Күрделі сөздер

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2013 в 08:12, дипломная работа

Описание работы

Жазу – адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Жазусыз мәдениет атаулыны көзге елестету мүмкін емес. Сауаттылық, сауатты жазудың қоғамдық мәні зор. Ол адамдардың бір-бірімен жазбаша қарым-қатынас жасауының ең тиімді де қажетті жолы, ойды нақты да, түсінікті берудің амалы болып табылады. Ал сауатты жазудың, яғни жазу мәдениетінің негізі мектептен қаланады.

Содержание

Кіріспе .................................................................................... 5
1-бөлім. Күрделі сөздер емлесінің зерттелуі....................... 7
1.2. Емле ережелерін қалыптастыруда сөзіктердің
маңызы---------------------------------------------------------------- 12
2- бөлім.Күрделі сөздер емлесінің лингвистикалық негізі....22
Қорытынды ............................................................................ 54
Пайдаланылған әдебиеттер .................................................. 57

Работа содержит 1 файл

Диплом жумыс.doc

— 388.50 Кб (Скачать)

Күрделі сөздердің бір түрі –  біріккен сөздер. Біріккен сөздер мәселесі Г.Жәркешова, А.Ермековтердің зерттеу  нысандар болғаны белгілі. Г.Жәркешова  “Біріккен сөздердің кейбір мәселелері” деген мақаласында қатар тұрған екі сөздің бір мағына білдіретіні сөйлемнің бір мүшесі болатыны, бір екпінге ие болатыны және сөз арасында дыбыс өзгерістері болатыны біріккен сөздерді айырудың негізгі белгілері деп көрсетеді. А.Ермеков біріккен сөздердің сыртқы түр-тұрпаттық белгі-қасиеттеріне тұтас тұлғалануын, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметін атқаруын, белгілі сөз табына кіруін, бірұдай интонациямен айтылуын, кейбір компоненттерінің бүтіндей я жартылай дербес мағынасынан айрылуын, бірге жазылуын, сөздікте бүтін бір сөз ретінде берілуін жатқызады.

Филология ғылымдарының докторы, профессор  Қасым Балқия “Қазақ тіліндегі күрделі  сөздер: уәждеме және аталым” атты монографиясында күрделі сөздердің  ғылыми-теориялық негізін арнайы зерттеп, оның қалыптасу, даму арналарын айқындайды, уәждемесіне тоқталады. Ғалым тіл білімінде күрделі сөздердің табиғатын танытатын, қасиетін көрсететін үш түрлі белгіні: мағыналық тұтастық, құрылымдық тұтастық және қызмет тұтастығы белгілерін атап көрсетеді.

Күрделі сөздердің бірге және бөлек жазылуы лингвистикадағы пікір алалықтарды шешуге меже бола ала ма? Профессор Н.Оралбаева: “Күрделі сөз деп тіл атаулыға өте кең тараған құбылыс болғанына қарамастан, бұл – ғылымдағы өте талас мәселе, осы мәселеде пікір алалығы да күшті, ғалымдар күрделі сөз мәселесі толық шешімін таппаған – деп санайды”, - дейді.

Ғалымның пікіріне сүйене отырып, күрделі сөздердің бірге және бөлек жазылуы оның шегін айқындауға меже бола алмайды деп білеміз. Күрделі  сөздерді бөліп жазудағы ұстаным сол құрамдағы әр сөздің дербес тұрғандағы лексикалық мағынасының сақталуымен байланыстырылады. Біріктіріп жазудағы ұстаным – сол құрамдағы дербес программаның күңгірттенуінен жаңа атаулардың пайда болуы. Күрделі сөздерді біріктіріп жазуда басшылыққа алынатын негізгі шарт – біртұтас ұғымды анықтау. Біртұтас ұғымды анықтау тек күрделі сөз емес, сөз тіркестеріне де қатысты екенін лингвистикалық еңбектерден кездестіріп жүрміз. 1943 жылы жарық көрген А.Поцелуевскийдің еңбегіндегі: “Два или несколько слов предоставляющих собой одно целое с точки зрения логической и формальной называется словосочетанием”, - деген пікірі дәлелдейді.

Түркітанушы ғалымдар түркі тілдерінің басты ерекшеліктері болып табылатын  “анықтауыштық қатынастағы есімдер  тобын” ешқашан назардан тыс қалдырған емес. М.П.Мелиоранский: “Определение может быть выражено именем прилагательным, местоимением и числительным порядковым. Всякое определение ставится в киргизском языке во именительном падеже перед определяемым словам, например, ақ тас – белый камень, жақсы кісі – хороший человек. Лишь в исключительных случаях прилагательное, поставленное перед именем не служит  ему определением, а образует с ними вместе род сложного слова. Например, қара көз – черноглазный, қисық мойын - кривошея”, - деп атап өткен. Ғалымның бұл пікірінен анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінің бір ұғымды анықтайтынын аңғарғанын көреміз. А.А.Реформатский: “Осы бір грамматикалық қатынасты (анықтауыш пен анықталғыш) білдіруде сөздердің орын тәртібі шешуші болып табылатын тілдер бар. Мысалы, қазақ тілінде зат есім мен сын есім, әдетте ажыратылмайды. Қайсысының анықталғыш (зат есім), қайсысының сын есім екендігін тек сөздердің орын тәртібі арқылы анықтауға болады. Сағат қалта – қалта сағат, ыдыс темір – темір ыдыс”, - дейді. Ғалымның бұл пікірі де сөз тіркесінің логикалық жақтан бір ұғымды анықтайтын тұлға екенін дәлелдейді. Осы мәселе А.Н.Кононов, М.К.Дмитриевтің еңбектерінде де сөз болған. А.Н.Кононов қолғап, белбеу, құмшақар, тасүй деген тұлғаларды күрделі сөздің нағыз түрі деп атап, оларды біріктіріп жазды. Н.К.Кононовтың пікірінше, тасүй күрделі сөз болса Н.К.Дмитриевтің зерттеуінде мұндай құбылыстардың бастапқысы заттың тегін, неден істелгенін білдіретін анықтауыш, соңғысын анықталатын сөз ретінде танылған, ал  қайысбау, күншығыс, белбеу сияқты тілдік бірліктерді изафеттің бірінші түрі үлгісінде қалыптасқан күрделі сөздер деп танып, изафет сөз жасаудың бір жолы болатынын айтады [8, 85]. Олай болса, біртұтас ұғымды білдіру дефис күрделі сөзбен сөз тіркесінің, сол сияқты күрделі сөздің бірігіп жазылуы мен бөлек жазылуына шарт бола алмайды. Сондықтан да Қ.Жұбанов бұл туралы өз пікірін былайша білдірген: “Тегінде мынаны өлщеу қылумен анықталатындықтан қоймайды. Мысалы, қолғап деген бір нәрсенің аты ма, сондықтан бірақ сөз бе немесе екі сөз бе? Бөлек-бөлек алғанда, қол деген сөздің өз мағынасы бар, қап сөзінің өз мағынасы бар, бірақ екеуі қосылғанда қолғап деген бір ақ сөздің аты болып шығады. Осы сияқты қарақұс дейтін бір сөз бе, екі сөз бе деп сұрақ қоюға болады. Бір сөз дейін десең, қара дегеннің өз алдына мағынасы бар, құс дегеннің өз алдына мағынасы бар, бірақ екеуі қосылып келіп, бұл арада бір нәрсенің аты болып тұр. Ал бұларды бір нәрсе дейін десең, дәл осылай болып жасалған өгіз арба, темір қасық т.б. бір сөз болу крерк сияқты. Осылай болғанда, анықтаушы мен анықталғыш сөздің екеуі қосылып, бір сөз болып санала беруі керек сияқты. Міне, жалғыз мағынаға сүйенгенде, айырып алу қиын болатыны осыдан. Сондықтан мағынаны өлшеу қылуға алып тұрып, бірақ жалғыз мағынаға сүйенбей, басқа өлшеулерді қосып қарауға керек болады”. Ғалымның көтеріп отырған мәселесі қазіргі қазақ лингвистикасында шешімін тапты деп айту қиын. Қазіргі күнде бұл мәселенің көкейкестілігі күрделі сөзді оқытумен оның емле ережесін қалыптастыруда маңызын жойған жоқ. Дей тұрғанмен, осы мәселенің мәнін зерттеуде өз үлесін қосқан ғалымдарымыздың тұжырымдары күрделі сөз бен оның емлесін оқытудың ғылыми принципін айқындауға негіз бола алады. Күрделі сөздерден білім мен практикалық дағдыны беруде ғылыми принципті басшылыққа ала отырып, оның теориялық негізін қалыптастырған ғалымдардың пікірлері мен тұжырымдарын мектеп грамматикасында бөлінген сағат санына қарай сұрыптау алу міндеті – біздің жұмысымыздың лингвистикалық негізі болып табылады. Ғалым А.Ысқақовтың сөзімен айтқанда, күрделі сөздер “Практикалық тұрғыдан қарағанда жалаң сөздердің өресі жетпейтін қызмет атқарады, олардың олқылықтарын толтырады, ал теориялық тұрғыдан, дара сөздермен жарыса өмір сүріп, сол дара сөздердің тууына қызмет етеді”. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады:

  1. Күрделі сөздер мен дара сөздердің тілде атқаратын қызметі бірдей.
  2. Дара жалаң сөздердің номинативтік қызметі номинация

теориясын толықтырады. Яғни бұрын-соңды  атауға ие болмаған заттар мен құбылыстарға ат беруде жалаң сөздердің мағыналары логика-семантикалық жақтан үйлесіп, грамматикалық байланысқа түседі. Мұндай құбылысты идиомалану дейді, лексикалану деп те атайды. Күрделі сөз сыңарының дыбыстық өзгеріске түсу нәтижесінде жиі қолдану себебінен бастапқы мағынасынан ада-күде айырылуды делексикалану деп атаған. Ғалым күрделі сөз компоненттерінің арақатынасын “бірігу, қосарлану, тіркесу” деп, олардың сыртқы материалдық бөлшегін фонетикалық жақтан, ішкі құрылымын семантикалық жақтан қарастырып, олардың арасындағы қарым-қатынастың нәтижесінен күрделі сөздердің тілдік заңдылықтарының жиынтығы шығатынын саралап көрсетті. Бұл мәселе “күрделі сөз” бен “біріккен сөз” терминдерінің басын ашуға көмектеседі. Әдетте бірігіп жазылған сөздерді “біріккен сөз” деп, бөлек жазылатын сөздерді “күрделі сөз” деп атаймыз. Күнделікті тәжірибемізге сүйенсек, оқушылармен көпшіліктің тарапынан мынандай сұрақтардың болғанын айта кету керек.

  1. Біріккен сөздердің құрамында да, екі сөз, күрделі сөздердің де құрамында да екі сөз, олардың бірге және бөлек жазылу себептері неде?
  2. Бірге жазылатын сөздерді біріккен сөздер деп атаған да, күрделі сөз деп атап отырған күрделі сын есімдерді, күрделі сан есімдерді, күрделі етістіктерді бөлек жазылатын сөздер неге атамаймыз?
  3. Біріккен сөздер күрделі сөздерге жатпайма? Олардың құрамында да екі сөз бар емес пе, неге оны күрделі сөз деп атамай біріккен сөз деп бөліп аламыз?
  4. Күрделі сөздерді сөз таптарына қарай жеке-жеке көрсетеміз де, біріккен сөздерді жалпы бере салудың себебі не?
  5. Күрделі сөздер мен біріккен сөздерде мағыналық жақтан атқаратын қызметі жақтан қандай айырмашылық бар сияқты көптеген сауалдар бар.

Бұл сауалдарды талдау барысында басы ашылмаған мәселелердің әлі де болса  бар екеніне көз жеткіздік. Расында, бірге жазылатын сөздердің де бөлек жазылатын сөздердің де құрамында кем дегенде екі сөз болады. Жазылу емлесіне қарамастан, олардың тілде атқаратын қызметі бірдей. Мағыналық жақтан алғанда екеуі де белгілі бір зат не құбылысқа берілген атауды білдіреді. Сонда біріккен сөз бен күрделі сөздің айырмашылығы оның емлесінде ғана болып тұр. Бірге және бөлек жазулар олардың шегін айқындауға негіз бола алмайды. Себебі, тілімізде күрделі сөздер сияқты бір ұғымның мәнін анықтайтын тіркестердің де бар екені белгілі. Ондай тілдік құбылыстар бір жерде күрделі сөз деп танылса, бір жерде сөз тіркесі, бір жерде атаулық тіркес, бір жерде лексикаланған тіркес, енді бір жерде шектеулі тіркес деп аталып жүр. Мұндай тілдік құбылыстар мектеп оқулықтарында шатастырылып араластырып беріледі. Бұл мәселе қазақ тілі ғылымында ғана емес, туыстас түркі тілдерінің бәріне ортақ болып отыр. Ол жөнінде татар тілін зерттеуші ғалым Ф.А.Ганиев пікіріне тоқталайық: “В некоторых грамматиках ошибочно утверждается, что сложные слова образуются путем вхождения в компонентов в синтакситические связи. Если бы между компонентами сложных слов существовало синтаксическая связь, что они являлись бы сложными словами, а свободными синтаксическими словасочетаниями”.

Расында, күрделі сөздер негізінде  жасала ма? Күні бүгінге дейін жасалу жолын сөз тіркестерімен байланыстырып  қараймыз.

Э.В.Севортянның “Біріккен сөздердің түп төркіні негізінен сөздердің сөйлемдегі алатын орнына қарай синтаксистік байланыстан туып, қалыптасқан”, - деген пікірі де бар. Татар тілінің зерттеулерінде күрделі зат есімдердің жасалуын үш түрге бөліп көрсеткен:

1. Морфологиялық

2. Синтаксистік

3. Лексикалық-синтаксистік-морфологиялық.

Синтаксистік- морфологиялық тәсілді  негізінде жасалған күрделі зат  есімдер туралы: ”Этот способ образования  имен существительных заключаются  в том, что два слова входят синтаксическую связ и образует новое понятие”, - дейді.(18)

Қазақ тілі білмінде күрделі зат  есімді атаулардың табиғатына байланысты Н. Ильяслва былай дейді: “ Зат  есімді атауларды екі түрлі тәсілге  негіздеген жөн сияқты.

1. Таза лексика – семантикалық  бірлікие байланысқан күрделі сөздердің тобына тасбақа, егеуқұйрық, оқжылан сияқты тілдік құбылыстарды жатқызуға болады. Ал синтаксистік еркн тіркестердің байланысу амалы негізінде пайда болған атаулық тіркестерге көл бақа, су жылан, темір жол, күміс қасық, балта сап сияқты тілдік құбылыстарды жатқызуға болады.Олар бір мағынада жұмсалып, бір ұғымның атын білдіргенімен, лексика- граматикалық құрылымында өзіндік ерекшеліктері бар дей келе, олардың өзіндік ерекшеліктерін және арақатынасын атап өтеді. Атап айтқанда, күрделі сөздер мен атаулық тіркестердің жасалуында болатын өзіндік ерекшеліктерін сөздердің мағыналық жақтан байланысу жолдары арқылы анықьаған. Атаулық тіркестерді грамматикалық күрделі сөздерді лексика-семантикалық тәсілмен байланысатын тілдік құбылыстар ретінде жеке- жеке қарастырып. Оларға тән ерекшеліктерді былайша атап көрсетеді: ”біріншіден, атаулық тіркестердің матасу қабілеттілігі болса, күрделі сөздер матасу формасында жұмсала алмайды. Мысалы, көл бақа тіркесін көлдің бақасы түрінде қолдануға болады. Ал тасбақа сөзін тастың бақасы түрінде қолдана алмаймыз. Екіншіден, матасудың негізінде  байланысқан атаулық тіркестердің құрамындағы заьесімдердің әрқайсысы дербес мағыналарын сақтаса, күрделі сөздердің құрамында сөз сыңарларының  біреуі, кейде екеуі де дербес тұрғандағы мағынасын жоғалтады. Үшіншіден, атаулық тіркестер сабақтаса байланысып барып, сөзжасамның аналитикалық тәсіліне қарай қалыптасып, біріккен сөздерге ұласады. Мысалы, көлдің бақасы- көл бақасы, көл бақа, көлбақа. Ал күрделі сөздер бір заттың бойында болатын ерекше белгісін анықтау барысында сөзжасамның аналитикалық тәсілі арқылы тіліміздегі дайын тұрған күрделі сөздердің  тобын құрайды”-дей келе күрделі сөздердің барлығы бірдей грамматикалық байланыстан жасалмайтынын ерекше атап өтеді. Сонымен қатар атаулық тіркестердің бір  тобы күрделі сөздерге ұласатынын атай отырып, қазақ тілі біліміндегі күрделі сөздердің жасалуының екі жолын көрсетеді:

  1. Грамматикалық байланыс арқылы жасалатын күрделі сөздер.
  2. Сөзжасамның аналитикалық тәсілі арқылы жасалатын сөздер.

  Атаулық тіркестердің негізінде жасалатын күрделі сөздерді грамматикалық жолмен жасалған тіркестер ретінде танып, бұлардың ерекшелігі мынада деп біледі: “ Грамматикалық тәсіл арқылы жасалатын күрделі сөздер атаулық тіркестер негізінде пайда болады. Себебі оларды байланыстырып тұрған қосымшалар байланысу тәсілін тауып алуға болады. Мысалы, қолғап, басқұр біріккен сөздердің құрамындағы компоненттің байланысу тәсілі қолдың қабы- қол қабы- қолғап түрінде грамматикалық байланысқа түсе алатын болса, атаулық тіркестердің негізінде пайда болған күрделі сөздер. Ал сөзжасамның аналитикалық тәсілі арқылы жасалған күрделі сөздердің құрамында грамматикалық байланыс болғандықтан, олар мұндай байланысқа қабілетті емес. Мысалы, тасбақа күрделі сөзі тастың бақасы, тас бақасы түрінде грамматикалық байланысқа түсуге қабілетті емес. Атаулық тіркестермен күрделі сөздердің күрделі сөзбен байланысуына атаулық тіркестердің құрамындағы сөздердің барыс септігімен байланысуға қабілеттілігі де негіз болады. Мысалы, атқа қора, қолға қап. Ал таза сөзжасамдық тәсілмен жасалған күрделі сөздер былай байланыса алмайды. Мысалы, тасқа бақа түрінде байланысуға қабілетті емес. Зерттеушінің бұл еңбегінде түркі тілдері, оның ішінде қазақ тіл білімінде де толық шешімін таппаған күрделі зат есімдердің өзіндік ерекшелігіне тіл ғылымындағы зат есімдердің зерттелу барысында олардың бірге және бөлек жазылу ережесін шартты түрде басшылыққа ала отырып, бірге жазылатын сөздерді “біріккен сөз” бөлек жазылатын сөздерді “күрделі сөз” деп атаймыз. Ал сөздердің бірге және бөлек жазылуы олардың лингвистикалық табиғатын жан-жақты ашуға негіз бола алмайды. Себебі сөзжасамның аналитикалық тәсілі арқылы тек бөлек жазылатын сөздер ғана жасалынбайды, бірге жазылатыны анықталып отыр. Сондықтан “күрделі сөздер” терминін бірге және бөлек жазылатын сөздерге ортақ таңба деп қабылдап, күрделі сөздердің өзіне тән басты белгілерін ерекше атап өткен орынды.

  1. Күрделі сөздер біртұтас лексикалық мағына береді.
  2. Сөйлем ішінде болсын, жеке тұрғанда болсын дара сөздер сияқты дайын күйінде.
  3. Құрамына қанша сөз болғанына қарамастан, бір ғана сұраққа жауап береді.
  4. Әрқашан сөйлемнің бір мүшесі қызметін атқарады. Құрамындағы сөздер бөлініп, сөйлемнің жеке-жеке мүшесі бола алмайды.
  5. Орын тәртібі тұрақты болады.

Күрделі сөздерге тән бұл белгілердің  негізі құрамындағы сөздердің семантикалық жақтан біртұтастықта тұруы болып табылады. Олай болса, семантикалық тұтастықтан қалыптасып, біртұтас лексикалық мағынаға ие сөздердің тобын күрделі сөздер деп танимыз. Олар бірігу, қосарласу, тіркесу тәсілі арқылы жасалады.

Бірігу тәсілінің  өзі 2 түрлі амалмен қалыптасады  екен.

  1. Сөзжасамның аналитикалық тәсілі.
  2. Синтаксистік (грамматикалық) тәсіл.

Бірінші тәсілге, жоғарыда аталып өткендей, өз ішнде  грамматикалық байланысқа түсе алмайтын сөздерді жатқызамыз. Атап айтқанда, ғалым Р.Сыздықова атап көрсеткен биология ғылымына жататын терминдер, яғни аң-құс, жан-жануар, өсімдік, ағаш, құрт-құмырсқа атаулары және осы салаға қатысты өзге де терминдік сөздер: алабота, кәріқыз, алақоржын (өсімдік аттары), қырықаяқ, бұзаубас, қарақұрт (жәндіктер), ақиық, бізтұмсық, бірқазан, өгізшағала (құс аттары), күлтабан, бұршаққын, тозаңқап (ботаника терминдерін жатқызуға болады).

Екінші тәсілге  құрамынан грамматикалық байланысты тауып алуға болатын біріккен сөздердің тобын жатқызуға болады. Яғни атаулық тіркестердің дамуы негізінде қалыптасқан қолғап, белбеу, басқұр, кірсабын, т.б. сияқты сөздерді жатқызамыз. Грамматикалық тәсілмен жасалған мұндай сөздер, негізінен жалпы халықтық сипатта қолданылады. Олар тілдік қолданыста өте жиі қолданылатын сөздер болғандықтан, зерттеуші ғалымдарымыздың назарына ертерек ілініп, зерттеу нысанына айналған. Осындай сөздердің құрамында грамматикалық байланыс көрініп тұрғандықтан, күрделі сөздерідң жасалу жолдары сөз тіркесімен байланыста қаралып келеді. Дей тұрғанмен, біріккен сөздердің барлығы бірдей сөз тіркесінің қалыптасып, дамуы негізінде жасалмағанын, олардың ішінде сөзжасамның аналитикалық тәсіліне негізделген түрлері бар екенін ескере отырып, күрделі сөздердің бірге және бөлек жазылуына сөзжасамның аналитикалық тәсілі негіз бола алмайтынын айтқымыз келеді. Сөздердің бірге және бөлек жазылу емлесін зерттеуші Н.Ильясова сөздердің семантикалық жақтан байланысу жолдары арқылы анықтаған. “Күрделі сөздердің байланысы біркелкі заттардың бойындағы ерекше белгілерді анықтауға негізделеді. Сондықтан олар бір ұғымның атын білдіреді” – дейді. Расында, сөздердің бірге және бөлек жазылуынан құрамындағы сөздердің мағыналы жақтан байланысу жолдарын анықтауға болады.

Атап айтқанда, сөзжасамның аналитикалық тәсілмен негізделіп, сөзқосым түрі арқылы жасалған күрделі сөздер бірге жазылады. Оған мысалы, егеуқұйрық, асқазан, тасбақа сияқты ешбір грамматикалық байланысқа түсе алмайтын сөздерді жатқызуға болады. Егер оларды бөліп жазсақ, бақаның түрін анықтайтын қатынас сақталар еді. Қай немесе қандай бақа?  Деген сұраққа жауап болатын дәрежесі көрінуі керек. Тасбақа, асқазан, егеуқұйрық сөздерінде ондай грамматикалық қатынас жоқ. Сондықтан олар әрдайым бірге жазылуы тиіс. Ал кәрі жілік, азу тіс т.б. сияқты аналитикалық тәсілге негізделген күрделі сөздердің құрамында анықтауыштық қатынас сақталған. Бұл сөздер аналитикалық тәчсілдің тіркесу тәсілі арқылы жасалып отыр, сондықтан бөлек жазылады. Мұндай тілдік тұлғалар туралы зерттеулерге жүгінсек, зерттеуші Б.Рысбай өз еңбегінде былай дейді: “Бір ұғым төңірегіндегі бір сөздің бірнеше сөзбен тіркесуінен ұғым жағынан өзара байланысты топтар құрылады” . Мысалы, асық жілік, тоқпан жілік, ортан жілік, кәрі жілік тіркестеріндегі негізгі ұғымға ие ұйытқы сыңар – жілік сөзі. Бұл тіркестердің барлығы бір ұйытқы сыңар арқылы жасалғандықтан, оларда ортақ мағына болып, ол мағына ұйытқы сыңардан туындап, сол арқылы мағыналық байланыс қалыптасады. Ұйытқы сыңар мағына туындатушы негізгі ұғым ретінде анықталушы қызмет атқарады. Ал анықтаушы сыңар (асық, кәрі, тоқпан, ортан) негізгі ұғымнан тараған түрлерін бір-бірінен ажыратып, олардың өзіне тән ерекше белгісін көрсетіп, даралаушы сөз ретінде жұмсалады. Анықтаушы сыңар ұйытқы сөздің, яғни анықталушы сыңардың номинативті қызметіне аздап болса да қатысып, сонымен қоса қабат атаулық мәнге ие болады. Зерттеушінің шектеулі тіркестер деп отырған тілдік тұлғалар да аналитикалық тәсілмен байланысқан. Бірақ оларда грамматикалық та байланыс бар. Олардың күрделі сөздермен ұқсастығы – екінші компонеттің тірек сыңар болып, алғашқы компонент оның ерекше белгісін анықтайтын сындық сапа ретінде жұмсалуы. Бұл – бір, екіншіден, құрамындағы алғашқы сыңардың бастапқы лексикалық мағынасының күңгірттенуі оларға ортақ белгі негізінде, сөз мағынасының күңгірттенуі. Күрделі сөздерге тән қасиет екенін А.Ысқақтың мына пікірі арқылы дәлелдейміз: “Шын мәнінде біріккен сөздердің қай қайсысы болса да, ең әуелі, компонентінің я екі бірдей компонентінің мағынасы жоғалған тіркес болып шығады”. “Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі” атты оқулықта былай делінген: “Тіл білімінде бұл мәселе, тіркескен күрделі сөздерді, оның ішінде тіркескен зат есімдерді сырттай ұқсас тіл құбылыстардан ажырата танып, айырып жазу”. Әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ деуге болады. Қазақ тіл білімінде әсіресе, тіркескен зат есім мәселесі тиісті дәрежеде зерттелген деу қиын. Күнделікті тәжірибемізде біріккен күрделі сөздер мен тіркескен күрделі сөздердің  (әсіре күрделі зат есімдердің) емлесін бір ізге түсіре алмай жүргеніміз де осыған байланысты дер едік. Зат есімдер тіркесінен қалыптасып, номинативті қызмет атқаратын атаулық тіркестердің табиғатын зерттеген Н.Ильясова мынандай тұжырым жасайды:

Информация о работе Күрделі сөздер