Macromedia Flash программасы туралы негізгі түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 20:45, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыста Macromedia Flash 5 программасының ортасы жайында қарастырамын. Macromedia Flash 5 программасының қолайлы мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көптеген танымдық және қызықты жұмыстар жасауға болады. Ол үшін ең алдымен Macromedia Flash 5 программасы туралы қысқаша мәлімет берейік. Қазіргі техникалық жетістіктердің арқасында Macromedia Flash 5 программасының құрылымы күннен-күнге күрделіленуде. Flash 5-тің жұмыс ортасы бүгінгі графиктік WEB-беттер дизайнерлері үшін өте тиімді және меңгерілуі жеңіл болғандықтан бүкіл дүние жүзінде кеңінен таралған. INTERNET-желісіне кірген болсаңыз ондағы фильмдер, WEB-сайттардың көбісі осы программада жасалғандығын байқауға болады.

Работа содержит 1 файл

САНДУ.DOC

— 2.12 Мб (Скачать)

Сонымен ең алдымен File>New командасын орындап жаңа сахна аштым, ашылған үстелге Tools панелінде орналасқан Brush Tool түймешесінің көмегімен және STROKE панелінде сызық түсін және жуандығын өзгерте отырып терезе салдым. Оны түйінді кадр етіп көрсетілім уақытына байланысты Уақыттық диаграммада Alt пернесі және Hand Tool түймешесінің көмегімен [1..80] аралықтағы диапазонға көшірдім.

 

14-сурет. Терезенің салынуы

 

Мұнда негізінен терезенің  алдындағы гүлдің өсуі және көбелектің ұшуы көрсетіледі. Жоғарыда қарастырылған мағлұматтар негізінде кез-келген уйренуші осындай кішігірім анимациялар жасай алады деп ойлаймын. Осы үзіндіде салынғын әрбір бөлшекке жеке қабаттар ашамыз. Олардың диапазон аралықтарын көрсетеміз.

15-суретте көрсетілгендей әрбір сурет Tools панелінің сайман – құралдарымен салынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

15-сурет. Жасалған жұмыстың нәтижесі

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Адамзат тарихында ғасырлар бойы эволюция заңдылығы орындалып  келеді. Алғаш рет адамдар жапыраққа  жазу жазып жаңалық ашқан болатын. Одан кейін осы ағаштардан қағаздар дайындалып, жазуға ыңғайлы қылқаламдар пайда болды. Сондай алға дамудың арқасында жетілген бұл үрдістер адамдарға көлемді, тартымды суреттер салғызды. Дамыған технологияларға байланысты мультипликациялар, көркем фильмдер жасала бастады. Теледидардың алдына барлық бүлдіршіндерді жинап, қызықтырып отырғызып қоятын сонау сиқырлы мультфильмдер алғашқы кезеңде суретшілердің қылқаламынан қағазға слынып, содан кейін ғана аппараттардың көмегімен өңделетін. Бір кадрды түсіру үшін кем дегенде мыңдаған суреттер салынатын.

Қазіргі уақытта технология ол кезбен салыстырғанда әлдеқайда  жоғары деңгейде. Жаңа технологиялық  жетістіктердің арқасында, әсіресе  компьютердегі графиктік программаларының қанат жайып көбеюі және сапасының артуы – фильмдер құруды, мультипликациялар жасауды жеңілдетті әрі өнімін әрлендіре түсті.

Теледидар экранына көз  жүгіртсеңіз көптеген мультфильмдердің фонына, көркемделуіне, кеиіпкерлердің қимылына қарап көңіліңіз толады. Міне осындай мультфильмдер  бұрын суретшілердің қылқаламынан туындаған болса, қазіргі таңда компьютерді жетік меңгерген дизайнерлер мен графиктік программалар негізінде жасалады. Macromedia Flash 5 программасы осындай программалардың бірі болып табылады және мультфильмдер, интерактивті фильмдер, WEB-парақтар, танымдық ойындар құруда ең жоғарғы сатыдан орын алады.

Қорыта келгенде мен  бұл курстық жұмысты орындау  барысында графиктік программалар әлемінде үздік жетістіктерге қол  жеткізіп отырған, қызықты да күрделі Flash 5 ортасы туралы мәлімет ала отырып, бұл программаның басқалардан жүйріктігіне, озық технологиялар жетістіктерінің талаптарына сай өз ерекшеліктері мен өз мүмкіншіліктері де бар алдыңғы қатарлы программа екеніне көз жеткіздім.

Flash 5 прогаммасына қолданушы, мейлі ол жаңадан үйренуші немесе тәжірибесі мол дизайнер болсын, тез бейімделіп кетеді. Менің бұл курстық барысында түйгенім жаңадан үйренушілерге теория мен тәжірибе қатар жүріп отыруы керек. Сонда ол тез машықтанып, жақсы нәтижеге қол жеткізеді.

Курстық жұмысымды аяқтай келе Macromedia Flash 5 программасын меңгеру жеңіл екендігін, қазіргі таңда дизайнерлердің осы программаға сүйенетіндігін, күрделі анимация жасауға тиімді екенін және графиктік форматтардың көбін қамтитындығын айтқым келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Macromedia Flash программасы туралы негізгі түсінік