Информатикадан отчет

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 15:41, дипломная работа

Описание работы

Есептеу техникасының дамуы ерте кезден-ақ басталды. Кейбір мысалдар: XVII ғасырдың 40-жылдарында Б. Паскаль (1613—1662) сандарды қоса алатын механикалық қүрылғы ойлап тапты. XVIII ға-сырда В. Лейбниц сандарды қоса жене көбейте алатын қүрылғы жасап шығарды. XIX ғасырда Ч. Бэббидж (1792—1871) механикалық машинаны программа арқылы басқару жүйесімен біріктірді.

Работа содержит 1 файл

Сауле практика.doc

— 5.21 Мб (Скачать)

 

              

7.23 сурет. Баспаға шығару сұқбаттық терезесі

 

4.3. Micrisoft office Excel 2003 кестелік процессор

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.3.1 Excel бағдарламасына жалпы мәлімдеме

 

Microsoft Excel – электрондық  кестелерді, диаграммаларды, тізімдерді  және тіпті Web – беттерді дайындау  үшін пайдаланылатын толық қызметтік кестелік процессор. Excel-дің файлдары Кітаптар деп аталады. Кітаптар жолдарв, бағандары, ұяшықтары бар Парақтардан тұрады.  

Excel экранының терезесі 8.1 суретте көрсетілген.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          8.1 сурет. Excel қосымша бағдарламаларының терезесі.

 

Excel терезесінің негізгі элементтері:

    • Меню жолы – Excel командаларына қатынас құруға мүмкіндік береді.
    • Тақырып жолы – құжат атауы мен терезені басқару батырмаларын қамтиды.
    • Стандарттық тақта – Excel командаларының көпшілігіне арналған батырмаларды қамтиды.
    • Формула жолы -  ағымдағы ұяшықтардың ішіндегі барын, оның адресін немесе сілтемесін бейнелейді.
    • Форматтау тақтасы – форматтау комндаларына арналған батырмаларды қамтиды.
    • Тапсырмалар аймағы – ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.
    • Жолдар тақырыбы – бұл әрбір жолдың сол жақ бөлігінде орналасқан нөмірленген ентаңба.
    • Бағандар тақырыбы – бұл алфавит бойынша реттелген әріптік ентаңбалар, олар әрбір бағанның үстінде орналасқан.
    • Қалып-күйлер жолы – құжаттың ақпаратын қамтиды.
    • Шиыру жолақтары  - құжаттың әр түрлі бөліктерін қарауға мүмкіндік береді.

 

4.3.2MS Excel де функциялық табулированиясы

4.3.3MS Excel де баспаға шығару,мәліметті қорғау

4.3.4MS Excel де графикалық мүмкіндіктері

 

Диаграмма – бұл мәліметтердің графикалық ұсынылуы. Диаграмманы парақтарға кірістіруге немесе жеке параққа орналастыруға болады.

Диаграмманы дайындау үшін Диаграмма шебері (Мастер диаграмм) пайдаланылады. Пайдаланушы диаграмма шеберінің әрбір қадамында диаграмма қалай көрініс табатынын көреді. Кез келген кезеңде кері қайтыға немесе істелген таңдауды өзгертуге болады. Процестің аяқталуы бойынша экранда диаграмма пайда болады. Оның түрін көптеген батырмалардың және форматтау командаларының көмегімен өзгертуге болады.

Диаграмма шеберін  пайдалану:

    1. Диаграммаға үстемелеуге керек болатын мәліметтерді ерекшелеңдар
    2. Выберете меню Кірістіру→Диаграмма (Вставка→Диаграмма) менюін таңдайсыңдар немесе Стандарттық тақтадағы Диаграмма шебері батырмасы бойынша шертіңдер.
    3. Шебердің бірінші қадамында диаграмма типі мен оның түрін таңдайсыңдар (9.3 сурет). Одан әрі-ні (Далее) шертесіңдер.

 

 

9.3 сурет. Диаграмма шебері – 1 қадам

    1. Екінші қадамда мәліметтер көзінің ауқымын өзгертуге болады. (9.4сурет)

 

 

9.4 сурет. Мәліметтер көзі

 

    1. Мәліметтер жұмысының үшінші қадамында диаграмма параметрлерін баптауға болады. (9.5 сурет)

 

 

9.5 сурет. Диаграмма параметрлерін баптау

 

    1. Төртінші соңғы қадамда диаграмманы орналастыру орнын таңдайсыңдар (9.6 сурет) да Дайын-ды (Готово) шертесіңдер (.9.7 сурет)

 

 

9.6 сурет. Диаграмманы орналастару

 

 

9.7 сурет. Дайын диаграмманың мысалы

 Диаграмма параметрлерін өзгерту үшін 9.7 сурет бейнеленген Диаграммалар (Диаграммы) аспаптар тақтасы пайдаланылады.

 

4.3.5 Excel электрондық кестесін сандық модельдеуде қолдану

 

Microsoft Excel – кесте ішінде есеп жұмыстарын атқара отырып, оларды көрнекі түрде бейнелейтін диаграммаларды тұрғызу, мәліметтер базасын құру, сан түрінде берілген мәліметтер арқылы эксперименттер жүргізу т.б. мүмкіндіктер беретін, Windows ортасында жұмыс істеуге арналған арнайы программалық кесте.

Excel программасының  терезесі 

Excel электрондық  кестесі іске қосылғаннан кейін  автоматты түрде 

1–кітап (Книга-1) деген атпен жаңа құжат ашылады . Бұл кітаптың атын файлды сақтау кезінде өзгертуге болады.

     Бұдан  басқа жаңа кітап жасау үшін Құру  (Создать)     батырмасын шертеміз немесе  (Ctrl + N) қоспернесін басамыз. Жаңадан құрылған кітаптың аты 2 – кітап , 3 – кітап (Книга 2, Книга 3 ) т.с.с болады.

Excel терезесінің  жоғарғы жағында терезені басқару  батырмалары бар және Тақырып қатары орналасқан.

·        Excel терезесінің екінші жолы – Меню қатары .

·        Үшінші және төртінші жолдар Стандартты және Форматтау саймандар тақтасының аспаптары.

 

Стандартты саймандар  тақтасы. Бұл тақтада орналасқан батырмалар жиі орындалатын командалардың әрекеттерін қайталайды. Олар файлды сақтау, оқу, қағазға басу, көшіру, енгізу, сандар қосындысын табу, мәліметтерді реттеу т.б. әрекеттерді жылдам орындау мүмкіндігін береді.

Форматтау саймандар  тақтасы. Бұл саймандар тақтасындағы батырмалар қаріп (шрифт) форматын таңдау мүмкіндігін береді: мәтінді жартылай қарайтылған, курсивті, асты сызылған етіп жазу, мәтінді туралау, сандарды форматтау,  жақтау мен түстерді қолдана отырып, кестені безендіру әрекеттерін жылдам орындау істерін атқарады.

Формулалар қатары. Мұнда ұяшықтың - әрбір тордың мазмұнын көріп, формулаларды өңдеуге болады.

Бесінші жол мен кестенің соңына дейінгі аралықты электрондық  кестенің жұмыс аймағы алып тұрады.

Төмеңгі қатар – Қалып қатары, оған үстіміздегі уақыттағы компьютердің жұмысы немесе Ехсеl кестесі жөнінде ақпарат шығып тұрады. Төменгі қатардың сол жақ шетінде Ехсеl кестесі жұмыс режимінің индикаторы тұр. Мысалы, Ехсеl кестесі мәліметтердің енгізілуін күтіп тұрған жағдайда дайын режимінде тұрады да, индикатор Дайын ( Готов) деген сөзді көрсетіп тұрады.

Excel-де меню  командаларының көмегімен жұмыс  істеу.

Пернелер тақтасының көмегімен  меню қатарына шығу ұшін АLT немесе Ғ10 пернесін басу керек. Бұл пернелер басылғаннан  кейін меню командаларының бірі басқа  түспен ерекшелінеді. Курсорды басқару пернелерінің, көмегімен қажетті меню командасының  біріне жеткіземіз. ENTER  пернесін басқаннан кейін суырылып ішкі меню (подменю) ашылады. Ішкі меню командасын   немесе         пернелерінің бірі арқылы таңдауға болады. Команданы орындау үшін ENTER пернесін басамыз. Меню қатарынан жұмыс алабына ESC пернесін басу арқылы оралуға болады.

     Excel кестесінің  меню командаларын тышқанмен  орындаған өте жеңіл, әрі қолайлы.  Қажетті меню командасына тышқан  курсорын орналастырамыз да, төменгі  сатылы меню командаларында тышқанды жылжыта отырып, тиісті командада тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз.

     Тышқанның  сол жақ батырмасын шерту арқылы  қанат белгілерді көрсету немесе  алып тастау, сұқбат терезелерін және ішкі беттерді ашу әрекеттері орындалады. Егер тышқанды меню сыртында шертсек, меню қатарынан шығып, ішкі меню жабылады.

  Егер осы  қатарлардың қанатбелгілері көрінбей  тұрса, олардың әрқайсысында тышқанның  сол жақ батырмасын шертіңіз.

Электрондық кестенің негізгі түсініктері

   Excel электрондық  кестесі жазылған әрбір файл, бірнеше беттерден тұратын   байланысқан кестелерді бір орынға  сақтап қойып, қажетті ақпаратты  жылдам іздеп табу мүмкіндігін  беретін кітап болып саналады. Беттердің немесе парақтардың жарлықтары экранның төменгі сол жақ шетінде көрініп тұрады. Әдетте электрондық кесте іске қосылған мезетте 1 – бет (лист 1 ) екпінді болады, келесі немесе басқа бетке өту қажет болса, сәйкес парақтың жарлығында тышқанды шертеміз. Ал қажетті беттің жарлығы экранда көрінбей тұрса, жарлықтардың сол жағындағы бағыттауыштарда            тышқанды шерте отырып, жылжытамыз.

   Әрбір  бетте қатарлар мен бағаналардан  тұратын екі өлшемді жиым (массив) болып келген бір электрондық  кесте сақталады. Excel – 97 электрондық кестесінде бағаналар саны – 256, ал қатарлар саны  - 65536-ға тең . Әрбір бағана мен қатардың қиылысқан жерінде ұяшық немесе тор деп аталатын тіктөртбұрыш орналасқан.Оған мәліметтерді (мәтін , сан немесе формулалар ) енгізуге болады. Парақтағы ұяшықтардың жалпы саны – 16777216- ға тең. Әрбір ұяшыққа 32 мың символ енгізу мүмкіндігі бар.

    Электрондық  кестеде ағымдағы немесе екпінді  ұяшықты көрсететін ерекше тіктөртбұрышты кестелік курсор деп атаймыз. Кестелік курсор орналасқан ұяшық Екпінді ұяшық деп аталады.

     Бағаналар  A-Z , одан кейін реті бойынша  AA-AZ, BA-BZ,… ,IV латын әріптерімен  белгіленеді. 

 

4.3.6 Деректер қорындағыдай Excel-де жұмыс

4.3.7 Excel жұмыс кітапшасы

4.3.8 Кестелер  байланысы

4.4.Microsoft Office Access

 

MS Access  ең кең таралған деректер қорын басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады.

MS Access ақпаратты  көрсету және сақтау үшін пайдаланылатын  жеке компоненттерден тұрады. Олар: кесте, форма, есеп беру, сұраныстар, деректерге мүмкіндік беретін  беттер, макростар және модульдер. Формалар мен есептерді құру үшін конструкторлар қолданылады, сондықтан бұл компоненттер конструкторлық объектілер деп аталады. Конструкторлық объектілер басқару элементтері деп аталатын едәуір кіші объектілерден тұрады (олар: өріс, батырмалар, диаграммалар, жақтаулар, және т.б.).

Кесте деректер қорының негізі болып табылады. MS Access-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі.

Формалар- форма терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экранда бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсетеді. Шебердің көмегімен форманы, оған алдын-ала құрылған шаблонның біріне сәйкес орналастырып берілген кестенің өрістерін енгізе отырып, құруыңызға болады. Форманың конструкторы көмегімен кез-келген күрделі дәрежедегі формаларды құрасыз.

Есеп  берулер деректер қорында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады. Есеп берулер конструкторының көмегімен деректер тобын, өрістер тобын және есептелінетін өрістерді, оларды сәйкес жасайтын өз есеп беруіңізді дайындайсыз.

Сұраныс деректер қорынан ақпаратты алады, әрі мұнда деректер бірнеше кесте арасында бөлінген болуы мүмкін. MS Access-те сұранысты пішімдеу үшін үлгі бойынша сұрату деген әдіс қолданылады. Визуалды ақпарат негізінде бұл әдісті қолдана отырып бір немесе бірнеше кестелерден қажетті деректерді аласыз.

Деректерге  қатынау беті MS Access немесе Microsoft SQL Server деректер қорында сақталған Интернет немесе Интернет арқылы жұмыс істеуге және оларды көруге арналған Web парақтың арнайы түрін ұсынады.

Макростар жиі орындалатын операцияларды автоматтандыруға арналған. Әрбір макрос бір немесе бірнеше макрокомандалардан тұрады, олардың әрқайсысының белгілі бір қызметі бар, мысалы, формаларды немесе есептерді баспаға жібереді.

Біз MS Access 2000-мен  жұмысты бастаймыз. Егер Windows ортасында жұмыс істеген болсаңыз, онда меню, саймандар тақтасы, диалог терезесі ұғымдарымен таныс боларсыз. MS Access-ті іске қосу үшін келесі тәсілдердің бірін қолдануға болады:

1. Access-ті  іске  қосуды бастау үшін  Windows жүйесіндегі  Запуск  батырмасын қолданыңыз.  

Access-ті  баптау  аяқталған соң, қатты дискідегі  С:\Windows\Start-menu\Programs  бумасына Access үшін  іске қосу файлы құрылады. Бұл  бумадағылар басты менюден шақырылатын  Бағдарламалар (Programs) бағыныңқы менюінің  элементтері болып табылады, сонымен қатар онда Access-ті  іске қосу (1-сурет) командасы көрінеді.

 

 

                       -сурет. MS Access-ті басты меню арқылы іске қосу.

 

Запуск (Start) батырмасын басыңыз және MS Access шақыратын командасы  бар Бағдарламалардың бағыныңқы менюінен ашыңыз. Бағдарламаны іске қосу үшін осы командалы батырманы басыңыз.

Екі рет басу арқылы іске қосу.

Егер MS Access-ті бастау менюінен қолдану арқылы іске қосу қолайсыз болса, онда бағдарламаны жүктеу үшін екі рет басу тәсіліне көшіңіз. Windows Explorer бағдарламасын іске қосыңыз және MS Access орнатылған бумаға көшіңіз. MS Access.ехе  файлын табыңыз. Егер MS Access қай папкіде екені белгісіз болса, онда Windows жүйесіне осы файлды іздеуді қайта тапсыруға болады. Ол үшін басты менюде Поиск (Find) бағыныңқы менюін, оның ішінде Файлы или папки (File or Folders) командасын таңдаңыз. Ашылған Найти (Find) диалог терезесіндегі Имя мен орналастыру (Name and Location) жапсырмасындағы Имя (Named) аралас өрісінде MS Access.ехе жазбасын енгізіңіз. Искать (Look in) аралас өрісінде Менің компьютерім мәнін (My Computer) тауып, Найти (Find Now) батырмасын басыңыз. Файл табылған соң, іздеуді аяқтап, іске қосылатын файлды жұмыс столына орын ауыстырады. Орын ауыстыруды Windows автоматты түрде Access-ті іске қосу үшін таңбаша құрады. Бұл таңбаша Windows\Жұмыс столы (2-сурет) бумасында да пайда болады.

 

4.4.1 Access бағдарламасының жалпы мәлімдемесі

 

 

       -сурет. Жұмыс столында MS Access.exe үшін жарлық құрылуы

 

Сіз қандай тәсілді  қолдансаңыз да, экранда Microsoft Access (3-сурет) шақыру терезесі пайда болады. Бұл диалог терезесінде алдын ала құрылған деректер қорын ашуға немесе оларды жаңадан құруға арналған опциялар бар. Деректер қорын жаңадан құру келесі тарауда қарастырылады, ал қазір MS Access-ті орналастыруға кіретін демонстрациялық Борей деректер қорын ашыңыз. Экранда деректер қоры терезесінен, меню жолынан, саймандар тақтасынан және қалып-күй жолынан тұратын MS Access басты терезесі (4-сурет) шығады.

Информация о работе Информатикадан отчет