Публицистика

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2012 в 13:04, дипломная работа

Описание работы

Публицистика да сөз өнерінің үлкен бір саласы. Ол көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше бір тармағы.
Өткеніміз бен бүгінімізге тәуелсіз ел тұғырынан қарайтын бақытты күндер туды. Қазақтың публицистикасы қазақ халқының өсіп-өркендеу жолындағы жолбасшысы, ойсерігі, бағдаршамы іспеттес.
Ұлттық публицистика өнеріне неғұрлым шынайы, неғұрлым еркін қарап, бағалап, парықтау мүмкіндігіне жол ашылып отыр. Бұл қажеттіліктен туған мүмкіндік, әрі мүмкіндіктен туған қажеттілік.

Работа содержит 1 файл

Диплом Ретбек+++.doc

— 385.50 Кб (Скачать)

Міне, осы жерде публицистің шығарма жазу ерекшелігі мен жазушының шығарма жазу ерекшеліктерін аз ғана салыстырып көруге болады. Публицист өмір фактілері мен құбылыстарына, нақты көрсеткіштерге, мысалдарға, айтылған сөздерге сүйенеді. Мұның өзі іскерлікті, шапшаңдықты, ұшқырлықты талап етеді. Мұнда ой мен пікір анық та айқын, тұжырымды болуға тиіс. Публицист көбіне-көп белгілі фактіні хабарлауға, белгілі бір объектіде бола қалған құбылысты, оқиғаны лезде жазуға мәжбүр болады.[10;65]

Мысалы, космонавтар келіп қонды. Міне, бұл оқиға туралы журналистер сол сағатта радио арқылы репортаж беріп, телевизия арқылы оны дәл минутында көрсетеді, баспасөз арқылы оқиғаның ізін суытпай-ақ бұқараға жариялайды. Немесе күнделікті өмірімізде бүкіл жер жұзінің, қоғам өмірінің назарын аударатын оқиғалар мен құбылыстар болып жатады. Журналист осы оқиғаларды ұшқырлықпен хабарлауға міндетті.

Бұқаралық үгіт пен насихат құралдары –телевизия мен радиохабар және баспасөз өздерінің күнделікті жұмыстарында публицистиканың хабар және талдамалы жанрларын минут, сағат және күнбе-күн қолданып отыратындығын айтсақ, бұл жанрдың өзіне ғана тән ерекшеліктері айқындала түседі. Сондықтан публицистика өмірдің күнделікті(тіпті сағат сайын) болып жатқан оқиғалары, құбылыстары арқылы үгіт және насихат жүргізіп, қоғамдық пікірдің қалыптасуына әсер етсе, көркем әдебиет әлеуметтік типтер мен образдарды мүсіндеп, қоғам мүшелерін көркемдік жағынан тәрбиелеу арқылы олардың ой-санасына, сезіміне, дүние танымына ықпал жасап отырады.Сондықтан жазушы көбіне-көп әлеуметтік типтер, образдар жасау арқылы бүкіл бір дәуірді қамтиды. Осыған байланысты ол жылдар бойы тебірене жүріп, ойлана жазады. Бұған жазушылар М.Шолоховтың, Ғ.Мүсіреповтің, Ә.Нұрпейісовтің, тағы басқа толып жатқан жазушылар творчествосынан көптеген мысалдар келтіруге болады.

Мысалы, М.Әуезов Абай эпопеясын жиырма жылдан астам мерзім ішінде жазды. Бұл шығармасында ұлы жазушы қазақ халқының жарты ғасырлық әлеуметтік өмірін жан-жақты қамтыды. Қоғамдық-әлеуметтік өмірдің ірі өкілі Абайдың тұлғасын жасады. Бүкіл бір халықтың мақтанышы мен абыройы болып көрінетін Абайдың әдеби-көркем образын мүсіндеп берді. Бұл шығарманы жазуға кірісерде де, оған кіріскенде де жазушы туған халқының өткен-кеткеніне, әр уақытта да көрегенділікпен көз жібере жүрді. Үнемі ойлану үстінде болды. «Шындығына келгенде, публицистің ондай уақыты бола бермейді, ол заман үнін бес жолдық заметкадан бастап, жалынды да жарқын публицистикалық мақалаға дейін белгілі бір мерзімде жариялап отыруға тиіс.» [16;25]

Журналист еңбегінің осындай ерекшеліктеріне тоқтала келіп, біз оны айқындай түсу үшін көркем шығарма жазудың әдістерімен сәл салыстырып көрелік. Журналист публицистикалық шығарма жазу үстінде хабар жанрларынан бастап, көркем публицистикалық жанрларға дейін өмірдің нақты фактілеріне сүйенеді.[13;41] Публицистикалық шығармаларда ойдан қосу, ойдан шығару деген тек көркем публицистиканың жанрларында ғана, оның өзінде де тар көлемде келеді. Сондықтан да  публицистикалық шығармалар нақтылы орынға, уақытқа, жағдайға байланысты жазылады және ондағы адамдардың аты-жөні нақтылы болып отырады.

Публицистикалық шығармаларда фактілер, деректер сол қалпында пайдаланылса, көркем әдеби шығармаларда бұл жайлар шартты түрде пайдаланылады. Публицистикаға нақтылық тән болса, көркем әдебиетке шарттылық тән келеді.

Публицистикалық шығармалардың барлығы бірдей сюжетке (мазмұнға) құрыла бермейді және ондағы портреттер ойдан шығарылмайды.

Көркем әдеби шығармалар (әңгіме, хикая, роман) міндетті түрде сюжетке құрылады, портреттер ойдан шығарылады. Типтендіру, образ жасау, публицистиканың көркем жанрларына ғана тән келеді. Оның өзінде де очерк пен фельетон авторлары өздерінің кейіпкерлерімен міндетті түрде кездесіп, олардың портреті, мінез-құлықтары туралы біраз мағлұмат алады. Сөйтіп, әдеби шығарма көркем шындыққа негізделіп жазылса, публицистік шығармалар өмірдің нақтылы шындығына сүйеніліп жазылады.

Қорыта келгенде, журналист лабораториясының, оның еңбегінің ерекшелігі  бүгінгі күннің міндеттерін белгілі бір мақсатпен орындай білуінде.

Журналист еңбегі әлеуметтік мәні бар табысқа жету үшін ол үнемі жаңалықты, іздемпаздықты талап етеді. Журналист өмір ағымына ұшқырлықпен ілесіп қана қоймай, өмірдің алдыңғы сапынан көрінуі керек. Сөйтіп, маңызды мәселені көтеру тұрғысынан да, шындықты халықтың мақсаты мен мүддесіне сай жеткізе білу тұрғысынан да журналистен оперативтілік талап етіледі.

Журналист еңбегінің осы ерекшеліктері публицистикалық жанрлардың сипатын да айқындай түседі. Өйткені жанрлардың сипаты өмір құбылысының сипатымен байланысты болуымен қатар, оған деген автордың көзқарасынан да байқалады. Автордың көзқарасы оның түние танымынан, таптық позициясынан көрінеді. Демек, публицистикалық жанрлардың пайда болуы, қалыптасуы журналист еңбегінің ерекшеліктеріне байланысты болумен қатар, қоғам дамуының тарихымен де байланысты.

Публицистика жанрыныңда пайда болу, қалыптасу, даму тарихы бар. Осы ұзақ жолда жанрлардың сипаты, өз ерекшеліктері пайда болып отырған. Дамудың осы барысында «жанрлар туады, өседі, өзгереді, жолығады, жаңадан пайда болады»[4;96].

Оралхан Бөкеев тек туған әдебиетінде ғана емес, сол ұзын сонар құс жолындай ізге дейін журналистиканың тарихында өзіндік қолтаңба қалдырды. Қарымды қаламгердің жалпы көркем сөз әлеміне келуіне септігін тигізген жазушы Шерхан Мұртазаның ағалық қамқорлығы ерекше әсер етті. Әр шығармасынан өзіндік қолтаңбасы аңғарылатын жас талантты «Лениншіл жас» газетінің бас редакторы Шерхан жұмысқа шақырып, бұлақтың көзін ашып, таланттың тұсауын кеседі. Бұл жөнінде Оралханның өзі былай деп жазады: «Қарғадай кезімде «Лениншіл жас» газетінде жарияланған үш-төрт очеркімді оқып, ауылда кәперсіз жүрген кезімде республикалық басылымға жұмыска шақырдыңыз. Университеттің үшінші-ақ курсында сырттай оқып жүргеніме қарамастан, ең бір қиын да жауапкершілігі үлкен бөлімдерді сеніп тапсырдыңыз[31;58]», - дейді.

Очерк тақырыбының өзі оқырманды ойландыруға шақырады. Автордың меңіреу құмнан мінез іздеуінің өзі - жаңалық. Қарымды қаламгердін өзі де жалпы көркем сөз әлеміне журналистика арқылы келгенін, кейбір очерктерінің кейін повестке айналғанын көрсетіп кетті: «Мені әдебиетке әкелген журналистика. Ауылда жүріп жазған материалдарым «Лениншіл жаста» үзбей жарияланып тұрды. Мысалы, өз басым Қызылқұм өңіріндегі шопандар ауылын біраз уақыт, дәлірек айтқанда, бірнеше күн аралағаным бар. «Құм мінезі» повесін жазғанымда сол сапарда көргендерім кәдеге жарады» [31;59].                «Құм мінезі» очеркі - Оралханның публицист ретіндегі тұғырын биік деңгейге жоғарылатқан шығарма болды.

Үгіт пен насихаттың әсерлі пішіні ретінде публицистикалық очерк үлкен өмірдің алғы шептегі барлаушы жанры болып қалыптасты. Осы барлаушы жанрды соны ізденістермен қайта жаңғыртқан Оралхан Бөкеев әйгілі «Құм мінезі», «Із екеу еді» атты очерктерімен танымал қаламгер атанды. «Із екеу еді» очеркі де-өзгеше өріс іздеген туынды. Мәлік атты зоотехник жігіттің бойындағы қайсарлық пен төзімділік қасиеттері арқылы көпшілікті тәрбиелейді. Ойлануға мәжбүр етеді. Мәліктің боранды күні малды аман алып қалуы, өзінің сүйген қызын төзімділікпен алты жыл күтуі, елдің қаңқу сөзіне құлақ аспауы секілді деталь, штрихтар, тіпті кейде ағысқа қарсы жүзген жанның өр, тәкаппар мінезін көрсететін тұтас эпизодтар арқылы жаңа адамның, ойлы адам бейнесін жасайды.[22;65]

Сөйтіп қазақ публицистикасы бұл жылдары жаңа идеялық, соны стильдік, көркемдік нақыштарымен баии түсті. Қазақ публицистикасының дамуында ұлттық психологиялық көркемдік бағыт айқындала бастады.

Кез-келген өнер иесі туралы әріден әңгіме қозғау барысында біз оның өмірін-дайындық, білімін жетілдіру, даму, өсу кезеңдері деп шартты түрде бөліп, бөлшектеп жататынымыз рас. Осы бір шарттылық шеңберіне Оралхан сыймайтын секілді. Себеп мынада: Оралханның қулық пен сұмдыққа толы қитұрқы өмірдің мәні мен мағынасын әлі толық ажырата алмай жүргенде жазылған шығармалары мен кейіндеу жазылған шығармаларын безбендер болсақ, бірін - бірі баса алтай, итжығыс түсіп жатар тұстары көп. Асылық болмасын, тіпті отызында жазылғандары қырық жасындағы "ағаларынан" өр де өршілдеу екендігін ешкім жоққа шығара алмас. Яғни Оралхан шығармашылыққа өмірдің өзінен дайын келді деген сөз. Оның әдебиет институты да, аспирантурасы да, академиясы да - айналайын ауылы, соның Ақеділ адамдары, Өр Алтайы, оның табиғаты болатын. Соған тамсануын тауыса алмай, таңырқауын түгесе алмай көз жұмды. Қат-қат сағыныштрын өзімен бірге ала кетті.

Кеңестік дәуірде газет-журналдардың көбеюімен бірге қазақ публицистикасынъщ өрісі кеңейіп, дамудын жаңа сатысына көшті. Бүл кезендегі публицистикаға кеңестік кезеңнің саясаты, орыс публицистикасының дамуы ерекше әсер етті. Соның нәтижесінде публицистикадағы пішіндік, жанрлык жаңашылдық белгілер айқын көрініс бере бастады.

Кеңестік дәуірдің 20-шы, 30-шы жылдарындағы қазак публицис-тикасы жаңа даму жолына түсті. Бұл кезеңде Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы саяси өзгерістер, экономикалық мәселелер, рухани жайттар шығарма кезегіне айналды. Жетістіктер де, кемшіліктер де публицистика айнасынан ақикат көрініс тапты.

Соғыс жылдарындағы қазақ әскери публицистикасы — елдің бүкіл сана-сезім, күш-жігерін ортақ жауды жеңуге жұмылдырды. Бұл кездегі публицистикалык шығармалар авторлары жоғары дәрежелі шешен тілді, халық даналыгын өз ойларына өзек етіп қолданды. Қазақтың әскери публицистикасы ауыз әдебиетінің бай қазынасымен суарылып, тарихи аңыздардан, айтыстар мен мақал-мәтелдерден, жыраулық поэзия үлгілері мен шешендік сөздерден тамыр тартты. Және сол бай рухани мұра майдандағы және тылдағы деректі фактілермен, ақиқат окиғалармен, баяндаудың қуатты мәнерімен астасып жатты. Соның нәтижесінде өткір тіл, ойды қысқа және дәл жеткізуге кұрылған ғажайып публицистикалық шығармалар туды. Соғыс жылдарында халықтың күшін бір ойға біріктіретін публицистика түрлері мен жанрлары орнықты. Мәселен үндеу, памфлет, күнделік, хат, очерк, мақала, публицистикалық қуаты бай өлеңдердің тууы соның дәлелі.

Соғыстан кейінгі жылдары бүкіл ел халык. шаруашылығын қайта қалпына келтіру ісіне жұмылдырылды. 1945 жылы "Республикалык, өлкелік жөне облыстык газеттердің сапасын арттыру және көлемін үлғайту туралы" қаулы [15;49] қабылдануының баспасөзді, публицистиканы дамытуға әсер, ықыласы зор болды. "Соғыстан кейінгі жылдары республика газеттерінің мазмұны өзгерді, олар жергілікті өмірді жан-жақты жазатын болды, экономика мен мәдениет мәселелеріне баса назар аударылды. Газет бетгерінде очерк пен фельетон, баспасөзге шолу жанрлары жиі көрінді. Сөйтіп баспасөз өзінің жұмысын бейбіт дәуірге бейімдеп қайта құра бастады" [31,49]. Сөз жоқ, баспасөздің бейбіт өмірге бейімделуімен бірге, қазақ публицистикасы да күнделікті еңбек ырғағының айнасына айналды.

60-70 жылдардағы қазак, публицистикасы шұрайлы тілмен көркейе түсті. Бүл әсіресе сол кездері мол жазылған публицистикалық лепті мақалалар мен көркем очерктерде көрініс тапты. Осы кезең туралы сөз еткенде, академик С.Қирабаев: "Қазақтың көркем әңгімелерімен жалғас, көсемсөз, очерк, ой толғанысы, өмірді бейнелі жолмен тануға ұмтылған публицистика да бүл дәуірде едәуір өркендеді" [22;103], - деп атап көрсетгі. Десек те, 60-шы, 70-ші жылдарда жарық көрген шығармалардағы әсіре жасанды суреттеу, асыра мақтау, мадақтау, жалаң ұраншылдық сияқты заман туғызған кемшіліктер де болды.

80-ші жылдары қазақ публицистикасының дамуында зерттеу-шілік, тарихи-танымдык, бағыт анық орнықты. Тұтас ізденіс негізінде, журналистік зерттеулер нәтижесінде тарих қойнауында жасырын жатқан деректердің беті ашыла бастады. Кеңестік дәуірде қазақ публицистикасы тектік, түрлік, жанрлық, стильдік тұрғыдан қалыптасып, дамыды. Публицистиканың өз алдына дербес теориясы да жасады. Осы өзгерістерге орыс публицистикасының теориясы мен тәжірибесі орасан зор ықпал етті. Егер алғашқы газет "Түркістан уалаяты" газеті бетінде ақпараттық жанрлардағы публицистика қалыптаскан болса, "Дала уалаяты" газеті, "Айқап", "Қазақстан", "Қазақ", "Ұран", "Алаш", "Сарыарқа", "Абай", "Ақжол", "Шолпан", "Таң" басылымдарының бетінде талдамалы жанрлардағы публицистика қалыптасты. Ал кеңестік дәуірде публицистиканың бай жанрлық палитрасы көрініс тауып, өркендеді.

Қазақ публицистикасының кеңестік дәуірдегі даму жолындағы негізгі бағыттары: қоғамдық-саяси бағыт, көркемдік бағыт, сыншылдық-сатиралык, бағыт, поэтикалық-философиялык, бағыт, ұлттық, психологиялық-көркемдік бағыт, проблемалық-аналитикалық бағыт, зерттеушілік, тарихи-танымдық бағыт болып табылады. Кеңес публицистикасы мен тәуелсіз публицистикада өзіндік «мені» бар Оралхан Бөкеевтің шығармашылық жолы мен публицистикасы осындай.

Оралхан Бөкеев публицистикасын талдап, таразылай келе,  төмендегідей тұжырымдарға келдік:

     О. Бөкей публицистика саласындағы еңбегі орасан зор. Ол, қазақ публицистикасында қайталанбас сонар ізін қалыптастырды;

     Публицисттің тілі шебер әрі көрнекі. Өзінің ойын шеберлікпен жеткізе отырып, тарихи, қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді көтереді;

     Жазушы-публицист туындыларындағы философиялық ой-тұжырымдар тәуелсіз еліміздің ұстанған бағытының бастау бұлағы іспеттес;

     Публицист кезекті әңгімесін немесе новелласын жазар алдында тыңғылықты «адам тағдыры», «табиғат пен адам», «табиғат пен қоғам» арақатынасын зерттеген. Зерттеу нәтижелері жазушының публицистикалық, әдеби шығармаларынан көрініс тапқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1.А. Байтұрсынов – «Ақ жол. Әдебиет танытқыш» Алматы, «Жалын», 1991жыл.

2.Т.А. Беневолевская – «О языке и стиле газетного очерка»- Москва, «МГУ», 1973 год.

3.П. И. Былинский – «Язык газеты», Москва, «МГУ», 1996 год.

4.В.Вакуров – «Стилистика газетных жанров»- Москва, «Высшая школа», 1978 год.

5.Қ. Жұмалиев – «Әдебиет теориясы», Алматы, «Мектеп», 1969 жыл.

6.Қ. Жұмалиев – «Стиль - өнер ерекшелігі», Алматы, «Жазушы», 1966 жыл.

7.«Жанр мен шеберлік» - Жауап. ред. М. Базарбаев – Алматы, «Ғылым», 1968 жыл.

8.Т. Қожакеев – «Жас тілшілер серігі» - Алматы, «Рауан», 1991 жыл.

9.  Ғ.Мүсірепов – «Ой- сезім сәттері», Алматы, «Жалын», 1966 жыл.

10.Б. Момынова – «Газет лексикасы», Алматы, «Санат», 1997 жыл.

11.Ә. Нұршайықов – Төрт томдық шығармалар жинағы, Алматы, «Жазушы»

12. Р. Сыздықова - «Абайдың сөз өрнегі», Алматы, «Жалын», 1991 жыл.

Информация о работе Публицистика