Macromedia Flash программасы туралы негізгі түсінік

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Декабря 2012 в 20:45, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыста Macromedia Flash 5 программасының ортасы жайында қарастырамын. Macromedia Flash 5 программасының қолайлы мүмкіндіктерін пайдалана отырып, көптеген танымдық және қызықты жұмыстар жасауға болады. Ол үшін ең алдымен Macromedia Flash 5 программасы туралы қысқаша мәлімет берейік. Қазіргі техникалық жетістіктердің арқасында Macromedia Flash 5 программасының құрылымы күннен-күнге күрделіленуде. Flash 5-тің жұмыс ортасы бүгінгі графиктік WEB-беттер дизайнерлері үшін өте тиімді және меңгерілуі жеңіл болғандықтан бүкіл дүние жүзінде кеңінен таралған. INTERNET-желісіне кірген болсаңыз ондағы фильмдер, WEB-сайттардың көбісі осы программада жасалғандығын байқауға болады.

Работа содержит 1 файл

САНДУ.DOC

— 2.12 Мб (Скачать)

Properties – еншілі элемент үшін сәйкес панелді немесе бірнеше панелді ашады;

Rename - еншілі элементтің атын өзгертуге мүмкіндікбереді;

Edit in Place - еншілі символды Үстелде түзетеді;

Edit in New Window - еншілі символды жаңа Үстелде түзетеді;

 

 

 


8-сурет. Фильм бағыттауышы терезесі

 

Show Movie Elements – фильмнің сахнада құрылған элементтерін көрсетеді;

Show Symbol Definitions – символға қатысты барлық элементтерді көрсетеді;

Copy Text to Clipboard – еншілі мәтінді буферге көшіреді;

Cut, Copy, Paste, Clear – еншілі элементке аттарына сәйкес операцияларды орындайды, бұл өзгерістер фильмге де әсер етеді; 

Expand Branch - еншілі элемент үшін иерархиялық тізімді ашады;

Collapse others - еншілі элемент үшін иерархиялық тізімді жабады;

Print – фильмнің бағыттауышындағы иерархиялық тізімді баспаға шығарады.

 

2 Flash 5 программасының соңғы кеңейтілген мүмкіндіктері

Уақыттық диаграмма

Flash 5-тің қолайлы құрал-жабдықтары WEB-анимацияларды құруды жылдамдатады. Уақыттық диаграмма кадрлауды, өзекті кадрларды басқару мүмкіндіктерін береді. Outline Colors (жиек түстері) режимі экрандағы әртүрлі қабаттарда орналасқан объектілерді оңай ажыратуға жағдай туғызады. Қызмет етуші қабаттардың көмегімен автоматты түрде кадрланған объектілердің қозғалысын траекторияға байланыстырады. Уақыттық диаграмма (Time line терезесі) интерфейсті күйге келтіру мүмкіндігін береді. Дизайнерші өзекті кадрларды белгілеп және оны жылжытып ортасындағы кадрлардың мазмұнын жеңіл өзгерте алады, ал Edit multiple (бірнеше кадрларды түзету) командасының көмегімен бірнеше кадрды бірден және тез арада өзгертуге мүмкіндік береді.

Ресурстарды басқару  құрал-жабдықтары

Macromedia Flash 5 дизайнерлерге графикалық және басқа элементтер үшін кіріктірілген кітапхана ұсынады. Бұл кітапхана элементтерді басқарудың қолайлы жолы, мысалы: элементтерді атауы бойынша, құрылған мерзімі, типі немесе фильмде қолдану жиілігібойынша сұрыптайды; бір бумаға элементтерді топтау; барлық типті элементтер үшін алдын-ала көру панелі. Сондай-ақ бірнеше жобамен жұмысты немесе құрушының командаларымен жұмысты жеңілдету үшін ашық кітапхана құруға болады.

Publish командасы

Publish командасы (жариялау) – интернетте ашу үшін Flash-тің мазмұнын дайындайды. Publish Settings (жариялауды баптау) терезесінде экспорттың және баптаудың әртүрлі пішімдері көрсетілген (-суретте көрсетілген). Дизайнер өзінің жақсы нұсқауы және HTML синтаксисі мен үлгі файлын құра алады.

MP3 дыбыс ағыны 

Macromedia Flash 5 программасында фильмдерді дыбыспен қамтамасыз етуге арналған сырттан әкелінетін және сыртқа шығарылатын дыбыстардың MP3 пішімі бар. MP3-тің сығылуы файлдың көлемін сақтай отырып ұзақ анимацияларды әуенмен немесе дауыспен қамтамасыз ету мүмкіндігін береді.

Анимацияның кадрын дыбыс  ағынымен синхрондауға, сонымен қатар  түймешенің(батырма) күйіне сәйкес дыбыс  беруге болады( -суретте көрсетілген).

Парақтың макетін  басқару

Flash5 парақтың макетін, мәтінді, көріністі және анимацияны толығымен бақылай алады. Тәжірибе жасаушы дизайнерге Flash5-тің жаңа нұсқасында әрбір элементті басқарудағы нақтылық және икемділік ұнары сөзсіз. Flash5 – те TrueType немесе Macintosh Postscript-тің кез-келген қаріпін қолданып макет жасауға болады.

 

2.1 Flash 5-тің жаңа панелдері

Flash - тің жаңа панелдерінің атқаратын қызметтері мен мүмкіндіктері жаңадан үйренушілерге және бұрыннан таныстарға тиімді әрі жеңіл.

FILL (толтыру) панелімен обьектіні толтыруға, сонымен қатар көптүсті сызықтық және шапақты градиенттерді түзету және құруға болады.

STROKE (жиек) панелінде жиектің типін, енін және түсін түзетуге болады.

TRANSFORM (түрлендіру) панелі обьектілердің пішінін өзгертуге оларға айналу, иілу сияқты өзгерістер жасай алады.

ALIGN (туралау) панелі - обьектілерді туралау, олардың өлшемдерін жөндеу және обьектілерді жұмыс үстелінде бірдей орналастыру операцияларын іске асырады.

INFO (ақпарат) панелі обьектілердің орналасу орнын және өлшемін нақтылы түзетуге мүмкіндік береді.

CHARACTERS (қаріптің символы) панелінде – қаріп, қаріптің өлшемі, түсі, кернингісін түзетуді және көруді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар гипермәтіндік сілтеме құрады.

PARAGRAPH (параграф) панелі – туралауды, шегіністі және жоларалық интервалды пішімдеуге мүмкіндік береді.

TEXT_OPTIONS (мәтінді баптау) панелі – динамикалық өрістердің немесе мәтіндік пішін өрісінің параметрлерін баптауды жеңілдетеді.

SWATCHES (үлгілер) панелі- түстер және градиентті толтыруларды басқаруға мүмкіндік береді. Осы панелде сырттан әкелу, түстерді топтағанда сұрыптау амалдарын ұсынады.

MIXER панелі - RGB, HSB, Hex палитраларындағы керекті түстерді жедел таңдауға, айқындық орнатуға жағдай тудырады.

SCENE (сахна) панелі – бір сахнадан келесіге жедел өтуге, сахналардың атын ауыстыруға және фильмдегі сахнаның ретін өзгертуге мүмкіндік береді.

FRAME (кадр) панелі – қозғалысты кадрлдауды және пішімін өзгертуді жеңілдетеді.

SOUND (дыбыс) панелі – дыбыстарды және арнайы эффектілерді тез түзетуге мүмкіндік береді, мысалы, дыбыстың күшейтілуі және төмендетілуі, цикл құру және т. б.

GENERATOR (генератор) панелінде Macromedia Generator серверінен келетін мәліметтермен басқарылатын мазмұнның параметрлерін беруге болады.

EFFECT (эффект) панелінде арнайы векторлық, графикалық эффектілерді жасай аламыз, мысалы, түстердің айқындығы және реңдер.

 

2. 2 Macromedia қолданушының интерфейсі

Macromedia қолданбалары үшін стандартты қолданушы интерфейсі Flash 5 программасында да қамтылған. Macromediaның қолданушы интерфейсі Macromedia қолданбаларымен жұмыс жасаушы дизайнерлерге көптеген мүмкіндіктер бере отырып, олардың өтімді де сапалы өнім шығаруын қамтамсыз етеді.

    Қолданушы интерфейсінің негізгі ерекшеліктері:

  • Бапталатын « ыстық пернелер »

«Ыстық пернелерді»  өзінің ыңғайына қарай өзгертуге  болады.

    • Launcher (іске қосу) панелі

Екпінді терезеде жиі  қолданатын құралдарды жылдам шақыруды ұсынады.

      • Саймандар жиыны

Саймандар жиынының орналасуы  және қолданылуы барлық қолданбаларда  бірдей.

 

2. 3 Macromedia FreeHand-пен интеграциясы

Macromedia FreeHand-пен интеграциясы дайын платформааралық өнім құруға жағдай тудырады.

Macromedia FreeHand 9 – баспаға және Интернетке шығаруға дайындайтын профессионалдық қолданба. Macromedia FreeHand өте қиын көркемдеу құралдарын ұсынады, өнімділігін арттырады және Macromedia Flash-пен жақсы жинақталады. Flash және Free Hand жинақталуынан тартымды көркемдеулер, лаготиптер жасауға болады. Тағы да қиын дайындалатын Web-сайдтар мен документтер жасауға мүмкіндік бар. Macromedia Flash 5, Macromedia Free Hand 7, 8 және 9 нұсқаларының файлдарын тікелей сырттан әкелуді қолдайды. Дизайнерлер осы файлдарды жай жылжыту арқылы импорттай алады, буферге көшіру және Import (импорт) сұхбаттық терезе арқылы импорттай алады.

Flash 5-те Free Hand файлдарын импорттау кезінде көп беттік Free Hand құжатының әрбір бетін өзгертуде Flash сахнасына немесе жеке түйінді кадрларда іске асады. Flash 5-те Free Hand файлдарын тікелей импорттауға болады.

 

2. 4 Action Script мәтіндік редакторы және Debugger

Күрделі интерактивті эффектілерді құру алғаш рет Flash 4-те ұсынылған болатын: сол кезде айнымалылар, шартты  логика және уақыттық обьектілердің қасиеттерін басқару енгізілген болатын. Дизайнерлер үшін бұл мүмкіндіктерді пайдалану түсінікті болғанымен де кейбір программисттерге шектелген еді. Бұл құралдармен жасалынған өнімдердің негізін күрделі Web-қолданбалар, ойындар, дамыған қолданушы интерфейсі құрады.

Flash 5-те интерактивті эффектілер құруға таныс және тиімді интерфейс ұсынылғанымен де Web-қолданбалар жасауға арналған саймандар жиыны кеңейтілген. Жаңа саймандар көп қолданушылық компоненттерінің сұхбатын құрады. Негізгі ерекшеліктері:

      • Action Script синтаксисі – Java Script құрылымы мен синтаксисіне сәйкестендіріліп жасалынған сценарийлер тілінен тұрады;
      • Action Script редакторы - Action Script панеліндегі Novice (жаңа) және Expert (Эксперт) режимінде жай ғана қозғалту арқылы немесе өзіңнің кодын арқылы сценарий жазуға мүмкіндік береді.
      • Сыртқы сценарийлер - Action Script синтаксисін ASCII файлына экспорттауға және сыртқы мәтіндік редакторда түзетіп, қайтадан Flash құжатына импорттауға болады.
      • Debugger түзеткіші – жасалу кезінде күрделі қолданбаларды түзетуге мүмкіндік береді.

 

3 Flash 5 программасында фильм құру нұсқаулары

Flash программасының қарапайым анимациясында фильмдердің кадрларын бірінен кейін бірін, яғни тізбектей іске қосуға болады. Ал интерактивті фильмде көрермендер пернетақтаның және тышқанның көмегімен фильмнің кез-келген жеріне өтуге, объектілерді жылжытуға, анкеталарға мәлімет енгізуге мүмкіндік алады.

Фильмдерде интерактивті эффекттерді құру – нұсқаулардың жиынтығынан тұратын Action Script процедураларының негізінде іске асады. Ол  макрокоманда болып табылады, фильмнің немесе кадрдың фрагменттеріне арналған батырманың процедураларын Actions панелінде келтіреді.

Қарапайым режимде Actions панелінде құрылған процедуралар өз бетімен Action Script-тің кодын жазуды қажет етпейді. Фильмге сценарий құру үшін программалау тілімен таныс болған жөн, алайда жоғары дәрежелі тәжірибе керек емес.

 

3.1 Action Script сценарий тілі және Actions панелін қолдану

 Action Script сйенарий тілі – Flash-те интерактивті фильм құруға арналған. Action Script тілі Java Script сияқты бейімдеуші-объектілі программалау тілі. Бейімдеуші-объектілі сценарийде ақпараттар – класс деп аталатын топтарға біріктіріледі. Action Script-те бар немесе өзіне меншікті құрған кластарды қолдануға болады. Объект деп аталатын түрлендіргіш кластарын басқаруға және әртүрлі сценарийлерде қолдануға болады. Жаңа класс үшін – нақтылы объектілерге көрсетілетіндей объектілердің әрқайсысының қолдану әдісін және параметрлерін көрсету керек. Мысалы, адам үшін - жынысы, бойы, шашының түсі деген сияқты параметрлер; сөйлесу, серуендеу және тағы басқа сияқты әдістер. Келтірілген мысалда «адам» - класс, ал әрбір жеке тұлға осы кластың объектісі немесе түрдендіргіші.

Action Script объектілері – мазмұны бар болып немесе жұмыс үстеліндегі фильмнің фрагменті ретінде графика болып берілуі мүмкін.

Actions панелі – екі түрлі режимде объектті немесе кадрдың процедурасын құру және түзетуге мүмкіндік береді. Қарапайым ражимде процеураларды мүмкін болатын аргументтерді ұсынушы параметрлер өрісін қолданып баяндауға болады. Ал сараптық режимде процедураларды, мәтіндік редакторда сценарийді жазғанға ұқсас, мәтіндік өрісте түзетуге және сипаттауға болады.                                                                                                                                                  

          


8-сурет. Actions панелі

Actions панелінің шақырылуы: Window>Actions

Егер Actions панелі шақырылғанда кадр белгіленсе, онда Object Actions панелінің жоғары оң жақ бұрышындағы бағыттауышты шертіп менюді щақырамыз. Ашылған менюден режимді таңдаймыз. Әрбір сценарийдің меншікті режимі болады. Мысалы, егер бір батырманың түрлендіргіші қалыпты режимде, ал келесісі эксперттік режимде құрылса, онда қосылғанда батырмалар арасында панель режимі автоматты түрде іске қосылады. 

3. 2 Actions панелін қарапайым және эксперттік режимдерде қолдану

Қолданушы қарапайым  режимде панельдің сол жақ  бөлігіндегі Toolbox (құрал-саймандар жиыны) тізімінде көрсетілген деңгейлерінде: Basic Actions(негізгі процедуралар), Actions(процедуралар), Operators(операторлар), Properties(қасиеттері), Objects(обьектілер) өзінің процедураларын құра алады. Basic Actions (негізгі процедуралар) деңгейі тек қарапайым режимде орындалатын жеңіл процедураларды ұсынады. Таңдап алынған процедуралар панельдің оң жағындағы Actions тізіміне енгізіледі. Мұнда процедураларды қосуға, өшіруге, олардың ретін және аргументтерін өзгертуге болады.

                                                               


9-сурет. Режимді таңдау

Процедураны таңдау үшін:

  1. Toolbox тізіміндегі Actions деңгейінде тышқанды шерту керек;
  2. Процедураны таңдап үстінен, екі рет шертіңіз.

Parameters (параметрлер) панелін қолдану үшін:

  1. Parameters панелін қолданну үшін Actions панелінің оң жақ бұрышында орналасқан үшбұрыштың үстінен шертіңіз;
  2. Процедура таңдап, мәтіндік өрістің параметрлеріне жаңа мән енгізіңіз.

Фильмнің параметріне  жолды анықтау үшін:

  1. Actions панелінің төменгі оң жақ бұрышында Target Path(жол) батырмасын шертіңіз, сол кезде Target Path(жол) сұхбаттаық терезесі ашылады;
  2. Берілген тізімнен фильмнің фрагментін таңдаңыз.

Берілген тізімдегі  процедуралардың орнын ауыстыру үшін:

  1. Actions тізімінде процедураны ерекшклеңіз;
  2. Жалпы тізімде ерекшеленген процедураны төмен-жоғары жылжытыңыз.

Процедураны өшіру үшін:

  1. Actions тізімінде процедураны ерекшклеңіз;
  2. Delete батырмасын шертіңіз.

Информация о работе Macromedia Flash программасы туралы негізгі түсінік