Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 20:45, курсовая работа
Бұл курстық жұмыста Macromedia Flash 5 программасының ортасы жайында қарастырамын. Macromedia Flash 5 программасының қолайлы мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көптеген танымдық және қызықты жұмыстар жасауға болады. Ол үшін ең алдымен Macromedia Flash 5 программасы туралы қысқаша мәлімет берейік. Қазіргі техникалық жетістіктердің арқасында Macromedia Flash 5 программасының құрылымы күннен-күнге күрделіленуде. Flash 5-тің жұмыс ортасы бүгінгі графиктік WEB-беттер дизайнерлері үшін өте тиімді және меңгерілуі жеңіл болғандықтан бүкіл дүние жүзінде кеңінен таралған. INTERNET-желісіне кірген болсаңыз ондағы фильмдер, WEB-сайттардың көбісі осы программада жасалғандығын байқауға болады.
Эксперттік режим тәжірибесі бар қолданушыларға мәтіндік редакторда сценарийді Java Script неиесе VB Script-ті пайдаланып жазуға болады.
Эксперттік режимнің қарапайым режимнен айырмашылығы:
3. 3 Обьекттерге немесе фрагменттерге процедура тағайындау
Батырмаға немесе фильмнің фрагменттеріне процедураны тағайындасақ, сол процедураға сәйкес көрермен тышқанды жылжытқанда батырма түсінің өзгеруі, батырманы шерткенде басқа қалыпқа келуі, фильм фрагменттерінің жүктелуі немесе фрагменттердің соңы процедура қойылмағандарға қарағанда ерекше болады.
Flash батырмаға немесе фрагментке процедура тағайындаған кезде автоматты түрде батырма үшін - On Mouse Event, фрагмент үшін On Clip Event функцияларын енгізеді.
Әрбір өңдеуіш On немесе On Clip Event түйінді сөзінен басталады. Процедураны тағайындағаннан кейін, оның нәтижесін бірден тексерген жөн.
Фильмнің фрагментіне немесе батырмаға процедура тағайындау үшін:
10-сурет. Frame Actions панеліне тиісті Toolbox және Actions тізімдері
Егер фильм фрагменті таңдалған болса, онда Flash автоматты түрде On Mouse Event кодын және таңдалған процедураны тағайындайды. Егер батырма таңдалған болса, On Mouse Event кодын қояды, себебі, осы жағдайда таңдап алынған процедура шақырылуы үшін.
Parameters панелін Actions панелінің оң жақ төменгі бұрышындағы үшбұрышты шерту арқылы шақыруға болады. Parameters мәтіндік өрісінде жаңа мәндерді еңгізіп, процедура тағайындаймыз. Параметрлер процедураға байланысты өзгереді. Мысалы, On Clip процедурасына келісім бойынша Load(жүктеу) параметрі қойылады.
3. 3. 1 Тышқан оқиғасын баптау
Батырмаға процедура тағайындасақ оған автоматты түрде Mouse Event(тышқан оқиғасы) инструкциясы орнатылады. Әрбір өңдеуіш(handler) On сөзінен және өңдеуіш(handler) жауап беретін оқиғадан басталады.
Мысалы:
on (release)
on (keyPress "<Space>")
on (rollOver)
Release параметрі қолданушының батырманы шертіп, қайта жібергендігін білдіреді.
Actions панелінде батырманың процедурасы дәл қандай тышқан оқиғасын шақыратындығын білдіреді.
Тышқан оқиғасын баптау үшін:
4. Parameters панелінде Event (оқиға) деңгейі үшін «ыстық» перне таңдаңыз немесе процедураны шақыратын тышқан оқиғасын:
3. 3. 2 Кадрларға
процедура тағайындау және
Кадрларға процедура қою көп жағдайда бір кадрдан келесі бір аралықтағы кадрға өтуге қолданылады. Процедура қойылған кадрларды бір қабатқа жинаған өте тиімді. Процедуралар тағайындалған кадрлар уақыттық диаграммада «а» әрпі бар болып көрсетіледі. Кадрларға қойылған процедуралар қалай жұмыс жасайтындығын тексеру үшін Control>Test Move командасын орындау керек.
11-сурет. Уақыттық диаграммада процедура тағайындалған кадрдың көрсетілуі
Түйінді кадрға процедура тағайындау үшін :
Сахнада кадрдың процедурасын тестілеу үшін Control>Test Move командасын орындаңыз.
Actions панелінің негізгі процедуралары навигацияны басқаруға және фильмде интерактивті эффекттер құруға мүмкіндік береді. Flash қолданушының таңдаған процедурасына байланысты керекті Action Script кодын құрады.
Actions панелінің негізгі процедураларына тоқталып кетейік:
4 Фильмді баспадан шығару
Flash-та құрылған фильмдердің кез-келген кадрын баспадан шығаруға болады.
Қолданушы фильмді Flash Player-де екі түрлі жол арқылы баспаға шығара алады:
Flash Player-ден фильмді баспаға шығару үшін оны ең алдымен дайындап алу қажет, яғни басылатын кадрларды және олардың басылу ауданын көрсету керек.
Егер сіз фильмді баспаға шығаратын болсаңыз, онда келесі ұсыныстарды есте сақтағаныңыз абзал:
Басу ауданын анықтау үшін:
Осы аталған командаларды орындап кадрды баспаға жіберуге болады.
12-сурет. Publish Settings сұхбаттық терезесі
Бір рет баспаға дайындағанда [#p, #b] аралығын тек бір рет пайдаланған дұрыс. Сонда баспадан шығатын кадрдың сапасы жоғары болады.
13-сурет. #p және #b аралығындағы кадрдың баспадан шыққандағы нәтижесі
5 Импоротталатын және экспортталатын файлдар
Flash-те фильм құруда сырттан әкелінген файлдар да қолданылады. Алайда кейбір форматтарды Quick Time қосымшасыз пайдалана алмаймыз, сондықтан да ескі нұсқасы болса да оны орнатқан дұрыс.
Сонымен қатар Flash-те жасалған суреттерді, фильмдерді экспорттауға болады. Фильм тізбектей экспортталады, ал кескіндер жеке файлдар ретінде сыртқа шығарылады. PNG-форматы - растрлық жалғыз формат.
1-кесте. Импортталатын файлдар
Файлдың форматы |
Кеңейтілуі |
Windows |
Macintosh |
Adobe IIIustrator 6.0 |
.EPS, .AI |
+ |
+ |
Auto Cad DXG |
.DXF |
+ |
+ |
Bitmap |
.BMP |
+ |
- |
Кеңейтілген метафайл |
.EVF |
+ |
- |
Future Splash Player |
.SPL |
+ |
+ |
GIF және анимацияланған GIF |
.GIF |
+ |
+ |
JPEG |
.JPG |
+ |
+ |
PICT |
.PCT, .PIC |
- |
+ |
PNG |
.PNG |
+ |
+ |
Flash Player |
.SWF |
+ |
+ |
Windows метафайлдары |
.WMF |
+ |
- |
Quick Time фильмдері |
.MOV |
+ |
+ |
Mac Paint |
.PNTG |
+ |
+ |
Photoshop |
.PSD |
+ |
+ |
Quick Time Image |
.QTIF |
+ |
+ |
Silicon Graphics |
.SAI |
+ |
+ |
TGA |
.TGF |
+ |
+ |
TIFF |
.TIFF |
+ |
+ |
Файлды экспорттау үшін File>Export Movie(фильмді экспорттау), File>Export Image(кескінді экспорттау) командаларының бірін таңдаңыз. Ал импорттау үшін File>Import(импорт) командасын орындау керек.
Flash-та экспорттау форматы тек он шақты ғана, олар растрлық және растрлық емес болып келеді.
2-кесте. Экспортталатын графиктік форматтар
Файлдың форматы |
Кеңейтілуі |
Windows |
Macintosh |
Adobe IIIustrator 6.0 |
.AI |
+ |
+ |
DXF Sequence and Auto Cad DXF Image |
.DXF |
+ |
+ |
Bitmap |
.BMP |
+ |
- |
Enhanced Metafile |
.EMF |
+ |
- |
Future Splash Player |
.SPL |
+ |
+ |
GIF және анимацияланған GIF |
.GIF |
+ |
+ |
JPEG |
.JPG |
+ |
+ |
PICT |
.PCT, .PIC |
- |
- |
PNG |
.PNG |
+ |
+ |
EPS 6.0 |
.EPS |
+ |
+ |
Publishing Quick Time 4 movies |
.MOV |
+ |
+ |
Quick Time фильмдері |
.MOV |
+ |
- |
Wav audio |
.WAV |
+ |
- |
Windows AVI |
.AVI |
+ |
- |
Windows Metafile |
.WMF |
+ |
- |
6 Менің Flash-та құрған алғашқы жобам
Маған Flash-та фильм құру өте ұнады. Бұл программада өзіңе қандай кейіпкерлер ұнаса, сол кейіпкеріңді кескіндей аласың. Жұмыс жасауға өте қолайлы ортасы бар бұл программада фильм құру көп қиындық тудырған жоқ, болса да оны шешу жолдарын табуға тырыстым.
Информация о работе Macromedia Flash программасы туралы негізгі түсінік