Macromedia Flash программасы туралы негізгі түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 20:45, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыста Macromedia Flash 5 программасының ортасы жайында қарастырамын. Macromedia Flash 5 программасының қолайлы мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көптеген танымдық және қызықты жұмыстар жасауға болады. Ол үшін ең алдымен Macromedia Flash 5 программасы туралы қысқаша мәлімет берейік. Қазіргі техникалық жетістіктердің арқасында Macromedia Flash 5 программасының құрылымы күннен-күнге күрделіленуде. Flash 5-тің жұмыс ортасы бүгінгі графиктік WEB-беттер дизайнерлері үшін өте тиімді және меңгерілуі жеңіл болғандықтан бүкіл дүние жүзінде кеңінен таралған. INTERNET-желісіне кірген болсаңыз ондағы фильмдер, WEB-сайттардың көбісі осы программада жасалғандығын байқауға болады.

Работа содержит 1 файл

САНДУ.DOC

— 2.12 Мб (Скачать)

КІРІСПЕ

Бұл курстық жұмыста Macromedia Flash 5 программасының ортасы жайында қарастырамын.  Macromedia Flash 5 программасының қолайлы мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көптеген танымдық және қызықты жұмыстар жасауға болады. Ол үшін ең алдымен Macromedia Flash 5 программасы туралы қысқаша мәлімет берейік. Қазіргі техникалық жетістіктердің арқасында Macromedia Flash 5 программасының құрылымы күннен-күнге күрделіленуде. Flash 5-тің жұмыс ортасы бүгінгі    графиктік WEB-беттер дизайнерлері үшін өте тиімді және меңгерілуі жеңіл болғандықтан бүкіл дүние жүзінде кеңінен таралған. INTERNET-желісіне кірген болсаңыз ондағы фильмдер, WEB-сайттардың көбісі осы программада жасалғандығын байқауға болады.

1997 жылы Macromedia компаниясы FutureWave компаниясынан “FutureSpash” деп аталатын WEB-қа арналған кішігірім графиктік программасын алады. Басында WEB-те бұл программаны қолдану таңқаларлық мүмкіндіктерге жеткізді. Macromedia-ның қолында басқа атқа ие болған “Flash” одан бетер тереңдей түсіп, қолданушылар қатары артты.

Flash 5 программасы – INTERNET желісінде қанағаттандырар-лықтай қосалқы программа құра алатын бірден-бір қосымша болып табылады. Flash 5 – басқа қолданбаларға ұқсамайтын гибридті программа. Сонымен қатар WEB – орнаминттен бастап жоғары сапалы, жылдам жүктелетін мультиплликациялық фильмдерге анимацияның әр түрін қолдануға жағдай тудырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Macromedia Flash 5 программасы туралы негізгі түсінік

Flash 5 программасы – фильм құруға, анимация жасауға және WEB-сайттарды безендіруге өте қолайлы программа. Әр түрлі программалар белгілі бір мақсатта құрылады, бұл программаның негізгі мақсаты - деңгейі өте жоғары, көрермендер мен қолданушыларды өзіндік ерекшклігімен қызықтыратын мультимедиялық фильмдер құру. Оның әрекеттері төменде аталған құралдар арқылы іске асады:

  1. Tools құрал-саймандар панелі (1-сурет);                     

                                   

           1-сурет. Tools құрал-саймандар панелі

 

  1. Timeline уақыттық диаграммасы;
  2. Library кітапхана терезі;
  3. Scene үстелі.

Flash 5 программасын іске қосқанда аталған құралдары бар терезе ашылады. 1-суреттің төменгі бөлігінде төрт негізгі компоненттері көрсетілген.

  • Үстел – уаққыттық диаграммада таңдалып алынған кадрды көрсетеді. Үстелде көрініспен жұмыс жасай отырып, фильм құрамыз.
  • Кітапхана – символ деп аталатын фильмдердің баттырмасының, көрінісінің, фрагменттерінің сақталуына арналған.
  • Уақыттық диаграмма – фильм мазмұнының уақыт бойынша өзгеру процесін көрсетеді.
  • Tools панелі – мәтінді, графиканы құруға және өңдеуге арналған құрал – саймандар ұсынады. Панелдің төменгі бөлігінде таңдап алынған құралға сәйкес модификаторлар батырмалары пайда болады.

 

1. 1 Flash 5 негізі

Flash 5 фильмі – WEB – сайт үшін графика және анимация. Фильм негізінен векторлық графикадан тұрады, алайда сырттан әкелінетін растрлық (шашырама) графика мен дыбыстан да құралады.

Flash 5 фильмдері интерактивті және көрермендермен тікелей байланыста бола алады. WEB – дизайнерлер Flash-та анимацияланған логотиптер, дыбыстарды анимациялау сонымен қатар толық метражды мультимедиялық WEB-сайттар құрады.

Flash фильмі компакты векторлық графикадан тұрғандықтан тез жүктеліп көрермен экранының көлеміне толық ашылады.


 

 

2-сурет. Векторлық және растрлық сурет

 


3-сурет. Macromedia Flash 5 программасының жұмыс терезесі

Мұндағы 1-үстел; 2-құрал-саймандар панелі; 3-кітапхана; 4-уақыттық диаграмма;


 

1. 1. 1 Flash 5-те жұмыс жасау

Flash-та жұмыс жасай отырып, сырттан әкелінген графикадан немесе өздігінен сурет салу арқылы фильм құруға болады. Анимация жасалған соң оған интерактивті эффектілерді қосып фильмге кірушілердің іс-әрекетіне сәйкес жауап беруін қамтамасыз етуге болады. Құрылған фильмді Flash Player үшін немесе Flash-тың автономдық проекторында көру үшін экспорттау керек.

Flash-тің фильмдерін келесі жолдар арқылы шақырып орындауға болады:

  • Flash Player орнатылған браузерлерде, мысалы Netscape Navigator немесе Internet Explorer;
  • Windows үшін Microsoft Internet Explorer, Microsoft Office-тағы Flash ActiveX арқылы;
  • Автономды проекторда; бұл жағдайда фильмнің файлын Flash Player-сіз шақырып орындатуға болады;

 

1. 1. 2 Flash-те анимациялау

Flash 5-те анимацияның екі типі бар: қадамдалған және кадрлық. Қадамдалған анимация үшін әрбір кадр жеке-жеке құрылуы қажет. Ал кадрлық анимация үшін бастапқы және соңғы кадрларды құрамыз, қалған ортасын Flash автоматты түрде өзі санайды.

 

1. 2 Flash 5 программасының жүйелік талаптары және инсталяциясы

Компьютерлерге орнатылуы  мүмкін әр түрлі программаларға сәйкесінше аппараттық құрылғылар және жүйелік талаптар қажет болады. Macromedia Flash 5 программасының да өзіндік талаптары бар. Flash 5-тің фильмдерін шақырып орындатуға арналған Flash Player үшін қажетті талаптарға тоқталамын және Flash-ті орнату барысымен таныстырамын.

 

4-сурет. Flash программасын іске қосу

 

1. 2. 1 Flash 5-тің жүйелік талаптары

Flash-та жұмыс жасауға қажетті программалық және аппараттық құралдар:

IBM- үйлесімді компьютерлер үшін:

  • Intel Pentium 133 немесе эквивалентті процессор;
  • Windows 95/98/2000/NT – 32 МБ-тық оперативті жады, 32 МБ бос дискілік кеңістік;
  • 800х200 қабілетті түрлі – түсті монитор;
  • CD-ROM компакт - дискті оқитын құрылғы;

Macintosh компьютерлері үшін:

  • Power Macintosh (G3 немесе одан жоғарысы ұсынылады), OS-тың 8.5 нұсқасы немесе одан жоғары;
  • 32 МБ оперативті жады 40 МБ бос дискілік кеңістік;
  • 800х600 қабілетті түрлі-түсті монитор;
  • CD-ROM копакт дискті оқитын құрылғысы қажет.

 

1. 2. 2 Flash Player –дің жүйелік талаптары

Flash Player Flash фильмдерді  шақырып орындатуға арналған  және жеке программа ретінде  орнатуға болады. Flash Player-нің жұмыс жасауы үшін қажетті талаптарын:

  • Microsoft Windows 95/NT және жоғары немесе OS 8.1 нұсқасымен бірге Power PC;
  • Егер сіз Netscape-те (Windows немесе Macintosh) жұмыс жасасаңыз-оған қосылатын модуль (plugin) Netscape3 болуы қажет;
  • Егер сіз Microsoft Internet Explorer3-те жұмыс жасасаңыз-Internet Exporer3 үшін Active X басқару элементі сәйкес келеді;
  • Flash Player Java Edition үшін Java-cы бар браузер қажет.

 

1. 2. 3 Flash инсталяциясы

Windows-та Flash-ті орнатқыңыз  келсе төменде берілген әрекеттерді  орындаңыз.

  1. Macromedia Flash 5 дистрибутивінде орындалатын файл Setup.exe –ні тауып, екі рет шертіңіз.
  2. Орнату программасын іске қосу үшін ОК түймешесінің (батырма) үстін шертіңіз.
  3. Орнату  программасының ұсынысымен жүріңіз.
  4. Орнату біткеннен кейін компьютерді жүктеңіз.

Macintosh-та Flash-ті орнату үшін:

  1. Flash 4 Installer( Flash 4 инсталяторы) батырмасын екі рет шертіңіз.
  2. Орнату  программасының ұсынысымен жүріңіз.
  3. Орнату біткеннен кейін компьютерді жүктеңіз.

 

1. 2. 4 Flash-ті қолдау орталығы және интернет қорлары

http:/www.macromedia.com/Support/flash адресті Flash-ті қолдау орталығының сайтында кез-келген қолданушы Flash туралы соңғы ақпараттарды табуына болады, сондай-ақ жетік білетін қолданушылардың жауаптары, мысалдар және толықтырулар береді. Сайтқа жиі кірушілер Flash туралы соңғы мәліметтерді ала алады.

Macromedia Flаsh-қа арналған интернет қорлары:

  • http://www.flasher.ru сайты - интернеттің орыс тілді бөлігінде ең танымал сайт. Бұл сайт флеш-дизайнерлердің бірден-бір байланыс ортасы болып табылады.
  • Flash және macromedia-ның басқа өнімдері туралы көлемді ақпаратты http://www.mpgu.ru/macromedia сайтында табуға болады.

 

1. 3 Macromedia Flash 5 программасының жұмыс ортасы

Бастапқы бөлімдерде айтылған Flash-те фильмдер құру және редакциялауға арналған компонентермен тереңірек танысайық, өйткені келешекте білмесек фильм құру қиындық тудырады.

  • Үстел – тікбұрышты аудан(2-сурет),онда фильмнің құрылуының және монтаждалуының негізгі жұмысы орындалады. Үстелдің көлемін керек кезде үлкейтуге, кішірейтуге болады. Ондағы көріністі толығымен немесе қандай да бір ауданын монитордың қабілетіне және фильмнің размеріне байланысты үлкейтіп/кішірейтіп жұмыс жасауға болады.

Үстелдің түрін өзгерту  жолдаы:

    1. Tools панеліндегі Zoom(Трансфокатор) құралы:     Enlarge(Үлейту), Reduce(Кішірейту) модификаторларының көмегімен;
    2. View(Түр) менюіндегі ZoomIn(Үлкейту) немесе ZoomOut(кішірейту) командалары;
    3. View(Түр) менюіндегі Magnification(Өлшем) командасына кіріп масштабқа мән береміз.

 

5-сурет. Scene-үстел терезесі

 

  • Timeline (Уақыттық диаграмма) терезесі – жеке қабаттардың және фильм кадрларының ұйымдастырылуын көрсетеді, оларды уақыт бойынша басқарады. Timeline терезесі қабаттардың мазмұнын бұғаттауға немесе мазмұнды контурмен көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар уақыттық диаграммада кадрлардың түрін, өлшемін өзгертуге болады, ол үшін келесі тапсырмаларды орындау керек:
    1. 3-суретте көрсетілген Frame View батырмасын басып, оның ағымдық менюін шақырамыз.
    1. Баптаудың келесі түрлерін таңдаймыз:
    • Кадрлардың өлшемін өзгертуге арналған - Tiny(кіші), Small (кішірейтілген), Normal(қарапайым), Medium(орташа), Large(үлкен) батырмалары. (Large батырмасы дыбыстық файлдарды толығымен көруге ыңғайлы);
    • Кадрлардың биіктігін қысқартуға арналған - Short(қысқа) батырмасы;
    • Кадрлардың тізбектегі қанықтылықты өзгертуге арналған- Tinted Frames(затененные кадлар) батырмасы;
    • Preview(қарау) – кадрлардың кішірейтілген көшірмесін уақыттық диаграммада олардың өлшемі бойынша құру және көрсету;
    • Preview In Context (контексте қарау) – жеке әрбір кадрдың кішірейтілген көшірмесін көрсету. Бұл фильмнің элементтерінің қозғалысын анимация кезінде қарауға ыңғайлы.  

    

6-сурет. Timeline терезесі

Мұндағы 1-қызметтік қабаттың таңбашасы; 2-қадамдалған анимация; 3- шақырып орындату бастиегі; 4-кадрланған анимация; 5- Frame View –тің ағымдық менюін шақыру батырмасы; 6-Center frame батырмасы; 7-Кальки батырмалары; 8-ағымдағы кадрдың нөмірі; 9-шақырып орындату жылдамдығы; 10-уақыттың өтуі.

 

  • Library терезесі – Flash-та құрылған символдарды, сондай-ақ сырттан әкелінген файлдарды, дыбыстық файлдарды және Quick Time фильмдері мен растрлық графикаларды сақтайды.
  • Library терезесінің элементтерін өзгерту үшін Library Options (кітапханалық баптау) батырмасы пайдаланылады. Flash жүктелген кезде бірден іске қосылатын кітапхана құруға болады. Осы программада құрамдас кітапхана бар, оның негізгі мазмұны фильмдерде қолдануға ыңғайлы батырмалар, графикалар, фильмнің фрагменттері мен дыбыстары сияқты элементтердің жиынтығынан тұрады. Құрамдас кітапхананы Window > Common Libraries командасын орындау арқылы шақырамыз. Кітапханадағы элементтерді жойғанда фильмде осы элементтің барлық трансформасы өшіріледі. Кітапханадағы Use Count(қолдану индексі) бағанасы бұл элементтің тағы да қолданылатындығын анықтайды. Кітапханадан элементті жою үшін Library-дің төменгі бөлігінде орналасқан қоржынның шартбелгісін басу жеткілікті.
  • Movie Explorer(фильм бағыттауышы) терезесі – фильмдермен жұмыс жасағанда кейбір іс-әректтерді жеңілдете түседі:
  • Фильмде элементтерді атауы бойынша іздеу жүргізеді;
  • Еншілі элементтің қасиеттер панелін көрсетеді және соның көмегімен элементті өзгертеміз;
  • Басқа жасаушы құрған фильмнің құрылымын қарауға болады;
  • Көрсетілген символдың немесе әрекеттің трансформасын табады;
  • Қаріпті басқа қаріппен ауыстырады;
  • Macromedia Generator обьектілері үшін екі бөліктің атын немесе мәнін қарастырады;
  • Мәтіннің орфографиясын тексеру үшін мәтінді буферге көшіреді және оны ішкі мәтіндік редакторға қояды;

 


7-сурет. Library терезесі

8-суретте көрсетілгендей Movie Explorer-дің жанама менюін шақыруға болады. Меню келесі бөлімдерден тұрады:

Go to Location – фильмнің таңдалған қабатына, сахнасына немесе кадрына өту;

Go to Symbol Definition – фильмнің еншілі символына өту;

Select Symbol Instances – бағыттауышта еншіленген символдардың данасы бар сахнаға өту;

Find in Library – еншілі символ фильмнің кітапханасында көрінеді. Осы кезде Flash-те Library терезесі ашылмаған болса, өздігінен ашылады;

Информация о работе Macromedia Flash программасы туралы негізгі түсінік