде тануға болады.
Н.Уәли: «Екі таңба (А,В) бірігіп, жаңа сипаттағы таңбаға (С) айналу үшін, бірігуге тиіс екі таңба әр түрлі деңгейдегі азды-көпті а) мағыналық, ә) формалық (материалдық) өзгеріске ұшырауы шарт » - дей келе, біріккен сөздерді айқындау үшін оларды мазмұнмеже, тұрпатмеже тұрғысынан қарастыру қажеттігін ескерткен. Демек, бірігуге тиіс таңбалардың семантикалық құрылымы денотат, сигнификат теориясы тұрғысынан қараудың мәні айрықша екен .
Сонымен құрама сөз сыңарларының біріккен сөзге айналып бірне жазылуының бірнеше себебі бар екен.
Күрделі сөздердің емлесін оқытуға байланысты Ш.Сарыбаевтың, Ж.Шәкеновтың еңбектерін, кейбір әдістемелік нұсқаулар мен ғылыми мақалаларды атауға болады. Морфологиялық принцип біріккен сөздердің, қос сөздердің, қысқарған сөздердің және күрделі сөздер мен сөйлемде не сөз тіркесінде бөлек жызылатын сөздердің емлесін белгілейді, -дей келіп, орфографияны үйрету әдісін меңгеру үшін, алдымен, оны әдістемелік жақтан топтастырып алуды ұсынады. Атап айтқанда:
1. Түсіндіру емлесі. Мұғалім жазылуы қиын сөздерді жазып көрсете отырып түсіндіреді. Түсіндіру емлесінде оқушылар көру сезімін де, есту қабілетін де қатыстырады.
2. Көздік емле. Мұғалім жазылуы қиын сөздерді күн ілгері жазып қояды, оқушылар оқып көзі қанған соң, мәтін тасаланады оқушылар қарамай жазады.
3. Жат жазу. Орфографиялық жағынан талқыланған сөзді оқушылар өз беттерімен жазады.
4. Аралас жазу. Онда әрі емлелік, әрі шығармашылық қасиет бар. Сондықтан оны аралас жазу дейді. Яғни орфографияға қатысы бар әңгіме жатқа жазылады.
5. Емленің кокографиялық
түрі. Әдейі қате жазылған сөзді
мұғалім оқушыға беріп
6. Орфографиялық сөздікті пайдалану. Мұғалім жазылуы қиын сөзді тақтаға жазып, оқушыларға сөздіктен іздетеді.
Ж.Шакенов еңбегінде негізінен күрделі сөздердің түрлеріне тоқталады. Біріккен сөз түрлерінің құрылымы берік-бекем. Ол сыртқы түр – тұрпаты ғана емес, білдіретін ұғымы мен беретін мағына жағынан да құрастырушы компоненттерге жай ғана бөле салуға келмейді. Компоненттері әбден орнығып, бір-бірімен қалыптасып қалған, демек, ол бір бүтін тұлға ретінде қолданылады. Оған, біріншіден, оның білдіретін жалпы мағынасына нұқсан келтірмейінше, компоненттерін жекелеп, яғни бірін екіншісінен бөліп қолдануға келмеуі, әр қолданысында тыңнан құрастырып жатуды қажет етпей, сол қалыптасып, орнығып қалған даяр күйінде қолдануға болуы: екіншіден, лексика- семантикалық, лексика- грамматикалық мағынасы жағынан да іштей ажыратып қолдануға келмеуі: үшіншіден, сол тұтасқан қалпында сөйлем ішінде де жұбын жазбай, бір ғана мұшенің қызметінде жұмсалуы: төртіншіден, бас-басына жеке-жеке емес, бір акцентуациялық екпінмен айтылуы: бесіншіден, күрделі, яғни терминологиялық атауларды құруға қатысуы дәлел болмақ, -дейді. Ғылымның біріккен сөз туралы бұл пікірінен оларды бірге жазуға негіз болатын факторлады анық айқын аңғаруға болады. Демек, екі немесе үш сөзден құралған сөздерді біріктіріп жазуда олардың мағына тұтастығы, бір ғана мүшенің қызметін атқаруы, бір екпінмен айтылуы негізгі фактор болып отыр. Біріккен сөздердің емлесінде қиындық тудыратын оның барлық түрі емес, негізінен сөз тіркесінен ажыраған түрі сондықтан олардың арасын ажырату керектігін сөз ете келе, ғалым: «Біріншіден, обьектіге алынып отырғандарды күрделі сөз деп қарағанда, оның қай түріне жатады, соған көңіл бөлу керек, мәселен, ақы деген сөз жалақы, еңбекақы деген сөздердің құрамында кездеседі екен, соған қарап, лексикаланған сөз тіркесі болады деп бөлек жазу дұрыс емес. өйеткені олар – кіріккен сөздер. Екіншіден, лексика- семантикалық мағынаға назар аудару қажет. Мысалы, жемшөп, у шөп өлеңшөп дегендерді алайық. Бұлардан тек жемшөп қана біріккен болады, өйткені ол шөптің түрі емес, малға беретін жемнің атауы. Демек, мұндағы шөп деген сөз өлең шөп, көк шөп дегендердей өз мағынасында емес, басқа мағыналы сөз » -деп тұжырымдайды [10].
К.Аханов, Б.Катенбаева, Т.Әбдіғалиевалардың әдістемелік нұсқауында: Күрделі сөздердің бір түрі- біріккен сөздер. Мұғалім біріккен сөздердің әрі мағыналық, әрі тұлғалық жақтарына тереңірек үңіле қарап, оқушыларға еш бір дау жоқ екі ұшты ұғым тудырмайтын нақты мысалдар ұсынып, оларды оқулықта берілген теориялық түсінік төңірегінде түсіндіру керек дей келіп, біріккен сөздер мен тіркес сөздердің құрамын ажыратудың тиімді жолы ретінде салыстыру әдісін ұсынады. Мысалы, ақсақал, итмұрын, т.б. деген сөздерді бірге жазып, әрқайсының мағыналарын ажыратуға олардың синонимдерін жарыстыра айтып түсіндіру керек, - дейді. Әрине, пікір негізінен дұрыс болғанымен, үнемі дау тудырмайтын мысалдарды ұсына беру де дұрыс емес. Керісінше, дау тудыратын мәселелердің табиғаты ашылуы, оқушы кез келген сөзді бірге не бөлек жаза алуы тиіс. Ол үшін сөздердің бірге не бөлек жазылуының ережесін білуі керек екені даусыз.
Сонымен қатар қос сөздердің емлесі арнайы тақырып ретінде беріледі. Алайда жаттығулардың мақсаты – қос сөздер емлесін емес, жалпы қос сөз туралы білімді бекіту. Қысқарған сөздерді түсіндіруде көрнекіліктің маңызы зор екендігі айтылады. Қысқарған сөздердің бас әріптерден қысқарған түрлерінің араларына ешқандай тыныс белгілерінің қойылмайтыны, оларға қосымшалардың дефис арқылы жалғанатыны айтылады. Бас буындардан түбір сөздердің қатысы арқылы қысқарған сөздер бірге жазылып, оларға қосымшалардың қосылып жалғанатыны ескертіледі. Ал, әрәп, йифр арқылы қысқарған сөздер өздерінің қысқару қалпында сызықша арқылы жазылып олардың құрамындағы әріптер мен цифрладың өзара бөлінбейтіні және тасымалданбайтыны ескерілуі керектігі айтылады.
Филология ғылымының кандидаты И.Ұйықбаев мақаласында бірге және бөлек жазылатын сөздерді салыстырып көрсету (қосаяқ – қос аяқ), біріккен сөзді текстен теріп жаздыру әдісін, біріккен сөздерге сөйлемдер ойлап тапқызу, біріккен сөздің сыңары болатын сөзді іріктеп алып олардан біріккен сөздер жасату, т.т. әдістер оқушылардың ой-өрісін дамытуға жәрдемдеседі, емлесін біледі, біріккен сөздерді басқа сөздерден ажырата білуге қалыптасады, -деп түйіндейді.
А.Рамазанова ”Күрделі сөздерді оқыту тәжірибемнен“ деген мақаласында сөз құрамын жалаң және күрделі деп 2-ге бөліп, олардың ерекшелігін таблица арқылы түсіндіреді. Күрделі сөздердің емлесі айтылмайды [11].
Ғ.Мұсабаев ”Біріктіріп
жазылатын сөздер“ деген
0) Екі түбірден құралған сөздер алғашқы мағыналарынан қашықтап, жаңа бір мағына берсе:
1) Екі сөз үнемі қатар айтылу салдарынан бір ұғымның атауына айналғанда, екі компоненттің бірі я екуі де жекелеп алғанда ешбір мәнге ие бола алмаса, мұндай сөздер бірігіп жазылады: алаңғасар т.б.
2) Сөздің дыбыстық деформацияға ұшырауы: белбау – бел буар “б” түсіп қалған, тыржалаңаш – тырдай жалаңаш.
3) Екі сөзден бірігіп,белгілі
бір аңның, жәндіктің,
4) Бірге жазылып қалыптасып
кеткен сөздер дәстүрлі
Г.Жәркешова “Біріккен сөздердің жазылуы” деген мақаласында екі сөздің бірігіп, бір сөз дәрежесіне көшкендіктен, дыбыстық факторлар, әр саланың атаулары, т.б. болғандықтан біріккен сөздер бірге жазылады деп түйіндейді. [12].
Күрделі сөздер және оның емлесі туралы біраз ғылыми- зерттеу жұмыстарының мазмұнына тоқталдық. Аталған еңбектердің мазмұны бұл мәселенің көптен бері сөз болып келе жатқандығын аңғартқанымен, оларды бірге жазудың қажеттілігі, бірге жазу себептері айқын аңғарыла бермейді. Бұдан күрделі сөздердің жазылуында әлі де бірізге түспеген мәселелердің бар екендігі байқалады. Мұндай мәселелер түркі тілдерінде де өз шешімін таппаған сияқты. Мысалы, ғалым К.М.Мусаев күрделі сөздердің емлесіне байланысты “отсутствие твердых правил” дегенімен, күрделі сөздерді бірге, бөлек, дефис арқылы жазу жөнінде турколог – ғалымдар аз еңбектеніп жатқан жоқ. Мысалы, башқұрт тілінде: бір сыңары дербес мағынасын жоғалтқан сөздер (алабұға); фонетикалық өзгеріске түскен сөздер (бүгін); бірінші компоненті екіншінің қызмет ететін мақсатын көрсететін (белбау) сөздер біріктіріліп жазылады десе, гагауыз тілінде: сан есім мен зат есімнен тіркескен сөздер (бесжылдық); екі зат есімнің лексикалану арқылы қабыса байланысқан сөздер (қайыната); зат есім мен етістіктің көсемше тұлғасымен келген сөздер (күнбағар) біріктіріліп жазылады делінген. Ал ноғай тілінде: бір компоненті фонетикалық өзгеріске түскен сөздер (биыл); сөйлеуде сөз тіркесіне омоним болып келетін күрделі сөздер (қырықаяқ – қырық аяқ); дәстүрлі қалыптасқан сөздер (белбау) бірге жазылады делінсе, татар тілінің емлесінде, ең алдымен, семантикалық талдауды ұсынады. Мысалы, бірінші компонент (зат есім) екінші компоненттегі заттың неден (қандай материалдан) жасалғандығын көрсетсе: тас жол, темір қақпа, т.б. онда олар бөлек жазылады, ал егер бірінші компонент материалды емес, екінші компоненттегі заттың тегін, біреуге қатысты екендігін білдірсе, екінші компонент тәуелдік жалғауымен келеді. Егер осы қосымша түсіріліп, компоненттер бір тұтас мағынаны білдіріп бір бүтінге айналса, онда ол сөздер бірге жазылады. Мысалы, сабан тойы – сабантой. Сонымен қатар күрделі қысқарған сөздер (пединститут), құрамдас бөлігі өз мағынасын жоғалтқан күрделі сөздер (аққу, қарабидай) бірге жазылады делінген.
Ал қазақ тіл білімінде
бірге жазылатын сөздердің
Ғылым үшін бұл уәж дұрыс та шығар. Лексикологтардың таным түсінігінің толыққанша, мектептегі сауаттылық мәселесін тоқтата алмайтынымыз түсінікті. Әрине, бұл жерде лексиколог – ғалымдар да кінәлі емес сияқты. Кінәлі өзіміз. Яғни бар ережені, бар ғылыми – зерттеулерді басшылыққа алмай, ол заңдылықтардың ғылыми негізін түсінбей, әркім өз ойынша жаза беру. Мұндай әрекет ешқашан емле ережесін тұрақтандырмайды. Сондықтан ғылыми зерттеулер мен емле сөздіктерін қатаң басшылыққа алып, ережені қалыптастыру қажет. Күрделі сөздердің жазылуындағы ала-құлалық жалпы сауаттылықтың, оның ішінде оқушылардың сауаттылығының қалыптасуына кедергі жасайтындығы айқын. Дегенмен пікір алалықтарына қарамастан, қазақ тіл білімінде бірге және бөлек жазылатын сөздердің емлесі бірізге түскен тәрізді. Бұл орйда негізге алатынымыз – қазақ тілінің орфографиялық сөздігі. 2001 жылы шыққан қазақ тілінің орфографиялық сөздігіндегі бірге жазылатын сөздердің түрлерін негізге аламыз. Олар мынадай:
§ 26. Тұлғасы өзгертіліп барып біріккен сөздер бірге жазылады. Мысалы: бүгін, биыл, қыстыгүні, күздігігүні, жаздыгүні, алаңғасар, ашудас, белбеу, апар, әпер, түрегелді, ерғашты, жарғанат, қарағаш, алтатар, көгөніс, қыргүйек, шекара, көкала, (мылжын), көкала, (қойдай сабау).
§ 27. Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздерімен біріккен есімдік, үстеу сөздер түбір тұлғалары өзгертілмей, бірге жазылады. Мысалы: әркім, әрбір, әрдайым, әрқашан, ешкім, ешбір, ешқандай, ештеңе, кейбір, қайбір, қайсібір, бірдеңе, бірнеше, бірталай, біраз, бірсыпыра, біржолата, бірыңғай, біркелкі, бірқыдыру, әлдеқалай, әлдеқайда, әлдеқандай, әлдеқашан.
Ескерту: Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздері зат есімдермен тіркескенде бөлек жазылады. Мысалы, еш адам, әр бала, қай үй, кей адам, бір жұмыс, әлде жылқы, әлде сиыр.
§ 28. Екі түбірден құралып, ғылымның әр алуан (саяси-әлеуметтік, лингвистикалық, филологиялық, биологиялық, астрономиялық, физика-математикалық, химиялық т.б.) саласында терминдік мәнге ие болған атаулар бастапқы тұлғаларын сақтап, бірге жазылады. Мысалы: баспасөз, өнеркәсіп, кәсіподақ, арасалмақ, арақатынас, келіссөз, көзқарас, зейнетақы, қонақасы, шикізат, көкжиек, кемпірқосақ, шоқжұлдыз, оттегі, сутегі, қостотық, үшбұрыш, сегізжақ, көпмүше, тозаң қап, гүлтабан, тамыр жеміс, сүтқоректілер, оңқанаттылыр, сөзжасам.