Публицистика

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2012 в 13:04, дипломная работа

Описание работы

Публицистика да сөз өнерінің үлкен бір саласы. Ол көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше бір тармағы.
Өткеніміз бен бүгінімізге тәуелсіз ел тұғырынан қарайтын бақытты күндер туды. Қазақтың публицистикасы қазақ халқының өсіп-өркендеу жолындағы жолбасшысы, ойсерігі, бағдаршамы іспеттес.
Ұлттық публицистика өнеріне неғұрлым шынайы, неғұрлым еркін қарап, бағалап, парықтау мүмкіндігіне жол ашылып отыр. Бұл қажеттіліктен туған мүмкіндік, әрі мүмкіндіктен туған қажеттілік.

Работа содержит 1 файл

Диплом Ретбек+++.doc

— 385.50 Кб (Скачать)

Шабыт пен ойдың шырмалған орамын Бөкеев өзі туған ауылынан алатын. Өркениет өркендеп, жаңалық пен жасандылықтың қазанында қайнап жүрсе де жазушы : «Жыл он екі айда еліне бір бармайтын жазушының жазғанының көбі жалған»,-дейтін. Олай деуінің өзіндік себебі де бар шығар. Жазушы шындықты бүкпесіз, боямасыз жазатын.  Оралхан Бөкеевтің әрбір туындысы ойға бай болатыны да содан болса керек.

Оралхан публицистикасы мен жазушылығы ешқашан саясаттан алыстамаған. Бейбіт өмір мен тыныштықты қалаған жазушы: «Интернационализм дегеніміз-бәрі жабылып бір орыс әнын айтатын хор капелласы емес, ол симфониялық оркестр. Симфониялық оркестрге флейта да, сырнай да, скрипка да тіпті барабан да керек. Бұлардың әр қайсысы өзіне ғана тән үнмен адамзаттың ешқайсысына жат емес асқақ жырды жырлайды,-дейтін. Бейбітшілік пен берекенің, тыныштықтың туын көтерген жазушы-публицисттің бұл ойы толеранттылық бағытының бастауы іспетті.

Публицист – қоғамдық сананы қалыптастырушы болса, Оралханны бұл идеясы – бүгінгі көпұлтты Қазақстанның ұстанып отырған сара жолының бастауы болса керек.

Өмір мен Адам. Концепттің түйіні тереңде жатыр. Өмір сөзінің өзін сан-түрлі тағдыр, болмыс, тіршілік т.б. сөздерімен түрлендіруге болады. Жазушы шығармаларындағы түрлі тағдыр талқысына түскен адамдар, заманның ағымында өмір сүріп жатқан образдарды жете суреттейді. Тракторшы жігіт, сәулет өнерінің сабазы, ауылдағы қария т.б. бұл пікіріміздің дәлелі болса керек.              `

Оралхан Бөкей публицистикасының ерекшеліктерінің  бірі – сан алуан мазмұндағы диалогтардың баяндау жүйесінде негізінен авторлық төл сөзбен бірге де, жеке тұрғанда да сюжеттік функциялар атқаруға бейімдігі екенін аңғарамыз. Әдеттегідей сұрақ-жауап түріндегі репликалар көп жағдайда ықшам болмай, кейіпкер ашық сөздерінің  ұзақ келуі, кейде сұхбат формасымен едәуір әңгімелердің айтылуы шығармадағы бұл компоненттің фабулалық табиғатын анықтайды. Диалогтар іс-әрекет желісімен тікелей байланысып, түрлі суреттеулермен сіңісіп кетіп жатады. Әйтсе де, О. Бөкей сол көлемді жүздесулерде, немесе әредік ұшырасып отыратын шағын   пікірлесулерде қаһарман образын аша түсетін характерологиялық белгілі бір мәселе не хабар туралы ойлары мен сезімдік реакцияларын барынша толық қамтуға ұмтылысты аңғарамыз. Авторлық ремаркалар ситуацияның эмоционалды- психологиялық сфераларын тиянақтай түсіндіреді. Диалогтардың ұзақтығы мазмұндылық күшімен ширақ тартып, баяндау ракурстарын жаңаша өрнектермен байытып, романдағы тартыс қуатын арттыра бейнелеуге кедергі жасамайды. Бір есептен О. Бөкей диалогы – жазушы суреттеулері мен толғаныстарының, идеялық мақсаттарының айқын өрнегі, көркемдік-эстетикалық арнадағы дәлелі мол шешімі.  Өзінің «Қасқыр ұлыған түнде» новелласында:

              «Жасанды теріден тігілген бәтеңкемнен ызғар өтіп, башпайларымды суық сора бастады. Бір-біріне соғып тықылдатып, жылытқан  боламын. Менің осындай мүшкіл халімді сезді ме, қыз:

             

- Пима киіп шықпаған екенсіз, - деді. Қуанып калдым.

- Сол құрғырың жоқ қой.

- Не? Ақша ма, пима ма?!

- Екеуі де.

- Түрмеден босап шығып па едіңіз? - Әзілдеді ме, шыны ма, айыра алмадым. Бет пішіні өзгерген жоқ, салқын сұрады.

- Не десем екен... Алматы жылы болған соң...

- Ә, түсінікті, бұдан былай есіңізде болсын, Алтай Алматы емес, қатал.

- Әрине, бірақ қатыгез жерге қайтып оралу - екіталай-ау.

- Ат баспаймын деген жерін үш басады демей ме, ағай?

- Өзің қайдан келесің?

 

- Мен де Алматыдан.

- Оқисың ба?

- Иә.

- Қайда?

- Қыздар институтында.

- Факультеті?

- Тіл-әдебиет.

- Қайда барасың?

- «Өркен» ауылына.

- Ол қай тұста?

- Новостройкаға бес шақырым жетпей, тау қойнауында.

- Оған автобус бұрыла ма?

- Айналдырған екі шақырым жерге уақыт өткізіп жүрмейміз деп, жол жиегіне тастап кетеді. Әрі қарай жаяу тартамыз. Сіз мені тергей бастадыңыз ғой...

 

- Дәм тартып сапарлас болған соң, таныса отырайық дегенім ғой.

 

- Өзіңіз «Новостройкаға» барасыз ба?

 

- Иә, сол селоны жазбақпын. Газетте істеймін.

 

- Мен де солай-ау деп ойлаған едім. Өйткені, сұрағыңыз нақпа-нақ. Ол селоны жазуға болар, - деп ойланып қалды. Мен оның үнсіз тыныштығын одан әрі бұзғым келмеді.» [2,203 б.].

 

              Жоғарыдағы диалогта адамдар арасындағы қарым-қатынас айқын көрінеді.

                       Диалог құрылымы мен қызметі әр қаламгердің белгілі бір шығармасында қойған профессионалдық мақсаттарына орай, жеке және жалпы стильдік заңдылықтар ескеріле құрып, түрлі қырынан тың қасиеттерімен өзгере тосатыны күмәнсіз. Берік жазба әдеби дәстүрі қалыптасып бітпеген қазақ прозасының  бастапқы кезеңдерінде ашық сөз үлгілеріне басым түрде сюжеттік-композициялық міндеттер жүктелгенін байқаймыз. Әйтсе де тілдесу сәттерінің көркемдік-эстетикалық мәні әрбір талантты туындымен бірге көтеріліп, мағыналық аумағы өсе бастағанын байқаймыз.  

Туындыларындағы кейіпкердің ой-толғанысы, кейіпкер болмысын табиғат суретімен астасып берілуі. Отан соғысы кезіндегі қара жұмыста болған адамдар еңбегінің бейнеленуі, тылдағы өмір шындығы. Характер сомдауы. Жазушының эстетикалық мұраты. Шығармаларындағы Жақсылық пен Жамандықтың арақатынасы. «Өз отыңды өшірме» романы. Ондағы рухани тазалық, жан сұлулығы мәселесі. Адам және оның тағдыры. Өмір шындығы. «Сайтан көпір», «Атау кере», «Мынау аппақ дүние», «Бәрі де майдан», «Құм мінезі», «Жетім бота», «Қайдасың, қасқа құлыным» т.б. повестері. Тақырып, идеясы. Образдар жүйесі.

Жазушы шығармаларындағы мифтік сюжеттер мен бейнелер, шартты түрдегі симвлодық – аллегориялық бейнелер – бура мен кербұғы. «Атау кере» повесі. Жазушының «кемелденген социализм» тұсындағы «өркениеттің» адамзат болмысына, рухани, адамгершілік дамуына тигізген әсерін суреттеуі. Аспан шал, жетім бота, сайтан көпір, қар қызы т.б. моральдық-этикалық символдар арқылы ұлттық мінез-құлық, ұлттық сезім, көңіл-күй, мүдде мен қажеттілік, ұлттық талғам компоненттерін қиыстыру арқылы жазушының көркем әдебиетке ерекше құбылыс әкелуі. Жазушы шығармаларындағы ұлт тағдыры, ген тазалығы, халық болашағы мәселелері.

Оралхан Бөкей - заман келбетін адам келбетінен іздейтін нәзік суреткер. Сенека «Уағыз айтып, жақсылыққа жетелеуден гөрі, өнеге арқылы үйреткен жөн» -депті. Оралхан кейіпкерлері өнеге себеді. Олардың сан қилы тағдырлары шығарма бетінде тарамдана жол артып жақсылық пен жамандық, ездік пен өрлік, коғамдық болмыс пен тоғышарлық, дарқандық пен дүниеқоңыздық шығарма арқауындағы іштейгі тартыс уытын күшейтіп, санадағы қайшылықтарды тереңдете түседі. Рухани адамшылық тартыстар кейіпкерлерді ойлантуға, «біз не үшін өмір сүреміз, өмір сүрудегі мақсат не, біз қалай өмір сүруіміз қажет, қайткенде адам қалады адам болып, біз осы кімбіз?»- тәрізді жалпы адамзатты мазалап жүрген сауалдарға өз төңірегіндегі қайнап жатқан өмірден жауап іздеген.

Оралхан Бөкеев жирма жасында (1963) аудандық газетке қызметке тұрды. Содан ақырғы демі таусылғанша (1993) отыз жыл бойы журналист болды. Оның бұл қызметі жөнінде бәспасөздерде біраз жазылды, бірнеше диплом жұмыс, кандидаттық дитсертациялар қорғалды. Бірақ, журналистикадағы талант қыры бұлармен толық ашылып бітпегені ақиқат. Оралханды әлі де іздеймін дегендер болса шығыс қазақыстан обылысы бөлшенәрім аудандық «еңбек туы», обылыстық «коммунизм туы», «лениншіл жас» т.б. газеттер мен журналдардың ескі тігінділерінен «о. Садақбай», «о. Исқанов», «о. Б», «орал-ахымет», «алтай» деген бүркеншік атпен жазылған талай-талай мақалалар мен очерктерін, өлеңдерін (60-жылдары ол өлең де жазған) әңгімелерін табары сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3. Оралхан публицистикасы жайлы ғалымдарың пікірлері

 

«Оралхан азғантай ғұмырында сондай асқаралы биікке өзін де, елін де, туған әдебиетін де шығарып үлгерді. Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең сүйікті, ең сүлей суреткерлерінің бірі ретінде әлемдік танымдыққа ие болды. Алыс-жақын елдерде аты «қазақ» деген сөзбен қабаттаса айтылатын азғантай тұлғалардың біріне айналды. Халық ұлы, ұлт тірегі болу деген осы! Ондайға ерен еңбекпен, асқан талантпен ғана ілуде біреудің қолы жетеді».

 

                                                                                           Әбіш КЕКІЛБАЕВ

 

            «Қазақ даласының оның қолы тимеген киелі тасы жоқ. Талайлардың маңдайында оның аялы алақанының табы жатыр».

 

Әбіш КЕКІЛБАЕВ

 

Қайдасың, қасқа құлыным» – әуел бастан әдебиет есігінен жақсы аттаған талантты қаламгердің жүрісінен жаңылмағандығына ғана емес, қазіргі қазақ прозасында өрелі ізденіс, жақсы қарқын барына айғақ бола алатындай санаулы шығармалардың санатына қосылуға әбден қақысы бар елеулі еңбек».

 

Әбіш КЕКІЛБАЕВ

 

           «Жазушы Бөкей – туған өлкесі – әсем Алтайдың, асқақ Алтайдың жыршысы! Оның шығармалары Алтай өлкесінің гимні іспеттес».

 

Рабиға СЫЗДЫҚ

 

«Оралхан – дүниеден озғалы, міне, тура он жыл болды. Кітаптары өмір сүріп келеді, өмір сүре береді. Олар: жасқа – ақыл, кәріге – қуат береді. Бақытқа бақыт қосады. Бақытсызға медет болады».

 

Шерхан МҰРТАЗА, 2003 ж.

 

              «Осынау талантты қазақ жігіті бүгінде тек қазақ елінде ғана емес, шетелге де кеңінен танылған, осы замандағы жақсы прозаик. Оның «След молнии» мен «Поющие барханы» жинағына кірген әңгіме, повестері журналдардың бәрінде де жарияланды».

 

                                                                                                 Анатолий Ким

 

              «Жазушы таланты, оның суреткерлігі еш талас тудырмайды. Ол тіл өнерін жақсы меңгерген. Шығармалары образды тілге, бейнелі суретке бай. Әсіресе, ол адам психологиясын еркін, ішіне кіре суреттейді».                                  

 

Серік ҚИРАБАЕВ

 

              «Оралхан повесі адамды ардақтау, оның еңбегін бағалау туралы ұлы идеяны уағыздайды».

 

Серік ҚИРАБАЕВ

 

                «Адамды ардақтау, оның ұлылығын жырлау, жалпы алғанда, Оралхан повестерінің негізгі тақырыбы десе де болады».

 

Серік ҚИРАБЕВ

 

«Оралхан өзі туған табиғатына ұқсас еді. Алтайдай асқақ, оның оқ жетпес құзар шыңдарындай биік еді. Заңғар таулардан құлап аққан өзендердей тасқын еді. Таулардың сілемдерін жайлаған ерке еліктеріндей елгезек еді. Өркеш-өркеш тастарындай ірі еді. Қалам сілтеген алыптардың бірі еді. Шығыстан жарқырап шыққан жұлдыз еді».

 

Қасым ҚАЙСЕНОВ

 

              «Оралхан – тума дарын, туа біткен журналист. Ол көркем әдебиетке журналистика арқылы келді. ...Бөкей – қазақ журналистикасына төңкеріс әкелген қаламгер. Ол бұрыннан қалыптасқан сеңді бұзды, тоңды талқандады. Бөкейше кетті. Оқырман алғашында аңырып қалды, жүре-бара аузын ашып, көзін жұмды. Ол көркем шығармаға «ауыз салғанда» да журналистиканың публицистика жанрын оққағар етті, өзегіне айналдырды. Оның көркем шығармаларынан публицистиканың «иісі» аңқып тұратыны сондықтан. Ол жаңа жанр тудырды, журналистиканың публицистика жанрын көркемдік деңгейге жеткізді. Міне, Бөкейтің басты ерекшелігі – осында. Онан кейін...

 

              Оралхан – іштей болсын оқырмандарымен сырласып, оларды зерттеп отырған жазушы. Әр үш, бес жыл көлеміндегі оқырмандардың талап-тілегіне, талғамына сәйкес шығарма жазып отырды. Ұзақ жылдарға стратегиялық жоспар құрған жоқ».

 

Қалихан ЫСҚАҚ

 

              «Оралхан – бір оқылатын жазушы емес. Оралхан – қайталап оқуды қажет ететін жазушы, түсінгеніңше оқи беретін күрделі суреткер».

 

             Дулат ИСАБЕКОВ

 

              «Оралхан Бөкей... Осы бір есім қазақ әдебиетінде небары 25-26 жыл ғана өмір сүріпті. Сол аз ғана ғұмырдың ішінде ол туған әдебиетінің аспанында құс жолындай айқын із қалдырды».

 

Дулат ИСАБЕКОВ

 

«Біреулер әлденені тамылжытып айтып тұрса, Оралхан қалайда одан асырып сөйлеуді жаны сүйетін және онысы өзіне жарасып та тұратын. Майын тамызып айтуға да шебер, түбін түсіріп жазуға да шебер талантты перзент қалың оқырманды таңқалдырумен өтті».

 

Орысбай Әбділдәұлы

 

              «...Қаншама асқан талант болса да Оралхан тым қарапайым қалпын сақтайтын. Былай сырт көзге тәкәппар, менмендеу көрінгенмен, сөйлесе келе оның жан-дүниесі шүйіркелесуге жақын, жайдары екенін сезіне түсесің. Түрімен де, тілімен де тез баурап алғыш, адамға үйірсектігі ерекше байқалатын...».

Информация о работе Публицистика