Паскаль тілінің негізгі түсініктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 23:15, курсовая работа

Описание работы

Паскаль тілі бұрын құрылған (Фортран, Алгол және т.б.) программалау тілдерінен маңызды ерекшелігі ол құрылымдық программалау идеясын өмірге біртіндеп енгізу.
Басқару (шартты, таңдау және циклдік) операторлары бағдарлама жолдарының орындалу реттілігін өзгертеді.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………...……..
1. Паскаль тілінің негізгі түсініктері..............................................................
1.1 Турбо паскаль тілінің операторлары ..........................................................
1.2 Циклдік құрылымды алгоритмді программалау ......................................
1.3 Алғы шартты цикл операторы. While операторы .....................................
1.4 Келесі шарт бойынша циклді ұйымдастыру..............................................
2 Параметрлі қайталану операторы. For операторы................................
2.1 Күрделі циклдер..............................................................................................
2.2 ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдері. Қадам бойынша орындау...................
2.3 Қайталау (цикл)...............................................................................................
Қорытынды............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................

Работа содержит 1 файл

нурсик.docx

— 49.61 Кб (Скачать)


Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………...……..

3

1. Паскаль тілінің негізгі түсініктері..............................................................

5

1.1 Турбо паскаль тілінің операторлары  ..........................................................

6

1.2 Циклдік құрылымды алгоритмді  программалау ......................................

7

1.3 Алғы шартты цикл операторы. While операторы .....................................

7

1.4 Келесі шарт бойынша циклді  ұйымдастыру..............................................

9

2 Параметрлі қайталану операторы. For операторы................................

11

2.1 Күрделі циклдер..............................................................................................

12

2.2 ЭЕМ-де есеп шығару кезеңдері. Қадам бойынша орындау...................

13

2.3 Қайталау (цикл)...............................................................................................

20

Қорытынды............................................................................................................

22

Қолданылған әдебиеттер......................................................................................

23


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

                           

 

Кіріспе

 

Бейсик  тілі сияқты, Паскаль оқып-үйренуге жеңіл, түрлі салалық информациямен  жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған  тілдердің бірі

Turbo Pascal программалау тілінің басқа тілдер  сияқты өзіне тән алфавиті  бар.

      Жоғарғы деңгейлі программалау  тілдерінің бірі − Паскаль.  Қазіргі кезде Паскаль тілінің  кеңейтілген ондаған диалектісі  бар, оның ішінде IBM PC-ге үйлесімді  дербес компьютерлер жұмыс істей  алатын Турбо Паскаль диалектісінің  варианттары да жеткілікті.

Turbo Pascal жүйесінде қарапайым есептерді  шешудің программасынан бастап, күрделі мәліметтер қорын құрудың  сан қырлы жұмыстары жүргізіледі.

      Паскаль тілі бұрын құрылған (Фортран,  Алгол және т.б.) программалау  тілдерінен маңызды ерекшелігі  ол құрылымдық программалау идеясын  өмірге біртіндеп енгізу.

Басқару (шартты, таңдау және циклдік) операторлары бағдарлама жолдарының орындалу реттілігін өзгертеді. Шартты операторлар нәтижесі ақиқат болғанда (Иә) немесе нәтижесі жалған болған жағдайда (жоқ) деп жауап беретін  белгілі бір логикалық шартты тексереді. Бұл оператордың жазылу түрі төмендегі үлгілердің біріне сәйкес келуі керек:

а) іf шарт then 1-оператор else 2-оператор; мұндағы, іf-оператордың  аты (егер), then (онда), else(әйтпесе)- түйінді  сөздері; шарт- логикалық өрнек (типі boolean); 1-оператор және 2-оператор- кез  келген орындалатын операторлар.

Олай  болса, мәліметтерді оқу файлдың  соңы табылғанша жалғаса береді. Егер файл бос болса, яғни онда ешқандай жазба жоқ, онда одан мәліметтерді оқуға  болмайды. Осы айтылғандарды тұжырымдай келе, алғы шарт циклін қолдану керек  екеніне көзіміз жетті. Файл соңы белгісін анықтау үшін, EOF(Name Var)-процедурасын қолданады ағылшын тілінде EndOf File—файл соңы деген сөзден қысқартылып алынған. Жақшаның ішіне  assing() процедурасында көрсетілген файлдың нақтылы атымен байланыстыратын айнымалы атауы жазылады. EOF(Name Var)-процедурасының мәні,  False(жалған)-болады егер файл соңына жетпеген болса Ture(ақиқат)-болады, егер файлдың соңы анықталған болса. Олай болса, алғы шарт циклін қолданғанда Not EOF(Fileln)-шарты әзірше ақиқат болса, онда цикл орындала береді, яғни файл соңы анықталғанша.

Бағдарламалау тілдері төменгі деңгейден жылдар өте келе жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдеріне дейін дамыған. Осы даму барысында не жаңадан тілдер ойланып табылып немесе бұрын болған тілдерді жетілдіру арқылы жаңа бағдарламалау тілдерін жасаған. Осы бағдарламалау тілдері арқылы біз машинамен, яғни компьютермен қарым-қатынас жасауға, аз да болса бір-бірімізде түсінуге септігін тигізеді. Егер бағдарламалау саласындағы жаңаша технологиялардың даму қарқынын қарайтын болсақ, онда келешекте аса жоғарғы деңгейлі бағдарламалау тілдері пайда болатыны күмән туғызбайды.

Бағдарламалау тідерімен бірге  бағдарламалау жүйесі де дамып келеді. Жүйелік бағдарламалау, оқиғалы-бейімделуші  бағдарламалау, объектіге бағытталған  бағдарламалау – олар алуан түрлі. Болашақта бағдарламалаудың жаңа, одан әрі жетілдірілген түрлері пайда  болады деуге әбден болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.   Паскаль тілінің негізгі түсініктері.

    Алфавиті  

Паскаль тілінде: латынның әріптері (Аа, ..., Zz) араб  цифрлары (0,...,9) және арнайы таңбалар қолданылады. Арнайы таңбалар:

  -арифметикалық  және салыстыру амалдары (+,-,*,/,>,<,< >,<=,>=,@);

  -арифметикалық  және логикалық функциялар (DIV,MOD, NOT,AND,OR,IN,SHL,SHR).

  -әр  түрлі тыныс белгілері:

{} немесе (**)-түсініктеме жазатын жақшалар;

[] – массив индекстерін және жиын элементтерін белгілеу;

() – айнымалы  тізімін белгілеу;

‘ ‘  – апостроф; := - меншіктеу белгісі;

; - операторлар  мен хабарларды ажырату;

: - айнымалыны  бөліп көрсету;

= - айнымалының  типін типтің сипаттамасынан  немесе тұрақтыны өз мәнінен  бөліп көрсету;

, - тізім  элементтерін ажырату;

 Программа  құрылымы

Программа келесі бөлімдерден тұруы мүмкін, бұл бөлімдер (тек соңғыдан басқасы) бір-бірінен нүктелі-үтір арқылы ажыратылады:

  • программа тақырыбы;
  • белгілер бөлімі;
  • тұрақтылар бөлімі;
  • типтерді сипаттау бөлімі;
  • процедура мен функцияларды сипаттау бөлімі;
  • программа денесі;

Программалау  барысында алдын-ала анықтауды  қажет етпейтін мәліметтердің стандартты типтері мен программалаушының  өзі анықтайтын типтерді пайдалануға  болады.

Стандартты  типтер

  • бүтін типтер-SHORTINT, INTEGER, LONGIN, BYTE,WORD;
  • нақты типтер – REAL, SINGLE, DOUBLE, EXTENDED, COMP;
  • логикалық тип -BOOLEAN ; символдық тип CHAR ; жолдық тип STRING ; ASCII –жолдық- PCHAR; текстік файл TEXT;

    Басқа типтердің барлығы типтер  бөлімінде, айнымалылар немесе  тұрақтыларды сипаттау бөлімінде  анықталуы қажет. Нақты типтен  басқа қарапайым типтер үшін  мына функциялар анықталады:

DEC(N) N-ді  азайту (қысқарту)

INC(N) N-ді  үлкейту (ұзарту)

ORD(N) N-нің  рет нөмірі

ODD(N) N-нің  жұптығын тексеру

PRED(N) N-нің  алдынғы мәні

SUCC(N) N-нің  келесі мәні

Нәтижесі  бүтін болатын мәліметтердің  бүтін типтерімен жұмыс істеу  үшін келесі арифметикалық функциялар қолданылады:

ABS(N)      N-нің абсолют шамасы

A DIV B     бүтін бөлу

A MOD B   қалдықты бөлу

+                 қосу   

*                 көбейту    

-                 азайту

TRANC(X)  Х нақты санның бүтін бөлігі;

ROUND(X) Х  нақты санды бүтінге дейін  дөңгелектеу;

 SQR(X) N санын квадраттау;

Логикалық функциялар: NOT- терістеу; OR - біріктіру  немесе логикалық қосу; AND -қиылысу  немесе логикалық көбейту; XOR - екінің модулі бойынша қосу.

Стандартты  функциялар

ABS(X)-Х-тің абсолют мәні

ARCTAN(X)- Арктангенс Х

COS(X)-Косинус Х

SIN(X)- Синус Х

EXP(X)- е2

FRAC(X)- Х-тің  бөлшек бөлігі

ARCCOS(X)=ARCTAN(SQRT(1-SQR(X))/X)

ARCSIN(X)=ARCTAN(X/SQRT(1-SQR(X)))

Тілдің  операторлары

  • BEGIN END құрама оператор;
  • IF…THEN шартты оператор;
  • CASE…OF таңдауоператоры;
  • FOR… DO параметрлі қайталау операторы;
  • REPEAT… UNTIL шартқа дейін қайталау операторы;
  • WHILE… DO әзіргі шартқа байланысты қайталау;

 

1.1 Турбо  mаскаль тілінің операторлары

 

    Операторлар-программадағы  нұсқаулардың (бұйрықтар,алгоритмдер)  машиналық тілде жазылуы. Яғни  берілген есепті шешу мақсатында  орындалатын іс-әрекеттердің машинаға  түсінікті түрде жазылуы. Сонда,  программа денесі бірінен кейін  бірі жазылған операторлар тізбегінен  тұрады. Операторлар арасына нүктелі  үтір (;) белгісі қойылады.

    Операторлар қарапайым және күрделі  (құрама) операторлар болып екі  топқа бөлінеді. Егер оператор  құрамында басқа операторлар  боламса, онда ол қарапайым  оператор деп аталады. Бұл топқа:  меншіктеу, процедураны шақыру, шартсыз  көшу – GOTO, бос орын операторы  жатады.                              

   Күрделі (құрама) оператор бірнеше  қарапайым операторлар тұрады. Бұл  операторлар begin (басы) және end (соңы) қызметші сөздер арасында жазылады. Әр оператордан кейін (;) нүктелі  үтір таңбасы қойылады.

     Құрама оператордың жалпы жазылуы:

Begin                                                                                                                 

1-оператор;

2-оператор;

3-оператор;

...

N-оператор;

End;

  Begin (басы) және end (соңы) сөздерін операторлар жақшасы деп қарастырсақ, жоғарыдағы мысалды мына түрде жазуға болады:

    (1-оператор; 2-оператор; ...; N-оператор).

Құрама операторлар ішінде тағы бір құарма оператор болуы мүмкін. Бұл жағдайда программа денесін  құрама оператор деп қарастырса болады.Құрама операторға шартты көшу, таңдау және қайталау операторлары жатады.

 

1.2 Циклдік құрылымды алгоритмді программалау

 

      Кейбір алгоритмдердің  белгілі бір бөліктері бірнеше  рет қайталанып орындалуы мүмкін. Мұндай алгоритмдерді циклдік  құрылымға ие алгоритмдер дейді.  Қайталанатын бөліктерді, яғни циклдерді  әртүрлі тәсілдермен құрастырады.

       Цикл – бұл прграмманың орындалу  барысында бірнеше рет қайталанатын  бөліктері. Циклдерді пайдалану  арқылы салыстырмалы түрде қысқа  программалар жазуға, программаның  көлемін едәуір қысқартуға болады. Бірақ осы программа арқылы  ЭЕМ өте үлкен көлемдегі есептеулерді  орындайды. Турбо Паскаль да  циклдік құрылымды алгоритмді  программалауды үш түрлі жолмен  ұйымдастыруға болады.

  1. Алдын-ала шартты тексеру арқылы
  2. Келесі шарт бойынша
  3. Параметрдің мәніне тәуелді

      Үш түрлі  жолмен ұйымдастыратын циклға  арнайы операторлар қолданылады.  Олардың әрқайсысын талқылайық.

 

1.3 Алғы шартты цикл операторы While операторы.

 

      While операторы  жан жақты басқару үйлесімі  болып табылады. Алдын ала берілген  шартты тексеру арқылы циклді  ұйымдастыруға While операторы қолданылады. While операторын циклдің қайталану  саны белгісіз болғанда пайдаланған  ыңғайлы. Қайталанушы процесс  қойылған шартты тексеру арқылы  жүзеге асырылады. Яғни, шарт ақиқат  болса цикл қайталанылады да, шарт жалған болса, циклден шығу орындалады. While операторы екі бөліктен тұрады: циклдің тақырыбынан және циклдің денесінен.

   Жалпы жазылуы:

While  <шарт> do

           <циклдің денесі>;

While  <шарт> do

Begin

End.

      Мұндағы,  Қызметші сөздерінің қазақша  мағынасы: While –“әзір”, do –“орында”.  Ал, шарт-логикалық өрнек түрінде  жазылады.  Берілген шартқа тәуелді  бірнеше рет қайталанып орындалатын  операторды – циклдің денесі  деп атаймыз. Орындалу ережесі: Begin және End сөздерінің арасында жазылған  оперпторлар шарт ақиқат болғанда  орындалады

Информация о работе Паскаль тілінің негізгі түсініктері