Информатикадан отчет

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 15:41, дипломная работа

Описание работы

Есептеу техникасының дамуы ерте кезден-ақ басталды. Кейбір мысалдар: XVII ғасырдың 40-жылдарында Б. Паскаль (1613—1662) сандарды қоса алатын механикалық қүрылғы ойлап тапты. XVIII ға-сырда В. Лейбниц сандарды қоса жене көбейте алатын қүрылғы жасап шығарды. XIX ғасырда Ч. Бэббидж (1792—1871) механикалық машинаны программа арқылы басқару жүйесімен біріктірді.

Работа содержит 1 файл

Сауле практика.doc

— 5.21 Мб (Скачать)

3.3.10«FDISK»және«Partition Magic»бағдарламасы мен қатқыл дискіні қисынды дискіге бөлу

3.3.11 Бағдарламаларды  орнату және өшіру

3.4.Қосалқы  бағдарламаларды тағайындау

3.4.1DrWeb вирусқа қарсы бағдарламасы

3.4.2Дербес ЭЕМ-ді  вирустан емдеуге тексеру

3.4.3 ЭЕМ-дік  вирустар,олардың классификациясы

 

3.4.4WinRar архиваторының бағдарламасы

 

WinRAR өзінің қызметтік мүмкіндігі мен техникалық сипаты бойынша кеңінен тараған және танымал мұрағатшының қатарына жатады. WinRAR-дың негізгі мүмкіндіктері:

    • Мұрағаттаушының ішінен көптеген жағдайда ең жақсы қысу коэффициентін қамтамасыз ететін  мәліметтерді қысудың өзіндік тиімділігі жоғары алгоритмі.
    • Бір бірінен ерекшеленетін қысу дәрежесімен және мұрағатты әзірлеуге жұмсалатын уақытымен ерекшеленетін қысудың алты әдісінің бірін таңдау мүмкіндігі: — қысусыз, жедел, шапшаң, қатардағы, жақсы, барынша.  
    • ZIP фоматын толық қолдау. Яғни WinRAR тек өзінің меншікті гаг-мұрағаттарымен ғана емес, WinZIP мұрағаттаушыда дайындалынған zip-мұрағаттарымен де сапалы жұмыс істей алады. WinRAR zip форматында мұрағатты өз бетімен әзірлей және қаттай алады. Сондай-ақ басқа танымал мұрағаттармен жұмыс істеу бойынша да бірқатар мүмкіндіктері бар.
    • Мультимедиялық-қысудың арнайы әдісін пайдалану. WinRAR бұл режімде wav форматында цифрланған дыбыс немесе bmp форматындағы толық түрлі түсті графикалық бейнелер сияқты мәліметтерді қысуды жақсату үшін қосымша алгоритмдерді пайдалануға талаптанады. Алайда бұл әдіс әлдеқашан қатталған дыбыстық немесе графикалық мәліметтердің қысылуын жақсата алмайды, сондықтан оны, мысалы, jpeg немесе mpeg сияқты файлдар форматын мұрағаттау кезінде оны пайдалану пайдасыз.
    • Көптомдық мұрағаттармен жұмыс сітеуді қолдау. Бірінші томның .гаг немесе .ехе кеңеюі бар, ал келесі томдардың кеңеюі как .г00, .г01, .г02 және т.с. белгіленеді. Көптомдық мұрағатты қаттау процесінде бұл мүмкін әр түрлі ауысымды дискілерде тұрған оның бөліктерін дұрыс біріктіруді қамтамасыз етеді.
    • Пайдалану кезінде әдеттегі әдістерге қарағанда 10-50 % жоғары қысу дәрежесіне қол жеткізіге болатын үзіліссіз мұрағаттау әдісі қолдау табады.
    • Өзі қаттайтын мұрағаттарды әзірлеу мүмкіндігі.
    • Қосымша ақпараттардың есебінен көптеген жағдайларда зақымдалған мұрағаттарды қалпына келтіруге болады. 
    • Шифрлау, мұрағаттық түсініктемелерді үстемелеп қосу, қателіктер хаттамасын енгізу және т.с. сияқты қосымша қызметтердің бар болуы.

Мұрағатқа үстемелеп  қосуға болатын файлдардың саны қатынауға  болатын жадтың көлеміне және файлдардың атауының ұзындығына тәуелді болады. WinRAR 10 миллионнан артық файлдармен жұмыс істеуде тестіден өтті. RAR форматының барлық мұрағатының барынша мөлшері, мұрағаттағы кез келген жеке файлдың мөлшері қандай болса сондай, іс жүзінде шектелмеген — ол 8 Эбайтты құрады. Ал  ZIP форматы мұрағатының мөлшері осы мұрағаттағы кез келген жеке файлдың мөлшері қандай болса сондай,  4 Гбайттан артық бола алмайды. 

WinRAR мұрағаттаушы екі  режімнің бірінде — файлдарды басқару режімінде немесе мұрағаттарды басқару режімінде жұмыс істей алады. Файлдармен және мұрағаттармен операциялардың көпшілігінде режімнің екеуі де оңай. Сонымен бірге олардың тек бірінде ғана орындауға болатын әрекеттер де бар. Барлық режімде орындауға болатын әрекеттер:

    • WinRAR анықтамалық жүйесін шақыру;
    • бағдарламаны іске қосу кезінде автоматты түрде орнатылатын мұрағаттаудың стандарттық параметрлерін беру;
    • бар мұрағатқа қысылатын файлдық объектілерді үстемелеп қосу;
    • бұрындары қысылған файлдық объектілерді мұрағаттан шығарып алу;
    • бар мұрағатты қарап шығу;
    • файлдық объектілерді аластау (жою);
    • мұрағаттық файлдың біртұтастығын тексеру (тестілеу).

Тек файлдарды  басқару режімінде ғана қысудың  сапасын бағалауға, жаңа мұрағат  әзірлеуге және мұрағатты оның зақымдануынан  кейін қалпына келтіруге болады. Тек мұрағаттарды басқару режімінде ғана мұрағат туралы толық ақпараттармен танысуға, бар мұрағатты өзі қаттайтын мұрағатқа түрлендіруге және мұрағаттық түсініктемелерді үстемелеп қосуға болады.

        

 

 

 

3.4.5 Бағдарламаны  пайдалану

 

Егерде WinRAR мұрағаттаушы дұрыс орнатылса, онда оны іске қосу үшін негізгі менюдің Барлық бағдарламалар > WinRAR > WinRAR (Все программы > WinRAR > WinRAR) командасын пайдалануға болады немесе Жұмыс үстелінде бағдарламалар таңбашасы бойынша қос шертуді орындау керек. Бағдарламаны іске қосқаннан кейін бірден файлдарды басқару режімі автоматты түрде орнатылады.

Файлдарды басқару режіміндегі  мұрағаттаушының терезесі 4.1 суретте бейнеленген.

  1. Керекті файлға оң батырмасын шертеді.
  2. Жанама менюден (Добавить в архив) таңдау.
  3. Шыққан терезеде Общие қосымшасы белсенді болады. Одан метод сжатия максимальный таңдау.

Параметры архивации: Добавить информацию для восстановления өрісіне  жалауша қою, Дополнительно қосымшасында информация для восстановления өрісіне  процентін орнатыңыз.

  1. Архивке атын беріңіз.
  2. ОК

2 Файлдарды архивтен  шығару 

  1. Архивке оң батырманы басу.
  2. Жанама менюден  Извлечь в ......... немесе

   Извлечь в текущую папку немесе 

   Извлечь в папку (аты) таңдау.

3. Егер Извлечь в....    таңдасаңыз, архивтегі файлдарды қай қапшыққа шығаратынын көрсетуге болады. Егер Извлечь в текущую папку таңдасаңыз, барлық файлдар ағымдағы қапшыққа шығарылады. Егер Извлечь в папку (аты) таңдасаңыз, сондай атпен қапшық құрылып, барлық файлдар соған шығарылады

 

3.4.6 Файлдарды  архивке кіргізу және шығару

 

Мұрағаттан  жеке файлдар мен қапшықтарды  шығарып алу немесе оны толық  қаттау үшін алдымен мұрағаттық файлды немесе көптомдық мұрағаттың барлық томын бір арнаулы қапшыққа көшірмелеп алу орынды болады.  Сондай-ақ, мұрағатты  толық қаттау файлдарды басқару режімінде сол жағдайда мүмкін болады, егерде мұрағат өзі қатталатын болса.

          Өзі қатталатын мұрағаттардан  шығарып алу 

Өзі қатталатын мұрағаттардан  файлдарды шығарып алуды орындау  барлығынан оңай. Ол үшін өзі қатталатын мұрағатты арнаулы қапшыққа, яғни мұрағаттан шығарылып алынған объектілер жазылуға тиісті қапшыққа көшірмелеп алу немесе орын ауыстыру, ал содан кейін бағдарлама-мұрағатты орындауға іске қосу керек.

Нәтижесінде қалпына келтірілетін файлдар үшін Шығарып алу өрісінде (в поле Извлечь) мұрағаттаушы ұсынатын арнаулы қапшық көрсетілетін мұрағатты қаттау терезесі шығады. Егерде автоматты түрде таңдалынған нұсқа пайдаланушыға ұнамаса, онда ол қолмен осы өрісте басқа қапшыққа жолды енгізе алады немесе Шолу (Обзор) батырмасының көмегімен дискі мен қапшықты таңдау терезесін аша алады. Арнаулы қапшықты анықтап және орнатқаннан кейін Шығарып алу (Извлечь) батырмасының көмегімен өзі қаттайтын процесті іске қосу керек. Қаттаудың орындалу барысы терезенің орта секторында бейнеленеді.

           Файлдарды басқару режімінде  шығарып алу 

Егерде керек болатын мұрағат өзі қатталатын болмаса, онда оны қаттау қаракеті шамалы күрделенеді.

    1. Мұрағатты (оның барлық томын) арнаулы қапшыққа, яғни мұрағаттан шығарылып алынған объектілер жазылуға тиісті қапшыққа көшірмелеп алыңдар немесе орын ауыстырыңдар.
    2. WinRAR мұрағаттаушыны іске қосыңдар.
    3. Терезенің адрестік жолында тұрған дискілік құрылғылардың тізімдерін ашыңдар да қатталатын мұрағат тұрған дискіні таңдаңдар.
    4. Қатталатын мұрағаты бар бас қапшықты ашыңдар.
    5. Қатталатын мұрағаттың атауы бар жол бойынша шертумен немесе бағыттар пернелерімен оны ерекшелеңдер.
    6. Аспаптық тақтаның Шығарып алу (Извлечь) батырмасы бойынша шертіңдер, Alt+A пернелерінің үйлесімін пайдаланыңдар немесе Командалар > Көрсетілген қапшыққа шығарып алу (Команды > Извлечь в указанную папку) командасын таңдаңдар.
    7. Шығарып алудың жолы мен параметрлері (Путь и параметры извлечения) терезесінде көрсетілген арнаулы қапшық пайдаланушыға ұнамаса, онда Шығарып алға арналған жол (Путь для извлечения) тізімінде ыңғайлы нұсқаны таңдаңдар. Сондай-ақ осы тізімнің жоғарғы жолына керекті жолды енгізуге немесе оны терезенің қапшықтар ағашында таңдауға болады.
    8. Автоматты түрде орнатылған шығарып алу режімін қарап шығыңдар да қажеттілікке қарай оларды қайта орнатыңдар.
    9. ОК батырмасы бойынша шертіңдер.

        Мұрағаттарды басқару режімінде  шығарып алу 

Егерде мұрағатты  толық қаттау қажет етілмей, одан қандайда бір жалғыз файлды немесе файлдар мен қапшықтар тобын  шығарып алу керек болса, онда файлдарды басқару режімінде мұрағаттан шығарып алу мүмкіндіктерін пайдалану орынды болады. Мұрағаттан файлдық объектілердің кез келген тобын шығарып алу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:

    1. Керекті мұрағатты ашыңдар.
    2. Қысылған файлдар мен қапшықтар тізімінде объектілердің шығарылатын тобын ерекшелеңдер.
    3. Аспаптық тақтаның Шығарып алу (Извлечь) батырмасы бойынша шертіңдер, Alt+A пернелерінің үйлесімін пайдаланыңдар немесе терезенің операциялық менюінен Командалар > Көрсетілген қапшыққа шығарып алу (Команды > Извлечь в указанную папку) командасын таңдаңдар.
    4. Шығарып алудың жолы мен параметрлері (Путь и параметры извлечения) терезесінде Шығарып алуға арналған жол (Путь для извлечения) тізімінде ыңғайлы нұсқаны таңдау керек, осы тізімнің жоғарғы жолына керекті жолды енгізу немесе оны терезенің қапшықтар ағашында таңдау керек.
    5. Автоматты түрде орнатылған шығарып алу режімін қарап шығыңдар да қажеттілікке қарай оларды қайта орнатыңдар.
    6. ОК батырмасы бойынша шертіңдер.

WinRAR-дың басқа мүмкіндіктерімен танысу үшін F1 пернесінің немесе ? > Мазмұн (? > Содержание) командасының көмегімен қатынас құруға болатын анықтамалық жүйені оқып білу керек.

 

 

4 бөлім.Қолданбалы бағдарламалық  қамтамасыздандыру

4.1.Қолданбалы бағдарламалар

4.1.1 Nero Express бағдарламасымен жұмыс

4.1.2 Ақпараттарды  компакт-дискіге жазу

4.1.3Abby FineReader бағдарламасымен жұмыс

4.1.4 Мәтіндік  және графикалық ақпараттарды  енгізу

4.1.5Windows Movie Marker.Бейне жазбаларды жасау және өңдеу

4.1.6Дыбыспен  бейнені іске қосудың бағдарламасы

4.2.Micrisoft office құралдары. Micrisoft office Word 2003 мәтіндік редакторы

4.2.1 MS Word редакторының негізгі мәлімдемесі

4.2.2 Мәтіндік  құжаттарды жасау

 

Мәтінді дайындау (форматтау) өзіне мәтіннің мөлшерін, қаріптің орналасуы мен сипатын, тізімдерді кірістіру, ортасы бойынша теңестіру және басқа көптеген өзгертулер арқылы ерекшелеуді қамтиды.

Форматтауды бастамас бұрын  мәтіннің үзіндісін ерекшелеуді  ұмытпаңдар.

Ең жиі форматтау Қаріп (Шрифт) (6.10 сурет) сұқбаттық терезесінің немесе Форматтау (Форматирование) аспаптар тақтасының көмегімен берілетін қаріптің атрибуттарын өзгерту арқылы жүзеге асады.

Қаріп сұқбаттық терезесін  келесі әрекеттердің бірімен ашуға  болады:

    • Формат→Қаріп (Формат→Шрифт) менюі командасы
    • CTRL+D пернелерінің үйлесімін басыңдар
    • Қаріп (Шрифт) жанама менюі командасы

Бұл терезеде үш қазына бар: Қаріп, Интервал, Анимация (Шрифт, Қашықтық, Анимация).

Қаріп қазынасы қаріптің типін, түсін, мөлшері мен оның сипатын анықтауға мүмкіндік береді.

Интервал қазынасы қаріп символдарының арасындағы қашықтықты тағайындайды.

Анимация қазынасы анимациялық әсерлерді дайындауға мүмкіндік береді.

 

6.10 сурет. Қаріп сұқбаттық терезесі

 

Форматтау аспаптар тақтасы батырмаларының көмегімен мәтінді дайындау бойынша барлық негізгі әрекеттерді орындауға болады:

    • Мәнерді тағайындау
    • Кқріп типін таңдау
    • Қаріп мөлшерін орнату
    • Қаріптің сипатын анықтау
    • Мәтінді теңестіруді орнату
    • Мәтіндерді бағанға бөлу
    • Тізімдерді дайындау
    • Мәтін шекарасын тағайындау
    • Мәтінді құю түстерін тағайындау
    • Мәтіннің түстерін тағайындау

 

 

 

 

 

 

 

 

6.11 сурет. Форматтау  аспаптарының тақтасы

 

Абзацтарды  форматтау

Жол аралық қашықтықты, шегіністерді, табуляцияны өзгерті үшін Абзац  сұқбаттық терезені шақыру керек (6.12 сурет).  Ол үшін келесі әрекеттердің бірін орындау керек:

    • Абзац жанама менюі камандасын орындау
    • Формат → Абзац менюі командасын орындау

 

 

6.12 сурет. Абзац сұқбаттық терезесі.

 

Тізімдер

Тізімдердің екі түрі бар: маркіленген және нөмірленген. Тізімді теруден бұрын мына бматырманың көмегімен Форматтау тақтасында тізімнің керекті түрін таңдаңдар.

Маркердің түрі мен орнын  өзгерту үшін Формат→Тізімдер (Формат → Списки) менюі қомандасын орындаңдар. Нәтижесінде Тізім (Списки) сұқбаттық терезесі пайда болады (6.13 сурет). Онда керекті маркер түрін таңдау керек немесе маркердің параметрлер терезесін шақыратын Өзгерту (Изменить) батырмасын басу керек (6.14 сурет).

 

6.13 сурет. Тізімдер сұқбаттық терезесі

Информация о работе Информатикадан отчет