Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 10:22, дипломная работа
Зерттеудің өзектілігі. Ел егемендігін алып, демократия кең өрістей бастаған қоғамда, әлемдік қауымдастыққа ұмтылып, бәсекелестік өмір сүрудің басты шартына айналған бүгінгі өзгермелі дүние жағдайында адамның мәні мен әлеуметтік рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған сай рухани құндылықтар әлемі де түбегейлі жаңарып, адамның ақыл-ой қуаты мен интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңызы туралы қағидалар түбірімен өзгерді. ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы мәселеге айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғышарт жасауы қажет деген қағида берік орнықты.
Мектептің соңғы сатысы – жалпы орта білім беретін бейіндік мектеп – осыған дейін алған білімнің қорытындыланатын кезеңі. Бұл – білімнің біліктілікке ұласып, тілді оқытудың түпкі нәтижесінің көрінер тұсы. Бұл сатыда сөз мәдениетінің үш аспектісі – нормативтік, қатысымдық, этикалық аспектілері туралы және сөз мәдениетінің шыңы саналатын шешендік сөздің табиғаты, шешендік сөздердің түрлері мен пікірталас мәдениеті жайлы білімдер жүйеленген. Мұндағы мақсат – оқушының көпшілік алдында сөйлеу мәдениетін, пікірталас әдебін меңгерту, шығармашылық қабілеттері мен шешен сөйлеу дағдыларын дамыту. Соңғы сатыдағы тілдік білім мазмұнының “Сөз мәдениеті және шешендік“ болып аяқталуы осындай бірізділікке құрылған және қарапайым ұғымдар мен дағдылардан басталатын білімнің түпкі нәтижесінде оқушының өзіндік көзқарасының қалыптасуына, терең мазмұнды, жүйелі, дәйекті, мәнді сөйлей алуына әкелетін үйрену сатылары арқылы оқушы бойындағы қабілетті ашу міндеттерімен ұштасып жатыр. Декларативтік білімнен метакогнитивтік білікке (оқушының саналы шешім қабылдауы, сыни ойлауға қабілеттілігі, шығармашылыққа ден қоюы, т.б.) бағыт бұрған кезде білім мазмұнының осылай жаңаруы – уақыт талабы. Соған сай сөз мәдениетіне негіз қалайтын білім мазмұнын іріктеудің критерийлері етіп оқушының сөйлеу мәдениетін дамытуға бағыттылығы; қоғамдық-әлеуметтік сұраныммен үйлесімділігі; қазақ тілі пәнін оқытудың жаңа бағытына сәйкес келуі; оқушының сөйлеу қабілетін дамытуға база қалыптастыруы; оқытудың сапалық дегейін көтеруге бағытталуы; дамыта оқыту идеясына негізделуі; оқытудың интерактивтік әдістеріне басымдылық беруге қабілеттілігі; оқушының мүмкіндіктері мен мүддесін үйлестіруге бейімділігі белгіленді.
Бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұранымға сай дара тұлғаның тілдік қабілеттерін шыңдау, мәдениетті қарым-қатынас жасауға төселдіру, шешендікке баулу бағытындағы оқу материалдары екі бағдардың ерекшелігіне сай ұсынылады: жаратылыстану-математикалық бағдарлы мектепте базалық деңгейге лайықталған білім мазмұны жинақталып беріледі, ал қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқу материалдары күрделендіріліп, таратылып, тереңдетіледі.
Жинақтай айтқанда, жалпы білім беретін орта мектептерде әдеби тіл нормасы мен тіл мәдениетіне: 5-сыныпта – 8/8 сағат, 6-сыныпта – 10/10 сағат, 7-сыныпта – 14/12 сағат, 8-сыныпта – 4/4 сағат берілген. Ал, 9-сыныпта бөлінген 34 сағаттың барлығы да тіл мәдениетімен байланысты. Өйткені онда стилистика мен пунктуация тіл мәдениетімен бірлікте берілген. “Сөз мәдениеті” арнаулы пән ретінде оқылатын бағдарлы мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытында: 10-сыныпта – 68 сағат, 11-сыныпта – 68 сағат; математикалық-жаратылыстану бағытында: 10-сыныпта – 34 сағат, 11-сыныпта – 34 сағат бөлінген.
Сонымен, ағымдағы стандарттар мен оқу бағдарламаларындағы жаңашылдық сипаттар сөз мәдениетін оқытудың жаңа моделiн жасауда, пәндiк құзіреттіліктерді жүйелеуде тірек етiп алынды. Болашақта мектептiң әр сатысындағы нәтижелердi бiлiм аялары бойынша анықтау мақсаты қойылатындықтан, бiлiм нәтижесi де сөз мәдениетіне негізделген өмiрлiк дағдылар түрінде болуы тиіс деп тұжырымдалды.
Сөз мәдениетіне баулудың орта және жоғары сыныптардың жаңа буын оқулықтарындағы көрінісі диссертацияда толық айтылғандықтан, әр оқулықтағы сөз мәдениетіне қатысты материалдардың сандық және сапалық көрсеткіші ұсынылады. Негізгі сатыдағы 5-сыныптың “Қазақ тілі” оқулығындағы 414 жаттығудың 81 % -ында; 6-сыныпқа арналған “Қазақ тілі” оқулығындағы 369 жаттығудың 61 % -ында; 7-сыныпқа арналған “Қазақ тілі” оқулығындағы 317 жаттығудың 74 % -ында; 8-сыныпқа арналған “Қазақ тілі” оқулығындағы 171 жаттығудың 58 % -ында; 9- сыныптың “Қазақ тілі” оқулығындағы 218 жаттығудың 53 % -ында оқушының тілін дамытуға, тілін ұстартуға, сөйлеу мәдениетін дамытуға бағытталған өздік және шығармашылық сипаттағы тапсырмалар қамтылған. Тұжырымдай айтқанда, негізгі мектеп сатысындағы жаңа буын оқулықтарының дәстүрлі оқулықтардан басты ерекшелігі: біріншіден, олар оқушының тілдік білімі мен коммуникативтік біліктіліктерін қатар дамытуды көздей отырып жазылған; екіншіден, оқулықтарда тілі білімі, педагогика, әдістеме ғылымдарындағы соны өзгерістер, жаңа бағыттар қамтылған; үшіншіден, оқулықтарда оқушының сөйлеу қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамытуға байланысты жаттығулар жүйелі берілген; төртіншіден, сөйлесім компоненттері кешенді қамтылған; бесіншіден, оқушылардың танымдық, психологиялық ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар мол; алтыншыдан, оқушылардың сөз мәдениетін жетілдіруге қатысты өздік, шығармашылық сипаттағы тапсырмалар талапқа сай ұсынылған; жетіншіден, оқушының сөйлеу дағдыларын жетілдіруде мәтіндермен жүргізілетін жұмыстар кешенді берілген.
Сөз мәдениеті бойынша 2000 жылы жарық көрген 10-11-сыныптарға арналған “Қазақ тілі” оқу құралы – мазмұны да, табиғаты да жаңа саланы білім жүйесіне енгізуге бағытталған алғашқы еңбек. Ол қазіргі сөз мәдениетіне қатысты оқулықтардың бастамасы болып саналады.
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жалпы орта білім беретін мектептердің жоғары сыныптарындағы білім жүйесі бағдарлық сипатта құрылды. Оның білім мазмұны сөз мәдениетіне негізделді, оқу бағдарламалары түзілді, бағдарлы мектеп оқулықтары дайындалды. Жаратылыстану-математикалық бағыттың, қоғамдық-гуманитарлық бағыттың 10-11-сыныптарының оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері жарық көрді. Жаңа сипаттағы оқулықтар жаңа мазмұнға сай жаңа әдістемелік жүйелердің енгізілуімен, оқушылардың мәдени болмысын тіл арқылы дамытуға бағытталуымен, оқытудың жаңа технологияларының жеткілікті қамтылуымен, білім беруді құзіреттіліктерге қарай бейімдеуімен ерекшеленеді.
Үшінші тараудың “Сөз мәдениетін жаңа технологияларды тоғыстыра оқыту жолдары” атты екінші тармағында оқушының тілдік біліктерін жетілдірудегі инновациялық технологиялардың маңызы, оларды қолдану жүйесі қарастырылды. Жаңа заман талабына сай құзіреттіліктерді қалыптастыру пәннің мақсаты мен бiлiм нәтижесiн жалғастыратын компоненттерді дұрыс таңдауға тiкелей қатысты. Бұл қазiргi өркениеттi елдер тәжiрибесiнде жүзеге асырылып жатқан Нәтижеге бағдарланған бiлiм моделiне сәйкес келетiн оқыту технологияларын iрiктеудi қажет етедi. Педагогикалық технология – қойылған мақсатқа тиiмдi жолмен қол жеткiзудi қамтамасыз етушi жүйе, бiлiм мазмұнын жүзеге асырудың тәсiлi; мұғалім мен оқушының мүддесiне, олардың арасындағы толық үндесiмге негiзделген оқыту жүйесi.
“Технология”
ұғымы қазақ тіліндегі “
Сабақтың тақырыбы: Пікірталас мәдениеті. Қазіргі қоғамдағы пікірталастың мәні.
Сынып: 11 “а”
Сабақтың типі : кіріспе сабақ.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ.
Сабақтың мақсаты: Білімдік: оқушылардың пікірталас туралы дүниетанымын кеңейту, пікірталасқа қатысты тірек сөздерді меңгерту. Тәрбиелік: оқушыларды пікірталас мәдениетіне баулу, жаңа білім алуға мотивация туғызу. Дамытушылық: оқушылардың топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, олардың өз көзқарастарын дәйектеп, тұжырымдап айта алу біліктіліктерін жетілдіру.
Сабақтың формасы: топтық.
Сабақта қолданылатын әдістер: интерактивтік әдістер, талдау, түсіндіру, ой қорыту.
Сабақтың жабдығы: таратпа материалдар, АТ құралдары.
Сабақтың барысы:
“Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат”өлеңін тармақтарға бөліп, сол бойынша топтастырылды). 2) сарапшыларды тағайындау (2 мин.).
Кіріспе. (Сабақтың мақсаты, жоспары және тақырыптың маңызы туралы мұғалімнің сөзі ) (1 мин.).
1-тапсырма. “Пікірталас мәдениеті” дегенді қалай түсінесіздер? Осы ұғымды ашатындай ереже-анықтама құрап жазыңыздар (2 мин.).
Мақсаты: тақырыпты меңгеруге мотивация туғызу.
Бағалау критерийлері:
- оқушылардың термин сөз бен оның білдіретін мағынасын байланыстырып айта алуы;
- өз ойларын дәйектеп жеткізе алуы.
2-тапсырма. Сабақ тақырыбымен ұштастыра отырып, топтарыңызға ат қойыңыздар. Осы атты таңдау себептеріңізді дәйектеңіздер. Топ мүшелерін таныстырыңыздар (2 мин.).
Мақсаты: оқушылардың ассосациялық қабілеттерін шыңдау.
Бағалау критерийлері:
- оқушылардың ой жинақтап, пікірін дәйектей алуы;
- таныстыруға қажетті сөз этикетін дұрыс, жүйелі қолдана алуы.
3-тапсырма. Өздеріңіз күнделікті өмірден, БАҚ құралдарынан немесе мерзімді баспасөз беттерінен кездестіріп жүрген пікірталас түрлерін жазыңыздар (2 мин.).
Мақсаты: тақырыптың өмірмен байланысын таныту.
Бағалау критерийлері:
- мәселені өзара талқылау нәтижесінде ортақ түйін жасай алуы;
- өзіне таныс құбылыстарды саралап айта алуы.
4-тапсырма: Қазақ және орыс тілінде берілген пікірталас атауларын аудармасымен жұптап жазыңыздар (3 мин.). Экраннан “Сөзталас, круглый стол, ойталқы , полемика, айтыс, дебат, ойкөкпар, спор, пікірсайыс, дискуссия, дөңгелек үстел, диспут, айтыс” сөздері көрсетіледі.
Мақсаты: пікірталас түрлері атауларын меңгерту.
Бағалау критерийлері:
- термин сөздің мағынасын түсіне алуы.
(Оқушылар жауап берген соң, дұрыс жауап нұсқасы экраннан көрсетіледі).
5-тапсырма. Пікірталасқа қатысушыға қойылатын талаптарды оқып, олардың ішіндегі өздеріңіз ең басты талап деп санайтын біреуіне түсінік беріңіздер (3 мин.).
Мақсаты: пікірталас мәдениеті талаптарымен таныстыру.
Бағалау критерийлері:
- талаптардың мәнін түсінуі;
- өз ойларын дәлелдей алуы.
Айтыскерге қойылатын талаптар:
* тақырыптан ауытқымау;
*
өзіндік айқын көзқарастың,
* өзін-өзі дұрыс ұстай білуі;
* сөйлеу шеберлігі;
*
жоғары мәдениеттілік (сөзге
* қарсыласын да, аудиторияны да сыйлау, т.б;
* қара басының намысымен қатар ортақ пікірге деген мүдделілік;
* қарсыласына кезек беріп отыру;
* регламент сақтау.
6-тапсырма. Берілген сөз орамдарының қайсыларын пікірталас үстінде мүлде қолдануға болмайды деп санайсыздар? Себебін шешендікпен, сөз мәдениетімен байланыстырып түсіндіріңіздер (2 мин.).
Мақсаты: алған білімдеріне сүйеніп, пікірталаста қолданылатын сөз орамдарын талғай алуға үйрету.
Бағалау критерийлері:
- этикеттік сөз орамдарының мағынасын түсіне білуі;
- өз пікірлерін өткен материалдарды пайдалана отырып бекіте алуы.
1-топқа ұсынылатын сөз орамдары:
“Менің ойымша, Сіз бір нәрсеге мән бермей тұрған сияқтысыз”, “Сөзіңізді нақтылай түспес пе екенсіз...” “Бұлай деуге мүлде болмайды”, “Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні неде? ”
2-топқа ұсынылатын сөз орамдары:
“Сіздіңше, барлық шиеленіс біздің әрекетімізден басталады екен ғой... ” “Басқа пәле тілден” деген, байқап сөйлеңіз, әйтпесе...”, “Сөзіміз сұлу сарайдай, бірақ жылуы қандай? ” “Ойланайықшы...”
7-тапсырма. Серік Негимов пен Бернард Шоудың пікірлерін тірек етіп ұстанып және жоғарыда айтылған өз ойларыңызға сүйеніп, Демократиялық қоғамдағы пікірталастың маңызы туралы сабақ қорытындысын тұжырымдап жазыңыздар (3 мин.).
Информация о работе ФИлолог студенттердің шешендік шеберлігін жетілдіру