Публицистика

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2012 в 13:04, дипломная работа

Описание работы

Публицистика да сөз өнерінің үлкен бір саласы. Ол көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше бір тармағы.
Өткеніміз бен бүгінімізге тәуелсіз ел тұғырынан қарайтын бақытты күндер туды. Қазақтың публицистикасы қазақ халқының өсіп-өркендеу жолындағы жолбасшысы, ойсерігі, бағдаршамы іспеттес.
Ұлттық публицистика өнеріне неғұрлым шынайы, неғұрлым еркін қарап, бағалап, парықтау мүмкіндігіне жол ашылып отыр. Бұл қажеттіліктен туған мүмкіндік, әрі мүмкіндіктен туған қажеттілік.

Работа содержит 1 файл

Диплом Ретбек+++.doc

— 385.50 Кб (Скачать)

     Оралхан Бөкеев – есімі дүние жүзіне танымал жазушы. Оралхан Бөкеевтің шығармалары дүние жүзінің көптеген тілдеріне орыс, ағылшын, француз, неміс, жопан, араб, қытай және басқа да ұлы халықтар тілдеріне аударылған. Оның өзге тілде жарық көоген шығармалары - «След молний», молодая вардия, М, 1978; «Поющие барханы», Советский писатель, М, 1981; «Чағылған», Қырғыстан, Фр., 1981; «След молнии», Христо Данов, Болгария, 1981; «Кербұғы», Эстония, 1981; «Крик», Советский писатель, М, 1984; «Үркер ауып барады», Фольк Унд Вельт, Берлин, 1982  Оралхан Бөкеевтің шығармаларынан «Кісікиік» (1985, режиссері М.Самағұлов), «Сайтан көпір» (1986, режисері Д.Манабаев) көркем фильмдері және «Кербұғы» (1986, балетмейстер б.Аюханов) балеті қойылды.

1994 жылы оралхан Бөкеевтің повестері «Таңдамалы» 1 том болып, 1996 жылы повестері мен романдары «Таңдамалы» 2 том «Жазушы» баспасында     жарық көрді.

      Оралхан Бөкеев 1993 жылы 17 мамырда Үндістан жерінде, Делиде қайтас болды. [14;15]

      Ол халқына адал қызмет етті. Мақсатына өзін-өзі тәррбиелеу, өз бетінше білім алу ізденімпаздығымен жетті, шындық пен образдар қосуын, түнап жатқан қабілеті мен талантын бағалап әдебиет сүюші қауым, зерттеушілер, қаламдас достары Оралханға Кербғғы, Мұзбалағы, Өр Алтайдың күмбезі деген атаулар беріп, биікке көтерді.

Бөкеевтің шығармалары бұрынғы КСРО және көптеген шет ел халықтары тілдеріне аударылған. Шығармаларына адам бейнесі, оның іс-әрекетін әлеуметтік-қоғамдық жағдайлармен астастыра, реалистік-романтикалық табиғатын қанық беру тән. Бөкеев өз қатарынан айқын даралық стилімен көрінген суреткер.

О.Бөкеев әу бастан - әдебиеттің киелі босағасын аттаған күннен бері өз заманын, сол заманда ғұмыр кешіп жатқан қарапайым еңбек адамдарын шығармаларына арқау еткен жазушы. Оралханның кейіпкерлері- өзіміз күнделікті көріп, араласып жүрген замандастарымыз. "Жетім бота", "Мынау аппақ дүние" повестерін, ондағы Тасжан, Нұрлан, Луйза бейнелері поэзия тілімен өрнектелген деуге болады. "Бәрі де майдан" повесіндегі Ақан мен Құмырай- адалдық пен арамдықтың, қарапайымдылық пен қатыгездіктің бітіспес күресін көрсететін типтік бейнелер.

 Оралханның қазақ әдебиетінде салып кеткен өзіндік жолы бар. Жазушы Алтайды, еңбектің сан түрлі саласында ерліктің үлгісін көрсетіп жүрген адамдарын тек өзіне ғана сыйымды, ғажап пейілмен сүйе білді. Олардың сан - салалы, қилы-қилы тағдырларын өзінің үлкенді -кішілі шығармаларына өзек етті. Жазушының қандай да бір шығармасын қолымызға алып, парақтай бастасақ оның әр бетінен ауыл иісі, ауыл тұрмысы аңқып тұрады[8;92].

Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесіндегі үш жігіттің табан тіреген «Қоңқай мемлекетінің» кейіпкері өзгеше бір ортаға тап болады. Ол ортаның өмір сүру заңдылығы да әр түрлі. Кейіпкерлері де бір бөлек. Өмірдегі адамдарға ұқсамайтын, мифтік ертегіде ғана кездесетін бейнелерді ұшыратамыз. Оралхан Бөкейдің Қоңқайы – жырақта өмір сүріп жатқан, ортасынан жатсынған, оңаша, оқшау тірлікті қалайтын қызық адам . Бір қарағанда ойлауы да қызық, өмір сүру қағидасы да оқшау осы бір Қоңқай образының астарында авторлық танымнан туған сыр жатқан сияқты.

Жазушы елу жыл бойы осы Айыртауда арыстандай айбат шегіп, ошағының отын сөндірмей отырған Қоңқай бейнесіне әр қырынан талдау жасап, соны ой түйіп, саралайды. «Қоңқай жалғыз емес, - дейді автор,  - Қоңқай дегеніміз өз қара басының амандығын тілеген әр қазақтың жүрегінде» деп, ой түйеді. Қоңқай жаққан от – бір кездегі найзаның ұшымен, білектің күшімен, талай қазақтың қанының құнымен келген, бабалар жағып, аманат қып кеткен қазақтың қара шаңырағының мәңгі өшпес киелі оты.

«Мынау қараша үй – менің кішкентай ғана, қарлығаштың ұясындай мемлекетім, қара басымның жалғыз еркіндігі. Бұл – Кіші Қоңқай мемлекеті, түсіңдіңдер ме! Сол қарлығаштың ұясындай мекенімнің қауіпсіздігін көзімнің қарашығындай күзетіп, суверенитетін сақтау үшін алысқанмен алыстым, атысқанмен атыстым. Бұл – менің жанымның, рухымның, жүрегімнің, тіпті бүкіл бостандығымның Отаны». [13, 312] Оралхан Бөкейдің Қоңқайы: «Мен деген – өзіммін, басқа емеспін» деп,, өзінше өмір сүріп, өз мемлекетін құрғысы келеді. Қоңқай сол өзінің титімдей мемлекеті мен от жаққан Отанының шекарасын бұзып, табалдырығын аттағандарға қасық қаны қалғанша аянбай күресіп келеді және әлі де күресіп өтпекші. Суреткердің шығармасының өн-бойында желідей тартылып отыратын – МЕН; ӨЗІМ қолданыстарының өзі экзистенциализм ұғымның антиутопиялық жанр көрінсін айғақтайды. Өз қара басының амандығын тілеген Қоңқай үшін «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген жалған ұранның мәні шамалы. «Қоңқай Қоңқай болғалы өздігінен ешкімді іздемеген, қажетсінбеген, өмірі – қоғамды жатсынуынан туындап отыр», - деген ой түйдіреді авторлық тұжырым. Ал «суверенитет» деген сөздің өзінде үлкен мән жатқан сияқты. Бұл шығарма 60-жылдары жазылғандығын ескере отырып, авторлық таным тұрғысынан бажайласақ, бұл шығарманың астарынан елінің тәуелсіздігін көксеп өткен біртуар азамат, ұлтын сүйген ұлы жүректің арман-тілегін сезінгендейміз. Қазір, тәуелсіз ел болғаннан бері осы «суверенитет» деген сөзді өз қолданысымызға енгіздік қой. Өзіндік МЕНІ көкірегін жара іштей менмұндалап тұрса да, кеңес үкіметінің жүктеген, партиясының міндеттеген БІЗІНІҢ жетегінен шыға алмай, дегендеріне үнсіз көндіккен қазақ халқының бейнесін көреміз. Сонымен қатар шығарма кейіпкерлерінің – үш тағандай болған үш жігіттің есімдерінің атауында да біраз сыр жатқан тәрізді. Қар қызы боп мұнартқан Тәуелсіздікке Нұр мен Бақытқа оранып, Аман жетер күн де туар деген асқақ арманды сезінгендей боламыз.

Қорыта айтқанда, әдебиет табалдырығын 60-жылдары аттаған қос суреткердің асыл мұраты тәуелсіздік екені олар сомдаған образдар арқылы астарлы түрде меңзелген.

1961 жылы Шыңғыстайдағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы орта мектепте пионерлік вожатый, кейінірек - «Алтай» совхозында тракторшы болып жұмыс істеген публицист, 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай бітірді. Большенарым ауданындағы "Еңбек туы" газеті мен Шығыс Қазақстан облысының "Коммунизм туы" газетінің редакцияларында жұмыс істеген. 1968 жылдан бастап Алматыда тұрды, жастардың "Лениншіл жас" газеті мен "Жұлдұз" журналының редакцияларында жұмыс істеді. 1991 жылдан бастап "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болып тағайындалды. Әдебиетке өзіндік өрнегін сала келген жазушы оқырманын өзгеге ұқсамайтын ерекшелігімен таңқалдырды. 1970 жылы Алматыда басылып шыққан, оның «Қамшыгер» атты повестер мен әңгімелердің бірінші жинағы жаңадан бастаған жазушыны танымал етті. Оның барлық прозасы қайырымдылық пен зұлымдық, күш пен қайрат, нағыз және алдамшы рухани құндылықтар туралы ойлауға бағытталған.

Оралхан Бөкей - көркем сөз өнерінің шебері. Оның туындыларының форма жағынан өзіндік ерекшелігі бар. Оның кітаптары неміс, словян, болгар, ағылшын, венгер, араб, қытай, жапон және ТМД халықтарының тілдеріне аударылды. О. Бөкеев - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының, Қазақстанның Ленин комсомолы сыйлығының, Н. Островский атындағы бүкілодақтық әдеби сайлықтың, "Молодая гвардия", "Жалын" баспалар сыйлығының лауреаты. «Құрмет белгісі» орденімен, Қаз СРО Президиумының құрмет грамотасымен марапатталған. Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Катон-Қарағай ауданының құрметті        азаматы. [6; 12].

Осынау шығармашылық жолда қазақ публицистикасына бергені мол жазушының туындылары ерекше стильдік тұрпатқа бай, өзіндік орнын тапқан идеялық, профессионалдық қырлары бүгін биік бағасын алатын сатыға жеткен сияқты.

Қызмет - өнер жолында жүрген қай майталманды болса да шынықтырады. Оралхан Бөкейдің публицистикасын шынықтырған да сол қызметтік жұмыстар мен терең ізденістер деген қорытындыға келеміз.

Жазушы 1961 жылы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Шыңғыстай орта мектебін бітірген соң аға пионер вожатый және Алтай совхозында тракторист болып төрт жылдай жұмыс істеген. Жазушы- публицисттың шығармаларындағы тракторшы жігіт, ауыл өмірінің кейбір көріністері суреттерінің бой алдыруы осы бір атқарған қызметінің көрінісі іспетті.

1963 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекетік ұлттық университетіне сырттай оқуға түседі де, оны 1969 жылы тәмамдап шығады. 1965-1968 жылдар аралығында Большенарым аудандық "Еңбек туы" газетінде корректор, аудармашы, редактордың орынбасары және облыстық "Коммунизм туы" газетінде әдеби қызметкер болған.

 1968 жылы республикалық "Лениншіл жас" газетінің шақыруы бойынша Алматыға келеді, осы газетте мәдениет және ғылым, әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болып істеді, ал 1974-1983 жылдарда "Жұлдыз" журналы проза бөлімінің меңгерушісі әрі редколлегия мүшесі болған. Өмірінің соңғы күніне дейін "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторлық қызметін атқарады[29;85 ].

Оның көзі тірісінде де, бақиға аттанған соң да аттандап: "Алтайдың кербұғысы!", "Мұзтаудың мұзбалағы!" деген сынды эпитеттерді өз өмірін жалғастыруда. Әлі күнге Оралхан туралы әңгіме қозғала қалса әлгі эпитеттерді малданып келеміз. Осы астам сөздердің екінші бетіне көп үңіле қоймағанымыз да, үңілуге батпай жүргеніміз де шындық. Үңілуге әрекеттеніп көрелікші.

 Бала Орашты, бозбала Оралханды, жазушы әрі қайраткер Бөкеевті танығысы келген кез келген адам оның шығармаларын екі қайтара оқып шықса, сол жеткілікті шығар. Екі қайтара деп отырғаным, жалқы оқумен Бөкеевтің будақ-будақ бу атқылап жатқан иін-иірімдеріне малтығып, тұншығып қаласыз. Оның үстіне екінші қайталағанда Оралханмен ілесіп жеті қат көкті шарлап кеткен көңіліңіз сәл-пәл байсал тартып, жерге түсесіз. Ақбаз дүниенің аппақ тұманының арқасында Орекеңнің жартылай адам, жартылай пері кейіпкерімен бірге адасып жүрген сіз, сансырай шаршағаныңызды сезесіз. Шаршау-салқын қандылықтың өзегі.

Оралхан-жазушылыққа өзін бала кезінен дайындаған адам. Жиырма жасына дейін ел деген, Өр Алтай деген құнарлы да қыз - табиғат өңірдің уызынан қанып ішкен ол, өз санасында сандаған повестер мен сарытап сағыныштарға толы әңгімелердің негізін қалап үлгерген екен. Алтайда жатып асқақ та өршіл дауысымен алты алашты елең еткізген өренді, Алматыдағы қазақ жұртының қаламының желігі бар жастарын құтпан айғыр секілді үйіріне қуып тығатын Шерхан Мұртаза сынды аймүйіз ағасы аяқ- қолын жерге тигізбей астанаға алғызған. Сөйтіп… Қазақтың шоқ жұлдыздарының қатарына мұрты жаңа ғана тебіндеп келе жатқан, жүрісі де, тұрысы да кербез, жұмбақ, өр де астам, басына сынық түймедей сөз асырмайтын түз тағысы - Кербұғы келіп қосылған….

Публицист-жазушының үлкен, көлемді шығармаларын былай қойғанда, кез келген ұсақ әңгімесінен туған жеріне, тіпті оның әр бұта-қарағанына деген, жалпы адамзат баласына деген алапат сағынышы аңқылдап тұрады. Сағынышсыз адам-құр тұлып. Ал, Оралхандыкі тым ерекше. Туған жерінің төсінде ойнақтап жүріп-ақ әр тал ағашын, әр тал жусанын мың сан еңірей құшады. Сол от-жалынға оранған алапат сағынышына тым ерте өртеніп кетті ме, кім білсін ? [28;25 ].

Кез-келген өнер иесі туралы әріден әңгіме қозғау барысында біз оның өмірін- дайындық, білімін жетілдіру, даму, өсу кезеңдері деп шартты түрде бөліп, бөлшектеп жататынымыз рас. Осы бір шарттылық шеңберіне Оралхан сыймайтын секілді. Себеп мынада: Оралханның қулық пен сұмдыққа толы қитұрқы өмірдің мәні мен мағынасын әлі толық ажырата алмай жүргенде жазылған шығармалары мен кейіндеу жазылған шығармаларын безбендер болсақ, бірін - бірі баса алтай, итжығыс түсіп жатар тұстары көп. Асылық болмасын, тіпті отызында жазылғандары қырық жасындағы "ағаларынан" өр де өршілдеу екендігін ешкім жоққа шығара алмас. Яғни Оралхан шығармашылыққа өмірдің өзінен дайын келді деген сөз. Оның әдебиет институты да, аспирантурасы да, академиясы да-айналайын ауылы, соның ақеділ адамдары, Өр Алтайы, оның табиғаты болатын. Соған тамсануын тауыса алмай, таңырқауын түгесе алмай көз жұмды. Қат-қат сағыныштрын өзімен бірге ала кетті[19;148].

Оралхан Бөкеев шығармашылығының бастауы ретінде "Сарыарқаның жаңбыры" атты ұзақ әңгімесін атап жүрміз. Бәлкім, дұрыс та шығар. Дегенмен, мен айтар едім, "Сарыарқаның жаңбыры" болашақта дауылдатып, селдетіп өтер автордың оқырмандарына, цензураға жіберген "барлаушы" шығармасы ғана деп. Ол онда аспайды, таспайды. Сұлтанмахмұтпен кеудесіне сырыл араласа бастаған бейкүнә ақынмен бірге байсал күй кешеді. Мұңдасады, сырласады. Алғашқы шер шеменінің шетін шығарады. Оны Махмұттың ауызымен айтқызады. Күркіременің бойындағы ай сәулесінен жасыруға қауқары жоқ сирек талдың жанында, бой түзеп қалған балаң бойжеткенге айтқан өзінің асық жырын Махмұттың аузына салады. Бұл-автор мен оның кейіпкерінің тағдырларындағы ұқсастықтан да шығар.

Оралханды өз биігіне шығарған, "Бөкеев-нағыз талант" дегізген шығармасы - "Мұзтау" повесі. Міне, дәл осы шығармасынан бастап Оралхан Бөкеев қоғаммен, оның кереғарлығымен, адамзатқа қасірет әкелетін сойқанды іс-әрекеттермен тайталасқа түседі. Бөкеевтің мәңгіге бітпес айтысы басталады. Міне, осы "Мұзтаудан" басталған қоғам кереғарлығымен Бөкеевтің жекпе-жегі оның қалған ғұмырындағы шығармаларының лейтмотивіне айналғаны рас[11;58].

Аршалы. Қазақ жерінің күншығыстағы сіргежинар пұшпағы. Жұрты екі- ақ күнде көр-жерін буып-түйіп бел асып, бошалап кеткен, әдірем қалған мекен. Мылқау шешесімен Ақтан ғана қалған. Тағы да бір Ақтанның мұңдасы, тіршілік иесі бар, ол арса-арсасы шыққан Шағырқасқа. Оның да терісі қанжар жүзіндей боп жұқарған, жүдеген. Мынау мүлгіген мылқау тірліктен Шағырқасқа да әбден зәрезеп болған: алқа салқасы шығып жылағысы, белгісіз бір шулы өмірге күңірене кісінеп еніп кеткісі келетін. Бірақ ондай шылбыр үзер тентектікті Шағырқасқаға кім беріпті?! Қайта мынау меңіреу тайгадағы өзі салған, өзі мың сан таптаған сүрлеуімен митың-митың тапырақтағанына, тірлік етіп жүргеніне риза болсың.

Жылқы да болса өз әулетінің тым жуастығына, тым көмпістігіне іштей қан түкіре налитын. Екі аяқтылардың еркіне көндім дегенің, табиғат берген тәуелсіз тірлігіңнен айырылдым деген сөз. Анау жылы бір тентек суға тойып алған, зәр жіберер долы Екі аяқты мұның көзін шұқып та алған. Шағырқасқа аталып жүргені сондықтан, Шағырқасқа екіаяқтылардың қолынан күніне сан рет жем алып жүрсе де оларға сауырын сипатпайтын бұғы, маралдардың ерлігіне қызығатын, Аршалының самырсынды бір сайында туып, соның ғана төсін дүбірлетіп келе жатқан Шағырқасқаның қиялы да қысыр қалған. Аршалы көгінің көкжиегін көмкерген әнеу бір, қол созым жердегі түкті төбемен шектелген. Шіркін, бұғы-маралдардай тәуелсіз болсам-ау дегенді ғана армандайды[20;98].

Шағырқасқаның үстіндегі иесі – Ақтан да жалқы. Жалғыз. Жартылай аң, жартылай адам. Табиғилығына түрен түспеген пенделердің соңғы тұяғы. Өрелдегі өңезкеуделердің аң атап жүргені де сондықтан. Олардың ойынша қулық, сұмдық, аярлық, алаяқтықты меңгермеген жан - Аң.

Ақтанның бар ермегі – ой. Санасына мәңгі тыныштық бермейді. Оралхан өзін шаршатқан, санасын сансыратқан, жауабын табу қияметқайым санаған сұрақтарын Ақан арқылы жарыққа шығарады. Ақтан мен Аңды пікірталасқа түсіру арқылы жауап іздейді. Жақсылық пен жамандықтың қансонарда жерді жапқан аппақ қылаудың бетіндегі қатар жатқан, бәсекелес қос із екендігін, жиі -жиі бастары тоқайласқан сәтте шарпысып, шаптығысып тіпті, қантөгіске де баратынын-қолқасына өгіз тобығы тұрып қалғандай өксікпен өреді.

Ақтан  әділетсіздік пен аярлықтың ордасы – күлкітоқ қоғамнан қашып, Алтай тайғасының тағылар ғана мекендейтін түкпірінде табиғилығын сақтап қалу үшін жансауғалап жүрген қияли, ойсоқты адам. Совхоз орталығы Өрелге зәуімен бір бара қалса жиреніш те лас өмірден түңіле қашып тауымен, жалғыздығымен еңіреп табысады. Бұл еркіндігі, еркелігі қаншаға созылары бір аллаға ғана аян[8;59].

Информация о работе Публицистика