Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 15:41, дипломная работа
Есептеу техникасының дамуы ерте кезден-ақ басталды. Кейбір мысалдар: XVII ғасырдың 40-жылдарында Б. Паскаль (1613—1662) сандарды қоса алатын механикалық қүрылғы ойлап тапты. XVIII ға-сырда В. Лейбниц сандарды қоса жене көбейте алатын қүрылғы жасап шығарды. XIX ғасырда Ч. Бэббидж (1792—1871) механикалық машинаны программа арқылы басқару жүйесімен біріктірді.
F3 пернесін басқанда NC кусормен белгіленген файлды қарап шығуға мүмкіндік береді. Текстің файлдарды, құжаттарды, әртүрлі текст редакторларының көмегімен жасалған, графикалық файлдарды, архивтік файлдарды, мәліметтер базасын көріп шығуға болады. Қарап шығып жатқан файлда ауысу үшін Page Up, Page Down пернелерін қолдануға болады. Home және End пернелері файлдың басы мен аяғын ауыстырады. Құжаттарды, мәліметтер базасын және кестелік процессордың кестелерін қарау кезінде сіз сондай-ақ F7 пернесін символдар жолын іздеу үшін қолдана аласыз.
Текстік файлдар мен құжаттарды қарау. Бұл файлдарды қарау кезінде қосымша келесі мүкіндіктер бар:
F2 – құжаттың ұзын жолдарын келесі жолға көшіру әлде көшірмеу
F4 - текстік түрде (көшіру) шығару
F8 – құжаттарды қараудың режимін таңдау
F9 – файлдарды қағазға шығару (принтер арқылы)
NC – де файлдарды редакциялау
F4 – редакциялау. Курсормен белгіленген файлды редакциялау үшін F4 –ті басу керек. Nc-ға кіріктілген (ішкі редактор) қолданыла алады.
Егер Shift пернесімен F4 пернесін бірге басқаннан кейін (-) файлдың атын енгізсе (дискте жоқ), онда жаңа файл құрылады.
Курсор (экран бетіндегі жыпындаған белгі) текістегі өтіп жатқан бағытты (қалыпты) нұсқайды. Тексте болатын барлық өзгерістер курсор көрсетіп тұрған позицияда өтеді. Курсордың тексте ауысып отыруы. Курсорды қажетті позицияға тышқанды шерту арқылы немесе пернелерінің көмегімен үстіге, астыға, оңға, солға ауыстырып отыруға болады. сонымен қоса, курсорды тексте пернелер арқылы ауыстырып отыруға болады.
Page Up, Page Down - басқа бетке (экран көлемі) үстіге және астыға.
Ctrl және Ctrl басқа оңға және солға.
Home және End жолдың басына және аяғына.
Ctrl+Homе Ctrl+End – редакцияланып отырған файлдың басына және аяғына.
Alt+F8 - белгілі номері бар жолға (номер сұралады).
Символдармен жолдарды жою. Символдар мен жолдарды жою үшін келесі пернелерді қолдануға болады:
Delete – курсордың үстіндегі символдарды жою.
Backspace – курсордың сол жағындағы символдарды жою.
Файлдармен өтетін операциялар. Редакторда файлдармен өтетін опреациялар келесі пернелердің көмегімен жүзеге асады.
F2 - редакцияланған файлды сақтау
Shift+F2 - редакцияланған файлды басқа атпен сақтау (жаңа ат сұралады).
F9 – файлды принтерге шығару (қағазға)
Alt+F5 – редакцияланушы құжатқа басқа файл мәліметтерін қою (енгізу).
F10 – немесе Esc - редакциялау режимін шығару.
Shift+F10 – редакцияланған файлды сақтау және редакциялау режимінен шығу.
NC –дің көмегімен файлдарды көшіру үшін керекті файлды бөліп алып не файлдар тобын таңдап F5–ті басу керек. Файлдарды көшіруді сұрау. F5-ті басқанда файлдарды немесе каталогтарды тышқанмен ауыстырғанда экранның ортасында файлды немесе каталогтарды қайда көшіру керектігі туралы және көшірудің өлшемдері туралы сұрау қойылады.
Қайда көшіру. Сұраулық текстік жолға Copy (көшіру) жазуының астына енгізу керек.
-
-
Көшіруді орындау. Көшіру сауалдарына байланысты барлық өлшемдерді белгіленнен кейін зауал кнопкасы Copy (көшіру) басу керек. Егер өлшемдер дұрыс берілсе, онда программа әрбір файлдың көшіру процесін файлдың көшірілген бөлігін қарайтып, жолақты диаграма ретінде көрсетіп, файлды көшіре бастайды. Егер көшіру кезінде құру керек болатын файлдың атын көшірілу жүргізіліп жатқан каталогта болса, экранда мынандай хабарлау болады: “The file… already exit? Do you wish to write over target file?” (Файл … бар, көшіру кезінде файлдарды ауыстырайқ па?). Сіз жауаптардың біреуін таңдай аласыз.
Or erwrite (ауыстыру) – көшіруді бітіру, жол атта болған файл жойылады.
All (бәрі) – осы және басқа да келесі файлдардың көшіруін сауалдарсыз аяқтау (бір аттағы файлдар жойылады).
Ship (өткізу) – файлдың көшіруіне рұқсат бермеу және көшіру процесін тоқтату.
Cancel (алып тастау) – файлдың көшіруіне рұқсат бермеу.
Атын өзгеру. Файл, каталог немесе файлдар тобын немесе каталогтар тобының атын өзгерту үшін, аты өзгертілуші файл немесе каталогты, файл мен каталогтар тобын курсормен көрсетіп, F6-ны басамыз. NC сұрауына жауап ретінде файл немесе каталогтың жаңа атын енгізіп, сұрау кнопкасыы Rename-ні басу керек.
Жөнелту. NC басқа каталогқа файлды, каталогшаны немесе файл мен каталогшалар тобын жөнелтуге рұқсат етеді. Жөнелтудің көшіруден айырмашылығы сәтті жөнелтуден кейін бастапқы файлдар жабылады. NC-де жөнелту көшіру сияқты өтеді, бірақ төмендегідей айырмашылықтары бар:
- жөнелтуді пернелік тақта көмегімен бастау үшін F5 пернесін емес, F6 басу керек;
- жөнелтуді тышқанның көмегімен бастау үшін, орын ауыстыру кезінде Alt пернесін басып отыру керек. Орын ауыстыру кезінде тышқанның орын ауыстыру көшіру (Copy) емес (-) шығады;
- файлдардың орын ауыстыру режимінің сауалының файлдарының атын өзгерту деген тақырыбы бар, ал ауысудың басын сауалдық бұйрықтың нүктесі программалардың ағылшын тілінде Rehame (Hore деп аталады, орыс тілінде Выполнить).
Файлды немесе каталогтарды немесе файлдар тобын белгілеп, F8-ді басу керек.
- егер панельде қандай да бір файлдар немесе каталогтар таңдалған болса, онда таңдалған файлдар немесе каталогтардың таңдаған тобы жойылады.
- әйтпесе ағымдағы файл немесе каталог жойылады.
- егер панельде қандай да болмасын файлдар және каталогтар таңдалса, онда таңдап алынғакн файлдар және каталогтар тобы жойылып тасталады.
- курсормен белгіленген файл және каталог жойылады.
Сіз белгілеген әрбір файлға программа жоюға рұқсат сұрайды. Сіз кез-келген жауаптың бәрін таңдап ала алмайсыз.
Delete (жою) – файлды жойып, әрбір жойылған файлға сұрау жүргізе отырып, жұмысты жалғастыру.
Ship (өткізу) – осы файлды жоймай, жұмысты жалғастыру.
Cancel (алып тастау) – осы файлды жоймай, жою процесін тоқтату. Осы жағдайды Esc пернесінде таңдауға болады.
Каталогтарды жою режимі қосылып тұрған жағдайда каталогтарды жою барысында программа әрбір жойылатын каталогқа сұрау жүргізіледі. Сіз келесі көрсетілген жауаптардың бірін таңдап ала аласыз:
-
-
-
-
3.2.1Жалпы мәлімдеме
3.2.2NC-ды шақыру,NC-дан шығу
3.2.3Интерфейстің қабықшалары
3.2.4Файлдармен жұмыс
Файлдық тип, сыртқы тасымалдаушыда орналасқан бір типтегі компоненттер тізбегінен тұратын Паскаль тіліндегі мәліметтер болып табылады. Ондағы компоненттердің типі файлдық типтен басқа кез-келген бола алады. Паскальда файлдық типтегі айнымалылар ақпаратты енгізу-шығару үшін қолданылады. Ақпаратты енгізу-шығару алдында файлдық айнымалы assign процедурасының көмегімен сыртқы файлмен байланысқан болуы файлды оқу немесе оған жазу үшін ол ашық болуы керек. Сонан соң енгізу-шығаруды орындауға болады.
Файлдардың 3 тобы анықталған: текстік (тип text), типтік (file of <тип>), типтік емес (file). Олармен жұмыс істеу бір-бірінен ерекшеленеді.
Әдетте барлық файлдарды тізбектей, ретпен ену мүмкіндігіне ие файлдар дейді. Көңіл аударыңыз: seek процедурасының көмегімен типтік және типтік емес файлдар үшін ретсіз ену режимін орнатуға болады. Бұл кезде файл компоненттерін нөмірлеу нөлден басталады. Жұмыс аяқталған соң файл close процедурасымен жабылуы тиіс.
Барлық файлдар үшін қолданылатын стандартты процедуралар мен функциялар:
assign (f, name) - Файлдық айнымалы f–ті сыртқы name файлымен байланыстыру.
chdir (path) - Ағымдағы директорияны өзгерту.
close (f) - Ашылған файлды жабу.
erase (f) - Сыртқы файлды жою.
mkdir (path) - Каталог құру.
rename (f, new) - Сыртқы файлдың атын өзгерту.
reset (f[, size]) - Алдын-ала бар файлды ашу.
rewrite (f[, size]) - Бос, жаңа файл ашу. Оған процедурасында көрсетілген атау беріледі. Егер ондай файл бар болса, онда ол файл өшіріледі.
rmdir (path) - Бос каталогты жою.
eof (f) - Файл соңы.
Текстік файлдар жолдарға бөлінген символдар жиынтығынан тұрады. Әрбір жолдың соңында жол соңын білдіретін белгі болады. Текстік файлдармен жұмыс істеу ерекшелігі мынада: мәндері read немесе write процедуралары арқылы енгізілетін және шығарылатын файлдар char немесе string типтерімен қатар жай типтердің бірінде: бүтін, нақты, логикалық (тек жауапқа шығаруда) бола алады.
Бұл процедуралар ASCII –жолдармен де жұмыс істей алады.
Текстік файлдар үшін, программаны іске қосқанда автоматты түрде ашылатын және жұмыс соңында автоматты түрде жабылатын екі стандартты файлдық айнымалы бар. Олар: INPUT -клавиатурамен байланыс; OUTPUT -дисплей экранымен байланыс.
Егер text типіндегі файлдармен жұмыс барысында файлдық айнымалы көрсетілмесе, онда файлдық айнымалы INPUT немесе OUTPUT қолданылуда деп есептейді. Текстік файлды оқу үшін reset процедурасымен, не оған жазу үшін rewrite немесе append процедураларының бірімен ашу керек.
3.2.5 Файлдық операциялар
3.2.6 Дискілермен және дискеталармен жұмыс
3.2.7 Norton Commander да архивтермен жұмыс
3.3 Windows операциялық жүйесі
3.3.1 Windows
XP Pro.Операциялық жүйесіне
Windows XP-мен жұмыс істеу кезінде экран кеңістігіне бір немесе бірнеше терезе – әр түрлі Windows-бағдарламасы орындалатын тік бұрышты экран аймағы орналасады. Терезелерге сондай-ақ Windows-бағдарламаларының сұраныстары шығарылады (1- және 2-суретте келтірілген типті).
1-сурет
2-сурет
Бағдарламаның көбі өздерінің қажеттілігі үшін бірнеше терезені аша алады: айтсақ, Microsoft Word құжаттарының редакторы әрбір редакцияланатын құжат үшін жеке терезені пайдаланады. Бағдарламалардың терезелерінің басқа терезелерден айырмашылығы сонда, терезенің жоғарғы жолының (тақырыбың) ортасында оларда бағдарламаның атауы шығарылады, ал оның астына меню пункттерінің жолы шығарылады.
Windows экранына терезелерден
басқа пиктограммалар – терезе
таңбашалары қатыса алады. Windows-тың
терезелерінің көбі
Windows терезелермен және пиктограммалармен жұмыс істеу үшін қарапайым да қолайлы құралдарды береді: оларды араластаруға, терезелердің көпшілігінің мөлшерін өзгертуге, терезені пиктограммаға орауға және пиктограмманы терезеге ашуға болады. Осы құралдардың көмегімен Сендер экранның жұмыс кеңістігін өте тиімді пайдалана аласыңдар
Windows терезелері
Windows-тың әрбір терезесі
экранның тік бұрышты аумағы
болып саналады. Әдеттегідей, терезенің
жоғарғы бөлігінде терезе
3-сурет
Тақырып жолының батырмалар орналаспаған аумағын біз терезе тақырыбы деп атайтын болаиыз.
Жүйелік меню батырмасы да, орау мен жазу (терезе мөлшерін қалпына келтіру) батырмасы да жоқ бола алатынын байқауға болады: олар тек қана сәйкес әрекеттердің мән-мағынасы бар терезелер үшін ғана бар бола алады. Мысалы, Windows-тан шығу кезіндегі (1-сурет) терезе сұранысында орау батырмасы да, жазу батырмасы да болмайды.
Терезе тақырыбы жолының астында меню жолы орналаса алады (4-сурет).
4-сурет
Меню жолы бағдарламалардың негізгі терезелерінде ғана бар болады, ал өздерінің қажеттілігі үшін бағдарламалармен ашылатын екінші ретті деп аталатын терезелерде және сұраныстар терезелерінде меню жолы жоқ. Терезенің оң жақ бөлігінде тік, ал төменгі бөлігінде горизонталь шиырма сызғышы тұрады. Олардың кез келгені (немесе екеуі де) жоқ бола алады (5-сурет).
5-сурет
Windows-пен жұмыс істеу кезінде экранда әр түрлі үш терезе пайда бола алады: