ФИлолог студенттердің шешендік шеберлігін жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 10:22, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Ел егемендігін алып, демократия кең өрістей бастаған қоғамда, әлемдік қауымдастыққа ұмтылып, бәсекелестік өмір сүрудің басты шартына айналған бүгінгі өзгермелі дүние жағдайында адамның мәні мен әлеуметтік рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған сай рухани құндылықтар әлемі де түбегейлі жаңарып, адамның ақыл-ой қуаты мен интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңызы туралы қағидалар түбірімен өзгерді. ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы мәселеге айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғышарт жасауы қажет деген қағида берік орнықты.

Работа содержит 1 файл

Дипломка.doc

— 363.00 Кб (Скачать)

   Бағалау критерийлері оқушыларға алдын-ала  таратылды. Онда жұмыстың тақырыпқа  сай болуы; мазмұнының ашылуы; ауызша баяндалуы; этикеттік орамдарды  орынды қолдана алуы, сұраққа жауап  бере алуы бағалануы тиіс болды. Ең үздік жұмысты таңдау оқушылардың өз үлесіне қалдырылды. Жұмысты орындау кезінде оқушылардың қатысымдық, этикалық мәдени дағдылары қалыптасты. Атап айтқанда:

   1. Оқушылардың сөз этикеттерін қолдану әдептері жетілді.

   2. Слайдтардың көмегімен өз ойларын кеңейтіп айтуға үйренді.

   3. Жүйелі сөйлеуге төселді.

   4.Тосын  сұрақтарға ауызба-ауыз жауап  беруге дағдыланды.

   5. Ойын белгіленген уақытқа сыйғызып  сөйлеуге үйренді.

   6. Бір-бірінің жұмысына объективті баға беруге үйренді.

   7. Шығармашылық және өздік жұмыстарды орындауға мотивация туды.

   Құзіреттіліктер тұрғысынан қарастырғанда: 1. Оқушылар алдына қойылған проблеманы өздіктерінен шешуге үйренді. 2. Тақырыпқа қажетті ақпарат көздерін таңдауға, оларды саралап қолдануға, алған мәліметтерді жүйелеп, қорытуға, өз мақсатына лайықтап жұмсауға үйренді. 3. Тақырыпқа өзгелерді қызықтыруға, өз пікірлерін қорғауға, ойын түсінікті әрі дәйекті етіп айтуға үйренді. 4. Әр халықтың тілі оның танымының айнасы екенін пайымдады.

   “Сөз  мәдениетін оқытудағы  топтық жұмыс түрлері” атты үшінші тармақта оқушылардың сөйлесім әрекетін дамытуға бағытталатын, олардың әлеуметтік дағдыларын жетілдіретін жұмыс түрлері жіктелді. Сөз мәдениетін  меңгертуде дербес жұмыстар үлкен маңызға ие. Дегенмен, оқушылардың қатысымдық және әлеуметтік дағдыларын шыңдайтын жұптық, топтық, ұжымдық жұмыстарды қолдану өте тиімді. Бұл жұмыстар жасөспірімнің де, жеткіншектің де жас және психологиялық ерекшеліктерімен толық сәйкес келеді. Мысалы, топтық жұмыста, біріншіден, оқушының өз ортасымен тығыз араласуына қажетті жағдай туады. Екіншіден, әр оқушыдан топтың намысын қорғау талап етіледі. Жеке оқушының жауабына бүкіл топтың жауапкершілігі жүктеледі. Ол өз сөзін өтімді, дұрыс, шебер құруға ұмтылады. Үшіншіден, топтық жұмыс балалардың өзін де, өзгені де объективті бағалауына жол ашады. Төртіншіден, топта бала өз орнын иемдену үшін өзгелермен дұрыс қарым-қатынас орнатуға мүдделі болады. Бұл өз кезегінде оқушының сыпайы қатынас жасауына, сөзді орынды жұмсауына қажеттілік тудырады.

   Топтық  жұмыстар ойкөкпар, пікірсайыс, рөлдік ойындар, тренингтер түрінде, ал ұжымдық жұмыстар дөңгелек үстел, ойталқы, пікіралмасу, іскерлік ойын арқылы жүргізілді. Онда оқушылардың өзара сын айту мен оны қабылдау деңгейі өсті. Нәтижесінде олардың интеллектуалдық қабілеттері дамыды, қатысымдық құзіреттілігі жоғарылады: жеке тұлғалар арасындағы қақтығыстарды шиеленістірмей, оң шеше алу қабілеттері арта түсті. Бұл жұмыстарда сөз мәдениетіне үйрету міндеттерін шешу үшін: а) жеке тұлғаның өзгелермен диалог жүргізуіне мүмкіндік беретін проблемалық жағдаяттар ойлап тауып, тапсырмалар берілді; ә) жағдаяттарды, тапсырмаларды шешкізу арқылы оқушының өзінің тілдік қабілетін тануға мүдделілігі арттырылды; б) сөз мәдениетінің аясында дара тұлғаның шығармашылық қабілетін дамыту мақсатындағы тапсырмалар бір жүйеге түсірілді.

   Зерттеу нәтижесінде оқыту мақсатынан бастап түпкі нәтижеге дейінгі аралықтағы барлық компоненттерді қамтитын, сөз  мәдениетін оқытудың біртұтас құрылым  екендігін танытатын әдістемелік  жүйенің моделі ұсынылды.  Сөз  мәдениетін оқытудың мақсаты мен оқыту нәтижесі деп белгіленген  құзіреттілік арасындағы байланыс пен сабақтастық білім мазмұны, оқыту формалары, жаттығу түрлері, оқытудың әдістері мен амал-тәсілдерінің тұтасымы түрінде көрсетілді ( 36-беттегі 2- сурет).

   Төртінші тараудың “Сөз мәдениетін оқытудың эксперименттік жүйесі” деп аталатын төртінші тармағында эксперимент жұмыстары сарапталды. 

   Эксперимент жұмысы үш кезеңге бөлініп ұйымдастырылды: ізденімдік, қалыптастырушы, қорытынды. Ізденімдік эксперименттің сипаты: оқушылардың тілдік білімін жетілдіру проблемаларын зерттеу, сөз мәдениетін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау, оқу материалдарын жетілдіру мәселелерін айқындау. Ізденімдік эксперименттің болжамы: егер сабақта оқушының сөйлеу әрекетін дамытуға басымдылық берілсе, оқу материалдары сөз мәдениетіне негізделсе, оқушылардың сөз шеберліктерін де 

қалыптастыруға  болады. Басты мақсат: сөз мәдениетін меңгертудің бастау көздерін анықтау, білім беру саласындағы жаңа апардигмаларға сай сөз мәдениетін оқытудың  жайын және зерттеу жұмысындағы жетекші идеяларды өмірге енгізудің мүмкіндіктерін анықтау, оқушының сөз мәдениетін көтеруге қатысты жұмыстардың тиімділігін тексеру. Эксперимент базалары ретінде Алматы қаласындағы №159, 147, 52, 12 мектептер, Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек би ауданындағы “Боралдай” орта мектебі алынды.

      Эксперименттің 1-сатысында тақырыпқа сәйкес ғылыми еңбектерді талдау негізінде зерттеудің басты бағыттары мен тұғырлары нақтыланды. Мектептерде қазақ тілінің оқытылу жайын, ондағы оқушылардың тілін дамыту, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру бағытындағы ізденістердің жүзеге асу барысын айқындау үшін оқушылар арасында сауалнамалар жүргізілді, мұғалімдердің озық тәжірибелері, бағдарлама мен оқулықтар сарапталды.

         Сауалнамаға жалпы саны 220 оқушы (5-11-сынып), 81 мұғалім, 62 ата-ана қатыстырылды. Сауалнама нәтижесінде оқушылардың басым бөлігінің (86%) сөйлеу мәдениеті дегенді тек орысша сөз, жаргон, диалект араластырмай сөйлеу деп түсінетіні, тілдік норманы қатесіз жазумен шектейтіні (60%) анықталды. Мұндай төмен деңгейдің себептерін зерттегенде, ең бірінші, оқушылардың тілдік білімді үстірт меңгеретіні анықталды. Сөз мәдениетінің төмендігіне оқушылардың екі тілді араластырып сөйлеуге дағдыланғаны, жаргондармен сөйлеудің сәнге айналуы әсер етеді деген тұжырым жасалды. Ізденімдік эксперименттің 2-сатысындағы сауалнама тіл тазалығына кедергі келтіретін факторларды анықтау және сөз мәдениетін меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін нақтылау мақсатын көздеп жүргізілді. Оған 219 оқушы, 46 мұғалім қатыстырылды.

   Сауалнама нәтижесінде тілдік ортаның бұзылуына  әкелетін мынадай сыртқы факторлар  анықталды:

      - қоғамдық ортадағы сөз мәдениетіне салғырттықтың өріс алуы;

      - қоғамда қазақ тілін қолдануда  көзбояушылықтың, жаттандылық пен жасандылықтың етек алуы;

      - тілге қатысты нигилистік көзқарастармен күрестің әлсіздігі;

      - қоғамдағы ізгілікті қатынастар деңгейінің төмендеуі;

      - БАҚ құралдары тілі мәдениетінің төмендігі.

   Оқу үрдісіне қатысты мектеп оқушыларының сөйлеу тілі мәдениетінің төмендігінің себептері мұғалімдердің сабақтарына қатысу, олардың күнтізбелік, шығармашылық жұмыс жоспарларымен танысу, Республикалық, Алматы облыстық, қалалық мамандар кәсібін жетілдіру институттарында дәріс оқу мен семинарлар кездеріндегі әңгімелесу нәтижесінде анықталды. Өкінішке орай, Бірыңғай ұлттық тестің білім көрсеткіші ретінде бағалануы оқушыларды грамматикалық ережелерді жаттап алуға мәжбүрлеуде. Ата-аналар да оқушының сөйлеу дағдыларының төмен болуының себебін қазақ тілі пәнінде білімнің үстірт берілуінен, білім мен өмірдің арасындағы байланыстың әлсіздігінен деп санайды. Оқыту үрдісіндегі сөз мәдениетін қалыптастыруға кері ықпал ететін себептер: мектептік білім жүйесінде қазақ тілінің мақсаты тек грамматикалық білім беру деген түсініктің орын алуы; мектеп мұғалімдерінің басым көпшілігінің қазақ тілін оқытуда стереотиптік көзқарастан арыла  алмауы; оқушыларға сөз мәдениетін меңгертудің заман талабы екендігін түйсіне алмай отырғандығы; тілдік білімнің оқушының өмірлік дағдыларына негізделуіне мән берілмеуі; қазақ тілі сабақтарында оқушылардың әлеуметтік-қатысымдық дағдыларына негіз қалайтын топтық, жұптық, ұжымдық жұмыстарды ұйымдастырудың жеткіліксіздігі. Қорыта келгенде, оқушылардың сөз мәдениетіне кері әсер ететін факторлардың пайыздық көрсеткіші төмендегі сызбада берілді.

   Зерттеудің  бастапқы кезеңіндегі жүргізілген  жұмыстардың нәтижесінде, біріншіден, оқушының сөз мәдениетін дамытуға мүмкіндік беретін бағыттар анықталды. Екіншіден, әдістемелік еңбектер мен жаңа технологиялар талданды. Стандарттарға, оқу бағдарламалары мен оқулықтарға талдау жасау барысында оқыту үрдісіндегі жетістіктер мен олқылықтар сараланды. Талдау нәтижесінде, біріншіден, оқушылардың сөйлеу қабілеттерінің деңгейі  анықталды. Екіншіден, оқушылардың тілдік дағдыларын сөз мәдениетіне негіздей отырып жетілдірудің жүйелері анықталды. Үшіншіден, оқыту экспериментін жүргізудің жоспары жасалды. Нәтижесінде: ағымдағы стандарттар мен оқу бағдарламаларындағы жаңашылдық сипаттарды бiлiм берудiң жаңа моделiне сәйкес жетiлдiруде, пәндiк қолданбалы құзыреттіліктерді жүйелеу барысында өзек етiп алуға толық болатыны дәйектелді. Мұнда мектептiң әр сатысында алынатын нәтижелердi жеке пән тұрғысында емес, бiлiм аялары бойынша анықтау мақсаты қойылатындықтан, бiлiм нәтижесi де жекелеген бiлiм, бiлiк түрiнен сөз мәдениетіне табан тірейтін өмiрлiк дағды, құзіреттілік деңгейiне қарай ойысуы тиіс деген қорытынды жасалды.

   Қалыптастырушы  эксперименттің мақсаты оқытудың жаңа жүйесіне сәйкес оқушылардың сөйлеу дағдыларын сөз мәдениеті талаптарына  сай жетілдірудің тиімді жолдарын сынақтан өткізіп, оларды ғылыми-әдістемелік тұрғыда дәйектеу болды. Алдымен эксперимент сыныптары мен мұғалімдер таңдалды, эксперименттің басталу және аяқталу мерзімдері белгіленді. Бұл кезеңде  зерттеу жұмысының негізіне алынатын қағидаттар, жетекші идеялар дәйектелді; оқушыларға сөз мәдениетін меңгертудің әдістемелік жүйесінің жобасы жасалып, ол қалыптастырушы эксперимент материалдары түрінде дайындалды; сөз мәдениетінің жалпы орта білім беретін мектептерге арналған біртұтас мазмұндық-құрылымдық тіні белгіленіп, “Сөз мәдениетін оқытудың тұжырымдамасы”, оқу бағдарламалары жасалды. Жаңа буын оқулықтары және оқу-әдістемелік кешендер даярланып, тәжірибелік сынақтан өткізілді. Арнайы жаттығу, тапсырмалар экспериментке қойылды.

   Эксперимент барысында оқушылардың дара тұлғалық қасиеттерін сөйлеу қабілеттерімен бірлікте дамыту бағытындағы жаттығулар мен тапсырмалардың  типологиясы жасалып, сынақтан өткізілді.

   Эксперимент барысында негізгі мектеп сатысында  оқылатын тілдік нысандар бойынша дамытылатын оқушылардың сөз мәдениеті дағдылары нақтыланды. Онда оқушының тіл білімі салалары бойынша меңгеретін әдеби тіл нормаларының деңгейі мен оларды қолдану білігі жинақталып берілді.

   Жалпы білім беретін мектептердің негізгі  және жоғары сатыларында сөз мәдениеті бойынша жүргізілген тәжірибелік сынақ негізінде оқушылар меңгерген сөйлеу дағдыларының көрсеткіштері анықталды.

      Эксперименттің үшінші кезеңінде зерттеу нәтижелері бір жүйеге түсіріліп, жинақталды, қорытындыланды. Қазақ тілінің білім  стандарттары, оқу бағдарламалары жетілдірілді. Бақылау және қалыптастыру эксперименттерінің нәтижелеріне сандық және сапалық талдау жасалды. Зерттеу негізінде монография әзірленді. Зерттеу жұмысының нәтижелері докторлық диссертация түрінде жинақталды.

   Эксперимент қорытындылары:

   - сөз мәдениетін оқытуды арнаулы ұстанымдар (білім мазмұнын әлеуметтік сұраныспен сәйкестендіру, метакогнитивтік білікті дамыту, білімді интеллект дамытудың қайнар көзі ретінде игерту, эмоционалдық әсерлілікті күшейту, тілдік сезім мен талғам қалыптастыра оқыту, т.б.) негізінде ұйымдастыру оқушылардың мотивациясын арттырды;

   - интерактивті және белсенді әдістер мен арнаулы жаттығуларды кешенді қолдану арқылы сөз мәдениетін оқытудың тиімділігі артты. Бұл оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін, шығармашылық ойлауын дамытты;

   - негізгі мектепте сөз мәдениетінің сөз дұрыстығы, ал жоғары сыныптарда сөз шеберлігі сатыларын меңгерту нақты тақырыптар бойынша жүйеленіп, сөз мәдениеті түпкі нәтиже ретінде белгіленіп және оны меңгертуде арнайы жаттығулар кешенді жүргізілгендіктен, мынадай нәтижелерге қол жеткізілді: 1) ортологиялық дағдылар дұрыс қалыптасты; 2) қатысымдық, әлеуметтік және этикалық дағдылар саналы меңгертілді; 3) оқушылардың сөз мәдениетінің мәнін, ұғымдарын түсінуі қамтамасыз етілді; 4) өздік және шығармашылық жұмыстарды орындау негізінде тілдік білім өмірлік дағдыға ұласты.

   Эксперимент нәтижелері зерттеу болжамын растады. Сөз мәдениетін оқытудың оқушының дара тұлғалық қабілеттерін дамытуға ықпал  ететіні анықталды. Ізденімдік, проблемалық және шығармашылық сипаттағы тапсырмалардың кешенді жүзеге асырылуы мектеп оқушыларының тілін ғана дамытып қоймай, олардың интеллектуалдық мәдениетін көтерді. Негізгі сатыда тілдік нормалармен байланысты қалыптастырылатын дұрыс сөйлеу дағдыларын жоғары сыныптағы “Сөз мәдениеті және шешендік” аясында дамыту арқылы сөз шеберлігіне баулудың тиімділігін эксперимент нәтижелері толық көрсетті. Көне замандардан бастау алған шешен сөйлеуге арнайы үйретуге болады деген қағиданың өміршеңдігін бүгінгі күннің шындығы дәлелдеді.

Информация о работе ФИлолог студенттердің шешендік шеберлігін жетілдіру