Күрделі сөздер

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 08:12, дипломная работа

Описание работы

Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Жазусыз мәдениет атаулыны көзге елестету мүмкін емес. Сауаттылық, сауатты жазудың қоғамдық мәні зор. Ол адамдардың бір-бірімен жазбаша қарым-қатынас жасауының ең тиімді де қажетті жолы, ойды нақты да, түсінікті берудің амалы болып табылады. Ал сауатты жазудың, яғни жазу мәдениетінің негізі мектептен қаланады.

Содержание

Кіріспе .................................................................................... 5
1-бөлім. Күрделі сөздер емлесінің зерттелуі....................... 7
1.2. Емле ережелерін қалыптастыруда сөзіктердің
маңызы---------------------------------------------------------------- 12
2- бөлім.Күрделі сөздер емлесінің лингвистикалық негізі....22
Қорытынды ............................................................................ 54
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................. 57

Работа содержит 1 файл

Диплом жумыс.doc

— 388.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

   

МАЗМҰНЫ

 

 

Кіріспе ....................................................................................  5

 

1-бөлім. Күрделі сөздер  емлесінің зерттелуі.......................  7

 

1.2. Емле ережелерін қалыптастыруда сөзіктердің

маңызы----------------------------------------------------------------  12

 

2- бөлім.Күрделі сөздер  емлесінің лингвистикалық негізі....22

 

Қорытынды ............................................................................ 54

 

Пайдаланылған әдебиеттер .................................................. 57

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді  болмай, өмірдің барлық саласында  кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Жазусыз  мәдениет атаулыны көзге елестету мүмкін емес. Сауаттылық, сауатты жазудың қоғамдық мәні зор. Ол адамдардың бір-бірімен жазбаша қарым-қатынас жасауының ең тиімді де қажетті жолы, ойды нақты да, түсінікті берудің амалы болып табылады. Ал сауатты жазудың, яғни жазу мәдениетінің негізі мектептен қаланады.

Сауатты жазудың негізі – емле ережелері. Қазақ тіліндегі  емле ережелері негізінен бірізге  түсіп, қалыптасқанымен, әлі де қиындық  туғызып жүрген мәселелер аз емес. Солардың бірі – күрделі сөздердің бірге және бөлек жазылуы. Ғалым Қ.Күдеринованың пайымдауынша, бірге және бөлек тұлғанатын құрама сөздер Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің 30 пайызын қамтиды екен. Бұл сандық көрсеткіш мәселенің өте маңызды екендігін, оған мән беру керектігін аңғартады. Сондықтан да мектеп оқулығының 6 сыныбында күрделі сөздер және олардың емлесі арнайы тақырып ретінде беріледі. Ұстаздық тәжірибемде оқушылардың күрделі сөздердің жазылуынан көп қиналатындығы байқалып отырады. Оның негізгі себебі: біріншіден, күрделі сөздердің емлесін оқытуға байланысты арнайы зерттеу жұмыстары, әдістемелік құралдар жоқ. Екіншіден, оқулықта берілген ережелер мәселенің табиғатын толық ашпайды. Мысалды, «біріккен сөздер бірігіп жазылады» деген ереже оқушы үшін ешқандай жаңалық емес, бірігіп тұрған сөздер бірігіп жазылмағанда қалай жазылатыны оқушыға түсініксіз. Үшіншіден, күрделі сөздердің емлесіне байланысты оқулықта жаттығу өте аз беріледі және оның өзі оқушының сауаттылығын қалыптастыратындай мазмұнда емес. Төртіншіден, мектеп мұғалімдері оқулықпен шектеліп, ғылыми ізденістерге, оқытудың тиімді жолдарына, белсенді әдістеріне көп мән бере бермейді. Ғылым әлемінде де күрделі сөздердің бірге не бөлек жазылуында шешімін таппаған мәселелер аз емес.

Міне, аталған мәселелердің мүмкіндігінше негізіне тоқталу диплом жұмысының тақырыбының өзектілігін дәлелдей алады.

Ғылыми жаңашылдығы.

Сөзжасамның аналитикалық тәсілімен жасалған күрделі сөздер дайын тұрған тұлға ретінде қашанда  бірге жазылады да, синтаксистік тәсіл  арқылы жасалған күрделі сөздер лексикалану  барысында қолданылу жиілігіне  қарай біртіндеп біріккен сөздерге ұласа беретіндігі, яғни  күрделі сөздер бірге жазылатындығы, лексикалық тіркестердің  бөлек жазылатынедығы дәлелденілді.

 

 

 

Практикалық маңызы.

 Емле ережесінде оқушылардың сауаттылығын қалыптастыруда даулы мәселелердің  көп емес екені белгілі. Алайда, қандай сөздер бірге және бөлек жазылатындығы әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. Міне, осы мәселені мүмкіндігінше талдап, қандай сөздердің бірге, қандай сөздердің бөлек жазылатындығына тіл тәжірибесінен мысалдар келтіре отырып, дәлелдейді. Демек, оқушылардың  күрделі сөздердің емлесін игеруіне, сауаттылығын қалыптастыруына аз да болса мүмкіндік жасайды.

Осыған олрай диплом жұмысының басты мақсаты – күрделі сөздердің емлесінің зерттелуіне шолу жасай отырып, қандай сөздердің бірге және бөлек жазылуының лингвистикалық негізіне тоқталу.

Ал міндеті:

  • жазу мәдениетін жетілдірудегі басты ұстанымдарға тоқталу;
  • емле ережесін қалыптастырудағы іс-шараларға, ғалымдардың зерттеулеріне тоқталу;
  • күрделі сөздер емлесінің лингвистикалық негізін айқындау;
  • күрделі сөзге тән белгілерге тоқталу.

Әдіснамалық негіздері

Күрделі сөздердің емлесі туралы отандық ғалымдардың пікірлері, сөздік құру тәжірибелері, мектепте тілді  оқытуға бағытталған ғылыми-әдістемелік  еңбектер т.т. негіз болды.

              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        1.  НЕГІЗГІ  БӨЛІМ

 

        1.1 .  Күрделі сөздер емлесінің зерттелуі

 

Тіл- адамның барлық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы  дүниядағы адамдар тілінен айырылып, сөйлесуден қалса қандай қиындық  күйге түсео еді. Осы күнгі адамдар жазудан айрылып, жаза алмайтын күнге ұшыраса, ондағы күйі де тілінен айрылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің заманымыз – жазу заманы: жазу мен сөйлесу ауамен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды, жазумен дүнияның бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі одан да артық. Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек. Сөздің жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге қай сөз қандай орында қалай өзгкріп, қалайша біріне-бірі қиындасып, жалғасатын дағдысын білу керек. Әр халықтың дағдылы жолы, жүйесі, қисыны болады,- дейді А.Байтұрсынов (1).

Қоғам өмірінде жазудың алатын орны ерекше. Жазу- адамзат қауымы тапқан мәдени мүліктің ең асылдарының бірі. ... Әлеумет тіршілігіндегі барлық өрлеу, өсу, ілгерілеу, сайып келгенде, жазу өнерімен ұштасып жатады. Ал жазуы жоқ ел жарығы жоқ үй тәрізді. Жазусыз мәдениет атаулыны көзге елестету мүмкін емес. Сауаттылықтың да өлшемі - жазу. Жазу - тіл дамуының, сол тәрізді тілді пайдаланушы адамдар қауымының саналы әрекетінің нәтижесі. Тілдің заңдылықтары мен ерекшеліктері жазу арқылы таңбаланады.

Біздің заманымыз  – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге болмайды: жазумен дүнияның бір шетіндегі адам екінші шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білудің керектігі онан да артық. Сөйлегенде, сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек. (А.Байтұрсынов).

Жазба сөз –  бір өңкей әскер легі де емес, қой-сиыры аралас шұбаған көш  те емес, теңіз толқыны да емес, жайнап тұрған бақша да емес, өмірге түгел ортақ ой-сезімді дәлірек те толығырақ бере алатын тіл байлығы. Бұл байлықты қалай болса солай пайдалану болашақ үшін үлкен қиянат (Ғ.Мүсірепов). 

Сөйлей білу – ойлай білу. Олай болса, дұрыс  жазуға мүмкіндік тудыру керек. Меніңше, әрбір адам дұрыс ойлап, дұрыс сөйлеп, әсіресе дұрыс жазуға да мүмкіндік іздеуі керек. Қазақтың: «Сөйлей, сөйлей шешен боласың» деген мақалы дұрыс: ойлауың дұрыс болғанмен, сөйлеп үйренбейінше, пікіріңді айта алмайсың. Сол сияқты ойлағаныңды жазып үйренбесең тағы болмайды. Сөйлеуді адам ұжым ішінде жүріп, біреуге еліктеп, біреуден үлгі алып, халықтың бай тілін пайдалана жүріп үйренгенін өзі сезбей қалатын болса, жазуды олай үйрене алмайды. Мен бұл жерде жазу дегеннің өзін екіге бөлем: 1) қалай болса солай естіген-естігенінше, айтқанын-айтқанынша жазу бар да, 2) мәдени үлгілі жолмен жазу, әдеби тілдің нормасын, ережесін, жобасын сақтай жазу бар. Нормаға бағынбай, бетімен жазылған сөздерді біз тізгінсіз, үлгісіз жазу дейміз. Ал, бас-аяғы жинақты, түсінуге ұғымды, жеңіл, белгілі өлшеммен жазылған сөзді әдеби тілдің қалыбымен жазылған я айтылған дейміз (С.Аманжолов).

Тілдің ілгері басып  өсуі үшін оның емлесі мен термин мәселесі дұрыс шешілмей болмайды. Болмайтын себебі: өркендеп алға барған тілдің түрлі тарауының бәрі де сол емле, терминологиямен сабақтасады да отырады. ... емле мен терминологияның қызметі сол қалың еңбекшінің қолын мәдениетке жеткізу болады.

Жазу белгілі бір орфографиялық  қағидаларға негізделеді. Орфография – сөзді бірізді жазудың тәсілдерін белгілейтін ереже. Орфография -әдеби тілдің « киімі » ғана емес, ол, алдымен, сауатты жазудың, ана тілін мәдени меңгерудің маңызды құралы. (2).

Орфография дегеннен дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы дегенді  түсінеміз. Орфография дұрыс жазудың  нормасы мен қағидаларын белгілегенде, тілдің әр түрлі жақтарын және олардың байланысын бірдей ескере отырып, нақтылы ұстанымдарға сүйенеді, соларды негіз етіп алады. Қазақ орфографиясының негізгі ұстанымдарына ғылыми еңбектерде морфологиялық, фонематикалық және фонетикалық, сонымен қатар тарихи-дәстүрлік ұстанымдар жатқызылады. Морфологиялық ұстаным бойынша сөз бөлшектерінің сақталып жазылуын талап етеді. Мысалы, жұмыс+шы- жұмысшы (жұмұшшы емес), іс+ шең- ісшең (ішшең емес).

Фонетикалық ұстаным  бойынша жазуда бір сөз ішінде дыбыстардың (фонемалардың) қосалқы реңкі (варианты) ескерілмейді, сөз бөлшектеріндегі фонемалардың негізгі реңкі (инварианты) сақталады. Мысалы, қашанғы, түнгі күнгі деп жазылған сөздер қашаңғы, түңгү, күңгө болып айтылады, естіледі. Қазақ орфографиясында морфологиялық принциптер мен фонематикалық принциптердің тоғысып келетін сәттері жиі кездеседі. Сондықтан қазақ емле нормаларының негізгі – морфологиялық- фонематикалық деп ұластырылып атауға болады, - дейді ғалым Р.Сыздықова (3)

Фонетикалық ұстаным сөздің құрамындағы дыбыстардың айтылуын сақтап жазуды басшылыққа алады. Мысалы, жаздыгүні, ашудас деген сөздердің айтылуынша, осылай жазылуы- сақталған ұстанымның нәтижесі. Сөзді дыбыстардың айтылуы бойынша жазуды, яғни фонетикалық ұстанымды негізге алуды құптайтын пікірлер де жоқ емес. Мысалы, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Қалиұлы: «жазуымыздағы ала-құлалықтың 3 түрлі себебі бар: оның біріншісі –тілімізге араб-парсы және орыс тілі сөздерінің көптеп енуі. Екіншісі – орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа да еуропа тілдерінен келген сөздерді өзгертпей жазғызу үшін, 12 орыс әрпінің (дыбысының) қазақ тіліне зорлап ендірілуі. Үшіншісі – кірме сөздерде үндестік заңының сақталынбауы. Яғни жазудағы ала-құлалықтың басты себебі – тіліміздегі үндестік заңының бұзылуы. .... Үндестік заңы – ұлы заң. Өзін қазақпын деп есептейтін әрбір адамның бұл заңды бұзуына құқылары жоқ. Өйткені қазақ тілін тіл етіп отырған – осы заң »- дей келе, морфологиялық ұстанымды да қазақ тілі орфографиясының негізгі принципі деп, оны жоққа шығармайды. «Біріккен сөздерді біріктіріп жазайық, ондағы дыбыстық өзгерістерді ескерейік, елейік дегенді айтқанда, біз тіл деп аталатын құдіретті күштің сол ерекшелігімен санассақ дейміз. Оның өзіндік даму заңын тізгіндемесек, тежемесек дейміз»,- деп ой тұжырымдайды.(4) Ал тарихи-дәстүрлік ұстаным тілдің ерте кездегі жазу дағдысына негізделеді де, сөздің ертеректегі айтылуы мен жазылуын өзгертпей сақтауды көздейді. Бұған көбіне орыс тілінен енген сөздердің орысша тұлғасын сақтап жазылуын және бірқатар араб, парсы сөздерінің х һ әріптерімен жазылуын (халық, хат, хабар, Хамит, жиһан) жатқызып жүрміз дей келіп, Р.Сыздықова: бұл принципті «тарихи» деп атау шартты. Қазіргі емлеміздің тарихы жарты ғасырдан асар-аспас болған соң, жазуда сіріленген тарихы бар сәттер жоқ деуге болады, - дейді.

Ал осы шет сөздерін түбір тұлғасын сақтап жазу, яғни тарихи-дәстүрдегі ұстаным қазір сақталып жүр ме деген мақсатпен тіл фактілеріне  үңілсек, одан ауытқулардың бар екенін байқау қиын емес. Мысалы, товар-тауар, завод-зауыт, т.б. Шет сөздерін үндестік заңына бағындыра жазу мәселесін А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, Қошке Кемеңгерұлы, т.б. қоштағаны белгілі. Мысалы, Х.Досмұхамедұлы: «жат сөздерді өзгертпейінше жүргіземіз деп, қазақ тілін бұзғандар да, халықты мәдениетке үйретеміз, өнер шашамыз деп, жұқпалы ауру таратқандар да бір есек.  ... Аурулар адамның денесін бұзса, зорлықпен кіргізілген жат сөздер елдің түп қазығы болған тілді бұзады»,- дейді.(5)

Осы пікірді А.Байтұрсынов: «жат тілден енген сөздерді тілдің ішкі заңдылығына бағындырмай алудың түбі күндердің күнінде қазақ тілінің қураған бұтақтай сынып түсуіне әкеліп соғады», -деп жалғастырады [45,6]. Қошке Кемеңгерұлының: «Білімпаздар тобы жат сөздерді қазақ тілінің үндестік заңына үйлестіріп алуды керек еді» деген пікірінің іске асқанын қазіргі тілдік қолданыс дәлелдеп отыр.

Қазақ тілінің табиғи қалпын сақтап, үндестік заңы бойынша  жазуды ғалым-профессор Ә.Жүнісбеков [6] пен С.Мырзабеков те қоштайды [7]. Бұл  пікірлердің тіл дамуы барысында  тұрақталып, фонетикалық ұстаным да басшылыққа алынуы мүмкін.

Сонымен қатар айырым ұстанымы да аталады. Айырым ұстанымы бойынша дыбыстық құрылымы ұқсас  сөздер шартты түрде орфография арқылы ажыратылады: қан-хан, қауын-қауіп, өкініш-үкімет. Сөздердің бөлек, бірге, дефис арқылы жазылуы әр түрлі лексика-грамматикалық топтарды қамтиды да, сөзді, сөз тіркесін, күрделі сөздерді бір-бірінен ажыратып тұрады: аққайың (топ,сөз) – ақ қайың (сөз тіркесі), қолтаңба (сөз)- қол (дың) таңбасы (сөз тіркесі).

Негізгі нысанамыз болып  отырған күрделі сөздердің емлесін: бірге, бөлек және дефис (жартылай бірге) арқылы жазу айқындайды. Осылардың ішінде күрделі сөздерді бірге жазуда белгілі ғалым К.М.Мусаев мынадай ұстанымдарды атап көрсетеді [8].

1. Фонетикалық ұстаным. Бұл ұстаным бойынша күрделі сөздің бір компоненті фонетикалық өзгеріске түссе, онда сөз бірге жазылады. Мысалы, бүгін – бұл+ күн, белбеу- белдің бауы,т.т.

2. Мағыналық ұстаным.  Бұл ұстаным бойынша мынадай  сөздер бірігіп жазылады:

1) бір компоненті дербес  мағынасынан айрылған күрделі сөздер. Мысалы: ақсақал – үлкен адам, қария.

2) Антропонимдердің компоненттері  бірігіп жазылады. Мысалы, Аллаберген.

3)      Аң, жәндік атаулары бірігіп жазылады. Мысалы, тасбақа.

4)      Топонимдер бірігіп жазылады. Мысалы, Ақтөбе, Талдықорған.

Информация о работе Күрделі сөздер