Публицистика

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Мая 2012 в 13:04, дипломная работа

Описание работы

Публицистика да сөз өнерінің үлкен бір саласы. Ол көркем әдебиетпен бірге туып, қалыптасып, өсіп, өркендеп келе жатқан шығармашылықтың ерекше бір тармағы.
Өткеніміз бен бүгінімізге тәуелсіз ел тұғырынан қарайтын бақытты күндер туды. Қазақтың публицистикасы қазақ халқының өсіп-өркендеу жолындағы жолбасшысы, ойсерігі, бағдаршамы іспеттес.
Ұлттық публицистика өнеріне неғұрлым шынайы, неғұрлым еркін қарап, бағалап, парықтау мүмкіндігіне жол ашылып отыр. Бұл қажеттіліктен туған мүмкіндік, әрі мүмкіндіктен туған қажеттілік.

Работа содержит 1 файл

Диплом Ретбек+++.doc

— 385.50 Кб (Скачать)

Оралхан Бөкеевтің публицистика саласында салған сонар ізінің бір қыры – табиғатты тірілте суреттеуінде жатыр. Мысалы, өзінің «Қасқыр ұлыған түнде» новеласында: «Осындайда бойыңды кернеген суықты қуып шығар айла іздейсің; осындайда «жойылсын бұйығы тірлік!» - деп жар салғың келеді. Ымырт үйіріліп, қас қарайса болды, сулы-сылпың кешкі асын іше салып, тас бүркеніп жатып қалар ауылдағы ағайынды сағынасың. Әбден қысқарып, бір қайырмаға 158 келмей қалған күн суық жүзбен таудың қыр желкесінен төніп тұр. Ақ көрпесін айқара жамылған айналаңыз жылдың басқа мезгіліндей емес, күміс нұрға шомылып, қараңғылыққа ырық бермей ұзап барып үғысады, түннің қап-қара отауына барып кіреді» дейді. Бұл публицисттің «Табиғат пен адамзат егіз» деген сүбелі ойының дәлелі іспетті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мемлекеттік тіл туралы бір толғанысында: «...Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез-келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен!?" [30.] - деп тебіреніпті. Сол туған тіліміздің барлық қадір-қасиетін "бойына сіңірген қазақ публицистикасы еліміз жүріп өткен ұзақ жолдың шежіресі бола білді. Жұрт қиналса, демеу болып, жігер отын жаныды, намыс рухын оятты, ұлт қуанса, медеу болып жарқын жолға бастады, биік белестерді бағындыруға шақырды. Сөйтіп, қазақ публицистикасы  ұлттың рухани байлығының ажырамас бөлігіне айналды. Оның ғажаптығының өзі сонда - публицистика белгілі бір кезеңдегі болған белгілі бір нақтылы оқиғаны айна-қатесіз бүгін көз алдымызға" әкеледі. Сол кезде не болды, қалай болды, кімдер өмір сүрді, олар қандай әрекет, мінез көрсетті? Міне осы сауалдардың бәріне публицистикалық шығармалардан жауап таба аламыз. Өткенді бүгінге, бүгінді болашаққа жалғап тұрған ақиқат көпірін көргіңіз келсе — ол публицистика өнері.

Публицистика туралы іргелі зерттеулердің басым бөлігі кеңестік кезеңде туды. Сондықтан публицистикаға кеңестік жүйе қалыптастырған таным тұрғысынан баға берілді. Қазақ публицистикасы да тамыры жоқ бұтағы бар күйінде, тар шеңбер ауқымында қарастырылуы заңды мәжбүрлік еді. Зерттеудің зәрулігі де тәуелсіздік талаптарынан туындайды. Біріншіден, қазақ публицистикасын тұтас алып қарастырудың, ұлттық таным тұрғысынан баға берудің мүмкіндігі туды. Екіншіден, бұрын зерттеуге болмайтын қазақ публицистикасының көне түркілік тамырын, фольклорлық дәстүрін, шешендік негізін ашудың сәті түсті. Үшіншіден, Қазан төңкерісінен бұрынғы қазақ публицистикасының қалыптасуындағы қайшылықты кезеңнің әділ бағасын берудің қажеттілігі туды. Төртіншіден, кеңестік кезеңнің өзіндегі қазақ публицистикасына бүгінгі тәуелсіздік ұстанымдары тұрғысынан қараудың да кезі келді. Оның үстіне қазақ публицистикасының ұлттық қоғамдық-саяси ойымызды қалыптастырудағы маңызын ашу арқылы қазақ халқының әлемдік рухани ортадағы орнын айқындаудан да тақырыптың өзектілігі көрініс табады. Сондай-ақ бүгінгі дүниедегі қат-қабат өзгерістер заманында публицистиканың орасан зор мәнге ие болып отырғандығы да көпшілікке белгілі. Ал оның өз алдына дербес шығармашылық саласы екендігі де дау тудырмайды. Мұның өзі - тақырыптың зәрулігінің басты себебінің бірі.

Қазіргі уақытқа дейінгі қазақ публицистикасының зерттелуі негізгі екі бағытта жүргізіліп келді. Оның бірі жалпы журналистиканың құрамдас бөлігі ретінде публицистика тарихы, теориясы, тәжірибесіне арналған еңбектер.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы Журналистика мәселелерін әр жылдары зерттеген Қ.Бекхожиннің, Б.Кенжебаевтың, Т.Қожакеевтің, Ш.Елеукеновтің, Ү.Сұбханбердинаның, З.Тұрарбековтің, С.Имашевтің, С.Матвиенконың, Ә.Ыдырысовтың, Н.Омашевтың, С.Қозыбаевтың, Т.Ыдырысовтың, Қ.Әбілдаевтың, М.Арғынбаевтың, С.Масғұтовтың, Р.Сағымбековтың еңбектерінде де публицистика туралы жекелеген пікір-тұжырымдар кездеседі.

Қазақ публицистикасын зерттеудің екінші бағыты еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін жүзеге аса бастады. Бұл - көрнекті қазақ публицистерінің шығармашылығын монографиялық тұрғыдан қарастыру негізінде публицистиканы зерттеу. Осы ретте А.Байтұрсыновтың, М.Әуезовтің, С.Қожановтың, Б.Майлиннің, Ғ.Мүсіреповтің, Ә.Бөкейхановтың, Н.Төреқұловтың, С.Ерубаевтың, Х.Досмұхамедұлының, Ә.Әлімжановтың, О.Сүлейменовтің, К.Смайыловтың, С.Мәуленовтың, О. Бөкеевтің, Ш.Мұртазаның, Е.Букетовтің публицистік шығармашылығына қатысты еңбектер шоғырын айтуымыз керек.

Тәуелсіз публицистиканың сонар жолын қалыптастырған Оралхан Бөкеев жайлы жазушы Асқар Алтай Қарлыға Ибрагимоваға берген сұхбатында:

– Аға, сапар барысында Орағаңның көңіл күйі қалай болды жалпы?

– Керемет бір әсерде жүрді. Ресми жиындарда Орағаң тәуелсіздігін енді ғана алған еліміз жайлы әңгімелеп, жұрт алдында елдік мәселелерді көтерді. Үнділер мен қазақ халқының бір-бірімен табиғи ұқсастығын сөз етіп, үнділерге қазақтың саз сырнайын тарту еткені де есімде. Кешке театрға, әртүрлі кештерге барып тұрдық. Сонда бір қойылымның музыкасынан әсер алғаны соншалық, Орағаң диктофонына әлгі әуенді жазып алды. «Желтоқсан оқиғасы жайлы халықтың рухын көтеретін бір пьеса жазсам деп жүрмін. Мына музыка керемет екен», – деп балаша қуанған еді. 1993 жыл нарық қысып, қазақ ауылдарының жағдайы нашарлап жатқан кез болатын. Сол сапарда Орағаң: «Осыдан қазақ ауылдарының жағдайын елге барған соң премьер-министр Сергей Терещенкоға арнайы барып жеткізем. Сергейді жақсы танимын. Үкіметтің ауыл халқына мойын бұруына бағытталған нақты ұсыныстарды түртіп қойдым», – деген. Сол кездегі қазақ өкіметінің іс-әрекеті туралы көптеген батыл-батыл ойлар да айтты. Ұлттық, елдік, мемлекеттік мәселелерге көбірек тоқталып жүрді», - дейді. Оралхан Бөкеев публицистикасы – тәуелсіздікті арқау еткен публицистика!

Жазушы Ғаббас Қабышұлы «Гүл аңсаған ғұмыр» (67-143 б, Ғ.Қабышұлы, 2000) атты еңбегінде Өртұлға Бөкеев бейнесі арқылы Оралхан өміріндегі шындықты көрсетіп, оның рухани-адамгершілік қырларына баға берсе, Айкүміс - Айман арқылы шынайы махаббатты айқын суреттейді. Алға қойған мақсатына өзін-өзі тәрбиелеу, өз бетінше білім алу ізденімпаздығымен жеткен қаламгерді, шындық пен образдар қосуын, тұнып тұрған қабілеті мен талантын бағалап әдебиет сүюші қауым, зерттеушілер, қаламдас достары Оралханға «Кербұғы», «Мұзтау Мұзбалағы», «Өр Алтайдың күмбезі» деген атаулар беріп, биікке көтерді. Қысқа ғана ғұмырында туған жерін жанындай сүйген, оған мәңгі ғашық болып, сол ұлы махаббатын ақтық демі біткенше қағазға түсіріп өтті[19;136].

 

2.4 Оралхан Бөкеевтің публицистикасының өзіндік ерекшеліктері

 

Оралхан не жазса да, қанымен, жанымен жазған. Очерктің өзіне ол жаңа леп, әр қосып, көркем шығарма деңгейіне көтерген. Қайда да бояуы, эмоциясы, ағысы, өрісі - жалпы Бөкей стилі айдан анық, Құс жолындай сайрап жатыр.  Кұдай дарытқан, төгіліп тұрған тілі, ешкімге ұқсай бермейтін мінезі, интонациясы, эрудициясы, есіле сөйлейтін шешендігі, лирикалық шалқымалары, әдібі анық, иінің қанығы оны ешқашан тұйыққа тіремей, шүйгін өріске жетелеп отырады.  

Журналистік кәсіптің шырағын жиырма жасында жағып, Большенарым аудандық «Еңбек туы», облыстық «Коммунизм туы», «Лениншіл жас», «Жұлдыз», «Қазақ әдебиеті» басылымдарының қатардағы әдеби қызметкерлігінен Бас редакторына дейінгі 30 жыл, оны жазу өнерінің ат жалында ойнатқаны жұртқа мәлім. Онда өлі дүние жоқ, буырқанып, бұрсанып, ойнақшып, аунап-төңкеріліп жатқан мәңгі қозғалыстағы әлем, ағыс бар. Шығармаларындағы романтикалық сарын, сөзді қызықтау, төгілте баяндау сол толқынды қуған толықсып тұрған жайсаң табиғаттың, көзде, жүректе тұнған ғашықтық тілін тілсіз тілмен жырлаған әлем қойнауына енесің. Адам табиғатын да, табиғаттың өзін көру, сезіну үшін ақын жүрек, сыршыл да сезімтал көкірек, жан-дүние қажет. Байқап, байыптағанда, Оралханда шабытсыз бірде бір дүние кездеспейді. Уақыт, дәуір толғағы Оралханды толғандырса, толғанып кеткенде ол сол заманға дәру боларлық толымды туындыларын құйындай үйірілген шабыт үстінде төгіп тастап отырыпты. Ұлтын сүйген, Отанын сүйген намысшыл, сезімтал, секемшіл жүрек өзі өмір сүрген, жақсы-жаманды қызметтерін атқарған қоғамға көзсіз табынбай, коммунистік идеология аузына қақпақ қойып, кейде қуатты қаламды қаңтаруға мәжбүр еткен шақта да ебін тауып, жанын жегідей жеген, халық басынан төніп, тұқырып тұрған трагедияларды орайын келтіріп, тұспалмен, аллегориямен орап, ойлы жанның көкірек көзімен сезінуіне мүмкіндік жасады. «От басындағы екеу», «Біз қандай осы?», «Мезгіл әуендері», «Жұлдыз жауған түндер-ай», «Табиғат - өмір - адам», «Ұйқым келмейді», «Жылылық» мақалалары бейнелі, астарлы, әшекейлі фразеологизмдермен жасанып, оранып, ғылыми   дерек   көздері   көкірек   құлағына   сіңіп,   көбесі   сөгілмей   жатқан кейбіреулерді айтуға жүрексіндіріп жүрген үлкен проблемалар романтикалық атаулар желегін жамылған тақырыбымен-ақ оқырманға шашып-төгілмей жетіп, эстетикалық, философия, психологиялық, танымдық мәні күшті, кәусары жүрекке шымырлай сіңіп, «Біз қандаймыз өзі?» деген намысыңды қоздыратын уытты сұраққа жауап іздетеді.

Бөкей - заман келбетін адам келбетінен іздейтін нәзік суреткер. Сенека «Уағыз айтып, жақсылыққа жетелеуден гөрі, өнеге арқылы үйреткен жөн» [21;15]. - депті. Оралхан кейіпкерлері өнеге себеді. Олардың сан қилы тағдырлары шығарма бетінде тарамдана жол артып жақсылық пен жамандық, ездік пен өрлік, коғамдық болмыс пен тоғышарлық, дарқандық пен дүниеқоңыздық шығарма арқауындағы іштейгі тартыс уытын күшейтіп, санадағы қайшылықтарды тереңдете түседі. Рухани адамшылық тартыстар кейіпкерлерді ойлантуға, «біз не үшін өмір сүреміз, өмір сүрудегі мақсат не, біз қалай өмір сүруіміз қажет, қайткенде адам қалады адам болып, біз осы кімбіз?» - тәрізді жалпы адамзатты мазалап жүрген сауалдарға өз төңірегіндегі қайнап жатқан өмірден жауап іздеген.

«Қазақ әдебиеті» газетінің 1973 жылғы 2 наурызында жарық көрген «Өмірдін өзі - публицистика» атты мақаласында Оралхан былай деп жазады: «Ойлап отырсақ, өміріміздің өзі-шымыр қорытылған шар болаттай публицистика екен. Біздің әр күніміз еңбек әнімен басталып, жеңіс әнімен аяқталады, тіпті қазіргі замандастарымыз үшін күн мен түн жоқ, тек үнемі алға ұмтыла жосылған жорық бар. Әкелердің қаны мен тері сіңген туған жер, өскен елің түлетіп, еңбек симфониясымен иіту мақсаты әр жүрекке алау болып жағылып, жалау болып байланған. Ертегіні шындыққа айналдырған жүйрік уақытқа ілесіп, әр кезеңнің сипатын айнытпай жырлап отырар көркем публицистика-социалистік қоғамның көзі мен құлағы, бүтіндей болмысының лүпілінен танытар жүрегі де» [20;45].

Публицистиканың әр дәуірдегі өзгеше өзіндік орны мен мақсат бедерін бұдан айқын сипаттап берер жан кемде-кем.

Оралхан Бөкеев тек туған әдебиетінде ғана емес, сол ұзын сонар құс жолындай ізге дейін журналистиканың тарихында өзіндік қолтаңба қалдырды. Қарымды қаламгердің жалпы көркем сөз әлеміне келуіне септігін тигізген жазушы Шерхан Мұртазаның ағалық қамқорлығы ерекше әсер етті. Әр шығармасынан өзіндік қолтаңбасы аңғарылатын жас талантты «Лениншіл жас» газетінің бас редакторы Шерхан жұмысқа шақырып, бұлақтың көзін ашып, таланттың тұсауын кеседі. Бұл жөнінде Оралханның өзі былай деп жазады: «Қарғадай кезімде «Лениншіл жас» газетінде жарияланған үш-төрт очеркімді оқып, ауылда кәперсіз жүрген кезімде республикалық басылымға жұмыска шақырдыңыз. Университеттің үшінші-ақ курсында сырттай оқып жүргеніме қарамастан, ең бір қиын да жауапкершілігі үлкен бөлімдерді сеніп тапсырдыңыз».

Очерк тақырыбының өзі оқырманды ойландыруға шақырады. Автордың меңіреу құмнан мінез іздеуінің өзі - жаңалық. Қарымды қаламгердін өзі де жалпы көркем сөз әлеміне журналистика арқылы келгенін, кейбір очерктерінің кейін повестке айналғанын көрсетіп кетті: «Мені әдебиетке әкелген журналистика. Ауылда жүріп жазған материалдарым «Лениншіл жаста» үзбей жарияланып тұрды. Мысалы, өз басым Қызылқұм өңіріндегі шопандар ауылын біраз уақыт, дәлірек айтқанда, бірнеше күн аралағаным бар. «Құм мінезі» повесін жазғанымда сол сапарда көргендерім кәдеге жарады», «Құм мінезі» очеркі - Оралханның публицист ретіндегі тұғырын биік деңгейге жоғарылатқан шығарма болды[21;69].

Үгіт пен насихаттың әсерлі пішіні ретінде публицистикалық очерк үлкен өмірдің алғы шептегі барлаушы жанры болып қалыптасты. Осы барлаушы жанрды соны ізденістермен қайта жаңғыртқан Оралхан Бөкеев әйгілі «Құм мінезі», «Із екеу еді» атты очерктерімен танымал қаламгер атанды. «Із екеу еді» очеркі де-өзгеше өріс іздеген туынды. Мәлік атты зоотехник жігіггің бойындағы қайсарлық пен төзімділік қасиеттері арқылы көпшілікті тәрбиелейді. Ойлануға мәжбүр етеді. Мәліктің боранды күні малды аман алып қалуы, өзінің сүйген қызын төзімділікпен алты жыл күтуі, елдің қаңқу сөзіне құлақ аспауы секілді деталь, штрихтар, тіпті кейде ағысқа қарсы жүзген жанның өр, тәкаппар мінезін көрсететін тұтас эпизодтар арқылы жаңа адамның, ойлы адам бейнесін жасайды. Сөйтіп қазақ публицистикасы бұл жылдары жаңа идеялық, соны стильдік, көркемдік нақыштарымен баий түсті. Қазақ публицистикасының дамуында ұлттық психологиялық көркемдік бағыт айқындала бастады[21;69].

Жазушының прозасы мен драматургиясьшда қоғам өмірінің өзекті мәселелері, ар мен азаматтық алдындағы жауапкершілік, рух тазалығы, жаратылыс пен адам болмысы арасындағы ара-қатынас, адам мәселесі публииистикалық сарында өткір қойылғанын атап айтсақ артық болмас. Оралхан Бөкеевтің өзі: «Халықты қалқан тұтатындар бар, халыққа қалқан болатындар бар. Халықты қалқан тұтатындар әдетте «жасасын халық!» - деп ұран салады да, өзі сол халықтың ығына тығыла қалады. Ал халыққа қалқан болатындар үнемі алда жүреді. Еліне атылған оққа кеудесін төсейді. Халықты қалқан тұтатындар халықтың мойнына мініп алып, уралайды, биіктегісі келеді. Дәл халыққа қалқан болатындар халықтың аяғына үзеңгі болып, ел жұрттың еңсесін биіктеткісі келеді», - деп жазады[24;231].

Оралханның табиғат Жер-Анаға деген ыстық ықыласын әрбір шығармасындағы кейіпкерлерінен байқау қиынға соқпайды: «Неге екенін білмеймін, туған жер табиғатының осынау мол суреті жаныма жыр болып құйылып, күй болып төгілсе де көркіне бір тоя алмадым, тоймаспын да. Сұлулық атаулының таралар көзі туған жерім сияқты, жалт етіп келбетіне қараған сайын естен кетпес әсер, бойыңа нұрлы ләззәт аласың. Ауасын құшырлана жұтып, шәрбат суын қомағайлана сімірсем де шөлім қанып, көңілім тояттаған емес. Ұзағыраққа кете қалсаң аса іңкәрлікпен қатты сағынады екенсің, қайтып оралғаныңша дегбірің қалмайды. Туған жерің дертіңе шипа, көңіліңнің көркі реуіштес. Расында да солай шығар!?».

Тіршіліктің сұлулығында шек жоқ. «Мейлі жалғызсырайын, мейлі қар басып үсіп өлейін, мейлі азынаған қысқы өнірдің аш қасқыры жеп кетсін - ойыма алған дел-сал, ұйқысы-ояу қатал да қайырымсыз сапарға аттансам деймін. Өйткені, бұл менің кіндік қаны тамған туған жерімнің жетімсіреген бір пұшпағы».

Оралхан Бөкеев «Қазақ әдебиеті» газетінің 1973 жылғы 30 қарашада жарияланған «Ел мен Жер» атты мақаласында: «Аспанда отырып ойлаймын: қазіргі дәуірдің дамуын тек осы лайнер жылдамдығымен ғана салыстыруға келеді, не деген жойқын қуат, ғажап күш десеңізші. Адам миы Айға шабуыл жасады, адам миы ғаламдағы барлық планеталарды қаққылап ойнап, допша тебетін күн алыс емес. Әттең, сол адамның миы табиғатты қорғауға жетпеді», - деп Жаратқан иемнің жаратылысына аһ ұрып налиды. Десе де, оның да себебін өзінше ұғына отырып, өзіндік пайымын өзгеге жорамалдай отырып ұғынады. «Рас, табиғатты әркім өзінше түсінеді: балташы үшін-ағаш, балықшы үшін-су, аңшы үшін- аң-құс, альпинист үшін-шың, тіпті табиғатты Тереңкүреге барып сыра ішіп тұрғанда ғана тамашалайтын пенделер де бар. Шындығында, табиғат әркімнің өзі екенін ұға бермедік»,-деп ой түйеді.

Адамның парықсыздығының көрінісін осыдан артық қалай жеткізуге болады. Көңіл шіркін қадамын адымдап басқан сайын ауырып ұмытып, жеңіл де сергек ойға жетелейді. Адамның жалғанда жар болған жанына сүйеу болған табиғат-Анаға айтар алғысы әмәнда шексіз, телегей теңіз секілді. Сондықтан көңілге күй болып, жаныңнан жыр болып төгілген жауһар сөздердің тарихта естеліктей таңбалануы үшін әрбір қаламгер өз септігін тигізеді. Ол қаламгердің тек әңгіме, новелла, повестерінде ғана емес, қоғамның жаршысына айналған публицистикада да орын алуына негіз бар[17;69].

Информация о работе Публицистика