Негізгі өнеркәсіптік қорлар амортизациялық аударым

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 19:28, доклад

Описание работы

Өнеркәсіптің дамуының маңызды мақсаттарының бірі ең алдымен оның тиімділігін көтеру және шаруашылықтың ішкі резервтерін толығымен пайдалану есебінен өндірісті қамтамасыз ету. Ол үшін негізгі өндірістік қорлар тиімдірірек пайдалану керек.
Өнеркәсіп өнімінің өндірісінің көлемін ұлғайту келесілер есебінен жеткізіледі:
1. негізгі қорларды іске қосу;
2. пайдаланылып жатқан негізгі өндірістік қорларды пайдалануды жақсарту.

Работа содержит 1 файл

Негізгі өнеркәсіптік қорлар амортизациялық аударым.docx

— 35.89 Кб (Скачать)

Негізгі өнеркәсіптік қорлар амортизациялық аударым

Өнеркәсіптің дамуының маңызды  мақсаттарының бірі  ең алдымен оның тиімділігін  көтеру  және шаруашылықтың ішкі резервтерін толығымен пайдалану есебінен өндірісті қамтамасыз ету. Ол үшін негізгі өндірістік қорлар  тиімдірірек пайдалану керек. 
Өнеркәсіп  өнімінің өндірісінің көлемін ұлғайту келесілер есебінен жеткізіледі: 
1. негізгі қорларды іске қосу; 
2. пайдаланылып жатқан негізгі өндірістік қорларды пайдалануды жақсарту.

Өнеркәсіптің, олардың салаларының  және кәсіпорындардың  негізгі қорлардың өсуі  жаңадан құрылыстар арқылы қол жеткізіледі, және сонымен бірге қайта құрастыру және жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды кеңейту  арқылы жүзеге асады. Жалпы өнеркәсіпте  өнім өндірісінің  өсімін  жыл сайын жаңадан іске қосылатын  қорлардан артық болатын жұмыс істеп жатқан негізгі өндірістік қорлар арқылы алуға болады. 
    Негізгі өндірістік қорларды  пайдалану  деңгейін анықтау үшін  өндірілген өнімнің натуралды және құндылық (ақшалай) бірліктерде    және уақыт бірліктерінде қолданылады.  Өндірістік күш-құатты  пайдалануын есептеу үшін   өнім өндірісінің  көлемінің  тек натуарлды көрсеткіштері пайдаланылады.  Негізгі қорларды пайдаланудың натуралды бірліктері  ең алдымен  салыстырмалы бір типтік  өнім  өндірілетін өнеркәсіп өндірісінің салаларының кәсіпорындарында пайдаланылады.  Өндірістік  күш-құаттарды жоспарлау және қазіргі жағдайларын талдау барысында  қолданылатын, жабдықтардың балансын құрастыру барысында және т.с.с . негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың  натуралдық  көрсеткіштері    дегенмен  кәсіпорынның, саланың, жалпы өнеркәсіптің негізгі  өндірістік қорлардың жалпы жиынтығын тиімді пайдаланудың жалпы сипаттамасын көрсетпейді. 
Шаруашылық қызметті жалпы талдау үшін , күрделі салымдарды жоспарлау үшін, өнеркәсіптің барлық звеноларының негізгі қорларын   және өндірістік күш-құатты іске қосу үшін өндірістің тиімділігі көрсеткіші, негізгі қорлардың бірлігіне  есептегенде өнім өндірісі  -  қорқайтарымы көрсеткіші деп аталатын  маңыздылығын алуда. Сонымен бірге қорқайтарымының кері көрсеткіші – қорсыйымдылығы көрсеткіші пайдаланылады.  Қорқайтарымның  көрсеткішін анықтау барысында құндылық   және натуралдық өлшемдер бірліктері қолданылады. 
Негізгі қорлардың неғұрлым толық пайдалануы  өндіріс көлемінің өзгеруі барысында өндірістік күш-құаттардың жаңасын іске қосу қажеттіліктерді төмендетуге әкеледі,  сәйкесті  кәсіпорынның пайдасын тиімді пайдалануына жеткізеді(тұтыну қорына пайдадан салымдардың үйлесін көбейтуге, тұтыну қордың жоғары  бөлігін технологиялық  үрдісті механикаландыруға және автоматтандыруға бағыттауға және т.с.с. ). 
Негізгі қорларды  пайдалануды жақсарту сонымен бірге олардың айналымдарын жеделдету деп саналады.  Бұл  физикалық және моралдық тозу мерзімдерінде айырмашылықты қысқарту мәселелрді шешуге ықпалдасады, негізгі қорлардың қарқынын жеделдетуге мүмкіндікті  туғызады.  Негізгі қорларды тиімді пайдалану  қазіргі уақыттың экономикалық реформалардың тағыда басқа басты мақсатпенен тығыз байланысты — өндірілетін өнімнің сапасын жоғарлату, өйткені нарықтық бәсеке жағдайында  жоғары сапалы өнім жедел өткізіледі және жоғары сұранысқа иеленеді. 
Жұмыс істеп жатқан негізгі қорларды және өнеркәсіп кәсіпорындардың өндірістік құаттарын және соның ішінде  жаңадан іске қосылғандардың пайдалануын  жақсарту келесі есебінен жеткізілу мүмкін: 
-өндірістік күш-құаттарды және негізгі қорларды пайдалану интенсивтілігін жоғарлату; 
-оларды толтыру экстенсивтілігін жоғарлату. Өндірістік күш-құаттарды және негізгі қорларды анағұрлым интенсивті пайдалану ең алдымен  соңғыларды техникалық  жетілдіру есебінен жеткізіледі. 
Өнеркәсіп кәсіпорындардың тәжірибесі жабдықтардың бірлігінің күш-құатын көбейту үрдісі қалыптасқанын көрсетеді: 
-станоктарда, машиналарда және агрегаттарда ең жауапты  бөлшектер мен тораптар нығайтылады; 
-өндірістік үрдістердің негізігі көрсеткіштері жоғартылады(жылдамдық, қысым, температура). 
-тек  негізгі өндірістік үрдістер мен операциялар механикаландырылып және автоматтандырылып қана қоймайды, сонымен бірге  көп жағдайда өндіріс барысын және жабдықтарды пайдалануды баяулататын қосалқы және көліктік операциялар да осындай үрдістерге ұшырайды.  Ескірген машиналар модернизацияланады және анғұрлым жетік жаңаларменен ауыстырылады. 
Негізгі қорларды қарқынды пайдалану  технологиялық үрдісті жетілдіру жолымен жоғарлайды;  бір текті өнімнің өндірісінің оптималды шоғырлану базасында өндірістің үздіксіз ағынын ұйымдастыру, оны  өндірілетін өнімнің сапасы және берілген технологияның талаптарына сәйкес дайындау;  кәсіпорындардың, цехтардың және өндірістік учаскелерідің, басқа да біраз шараларды жұргізу  жұмысының  бірқалыпты, жұмысының ырғақтығын қамтамасыз ету.  Өз кезегінде бұл  еңбек заттарын  өңдей қарқынын, жылдамдағын көбейтуге және  уақыттың бірлігіне, жабдықтардың  бірлігіне немесе өндірістік алаңның 1 шаршы метіріне  өнім өндірісін көбейтуді қамтамасыз етеді. 
Жұмыс жасайтын кәсіпорындардың  негізгі қорларын  қарқынды пайдалану жолы олардың техникалық қайта жарақтануды, негізігі қорларды жаңарту қарқынын көбейтуді еңгізеді.  Өнеркәсіптің біраз салаларының  жұмыс жасау тәжірибесі  жұмыс істеп жатқан фабрикалар мен зауаттардың  техникалық қайта жабдықтауды көрсетеді.  Әсіресе бұл негізігі  қорлардың   анағұрлым тозу жағдайында кәсіпорындар үшін өте маңызды. 
Негізгі қорларды пайдалану экстенсивтіілігін жақсарту  бір жағынан  күнтізбелік кезеңде (ауысым, тәүлік, ай, тоқсан жыл барысында) жұмыс істеп жатқан жабдықтардың жұмыс уақытын ұлғайтуды көздейді, ал екінші жағынан  кәсіпорында және оның өндірістік звеносында бар жалпы жабдықтардың құрамында  жұмыс істеп жатқан жабдықтардың  санын және үлес салмағын  көбейтуді көздейді. 
Жабдықтардың жұмыс уақытын көбейту  келесі есебінен қол жеткізіледі: 
Әр бір өндірістік бөлімінде   жабдықтардың  белгілі бір топтарының өндірістік күш-құаттар арасындағы пропорцияларды  қолдау , кәсіпорынның  цехтары арасында,  өнеркәсіптің әр бір саласының ішінде белгілі бір өндірістердің арасында, өнеркәсіптің салаларының дамуының қарқындары мен пропорциялары арасында және жалпы халық шаруашылық бойынша пропорцияларды  қолдау; 
Негізгі қорларды күтіп пайдалануды жақсарту, пайдаланылатын  өндіріс технологиясын ұстану,  жабдықтарды дұрыс пайдалануға ықпалдасатын өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру,  тұрып қалғанды  және бұзылғанды болдыртпай алдын алу, жабдықтардың жөндеумен байланысқан тұрып қалғандарын  қысқартатын  және жендеу арасындағы кезеңді ұлғайтатын  өз уақытында және сапалы жөндеуді жүзеге асыру; 
Жұмыс уақыттың шығындарында  негізгі өндірістік операциялардың үлес салмағын  көбейтетін шараларды  жүзеге асыру, өнеркәсіптің біраз  салаларының  кәсіпорындардың жұмысында  мауысымдылықты  қысқарту, кәсіпорынның жұмысынынң ауысымдылығын көтеру; 
Жабдықтарды жөндеу  қызметінің сапасын көтеру жолмен жабдықтардың  ауысым ішіндегі жұмыссыз тұрып  қалған уақыты қысқарту және мүлдем жою, жұмысшы күшпен, шикі затпен, жағар-жанар маймен, жартылай фабрикаттармен   негізгі өндірісті  өз уақытында  қамтамасыз ету; 
Жабдықтардың бір тәулік бойы  жұмыссыз тұрып  қалғанын қысқарту, оның жұмысының  ауысымдылық  коэффициентін көтеру. 
Кәсіпорындарда жұмыс істеп тұрған станоктар, машиналар және агрегаттардан басқа жабдықтардың белгілі бір  бөлігі  жөндеуде және резервтерде болады, ал тағы бір бөлігі – қоймаларда. Орнатылмаған жабдықтардың  өз уақытында жасалған монтажы, және сонымен бірге  жоспарлы жөндеуде және резервте  тұрғанғандарды есептемегенде   барлық орнатылған жабдықтарды  іске қосу негізгі қорларды  пайдалануды жақсартаты. 
Жабдықтардың жұмысының  ауысымдылық коэффициентін көбейту мақсатты шешу барысында ең алдымен көптеген кәсіпорындарда  ең  алдымен жұмысшы күштің жетіспеушілігінен  пайдаланылатын негізгі жабдықтар  толығымен қолданыста жоқ екенін естен шығармау  керек. 
Негізгі өндірістік қорларды, өндірістік күш-құаттарыды  пайдалануын жақсарту және еңбек өнімділігін  өсірудің мәселелерін  табысты шешуіне  ірі өндірістік  бірлестіктерді ұйымдастыру үлкен әсер береді.  Сонымен бірге  жұмыс істеп тұрған  кәсіпорындардың  өндірістің мамандандырылуына және техникалық қайта жарақтануына  үлкен көңіл аударылады,  олардың  мамандануына тән емес өнімнен бас тарту,   ірі  индустриалды  орталықтарға тартылатын, жұмысшы күштің  резервтері қалыптасатын  кішігірім және орташа қалаларда мамандандырылған  өнеркәсіп объектілерін  құрастыру. 
Жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарда  мамандандырылуын дамытуға  бағытты жүзеге асыру барысында  бұл оның өндірістік құрылымын қарапайымдатады,  қосалқы және қызмет көрсету  бөлімшелер есебінен  жұмысшы күшті босатады, сонымен  негізгі цехтардың екінші ауысымдарын  қалыптастырады және ауысымдылық  коэффициентін  көтереді. 
Ауысымдылықты  көтерудің маңызды жағдайының бірі өндірістік  үрдістерді  механикаландыру және автоматтандыру  болып табылады, және ең бірішінден  қосалқы өндірістерде,  өйткені  бұл  механикаландырылмаған ауыр жұмыстардан  адамдарды  екінші ауысымдағы  квалификацияланған жұмыстарға  ауыстыруға мүмкіндік жасайды. 
Көтеру-тасымалдау, жүкті тиеу және түсіру және қоймадағы жұмыстарды  механикаландыру қарқынын жеделдету  өнеркәсіп  кәсіпорындарда  негізгі және қосалқы өндірісті механикаландыру деңгейінде орын алатын диспропорцияларды  жою үшін,  қосалқы жұмыстардың  біраз көлемін  босатуда, жұмысшы күштермен негізгі цехтарды толықтыруды қамтамасыз етету үшін, жұмыс күшін қосымша тартусыз жұмыс жасап жатқан кәсіпорындарда  өндірісті кеңейту және кәсіпорындардың жұмыстарының  ауысымдылық коэффициентін көбейтуде негіз болып табылады. Жұмысшы күште тапшылықты сезінетін ірі  қалаларда  жабдықтарды қайта құрастыру, кеңейту,  өндірісті механикаландыру  және автоматтандыру,  өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру  жолымен  кәсіпорындарда  жұмыс жасайтын негізгі қорларды пайдалануын жақсартуда мәселені шешуде  өте маңызды рөлды алады. 
Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін көтерудің маңызды жолы бұл  жабдықтардың артық санын  азайту және орнатылмаған жабдықтарды жедел түрде іске қосу болып табылады.  Еңбек құралдарының көп санынын жұмыс істемей тұрғаны өндірісті өсіруге мүмкіндікті азайтады,  физикалық тозуына байланысты өнімде затталған  еңбектің тікелей жоғалтуларына әкеліп соқтырады, өйткені  ұзақ уақыт бойы сақталынып тұрған жабдықтар іске қосуға жарамсыз болып қалады.  Жақсы физикалық жағдайда тұрған басқа жабдықтар моралдық тозған болып шығуы мүмкін және олар физикалық тозған ретінде есептен шығарылады. 
Негізгі қорларды пайдалануды жақсарту көп жағдайда  кадрлардың біліктілігіне  әсіресе  машиналарға, механизмдерге, агрегаттарға және өндірістік жабдықтардың басқада түрлеріне қызмет көрсететін  жұмысшылардың  шеберлігінен тәуелді. 
Жұмысшылардың жұмыстарының творчестволық және жауапкершілікпен орындалуы  негізгі қорларды пайдалануды жақсартуда  маңызды шарттарының бірі. 
Белгілі болғандай  моралдық және материалдық ынталандыру жүйені жетілдіруден  көп жағдайда негізгі қорларды  пайдалану деңгейі тәуелді. Жоспарлаудың  және экономикалық ынталандырудың жаңа жағдайларында  жұмыс жасайтын өнеркәсіп кәсіпорындарда  техникалық-экономикалық көрсеткіштерін талдау жаңа экономикалық механизм, оның ішінде  өндірістік қорлар үшін төлемдерді еңгізу, көтерме бағаларды қайта қарастыру,  рентабелділік деңгейін анықтау үшін жаңа көрсеткіштерді пайдалану, кәсіпорындарда   марапаттау қорларды ұйымдастыру негізгі өндірістік қорларды пайдалануды жақсартуға ықпалдасады. 
Технология бойынша жаңа ұсыныстарды еңгізу  жолымен еңбек өнімділігін көбейтуде  өндірістік жұмысшылардың талпыныстарын естен шығармау керек, бұл орайда  қорларды жаңарту үшін марапаттаудың мақсаты  оны тиімді өткізуде жұмысшыларда материалдық қызығушылықты туғызуға бағытталған.  Жаңа техника бойынша шаралар үшін марапаттау жүйенің негізінде келесі қағидалар жатыр: 
-негізгі құралдарды жаңарту бойынша жұмыстардың  барлық кезеңдерінде ынталандыру жүргізу, оның ішіне ғылыми-техникалық және жобалық-құрастырушылық бөлімшелердің  қызметкерлеріне сый ақыларды төлеу де жатады. 
-негізгі қорларды  жаңартатын жұмысшыларды алдымен марапаттау; 
-жұмысты атқаруда өзіндік қосқан үлесі бойынша  белгілі бір жұмысшыларға арнайы сый ақылардың көлемін анықтау. 
Өнеркісіптің басқарудың барлық звеноларында құрастырылатын негізгі қорларды  пайдалануды жақсарту бойынша кез келген шаралардың кешені өнім өндірісінің көлемін ұлғайтуын қамтамасыз етуді көздеу керек, ең алдымен  шаруашылықтың ішіндегі резервтерін  тиімді және толық пайдалану есебінен және машиналар мен жабдықтарды анағұрлым толық пайдалану жолменен, ауысымдылық коэффициентін  көтеру, жұмыссыз бос тұрып қалуын жою, жаңадан іске қосылатын күш-құатты меңгеру мерзімін қысқарту, өндірістік үрдістерді  әрі қарай интенсивтендіру.  Негізгі қорларды пайдалануды жақсартуда жұмысшыларды материалдық ынталандырудың орны өте маңызды.

     Амортизацияны есептеудің  жеделдетілген тәсілін қолдану және негізгі капиталының ұдайы өндірісі 
Амортизациялық аударым мөлшері дегеніміз негізгі капиталдың бастапқы құнынан белгіленген пайызбен есептеліп шығарылған бір жылдық өнімнің өзіндік құнына қосылатын сомасы. 
Амортизация ұдайы өндірісте негізгі қорлардың тозу орнын толтыру үшін қаржы жинақтау түрін білдіреді. Амортизацияның міндеті — негізгі қорлардың тозу орнын толтыруға байланысты амортизациялық қор оның орнын толтыру құнына сәйкес болуы тиіс. Осылайша, амортизация өндірісті бұрынғы қалпында ұстап тұратын жай ұдайы өндіріс көзі болып табылады. Бірақ, амортизациялық аударымдар негізгі қорлар қызметін аяқтаған соң ғана қалпына келтіруге жұмсалады. Сол себепті, осы кезең ішінде көрсетілген төлемдер резервтік қор түрінде сақталып, толығымен тозған еңбек құралдары табиғи түрде қалпына келтіруді кажет еткенше тұрады. Бұл уақыт жеткенге дейін машиналар құны резервтік ақша қоры түрінде жинала береді. Демек, амортизациялық қордың өзі жинақтау көзі болып табылады. 
Амортизация ұдайы даму өндірісінің көзі болып та табылады, себебі біріншіден, уақыт өте келе еңбек құралдарын жасау жөніндегі еңбек өнімділігі арта түседі де негізгі қорлар арзандайды, екіншіден, техникалық серпілістің нәтижесінде еңбек құралдары жаңа, едәуір жетілдірілген техникаға алмастырылады, үшіншіден, қайсы бір негізгі қор түрінің қызмет мерзімі біткенге дейін жинақталып жатқан амортизациялық қор айналымға түсіп, жаңа құн жасалынады. 
Бірақ, амортизация, ең алдымен, негізгі қорлар тозуының орнын толтыруға кұрылғандықтан, оның сомалық мөлшері қор құнынан аспауы тиіс (кейбір авторлар талабына сәйкес). Бұл жерде мынадай сауал туындайды: «Амортизацияны қалай жүзеге асыру қажет — бастапқы құн бойынша ма, әлде қалпына келтіру құнына сәйкес пе?» Теориялық жағынан, амортизацияны қалпына келтіру құны бойынша жүргізу қажет, өйткені негізгі қорлар, ұзақ уақыт бойы техникалық серпілістің ықпалына түсе отырып, өзінің құнын өзгертеді. Ал бұл жағдайда, негізгі қорлардың кең көлемде ұдайы даму өндірісінің мүмкіндігі кемиді және ең бастысы, оларды жыл сайын қайта бағалап отыру қажет болады. Сондықтан, негізгі қорлар бастапқы құны бойынша амортизацияланады. 
Сондай-ақ, амортизация өндірістік үдеріске қатысу сипатына байланысты емес, өнеркәсіп саласы мен кәсіпорын теңдестігінде тіркелген барлық негізгі қорларға жүргізілетіндігін есте сақтаған дұрыс. 
Амортизациялық қорды дәл санау үшін амортизациялық мөлшердің негізделінген жүйесі қажет. Амортизациялық мөлшер деп негізгі қорлар құнының белгілі бір пайызын айтады. Бұл мөлшерлер экономикалық тұрғыда негізделген, мемлекет деңгейінде бекітілген болуы тиіс және біртұтас әдістемелік есептеу қағидаларына сүйенуі керек. Техникалық серпілістің, негізгі қорларды пайдалану шарттарының өзгеруіне қарай амортизациялық мөлшер де жүйелі түрде қайта қаралып отыруы тиіс.  қты амортизациялық мөлшерді бекітуде еңбек кұралдарына негізделген қызмет ету мерзімін анықтау аса маңызды, әрі күрделі жағдай туғызып отыр. Ең алдымен, негізгі қорлардың жекелеген түрлерінің өзгеріс беталысы туралы түсінік алу үшін олардың нақты қызмет еткен мерзімін статистикалық әдіспен анықтау қажет. Бұл әдістердің, әсіресе негізінен заттық тозу факторымен анықталатын ғимараттар мен құрылымдардың қызмет ету мерзімін анықтауда маңызы зор. Сондай-ақ негізгі қорларды қайта бағалау құжаттарын пайдалануға болады. Сарапшылық жолмен тозу пайызы мен қалдық қызмет мерзімі анықталып, соның негізінде толық қызмет ету мерзімі табылады. Бірақ бұл әдіс әр кісінің пікіріне байланысты, әрі сапалық тозуды ескермейді. 
Негізгі қорлардың қызмет еткен мерзімін толық жөндеуге жұмсалған шығындарға сүйене отырып анықтау әдісі де назар аударарлық, яғни еңбек құралы оны толық жөндеуден өткізу шығыны бастапқы құнынан асып түскенге (жеткенге) дейін қызмет етеді. Бұл әдіс мейлінше шындыққа жақын болғанымен, құрал-жабдықтың нақты ауыстыру мүмкіндігі мен материалдық тозуды ескермейді. 
Өндіру саласындағы негізгі қорларды қызмет ету мерзімі мен амортизациялық мөлшерін белгілеу тұрғысынан жылжымалы (машиналар, құрал-жабдықтар, саймандар т.б.) және жылжымайтын (ғимараттар, кұрылымдар, өткізу кұралдары) деп бөлуге болады. 
Егер бірінші топ үшін өнеркәсіптің басқа салаларындағыдай негізгі қордың қызмет ету мерзімі мен амортизациялық мөлшерін белгілеу әдісі қолданылатын болса, жылжымайтын қор бөлігі үшін ол басқаша жүргізіледі. Негізгі қорлардың бұл элементтері пайдалы қазбаның кен орнымен біртұтастықты құрайды және олардың қызмет ету мерзімдері кен орнындағы өңдеу жұмыстарының уақытына, дәлірек айтсақ, осы кен орнындағы өңдеуші тау-кен кәсіпорнының қызмет ету мерзіміне байланысты. Олар басқа нысандарға жатпайды. Тау-кен кәсіпорнының қызмет мерзімі кеніш қорының мөлшеріне және жылдық өндіру көлеміне байланысты болғандықтан, оны анықтау үшін оңтайлы қызмет мерзімі мен жылдық өнімділігін білу кажет. Өндіруші кәсіпорындардың негізгі қорларының жылжымайтын бөлігінің қызмет ету мерзімі де осы секілді болады (әрине, олардың кейбірі бұкіл кәсіпорынның қызмет мерзімінен аз қызмет етеді, мысалы, кейбір тау-кен қазбалары шектеулі уақыт қызмет етеді). 
Бірнеше жүздеген жыл қызмет ететін нысандардың амортизациясы да (дамбалар, плотиналар, каналдар, темірбетонды және тас көпірлер және т.б.) ерекше қызығушылық тудырады. Бірақ қызмет ету мерзімі аса ұзақ болып табылатын бұл еңбек құралдары да міндетті түрде амортизациялауды қажет етеді, себебі оларды құруға аса көп қаржы жұмсалған. Бірақ, қазіргі кезде олардың қызмет мерзімі тым жоғары (кейде 500 жылға дейін), ал амортизациялау мөлшері өте төмен болып отыр. Демек, осы тәріздес нысандардың неғұрлым негізделген қызмет мерзімін анықтау қажеттілігі туындайды. 
Өндірістік негізгі қорлардың қызмет ету мерзімі деп олардың өндірісте өзінің бастапқы мақсатына сай қызмет еткен уақыт кезеңін айтамыз. Бұл мерзімге негізгі қорлардың заттық және техникалық іс-әрекет сипаты сәйкес келмейді, себебі, біріншісі шектеусіздеуге болса, ал екіншісі олардың қызмет ету мерзімінің өзгеруіне байланысты. Қызмет ету мерзімі амортизациялық кезеңмен де (мөлшерлі қызмет ету мерзімі), амортизацияны санау мерзімімен де сәйкес келмеуі мүмкін. 
Іс жүзінде өнеркәсіптегі құрал-жабдықтың орташа жасы оның мөлшерлі қызмет ету мерзімінен аспайды, бұл жағдай ескі құрал-жабдық үлесінің артуына себеп болады. Мұны былай түсіндіреміз: жаңа құрал-жабдықты жасап шығару көлемі техникалық жағынан ескірген кұрал-жабдықты алмастыра алмайды, осыған байланысты өнеркәсіп өндірісінің тиісті ауқымы мен тиімділік деңгейін қамтамасыз ете алмай-ісінде қалдырылады. Ақаулық ведомосы мен тапсырыс нөмірі негізінде қоймадан қажетті материалдар, қосалқы бөлшектер, өнім жасауға арналған жұмыскер киімін алу үшін кұжат толтырылады. 
Жөндеумен байланысты барлық шығындар өндірістік шығындар пайда болған кезеңдегі шығындарға қосылады. 
Амортизациялық мөлшерлер амортизация көлеміне қарай ерекшеленуі мүмкін: ол уақыт бірлігіне (бір жылға) — негізгі қор құнының пайыздық бөлігі (%); шығарылатын өнім бірлігіне — теңге; жұмыс бірлігіне (тонна — км жүріс жолы, ұшу сағатына) сәйкес белгіленеді. Өнеркәсіпте амортизациялық мөлшерлерді белгілеудің алдыңғы екі әдісі қолданылады. 
Амортизация жүйесіндегі маңызды экономикалық элемент — оны есептеу әдістері болып табылады. Амортизацияны есептеу әдісі амортизациялық қордың көлеміне, негізгі қорлардың қызмет етуінің әр түрлі кезеңіндегі қаржы ресурстарын шоғырландыру қарқындылығына, төлемдер мөлшеріне (өнімнің құны қосылған) тікелей әсер етеді. 
Амортизацияны есептеу әдісі деп, әдетте, негізгі қорлар құнының орнын толтыру тәсілі түсініледі. Бірақ оған өнеркәсіптің әр түрлі саласында амортизациялық аударымдарды жүргізу тәсілі немесе тәсілдер кешені ғана емес, сонымен бірге бүкіл қызмет мерзімі ішіндегі негізгі қорлар құнының орнын толтыру тәртібі де кіреді. Амортизациялық мөлшерлерді анықтау кезінде негізгі қор құнының орнын толтыру кағидасы мен мөлшерлердің қолданылу уақытын да ескеру қажет. 
Амортизациялық мөлшерлерді белгілеу сипатына қарамастан әр түрлі құрылуы мүмкін: егер негізгі қорлар құны олардың қызмет ету мерзімі ішінде тең бөліктермен өтеліп отыратын болса — біркелкі мөлшермен (бір қалыпты әдіс), үдемелі түрде — өспелі және кемімелі мөлшер (жеделдетілген әдіс) арқылы кұрылуы мүмкін. 
Дәстүрлі отандық тәжірибеде амортизацияны бір қалыпты мөлшер бойынша есептеу әдісі неғұрлым колайлы болып келген. Бұл әдіс негізгі қорлардың пайдаланылу уақытына сүйенеді де, амортизациялық мөлшерін құрал-жабдықтың өнімділігімен немесе басқа да өндіріс жұмысының сипаттамаларымен байланыстырмайды (үдемелі немесе кемімелі мөлшерде дәл осылай жүреді). Сонымен бірге, орташа мәндерге негізделген бұл әдіс өнеркәсіпте амортизацияны жоспарлауды жеңілдетуге және есепке алуға мүмкіндік береді. Негізгі корлардың тез тозуына әкелетін қалыпты жұмыстан ауытқулар (химия өнеркәсібінің коршаған ортаға зиянды әсері, құрал-жабдыкқа жоғары жүк салмақ түсуі және т.б.) түзету коэффициенттері арқылы ескеріледі. 
Амортизацияны есептеуде келесі әдістер қолданылуы мүмкін: 
а) кұнды бір қалыпты (түзу сызықты) есептеп шығару әдісі; 
ә) құнды орындалған жұмыстың, өндірілген өнімнің көле-міне тепе-тең мөлшерде есептеп шығару әдісі (өндірістік әдіс); 
б) жылдамдатып есептеп шығару әдістері: қалдық құнының кему (қалдықты азайту) әдісі; 
в)сандардың жиынтығы бойынша құнын есептеп шығару әдісі (кумулятивтік әдіс). 
Әр түрлі негізгі капиталға түрлі әдіс қолдануға болады. Субъектінің таңдап алған амортизациялық аударымын анықтау әдісі есептік саясатқа сәйкес және бір есептік кезеңнен екіншісіне өтерде бірізділігін сақтауы тиіс. 
Бюджеттік мекемелер бойынша негізгі капиталдың тозуын есептеу әдісін таңдау құкығы өкілетті органдарға, яғни мекемелерге қатысты мемлекеттік меншік құқығының субъектісі қызметін жүзеге асырушы мемлекеттік орғандарға беріледі. 
Амортизацияны бір қалыпты есептеп шығару (түзу сызықты) әдісі. Ең қарапайым болып табылатын бұл әдісте нысанның амортизацияланатын құны негізгі капиталдың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектінің шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық аударым мөлшері тек қана нысанның жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына байланысты деген болжамға негізделінген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда негізгі капиталға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі капиталдың барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын нысанның пайдалану кезеңіндегі есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс бойынша негізгі капиталға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты мөлшерде жүргізіледі. 
Негізгі капиталды пайдалану барысында тұрақты бірдей табыс алынатын болып топшыланса ғана, бір қалыпты әдіс пайдаланылады, яғни ол нысанның пайдалылығының біртіндеп азайғанын көрсетеді.


Информация о работе Негізгі өнеркәсіптік қорлар амортизациялық аударым