ФИлолог студенттердің шешендік шеберлігін жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 10:22, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Ел егемендігін алып, демократия кең өрістей бастаған қоғамда, әлемдік қауымдастыққа ұмтылып, бәсекелестік өмір сүрудің басты шартына айналған бүгінгі өзгермелі дүние жағдайында адамның мәні мен әлеуметтік рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған сай рухани құндылықтар әлемі де түбегейлі жаңарып, адамның ақыл-ой қуаты мен интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңызы туралы қағидалар түбірімен өзгерді. ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы мәселеге айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғышарт жасауы қажет деген қағида берік орнықты.

Работа содержит 1 файл

Дипломка.doc

— 363.00 Кб (Скачать)

   Мыңдаған жылдар аясында адамдардың өзара қарым-қатынасына қатысты мiнез-құлық ережелерi қалыптасқан. Олар орта ғасырлардан бастап этикет деп аталды. Антикалық дәуiрде-ақ адамдарды әсем мiнез-құлыққа арнайы баулуға көңiл бөлiне бастағаны белгілі. Сыртқы сұлулық пен адамгершiлiктiң үйлесiмiн ежелгi гректер “калокагатия” (грек тiлiнде “колос” – әсем, “агатос” – мейiрiмдi) деп атаған. Адамның сұлулығы мен күштiлiгiнiң үстiне әдiл, дана, өр, ақылды болуы талап етiлген. Дара тұлғаның ішкі мәдениетінің, сыпайылығының, адамгершілік қасиетінің айқын көрінісі деп саналатын сөз әдебі  тіл қатудың, сөз жұмсаудың қоғам қабылдаған, жұртшылық ұйғарған, ұлттық сипатқа ие ережелері мен тәртібіне негізделеді. Бұлар сөз мәдениетінің этикалық сапаларын құрайды.

   Сөз этикасына моральдық принциптерге, мәдени-ұлттық дәстүрге негізделген  тілдесім әдептері жатады. Сөз этикеті  белгілі бір жағдаятта тілдесудің, сөз саптаудың тәртібіне тән  ережелерді сақтауды талап етеді. Әдеп нормалары сабақтас екі жүйеден бастау алады: бірі – ұлттық этикалық ұстанымдар, екіншісі – жалпыадамзаттық этикалық құндылықтар. Қазіргі таңдағы этикалық нормаларды құрайтын бұл компоненттерді айыра білу – адамның өз ортасында дұрыс әрекет етіп, көздеген мақсатына жетуінің басты шарты. Сөз этикасы – дүниетанымдық, этикеттік компоненттерден және эстетикалық элементтерден тұратын күрделі құрылым. Әдеп адамдар арасындағы қарым-қатынастың жоғары мәдени деңгейде ұйымдастырылуының басты шарты болғандықтан, ол жеке субъектілердің адами құндылықтарды түсінуіне, оны сөз жүзінде ғана емес, іс-әрекетінде де көрсете білуіне байланысты. Тілді оқытудың мақсаты – оқушыда сөз әдебі туралы ұғым қалыптастырумен қатар,  ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан сөз әдебі нормаларын, қалыптасқан қағидаларды меңгерту, сыпайы да әдепті сөйлеуге төселдіру. Әдептік сөз орамдарын қажет жерінде орнымен қолдануға үйрену оқушының коммуникативтік және мәдени-танымдық құзіреттіліктерін қалыптастырады. Күнделікті тұрмыста, ресми жағдаяттарда қолданылатын сөз орамдары бірте-бірте кеңейтіліп, оқушының дағдысына сіңіріледі. Мәселен, қазақ тілінің білім мазмұнында бастауыш сыныптардан сөз әдебіне үйрету жоғары сыныптарда сөз этикасының дүниетанымдық компоненттеріне, халықтық танымдағы субъектінің  тіліне, сөзіне қатысты мақал-мәтел түріндегі пайымдауларға жалғасады. Мұндай сабақтастық сөз әдебі жөнінде оқушының дүниелік білімін кеңейтіп, ой-өрісін өсіреді, өз ана тілінің танымдық сипатын жақын білуге талпындырады.

   Сөз мәдениеті сапаларына қатысты қағидалардың сақталуы жеке адамның мәдениетін ғана емес, жалпы қоғамның, ұлттың мәдени деңгейін өсіретіні сөзсіз. Өйткені  тарихи-әлеуметтік маңызы жағынан “мәдениет  – адамды тұлға деңгейіне көтеретін  негізгі құрал” [5,12 б.]. Сондықтан жаңа білім жүйесінде сөз мәдениетінің сапаларын қырларын өзара бірлікте оқыту көзделіп отыр.

   Бірінші тараудың “Сөз мәдениетін оқыту – жаңа парадигмалар тоғысының нәтижесі” атты тармағында оқу үрдісінде кең өріс ала бастаған жаңа парадигмалардың үндестігі, олардың оқушының тұлғалық қасиеттерін сөз мәдениеті тұрғысынан дамытудағы мәні дәйектелді.

      Қазіргі ғылымда “антропологиялық ренессанстың” әсерінен зерттеушілік парадигмалардың өзегінде анторопоцентристік идеялар жандандырылып, адамды жаңа тұрғыдан түсіну, оны тұтас құрылым ретінде зерттеу күшті қарқынмен дамып келеді. Онда “адам барлық заттың өлшемі деп танылып, осы ұстаным негізінде адамның табиғаты айқындалады” [15,6 б.]. Өзінің өмір қажетін бағамдай алу, өзін-өзі сезініп, ұғына алу, өзін-өзі тану – сана-сезімнің жетілгендігінің нәтижесі. Философтар “адам өзін тек қана айналасындағы адамдарға қарап таниды, бағалайды” деп тұжырымдайды [16, 155 б.]. Сондықтан білім философиясындағы рефлексиялық парадигма сөз мәдениетін оқытудың тірегі етіп алынды.

   Адам  өзін қоршаған тылсым дүниені қаншалықты тани алса, сол деңгей  адам танымының  жемісі саналады. Адам онда әрі әрекет субъектісі, әрі таным субъектісі бола алады. Адам дүниені неғұрлым терең  таныса, соғұрлым өзін де тани түседі. Бұл қағидалар сөз мәдениетін оқытуда оқушыны оқу әрекетінің субъектісі деп тануды негіздейтін жаңа педагогикалық парадигманың маңызды рөл атқаратынына дәлел болады.

   Дара  тұлғаның қабілеттерін дамытуды көздейтін  бүгінгі заманның мектебі үшін оқушының бойында “қозғалыссыз” білім қорын қалыптастыру емес, керісінше, оның келешек өміріне қажетті дағдыларды сіңіру маңызды болып саналады. Сондықтан да сөз мәдениетін меңгерту дәстүрлі жүйедегі білімге үстемдік беретін парадигмадан оқушының өмірлік дағдыларын жетілдіру парадигмасына негізделген оқыту үрдісін қажет етеді. Зерттеушілердің: “Магистральная направленность обучения языку с первого класса до выпускного – не грамматическая, а речевая”,- деген ғылыми тұжырымы осы жаңашылдықтың негізін құрайды [17]. Бұл пайымдық тілді үйретуге негізделеді. Өйткені дискурс нәтижесінде өмірлік дағды қалыптасады. “Дискурс – адамдар арасында туындайтын мәселелерді күштің көмегімен емес, ақылға сала отырып, пікір алысу мен пайымдауға жүгіну арқылы шешіп, субъектілер арасында түсіністік орнатады, өзара келісімге, жай келісімге емес, әлеуметтік келісімге қол жеткізеді” [18,29 б.].  

   Сөз мәдениетін оқытудағы аса маңызды  парадигма – ана тілін ұлттық құндылық ретінде меңгерту парадигмасы. Сөз мәдениетін меңгертуде басты  міндеттердің бірі оқушының бойында ұлттық ділді қалыптастыру болып саналады. Ұлттық ділге негіз болатын нәрсе – Текті адам идеясы. Текті адамды, текті әулетті қалыптастыру – ізгілікті қоғамның басты міндеті, ұлттық ділді дамыту – тәрбиенің алтын қазығы. Мәдениет, ойлау, тіл секілді ең негізгі құндылықтар халықтың рухани дамуының түп қазығы, тірегі ретінде сөз мәдениетінің ішкі мазмұны мен жалпы болмысында өзара тығыз ұштасып жатыр. Сондықтан сөз мәдениеті, біріншіден, оқушының өзге адамдармен қатынас деңгейін көтеруге қызмет етеді. Екіншіден, сөйлеу мәдениеті табиғи түрде адамның ойлау мәдениетін жетілдіруге жол ашады. Үшіншіден, сөз мәдениетінің қатысымдық сапасын меңгерту оқушының тілін дамытудан, тілін ұстартудан басталып, нәтижесінде тілді түйсінуге, құрметтеуге, талғампаздықпен қолдануға әкеледі.

   Білім беру жүйесіндегі оқыту мәселелері мен ұлттық мүдденің жақындасуы ғана білімнің мемлекет дамуындағы стратегиялық рөлін күшейте түспек. Бұл тілге  ұлттық ділдің бірден-бір тетігі, тірегі, тіні деп қарауды қажет етеді. Бұлар  “пәндік-білімдік парадигманы тілге деген сүйіспеншілік парадигмасымен алмастыру” арқылы шешіледі [17]. 

   Қазақ тіл білімі саласында сөз мәдениетінің түп қазығы тілдік тұлға болуға тиіс деген антропоцентристік жаңа парадигма  оқушыны дамыту оның сөз мәдениетін дамыту деген ұғыммен барабар екенін танытады. Себебі сөз арқылы баланың ойлау, тыңдау, қатысымдық қабілеттері жетілдіріліп, нәтижесінде дара тұлғаның қалыптасуына жол ашылады.

   Сөз мәдениетін меңгертуге негіз болған осындай тұжырымдарды жинақтай келе, мектептің негізгі және жоғары сатыларындағы қазақ тілі пәнінің білім мазмұны тілдік қатынастың жеке тұлға мәдениетімен бірлігіне сай жүйеленуі тиіс деген тұжырым жасалды. 5-9 сыныптар аралығындағы қазақ тілі пәнін оқыту үрдісінде тіл білімі салалары бойынша оқушы меңгеретін қатысымдық іскерліктерді өмірлік дағдыларға негіздей отырып қалыптастыру міндеті қойылды. Мектептің жоғарғы, бағдарлы мектеп деп аталатын сатысында “Сөз мәдениетін” арнайы оқыту мақсат етілді. 10-11-сыныптардағы білім мазмұнында сөз мәдениеті, пікірталас мәдениеті, шешендікке қатысты білімдер қамтылды. Өйткені жоғары сынып оқушысы үшін өмірге қажетті білім негізінде өздігінен әрекет ету құзіреттіліктеріне ие болу маңызды.

   Құзірет пен құзіреттілік – бір-бірімен тығыз байланысты екі ұғым. “Құзірет – дара тұлғаның бойындағы өзара байланысты сапалардың (білім, іскерлік, дағды, әрекет тәсілі) жиынтығы болса, құзіреттілік – адамның сол әрекетке, оның пәніне деген жеке қатынасын қамтитын сәйкес құрауыштарды меңгеруі” болып табылады. Сондықтан да құзіреттілік ұғымына тек танымдық және әрекеттік-технологиялық құраушылар ғана емес, сондай-ақ мотивациялық, этикалық, әлеуметтік және мінез-құлықтық компоненттер де кіреді [19]. 

   Жаңа  нормативтік құжаттарда білім сатылары бойынша “Қазақ тілі” пәнінен  күтілетін нәтижелер анықталып берілген. Олар үш түрлі құзіреттілік түрінде сараланған [20].  Оқушы проблемаларды шешу құзіреттілігі бойынша: әртүрлі тілдік жағдаяттардағы проблемаларды анықтайды, өздігінен шешім қабылдайды, өз шешімінің нәтижесін бағалай алады; өзгермелі өмір жағдайларында туындаған жағдаяттарда міндеттерді шешетін технологияларды таңдай алады, сөздерді өз мақсатына, негізгі ойға, мазмұнға сәйкес өз бетінше талғап қолдана алады; өзгелермен тіл табысуға қажетті сөздерді талғай алады; сөздік қорын өз бетінше толықтырады. Ақпараттық құзіреттілік бойынша: ақпараттарды сыни тұрғыда талдайды, соның негізінде саналы шешім қабылдайды; тілдің танымдық қызметтерін өз мақсатына сай қолдана алады; логикалық операцияларды еркін қолдана отырып ақпараттарды өз мүмкіндігіне сай өңдей алады; сөйлеу әрекетін жоспарлауда және оны жүзеге асыруда ақпараттарды талғап қолданады; мәтіннің көркемдеуші және мәнерлеу құралдарын анықтай алады; ақпараттар негізінде көздеген мақсатына сай мәтін түрлерін құрайды, әр жанрға тән тілдік құралдарды пайдаланып, шығармашылық жұмыстарды орындайды. Коммуникативтік құзіреттілік бойынша: сөйлесімнің барлық компоненттеріне тән дағдыларды меңгереді; ауызша және жазбаша тілде сөзді құрай ережелерін, сөзді таңдау тәсілдерін және грамматикалық нормаларды ұстанады; оқу материалдары бойынша дискурсқа қажетті дағдыларды меңгереді; ауызша, жазбаша сөйлеу қажетті коммуникативтік сапаларды қолданады; пікірталас түрлеріне сай тілдік құралдарды пайдаланып, өз ойын дәлелдей алады; ұсынылған тақырып пен тілдік жағдайларға сай сөздерді орынды жұмсай алады.

   Сөз мәдениетін оқыту үрдісінде осы  құзіреттіліктерге қоса мәдени-танымдық құзіреттілік қалыптастырылады. Оған ана тілінің әлемдегі қайталамасы  жоқ даралық сипаттарын тану, оның ішкі иірімдерін, өзіне тән қатысымдық және әдептік қырларын меңгеру арқылы қол жеткізіледі. Ол тілдегі этномәдени лексиканың мән-мағынасын жете түсінуге, мәдени семантикаға сай сөз қолданыстарын дұрыс, орынды пайдалануға негіз болады.  Мәдени-танымдық құзіреттілік бойынша: оқушы сөз жұмсау әдебін меңгереді; ұлттық-мәдени ұғымдарды ажырата алады, әдеби тіл нормаларын ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктеріне сай сақтайды; сөз мәдениетінің қатысымдық сапаларын ұлттық және жалпыадамзаттық нормалардың бірлігінде меңгереді; шешендік сөз бен пікірталас түрлеріне лайық тілдік дағдыларды орынды жұмсайды; тілдің этномәдени және эстетикалық  даралығын таниды. Бұл құзіреттіліктерге қол жеткізу ана тілінің гуманитарлық пәндермен, тәрбиемен сабақтастықта оқытылуын талап етеді.

      Бірінші тараудың төртінші тармағы “Сөз мәдениетін оқытудың тірегі – дара тұлғаның құндылық бағдары” деп аталады. Қазіргі таңдағы орта мектептегі гуманитарлық білімнің мазмұны рухани мәдениеттің жаңа жетістіктерінің негізінде анықталып, жүйеленуде. Өйткені “білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субъектісі, құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен баурап әкететін тұлға ретінде көрінуімен ерекшеленеді” [21,7 б.]. Осы орайда тілдің тек қатынас құралы ғана емес, әр халықтың интеллектуалдық әлеуетінің, санасы мен дүниетаным деңгейінің көрсеткіші екендігін ескерсек, мектепте оқылатын қазақ тілі пәнінің міндеті айқындала түседі. Бұл оқу-тәрбие ісіндегі құндылық-бағдарлы қызмет пен тұлғалық-құндылық қатынастың бірлікте болуын, гуманистік-тұлғалық педагогика тұрғысынан алғандағы тұлғаны дамыту теориясын жетілдіруді, оның әдіснамалық негізін дамытуды талап етеді. Тіл адамдық сапаның көрсеткіші болғандықтан, сөз мәдениеті мәселесі, алдымен, адами қасиеттерді қалыптастырумен шектесіп жатады. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуында тіл пәнінен меңгерген  білімдерді өзінің адами жағынан толысып өсуіне қажетті жекелік мәні жоғары факторға айналдыра алуы шешуші рөл атқарады: көпшілік алдында сөйлеуге қажетті дайындықтың мәнін білу оқушының ішкі жауапкершілік сезімін арттыра түсері сөзсіз.

      Сонымен, адамның дүниетанымының негізі, рухани әлемінің бастауы саналатын ана тілін жаңа уақыт сұранысымен үндестіре оқыту оқушының дара тұлғалық қабілеттерін жан-жақты дамытатын сөз мәдениетін меңгертуге келіп саяды. Өйткені өмірдің мәнін танытатын, оған гуманистік келбет пен шынайы нәр беретін дүниелер – рухани құндылықтар. Солардың орталық жұлынындағы ең жоғары құндылық – әр халықтың ана тілі. Бұл идея тілді оқытудың тұғырнамалық өзегі етіп алынды. Сөйтіп, зерттеу нәтижесінде жалпы білім беретін мектептерде сөз мәдениетін оқытуды теориялық тұрғыдан тұжырымдай отырып, сөз мәдениетін меңгерген дара тұлғаның моделі (1-сурет) ұсынылды. Модельде тұлға қалыптастырушы компоненттер біртұтас жүйе ретінде көрініс тапты.

   “Сөз  мәдениетін оқытудың ғылыми-педагогикалық  жүйелері” атты екінші тарау төрт тармақтан тұрады. “Сөз мәдениетін оқытудың философиялық негіздері” атты бірінші тармақта сөз мәдениеті философиялық аспект тұрғысынан қарастырылады. Көне дәуірден бүгінгі күнге дейін жалғасып жатқан философиялық тұжырымдар бойынша адамның  мәні оның әлеуметтік болмысымен өлшенеді, оның бүкіл өміртанымының өзегі, тіршілігінің тірегі – сөз. Тәуелсіздікке қол жеткен қазіргі таңда ұлттық философияның адам туралы арнайы ғылымдардан іргесін  бөліп алып, “субъект”, “тұлға”, “жеке адам” ұғымдарына баса назар аударуында үлкен мән бар. Өйткені рухани тәуелсіздік жеке адамның дүниеге көзқарасының қалай қалыптасуына байланысты. Таным арқылы адам өзін қоршаған ортаны сезінеді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі; адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге ауысады да, шынайы білімге айналады. Ал білім кісілікті қалыптастыратын бір фактор ретінде қызмет етеді.

   Жалпыадамзаттық тұрғыдан келгенде, сөз мәдениеті  ұғымы өзінің тамырын көне замандардағы этикалық ілімдерден алады. Мәселен, қытай  философы Конфуций өз ілімінің түп  қазығы етіп “адамсүйгіштік” (жэнь) проблемасын  алады. Оның пайымдауынша, тек адамсүйгіштік қасиет қана адамды басқаларды сыйлайтын, ешкімнің алдынан кесіп өтпейтін, шындықтан басқаға мойын бұрмайтын, батыл да байсалды, ілтипатты, достыққа берік, сөзге ұстамды, көмекке дайын етіп қалыптастыра алады. Осы ой Платонның “мінсіз мемлекет жасаудың жолы – терең білім, ал тәрбие ісінің басты міндеті – адамдарды ізгі ниетті, ержүрек, таза, өнерлі азаматқа айналдыру” деген тұжырымында жалғасады. Аристотельдің пікірінше, “ең жақсы адам – ұлылық дәрежесіне жеткен кең пейілді, қайырымды адам. Қайырымды, ақ пейілді кісінің жүрісі жайлы, даусы төмен, сөзі мазмұнды болуға тиіс”. Осы талаптар адамның ішкі мәдениетіне, адамгершілік сапасына, сөз әдебіне тікелей қатысты. Олай болса, мектеп пәндерінің ішінде баланың қарым-қатынас әдебін қалыптастыратын қазақ тілі пәнінің басты міндеттерінің бірі сөз мәдениетіне үйрету болуы әрі қажеттілік, әрі міндет. Философияның басты тақырыбы адам мәселесі болса, сол адамның адамдық қалпы, жеткен дәрежесі оның әлеуметтік сапасына байланысты болады.

   Сөз өнеріне қатысты ұлттық философиялық тұжырымдар орта ғасыр ойшылдарынан, Абай мен Алаш арыстарының идеяларынан бастау алады. Қазақ философиясының өзіне тән ерекшелігі – ақ пен қара, көркемдік пен сұлулық, өмір мен өлім, болмыс пен батырлық, адам мен табиғат үйлесімін ұстануы. Сөзді кие тұту, оған жауапкершілікпен қарау хақындағы түйінді ойлар сөзді өнер деп бағалаған ақын-жыраулардың қай-қайсысының мұрасынан ұшырасатыны да кездейсоқтық емес. Сол себепті сөз мәдениетіне тән заңдылықтарды зерделегенде, сөз зергерлерінің шығармаларына да талдау жасалды. Мысалы, сөйлеуге қойылатын талаптар мен ережелерді Бөлтірік шешен: “Сөзден тәтті нәрсе жоқ, сөзден ащы нәрсе тағы жоқ. Сөзден жеңіл нәрсе жоқ, сөзден ауыр нәрсе де жоқ. Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет. Ақылды сөзіңді ақылсызға қор етпе, ақылдыға айт. Не сөйлейтініңді біл, кімге сөйлейтініңді біл, қашан сөйлейтініңді біл, қайда сөйлейтініңді біл, қалай сөйлейтініңді біл. Оны білмесең, сара сөзің шала болады, арты жала болады”,- деп, бір ауыз сөзбен түйіндейді. Дулат Бабатайұлының:

Информация о работе ФИлолог студенттердің шешендік шеберлігін жетілдіру