Паскаль тілінің негізгі түсініктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 08:43, реферат

Описание работы

Паскаль тілінде: латынның әріптері (Аа, ..., Zz) араб цифрлары (0,...,9) және арнайы таңбалар қолданылады. Арнайы таңбалар:
-арифметикалық және салыстыру амалдары (+,-,*,/,>,<,< >,<=,>=,@);
-арифметикалық және логикалық функциялар (DIV,MOD, NOT,AND,OR,IN,SHL,SHR).

Содержание

Кіріспе
Паскаль тілінің негізгі түсініктері ..............................2

1.1 Турбо паскаль тілінің операторлары .........................3
Негізгі бөлім

1.2 Циклдік құрылымды алгоритмді программалау ............4
1.3 Алғы шартты цикл операторы. While операторы ..........4
1.4 Келесі шарт бойынша циклді ұйымдастыру.
Repeat операторы...................................................................6
1.5 Параметрлі қайталану операторы. For операторы.........7
1.6 Күрделі циклдер....................................................................10
1.7 Мысал есептер........................................................................10
1.8 Қайталау (цикл)......................................................................17
Қорытынды......................................................................19
Әдебиеттер тізімі..................

Работа содержит 1 файл

Паскаль тілі.doc

— 118.00 Кб (Скачать)
 

Мазмұны 

Кіріспе 

  1. Паскаль тілінің негізгі  түсініктері         ..............................2
 

1.1 Турбо паскаль тілінің операторлары         .........................3

Негізгі бөлім

 

1.2 Циклдік құрылымды  алгоритмді программалау  ............4 

1.3 Алғы шартты цикл операторы. While операторы ..........4 

1.4 Келесі шарт бойынша  циклді ұйымдастыру.

       Repeat операторы...................................................................6 

1.5 Параметрлі қайталану  операторы. For операторы.........7 

1.6 Күрделі циклдер....................................................................10 

1.7 Мысал есептер........................................................................10 

1.8 Қайталау (цикл)......................................................................17                                  

Қорытынды......................................................................19                                  

Әдебиеттер  тізімі...........................................................................20 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  

                             1.0    Паскаль тілінің негізгі түсініктері.

    Алфавиті 

Паскаль тілінде: латынның әріптері (Аа, ..., Zz) араб  цифрлары (0,...,9) және арнайы таңбалар қолданылады. Арнайы таңбалар:

  -арифметикалық және салыстыру амалдары (+,-,*,/,>,<,< >,<=,>=,@);

  -арифметикалық  және логикалық функциялар (DIV,MOD, NOT,AND,OR,IN,SHL,SHR).

  -әр түрлі тыныс белгілері:

{} немесе (**)-түсініктеме жазатын жақшалар;

[] – массив индекстерін және жиын элементтерін белгілеу;

() –  айнымалы тізімін белгілеу;

‘ ‘ – апостроф; := - меншіктеу белгісі;

; - операторлар мен хабарларды ажырату;

: - айнымалыны бөліп көрсету;

= - айнымалының  типін типтің сипаттамасынан  немесе тұрақтыны өз мәнінен  бөліп көрсету;

, - тізім  элементтерін ажырату;

 Программа  құрылымы

Программа келесі бөлімдерден тұруы мүмкін, бұл бөлімдер (тек соңғыдан басқасы) бір-бірінен нүктелі-үтір арқылы ажыратылады:

  • программа тақырыбы;
  • белгілер бөлімі;
  • тұрақтылар бөлімі;
  • типтерді сипаттау бөлімі;
  • процедура мен функцияларды сипаттау бөлімі;
  • программа денесі;

    Программалау  барысында алдын-ала анықтауды  қажет етпейтін мәліметтердің стандартты типтері мен программалаушының  өзі анықтайтын типтерді пайдалануға  болады.

    Стандартты  типтер

    • бүтін типтер-SHORTINT, INTEGER, LONGIN, BYTE,WORD;
    • нақты типтер – REAL, SINGLE, DOUBLE, EXTENDED, COMP;
    • логикалық тип -BOOLEAN ; символдық тип CHAR ; жолдық тип STRING ; ASCII –жолдық- PCHAR; текстік файл TEXT;

    Басқа типтердің барлығы типтер  бөлімінде, айнымалылар немесе  тұрақтыларды сипаттау бөлімінде анықталуы қажет. Нақты типтен басқа қарапайым типтер үшін мына функциялар анықталады:

DEC(N) N-ді  азайту (қысқарту)

INC(N) N-ді  үлкейту (ұзарту)

ORD(N) N-нің  рет нөмірі

ODD(N) N-нің  жұптығын тексеру

PRED(N) N-нің  алдынғы мәні

SUCC(N) N-нің  келесі мәні

Нәтижесі  бүтін болатын мәліметтердің  бүтін типтерімен жұмыс істеу  үшін келесі арифметикалық функциялар қолданылады:

ABS(N)      N-нің абсолют шамасы

A DIV B     бүтін бөлу

A MOD B   қалдықты бөлу

+                 қосу   

*                 көбейту    

-                 азайту

TRANC(X)  Х нақты санның бүтін бөлігі;

ROUND(X) Х  нақты санды бүтінге дейін  дөңгелектеу;

 SQR(X) N санын квадраттау;

Логикалық функциялар: NOT- терістеу; OR - біріктіру  немесе логикалық қосу; AND -қиылысу  немесе логикалық көбейту; XOR - екінің модулі бойынша қосу.

Стандартты  функциялар

ABS(X)-Х-тің абсолют мәні

ARCTAN(X)- Арктангенс Х

COS(X)-Косинус Х

SIN(X)- Синус Х

EXP(X)- е2

FRAC(X)- Х-тің  бөлшек бөлігі

ARCCOS(X)=ARCTAN(SQRT(1-SQR(X))/X)

ARCSIN(X)=ARCTAN(X/SQRT(1-SQR(X)))

Тілдің  операторлары

  • BEGIN END құрама оператор;
  • IF…THEN шартты оператор;
  • CASE…OF таңдауоператоры;
  • FOR… DO параметрлі қайталау операторы;
  • REPEAT… UNTIL шартқа дейін қайталау операторы;
  • WHILE… DO әзіргі шартқа байланысты қайталау;

1.1 Турбо  mаскаль тілінің операторлары.

    Операторлар-программадағы нұсқаулардың (бұйрықтар,алгоритмдер) машиналық  тілде жазылуы. Яғни берілген  есепті шешу мақсатында орындалатын  іс-әрекеттердің машинаға түсінікті  түрде жазылуы. Сонда, программа  денесі бірінен кейін бірі  жазылған операторлар тізбегінен тұрады. Операторлар арасына нүктелі үтір (;) белгісі қойылады.

    Операторлар қарапайым және күрделі  (құрама) операторлар болып екі  топқа бөлінеді. Егер оператор  құрамында басқа операторлар  боламса, онда ол қарапайым  оператор деп аталады. Бұл топқа: меншіктеу, процедураны шақыру, шартсыз көшу – GOTO, бос орын операторы жатады.                              

   Күрделі (құрама) оператор бірнеше  қарапайым операторлар тұрады. Бұл  операторлар begin (басы) және end (соңы) қызметші сөздер арасында жазылады. Әр оператордан кейін (;) нүктелі үтір таңбасы қойылады.

     Құрама оператордың жалпы жазылуы:

Begin                                                                                                                 

1-оператор;

2-оператор;

3-оператор;

...

N-оператор;

End;

  Begin (басы) және end (соңы) сөздерін операторлар жақшасы деп қарастырсақ, жоғарыдағы мысалды мына түрде жазуға болады:

    (1-оператор; 2-оператор; ...; N-оператор).

Құрама  операторлар ішінде тағы бір құарма оператор болуы мүмкін. Бұл жағдайда программа денесін құрама оператор деп қарастырса болады.Құрама операторға шартты көшу, таңдау және қайталау операторлары жатады.

1.2Циклдік  құрылымды алгоритмді  программалау.

      Кейбір алгоритмдердің белгілі  бір бөліктері бірнеше рет қайталанып орындалуы мүмкін. Мұндай алгоритмдерді циклдік құрылымға ие алгоритмдер дейді. Қайталанатын бөліктерді, яғни циклдерді әртүрлі тәсілдермен құрастырады.

       Цикл – бұл прграмманың орындалу  барысында бірнеше рет қайталанатын  бөліктері. Циклдерді пайдалану арқылы салыстырмалы түрде қысқа программалар жазуға, программаның көлемін едәуір қысқартуға болады. Бірақ осы программа арқылы ЭЕМ өте үлкен көлемдегі есептеулерді орындайды. Турбо Паскаль да циклдік құрылымды алгоритмді программалауды үш түрлі жолмен ұйымдастыруға болады.

  1. Алдын-ала шартты тексеру арқылы
  2. Келесі шарт бойынша
  3. Параметрдің мәніне тәуелді

      Үш түрлі жолмен ұйымдастыратын  циклға арнайы операторлар қолданылады.  Олардың әрқайсысын талқылайық.

1.3Алғы  шартты цикл операторы While операторы.

      While операторы жан жақты басқару  үйлесімі болып табылады. Алдын  ала берілген шартты тексеру  арқылы циклді ұйымдастыруға  While операторы қолданылады. While операторын  циклдің қайталану саны белгісіз  болғанда пайдаланған ыңғайлы.  Қайталанушы процесс қойылған шартты тексеру арқылы жүзеге асырылады. Яғни, шарт ақиқат болса цикл қайталанылады да, шарт жалған болса, циклден шығу орындалады. While операторы екі бөліктен тұрады: циклдің тақырыбынан және циклдің денесінен.

   Жалпы жазылуы:

While  <шарт> do

           <циклдің денесі>;

While  <шарт> do

Begin

End.

      Мұндағы, Қызметші сөздерінің  қазақша мағынасы: While –“әзір”, do –“орында”.  Ал, шарт-логикалық өрнек түрінде  жазылады.  Берілген шартқа тәуелді  бірнеше рет қайталанып орындалатын операторды – циклдің денесі деп атаймыз. Орындалу ережесі: Begin және End сөздерінің арасында жазылған оперпторлар шарт ақиқат болғанда орындалады

      While  операторы алгоритмдік тілдегі  “әзір” цикл командасына сәйкес  “әзір” цикл командасының жазылуы және блок схемасы:

әзір<шарт>

цб

<цикл>

цс

бітті. 

Жоғарыдағы блок схемасы While  операторымен ұйымдастырылатын циклді толық сипаттайды. While  операторында, әрбір қайталанудың алдында берілген шарт тексеріледі. Шарт ақиқат болса, цикл денесі орындалады. Егер, шарт орындалмаса, цикл денесі де бірде-бір рет орындалмайда.

Егер, цикл денесі екі немесе екіден де көп операторлардан тұрса, оларды операторлар жақшасының ішіне жазамыз.

 While  <шарт> do

begin

<циклдің денесі>;

end;

While  операторында программалаушы циклдің өзгеру қадамын өзі тағайындап отырады. Егер әрекет белгісі “/” не тең болмаса немесе екінші сан да 0-гетең болмаса, онда программаның орындалу процесінде бұл циклді айналып өтеді, яғни цикл бір рет  те орындалмайды. Программаны жүктеп, оның қалай жұмыс істейтін F7 пернесін қолдану арқылы тексереміз. Мысалы:

Z=Y3 функциясының мәнін есептеу керек, мұндағы Y=1,2,3,4,5,6,7.Программаның нәтижесінде Y-тің мәні мен сәйкес функцияның мәні кесте түрінде шығады. Y-тің өзгеру қадамы 1-ге тең.

Program pr1;

Var Z,Y: integer;   {берілген айнымалыны сипаттау}

Begin

Z:=1;{Y-тің бастапқы мәнін меншіктеу}

While y<=6 do {цикл тәуелді болатын шарт}

Begin

Z:=sqr(Y)*Y;  { Y –тің мәнін Z-ті есептеу}

Информация о работе Паскаль тілінің негізгі түсініктері