Информатикадан отчет

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 15:41, дипломная работа

Описание работы

Есептеу техникасының дамуы ерте кезден-ақ басталды. Кейбір мысалдар: XVII ғасырдың 40-жылдарында Б. Паскаль (1613—1662) сандарды қоса алатын механикалық қүрылғы ойлап тапты. XVIII ға-сырда В. Лейбниц сандарды қоса жене көбейте алатын қүрылғы жасап шығарды. XIX ғасырда Ч. Бэббидж (1792—1871) механикалық машинаны программа арқылы басқару жүйесімен біріктірді.

Работа содержит 1 файл

Сауле практика.doc

— 5.21 Мб (Скачать)

Әдетте олар қандайда бір ақпаратты, пайдаланушының сол немесе басқа әрекеттеріне сұранысты  аз уақытқа шығару, қандайда бір  мәліметтерді және т.б. енгізу үшін пайдаланылады. Сұраныстар терезелері туралы егжей-тегжейлі келесі тарауда айтылады.

Бағдарламалар терезелері екінші ретті терезелерден және сұраныстар терезелерінен мыналармен ерекшеленеді:

 •  бағдарлама терезесінің  жоғарғы жолының (тақырыбының)  ортасына бағдарлама атауы шығарылады, ал екінші ретті терезеде шығарылатын  ақпараттың сипаттамасы шығарылады (айтсақ, өңделетін құжаттың атауы), сұраныс терезесінде сұраныстың атауы шығарылады; 

    • бағдарлама терезесі тақырыбы жолының астына меню жолы орналасады, ал екінші ретті терезе мен сұраныстар терезесінде меню жолы жоқ;
    • бағдарлама терезесінде әдетте орау батырмасы бар, ал сұраныстар терезесінде, әдеттегідей, орау мен жазу батырмалары жоқ.

Сұраныстар  терезесі әрқашанда бағдарламаның  басқа терезелерінің үстіне шығарылады. Әдетте сұраныс терезесі пайда болған кезде осы бағдарламамен сұранысқа жауап бергенге және сұраныс терезесін жапқанға дейін ешқандай жұмыс істеу мүмкін емес. Сұраныстар терезесі, әдеттегідей, мөлшерін өзгерте алмайды және олардың орау мен жазу батырмалары жоқ.

Маустың көмегі арқылы терезенің барлық түрлерімен жұмыс істеудің практикаға асуы бірдей. Ал пернетақтаны пайдалану кезінде бағдарламаның бір терезесінен екінші терезесіне өту [Alt + Esc] пернелерінің қисынын басу арқылы жүзеге асады, ал екінші ретті бір терезеден екінші (сол бағдарламада ашық) терезеге өту (Ctrl + F6) (төменге қараңдар) пернелерін басу арқылы орындалады. Бағдарламаның терезесін жабу (Alt + F4) пернелерінің қисынын, екінші ретті терезені жабу [Ctrl + F4] пернелерінің қисынын, сұраныс терезесін жабу [Esc] пернесін басу арқылы жүзеге асыды.  

 

 

3.3.2 Операциялық жүйенің мүмкіндіктері

 

Операциялық жүйе дегеніміз компьютердің аппараттық пен бағдарламалық ресурстарына қатынас құруды автоматтандыруды қамтамасыз ететін бағдарламалар кешені.

Операциялық жүйе (ОЖ) жүйелік бағдарламалық  жасақтаманың негізі болып саналады. Операциялық жүйесіз қазіргі заманғы компьютердің аппараты мен бағдарламасына қатынас құру мүлдем мүмкін емес. Барлық аппараттық, сондай-ақ және бағдарламалық құралдарға пайдаланушының қолы тек делдал – операциялық жүйе арқылы ғана жетеді (1-сурет).


 

 

 

 

 

Операциялық жүйенің негізгі қызметтері болып  мыналар саналады:

    • бағдарламаларды жедел жадқа жүктеу және олардың орындалуын басқару;
    • орындаушы бағдарлама мен сыртқы құрылғылар арасында мәліметтер алмасу бойынша опреацияларды қамтамасыз ету;
    • бағдарламаларды орындау барысындағы стандарттық емес жағдайларды тексеру;
    • орындалған бағдарламаны жедел жадтан аластау және жаңа бағдарламаны жүктеу үшін орын босату;
    • сыртқы құрылғылардан бағдарламалар мен мәліметтерді іздестіру мен сақтауды ұйымдастыру;
    • пайдаланушы мен операциялық жүйенің өзара әрекеттерін ұйымдастыру — пайдаланушының командаларын қабылдау мен орындау;
    • дискілік құрылғыларды форматтау, ақпаратты бір дискілік құрылғыдан екіншісіне көшірмелеу және тағы басқадай әр түрлі қосалқы қызметтерді орындау.

Енгізу-шығарудың  базалық жүйесін құрайтын операциялық  жүйенің бөліктері әдетте компьютердің тұрақты жадына жазылады. Оның қалған бөліктері жүйелік дискі деп аталатын иілгіш, винчестерлік пен лазерлік дискілерге орналастырылады.

Операциялық жүйе компьютердің жұмыс істеп тұрған барлық уақыты ішінде жұмыстық қалып күйде тұруы тиіс. Операциялық жүйенің жұмысы компьютерді қосқаннан басталады да оны ажыратқан сәтте аяқталады.

 

3.3.3 Windows  негізгі түсініктері

Біздің Windows –пен «қатынасымызды» іске асыратын қалданушы интерфейсі объектті-бағытты түрде негізделген. Бұл қолданушының алдымен программаларға емес, құжаттар мен объекттерге көңіл бөлетінін білдіреді. (Қолданбалы программалар көмегімен өңделінген кез-келген файл құжат деп аталады.)  Мысалы, егер біз суретпен жұмыс істесек, оны ашсақ, графикалық редактор автоматты түрде жүктеледі. өмірдегі кез-келген объекттің өз қасиеттері бар. әр заттың өлшемі, салмағы т.б. бар.   Windows объекттерінің де, сол сияқты, өз қасиеттері бар, мысалы, файлдардың өз өлшемдері, атрибуттары және т.б. бар. 

Жұмыс столы. Windows операциялық жүйесі жүктелген соң экранда Жұмыс столы (desktop) кескінделеді, онда әртүрлі графикалық объекттер орналасады. Кәдімгі жұмыс столындағы қағаздары бар папкалар тәрізді, экранда қолданушыға ыңғайлы түрде көп қолданылатын программаларды білдіретін белгілерді, құжаттарды орналастыруға болады. 

Жұмыс столын күйге  келтіру (настройка) – столда жиі  қолданатын қосымшалар, құжаттар және принтерлерді орналастыру, және де столдың  фонын, тоқтағандағы (заставка) суреттер және басқа да істерді жасау.  Қосымшаны іске қосу тышқан сілтемесін сол ярлыкқа апарып, сол жақ батырмасын екі рет сырт еткізу. 

Есептер тақтасы. (Панель задач) Жұмыс столының төмен  (немесе жоғарғы, сол және оң) жағында Есептер тақтасы орналасқан. Онда Пуск батырмасы орнласқан, ол Негзгі менюді ашу үшін арналған (сол жақ батырманы бір рет сырт еткізу немесе Ctrl+Esc бір мезетте басу). Негізгі менюде негізгі командалар мен программалар тізімі бар. Пуск батырмасындағы міндетті командалар Настройка, Справка, Найти, Выполнить, Программы, Завершение работы.

Есептер тақтасында қосымша түрде орналасады:

¾ Тез жүктеу батырмалары

¾  Ашық және бүктеулі терезелерді кескіндеу панелі

¾   Шрифт индикаторы, Жүйелі уақыт белгісі, Дыбыс қаттылығы регуляторы.

Менің компьютерім. (Мой компьютер)

Менің компьютерім (Мой компьютер)  компьютердің мазмұнын көрсететін жұмыс столындағы жүйелі папка. Оны ашу үшін Мой компьютер белгісін екі рет басу керек.

Портфель (Мои документы)

Бұл жерде қолданбалы программалармен құрылған құжаттар сақталады. 

Себет (Корзина)

Корзина – бұл өшірілген файлдар орналасатын арнайы жүйелі папка. Кез-келген файлды өшірілмей тұрған кездегі өз орнына қайта қалпына келтіруге болады. Егер себеттен (корзинадан) өшірілсе, онда файлды қайтара алмаймыз.  Очистить корзину командасымен себеттен барлық файлдарды өшіре аламыз. 

Бумалар (Папки).

Құжаттар мен  программалар папкаларда сақталады, құрылысын Мой компьютер немесе Проводник программасы арқылы көре аламыз. Бірінің ішіне бірі енген папкалар саны шексіз. 

Файлдар

Файлдарда мәтіндік, графика, сандық мәліметтер, программалық модульдер (қосымшалар) сақталуы мүмкін. Windows –та файлдар аты мына ереже  арқылы құрылады: 

· Файл аты 256 таңбаға (латын және орыс әріптері) дейін болуы мүмкін;

·  Нүкте арқылы ажыратылған аттарды пайдалануға болады, мысалы, Факультет.Курс.Группа.Фамилия.Тхt;

· Аттарда бос орын таңбасы болуы мүмкін,  бірақ ? \ * “ < > таңбалары болмауы керек;

· Windows   файлдар аттары төменгі немесе жоғарғы регистрде жазылғанын еске сақтайды, бірақ файл аттарын салыстырғанда регистрді есепке алмайды, мысалы, Асанов. tхt  және  АСАНОВ. tхt файлдары бір файл болып есептеледі; 

· Файлдар тобын іздегенде немесе файлдар тізімін қарағанда * және ? таңбаларын қолдануға болады.

Жанама  меню (Контекстное меню  (меню объектов))

Тышқанның оң батырмасын басу тышқан көрсеткіші тұрған объекттің жанама менюін кескіндейді. Бұл меню объектпен жұмыс жасау үшін керекті негізгі командалар тізімін береді. Мысалы, кез-келген файл үшін бұл менюде ашу, көшіру, өшіру сияқты командалар орналасқан. 

Терезелік меню терезенің өлшемін өзгерту, оның экранда орналасу ретін көрсетуге, құжатты немесе программаны жабуға мүмкіндік береді. 

Терезелік меню батырмасы терезенің сол жақ  бұрышында орналасқан. Терезелік  менюді белсенді еткенде командалар тізімі пайда болады. 

Восстановить (Қалпына келтіру) – терезенің өлшемін осыған дейінгі қалпына келтіреді. Бұл команда терезе экранды толық алып тұрған жағдайда жұмыс істейді. 

Переместить (Орнын ауыстыру) – терезенің орнын пернелік арқылы өзгерту мүмкіндігін береді. Бұл команданы таңдағаннан кейін курсор төртбағытты стрелкаға айналады. Терезені жылжыту бағыттауыштар арқылы іске асады. Орнын ауыстырып болған соң, <Enter> пернесін басу керек. 

Размер  –  терезе өлшемін бағыттауыштар арқылы өзгерту мүмкіндігін береді. 

Свернуть (бүктеу, орау)  – терезені батырма өлшемінде есептер тақтасына орайды. 

Развернуть  (айқара ашу) – терезе өлшемін ең үлкен өлшемге дейін (бүкіл экранға)   үлкейтеді.

Закрыть (жабу) - терезені жауып, программамен жұмысты аяқтайды. 

Жүйелік меню батырмалары (Кнопки системного меню)

Жүйелік меню батырмалары  терезенің оң жағында орналасады Олар үшеу: 02r

0 батырмасы бүктеу (свернуть) деп аталады. Оның қызметі жүйелік менюдің «бүктеу»  командасымен бірдей.

2 батырмасы "максималдау/минималдау" деп аталады. Бұл батырмаға басу терезенің өлшемін экрандай немесе қолданушының қойған өлшеміндей етеді. 

r батырмасы жабу деп аталады. Бұның жұмысы жүйелік менюдің «жабу» командасына пара-пар.

Windows объектілерімен мынадай операциялар  жасауға болады

Құру

Көшірмесін алу

Атын өзгерту

Қасиетін қарау

Қасиетін өзгерту

Файлдар және бумалар жиынымен мынадай операциялар  жасауға болады

Көшіру

Таңдалған шарт бойынша реттеу

Қолданбалы  программалар арқылы мазмұнын қарап  және өзгартуға болады 

Іздеу

Белгілер, жарлықтар (Значки, ярлыки)

Белгі (Значок) – бұл программалық элементке меншіктелетін кішкене таңба. Қолданушы сурет бойынша файлдың қандай программалық қосымшада жасалғанын анықтай алады. 

Жарлық (Ярлык) – бұл программалық элементке немесе файлға жасалған сілтеме. Ол бұл программалық элементтің толық адресінен тұратын командадан тұрады. Белгіден жарлықтың айырмашылығы оның ақ стрелкасы бар, жарлықтың орнын өзгерту немесе оны өшіру программа жұмысына еш кедергісін келтірмейді. Файлдың немесе папканың белгісін өшіру файлдың немесе папаканың өзін өшіреді. 

 

3.3.4 Windows мәлімет жүйесі

 

Windows-тың стандартты  қосымшаларына қолданушыға ең  бірінші уақыттағы керек қосымша  программалар жатады: мәтіндік құжаттар  дайындау, графикалық кескіндерді  құру және редакторлау, жұмыс  уақытын ұйымдастыру және жоспарлау, математикалық есептеулер және т.б. Бұл қосымшалар «Стандартные» тобына кіреді.

Стандартты  программаларға: Imagin, Paint, WordPad, Блокнот, Калькулятор және т.б. жатады.

Блокнот – бұл кішкене мәтіндік файлдармен жұмыс жасауға арналған редактор. Оның мүмкіндіктері аз, бірақ оның жақсы қасиеті де бар – ол қолдануға жинақы және қарапайым, жадыда аз орын алады басқа қосымшалардың жұмысына кедергісі жоқ. Жүктеу үшін: Пуск -Программы - Стандартные – Блокнот тізімін аламыз. 

Блокнот программасы форматталмаған мәтіндік файлдарды құрып, сақтайды. Кейбір жағдайда ол ыңғайлы, мысалы, командалық файлдарды өзгерткен сәтте немесе модем арқылы мәтінді тасымалдау кезінде. Блокнот тек бір ғана – жүйелік шрифтпен жұмыс жасайды. Мәтін фрагменттерімен жұмыс істеуге болады, керек символды іздеуге, мәтіндік файлдарды оқуға және жазуға болады, баспаға жіберуге болады. 

WordPad - WordPad мәтіндік редакторының ("сөздер пакеті" деп аударылады)  чем Блокнот программасына қарағанда кең мүмкіндігі бар, құжаттарды көру үшін ғана емес, оларды құруға да арналған. Блокнотқа қарағанда онда:  біріншіден, өңделетін файлдың өлшеміне шек жоқ; екіншіден, WordPad (.txt) типті  қарапайым мәтіндік файлдармен ғана емес, .doc типті файлдармен де жұмыс істей алады.

WordPad сөздердің дұрыс жазылуын тексермесе де, хаттарды, отчеттерді басқа да құжаттарды құрғанда тамаша көмекші. Шрифт түрлерін, әдемі безендірілген хабарландырулар басуға болады.

 Калькулятор – бұл калькулятордың компьютерлік аналогы. Программа екі режимде жұмыс істейді: қарапайым, инженерлік. 

Цифрлерді тышқан көмегімен немесе пернеліктің көмегімен  енгізуге болады. Енгізілген цифрлар  индикаторда шығып тұрады. Төрт арифметикалық  амалдан басқа процент есептеуді, квадрат түбір табуды қарапайым  режимде жадымен былай істеуген болады: 

ЗП – индикатордағы санды жадыға жазады;

П+ - индикатордағы санды жадыдағы санға қосады;

ИП - жадыдағы санды индикаторға шығарады;

ПО – жадыны тазартады.

НАЗАД батырмасы  – индикатордағы соңғы цифрды өшіреді. 

Графикалық  редактор – грификалық кескіндерді құрып, өңдеуге арналған арнайы программа. Екі түрі бар: нүктелік (растрлік) және векторлық. Нүктелік графикалық редакторларда кескін – бұл пиксель деп аталатын нүктелерден тұратын  мозаика. 

Paint (paintbrush) – стандарттық программалар қатарына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint-тың мүмкіндіктері әмбебап графикалық редактор мүмкіндіктерінен аз болса да, онымен күрделі, әдемі, түрлі-түсті суреттерді  құруға болады, әр түрлі схемалар мен сызбаларды құруға және өңдеуге болады. Ол игеруге оңай, көп тараған графикалық форматтармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, онда кез-келген редакторға керекті стандартты графикалық құрал-саймандар жиыны бар. 

 

3.3.5 Мәліметтер мен ұйымдық жұмыс

3.3.6 Windows жүйесінде бастапқы жұмыс

3.3.7 WindowsXP Pro.қызметтік бағдарламасы

3.3.8 Дискіні  тазалау және тексеру

3.3.9 Операциялық жүйені орнату және қайта орнату

Информация о работе Информатикадан отчет