ФИлолог студенттердің шешендік шеберлігін жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 10:22, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Ел егемендігін алып, демократия кең өрістей бастаған қоғамда, әлемдік қауымдастыққа ұмтылып, бәсекелестік өмір сүрудің басты шартына айналған бүгінгі өзгермелі дүние жағдайында адамның мәні мен әлеуметтік рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған сай рухани құндылықтар әлемі де түбегейлі жаңарып, адамның ақыл-ой қуаты мен интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңызы туралы қағидалар түбірімен өзгерді. ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы мәселеге айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғышарт жасауы қажет деген қағида берік орнықты.

Работа содержит 1 файл

Дипломка.doc

— 363.00 Кб (Скачать)
 

   ӘОЖ    373.016:811.512.122                                         Қолжазба құқығында                                          
 
 
 

   ЖАНАТ  ТҰРАРБЕКҚЫЗЫ  ДӘУЛЕТБЕКОВА

 
 
 

   Жалпы білім беретін  орта мектептерде  қазақ тілінен  сөз мәдениетін оқытудың  ғылыми-әдістемелік негіздері   

   13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу теориясы  мен әдістемесі

   (бастауыш, орта және жоғары білім жүйесіндегі қазақ тілі) 
 
 
 
 

   Педагогика  ғылымдарының докторы

   ғылыми  дәрежесін алу үшін дайындалған  диссертацияның 

   АВТОРЕФЕРАТЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Қазақстан Республикасы

   Алматы, 2008

 

      Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазіргі қазақ тілі теориясы және әдістемесі  кафедрасында орындалған. 

      Ғылыми кеңесші:                    педагогика ғылымдарының докторы,

                                                      профессор Ф.Ш.Оразбаева 

      Ресми оппоненттер:                педагогика ғылымдарының докторы,

                                                  доцент З. Бейсенбаева  

                                                   педагогика ғылымдарының докторы,                         

                                                   профессор А.Жапбаров  

                                                   педагогика ғылымдарының докторы,                         

                                                      доцент Н.Құрманова  

      Жетекші ұйым:                       С.Торайғыров атындағы Павлодар                            

                                                      мемлекеттік университеті 
 
 
 

      Диссертация 2008 жылы 27 мамырда сағат 14.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде (050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, 215 а кабинет) филология, педагогика ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.09.04 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады. 
 

      Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады. 
 

      Автореферат  2008 жылы  26 сәуірде   таратылды. 
 
 

      Диссертациялық кеңестің

    ғалым хатшысы, филология

    ғылымдарының докторы, профессор                            Қосымова Г.С. 

                                                     
 

   КІРІСПЕ

      Зерттеудің өзектілігі. Ел егемендігін алып, демократия кең өрістей бастаған қоғамда, әлемдік қауымдастыққа ұмтылып, бәсекелестік өмір сүрудің басты шартына айналған бүгінгі өзгермелі дүние жағдайында адамның мәні мен әлеуметтік рөлі  жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған сай рухани құндылықтар әлемі де түбегейлі жаңарып, адамның ақыл-ой қуаты мен интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңызы туралы қағидалар түбірімен өзгерді. ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы мәселеге айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғышарт жасауы қажет деген қағида берік орнықты.

      “Білім тұл, тілден шығып есілмесе”,- дейді Жүсіп Баласағұн. Тілдік білімді оқушының саналы әрекетін дамытатын, өмірлік қажеттілігін ақтайтын тегеурінді тетікке айналдыру үшін сол білімнің өзегінде, біріншіден, өзіндік көзқарас, дүниетаным мен сенім қалыптастыратын, екіншіден, ортаға тез бейімделу, жаңа ақпаратты түсіну, қабылдау, өзгелермен қарым-қатынас жасай алу қабілеттерін дамытатын компоненттердің қатар қамтылуына назар аударыла бастады. Сондықтан тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақстанның білім жүйесін реформалауда оқушының дара тұлғалық қабілеттерін дамыту проблемасы күн тәртібіне қойылды. Бұл қазақ тілі пәнін оқытуда  оқушының сөз мәдениетін қалыптастыруға басымдылық беруді талап етеді. Президент Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, бәсекелестікке қабілетті ел болу үшін, ең алдымен, оның әрбір мүшесі бәсекелестікке қабілетті болуы қажет [1]. Бәсекелестікке бейімділік адамның жинаған білім қорымен өлшенбейді, алған білімін өмір сүрудің, өзін-өзі дәлелдеудің, өзгелермен тіл табыса әрекет етудің құралы ретінде қолдана білуінен көрінеді. Бұл оқушының сөйлеу дағдыларын сөз мәдениеті негізінде жетілдіру арқылы мүмкін болады. Сондықтан да сөз мәдениетін меңгертуді қазақ тілі пәнін бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік сұраныммен сәйкестендірудің басты шарты ретінде ғылыми-әдістемелік тұрғыдан зерделеу маңызды мәселе болып табылады.

      “Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін орта мектептердің даму тұжырымдамасында”: “Білім берудің басты мақсаты – оқушының білім алуына, өзгермелі дүние жағдайында өздігінен әрекет ету, өзін таныту, әлеуметтік дағдыларды меңгеру қызметтерін орындауына қажетті іскерліктерді қалыптастыра отырып дара тұлғаның қабілеттерін дамыту”,- деп көрсетілді [2,14 б.]. Мұндай өмірлік дағдылар қазақ тілі пәнінде оқушыға сөз мәдениетіне қатысты білім мен біліктерді меңгерту нәтижесінде ғана қалыптасары сөзсіз. Бұл қазақ тілі сабақтарында сөз мәдениетін меңгертудің жолдарын ғылыми негіздеу білім беру жүйесін реформалау талаптарымен де ұштасып жатқанын көрсетеді.

      “Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін орта мектептердің білім мазмұны тұжырымдамасында” білім мазмұнының макромоделі ретінде Тарих – Білім – Мәдениет үштағаны ұсынылған болатын. Өзінің бастауын сан ғасырлық тарих тезінен өткен тілдік әдеп негіздері мен ұлттық құндылықтардан алатын сөйлеу талаптарын жалпыадамзаттық мәдениетпен ұштастыра отырып жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың мәдени әлеуетін арттыру сөз мәдениетіне баулу арқылы жүзеге асары даусыз. Өйткені тіл – адам  санасында шындықты бейнелеу мен жинақтау құралы болса,  сөйлеу – адамның интеллектуалдық әрекетінің ерекше түрі. Бұл да оқушының тілдік, әлеуметтік, қатысымдық, этикалық дағдыларын дара тұлға мәдениетімен бірлікте дамытудың маңыздылығын көрсетеді. Сондықтан қазақ тілі пәнінің білім мазмұнында сөз мәдениетіне басымдылық беріп, оны оқытуды біртұтас әдістемелік жүйе ретінде қарастыру қажеттігі туындап отыр.

      Білімнің нәтижеге айналуы – қазіргі таңда бүкіл өркениетті елдер ұмтылып жатқан меже. Сол себепті “Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында” Нәтижеге бағдарланған білім моделін ендіру басты міндет етіп қойылды. Жаңа модель бойынша білімнің мәні оқушының өмір қажетін өтеуінде деп саналады. Бұл тұрғыдан алғанда да сөз мәдениеті мектеп түлегі міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мен біліктің түпкі нәтижесі болып саналады. Өйткені мектепте оқушының қазақ тілінен меңгеретін білімдері сөз мәдениетін қалыптастырудың базасы қызметін атқарғанда ғана бұл пән оның өміріне қажетті дағдыларды дамытудың құралына айналады.  Бұл дара тұлғаның сөз мәдениетін білім нәтижесі ретінде зерделеп зерттеудің көкейкестілігін бекіте түседі.

      Білім беруді демократияландырудың, ізгілендірудің, гуманитарландырудың тетігі – оқушыны өз әрекетінің иесі деп тану, тілді ұлттық құндылық, ділді қалыптастырудың тіні деп санау секілді жаңа парадигмаларды оқыту үрдісінде ұстану. Сабақта оқушының сөз бостандығын, ой еркіндігін сезінуіне, өз пікірлерін ашық та айқын айта алуына жағдай жасау арқылы  олардың сөз мәдениеті дағдыларын қажетті дәрежеде меңгеретініне кепілдік етуге болады. Өйткені сөз мәдениеті – оқушының  эстетикалық қабілетін, адами қасиеттерін тәрбиелеуге жол ашатын тілдік білім мен сөйлеу білігінің бірлігінен туатын интеллект дамытудың бірден-бір қайнар көзі. Сондықтан білім беру саласындағы жаңа педагогикалық парадигмалар тоғысының нәтижесі ретінде сөз мәдениетін меңгертудің құрылымдық жүйесін зерттеудің өзектілігі артып келеді.

      Білім беруді жетілдірудің басты факторларының бірі – пән мазмұнының өзімен сәйкес келетін ғылымның даму бағытымен үйлесімділігі. Қазіргі қазақ тіл білімі саласында жаңа антропоцентристік парадигма бойынша тіл жеке құрылым емес, ол алдымен, субъективтік мәнге ие құрылым деп белгіленді; сөз мәдениеті мемлекеттік тілдің қызмет етуінің бір шарты ретінде айқындалды; мемлекеттік тілдің мәртебесі оның қолданыс аясының кеңеюімен ғана емес, сол тілдің жұмсалуының мәдени деңгейімен де өлшенеді деп тұжырымдалды [3,14 б.]. Ғылымдағы осындай жаңа бағыттарды оқыту үрдісіне енгізу тұрғысынан қарағанда да сөз мәдениетін тілдік білімнің тұтқасы ретінде ұстану, оны білім мазмұнында қамту қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңа талаптарымен толық сай келеді. Сондықтан сөз мәдениетін меңгертуді мектептегі тілдік білімді ғылым дамуымен тығыз сабақтастықта жетілдірудің маңызды факторы ретінде зерттеу де күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі.

      Сөз мәдениетін оқыту – сөзді өнер деп бағалаған танымы терең, талғамы биік халқымыздың ізгі дәстүрін жалғастырудың басты кепілі. Қазақ тілінің табиғи даралығын, өзіне тән заңдылықтарын, сөйлеу тілінің ерекшеліктерін, сөз әдебі жүйесін, шешендікпен тамырлас қасиетін уақыт талабымен бірлікте танытуға кең жол ашылып отырған жаңа кезеңде осы мүмкіндікті пайдалана білу үлкен сын. Сөз мәдениеті – оқушының интеллектуалдық және мәдени сапасын арттыратындай тілдік қатынасқа төселдірудің негізі. Бұл жерде “тілдік қатынас – сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді нақтылай келіп, жай ғана қарым-қатынас дегеннен гөрі тамыры тереңге кеткен, өмірде өзіндік орны бар, қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алысуы, адамдық қатынастың түп қазығы дегенді білдіреді” [4,211 б.]. Сонымен, жоғарыдағы тұжырымдарды саралай келгенде, қарым-қатынас барысында адамның рухани жетілуі мен көп қырлылығының белгісі саналатын, адам болмысы мен өміртанымы тоғысатын сөз мәдениетіне оқушыны мектеп қабырғасынан бастап баулу – бүгінгі уақыт сұранысынан туып отырған өзекті мәселе. Оған қоса қазіргі таңда өріс алып отырған дара тұлға дамуына мүмкіндік жасауды талап ететін мемлекеттік стратегиялық бағыт пен білім берудің схоластикалық жүйесі арасындағы, қоғамдық-әлеуметтік сұраным мен оқыту нәтижесі арасындағы қайшылықтар да сөз мәдениетін меңгертудің ғылыми-әдістемелік негіздерін айқындаудың көкейкестілігін бекіте түседі.

      Зерттеудің мақсаты. Жалпы білім беретін орта мектепте сөз мәдениетін оқытудың ғылыми-әдістемелік негізін тұжырымдау, негізгі және бағдарлы мектеп сатыларында сөз мәдениетін оқытудың әдістемелік жүйесін ұсыну, оның тиімділігін эксперимент арқылы дәйектеу.

      Зерттеу нысаны – жалпы орта білім беретін мектептердің 5-11 сынып оқушыларына қазақ тілінен сөз мәдениетін меңгерту процесі.

     Зерттеу пәні – жалпы білім беретін орта мектептердің 5-11 сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында сөз мәдениетін оқытудың әдістемесі.

     Зерттеудің міндеттері:

   1. Жалпы білім беретін орта мектептерде сөз мәдениетін оқытудың әдіснамасын айқындап, ғылыми-теориялық негіздерін дәйектеу.

     2. Сөз мәдениетін оқытуға байланысты тілдік материалдарды саралап, оқыту ұстанымдарын белгілеу. Сөз мәдениетін меңгертетін оқыту формалары мен әдістерін жүйелеу.

     3. Мектеп оқушыларына сөз мәдениетін меңгертудің мазмұндық-құрылымдық интерпретациясын ұсыну. Сөз мәдениетінің негізгі және бағдарлы мектеп бойынша білім мазмұнын, оқыту жүйесіндегі рөлі мен орнын анықтау.

   4. Сөз мәдениетін оқыту бойынша инновациялық технологияларды қолдану жолдарын белгілеу.

   5. Сөз мәдениетін оқытуға бағытталған кешенді жаттығулар мен тапсырмаларды жүйелеу, жіктеу және сипаттау.

   6. Сөз мәдениеті бойынша құзіреттіліктер түріндегі күтілетін білім нәтижелерін анықтау.

   7. Сөз мәдениеті бойынша білім мазмұнының және сөз мәдениетін меңгерген дара тұлғаның модельдерін жасау.

   8. Сөз мәдениетін оқытудың ғылыми негізделген әдістемелік жүйесінің тиімділігін эксперимент нәтижелеріне сүйеніп дәлелдеу.

   Зерттеу болжамы. Егер сөз мәдениетін оқыту барысында оқушының сөйлеу дағдылары белгілі бір логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырылса; оқушыларды сөз шеберлігіне төселдіру арнаулы тақырыптар бойынша ұсынылатын кешенді тапсырмалар мен жаттығулар негізінде жүргізілсе; оқытудың жаңа технологияларын тоғыстыра қолдану арқылы оқушының өзіндік әрекетіне, шығармашылық ізденістеріне басымдылық берілсе, күтілетін білім нәтижелері оқушылардың сөз мәдениетіне негізделсе, онда  дара тұлға қабілеттерін дамытудың мүмкіндігі кеңейіп, оқытудың нәтижелілігі мен тиімділігі арта түседі, өйткені сөз мәдениеті өзгермелі дүние жағдайында өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастыруға, оқушының тілдік құзыреттіліктерін жетілдіруге жол ашады.

   Зерттеудің  жетекші идеясы: Сөз мәдениетін меңгерту – қазақ тілі сабақтарында  оқушының өмірлік дағдыларын қалыптастырудың басты шарты. Сөз мәдениетін меңгерту – оқушының өз бойындағы дара тұлғалық қабілеттерін, құзыреттіліктерін дамытуға деген ішкі мүдделілігі мен  қоғамдық-әлеуметтік сұранымды үйлестірудің кепілі. Сондықтан жалпы білім беретін мектептің негізгі және жоғары сатыларында сөз мәдениетін оқыту біртұтас әдістемелік жүйе түрінде жүзеге асырылуы тиіс.

Информация о работе ФИлолог студенттердің шешендік шеберлігін жетілдіру