ФИлолог студенттердің шешендік шеберлігін жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 10:22, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің өзектілігі. Ел егемендігін алып, демократия кең өрістей бастаған қоғамда, әлемдік қауымдастыққа ұмтылып, бәсекелестік өмір сүрудің басты шартына айналған бүгінгі өзгермелі дүние жағдайында адамның мәні мен әлеуметтік рөлі жаңа сипатқа ие болып отыр. Соған сай рухани құндылықтар әлемі де түбегейлі жаңарып, адамның ақыл-ой қуаты мен интеллектуалдық әлеуетін қалыптастырудағы білімнің маңызы туралы қағидалар түбірімен өзгерді. ХХІ ғасырдың оқыту жүйесінде меңгерілетін білімнің түпкі нәтижесі ең тұғырлы мәселеге айналды. Сондықтан жалпы білім беретін мектеп қабырғасындағы әрбір пән оқушыны дара тұлға ретінде жетілдіруге, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға алғышарт жасауы қажет деген қағида берік орнықты.

Работа содержит 1 файл

Дипломка.doc

— 363.00 Кб (Скачать)

   Мақсаты: сабақта алған білімдерін қорыту.

   Бағалау критерийлері:

      - дәйексөзді орынды қолданып, өз сөзімен сабақтастықта жеткізе алуы.

      - айтылған ойлардан түйін жасай алуы.

   1. Серік Негимов: “Шешендіктің анасы – демократия”.

   2. Бернард Шоу: “ Егер қолында бір-бір алмасы бар екі адам сол алмаларын алмасса, онда бәрібір екеуінде де бір-бірден алма қалар еді. Ал бір-бірден жаңа ойы бар екі адам бір-бірімен пікір алмасса, онда олардың әрқайсысында екі-екіден ой қалыптасады”.

      Сабақты қорытындылау. Оқушылар білімін бағалау.

   Үйге  тапсырма : Пікірталас туралы не білгім келеді? деген сұраққа 4-5 пункттен тұратын жауап жазыңыздар.

   Кіріспе сабақ болғандықтан, басты мақсат – оқушыны пікірталастың іштей бірнеше топқа жіктелетінінен, оны білу қатысушы мәдениетін танытатынынан алдын-ала хабардар етіп, жаңа тарауды меңгеруге қызығушылықтарын ояту, оқу мотивациясын туғызу. Бұл сабақта ең маңыздысы оқушылардың өздерінде бар тәжірибе мен білімнің деңгейін бағалай білуіне мүмкіндік беру. Тарау аяқталғанда оқушы Пікірталас туралы не білетін едім? Не үйрендім, бұрынғы біліміме не қостым? деген сұрақтарға жауап табуы қажет.

   Сабақта оқытудың жаңа технологиялары қалай  тоғысқан? Біріншіден, мұнда тұлғалық  бағдарлы оқыту технологиясына тән әр оқушыны субъект деп тану идеясы жүзеге асырылды: мұғалім тек бағдар берді, барлық әрекетті оқушылардың өздері орындады. Сұрақтың шешімін табу, пікір айту оқушы үлесіне тиді. Олар ортақ шешім жасау үшін өзара пікірлесу барысында диалогтік, полилогтік қатынасқа түсті. Өздігінен шешім жасауға, өзін-өзі дәлелдеуге құштар 11-сынып оқушысы  мұндай жұмыс түрлерін қызыға орындайды. Екіншіден, бұл сабақта ізгілендіру технологиясы элементтері қамтылды. Мысалы, бір-бірімен мүлде қабыспайтын екі ұғымнан “пікірталас” және “мәдениет” ұғымдарының бірлігінен оқушы осы күрделі атаудың мағынасын өздері анықтап, ереже шығаруға жұмылдырылды. Оқушылар “пікірталас” ұғымының адамдардың ой мен пікірлерінің қайшылығы, пікірлер сайысы екендігін бағамдай отырып, бірақ қандай тоғыспайтын көзқарастар қақтығысында да әркім өзінің адами қасиетін жоғалтпауы тиіс, ол үшін әдептің шегінен шықпай, мәдениеттілік танытуы қажет деген байлам жасады. Ал әдеп пен мәдениет – ізгіліктің ең негізгі тірегі, оның іргетасы. Оқушы осы ұғымды өздігінен меңгере отырып, адамдар арасындағы кез келген жағдайда қарсыласына да құрмет көрсетіп, сыпайылық танытуы тиіс деген қорытындыға келді.

   Тілдің  функционалдық тиімділігі оқытудың дидактикалық әдістері мен амалдар жүйесін  оқушы бойындағы қатысымдық бейімдерді қалыптастырумен сабақтастықта қарастырғанда толық ашылмақ. Сөз жұмсау әрекетінің нәтижелілігі оқушыға берілетін білім қорымен емес, оның ойында пайда болған жаңа білім негізімен де емес, оқушының сөйлесім дағдыларын меңгеру деңгейімен өлшенеді. Бұл – коммуникативтік оқыту технологиясының басты стратегиясы. Оқушылардың сөйлесім компоненттеріне тән дағдылары жетілдірілді; ауызша және жазбаша тілде сөз құрау ережелерін, сөз таңдау тәсілдерін және грамматикалық, стильдік нормаларды ұстанды; көпшілік алдында сөйлеу дағдылары жетілді; тапсырма мен тілдік жағдайларға сай сөздерді орынды жұмсау қабілеті дамытылды; жағдаятқа сай сөз орамдарын қолданды.

   Проблемалық және дамыта оқыту технологиялары тұрғысынан қарастырғанда, сабақтағы барлық тапсырмаға проблемалылық пен дамытушылық тән. Өйткені ешқайсысы дайын материалмен жұмыс түрінде орындатылған жоқ, олар оқушының өздігінен ізденуін, ортақ шешімге келуін талап етті. Оқушылар кездескен кедергілер мен тосқауылдарды “айналып өтпей”, нақты әрекет жасауға үйретілді. Мысалы: олар осы сабақта әртүрлі тілдік жағдаяттардағы проблемаларды анықтады, өздіктерінен шешім қабылдады; сөздерді мақсатқа, негізгі ойға, мазмұнға сәйкес және стильдік ерекшелігіне қарай өз бетінше талғап қолдана алды; тіл табысуға қажетті дағдыларды меңгерді; сөздік қоры толықты.

   Оқытудың  жаңа технологияларын қолдану қазақ  тілінен күтілетін білім нәтижелерін  құзіреттіліктер түрінде қалыптастыруға жол ашады. Мысалы, проблемаларды шешу құзыреттілігіне ие оқушы бүгінгі өзгермелі дүние жағдайында өздігінен шешім жасап, ортаға бейімделе алады. Дәстүрлі оқыту жүйесіндегідей мұнда оқушы тек орындаушы дәрежесінде қалмайды, ол проблеманы шешу үшін алдына мақсат қояды, сол мақсаттарға сай міндеттерін белгілейді, әрекетінің кезеңдерін жүйелейді. Осы құзіреттілік негізінде оқушының өз білімін жаңа жағдайға сай өзгертіп қолдана алу қабілеті, өзіне-өзі бағалау қабілеті дамытылады.

   Үшінші  тараудың “Қазақ тілінен күтілетін білім нәтижелері – құзіреттіліктер жүйесі” деп аталатын үшінші тармағында сөз мәдениетін оқыту барысында қалыптастырылатын құзіреттіліктердің өзара сабақтастығы білім нәтижесі сипатында дәйектеледі.

   Ақпараттық  құзіреттілік  оқушының ғаламдану  үрдісіне байланысты жан-жақтан ағылып келіп жатқан ақпараттарға сын көзімен қарап, дұрыс, өз қажетіне қарай орынды пайдалануынан көрінеді. Бірақ бұл оқыту процесінде оқушыға ақпарат беру жеткілікті дейтін дәстүрлі оқыту жүйесімен мүлде үйлеспейді. Басты мәселе балаға дайын ақпараттарды беріп, оны қайта мазмұндауға үйрету емес, оқушының кез келген ақпараттарды өздігінен түсініп, өңдеп қолдануына мүмкіндік тудыру. Осы құзіреттілік негізінде оқушы бойында дамытылатын қабілеттер: өз мақсатына сай ақпараттарды іздеуді жоспарлай алу; ақпараттардағы негізгі және қосалқы мәселелерді ажырата алу, ақпараттарды өңдей алу; ақпараттарды талдауда ой операцияларын пайдалана алу, ақпараттарды сызба, кесте түрінде жинақтай білу, тілдік кодты түсіну қабілеттері. Бұлар оқушының ақпараттық мәдениетін дамытуға оң ықпал етеді.

   Коммуникативтік құзіреттілікке тілдік қарым-қатынастағы  әлеуметтік-мәдени нормаларды және стереотиптерді білу, тілдің әлеуметтік-қатысымдық нормаларын меңгеру, тілдік фактілерді қатысымдық жағдаятқа қарай орнымен жұмсау, сөздің жанама тәсілдерін (бейнелі сөздер, әдемі әзіл, жеңіл юмор) қолдану, түсіну енеді.  Мұнда фатикалық қатынас басты рөл атқарады, яғни тыңдаушының назарын өзіне аудару, сөзге тарту, сөз тақырыбына қызығушылығын оята білу көзделеді. Дискурстың ерекшелігі – экспрессивті эффект тудыру арқылы пікірлесушіні қызықтырып отыру. Сөз этикасын сақтау – диалогтің сәтті болуының алғышарты. Бұл талаптар сөз мәдениетінің қатысымдық және этикалық сапаларымен тығыз байланысып жатыр. Сондықтан олар да білім нәтижесінің көрсеткіші саналады.

   Проблеманы шешу құзіреттілігі оқушының сөз мәдениетін меңгеруіне әрі алғышарт қалыптастырады, әрі оның нәтижесі болып саналады. Өйткені өздігінен шешім жасау үшін оқушы өзінің алдына мақсат қойып, оны орындаудың жоспарын құра алуы керек. Бұл өз кезегінде оқушының логикасына, ойын жүйелей алуына тікелей тәуелді. Құрған жоспарын дәлелді, дәйекті жеткізу үшін оған сөйлеу дағдыларын меңгеру қажет. Бұл құзіреттілік – тіл мен ойлаудың бірлігінің кепілі. Ол жеке, топтық, жұптық жұмыс түрлерінде дамытуға оңтайлы.

   Мәдени-танымдық құзіреттілік – ана тілін оқыту үрдісінде ұлттық құндылықтарға сүйеніп, ұлттық ділдің қалыптастуының нәтижесі. Ол салт-дәстүрлерді, ана тілін құрметтеуге негізделеді. Мәдени-танымдық құзіретке ие оқушы өзінің тәжірибесінде ұлттық және жалпыадамзаттық әдеп нормаларын ұштастыра алады, этикеттік орамдарды орынды қолданады, тілдің тереңінде жатқан халықтық танымның ерекшеліктерін айыра алады, өз елінің тарихи жәдігерлерін сақтауға мүдделілік танытады. Осы құзіреттілік оқушы бойында ұлттық-мәдени ұғымдарды ажырата алу, сөйлеуде тілдік код пен дүниелік кодты бірлікте қолдана алу, өз ойын дүниелік білім негізінде жеткізе алу, сөйлеуде ұлттық қағидаларды сақтай білу қабілеттері негізінде дамытылады.

   Оқушылардың тілді оқу нәтижесінде қалыптасуы тиіс деп белгіленіп отырған мұндай құзіреттіліктерге қол жеткізу  пәннің білім мазмұны жүйесі сөз мәдениетіне бағындырылып, сабақтастықта өрілген кезде мүмкін болатынына эксперимент жұмыстары кезінде толық көз жеткізілді.

   Сөз мәдениетін оқытудың тиімді әдістері мен формалары” атты төртінші тарау төрт тармақтан тұрады.  “Сөз мәдениетін оқытудың белсенді әдістері” атты бірінші тармақта оқушының  тілдік дағдыларын жетілдіруге тиімді ықпал ететін оқыту әдістері сараланды.

   Сөз мәдениетін оқытуда дәстүрлі әдістердің мүмкіндіктері мол, әйтсе де бірінші кезекте интерактивті әдістерді пайдалануға басымдылық берілуі заңды. Оқушылардың сапалық деңгейін, әрекет мотивтерін, қажеттіктерін, қызығушылықтарын, құндылық бағдарларын қалыптастыруға мүмкіндік беретін әдістер іріктелді. Диссертацияда шығармашылық тапсырмалар, проблемалық жағдаят тудыру, пікірталас, креативтік, іскерлік ойындар, синектика, “ойға шабуыл”, т.б.  белсенді оқыту әдістері кең қолданылған жұмыстар жүйеленіп берілді.

   Интерактивті оқыту – таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Оның мақсаты – оқу процесінің өнімділігін арттыратын, оқушының ақыл-ой мүмкіндіктерін, өз жетістіктерін сезінетіндей жайлы жағдай тудыру. Оқытудың интерактивті моделін қолдану өмірлік жағдаяттарды модельдеуді, рөлдік ойындарды пайдалануды, мәселені бірлесіп шешуді көздейді. Мұнда оқу процесінде белгілі бір тұлғаның немесе идея иесінің үстем болуына жол берілмейді. Белсенді оқыту әдістері сыныпты танымдық әрекетке тұтас жұмылдыратын оқу үрдісін ұйымдастыруға жол ашады. Мысалы, оқушы белсенділігін арттыратын, олардың шығармашылық, талдау қабілеттерін жетілдіретін әдістердің ішінде синектика мен “ойға шабуылдың” тиімділігі ерекше. Синектика – оқушылардың интуитивтік-бейнелі, метафоралық ойлау қабілетіне сүйене отырып жүргізілетін оқу-ізденімдік және ұжымдық-шығармашылық тұрғыда әрекет ету және ұқсас жағдайларда әр қилы элементтерді біріктіру әдісі [24,43 б.]. Оның ерекшелігі оқушылардың ізденіс жұмыстарын жеке де, бірлесіп те жүргізуінен, эмоциялық-бейнелі, метафоралық ұқсастықтарды бірге талқылауынан көрінеді. Тікелей аналогиялар қолданылады, атап айтқанда: бір тектес тапсырмаларды шешудегі жеке және эмпатикалық ұқсастықтар, символикалық ұқсастықтар, фантастикалық ұқсастықтар ұсынылады. Мәселен, “Ластанған ортадағы өзіңіз қалаған өсімдіктің атынан сөйлеңіздер” (6-сыныпта); “Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Алтау ала болса ауыздағы кетеді” мақалын ребуспен бейнелеңіздер” (7-сыныпта);  “Бүгінгі қазақ қыздары туралы өзіңіз қалаған эпостық жыр кейіпкерімен сұхбаттасыңыз” (10-11-сыныпта) секілді тапсырмалар оқушылардың өзіндік ізденісіне негізделіп, ойлау және сөйлеу дағдыларын жетілдіруге ықпал етеді.

   “Ойға шабуыл” әдісі теориялық материалды меңгерту кезінде де, шығармашылық жұмыстарды орындату барысында да кең  қолданылады. Мысалы, 5-сыныпта сөздің мағыналық топтарын өткеннен кейінгі бірінші кезеңде тақтаның ортасына шеңбер сызылып, “Синонимдер не үшін қолданылады?” деп жазылды да, оған сыныптағы барлық оқушылар жауап беруге тартылды. Бұл әдістің талабы бойынша айтылған пікірлер дұрыс я бұрыс деп бағаланбайды. Тек жауаптың мол болуына назар аударылады. Жұмыстың екінші кезеңінде балаларға айтылған жауаптарды саралай отырып “Синонимдер – тіл байлығының белгісі” деген тақырыпта шағын ой тұжырымын жазу тапсырылды. Мұнда оқушылардың, бір жағынан, сөйлеу тілі жетіледі; екінші жағынан, бар пікірді саралап, салыстырып өз тұжырымын жасау дағдысы қалыптасады. Сонымен,  белсенді оқыту әдістерінің өзіндік артықшылықтары: оларды дұрыс әрі мақсатты түрде қолдану оқытудың дамытушылық сипатын арттырады, оқушыларды іздендіруге мол мүмкіндік береді, оқушы мен мұғалімді жағымды эмоциялық күйге бөлейді.

   Төртінші  тараудың “Сөз мәдениетін оқытуда оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастырудың жолдары” атты екінші тармағында қазақ тілі пәніндегі өздік жұмыстар аясында оқушылардың алған білімін, меңгерген іскерлігі мен дағдыларын тәжірибеде дұрыс қолдануы мен қоршаған ортамен белсенді әрекеттесуін қамтамасыз ету үшін ұжымдық, топтық және даралық жұмыстың түрлері ұсынылды. Оқушылардың сөз мәдениеті дағдыларын дамытуға бағытталған жұмыстар екі үлкен топқа жіктелді: тілдік дағдыларды қалыптастыратын жаттығулар және қатысымдық дағдыларды қалыптастыратын тапсырмалар. Жаттығулар мақсатына қарай тіл дамыту, тіл ұстарту, сөз мәдениеті құралдарын қолдану жаттығулары деп, ал тапсырмалар сипатына қарай: ізденімдік, проблемалық және шығармашылық болып бөлінді. Тіл дамыту жаттығуларында оқушының ортологиялық дағдыларын дамыту көзделді де, тіл ұстартуда оқушының өздігінен шешім жасауына бағытталған жаттығулар топтастырылды. Сөз мәдениеті құралдарын қолдану жаттығуларында этикеттік орамдарды, клишелерді, көркемдеу тәсілдерін мақсатқа сай талғап пайдалануға төселдіретін жұмыстар іріктелді. Ізденімдік тапсырмалар дайын оқу материалдары негізінде оқушының шешім жасауын талап етсе, проблемалық және шығармашылық тапсырмалар оқушылардың ойлау, танымдық, қатысымдық қабілеттерін дамытуға бағытталды. Бұл жұмыстарда мәтіндерді редакциялау, мәтін бойынша өзгеше нұсқа құрау, эссе, шағын шығарма жаздыру секілді жұмыстармен қатар жоба жасау, проблемалық жағдаяттарды шешу, сөзжұмбақтар, коллаждар құрау және т.б. әрекеттер қамтылды. Мәселен,  жобалық технологияларды жүзеге асыруда оқушының  өздігінен жол табуына жағдай жасалды. Мәселен, 10-сыныпта “Сөз әдебі” тақырыбы аясында оқушыларға алдын-ала мынадай тақырыптардың ішінен өздері қалаған біреуіне танымдық материал дайындау тапсырылды: 1.Этикет – мәдениеттіліктің  негізі. 2. Этикеттің тарихы. 3. Әр елдің салты басқа... (өзі қалаған ұлттың этикет нормалары бойынша ). 4. Әлемде талай қызық бар...

5. Ым-ишараларды қолданудағы әдептілік нормалары. 6. Ұлттық салт-дәстүрлердегі әдептілік көріністері. 7. Әлем халықтарының амандасу әдептері.

   Тапсырманы  орындауға қойылған талаптар: жұмыстың кіріспе, негізгі және қорытынды  бөлімдері болуы ескерілсін; этикеттік  сөз орамдары қолданылсын; жұмыс  ауызша қорғалсын; танымдық қызықты  фактілер, мәліметтер қамтылсын; ең кемі он слайдтық материал дайындалсын; жұмыс жұптық түрде орындалсын,  регламент – 5-7 минут.

   Оқушылар  өздері таңдаған тақырыптары бойынша  ізденіс жұмыстарын жүргізді. Табылған материалдарды жүйелеп, тақырыпқа  сәйкестендіріп, слайдтар әзірледі. Нәтижесінде бірін-бірі толықтыратын қызықты әрі танымдық мәні терең мәліметтер жинақталды. Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артты. Өздеріне деген сенімі күшейді. Ең бастысы, әдеп нормаларының жасанды нәрсе емес, халықтың тіл табысуға деген мүддесінен туған, адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін мәдениет талабы екенін түйсінді.

Информация о работе ФИлолог студенттердің шешендік шеберлігін жетілдіру