Публицистика

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2012 в 13:04, дипломная работа

Описание работы

Публицистика да сөз өнерінің үлкен бір саласы. Ол көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше бір тармағы.
Өткеніміз бен бүгінімізге тәуелсіз ел тұғырынан қарайтын бақытты күндер туды. Қазақтың публицистикасы қазақ халқының өсіп-өркендеу жолындағы жолбасшысы, ойсерігі, бағдаршамы іспеттес.
Ұлттық публицистика өнеріне неғұрлым шынайы, неғұрлым еркін қарап, бағалап, парықтау мүмкіндігіне жол ашылып отыр. Бұл қажеттіліктен туған мүмкіндік, әрі мүмкіндіктен туған қажеттілік.

Работа содержит 1 файл

Диплом Ретбек+++.doc

— 385.50 Кб (Скачать)

Қаламгердің «Лениншіл жас» газетінің тілшісі (1968-1974) болған жылдары жарияланған «Күн күркіреген жоқ» (10 қаңтар. 1969) мақаласының да өзіндік ерекшелігі болды. Соны ізденістің нәтижесінде жазылған қайсыбір мақалалары кезінде оқырман көңілінен шықты. Сол алғашқы шығармашылық бастау жолында жазған мақалаларының көпшілігінде ұлттық ән-би, дәстүрлердің мазмұнындағы астарлы жұмбақты шешуге талпынғанын аңғару қиын емес. Солардың бірі «Лениншіл жас» газетінің 1970 жылғы 2 шілдесінде жарияланған «Қарғаш» мақаласында ұлтымыздың ұлттық байлығы халық әндерінде қалғандығын ескертіп отеді. Мысалы, «Қарғаш» - халық әні. Халық әндерінің ішіндегі-арыны асқақ, тынысы кең, зор дауыспен қоңырлап бастап, сорғалата көтеретін, баяулап аяқтап іштей күрсініспен тебірене шырқалатын алқымы жазиралы ән. «Қарғашты» айту әркімнің қолынан келе бермейтіні-әннің ішкі мазмұнына терең бойлап, көмейі күмбірлеген мәнерлі мақаммен сілкінте, тасымалы әуенмен созылта сала алмағанына себепті, «Қарғаштың» өзге халық әндерінен ала-құйын ерекшелігі-мұнда бір дәуірдің тұтас жілікті суреті бар»,-деп, өткенін бағамдаған қаламгердің тарихтағы көне дәстүрді ескінің калдығы дегеннен аспайтынына астарлап болса да оқырманның көкірегі ояу, көзі қарақтысына жеткізбек ойын айқындай түседі.

Қазақ қаламгері О. Бөкейде кейіпкер әлемін ашу мүлде басқаша. «Өз отыңды өшірме» романындағы кейіпкерлердің бәрі реалистік кейіпте көрінеді. Олардың тыныс-тіршілігін біз айқын сезінеміз. Дархан қария да романтик, бірақ оның жан күйзелісі, сезім әлемі плакаттық-иллюстративтік қалыптан аулақ. Роман кейіпкерлерінің көзқарастары да әр түрлі, өмірлерінің мән-мағынасы да басқа-басқа. Автор Таңатар мен Еркін өмірінің трагедиясын революция аласапыранында бөлініп-жарылып, шекараның екі жағында қалған тұтас халықтың ортақ қасіреті ретінде ашады. Дарханның өткенді еске алуы арқылы қазақ даласының, оны мекен еткен халықтың ауыр тағдыры көрсетілген. Бүгінгі күн келбетін патетикалық сипатта көріп, қабылдауына қарамастан, қазақ жазушысы әлеуметтік-аналитикалық сергек көзқарас ұстана білген. Бұл туындыда Жақсылық пен Жамандықтың шарпысуы бейнеленген, автор адам − жұмбақтың жан әлеміне терең үңілген.

Жазушы өзінің жаны таза, сезімтал, жақсылыққа жаны құштар кейіпкерлерінің ішкі сезім буырқанысын қоршаған табиғатпен байланыстыра, астастыра ашады. Оның кейіпкерлерінің шетінен асқақ арманға құлаш ұрған, арманшыл, қиялшыл болып келетіні де олардың ой-толғаныстарының көбіне табиғат суретімен астарласып, астасып жататындығында болса керек. Табиғаттың төл перзенті − адам сол табиғаттың исін сезініп, түйсінген кезде оның арманшыл, қиялшыл болмауы мүмкін де емес қой. Кейіпкердің болмысын табиғатпен байланыстыра суреттеу арқылы таныту О.Бөкей шығармашылығының бір ерекшелігі болып табылатыны анық.

Адамгершілік мәселесі − өнермен  бірге өмір сүріп келе жатқан мәңгілік мәселе. Соңғы жылдары қоғамның моральдық-этикалық ұстанымы барынша өткір қойылып отыр. Оған дәлел қандай қаһарман, кейіпкер болсын, тіпті қатардағы персонаждар болсын, бәрі де өмірлік авансценаға шығып, өз әрекетін танытады, әрқилы дәрежедегі характерінен хабар береді. Ал жазушылардың қаһарман болмысын жан-жақты суреттеу арқылы типтік характерлерді дүниеге әкелуі күрделі шығармашылық процесс екені белгілі. Сондықтан типтік бейнелер бір күнде туа қалмайды. Ол үшін уақыт керек және қаһармандар типтік жағдайларда көрінгенде ғана толымды шықпақ. Типтік бейне көркемдік идеяға қатысты түрде алынады. Бұдан әдебиеттің танымдық мәні де көзге түседі. Шығармада көркем характер берілуінің ерекше мәні бар. Ол жинақталып берілумен бірге, қайталанбас дербес тұлға ретінде суреттелуі де принципті шарт болып саналады. Шығармада қаһарманның ішкі және сыртқы күйлерін көрсете отырып, түрлі ситуацияларда, әсіресе сюжеттік даму барысында характер қырлары да ашылуға тиіс. Қоғам мен адам, адам мен табиғат арасындағы және адамның ішкі психологиялық, драмалық қайшылықтары шығармада әртүрлі тартыстар туғызуға себепкер болады. Нәтижесінде оқиғалар шиеленісе түседі. Мұның бәрі − қаһарманның мінезі арқылы оның іс-әрекетін де танытатын құбылыстар. Өмірде адамдық парыздың өтелуін сезіну үлкен салмақ жүктейтіні белгілі. Кейіпкерлер болса үнемі осындай талаптан шығуға ұмтылып, қиындық үстінде көрінуі шындыққа жақын. Бүгінде кейіпкердің адамгершілік белсенділігі айрықша танылуымен қатар, оның өзгелер тағдырына да ортақтас болып келуі маңызды мәселеге айналып отыр.

60-жылдары басталған осы үрдіс 70-жылдары жалғасын тапты. Оралхан шығармашылығының ішкі қуат потенциалы бұрынғыдан да ашыла түсті. Оның шығармашылығы әр қыспақты жарып, арна бұзған, бұғаудағы қазақ халқының еркіндікке құлаш ұрған жан дауысы еді. Ол енді шығуға болмайтын кенестік шеңбердің ауқымынан да асып кетті. Оны тіпті біреу байқап, біреу байқамай да қалды. Мысалы, «Лениншіл жас» газетінің 1971 жылғы 25 наурызындағы мерекелік нөмірде Оралханның «Наурыз» атты публицистикалық толғауы жарық көрді. Қазақ үшін наурыз-жыл басы екенін 300 мың оқырманға жайып салу, ата-бабаның Қазақ үшін наурыз - жыл басы екенін 300 мың оқырманға жайып салу, ата-бабаның ғасырлар бойғы салт-дәстүрін еске салу-ерлікпен пара-пар еді. «Мен түс көрдім... Ақ отаудан бес биенің сабасындай кербез кемпір шықгы да, маған күле қарайды деген екем деймін, маған қарайды да, өзіне ымдап шақырады, шақырып алып қолымнан жетелеп киіз үйге кіргізеді, киіз үйдің дәл ортасындағы жер ошақта буы бұрқырап тайқазан көже қайнап жатыр, бұл, - дейді ақ бәйбіше, - бұл Наурыз көже, бүгін Ұлы істің ұлы күні, бүгін Жаңа жыл...»,-деп басталатын мақаладағы автор пайымындағы ақ отау - Қазақстан бейнесі. Мақала соңы: «Мұны айтып отырған тіпті де, осынау жолдардың иесі емес, жо-жоқ, бұл ақ тілектің авторы - 16 мен 25-тің асындағы қыз-жігітгер. Ал қағазға түсірген жиырма бестен асқан мен, 0. Дәулетов», - деп аяқталады. Ол кезде, Кеңестік саясаттың қылышынан қан тамып тұрған кезде, жалпақ жұртқа Наурыз көже, Ақ отау, Ұлы істің ұлы күні туралы айтудың өзі үлкен саяси қателік болып саналатын.

Бірақ, жастар газетімен Бөкеевтің бұл батылдығы баспасөз бен публицистика тарихында алтын әріптермен жазылып тұру керек.

«О. Дәулетов» - Оралханның бүркеншік есімі. «Лениншіл жастың» 1972 жылғы маусымның 22-ші жұлдызында «О.Садақбайұлы» деген атпен қазақ балет өнері, оның басты тұлғасы Болат Аюханов туралы «Аққулар аспанда емес», - деген тамаша очерк жазды. Зерттеуші Бауыржан Жақып «Қазақ публицистикасының дамуы, қалыптасу жолдар» атты еңбегінде: «О. Садақбайұлы» да - Оралханның бүркеншік фамилиясы екені көрініп тұр. Жазу стилінің өзі соны айғақтайды», - деп жазады[25;55-56].

Оралханның «дүбірі бөлек дүлдүл» журналистикадан әдебиеттің ауылына атбасын бұрған мезеті, яғни, оның 1983-1991-1993 жылдары алдымен «Қазақ әдебиеті» газетінде редактордың орынбасары, кейіннен тура еліміз тәуелсіздік алған жылдары бас редактор қызметін атқарған кезендегі ұйымдастырушылық қыры мен шығармашылық шыңы арқылы тарих сахнасында ерекше орны бар каламгерге айналдырды. 90-шы жылдардағы қазак баспасөзінен, онда жарық көрген публицистикалық шығармалардан Оралхан Бөкеевтің өзгеге ұқсамайтын журналистік «ізі» айқын көрініс тапты.

Қазақ рухани тазару мектебінің біріне айналған басылым-«Қазақ әдебиеті» газеті болатын. Осы газет туралы нрофессор Намазалы Омашев мынадай пікір білдіреді: «...Бізде әдебиет саласы бойынша «Қазақ әдебиеті» газеті шығады. Бұл-үлкен жетістігіміз. Өйткені, журналистиканың араласпайтын саласы жоқ. Сол тұрғыдан «Қазақ әдебиегі» газеті-қазақ халқының рухани байлығы. Мысалы, шопаны бар, шоферы бар, диханы бар, қоғам қайраткері бар-бәрі бірдей әдебиетті жақсы біле бермейді ғой. Бұл газетті оқи отырып, қазак әдебиетінің, мәдениетінің, өнерінің, ұлпық журналистиканың, қазақ тілінің түрлі жетістіктері мен проблемаларын біліп, дәстүр-салтын, тарихын таразылап отырады. Оқырманның рухани байлыгын мейлінше байыта түсетін, тіпті үзбей бірнеше жыл оқыған адамға осы саланың институтын бітіргендей нәр берер басылымның халқына бергені де, берері де мол». Яғни, «Қазақ әдебиеті» газеті елдің тек әдеби өмірін, әдебиет саласындағы жаңалықтар мен ақын-жазушылар шығармаларын жариялайтын салалық басылым деңгейіне көтерілді.

1991 жылы осы газеттің бас редактор қызметіне Оралхан Бөкеев келгенде басылымның алғашқы нөмірлерінен егемен елдің жаңғырған тарихын өзіндік ерекшелігімен жарияланған материалдардан көруге болады.

«Қазақ әдебиетінің» 1991 жылғы қаңтардағы бірінші нөмірінің алғашқы бетінде Абылай хан суреті басылып, оған жапсарласа редакциялық бас мақала берілді. «Абылай ханның туғанына 280 жыл» деген айдар аясында Қазақ Хандығының іргесін көтерген Әз Жәнібек пен Керей хан екендігі, онан кейін қазақтың тұңғыш конституциялық құжатын жасаған «Қасым ханның касқа жолы», мемлекеттілік ыдырай бастаған кезде қайта қалпына келтіріп, хандықты дамытқан «Ақназар хан, Тәуекел, Енсегей бойлы Ер Есім» - Есім хан, Жәңгір хан, «Жеті Жарғыны» жасаған Әз Тәуке хан есімдері мен атқарған ұшан~теңі3 істері халық жадында қайта жаңғырады. [5;101]. Қазақ елдігін сақтап қалуға, казақ мемлекеттігін дамытуға Абылай ханның сіңірген еңбегі де өлшеусіз екендігіне дәйекті баға беріледі. Егер осы деректер құрғақ баяндалып қана кетсе - бұл тарих болар еді. Ал мақала түйінінде оның публицистикалық шығарма екендігін айғақтайтын тұжырым бар. Мақалада орыс ұлықтарына тұтас қала, аудан, ауыл аттары берілгенде, қазақ елдігін сақтап қалған хандарымызға құрмет көрсетпеуіміз сыналады — міне, Егемен елдің публицистикасыңда осындай өткір мәселелер еркін көтеріле бастады. Мұндай өткір мәселелерді көтеру, әрине бас редактор еңбегінің нәтижесінде іске асады. «Қазақ әдебиеті» газетінің «Егемендік: аты мен заты», «Ой түрткі», т.б. айдарларда құнды ұсыныстарға толы мақалалар жиі жарияланды.

О. Бөкеев-өзгеше стиль дәрежесіне дейін көтерілген шебер қаламгердің бірі. Оралханның «Атау-кере» повесінде публицистикаға жақын келетін тұстары өте көп. Мысалы автор өз өмірін былайша суреттейді: «Менің мұқым жастығым өткен жылдар-сырттай қарағанда, мап-майда, жып-жылмағай болғанымен іштей іріген даңғазасы мол, яғни ұраны мен ұрдажығы катарласа дамыған «мақтаншақ» кезең еді...», - деп жазады. Осы повесті оқи отырып біз жазушының туған жері таулы Алтай өңіріндегі Бұқтырма өзенін, «Шашты» деп аталатын асуын, кең қонысты, бейбіт өрісті Шабанбай жайлауын, «Мұзтау» шыңын, «Қатын суын» жан-жақты біліп, мол мәліметтерді алғандай эсерде боласың. Туған жерінің сырлы табиғатын: «Сонау Таулы Алтай өлкесімен қолтықтасып жатқан «Қатын суының» дәл кемеріндегі омартадан мынау Бұқтырма өзенін мінбелей орналасқан Бек-Алқаға дейін атпен жүрсең күншілік жол...

Атақты «Мұзтау» деп аталатын шың Алтайдың мәңгі жығылмас, шаңырағы шайқалмас ақ отауы сынды еді», - деп суреттейді.

Шығармашылық адамының еңбегі, айналып келгенде, оның адами кейпін, азаматтык ұстанымын айқындайды. О. Бөкеев шығармалары өмірдің біртұтас құбылысы ретінде, адамды сол ұлы жаратылыстың табиғаттың бір бөлшегі ретінде қабылдайтын жазушынын бұлжымас бағытын, дүниетанымын байқатады. Адам мен табиғат концепциясында, табиғат — идеал әлем, ол - сұлулықтың, мәңгілік үйлесімнің мекен-тұрағы, әсемдіктің өрісі. Оның түсінігінде, табиғатсыз - адам тұл, күні караң. Ал табиғат адамзатқа тәуелсіз, дербес әлем. Қаламгер дүниені философиялық тұрғыда таниды. Алтайдың арайлы таңы болсын, ақ толқынды Бұкгырма сарыны болсын, Мұзтаудың аскак та айбынды құзар шыңы болсын, осынау ғажайып өлке қаламгер жанының, жүрегінің бір бөлшегіндей. Бұл суреткер қиялының байлығын, түйсік қабілетінің молдығын, ешкімге ұқсамайтын келбетін танытады. Адам мен табиғаттың терең байланысын, бұзылмас бірлігін қоғамдық мэселелердегі адам болмысынан, оның нэзік сезімге толы мұң мен сырлы жырына құлақ түре тындай отырып, замана ырқындағы адамға бір сәтке болса да өткеніне қарап, ойлануды ескерткендей[27;45].

Қаламгер повестерінде ойға, толғанысқа толы философиялық ұшқырлық сипаты басым болып келеді. Айналасындағы өзі көріп жүрген мінезі мен әрекетіне қатысты қайшылық пен жұмбақтылықты көркем тілмен шебер жеткізе біледі. Сол үшін оның әрбір шығармасы түгел сөздің түбін білетін сара сөздің сарабдал сардары екенін айқындай түседі. «Атау-кере» повесінің реализмі жазушының қоғамдық өмірдегі әлеуметтік құбылыстарды жіті зерделеп заман мен адам, адам мен адам мен адам арасындағы күрделі қарым- қатынастарға терең бойлай білген шеберлігінде жатыр. Қаламгер нақты болмыс пен қоғамдық өмірдің ащы шындығын ашып, оның келеңсіз жақтарын терендей көрсете білді.

Суреткер замана дертін, адамзатты аздыруға себепкер осал тұстарды тап басып, өмір шындығын көркемдік тәсілмен биік деңгейде шебер баяндайды. Өз дәуірінің өзекті мәселелерін ашық көрсете білген шығарма мұраты-адамзатты ғасыр дертінен сақтандыру. Оралхан кейіпкері Тағанның аузына мынадай сөздерді сала отырып, қоғамдағы шындықты дөп басып жазып шығады: «Біздер тарих - ананы қатты ренжіттік. Өз ұлтымыздың тарихын кісенде ұстадық, киесі ұрады деп білмедік. Шала-жансар жасалған оқулыққа сендік, шала сауаттыларға сендік, шабына от түссе де айтайық: Өкімет басында отырғандардың бар- барлығына сендік, олардың ақ дегені - алғыс, қара дегені - қарғыс болды...» . Бұл тұғырдан алғанда, Оралхан Бөкеев: «Қазақ билігінің халықтың арқасына аяғын тіреп, атқа мініп шіренгені қажет емес, ол үшін - биліктің «халқыма үзеңгі болып, оны қалайда атқа мінгізіп, шірентемін» деген әрекеті қажет» деген сөзі шырмаудың шешімі болатын сияқты. Ұлттық рух публицист шығармаларынан айқын көрінетіні де сондықтан болар.

Осыдан келіп, Оралханды адамның ішкі әлемін ашып, оның жан дүниесін үңіле зерттеуге талаптанған романтик-жазушы екендігін тани отырып, оның қаламынан туған шығармаларынан өзімізге ұқсай тұрып ұқсамайтын, өзімізге таныс әрі бейтаныс өмірдегі кейіпкерлерді кездестіреміз. Адам қиялын қаймағы бұзылмаған соныларға жетелер осынау кейіпкерлердің меңзейтін бір тұсы, бір әлемі бар. Ол - Бөкеев әлемі, жазушының жазушылығы да өз қиялымен, шығармашылық фантазиясымен әрбір кейіпкер кейпіне ене білуінде болса керек. Ол өз шығармаларында қарама-қайшылығы мол күнделікті күйкі тірлікке, нақты болмысқа адам мен табиғат үйлесер рухани әлемді қарсы қояды. Жазушының әр кейіпкері - өзінше бір-бір жұмбақ әлем[28;98].

Оралхан публицистикасының ерекше бір атап өтер тұсы – публицистикалық шығармаларының көркем әдеби шығармаларға ұқсастығы. Бүгінгі күні публицистика мен көркем әдеби шығарманың арасында төмендегідей өзгешеліктер бар:

              Ең алдымен, публицистика шығармашылықтың публицистикалық түріне, ал көркем әдебиет - шығармашылықтың көркем түріне жатады.
         Екіншіден, керкем әдеби шығармалар (өңгіме, хикая, роман) міндетгі түрде сюжетке қүрылады, портреттер ойдан шығарылады. Типтендіру, образ жасау, публицистиканын коркем жанрларына ғана тән келеді. Оның өзінде де очерк пен фельетон атворлары өздерінін кейіпкерлерімен міндетгі түрде кездесіп, олардың портреті, мінез-қүлықтары туралы біраз мағлүмат алады. Сөйтіп, әдеби шығарма көркем шындыкка негізделіп жазылса, публицистік шығармалар өмірдің нақтылы шындығына сүйеніліп жазылады. Яғни, көркем өдебиетте шарттылык, басым болса, публицистика нақтылыққа негізделеді.
         Үшіншіден, көркем әдебиеттің өзіне ғана тән жанрлар жүйесі болатыны сияқты, публицистиканың өзіне ғана тиесілі бай жанрлар палитрасы бар.
          Төртіншіден, көркем шығармада жазушы өзінің негізгі идеясын, ойларын, идеалын оқиға желісі, адам образы, характерлер қақтығысы' картиналар, эпизодтар арқылы береді. Автордың оқырманға үсынар идеясы оқиға дамуы, образдың өсу жолдары арқьиы ашылып оты-рады. Ал публицист өз ойын оқырманға тікелей ұсынады:

Информация о работе Публицистика