Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 10:22, дипломная работа
Зерттеудің өзектілігі. Ел егемендігін алып, демократия кең өрістей бастаған қоғамда, әлемдік қауымдастыққа ұмтылып, бәсекелестік өмір сүрудің басты шартына айналған бүгінгі өзгермелі дүние жағдайында адамның мәні мен әлеуметтік рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған сай рухани құндылықтар әлемі де түбегейлі жаңарып, адамның ақыл-ой қуаты мен интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңызы туралы қағидалар түбірімен өзгерді. ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы мәселеге айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғышарт жасауы қажет деген қағида берік орнықты.
Сөз – жібек жіп, жыр – кесте,
Айшығы айқын көрінбес,
Өрнексіз тігіп баттаса...- деген өлең жолдарында табиғатынан қоры бай, жүйелі, оралымды қазақ сөзінің бар мүмкіндігін қолдану үшін де үлкен талғампаздық, олардың ішкі үйлесімін тап басып тани алар көрегендік керек екені айтылады. Ал Шал ақын жырлаған сөздің жылылығы, шалқақтығы, тұтқырлығы, сұлулығы, жатықтығы, анықтығы – бүгінгі сөз шеберлігіне тән маңызды талаптар. Сондықтан сөз мәдениетін оқытудың философиялық негізін айқындауда ұлттық-танымдық тұжырымдар да оқушының интеллектуалдық әрі мәдени сапаларын дамытумен байланыста қарастырылды.
Екінші тараудың “Сөз мәдениетін оқытуда оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру” атты екінші тармағында бала психологиясына әсер ететін басты факторлар мен танымдық қабілет ерекшеліктері анықталып, соған сай оқыту үрдісін ұйымдастыру жолдары талданды.
Баланың дамуына ықпал ететін бірінші фактор – әлеуметтік орта. Бала тәрбиесіне ерекше әсерін тигізетін, бір-бірімен көп жағдайда сәйкесе бермейтін, кейде тіпті өзара кереғар келіп те қалатын үш қайнаркөз бар: 1) ата-ана мен мұғалімнің ақыл, нұсқау сипатындағы сөздері; 2) БАҚ-тағы сан алуан ақпараттар; 3) күнделікті өзі тығыз араласып жүрген ортадағы жағдай. Мұның ішінде соңғысының ықпалы күшті. Сондықтан сабақ үстінде оқушылардың өзара қарым-қатынасына оң ықпал ететін жұмыс түрлерін ұйымдастыру маңызды.
Екінші фактор – құндылықтардың жаңа сапаға ауысуы. Сан ғасырлар бойы ең тұрақты құндылық деп білім саналып келсе, ендігі жерде адамның білімділігіне қоса өзгермелі өмірге икемділігі, өзін-өзі дәлелдей алуы, өз пікірін кез келген ортада қорғай алуы, ой-тұжырымын өтімді етіп жеткізе алуы, т.б. қасиеттері де маңызды рөл атқарады. Яғни білім әлеуеттік күш қалпында қалмай, адамның өмірлік дағдыларының өзегі етіп алынуы, біліктілікті ұштаудың тетігіне айналуы қажет деген қағида білім беру үрдісін жаңартудың басты ұстанымы болып саналады. Сондықтан қазір жас ұрпақ қабілеттерін дамыту үрдісінде баланың бойында дара тұлғаға тән дүниетаным, әлеуметтік және адамгершілік нормаларына сәйкес қасиеттерді қалыптастыруға ерекше мән беріле бастады.
Психологтардың пайымдауынша, жас өспірімнің интеллектісі, даралық қабілеттері, әлеуметтік қатынастары өзгеше болады. Оның танымдық белсенділігі артады, талғамы өседі, қабылдау дағдысы жетіледі, логикалық есі мен ерікті зейіні тұрақтанады. Сондықтан негізгі сатыда оқушыға берілетін қазақ тілінің ғылыми жүйесі баланың дұрыс сөйлеуіне қажетті білімдерді тиянақтауы тиіс. Онда тіл туралы оқушы дүниетанымын кеңейтуге, олардың тілдік талғамын жетілдіруге іргетас қаланып, баланың бастауыш сатыда меңгерген сауаттылық дағдылары ғылыми пайымдауларға ұласады. Оқушының тілдік сезімі, танымдық қабілеті дамытылады, ойлау жүйесі шыңдалады.
Сөйлеу барысындағы тілдік құбылыстардың ерекшелігін таныта оқыту баланың логикалық ойлауына оң әсер етеді. Дәл осы ойлау жүйесінің дамуы, ең алдымен, оның теориялық ойлауын қалыптастыруға алғышарт жасайды. Бұл өз кезегінде оқушының рефлексиясын дамытады, яғни өз ортасындағы орнын тани бастауы оның өзіндік санасының қалыптасуына мүмкіндік береді. Жасөспірімге талдамалық сипаты басым жұмыстарды ұсыну, өзіндік ой қорытындыларын жасату тиімді. Психологиялық дамуындағы өзгеріс оның интеллектуалдық қабілетінің өрлеуімен байланысты. Мәселен, осы сатыда лингвистикалық дүниетанымды қалыптастыру нәтижесінде оқушының тілге деген қатынасы өзгереді, бұл оның оқу сапасына оң ықпал етеді.
Жасөспірім өзін-өзі тануға құштар болады. Олар үшін өз құрдастарымен қатынас аса маңызды факторға айналады. Осы кезеңде оқытудың интерактивтік әдістерін қолдануға басымдылық беріледі. Бала дамуының өзегінде өзара қарым-қатынастың маңызды болуы қазақ тілін оқытуда сөз мәдениетін жетілдірудің мүмкіндігін кеңейтеді. Сөз мәдениеті дағдылары оқушылардың өзара ой алмасу, пікірталастыру жұмыстарында өрістетіледі.
Жеткіншек кезең (14-18 жас арасы) – балалық пен ересек кезең аралығындағы “үшінші әлем”. Бұл жастағы басты әлеуметтік міндет – мамандық таңдау. Жалпы білім алуға енді мамандыққа бейімделу міндеті қоса жүктеледі. Сондықтан білім беруді реформалаудағы жаңашылдық жалпы білім беретін мектептің жоғарғы сатысын – 10-11-сыныптарды бағдарлы мектеп деп бөлуден анық көрінеді. Бұл – мектептегі демократиялық бағыттың нақты белгісі әрі қоғамның жас ұрпақ мүддесімен санасуының айқын дәлелі.
Жеткіншек
күрделі интеллектуалдық
Формальды-операциялық ойлауды дамытуда мәдени және әлеуметтік факторлар, әсіресе, білімдік деңгей үлкен маңызға ие. Ойлаудың бұл түрі жаңа ғылымдарды игеру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Жеткіншекке дайын ереже, дайын мысалдардан гөрі оқыған білімі негізінде өздігінен шешім жасау, өзіндік даралыққа қол жеткізу түріндегі тапсырмаларды орындау маңыздырақ. Бұл орайда сөз мәдениеті тақырыбындағы оқу материалдары оның осы қажетіне сай келеді. Өйткені ол тақырыптарда қатып қалған қағида, жалаң ереже жоқ, онда сапалы әрекетке бағыт беріледі, оның практикалық жағы түгелдей оқушының еншісіне қалдырылады. Жеткіншектің метакогнитивтік іскерліктері - өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі басқаруы қалыптасады. Олар өзіне, отбасына, ғаламға қатысты мәселелерді зерделік тұрғыда да, адамгершілік тұрғыда да талдаудан жүрексінбейді. Әлеуметтік, саяси және моральдық мәселелерді талқылап, өздерінше тұжырым жасауды қалайды. Сондықтан жоғары сатыда оқушыларға өзі киетін киімнен бастап ғарыш, ғалам мәселелеріне дейінгі аралықтағы тақырыптар ұсынылады. Анализ, синтез, теориялық жалпылау, дәйектеу мен дәлелдеу секілді интеллектуалдық операцияларды меңгеруге бейімділік осы жаста көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға, түрлі пікірталас түрлерінде, сөз мәдениеті аясындағы өзге де тақырыптар мен тапсырмаларда өз қабілетін танытуға мүмкіндік беретін жұмыстарды еркін орындауға жол ашады.
Екінші тараудың “Дара тұлғаға бағдарланған білім жүйесіндегі субъективтік қатынастардың сөз мәдениетімен сабақтастығы” деп аталатын үшінші тармағы оқыту процесіндегі субъективтік қатынастардың мәнін ашуға арналған. Оқушы – Оқушы, Мұғалім – Оқушы қатынастарында сөз мәдениетінің мәні арта түседі. Оқу процесі Субъектінің құбылысты жеке Мендік тұрғыдан бағалауынан басталады. Әрине, бағалау деңгейіне жеткенге дейін әрбір жеке МЕН өзінің даму, қалыптасу жолынан өтеді. Мәселен, оқушы сөзді құндылық деп тану үшін оның ойды жеткізудің, өзгелермен қарым-қатынас жасаудың құралы екендігін түсінуі, оның өз өміріндегі маңызын танып, мәніне бойлауы керек. Сонда ғана сөз ол үшін қатынас құралы болумен бірге өміртанымның, моральдың негізіне, руханилыққа айналады. “Руханилық –адамды адам ететін, оны қозғалтушы, дамытушы күш. Руханилық – барлық Әлемге эквивалентті адамның Универсуммен үйлесімділігі”,- деп тұжырымдайды философ І.Ерғалиев [22,82 б.]. Тілде халықтың танымы, оның психологиясы, әдет-ғұрпы, дүниеге қарым-қатынасы, бүкіл мәдениеті көрініс табатындықтан, оқушы бойына ол қасиеттер тіл арқылы сіңеді.
Оқушы-Оқушы байланысын қазақ тілі сабақтарында үнемі назарда ұстап, олардың бір-бірімен сөйлесуіне, пікірлесуіне, ой таластыруына қажетті жағдайларды жасау мұғалім шеберлігіне байланысты.
“Оқушы-Педагог” қатынасында оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту үшін тіл пәнін оқытатын педагог бойында мынадай сапалық қасиеттер болуы шарт: а)сезімталдық; ә) құрметтеу сезімі; б) шынайылық; в) қарым-қатынас әдебі. Мұғалімнің зерттеушілік және фасилитаторлық қызметке бейімділігі зор маңызға ие. Оқу үрдісіндегі педагогтің міндеті – оқушыға шынайы қатысым мәдениетін сезіндіру, тілдік қабілеттерінің дамуына қажетті алғышарт қалыптастыру. Асылында, “тіл мәдениеті деген ұғым тілдің тек мәдениетке қатысты екенін аңғартпайды, тілдік тәсілдердің кемелдену, ширау, жүйелеу дәрежесінің қандай екенін меңзейді. Сондықтан сөйлеудегі, жазудағы, тіл жұмсаудағы өнегелі үлгілер, сауаттылық, айқын ойлылық, ізеттілік тіл мәдениеті деген ұғымды құрайды” [4,19 б.].
Бұл тараудың соңғы тармағы “Сөз мәдениетін оқытудың дидактикалық ұстанымдары” деп аталады. Қазақ тілін оқытудың мақсатына сай дәстүрлі дидактикалық ұстанымдар, мысалы, пәннің білім мазмұнына қатысты теория мен практиканың байланысы, ғылымилық, қатысымдық, жүйелілік, өмірмен байланысы ұстанымдары; білімді меңгерту мен ұйымдастыруға байланысты оқушының жас және психологиялық ерекшеліктерін ескеру, коммуникативтік, сөз бен істің бірлігі, әрекеттілік, проблемалылық ұстанымдары алынды. Ал, сөз мәдениетінің оқытылу ерекшелігіне сай білімді ізгілендіру (білім берумен қатар ізгілікке, әдеп пен адамгершілікке баулу), білім беруді әлеуметтік сұраныспен сәйкестендіру (жаңа қоғам қажеттеріне сай мазмұнды анықтау), метакогнитивтік білікті дамыту (оқушының саналы шешім қабылдауына, сыни ойлауға қабілеттілігіне, шығармашылыққа ден қоюына бағдарлай оқыту), білімді интеллект дамытудың қайнар көзі ретінде игерту (білімнің танымдық және тағылымдық сипатына бірдей мән беру), эмоционалдық әсерлілікті күшейту (оқушының ішкі сезіміне қозғау салу), тілдік сезімді дамыта оқыту (пәннің мәдени құндылық бағдарын күшейту), тілдік талғам қалыптастыра оқыту (көркем, сұлу сөйлеуге ұмтылдыра оқыту), түпкі нәтижеге бағдарлай оқыту (сабақтың мақсаты мен соңғы нәтижесін сәйкестендіру), сөйлесім әрекеті компоненттерін кешенді қамти оқыту, оқытудың табиғилық ұстанымы (білім игертуді оқушы өміріне негіздеу), оқытудың ширақ, жігерлі, қызу болу (оқушының белсенділігі мен мотивациясын арттыра оқыту) ұстанымдары жетекші рөл атқарады. Бұл ұстанымдар бойынша сөз мәдениеті аясында ұсынылатын оқу материалдары оқушының өмірлік дағдыларына, ұғым-түсініктеріне база қалыптастыру үшін бір бүтін құрылымдық жүйеге сәйкес келтірілді. Яғни оқу материалдарында танымдық, мотивациялық , коммуникативтік, психологиялық, эстетикалық, моральдық, эмоциялық факторларды біртұтас, толық қамти отырып оқыту ісінде оң нәтижелерге қол жеткізілетіні тұжырымдалды.
“Сөз мәдениетін оқытудың жаңа әдістемелік жүйесі” атты үшінші тараудың “Сөз мәдениетіне қатысты білім мазмұнының құрылымы” аталатын тармағында сөз мәдениеті аспектілерінің білім мазмұнында қамтылу жайы қарастырылады.
Жалпы орта білім жүйесінде қазақ тілі пәні ана тілі ретіндегі мәнімен, қоғамдық-әлеуметтік маңызымен, дара тұлғаға басқа пәндерді тану құралын меңгертетін рөлімен дараланады.
1995-96
жылдары отандық білім беру
тарихында алғаш рет мектеп
пәндері бойынша жалпыға
Бұл бiлiм стандарты – бiлiмдi жеке тұлғаның дамуына сәйкестендiру бағытындағы жаңа және алғашқы ұмтылыс нәтижесi. Өйткенi онда өркениеттi елдердiң бiлiм жүйесiмен үндес, оқушының сөз мәдениетін, тілдік дағдыларын қалыптастыруға қатысты жаңа идеялардың iргетасын қалауға қадам жасалған.
Стандартта
“қолданбалы пәндiк iскерлiк” негiзінде
дәстүрлi бiлiм мазмұнына iс-әрекеттiк
сипат дарыту және оны қоғам дамуы
өзгерiстерiне бейiмдеу басшылыққа алынған.
Бұл идеялар оқушының қатысымдық
қабілеті мен мәдени-құндылық бағдарын
күшейту арқылы ана тiлiнiң жетекшi қызметiн
арттыруға негiз қалаған. Әйтсе де,
бiлiм мазмұнын түбегейлi өзгертуге мынадай
себептер кедергi жасаған: 1. Стандартта
оқушыға білім беру идеясы басым болғандықтан,
ол жалпы бiлiм берудi реттеушi ресми
құжат деңгейiнде қалған. 2. Стандарт ғылым
негiздерiн меңгертетiн жеке пән бойынша
жасалғандықтан, онда сөз мәдениетімен
байланысты түйiндi құзіреттіліктер айқындалмаған.
3. Өтпелi кезеңде жасалған бұл құжатта
дәстүрлi оқыту үрдiсiне, пән мұғалiмдерiнiң
кәсiби деңгейiне салмақ түсіретін жаңа
талаптарды толық шешу мүмкiн болмаған.
Оқу бағдарламалары бойынша мектептің негізгі сатысында қазақ тілі пәнінен оқушылардың теориялық ойлауы мен лингвистикалық дүниетанымын дамыту көзделген. Сонымен қатар теориялық білімнің тілдік дағдыларға база ретінде қызмет етуіне мүмкіндік молайған. Оқушының эмпирикалық ойлаудан теориялық ойлау деңгейіне көтерілуі білім нәтижесі болып саналады. Оқушының сөйлесім дағдыларын дамыту тіл білімі салалары бойынша сатылап, олардың өзара сабақтастығына негізделіп жүргізілген. Жаңа мазмұндағы өзгеріс теориялық материалдардың берілу жүйесінде де, олардың меңгертілу үрдісінде де нақты көрініс тапқан. Мәселен, оқушының сөйлеу әрекеті ұғымының аясында айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім өзара тығыз бірлікте қарастырылатындықтан, тілдік білімнің практикалық мәніне басымдылық берілген. Мұндай ұстаным қазақ тілі сабақтарында СӨЗ атты ең маңызды тілдік бірлікті базалық білімнің тұтқасы ретінде алуға себеп болған. Өйткені тіл білімі салаларының барлығының ортақ объектісі бола алатын тілдік бірлік – сөз. Негізгі сатыдағы тіл туралы білімдер лингвистикалық дүниетаным қалыптастыруға бағытталған. Білім мазмұны сөздің мағынасын қарастыратын лексикадан басталып, фонетика, сөзжасам, морфология, синтаксис, стилистика, пунктуация болып түзілген. Ал әр сынып “Әдеби тіл және мәтін“ тарауымен басталып, “Тіл мәдениеті“ тарауымен аяқталып отырады. Бұл оқушының сөз мәдениетіне қатысты ұғымдарды жүйелі меңгеруін қамтамасыз етеді. Сөйтіп, негізгі сатыдағы білім жүйесі бастауышта меңгерген сауаттылық дағдыларына табан тіреп, келесі сатыдағы сөз шеберлігіне база қалыптастырады.
Информация о работе ФИлолог студенттердің шешендік шеберлігін жетілдіру