Информатикадан отчет

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 15:41, дипломная работа

Описание работы

Есептеу техникасының дамуы ерте кезден-ақ басталды. Кейбір мысалдар: XVII ғасырдың 40-жылдарында Б. Паскаль (1613—1662) сандарды қоса алатын механикалық қүрылғы ойлап тапты. XVIII ға-сырда В. Лейбниц сандарды қоса жене көбейте алатын қүрылғы жасап шығарды. XIX ғасырда Ч. Бэббидж (1792—1871) механикалық машинаны программа арқылы басқару жүйесімен біріктірді.

Работа содержит 1 файл

Сауле практика.doc

— 5.21 Мб (Скачать)

3 бөлім.Бағдарламалық  құрал.Жүйелік бағдарламаны қамтамасыздандыру

3.1.MS DOS Операциялық жүйесі

 

Операциялық жүйе – компьютер құрылғыларының үздіксіз жұмыс істеуін ұйымдастырушы және түрлі командаларды орындауы арқылы пайдаланушының машина жұмысын басқаруына жеңілдік келтіруші жүйелік программалар. Оның негізгі қызметі – программалардың бір-бірімен және сыртқы құрылғылармен өзара әрекеттестігін ұйымдастыру, жылдам жадты бөлу, компьютердің жұмыс істеу кезінде қате жіберілу сияқты оқиғаларды анықтау, дискіні жұмыс істеуге дайындау, монитор мен принтердің жұмыс істеу режимдерін орнату, пайдаланушының  программасын іске қосып, оны орындау, т.б.  Яғни, ОЖ – машина жұмысын басқаруға толық жеңілдік беретін жүйе.

Ол осы үшін арналған иілгіш не қатты магниттік  дискіде сақталып қойылады. Сондықтан ОЖ-ны дискілік операциялық жүйе деп те атайды (DOS).

Процессордың  типіне қарай, DOS-тың көптеген нұсқасы бар. Әдетте оларға арнайы атаулар беріліп қойылған. 16 не одан жоғары разрядты IBM PC –ге үйлесімді компьютерлерде пайдаланылатын операциялық жүйе – MS DOS (MicroSoft Disk Operating System). Алғашқыда оның да бірнеше нұсқалары жарыққа шықты. Одан соң шыққан кәсіби компьютерлер командалар жүйесі кеңейтілген MS DOS 6.0 және т.б. нұсқаларын, ал қазіргі кездегі ЭЕМ-дер мен ДК-лер MS DOS-тан жүздеген есе күшті, параллельді бірнеше есепті шеше алатын MS Windows 95, 98, 2000, UNIX және т.б. операциялық жүйелерін пайдаланады.

   МS DОS-пен жұмыс істейтін компьютер іске қосылған кезде монитор экранының төменгі жағында операциялық жуйенің шақыруы деп аталатын С:\> не осы сияқты белгілеме көрінеді. Әдетте шақыру шыққан жол командалық жол делінеді. Пайдаланушы компьютерге беретін командасын шақыру белгісінен соң комаңдалық жолда теріп алып, Енг (енгізу) пернесін басуы тиіс.

1985 жылы МісгоSoft фирмасы алғашқы рет МS DОS'қа қосымша пайдаланатын Windows 1.0 атаулы жүйелік программаны, ал соңғы жылдары оның кеңейтілген түрлі нүсқарын дайындап шықты. Одан соңғы жылдары мүмкіндіктері МS DОS -тан жүздеген есе артық 3.0, 3.1, 3.11 және т.б. нүсқалары жарыққа шықты. Мүндай жүмысын жеңілдететін Norton Commander сияқты қабықша программа (ол жөнінде 7қысқаша келесі дәрісте баяндалған), бірақ оған қарағанда мүмкіндігі мол және пайдаланудың басқа принципіне негізделген.

 

3.1.1 Операциялық жүйелер

 

Операциялық жүйе дегеніміз компьютердің аппараттық пен бағдарламалық ресурстарына қатынас құруды автоматтандыруды қамтамасыз ететін бағдарламалар кешені.

Операциялық жүйе (ОЖ) жүйелік бағдарламалық  жасақтаманың негізі болып саналады. Операциялық жүйесіз қазіргі  заманғы компьютердің аппараты мен бағдарламасына қатынас құру мүлдем мүмкін емес. Барлық аппараттық, сондай-ақ және бағдарламалық құралдарға пайдаланушының қолы тек делдал – операциялық жүйе арқылы ғана жетеді (1-сурет).


 

 

 

 

 

Операциялық жүйенің негізгі қызметтері болып  мыналар саналады:

    • бағдарламаларды жедел жадқа жүктеу және олардың орындалуын басқару;
    • орындаушы бағдарлама мен сыртқы құрылғылар арасында мәліметтер алмасу бойынша опреацияларды қамтамасыз ету;
    • бағдарламаларды орындау барысындағы стандарттық емес жағдайларды тексеру;
    • орындалған бағдарламаны жедел жадтан аластау және жаңа бағдарламаны жүктеу үшін орын босату;
    • сыртқы құрылғылардан бағдарламалар мен мәліметтерді іздестіру мен сақтауды ұйымдастыру;
    • пайдаланушы мен операциялық жүйенің өзара әрекеттерін ұйымдастыру — пайдаланушының командаларын қабылдау мен орындау;
    • дискілік құрылғыларды форматтау, ақпаратты бір дискілік құрылғыдан екіншісіне көшірмелеу және тағы басқадай әр түрлі қосалқы қызметтерді орындау.

Енгізу-шығарудың базалық жүйесін құрайтын операциялық жүйенің бөліктері әдетте компьютердің тұрақты жадына жазылады. Оның қалған бөліктері жүйелік дискі деп аталатын иілгіш, винчестерлік пен лазерлік дискілерге орналастырылады.

Операциялық жүйе компьютердің жұмыс істеп тұрған барлық уақыты ішінде жұмыстық қалып күйде тұруы тиіс. Операциялық жүйенің жұмысы компьютерді қосқаннан басталады да оны ажыратқан сәтте аяқталады.

 

 

3.1.2Операциялық   жүйелердің  түсінігі,типтері,негізгі   функциялары 

және  құрама бөлімдері

 

Компьютерлерді пайдаланушы іс істеуге тура келетін барлық жүйелік бағдарламалардың ішінде операциялық жүйе ерекше орынды алады. Операциялық жүйе компьютерді басқарады, бағдарламаны іске қосады, мәліметтердің қоғанысын қамтамасыз етеді, пайдаланушы мен бағдарламалардың сұранысы бойынша әр түрлі қызметтік міндеттерді орындайды. Әрбір бағдарлама ОЖ-нің қызметін пайдаланады, сондықтан ол үшін осы қызметтерді қамтамасыз ететін ОЖ-нің басқаруымен ғана жұмыс істей алады. Сонымен, ОЖ-ні таңдау өте маңызды, өйткені ол Сен өз компьютеріңде қандай бағдарламалармен жұмыс істей алатыныңды анықтайды. Сенің жұмысыңның өнімділігі, Сенің мәліметтеріңнің қорғаныс дәрежесі, қажетті аппараттық құралдар және т.б. ОЖ-ні таңдауға тәуелді болады.

Пайдаланушылардың жұмыс орны ретінде  пайдаланылатын IBM PC типті компьютерлерде көбінесе мына операциялық жүйелер қолданылады:

    • Microsoft фирмасының  MS DOS операциялық жүйесі немесе онымен үйлесімді IBM фирмасының PC DOS пен Novell фирмасының Novell DOS операциялық жүйелері және т.б. Біз осы ОЖ-лерді жалпы атаумен DOS деп атайтын боламыз;
    • Microsoft фирмасының Windows операциялық жүйесі, нақтырақ, Windows: 
    • 3.1 немесе 3.11 немесе   Windows for Workgroups 3.11 нұсқалары (бұл бір рангалы жергілікті желілер қолдауы бар Windows-тың кеңеюі);
    • Microsoft фирмасының Windows 95 және Windows NT Workstation операциялық жүйелері (3.51 және 4.0 нұсқалары);
    • IBM фирмасының OS/2 3.0 Warp операциялық жүйесі.

 

3.1.3 Файлдық  жүйелер

 

3.1.4 Файл аттарының стандарттық кеңейтуі

 

Операциялық жүйе немесе басқа бағдарламалар файлға қатынай алу үшін файлдардардың белгілері бар болуы тиіс. Бұл белгіні әдетте файлдың атауы деп атайды.

Windows XP операциялық жұйесінде  файлдарды белгілеу екі бөліктен  тұрады: атау мен кеңеюден. Жиірек  атауы мен кеңеюді бірге файлдың  атауы деп атайды. Бұл ешқандай шатастыруды тудырмайды. Файлдың атауында 1-ден 254-ке дейін символдар бола алады. Мысалы,

command.com

paper.doc

autoexec.bat

 

 

Файлдардың атауларында  келесі символдарды пайдалануға  болады:

    1. Атау мен кеңею бас және жолдық латын әріптерінен, цифр мн символдардан тұра алады - _ $ # & @ ! % ( ) { } ' ' ~ - тіптен файлдың атауы бірден артық нүктелерден тұра алады.
    2. Бос аралықтар
    3. Символдар +,; = []
    4. 127-ден артық тамғалары бар барлық символдар, жекелей алғанда, орысша әріптер.

Сонымен, файлдардың ұзын атауларында басқарушылар деп  аталатындардан (31-ге дейінгі тамбалары бар) және \  / : * ? " < > ! символдардан басқа барлық символдарды пайдалануға болады.

Бұл файлдар мен каталогтарға көрнекті және түсінікті атауларды телуге мүмкіндік береді. Мысалы, өнімдердің бағалары туралы Астанаға жіберілетін хаттың файлын былай атауға балады:  Өнімдердің бағалары туралы Астанаға хат. Осы атауға файлды дайындаған бағдарламаға сәйкес келетін кеңеюді үстемелеу тілегі болады, мысалы Microsoft Word үшін  .DOC — бұл файлмен жұмыс істеуді жеңілдетеді. Сонымен, файлдың атауы: Өнімдердің бағалары туралы Астанаға хат.doc.

Файлдардың ұзын атауларында  символдар регистрі (яғни бас және жол әріптерінің арасындағы айырымы) сақталады — бұл файлдардың атауының жеңіл оқылуын қамтамасыз етуге мұмкіндік береді. Алайда бір каталогта (төмендегіге қараңдар)  тек әріптер регистрімен ерекшеленетін атауы бар файлдар рұқсат етілмейді. Мысалы, бір каталогта Өнімдердің бағалары туралы Астанаға хат.doc файлы және ӨНІМДЕРДІҢ БАҒАЛАРЫ ТУРАЛЫ АСТАНАҒА ХАТ. DОС файлы болмайды.

Дегенмен атаулардың ұзындағын 254 символға дейін жазуға болғанмен, атауларды  60-70 символдан  асырмаған дұрыс. Біріншіден, мұндай ұзын атауларды оқу көп уақыт  алады және олар бойынша бағытты  анықтау қолайсыз. Екіншіден, файлдың толық атауының ұзындығы (төмендегіге қараңдар) 260 символмен шектелген, демек каталогтың терең түкпіріне орналастырылған атауы өте ұзын файлды кейбір бағдарламалар қабылдай алмайды. Ақырында, дискілердің түпкі каталогында ұзын атауды пайдалану ұсынылмайды — түпкі каталогтардың көлемі шектеулі.

 

 

3.1.5MS DOS сыртқы транзиттік бұйрықтары

 

MS DOS операциялык  жүйесі дискетің немесе С: дискісінің  түпкі каталогында файлдар түрінде  орналасады да, мынадай бөліктерден  тұрады:

-BIOS модулі - компьютердің тұрақты жадында жазылған мәліметті енгізу-шығарудың неізгі жуйесі. Бұл модуль компьютер шыққан заводта жазылып   өшірілмей    тұрақты сақталады. Ол ЭЕМ іске қосылған сәтте кұрылғылардың жұмыс істейтінін немесе істемейтінін тексереді

-Операциялық жүйенің жүктеуіші – бұл кішкентай ғана программа операциялық жуйенің компьютердің жедел жадында тұрақты сақталатын қалған модульдерін файлдардан (IO.SYS, MSDOS.SYS) оқуды қамтамасыз етеді:

-IO.SYS файлы сыртқы кұрылғылармен (пернелік тақта, дисплей, принтер, байланыс адаптері және динамик) информация алмасудың барлық түрін атқарады;

-MSDOS.SYS файлы жалпы файлдар ашу iciн жэне де ЭЕМ жедел жадын басқарады, оған әрқашанда жедел жадта қанша бос орын бар екені белгілі болады;

-COMMAND.COM командалық процессоры әp6ip адамға қажет түрлі ic-әрекеттерді орындайды, ол ЭЕМ icкe қосылған кезден бастап ОС-тың барлық резидентті немесе ішкi командаларын орындау iciн жургізеді. Ал транзитті сыртқы командаларды орындау үшін ол дискіден соларға сәйкес программалык файлды тауып, оны оқып бірден орындауға кipiceдi. Команданы атқарып болған сон, оны жадтан өшipin, экранга әpi қарай жұмысқа даяр екендігін білдіретін, шақыру мәліметін шығарады.

-DOS-тың сыртқы немесе кipмe (транзитті) командалары — операциялық жүйемен 6ipre бөлек-бөлек файлдар түрінде бepiлeтiн программалар, кейде утилиттер деп те айтыла береді. Олар транзитті командалар ретінде әртурлі қызметтер атқарады, мысалы, дискетті форматтау, дискілерді тексеру және т.с.с.

- Құрылғылар драйвері— DOS жүйесін толықтырып, жаңадан қосылған шeткepi кұрылғьшарды басқару iciн орындайтын арнайы программалар. Драйверлер        компьютердің      жедел жадына   операциялық жүйемен   6ipre оқылады да, олардың аттары CONFIG.SYS деген арнаулы файлда жазылып тұрады. Операциялық жүйе жедел жадқа жүктелгеннен кейін дискіден конфигурациялық файл CONFIG. SYS оқылып кұрылғылар                                                                                                                                                                                                

драйверлері де жедел жадта  орналасады. Мұнан кейін командалық COMMAND.COM файлы оқылып, ол icіне кipiceдi. Бұл командалык процессор тағы 6ip командалық AUTOEXEC.BAT файлын icкe қосып, оның ішіндегі командалар мен программаларды біртіндеп орындай бастайды.

ОЖ жұмыс істегенде  оның негізгі жұмыс кұралы - команда. Ол компьютерге белгілі 6ip әрекетті орындататын арнаулы программаларды шақыру ушін қолданылады.

Команда формат деп аталатын, арнаулы құрылымнан (структурадан) тұрады. Формат команданың атынан жэне параметрінен құралады.

MS-DOS барлық командалары  резидентті және транзитті болып  екі үлкен топқа бөлінеді. Резидентті (iшкi, 6ipre құрылған) командалар қызмет  ететін COMMAND.COM файлының құрама боліп болып табылады. Олар - тез орындалатын жиі олданылатын қарапайым командалар. Бұл топқа: DIR, MD, CD, RD, TIME, DATE, REN, DEL. TYPE, COPY жэне т.б. командалар жатады.

Транзитті (сыртқы, шақырылып icкe қосылатын) кірме командаларға дискідегі программалық файлдар  жатады. Оларды icқe қосып орындаудан бұрын дискіден оқу керек. Бұл  топқа мына командалар жатады: FORMAT, ATTRIB, TREE, MODE, DISKCOPY жэне т.б.

 

3.1.6 Резиденттік бұйрықтар

3.1.7 MS DOS Сыртқы (транзиттік)бұйықтар

3.1.8 Электронды есептеуіш машинаны қалпына келтіру,реттеу.

3.2.Norton Commander сервистік қабығы

 

F7 – каталог (директория) құру. Панельде шығарлыған каталогты тағы да бір жаңа каталогшаны құру үшін F7 пернесін басу керек. Norton Commander экранға каталогшаға ат беру сауалын шығарады. Оған ат беріп, оны енгізіп Enter  пернесін басу керек.

Файл  топтарын таңдау

Файлды таңдау: Жекелеген файл немесе каталогты таңдау (яғни оны топқа енгізу) Insert пернесін басу арқылы жүзеге асырылады. Insert пернесі екі рет басу файл немесе каталог таңдауын жояды.

Тышқанның (қол  тетігі) көмегімен файл немесе каталогты  таңдау, сондай-ақ таңдауды алып тастау файл немесе каталогтың атын тышқанның оң жақ кнопкасын шерту арқылы жүзеге асады.

Таңдалған файлдармен жүзеге асыратын әрекеттер: Функционалдық пернелердің көмегімен файлдар немесе каталогтардың таңдалған тобымен келесі әрекеттерді жүзеге асыруға болады: 

 

Перне

Қызметі

F5

Басқа каталогқа  көшірмесін алу

F6

Басқа каталогқа  ауыстыру немесе атын өзгерту

F7

Жаңа каталог  құру

F8

Алып тастау

Ctrl+F10

Таңдалған файлдарды  файлға біріктіру

F10

NC-дан шығу


 

Информация о работе Информатикадан отчет