ФИлолог студенттердің шешендік шеберлігін жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 10:22, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Ел егемендігін алып, демократия кең өрістей бастаған қоғамда, әлемдік қауымдастыққа ұмтылып, бәсекелестік өмір сүрудің басты шартына айналған бүгінгі өзгермелі дүние жағдайында адамның мәні мен әлеуметтік рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған сай рухани құндылықтар әлемі де түбегейлі жаңарып, адамның ақыл-ой қуаты мен интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңызы туралы қағидалар түбірімен өзгерді. ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы мәселеге айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғышарт жасауы қажет деген қағида берік орнықты.

Работа содержит 1 файл

Дипломка.doc

— 363.00 Кб (Скачать)

   Зерттеудің  әдіснамалық негізі ғалымдардың сөз мәдениетіне қатысты жасаған тұжырымдарын талдаудан, сөз мәдениетін оқытудың қағидаларын жүйелеуден; сөз мәдениетін меңгертуге қатысты лингвомәденитанымдық, лингвокогнитивтік заңдылықтардың жиынтығынан тұрады. Сөз мәдениетін меңгертуде лингвистикалық, психологиялық, педагогикалық, дидактикалық, әдістемелік ілімдердің жылдар бойы қалыптасқан жетістіктерін тиімді пайдалану зерттеу жұмысының әдістанымдық негіздерін құрайды. Атап айтқанда, тіл біліміндегі сөз мәдениетінің түп қазығы тілдік тұлға болуға тиіс деген антропоцентристік парадигма, философиядағы адамның мәні, дамуы туралы ілімдер, мәдениеттанудағы “мәдениет – тұлға деңгейін көтеру құралы” деген тұғырнамалық идея, білім мазмұнының Мәдениет –Білім – Тарих макромоделіне қатысты қағидалар басшылыққа алынды.

   Зерттеудің  әдістері. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық-әдістемелік негіздерін айқындауда сараптау, ой қорыту, жалпылау әдістері; экспериментті ұйымдастыру кезеңінде үлгі нысананы таңдау, тікелей, қосалқы, ұзақ мерзімдік бақылау, салыстырмалы әдістер, сауалнама, әңгіме, диагностикалық әдістер; зерттеу нәтижелерін қорытындылау барысында аналитикалық әдістер: талдау, қорыту; ақпаратты өңдеу әдістері: эксперименттік мәліметтерді сапалық және сандық тұрғыда сараптау, модельдеу,  жинақтау әдістері қолданылды.

   Эксперименттік  база негізінде Алматы қаласындағы №159, 147, 52, 12 мектептер, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек би ауданы “Боралдай” орта мектебі, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясына эксперименттік база ретінде бекітілген республиканың әртүрлі аймақтарындағы 77 тірек мектеп, Алматы қалалық, облыстық және Республикалық мамандар кәсібін дамыту институты алынды.

   Зерттеу жұмысының кезеңдері:

   1. Бірінші кезеңде (1999-2001) жалпы білім беретін мектептерде қазақ тілі сабақтарында сөз мәдениетін жетілдіру, оқушылардың сөйлесім дағдыларын дамыту бағытындағы жалпы тенденцияларды айқындау мақсатында мұғалімдермен, оқушылармен сауалнамалар жүргізіліп, мұғалімдердің озық тәжірибелері сараланды, мектеп бағдарламалары мен оқулықтарына талдау жасалды. Оқушылардың сөз мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздерін айқындау үшін отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу тақырыбына сәйкес еңбектерімен танысып, оларға талдау жасалып, болашақ зерттеудің негізгі бағыттары мен тұғырлары нақтыланды.

    2. Екінші кезеңде (2002-2005) зерттеу жұмысының негізіне алынатын қағидаттар, жетекші идеялар айқындалды; мектептің негізгі және жоғары сатыларында сөз мәдениетін оқытудың басым бағыттары белгіленді; жалпы білім беретін орта мектептерде сөз мәдениетін оқытудың ұстанымдары, білім мазмұнының біртұтас құрылымы сараланды, оны оқытудың кешенді, жүйелі әдістемесі жасалды; сөз мәдениетін оқытуға арналған жаттығулардың типологиясы жасалды, сөз мәдениетін меңгертудің тиімді жолдары мен амал-тәсілдері қалыптастырушы эксперимент арқылы сынақтан өткізілді; сөз мәдениетінен оқу бағдарламалары, оқулық және оқу-әдістемелік кешен даярланып, тәжірибелік байқаудан өткізілді.

   3. Үшінші кезеңде (2005-2007) зерттеу нәтижелері бір жүйеге түсіріліп, жинақталды, қорытындыланды: сөз мәдениеті бойынша білім мазмұны нақтыланды; мектептің негізгі және жоғары сатыларында оқушының сөз мәдениетіне негізделген білім, білік, дағдылары құзыреттіліктер түрінде айқындалды; білім сатылары бойынша сөз мәдениетін оқытудың кешенді тапсырмалар мен жаттығуларға негізделген әдістемесі жасалды; қазақ тілінің білім  стандарттары, оқу бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендері жетілдірілді; бақылау және қалыптастыру эксперименттерінің нәтижелеріне сандық және сапалық талдау жасалып, сөз мәдениетінің оқушының тұлғалық деңгейін көтерудегі маңызы мен рөлі дәйектелді.

   Зерттеудің  ғылыми жаңалығы:

   - қазақ тілін оқыту әдістемесінде  алғаш рет сөз мәдениетін оқытудың  ғылыми-әдістемелік негізі жасалды,  оның басты мақсаты оқушының  ойлау, сөйлеу, қарым-қатынас мәдениетін дамыту нәтижесінде өмірлік дағдыларын қалыптастыру екендігі дәйектелді;

   - сөз мәдениетін оқытудың әдістемелік  жүйесін сараптау барысында ғылымдардың  дамуына өзек болып отырған  жаңа парадигмалар тоғысындағы  сөз мәдениетінің мәні көрсетіліп, оны оқыту ұстанымдары  ғылыми негізделді;

   - жалпы білім беретін орта мектептерде  сөз мәдениетін оқытудың мазмұндық-құрылымдық  жүйесі жасалды; мектеп сатылары  бойынша оқылатын сөз мәдениетінің  аспектілері нақтыланды, олардың  қазақ тілі пәнінің білім мазмұнындағы  орны мен маңызы сараланды;

   - сөз мәдениетін оқыту барысында күтілетін білім нәтижелері ақпараттық, проблеманы шешу, коммуникативтік құзіреттіліктер түрінде белгіленді; оқушының жеке тұлғалық қабілетін дамытудың тетігі ретінде жаңа мәдени-танымдық құзыреттілік анықталып, оның аспектілері, күтілетін білім нәтижесі ретіндегі мәні ғылыми дәйектелді;

   - инновациялық технологиялар тоғысында сөз мәдениетін оқытудың әдістемелік жолдары жүйеленді; сөз мәдениетін дамытуға арналған жаттығулардың типологиясы ұсынылды, белсенді әдістер мен амал-тәсілдердің тиімділігі тәжірибе арқылы көрсетілді;

   - жалпы білім беретін мектепте  сөз мәдениетінің оқыту жүйесі  мен сөз мәдениетін меңгерген  дара тұлға модельдері ұсынылды;

   - пікірталас мәдениеті бойынша  ғылыми терминдер жасалып, айналымға енгізілді;

   - жалпы білім беретін мектептерде  сөз мәдениетін оқыту оқушының  тілдік, қатысымдық, этикеттік және  әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға, дара тұлға мәдениетін жетілдіруге  жағдай жасайтынын дәйектеген  ғылыми-әдістемелік жүйенің тиімділігі эксперимент арқылы тексеріліп, дәлелденді.

   Зерттеудің  теориялық маңыздылығы. Жұмыс нәтижелері әдістеме, педагогика ғылымдары теорияларын жетілдіруге, сөз мәдениетін оқытуды одан әрі кеңейтіп зерттеуге мүмкіндік жасайды. Зерттеу нәтижелері жалпы білім беретін мектептердің негізгі және бағдарлы сатыларында қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық негізін байытуға, оны жаңа уақыт талабымен сабақтастықта дамытуға ықпал етеді. Зерттеу жұмысында айқындалған сөз мәдениетін меңгертудің ғылыми-теориялық негіздемелері жалпы білім беретін орта мектептегі қазақ тілінің оқу бағдарламалары мен оқулықтарын негіздеу кезінде, ал сөз мәдениеті бойынша анықталған құзыреттіліктер қазақ тілінен күтілетін білім нәтижелерін нақтылауда пайдаланылуы мүмкін.

   Зерттеудің  практикалық маңызы. Зерттеу қорытындылары жалпы білім беретін орта мектептерде сөз мәдениетін оқыту сапасын жетілдіруге, педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды даярлайтын арнаулы курстардың мазмұнын толықтыруға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысын мектеп мұғалімдеріне, аспиранттар мен ізденушілерге көмекші құрал ретінде пайдалануға болады

      Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес ұсынылған жаттығулар мен тапсырмалар кешені оқушылардың тұлғалық қасиеттерін, адамгершілік сапаларын жетілдіруге жол ашады.  Зерттеу тұжырымдарының оқу құралдары мен әдістемелік нұсқаулар дайындауда, оқулық пен оқу-әдістемелік кешен даярлауда, сабақ әзірлемелерін жасауда қолданылу мүмкіндігі оның практикалық маңызын танытады.

      Алынған ғылыми нәтижелердің сенімділігі мен нақтылығы зерттеу негізі етіп алынған теориялық   қағидалардың әдіснамалық тұрғыдан сараланып талдануымен бекітіледі. Сонымен қатар зерттеудің мақсатына, алға қойылған міндеттеріне сәйкес қолданылған зерттеу әдістерінің ұтымдылығы мен солар арқылы қол жеткізген нәтижелердің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерде ұсынылған сөз мәдениетін оқытудың әдістемелік жолдары арқылы республика мектептерінде қазақ тілі пәнін сапалы өткізуге ықпал етіп отырғаны зерттеудің сенімділігіне кепілдік етеді.

      Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

     - сөз мәдениеті бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұранысқа жауап бере келіп, мектеп түлегінің  міндетті түрде меңгеріп шығуы тиіс білімі мен білігінің түпкі нәтижесі болып табылады. Сөз мәдениетін оқыту бәсекелестікке бейім тұлғаның бойында өмірлік дағдылардың қалыптасуына жол ашады. Тіл адамдық сапаның көрсеткіші болғандықтан, сөз мәдениеті мәселесі, алдымен, тұлғалық қасиеттерді қалыптастырумен шектеседі;

      - жалпы білім беретін мектептерде сөз мәдениетін оқыту арқылы оқушының сөз мәдениеті туралы білімі жүйеленіп, ол туралы ұғымдары қалыптасады. Сөз мәдениеті туралы ұғым қалыптастыру оқушының ішкі мүддесімен қабысатын оқу үрдісін ұйымдастыру нәтижесінде жүзеге асады. Сөз мәдениеті аясындағы білім оқушы бойындағы ойлау, пікір айту, пайымдау қабілеттері мен эстетикалық сезімді дамытуға жол ашады;

      - сөз мәдениетін оқыту қазіргі ғылым дамуына өзек болып отырған жаңа парадигмалардың тоғысынан туындап, тілдің мәдениетпен, тарихпен, рухани құндылықтармен байланысының тереңдеуіне мүмкіндік береді, сөйтіп, күтілетін білім нәтижесі ретінде оқушы бойында коммуникативтік, проблеманы шешу, ақпараттық құзіреттіліктерге қоса мәдени-танымдық құзіреттілікті қалыптастырады;

      - сөз мәдениетінің нормативтік, қатысымдық, этикеттік аспектілері мен сөз мәдениетінің шыңы саналатын шешендік сөздерді мектептің негізгі және жоғары сатыларының білім мазмұнында нақты саралап беру, онда ұлттық және жалпыадамзаттық әдеп нормаларын ұштастыру оқушының мәдени- интеллектуалдық әлеуетін көтеруге мүмкіндік береді;

      - оқушыға сөз мәдениетін меңгерту жалпы білім беретін мектептің білім сатылары бойынша өзара сабақтастықта бірізділікпен жүзеге асырылады. Негізгі сатыда оқылатын тіл білімі салалары әдеби тіл нормасына негізделіп, оқушының сөз дұрыстығын, жоғары сатыда сөз мәдениеті, шешендік сөз, пікірталас мәдениеті бойынша ұсынылатын оқу материалдары сөз шеберлігін қалыптастыруға бағытталуы тиіс; 

      - оқушының сөз мәдениетін қалыптастыруға бағытталған әдістемелік жүйе дидактиканың дәстүрлі ұстанымдарымен қатар сөз мәдениетін оқытудың арнайы ұстанымдары негізінде жүзеге асырылғанда оң нәтиже береді; 

      - сөз мәдениетін меңгертуде оқытудың инновациялық технологияларын тоғыстыра қолдану қажет. Сөз мәдениетін оқытуда дамыта оқыту, ізгілендіре оқыту, жобалау технологиясы, сыни тұрғыдан ойлау, тұлғалық  бағдарлы оқыту, оқу  және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, т.б. технологияларды кіріктіре қамтуға мүмкіндік мол;

      - сөз мәдениетін меңгертуге арналған жаттығулар мен тапсырмаларды оқушының мүмкіндігі мен мүддесіне сай кешенді қамтыған жағдайда ғана мектептің негізгі және жоғары сатыларында оқу сапасын арттыруға ықпал етеді.  Ортологиялық және әлеуметтік-қатысымдық іскерліктерді жетілдіру жаттығулары мен тапсырмалары тілдік дағдыларды қалыптастыру қызметіне қарай тіл дамыту, тіл ұстарту, сөз мәдениеті бағытында; мазмұндық сипатына қарай ізденімдік, проблемалық, шығармашылық болып сараланып, оқыту мақсатына сай өзара байланыста жүргізілуі тиіс.

      Жұмыстың талқылануы мен жариялануы. Зерттеудегі негізгі ойлар, диссертацияның мазмұны, ондағы негізгі тұжырымдар халықаралық және  республикалық ғылыми-практикалық конференцияларда жасалған баяндамаларда талқыланған. Қадағалау және аттестаттау Комитеті бекіткен тізімдегі республикалық басылымдарда жарияланған. Республикалық және Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстық және Алматы қалалық кәсіби мамандар біліктілігін арттыру институттарында мектеп мұғалімдері мен әдіскерлерге оқылған дәрістерде баяндалған. Диссертация жұмысы Абай атындағы ҚазҰПУ-дің қазіргі қазақ тілінің теориясы мен әдістемесі кафедрасының және Диссертациялық кеңес жанынан құрылған әдістемелік семинардың кеңейтілген мәжілісінде талқыланған.

      Диссертация бойынша 1 монография, 2 мемлекеттік білім стандарты, 5 оқу бағдарламасы, 3 оқулық, 6 оқу құралы, 4 оқу-әдістемелік құрал, 29 ғылыми мақала жарияланды.

      Диссертацияның құрылымы мен мазмұны. Диссертация кіріспеден, төрт тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

   НЕГІЗГІ БӨЛІМ

      Диссертациялық жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігі, зерттеу нысаны, пәні, мақсаты мен міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, жетекші идея мен зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы көрсетіліп, қорғауға ұсынылатын қағидалар мен еңбектің теориялық, практикалық маңызы тұжырымдалған.

      Диссертацияның “Жалпы білім беретін орта мектептерде сөз мәдениетін оқытудың теориялық негіздері” деп аталатын бірінші тарауы төрт тармақтан тұрады. “Сөз мәдениетінің зерттелу жайы” атты бірінші тармақта сөз мәдениетінің қалыптасу тарихына шолу жасалады. 

      “Мәдениет” ұғымына батыс еуропалық әдебиеттерде 400-ден астам анықтама берілуі оның күрделі әрі өзекті мәселе екенін дәлелдейді. Әйтсе де барлық анықтамалардың түйісер нүктесінде мәдениет адамның рухани әлемінің, қатпары мол, қабаты қалың, жұмбақты болмысының, әдеп пен саналылық деңгейінің көрсеткіші деп тұжырымдалады.

Информация о работе ФИлолог студенттердің шешендік шеберлігін жетілдіру