Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2012 в 13:04, дипломная работа
Публицистика да сөз өнерінің үлкен бір саласы. Ол көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше бір тармағы.
Өткеніміз бен бүгінімізге тәуелсіз ел тұғырынан қарайтын бақытты күндер туды. Қазақтың публицистикасы қазақ халқының өсіп-өркендеу жолындағы жолбасшысы, ойсерігі, бағдаршамы іспеттес.
Ұлттық публицистика өнеріне неғұрлым шынайы, неғұрлым еркін қарап, бағалап, парықтау мүмкіндігіне жол ашылып отыр. Бұл қажеттіліктен туған мүмкіндік, әрі мүмкіндіктен туған қажеттілік.
"Публицистика - автор мен оқырманның ашық өңгімесі айтылып отырған оқи-ғаға баиланысты автордың көзқарасы мен сезімі - ашуы таңыркауы қуанышы, реніші айкын білініп отыруы керек"[12,14]. Публицистика автордан терең ой мен білімділікті, тіл шеберлігін, өршіл пафос-ты, логика терендігін талап етеді. Ол оқырманмен ашық сөйлеседі, коғамдык маңызы бар оймен сейлейді.
Бесіншіден, керкем өдебиетге жазушы көлемді шығармалар жазу үшін бүкіл ғүмырын сарп етуі мүмкін. Ал публицистикада белгілі бір тар уақыт шеңберінде айтылмаган ой көнеруі мүмкін. Сондықтан да көркем едебиет бірнеше жылдар оқиғасын, түтас бір дәуірді қамтыса, публицистика күнделікті өмір ағысына ілесіп отыруы керек,
Профессор Э.Г.Багиров "Природу телевидения составляет не только то, что отличает его от кино, радио и печати, но и то, что их объединяет, что отличает их от традиционных средств информации" [2,43] - дегендей, публицистика табиғатын да онын көркем өде-биеттен айырмашылықтары ғана емес, үқсастықтары мен жакындық-тары да қүрайды.
Публицистика мен көркем әдебиеттің екеуі де сөз өнерінің салалары. Екеуінің де күралы сөз. Осы түрғыдан келгенде, публицистика мен көркем әдебиеттің үқсастык жағы болады, олар бір-бірімен органикалық тығыз байланысады.
Ұлы орыс сыншысы В.Г.Белинский көркем әдебиет пен публицистиканы өнер ретінде қарап, олардың бір-біріне тым жақын екендігін айта келіп: "... что здесь нет, четко определенной пограничной линии, так она является скорее воображаемой, чем действительной, и на нее не покажешь пальцем, как на государство на карте..." [4;55] - деп жазған. Шын мәнінде көркем әдебиет пен публицистика үшін поэтикалық стилистика арсеналдары - эпитеттер, метафоралар, теңеулер, гиперболалар, литоталар және троптар мен фигуралардың палитралық барлық түрлері, сатира мен юморлық, пафостық құралдар өте қажет.
Баспасөз арқашанда идеялық-саяси күрестің алаңы екені мәлім.Жанрлардың мазмұны мен формасы да осы идеялық-саяси күрестерге байланысты өзгеріп, дамып отырған. Осы дамудың барысында, журналистиканың шағын жанры заметка, одан кейін барып публицистиканың талдамалы жанрларының бірі –корреспонденция пайда болғаны белгілі.
Бірақ қандай жанрлардың да даму тарихын, қалыптасуын алып қарағанда да оларды пайдаланудың өзі баспасөз органының идеялық*саяси позициясына байланысты. Мұның бәрін де өмір тәжірибесі анықтап отрады. Газет бетінде жарияланған материалдардың әр түрлі сипатта болғандығын өмірдің өзі іс жүзінде дәлелдеді. Бір материалдарда оперативтік тақырып көтеріледі, екінші біреулерінде проблемалық мәселе анағұрлым кең қойылады. Осы тұрғыдан келгенде газет бетінде жарияланған материалдар әр түрлі сипатта болатындығын анықтай түскен жөн болады. «…Газет тілшісі жан-жақты организмнің белгілі функциясын еркін атқаратын бір бөлшегі болып қана саналады. … Оның бірі болған жағдайдың тарихын егжей-тегжейлі жазуы мүмкін. Экономист болса бір жайды болдырмаудың жай-жапсарын қарастырады. Алайда осы бір мәселенің өзін ол жан-жағынан қарастыруы мүмкін, оның жергілікті көлемде де немесе мемлекеттік кең көлемде қаралуы мүмкін… Сөйтіп, баспасөз өмірге тікелей араласу үстінде ғана шындық түгелашыла түсетін болады».
Автордың өмірді бақылауының нәтижесінде ол тар көлемде, нақты объектіні қамтуы немесе аумақты, мемлекеттік маңызы бар кең көлемді мәселені қамтуы мүмкін. Публицистика әр түрлі жағдайда әр түрлі мәселе көтеріп, әр түрлі міндеттер шешіп отырады. Бір жағдайда, нақты бір фактіні хабарласа, екінші бір жағдайда, үздік тәжірибе туралы баяндайды, үшінші бір жағдайда теориялық жайларды түсіндіріп, оның өмірлік мәнін ашып беру керек немесе нақты бір адам туралы жазуға да тура келеді. Міне, осыған байланысты өздерінің тұрақты бір белгілері бар материалдар тобы пайда болады. Осы материалдар тобының белгілері мен сипаттарының тұрақты және ұқсас болуы нақты жанрларды туғызады. Осыған байланысты қойылып отырған мақсат пен міндетке қарай, факті мен құбылыстың аумағына қарай журналист те шығарма жазу үстінде әр түрлі жанрларды пайдаланатын болды.
Бірақ жанрлар өзара ешбір ұқсастығы жоқ қатып қалған нәрсе емес, олардың ұқсас жақтары жиі кездеседі. Бұл жағынан келгенде, ең алдымен, публицистиканың жалпы ұқсастықтарынан бастаған жөн. Жанрлар өздерінің жазайын деп отырған объектілерінің сипаттарына қарап ерекшелене түседі. Публицистиканың барлық жанрларының объектісі, негізі, желісі өмір фактілері, өмір құбылыстары болып отырғандығында сөз жоқ. Мысалы, заметканың негізінде белгілі бір объектіні зерттеудің, фактілер тобын талдаудың негізінде жазылады. Ал очеркке көбіне-көп адам, сол адамның асыл еңбегі желі болады.
Жанрдың тағы басқа ерекшелігі оның алдына қойылып отырған мақсат пен міндетке байланысты.Егер журналистке корреспонденция жазуға тапсырма берілсе, ол газет қандай мақсат көздеп отырғанын айқындап алуы керек. Газет нақты объектіден проблема көтеруді көздеп отырса, журналист проблемалық корреспонденция жазады.
Жанрлар әдеби-стильдік құралдарды пайдалану, өмір шындығын көрсету әдістеріне қарай да өзара ерекшеленеді. Мысалы, корреспонденция нақты фактілерді талдау негізінде жазылса, очеркте образ жасалады, ал сатиралық жанрларда сықақ пен ажуа, кекесін мен келеке, өткір мәнерлі теңеулер шебер қолданылады.
Публицистика жанрларының жалпы даму жолдарын, дамудың жалпы заңдылығын зерттеу, сонымен қатар жеке жанрлардың даму ерекшеліктері мен ішкі заңдылығын зерттеу – қазіргі кезең қойып отырған зор міндет. Зерттеулердің барлығы да публицистиканың жалпы даму заңдылығына негізделе жүргізілуі керек. Публицистикалық шығармаларды жүйеге, жанрларға бөлудің өзі функциялық және пәндік бірлікті салыстырмалы түрде дербес мүшелеуден барып шыққан. Егер бұлай болмаса жеке жанрлар қалыптаспаған болар еді.
Бір жанр жайын байыптауға қарапайым түр тұрғысынан емес, мазмұн тұрғысынан қараймыз да, оның сыртқы белгілері мен ерекшеліктерін тізе бермей-ақ, даму заңдылығы тұрғысынан келеміз. Өйткені дүниеге маркстік көзқарас журналистерге жаңа идеал, жаңа міндет жүктеді. Публицистиканың мазмұн жаңалығы журналистердің алдына тың әдіс, соны түр табуды талап етті. Мұның өзі публицистика жанрларын жақсарта, байыта түсу мақсатынан туатыны айқын. Газеттер мен журналдарда жарияланатын, радио арқылы хабарланып, телевизия арқылы берілетін материалдардың түрлерін құбылтып, мазмұнын байытып, сөйтіп, шеберліктің шаңына жетіле беру негізгі міндеттердің бірі болып отыр.
Публицистика жанрларының барлығы да өздерінің түрі жағынан оқушы үшін тартымды болғаны абзал. Сұхбат, есеп, репортаж барған сайын проблемалық дәрежеге көтеріле түсуде. Өмірдің негізгі күрделі мәселелеріне назар аударуды көздейді. Публицистиканың негізгі жанрлары – мақала мен корреспонденция әлеуметтік жағдайларға тереңірек, жан-жақты үңіле түсіп, өмір құбылыстарын нақты зерттей отырып, салыстыру мен байыптау әдістерін шебер қолданады. [10;33].
Жанрлар өзара бөлінгенде, олар ерекшелене, екшеле түскенде, біз олардың сыртқы формасын ғана қарап қоймаймыз. Атқаратын қызметін негізге аламыз, өйткені оларға атқаратын қызметіне қарай сипаттама беруге болады. Жанрлардың түрлерге бөлінуі, ол түрлердің іштей ерекшеленуі жалпы даму заңдылығымен байланысты болуға тиіс. Публицист өз шығармасы арқылы заманымыздың оқиғалары туралы жалпы бағыт беруді мақсат етеді немесе күрделі фактілері арқылы оқырманға әлеуметтік өмірдің заңдылығы мен тенденциясын түсіндіруді көздейді. Болмаса, оқырманға қазіргі өміріміздің әлеуметтік сипаттары туралы баяндап беру мәселесі қойылады. Публицистің алдына қойған осы мақсаттарына байланысты публицистика хабар, талдамалы және көркем публицистика болып жүйеленеді де, олар өзара іштей жанрларға бөлінеді. Әрбір жанрдың өзіне тән заңдылығы, өз ерекшеліктері, өмір шындығын көрсетуде өз әдістері бар.
Жанрлар туралы пікірлерімізді тағы да дәлелдей түсу үшін көркем әдебиет жанрларын, олардың түрлерге қалай бөлінетіндігін қарастырып өтейік. Әдебиеттің жанрлары – драма мен лириканы алайық. Драма жанрының трагедия және комедия атты екі түрі бар. Немесе лирика жанры: сонет, арнау. романс, эллегия, тағы басқа осы сияқты бірнеше түрге бөлінеді. Олай болса, публицистиканың да осындай үлкенді-кішілі жанрлары, оның түрлері бар. Сөйтіп, публицистикалық шығармалар мынадай үш түрлі жүйеге бөлінеді: публицистикалық хабар, талдамалы және көркем публицистикалық жанрлар.
Публицистиканың хабар жанрлары мерзімді баспасөз арқылы жарияланғанда да, радио мен телевизия арқылы хабер берілгенде де сол мәселе негізсіз, қалай болса солай, үстірт хабарлана салынбайды. Әлеуметтік маңызы бар деген фактілердің өзі өңделіп, бүкіл қоғам назар аударарлықтай мазмұн мен формада беріледі. Өздерінің ойлары мен сезімдерін екінші бір адамдарға белгілі бір пікірде жеткізіп, сол айтылғандарға олардың да назарын аудару мақсатында берілген жайлар қоғамдық хабар болып табылады. Бірақ бұл хабарлардың да әлеуметтік маңызы, таптық мәні мен сарыны болады және белгілі бір идеологиялық бағытта беріліеді.
Публицистиканың хабар жанрларының негізінде қоғамдық ой-пікірлер, әлеуметтік фактілер жатады. Өмірдің күнделікті оқиғаларына қоғам мүшелері ілесіп, олардың толық хабардар болу үшін хабар жанрлары «Көрер көзіміз, есітер құлағымыз, қимылдар қолымыз»[2] сияқты публицистиканың бірден –бір ебдейлі жанрлары болып табылады. Қандай формада берілсе де біз оны жинақтап айтсақ, бүкіл дүние жүзілік оқиғалардың көріністері деген сөз. Бұл тұрғыдан келгенде, суретті де, карикатураны да, очерк пен әңгімені де, тіпті газетке қысқартылып жарияланған немесе қысқартылып радио арқылы берілген романды да хабарлама ретінде қабылдауға болады. Міне, сондықтан да «Газет» деген сөз болғаны жұртқа мәлім. Сонымен фактіні елестету, көрсету, суреттеу, оқиғалар мен ақпар туралы білдіру – осының бәрі хабар болып саналады. Мерзімді баспасөзде, радио мен кинода, телевизия арқылы үгіттеу, насихаттау материалдарының барлығында да хабарлау сарыны болады немесе оны хабар деп те айта береді. [10;11].
Міне, сондықтан да публицистиканың хабар жанрлары қоғамдық пікірге ықпал жасауға және қоғамдық сананы қалыптастыруға белсенді түрде қатысып отырады. Хабар журналистік жұмыстың негізі болып саналады. Қалың бұқара өмірде болып жатқан жайлармен хабардар болу мақсатымен газет оқиды, радиохабарды тыңдайды, кино мен телевизияны көреді. Мұның өзі қалың бұқараның күнделікті өмір талабына сай, әлеуметтік өімрде болып жатқан жайларды, оқиғаларды, құбылыстарды оқығысы, естігісі, көргісі келетін ынтызарлықтан туады. Міне, хабарға деген бұқараның осы ынтызарлығы публицистиканың хабар жанрларын кең де өткір қолдануды талап етеді. Бұл талаптарды орындау үшін журналист қоғам дамуының объективтік жағдайынан, сондай-ақ субъективтік факторларынан да хабарлар беріп тұруға міндетті. Бұл хабарлар қалың бұқараның санасына әсер ететін болғандықтан, көркем әдебиет пен ғылым саласын да, саяси өмірді де түгел, жан-жақты қамтып отыруға тиіс. Бұл міндеттерді орындау жөнінде хабар жанрлары публицистиканың «барлаушылары» -заметка, репортаж, есеп, сұхбат елеулі роль атқарады. Олар –газет қызметкерлерінің жеңіл де ыңғайлы жаза қоятын жанрлары, бұлар болған оқиғаның ізін суытпайды. Публицистиканың хабар жанрлары бүгінгі өмір тынысын, шетелдердегі өмір шындығын жан-жақты көрсетеді, егер хабар жанрларын баспасөзде орынды пайдалана білсе, оның мүмкіндігі шексіз. Біздің өміріміз қандай ұлан-ғайыр болса, хабар жанрларының мүмкіндігі де сондай болуға тиіс.
Хабар жанрлары – заманымыздың елеулі істері мен сипатын көрсететін уақыт шежіресі: ол кеше мен бүгін не болғаны, ертең не болатыны туралы баяндай алады. Хабарлар біздің ілгері басқанымызды, экономикалық жағынан сапалы өзгерістерге қолымыз жеткенін білдіреді. Ал мұндай жаңа құбылыстарды көрсететін оқиғалар күн сайын болып жатады. Мұны газеттеріміз жедел де тартымды жазып келеді. [10;15].
Хабар жанрлары оперативтілікпен, ұшқұрлықпен беріледі. Оперативтілік дегеніміз – елеулі фактіге газеттің іле-шала үн қосуы. Хабар материалдарының ұшқырлығы деп болған оқиғаның газет бетінде дер кезінде уақытылы орын алуын айтады.
Бүгінгі өскелең өміріміздің жаңалық жаршысы –хабар жанрларының мерзімді баспасөзімізден кең орын алуы қуанарлық та, құптарлық та іс. Мерзімді баспасөздегі хабар жанрлары халық шаруашылығының барлық салаларын түгел қамтиды.
Бұдан кейінгі кезеңдердегі баспасөз туралы нұсқаулардың барлығында да баспасөздің, баспасөз қызметкерлерінің өмірге тікелей араласуы, оның жарқын фактілерін қысқа да айқын, «телеграфтық» стильмен бере білу жөнінде әлденеше рет атап көрсетілген болатын. Орталық партия
Публицистиканың бұл жанрлары көпшіліктің назарын аударарлықтай, қоғамдық пікір туғызатын, әлеуметтік тұрғыдан алғанда, аса құнды мәні бар құбылыстар мен оқиғаларды уағыздайтын ұтымды фактілер негізінде құрылуға тиіс болды. Осы сәтте публицистиканың жілік майын шаққан майталман Оралхан Бөкеев әдебиет әлеміне келді, өзіндік бағдары мен ерекшелігімен келді, бар дауысымен «адам» деп айғайлап келді.
Қорытынды
Публицистика терминін нақты өмір құбылыстарымен қатысты қарастырғанда, шығыс славян, поляк, неміс және баска тілдерде кең қолданылатын мағынасына үңілгенде, оны кең және тар ұғымда түсінуге болады. Бүл осы сөздің мән-маңызының өзгеріп отыруына да байланысты. Публицистика кең мағынасында журналистік шығарма түсінігін ғана білдірмейді, сонымен қатар бұл ұғым аясынан шығып, өзекті қоғамдык-саяси тақырыпқа көпшілік алдында сөйленген сөздерді де қамтиды. Публицистика тар мағынасында - ішкі заңдылықтары мен өзіне ғана тән ерекшеліктері бар шығармашылықтың өзгеше түрі.
Зерттеуші М.Густің пікірінше: «Әрбір жеке публицистикалық шығарма өз алдына және публицистикалық шығармалар жинақталған күйінде, олардың мазмұны мен пішінінің өзгеруі процесінде, дамуы мен жаңғыруы түрінде ғылыми зерттеудің нысаны бола алады» [3;56].
Қазақ публицистикасы жайлы әңгіме қозғалған кезде Бөкеев публицистикасы зерттеуден тысқары қалмауы тиіс.
Публицистика жанрлары туралы сөз қозғағанда публицистика әдебиеттен бөлек, дербес пән екендігін анықтай кетуіміз керек. Публицистика – ақиқат өмірдің сырлы суреті, оның арқауы –шындық. Бірақ публицист өмірдің фактілері мен құбылыстарын жүйесіз жинақтай бермейді. Өзінің көздеген мақсатына орай керектілерін ғана іріктеп, шығармасына пайдаланады. Публицистика дербес пән болғандықтан, оның мазмұны, формасы мен әдісі және функциясы бар. Публицистика жанрларының ішкі сырлары мен сипаттарын тереңірек түсінуі үшін біз публицист творчествосының бірқатар ерекшеліктеріне тоқталғанымыз жөн болады.
Публицистика жанрларының ерекшеліктері, ең алдымен, публицист лабораториясының ерекшеліктеріне байланысты [12;14]. Публицист өз жұмысын бүкіл жұрт алдында жария жүргізеді, қалың бұқарамен ақылдасып отырады. Ол белгілі бір мәселе жөнінде ой қорытып, пікір айту үшін көп ізденіп, талай бұралаң жолдардан өтеді, бұл жолда оның күмәндануы немесе қателесуі ықтимал, сөйтіп, ол талай сезім толқынына түседі. Демек, публицистің «лабораториясы» ғалым сияқты жабық бөлмеде емес, жұртпен қоян-қолтық араласу арқылы ашық жұргізіледі. Осы лабораториялық жұмысы үстінде публицист шындық құбылыстың қоғамдық-саяси мәнін байқайды.
Публицист жазу әдістері мен тәсілдерін жетілдіре түсіп, өз шығармасы арқылы оқырмандарға идеялық ықпал жасаумен қатар олардың сезіміне де әсерін тигізеді. Оқырман эстетикалық тұжырым аларлықтай, оның сана-сезіміне жақсы әсер қалдырарлықтай шығарманың тууы журналистке оңайға түспейді. Өйткені, журналист бүгінгі, дәл осы сағаттағы оқиғалар мен құбылыстарға жедел ілесуге міндетті, көпшілік жағдайда ұшқырлықпен, көрегендікпен алда болып, уақыттан озып отыруға да міндетті. Заман тынысы, бүгінгі оқырмандардың талабы одан осыны қажет етеді.[21;86]